Сатира (лат. Satira) — өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
«Сатира» латын тілінен сатира, ескі түрі — satura, лат. сатура (ланх) — жыл сайын құдайларға ұсынылатын түрлі жемістері бар тағам; десерт; қоспа, поэтикалық қоспа; бейнелі мағынасы: қоспа, әр түрлі заттар.
Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т. б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің «Сатирикон», Апулейдің «Алтын баспақ» романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 ғасырда дүниеге келді.
Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған. Жыраулық поэзия (Шалкиіз Тіленшіұлы, Тәтіқара, Бұқар жырау, Шал ақын, т. б.) өлеңдерінде кездесетін үстем топ өкілдерін сынау, шенеу сарыны Махамбеттің өлең-жырларында өзінің шырқау шыңына жетіп, батыл айыптауға ұласады.
Абай шығармашылығы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар «Абралыға», «Көкбайға», «Күлембайға», «Дүтбайға», т. б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай шығармаларында пародияның элементтері де бар. («Өлең сөздің патшасы, сөз capасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал жанры 20 ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А. Байтұрсынұлы, М. Сұлтанқожаұлы, Т. Ізтілеуов шығармаларында жиі кездеседі. сатиралық өлеңдер С. Торайғыров шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, «Мағынасыз мешіт», «Сымбатты сұлуға», т. б.). Ол «Ауырмай есімнен жаңылғаным» атты сатиралық әңгіме де жазды. Сәбит Дөнентаев мысал, фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С. Сейфуллин «Күзетші иттер», «Ұлтшылдың сандырағы», «Отарба мен ақ төбет», «Қара aрбада», т. б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. Ол проза мен поэзиялық жанрларда шығармаларды өндірте жазды. Оның 1928 жылы «Сойқанды содылар», ал 1920 жылы «Кесінділер» атты шығармашылық жинақтары басылды. Бейімбет, әсіресе, комедия, сықақ әңгіме, фельетон жанрын дамытуға үлкен үлес қосты.
Сатира — І. Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира «Тілші» (1923–25), «Еңбекші қазақ» (1928–31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 1929 жылы «Сықақ» атты жинақ шығарды. Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 1935 жылы «Құқ» деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді. 20-жылдардағы сатираға Алдоңғаров пен А. Сегізбаев т. б өздерінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы «Түйреуіш» атты жинақ шығарған Қ. Қуанышбаев, «Тоқсан» атты кітабы шыққан Ж. Сәрсеков, «Күлмескене» жинағы басылған Қ. Тайшықов пен «Шаншу» атты кітаптың авторы Е.Дүйсенбековтерді айтуға болады. 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында сатираны дамытуға Асқар Тоқмағамбетов, ал соғыстан кейінгі кезеңде сатираға Төлешов үлкен үлес қосты. 1956 жылы сатиралық «Ара» журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары сатириктер легіне Б.Қыдырбекұлы, М.Рашевтер келіп қосылды. Кейін С.Адамбеков қазақ тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман «Атылған қыз туралы анызды» жазды. Сатиралык әңгімелер жанрын дамытуға «Талпақ танау». «Этнографиялык әңгіме». «Тарғыл қауын», «Сілекеевтердің кенжесі» атты шығармалары арқылы Ғ.Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70-жылдары О.Әубәкіров, О.Иманәлиев, Ғ. Қабышев, С. Әлжіков, Ү. Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына С. Кенжеахметов, К. Әмірбеков, М. Шерім, Ғ. Ахметчин, Қ. Ілясов, т. б. келіп қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде Т. Қожакеевтің монографиялары бар.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — әдебиет туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Satira lat Satira ozi surettep otyrgan okigany kubylysty nemese kejipkerdi otkir synga alyp әzhuaga ajnaldyratyn korkemdik bejneleu tәsili Karikatura satira zhanrlarynyn biri Satira latyn tilinen satira eski tүri satura lat satura lanh zhyl sajyn kudajlarga usynylatyn tүrli zhemisteri bar tagam desert kospa poetikalyk kospa bejneli magynasy kospa әr tүrli zattar Satiranyn mysal epigramma pamflet feleton parodiya sharzh karikatura anekdot siyakty zhanrlary bar Dramaturgiyada satira komediya zhanrynan korinse korkem prozada satiralyk әngime povest romandar zhazylady Satiralyk shygarmalarda әsireleu grotesk tuspaldau allegoriya yumor dostyk rәuishtegi kүlki ironiya zhenil әzhua sarkazm ashy myskyl kekesin t b bejneleu tәsilderi keninen koldanylady Ezhelgi Grekiyada zhanr retinde tuyndaganymen әdebiettin derbes tegi retinde Ezhelgi Rimde ken kanat zhajdy Petronijdin Satirikon Apulejdin Altyn baspak romandary osy tusta dүniege keledi Orys әdebietinde algashky satiralyk shygarmalar 17 gasyrda dүniege keldi Қazak satirasy halyk auyz әdebietinen bastau alady Aldar Kose turaly anyz әngimelerde ashy myskyl uly kekesin synap mineu saryny basym bolsa Қozhanasyr turaly kүldirgi әngimeler yumor dostyk rәuishtegi syn astarly әzilge kurylady Tazsha bala turaly nemese otirik olenderde әsireleu grotesk tәsili mol kezdesedi Қazak folklorynda ulttyk auyz әdebietinde gana kezdesetin Shyk bermes Shygajbaj Қarabaj siyakty saran bajlardyn tiptik bejneleri zhasalgan Zhyraulyk poeziya Shalkiiz Tilenshiuly Tәtikara Bukar zhyrau Shal akyn t b olenderinde kezdesetin үstem top okilderin synau sheneu saryny Mahambettin olen zhyrlarynda ozinin shyrkau shynyna zhetip batyl ajyptauga ulasady Mysyk tyshkanga kyzmet etedi Ezhelgi Egipet ostrakony shamamen b z d 1295 1070 zhzh Bruklin murazhajy Abaj shygarmashylygy kazak satirasyn sapalyk zhana biikke kotergen Ұly akyn shygarmashylygynda epigrammalar Abralyga Kokbajga Kүlembajga Dүtbajga t b arnalgan olenderinde zhii kezdesedi Kokbajga arnalgan epigrammalarda yumorlyk saryn basym bolsa Kokbaj men Kүlembajga arnalgan epigrammalarda ajyptau myskyldau zhagy үstem tүsip otyrady Abaj shygarmalarynda parodiyanyn elementteri de bar Өlen sozdin patshasy soz capasy Men zhazbajmyn olendi ermek үshin Abaj satirasynda mysal zhanry erekshe oryn alady Mysal zhanry 20 gasyrdyn basyndagy korneki kazak akyndary A Bajtursynuly M Sultankozhauly T Iztileuov shygarmalarynda zhii kezdesedi satiralyk olender S Torajgyrov shygarmashylygynan berik oryn aldy mysaly Magynasyz meshit Symbatty suluga t b Ol Auyrmaj esimnen zhanylganym atty satiralyk әngime de zhazdy Sәbit Donentaev mysal feleton zhazumen katar kazak satirasyn syuzhetti sykak olendermen bajytty S Sejfullin Kүzetshi itter Ұltshyldyn sandyragy Otarba men ak tobet Қara arbada t b satiralyk olender zhazdy Bejimbet Majlin shygarmalaryn satiraga mol oryn berildi Ol proza men poeziyalyk zhanrlarda shygarmalardy ondirte zhazdy Onyn 1928 zhyly Sojkandy sodylar al 1920 zhyly Kesindiler atty shygarmashylyk zhinaktary basyldy Bejimbet әsirese komediya sykak әngime feleton zhanryn damytuga үlken үles kosty Satira I Zhansүgirov shygarmashylygynyn zhemisti salasynyn biri Satira Tilshi 1923 25 Enbekshi kazak 1928 31 gazetterinde zhumys istegen zhyldary feletonist retinde tanylyp 1929 zhyly Sykak atty zhinak shygardy Zhansүgirovtin sykak әngimeleri men feletondar 1935 zhyly Қuk degen atpen zheke kitap tүrinde zharyk kordi 20 zhyldardagy satiraga Aldongarov pen A Segizbaev t b ozderinin uytty feletondaryme үn kosty 30 zhyldary kazak satirasy orkendetuge belsene at salyskan kalamgerler katarynda 1936 zhyly Tүjreuish atty zhinak shygargan Қ Қuanyshbaev Toksan atty kitaby shykkan Zh Sәrsekov Kүlmeskene zhinagy basylgan Қ Tajshykov pen Shanshu atty kitaptyn avtory E Dүjsenbekovterdi ajtuga bolady 2 dүniezhүzilik sogysy zhyldarynda satirany damytuga Askar Tokmagambetov al sogystan kejingi kezende satiraga Toleshov үlken үles kosty 1956 zhyly satiralyk Ara zhurnalynyn shyga bastauyna oraj kazak satirasynyn damuy zhүjeli sipat aldy 60 zhyldary satirikter legine B Қydyrbekuly M Rashevter kelip kosyldy Kejin S Adambekov kazak tilinde zhazylgan tungysh satiralyk roman Atylgan kyz turaly anyzdy zhazdy Satiralyk әngimeler zhanryn damytuga Talpak tanau Etnografiyalyk әngime Targyl kauyn Silekeevterdin kenzhesi atty shygarmalary arkyly Ғ Mүsirepov te oz үlesin kosty 70 zhyldary O Әubәkirov O Imanәliev Ғ Қabyshev S Әlzhikov Ү Uajdin E Dombaev kazak satirasyn damytuga oz үlesterin kossa 80 zhyldary olardyn kataryna S Kenzheahmetov K Әmirbekov M Sherim Ғ Ahmetchin Қ Ilyasov t b kelip kosyldy Қazak satirasy zhoninde T Қozhakeevtin monografiyalary bar Ezhelgi Egipettin satiralyk papirusy shamamen b z d 1150 zh DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul әdebiet turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz