Жанр (фр. genre, лат. generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. Жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Жанрдың түрлері
Жанрлар
Бейнелеу өнеріндегі жанрлар оның ішкі салалары, тектері бойынша жүйе құрайды. Бейнелеу өнерінің тектеріне, негізінен, кескіндеме (сұңғат), мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнері тектерінің белгілері архитектура (сәулет өнері), безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Осы өнер салалары мен түрлерінің тарихи даму барысында сан түрлі жанрлар қалыптасты.
Кескіндеменің жанрлары: тарихи кескіндеме, тұрмыстық кескіндеме, портрет, пейзаж, натюрморт, т.б. Орындалу сипатына қарай кескіндеме бірнеше жанрлық түрге бөлінеді: монументтік — сәндік кескіндеме (қабырғаға салынатын көркем сурет, плафондар, панно), қондырғылы кескіндеме (картина), сәндік-суретті кескіндеме (миниатюра, , панорама, фреска, , темпера, , витраж, т.б.). Кескіндеме өнерінде жанрмен үндес түрлі ағымдар (академизм, т.б.) қалыптасып, әр алуан стильдік жүйелер қалыптасты (барокко, , т.б. стильдер). Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінде (Мазаччо, , Леонардо да Винчи, , т.б.), VII — XIX ғасырларда (, , , , , , , , , т.б.) көптеген өнер өкілдері кескіндеме саласында түрлі ағым, стиль жүйелерін қалыптастырды.
Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі мүсін (скульптура) өнерінің негізгі жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік жанр. Мүсіннің жанрлық түрлеріне жұмыр мүсін, монументті мүсін, монументті-сәндік мүсін, қондырғылы мүсін жатады. Ежелгі дәуірде кемпіртас, балбал, вишап, т.б., Қайта өркендеу дәуірінде ескерткіш, статуя, бюст, рельеф, ұсақ пластикалық мүсін, т.б. дамыды. Мүсін өнерінде XIX ғ-да барокко, классицизм, рококо, XX ғ-да импрессионизм, символизм, абстракті өнер ағымдары пайда болды. Қазақ жерінен табылған керамикалық мүсіндер палеолит және энолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде дами бастаған мүсін өнері б.з.б. VII ғ. — б.з. V ғ. аралығындағы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері кезінде жоғары деңгейге жетті. Осы кезеңде ағаш өңдеу, сүйек ұқсату, бедерлеу өнері, көркем құйма, қақтау, жұмырлау, т.б. тех. әдістер түрі дамыды. VI — VIII ғ-лардағы байырғы түркі өнерінде мүсіннің бәдіз, балбал, т.б. жанрлық түрлері дамыды. Бейнелеу өнері тегінің бірі — графика (гравюра, литография, , т.б.). Графика станоктық иллюстрация, эстамп пен лубок, өнеркәсіптік және плакаттық графика болып бөлінеді.
Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі — сәулет өнері (архитектура). Архитектура — құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектураның көне жанрлық түрі — архитектуралық ордер жүйесі. Архитектурада жанр терминінен гөрі, өнер туындыларын стиль терминімен беру қалыптасқан. Мысалы, роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Архитектураның бейнелеу құралдары — композиция, тектоника, масштаб, пропорция, фактура, материал түсі, т.б. XIX — XX ғасырларда қоғамдағы әлеумекттік және ғылыми-техникалық даму үрдісі архитектура жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Ол, әсіресе, қала салуда ерекше көрініс тапты (қ. Архитектура).
Безендіру өнері — сәндеу, көркемдеуден тұрады. Оның жанрлық түрі — дизайн. Безендіру өнері қазақтың дәстүрлі ою-өрнегінде көрініс тапқан.
Музыкадағы жанр музыкалық шығармалардың тек пен түрін айқындайтын көпқырлы ұғым ретінде қалыптасты. Музыкадағы жанр категория ретінде музыкатанудың негізгі мәселелері мен музыка эстетикасын айқындайды. Музыка өнерінің тарихи даму жолында жанр белгілері оның стильдік белгілерімен астасып жатты (қ. Стиль). Музыкалық жанрларға ән, әнұран, серенада, опера, оперетта, симфония, сюита, увертюра, концерт, оратория, , трио, квартет, романс, хорал, , реквием, т.б. жатады. Музыка жанрлары іштей жанрлық түрлерге бөлінеді (мысалы, , т.б.). Музыкалық жанрлар осы өнер саласында қалыптасқан ағым, бағыт, стильмен үндесе дамыды (қ. Музыка).
Киноның ірі төрт жанры бар: көркем кино, құжатты кино, ғылыми-көпшілік кино және мультипликациялық кино. Бұл кино жанрлары іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мысалы, құжатты киноның жанрлық түріне киношежіре, киножурнал, т.б. жатады (қ. Кино).
Театр өнерінің жанрлары әдебиет жанрларымен ұштаса дамыды. XX ғасырда өнердің барлық саласында жанр күрделі даму жолынан өтті.
Модернистік эстетикада қалыптасқан ағымдар (мыс., әдебиеттегі “сана ағымы”, т.б.) жанр табиғатына ықпал еткенмен, әр өнер саласындағы ғасырлар бойы қалыптасқан жанрлар жүйесіне елеулі өзгеріс енгізе алмады.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы жанр
Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, “алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалық жанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, ода, , сонет, рондо, мадригал, ғазел, , танка, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия — , эпиграмма — сықақ, ода — , т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеумет лирика, философия лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме, повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттердегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға: новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Эпостық жанрлардың әрқайсысы өзіндік табиғатына, алған тақырыбына байланысты іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мыс., роман жанрның өзі іштей тарихи роман, , , , , серілік роман, психологиялық роман, т.б. болып жіктеледі. Ал әдеби ағымға, әдеби бағытқа, стильге қатысты романтикалық роман, , , т.б. түрлерге бөлінді. Кейде қалыптасқан дәстүрлі жанр табиғатынан өзгеше көркем шығармалар пайда болады. Кезінде, Л.Н. Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасын дәстүрлі бір жанр аясында қарастыруға қарсы болып, “Бұл роман емес, тіпті поэма да емес, ал тарихи шежіреден мүлдем алыс” деп пікір білдірген. Кейін автор оны “Илиада” мәнеріндегі шығарма деген. Яғни көне эпикалық дәстүрдің өз шығармасының жанрлық табиғатында көрініс тапқанын сезген. Әдебиеттану ғылымы бұл стильде жазылған көркем шығармаларға екі жанрлық анықтама беріп, “роман-эпопея” деп атады. Кейін сөз өнерінде бұл жанрлық түрде іргелі шығармалар жазылды (, , Әуезов, , т.б. роман-эпопеялары).
Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар. Трагедия жанры тарихи-эволюция ұзақ даму кезеңінен өтті. Эсхил, У.Шекспир, , , , , , Әуезов, т.б. қаламынан туған трагедияларды бір жанрлық қатарға қоя алмаймыз. Әдеби дәуір, ағым мен бағыт әрбір жанрға ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір суреткердің даралық, ұлттық, классик. стилінің жанр табиғатына өзгеріс енгізетіні де әдебиеттану ғылымында белгілі (қ. Стиль). Драм. Ж-лар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірімен ұштасқан трагикомедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін — күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның жанрлық ерекшелігі — шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғылы аяқталады. Әлем әдебиетінде трагедия жанры У.Шекспир шығармалары арқылы биікке көтерілді (“”, “Гамлет”), қазақ әдебиетінде трагедия жанрының үздік үлгісін М.Әуезов (“Қаракөз”, “Абай”) жасады. Жалпы драмалық жанрларға оқиғаны ширыққан тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне жеткізе суреттеу тән (қ. Драма).
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhanr fr genre lat generis tүr tek onerdin barlyk tүrlerinde tarihi kalyptaskan ishtej zhiktelim zhүjesi Zhanrlyk zhiktelim әrbir oner tүrinin ereksheligine bajlanysty ozindik zhanrlyk zhүje kurajdy Mysaly muzykadagy әn kүj romans simfoniya t b zhanrlar bejneleu onerine tәn emes bejneleu onerinde natyurmort pejzazh portret siyakty zhanrlar bolsa әdebiette ajtys zhyr әngime roman epopeya t b zhanrlar bar Solaj bola turganmen barlyk oner tүri үshin ortak zhanrlyk zhiktelim үrdisi bar sol үrdis әr oner tүrinde ozinshe korinis tabady Bul үrdis yagni zhanrga anyktama beru zandylygy kopkyrly zhәne bir birimen tygyz bajlanysty bolgandyktan ogan kozkaras ta birtekti emes Әdebiettegi zhanr әlem әdebietindegi nemese naktyly bir ulttyk әdebiettegi belgili bir dәuirde kalyptaskan ortak tipologiyalyk t b belgileri bar korkem shygarmalar tүrlerinin zhүjesi Zhanr ugymynyn mazmuny әdebi process barysynda udajy ozgeriske tүsip kүrdelenip otyr munyn ozi zhanr turaly gylymi tүsinikterdin әli de zhetilmegendigin korsetedi Zhanr sozi francuz tilinde tek ugymyn beredi sondyktan da epos lirika zhәne dramany erterekte zhanr dep atady kejde zhanr termini әdebi tүr terminimen tenestiriledi k Әdebiettin tegi men tүri Al shyn mәninde zhanrlar atalgan үsh tek pen әdebi tүr kuramyna kiredi Zhanrdyn әdebiettin tegi men tүrinin kajsysyna zhatatynyn korkem shygarmanyn estet sapasy kolemi sogan sәjkes zhalpy kurylymy ajkyndajdy Tarihi turgydan alganda ulttyk onerdegi kez kelgen zhanr birzhola zhogalyp ketpejdi tarihi obektivti zhagdajga bajlanysty belgili bir kezende әdebi proceste kejin sheginui mүmkin Buryn bolgan kejbir zhanr zhana uakyt talabyna kajta saj kelse zhanrlyk zhad M Bahtin kajta oyanyp sonyn negizinde әlgi zhanr tүrlenip әdebi proceste aldyngy katarga shygady Әdebiet tarihynda barlyk dәuirdi basynan otkerip zhogalmagan zhanrga mysaldy zhatkyzuga bolady Kejingi dәuirde kajta orlegen zhanrlarga tragediya men novella zhatady Kez kelgen zhanrdyn tarihi damu zholy ote kүrdeli ojtkeni әrbir uly suretkerdin shygarmashylygynda ol tүrlenip otyrady Mys әdebiettegi psihologiyalyk roman zhanry adamnyn ishki әlemine teren bojlau procesinde kalyptasty Zhanrdyn tүrleriZhurnalistika zhanrlary Muzyka zhanrlaryZhanrlarBejneleu onerindegi zhanrlar onyn ishki salalary tekteri bojynsha zhүje kurajdy Bejneleu onerinin tekterine negizinen keskindeme sungat mүsin grafika zhatady Bejneleu oneri tekterinin belgileri arhitektura sәulet oneri bezendiru zhәne koldanbaly onerde korinis tabuy mүmkin Osy oner salalary men tүrlerinin tarihi damu barysynda san tүrli zhanrlar kalyptasty Keskindemenin zhanrlary tarihi keskindeme turmystyk keskindeme portret pejzazh natyurmort t b Oryndalu sipatyna karaj keskindeme birneshe zhanrlyk tүrge bolinedi monumenttik sәndik keskindeme kabyrgaga salynatyn korkem suret plafondar panno kondyrgyly keskindeme kartina sәndik suretti keskindeme miniatyura panorama freska tempera vitrazh t b Keskindeme onerinde zhanrmen үndes tүrli agymdar akademizm t b kalyptasyp әr aluan stildik zhүjeler kalyptasty barokko t b stilder Mysaly Қajta orkendeu dәuirinde Mazachcho Leonardo da Vinchi t b VII XIX gasyrlarda t b koptegen oner okilderi keskindeme salasynda tүrli agym stil zhүjelerin kalyptastyrdy Bejneleu onerinin tagy bir tegi mүsin skulptura onerinin negizgi zhanrlary portret tarihi zhәne turmystyk mүsinder simvolikalyk zhәne allegoriyalyk figuralar animalistik zhanr Mүsinnin zhanrlyk tүrlerine zhumyr mүsin monumentti mүsin monumentti sәndik mүsin kondyrgyly mүsin zhatady Ezhelgi dәuirde kempirtas balbal vishap t b Қajta orkendeu dәuirinde eskertkish statuya byust relef usak plastikalyk mүsin t b damydy Mүsin onerinde XIX g da barokko klassicizm rokoko XX g da impressionizm simvolizm abstrakti oner agymdary pajda boldy Қazak zherinen tabylgan keramikalyk mүsinder paleolit zhәne enolit dәuirine zhatady Қola dәuirinde dami bastagan mүsin oneri b z b VII g b z V g aralygyndagy bajyrgy sak gun үjsin oneri kezinde zhogary dengejge zhetti Osy kezende agash ondeu sүjek uksatu bederleu oneri korkem kujma kaktau zhumyrlau t b teh әdister tүri damydy VI VIII g lardagy bajyrgy tүrki onerinde mүsinnin bәdiz balbal t b zhanrlyk tүrleri damydy Bejneleu oneri teginin biri grafika gravyura litografiya t b Grafika stanoktyk illyustraciya estamp pen lubok onerkәsiptik zhәne plakattyk grafika bolyp bolinedi Bejneleu onerinin tagy bir tegi sәulet oneri arhitektura Arhitektura kurylysty zhobalau salu ogan korkemdik bejne beru oneri Arhitekturanyn kone zhanrlyk tүri arhitekturalyk order zhүjesi Arhitekturada zhanr termininen gori oner tuyndylaryn stil terminimen beru kalyptaskan Mysaly roman stili gotika renessans barokko klassicizm Arhitekturanyn bejneleu kuraldary kompoziciya tektonika masshtab proporciya faktura material tүsi t b XIX XX gasyrlarda kogamdagy әleumekttik zhәne gylymi tehnikalyk damu үrdisi arhitektura zhүjesine үlken ozgerister әkeldi Ol әsirese kala saluda erekshe korinis tapty k Arhitektura Bezendiru oneri sәndeu korkemdeuden turady Onyn zhanrlyk tүri dizajn Bezendiru oneri kazaktyn dәstүrli oyu orneginde korinis tapkan Muzykadagy zhanr muzykalyk shygarmalardyn tek pen tүrin ajkyndajtyn kopkyrly ugym retinde kalyptasty Muzykadagy zhanr kategoriya retinde muzykatanudyn negizgi mәseleleri men muzyka estetikasyn ajkyndajdy Muzyka onerinin tarihi damu zholynda zhanr belgileri onyn stildik belgilerimen astasyp zhatty k Stil Muzykalyk zhanrlarga әn әnuran serenada opera operetta simfoniya syuita uvertyura koncert oratoriya trio kvartet romans horal rekviem t b zhatady Muzyka zhanrlary ishtej zhanrlyk tүrlerge bolinedi mysaly t b Muzykalyk zhanrlar osy oner salasynda kalyptaskan agym bagyt stilmen үndese damydy k Muzyka Kinonyn iri tort zhanry bar korkem kino kuzhatty kino gylymi kopshilik kino zhәne multiplikaciyalyk kino Bul kino zhanrlary ishtej zhanrlyk tүrlerge bolinedi Mysaly kuzhatty kinonyn zhanrlyk tүrine kinoshezhire kinozhurnal t b zhatady k Kino Teatr onerinin zhanrlary әdebiet zhanrlarymen ushtasa damydy XX gasyrda onerdin barlyk salasynda zhanr kүrdeli damu zholynan otti Modernistik estetikada kalyptaskan agymdar mys әdebiettegi sana agymy t b zhanr tabigatyna ykpal etkenmen әr oner salasyndagy gasyrlar bojy kalyptaskan zhanrlar zhүjesine eleuli ozgeris engize almady Abaj Қunanbaev pen Muhtar Әuezov shygarmalaryndagy zhanrҚazak әdebietinin tarihynda zhanrlardyn tүrlenuine Abaj Қunanbaev pen M Әuezov shygarmalarynyn roli erekshe boldy Poeziyadagy uly kubylys bolyp tabylatyn Abaj kazak olenin zhanrlyk zhagynan kajta tүletse segizayak altyayak t b Әuezov tүrki әdebietin әlem әdebieti dengejine kotergen roman epopeyanyn tүrlengen tүrkilik nuskasyn tudyrdy Әdebiettegi zhanrlardy tegi men tүrine karap lirikalyk epostyk zhәne drama zhanrlar dep bolemiz Әlemdik әdebiette lirikalyk zhanrlarga elegiya epigramma epitafiya oda sonet rondo madrigal gazel tanka ballada pamflet romans olen terme tolgau t b zhatkyzady Adamnyn konil kүji oj men sezimnin үndesui lirikalyk zhanrlardyn basty erekshelikteri bolyp tabylady Olar ozara ozindik renk boyauymen de erekshelenedi elegiya epigramma sykak oda t b Lirikalyk zhanrlardy mazmuny men takyryptyk ozgesheligine karap kana emes bejnelegen omir kubylystary oj sezim ornekteri erekshelikterine bajlanysty sayasi әleumet lirika filosofiya lirika konil kүj lirikasy tabigat lirikasy t b zhүjelep toptastyru үrdisi de bar Epostyk zhanrlarga epikalyk ken tynys kop zhelilik mazmun koyulygy bayandau stili tәn Degenmen bul zhanrlardyn da shagyn orta zhәne үlken tүrleri bar әngime povest roman Epostyk zhanrlar ulttyk әdebietterdegi anyz ertegi batyrlyk tarihi zhyrlardan bastau alady Қazirgi zamangy әdebiettegi epostyk zhanrlarga novella mysal әngime povest poema roman roman epopeya t b zhatady Epostyk zhanrlardyn әrkajsysy ozindik tabigatyna algan takyrybyna bajlanysty ishtej zhanrlyk tүrlerge bolinedi Mys roman zhanrnyn ozi ishtej tarihi roman serilik roman psihologiyalyk roman t b bolyp zhikteledi Al әdebi agymga әdebi bagytka stilge katysty romantikalyk roman t b tүrlerge bolindi Kejde kalyptaskan dәstүrli zhanr tabigatynan ozgeshe korkem shygarmalar pajda bolady Kezinde L N Tolstoj ozinin Sogys zhәne bejbitshilik atty shygarmasyn dәstүrli bir zhanr ayasynda karastyruga karsy bolyp Bul roman emes tipti poema da emes al tarihi shezhireden mүldem alys dep pikir bildirgen Kejin avtor ony Iliada mәnerindegi shygarma degen Yagni kone epikalyk dәstүrdin oz shygarmasynyn zhanrlyk tabigatynda korinis tapkanyn sezgen Әdebiettanu gylymy bul stilde zhazylgan korkem shygarmalarga eki zhanrlyk anyktama berip roman epopeya dep atady Kejin soz onerinde bul zhanrlyk tүrde irgeli shygarmalar zhazyldy Әuezov t b roman epopeyalary Dramalyk zhanrlardyn drama tragediya komediya siyakty tarihi kalyptaskan iri 3 tүri bar Tragediya zhanry tarihi evolyuciya uzak damu kezeninen otti Eshil U Shekspir Әuezov t b kalamynan tugan tragediyalardy bir zhanrlyk katarga koya almajmyz Әdebi dәuir agym men bagyt әrbir zhanrga ykpal etedi Sonymen katar әrbir suretkerdin daralyk ulttyk klassik stilinin zhanr tabigatyna ozgeris engizetini de әdebiettanu gylymynda belgili k Stil Dram Zh lar ishtej zhanrlyk tүrlerge bolinedi Tragediya men komediyanyn bir birimen ushtaskan tragikomediya al komediyanyn lirikalyk komediya satiralyk komediya vodevil fars t b tүrleri bar Komediyada omirdin kelensiz kubylystary adam minezindegi min kүlki әzilmen beriledi Al tragediyanyn zhanrlyk ereksheligi shygarma kүrdeli okiga ymyraga kelmejtin tartyska kurylyp sony kajgyly ayaktalady Әlem әdebietinde tragediya zhanry U Shekspir shygarmalary arkyly biikke koterildi Gamlet kazak әdebietinde tragediya zhanrynyn үzdik үlgisin M Әuezov Қarakoz Abaj zhasady Zhalpy dramalyk zhanrlarga okigany shirykkan tartyska kuryp mejlinshe shielenistirip sharyktau shegine zhetkize suretteu tәn k Drama Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8