Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – XVII -XIX ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).
Классицизмнің негізгі принциптері
Классицизм ХУІІ ғасырда Италия әдебиетінде туып, француз әдебиетінде кең қанат жайған ағым.
Классицизм теориясының негізінде мәңгілік туралы ілім, әдемілік идеалының кемелдігі туралы түсінік жатыр. ХІХ ғасырда Стендаль «Расин және Шекспир» атты памфлетінде классицизмнің принциптерін терістей отырып, осы ілімді керіге шығарады. Ол әдемілік ұғымының қатыстылығын, өзгермелілігін, тарихилығын дәлелдейді Әдеби жанрлардың да қатаң деңгейленуі (эпопея, трагедия, комедия және т.б.) осы ілімнен туындады. Әрбір жанрдың нақты шекаралары, оның ерекшеліктері көрсетіліп, әрбір жанрға тиесілі тілі мен кейіпкерлері бекітілді (трагедия үшін – биік патетикалық тіл, асқақ сезімдер, батыр тұлғалар; комедия үшін – төмендетілген тірліктегі персонаждар, ауызекі сөйлеу тілі т.б.), себебі классицистердің пікірінше, әрбір жанрдың үлгілі шығармалары әу-баста дүниеге келіп қойған, ал жаңа кезеңдердің еншісі тек (біржола) табылған кемел идеалдардың ізімен жүру.
Классицистік әдебиеттегі көркем образдардың дерексіздігі де осыдан туындайды. Олар сананың қатаң есебінен туындап, онда жалпы, әмбебап, «мәңгілік» қасиеттер суреттелді (мизантроп, сараң т.б.). Классицистер өмір құбылыстарының өткінші, кездейсоқ, дара сипатына қарағанда «мәңгілік», әмбебап, абсолютті жақтарын сипаттауға ұмтылды. Классицистер көркем образ дерексіз схема түрінде емес, шынайы тірі жан ретінде көрінуі үшін даралық, кездейсоқтық сипат керек екенін түсіне бермеді. Сонымен классицизм теориясындағы мәнді бір элемент өнердің тәрбиелік мәні туралы ілім.
Көркем шығарманы тудыру үстінде классицистер өздеріне қаншалықты дәрежеде жамандықты әшкереледік, жақсылықты қаншалықты паш еттік деп сұрақтар қойып отыратын. Классицизмнің ең мықты шеберлері өнердің үйретушілік, дидактикалық принципін жеткілікті көркем тактпен бере алды, ал дарыны аздаулары жалаң уағызға жүгініп, жауыздар мен батырлардың арасын қақ бөліп суреттеді.
Орыс ғалымы Н.А.Жирмунская 1630-1650 жылдардың аралығын драмалық жанрларда классицизмнің принциптерінің әбден орныққан кезі деп көрсетеді. Классицизм теоретиктерінің ойынша сананың қарапайым талаптары сахнадағы оқиғаны жиырма төрт сағат бойына сыйдыруға (уақыт бірлігі), бір орында өтуіне драматургты міндеттейді (орын бірлігі), эстетикалық әсер заңдылықтары драматургтен сюжет сызығының бірлігін талап етеді дейді (әрекет бірлігі). Осыдан келіп орын, уақыт, әрекет – үш бірлік «ережесі» пайда болады.
Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді. Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.
Француз классицизмінің бастаушысы Малерб (1555-1628) болды. Малерб мадақ өлеңдер жазатын. Оның өлеңдері салтанатты, қатаң тәртіпке бағынған, біршама суық, сезім шынайылығы жоқ болғанымен, әрқашан мифологиялық атауларға, эпитеттерге бай болатын.
Генрих ІҮ Малербті сарай ақыны етіп, камергер атағын береді. Ришелье оны Францияның қазынашысы етіп тағайындайды. Ақындардың ішінен мұндай жоғары ресми қызметке ие болғандары кем де кем. Малерб те өз жолынан жаңылған жоқ. Ол мемлекет саясатын қолдап, оның ішкі тәртібін мадақтап отырды. Малерб Францияда классицизмге жол ашты, алайда классицизмге атақ пен даңқты оның үш алыбы: Корнель, Расин, Мольер әкелді. Корнель мен Расин француз әдебиетінде трагедия жанрының өлмес үлгілерін қалдырса, комедия атасы саналған Мольер бүкіл әлемге классицистік комедияның үлгісін көрсетті.
Шет ел классиктері
Классицизм теорияшылары өзінің жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі жанрларды “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлді. “Жоғарғы” жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, “төменгі” жанрға комедия, сатира, мысал, т.б. жатқызады. Классицизмнің алғашқы әдеби негізі ретінде Ежелгі дәуір әдебиетіндегі Аристотель идеялары, Горацийдің (б.з.б. 65 – 8 ж.) поэтикалық шығармалары алынғанмен, оның кемелденген ағым ретінде ең дәуірлеп өркендеген кезі 17 – 18 ғ-ларда Францияда болды. Бұл кезеңдегі Классицизмның ең ірі өкілдері – Н.Буалоның (1636 – 1711) поэтикалық толғаулары, (1606 – 84), (1639 – 99) трагедиялары, комедиялары, т.б. кең танымал болды. Классицизм Ресейде 18 ғ-дың 2-ширегінен бастап өрістеді (1708 – 44), (1717 – 77), (1703 – 68), , т.б.
Қазақ әдебиетінде Классицизм
Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі жыраулық поэзияда, Абай, , М.Әуезов, т.б. шығармаларында көрініс тапты.
Сәулет және бейнелеу өнеріндегі классицизм
Архитектура мен бейнелеу, сән және қосалқы өнерде Классицизм бароккомен, 18 ғ-дан бастап рококомен жарыса дамыды. Классицизмге қатаң үйлесім, көбінесе, салтанатты сипат тән. Оның негізіне пішіндердің айқындығы мен тектоникалығы, композицияның жинақылығы мен орнықтылығы, қатаң ритм мен пропорциялылық алынды. Архитектурадағы Классицизмде ежелгі дәуір сәулет өнерінің көптеген принциптері мен жекелеген желілері көрініс тапты. Архитектурадағы К. құрылыстарының бітімінде геом. өлшем дәлдігі және симметриялы түзу сызықтар үстемдік етеді. Сәулет ғимараттары алдында асқақ бағаналары бар, қасбеті үшбұрышты, ежелгі дәуір ғимараттарына ұқсастырыла тұрғызылды. Мұндай құрылыстар біртіндеп бүкіл Еуропаға тарады. Мүсін мен сурет өнеріндегі Классицизмге композиция тұйықтығы, түрдің пластикалық шешімі тән болып келеді. Классицизм белгілері алғаш, 16 ғ-дың 2-жартысында Италияда пайда болды. Ал біртұтас стильдік жүйе түрінде 17 ғ-дың 1-жартысында Францияда қалыптасты. Франция рационализмінің эстетикалық өзегі ретіндегі Классицизм, әсіресе, бейнелеу өнерінде жан-жақты ашылды. Франция Классицизмнің көрнекті өкілдері , оның шәкірті (1780 – 1867) және италиялық мүсінші (1757 – 1822), даниялық Бертель Торвальдсен (1768 – 1844) болды. 19 ғ-дың 1-ширегінде Классицизмде жалаң стиль қуалаушылық пен академизм белгілері бұрынғыдан да күшейе түсті (Францияда Давидтің кейінгі кезеңдегі суреттері, ішінара Энгрдің суреттері).
Еуропа елдерінде Классицизм
18 ғ. мен 19 ғ-дың басында Еуропа елдерінде Классицизм стилі басым бағытқа айналды [Англияда арх. , , Германияда – арх. , (1781 – 1841), , суретшілер , (1754 – 98), мүсінші И.Г. Шадов (1764 – 1850); Испанияда – арх. Х.де Вильянуэва; Италияда – арх. Дж. Пьермарини]. 19 ғ-дың басында Классицизм АҚШ пен Латын Америкасына тарады. Ресейде Классицизм 18 ғ-дың 60 – 70-жылдарында және 19 ғ-дың басында өнердегі басым бағытқа айналды. Санкт-Петербург қаласы Классицизм жобасымен салынды, бұл орыс сәулет өнерін жаңа биікке көтерді. Классицизм шеңберінде монументті сәндік және қондырма мүсін [мүсіншілер Ф.Г. Гордеев (1744 – 1810), М.И. Козловский (1753 – 1802), Ф.П. Толстой (1783 – 1873), т.б.], кескіндеме өнері [А.П. Лосенко (1737 – 73), А.И. Иванов (1776 – 1848) т.б.], сән және қосалқы өнер кеңінен өрістеді. Классицизм бағытындағы орыс архитектурасының дүниежүзілік маңызы артты [арх. В.И. Баженов (1738 – 1799), М.Ф. Казаков, И.Е. Старов (1745 – 1808), А.Н. Воронихин (1759 – 1814), А.Д. Захаров (1761 – 1811), К.И. Росси (1775 – 1849), В.П. Стасов (1769 – 1848 және, т.б.].
Театр өнеріндегі Классицизм
Театр өнеріндегі Классицизм 17 – 18 ғ-ларда Францияда кең өріс алды. Ол Буалоның “Поэтика өнері” атты теориялық поэмасы негізінде қалыптасты. Классицизм трагедияға тән кейіпкердің көңіл күйі мен сезім дүниесін орынсыз әсірелеп көрсететін тәсілден арылуға әрі драм. шығармалардың идеясын тереңірек ашуға жол салды; сөйтіп, театрды шынайы өнер биігіне көтерді. Рөл үстінде саналы оймен жұмыс істеу актерлер шығармашылығының негізгі бір шартына айналды. Бірақ актер ойнайтын қаїарманының ішкі жан-дүниесінен гөрі оның сыртқы бейнесіне, сахналық қимыл-әрекетіне көбірек көңіл аударды. Мыс., трагедиялық актерден өлең жолдарын мәнеріне келтіріп, сезіммен әсерлеп оқу ғана талап етілді. Ал жалпы актерлік өнерде шартты сахналық қимыл-әрекет кең қанат жайды. Мұның өзі актерлік амплуаны туғызды. Актерлік өнерде Классицизмге тән қайшылықтар да бой көрсетті. Актерлер сахнада кімнің рөлін ойнаса да, оны ең алдымен сұлу, өмірдегіден әлдеқайда “биігірек” етіп көрсетуге тырысты. Спектакльдер, негізінен, симметрияға құрылған мизансценаларымен, монументтік сән-салтанатымен ерекшеленді, ал актерлер тарихи және тұрмыстық нақтылықтан жұрдай фонында ойнады. Классицизмнің актерлік өнерде орнығып қалыптасуы , , , (1642 – 98) сияқты француз актерлерінің шығармашылығымен байланысты. Француз Классицизмі Еуропадағы басқа елдердің театрларына да ықпал жасады. Классицизмнің ірі өкілдерінің санатына Классицизм. (1798 – 1860; Германия), мен (1757 – 1823; Англия) болды. Ресейде Классицизм 18 ғасырдың 30 – 50-жылдарында белең алды. Батыс Еуропа Классицизммен салыстырғанда орыс театрының көрнекті қайраткерінің шығармашылығында ұлттық, патриоттық тақырып пен тәрбиелік-ағартушылық сарын басымырақ болды. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Классицизм идеялық және көркемдік дағдарысқа ұшырады. Алайда Классицизм өнер тарихында барлық өнер түрлерін өзіне бағындырған бірден бір бағыт болды. Одан кейін пайда болған қосымша өнер бағыттары Классицизмдей тарай алмады. Буало Н.,, М., 1957; Коваленская Н.Н.,, М., 1964; Жұмалиев Қ.,, А., 1969; Қабдолов З.,, А., 1970; Ротенберг Е.И.,
Дереккөздер
- Обломиевский Д.Д. Французский классицизм. Очерки, Мәскеу, 1968
- История зарубежной литературы ХУІІ века. Под ред. М.В.Разумовской. Мәскеу, Высшая школа, 1999. ISBN 5-7695-0383-1
- История зарубежной литературы ХУІІ-ХУІІІ в.в. С.Д.Артамонов, З.Т.Гражданская, Р.М.Самарин. Мәскеу, Просвещение, 1973.
- Поэтическое искусство
- Русский классицизм
- Әдебиет теориясы
- Әдебиет теориясының негіздері
- Западноевропейское искусство 17 века
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Klassicizm lat classicus en үlgili XVII XIX gasyrlardyn basynda әdebiet pen onerde oris algan korkemdik bagyt Әdebiettegi klassicizm Ezhelgi Grekiya men Ezhelgi Rimnin klassiklyk әdebi shygarmalaryn үlgi tutty Klassicizm үrdisindegi tuyndylardyn tek takyryp kejipkerlerdi tandap aluynda gana emes sonymen katar katynasushy adamdardyn is әreketterin suretteuinde de ozindik ozgeshelikteri bar Klassicizmge tәn negizgi erekshelik korkem shygarmanyn kurylysyn bir tәrtipke bagyndyru Mysaly dramalyk shygarmalardy үsh birlikti saktaj otyryp zhazu talap etildi uakyt birligi okiga bir tәulik 24 sagat ishinde gana otui kerek oryn birligi okiga tek bir orynda gana otui kerek okiga birligi okiga birinen biri tuyndap bir izben damyp otyratyn bir gana syuzhettik zhelige kuryluy shart Klassicizmnin negizgi principteriKlassicizm HUII gasyrda Italiya әdebietinde tuyp francuz әdebietinde ken kanat zhajgan agym Klassicizm teoriyasynyn negizinde mәngilik turaly ilim әdemilik idealynyn kemeldigi turaly tүsinik zhatyr HIH gasyrda Stendal Rasin zhәne Shekspir atty pamfletinde klassicizmnin principterin teristej otyryp osy ilimdi kerige shygarady Ol әdemilik ugymynyn katystylygyn ozgermeliligin tarihilygyn dәleldejdi Әdebi zhanrlardyn da katan dengejlenui epopeya tragediya komediya zhәne t b osy ilimnen tuyndady Әrbir zhanrdyn nakty shekaralary onyn erekshelikteri korsetilip әrbir zhanrga tiesili tili men kejipkerleri bekitildi tragediya үshin biik patetikalyk til askak sezimder batyr tulgalar komediya үshin tomendetilgen tirliktegi personazhdar auyzeki sojleu tili t b sebebi klassicisterdin pikirinshe әrbir zhanrdyn үlgili shygarmalary әu basta dүniege kelip kojgan al zhana kezenderdin enshisi tek birzhola tabylgan kemel idealdardyn izimen zhүru Klassicistik әdebiettegi korkem obrazdardyn dereksizdigi de osydan tuyndajdy Olar sananyn katan esebinen tuyndap onda zhalpy әmbebap mәngilik kasietter suretteldi mizantrop saran t b Klassicister omir kubylystarynyn otkinshi kezdejsok dara sipatyna karaganda mәngilik әmbebap absolyutti zhaktaryn sipattauga umtyldy Klassicister korkem obraz dereksiz shema tүrinde emes shynajy tiri zhan retinde korinui үshin daralyk kezdejsoktyk sipat kerek ekenin tүsine bermedi Sonymen klassicizm teoriyasyndagy mәndi bir element onerdin tәrbielik mәni turaly ilim Korkem shygarmany tudyru үstinde klassicister ozderine kanshalykty dәrezhede zhamandykty әshkereledik zhaksylykty kanshalykty pash ettik dep suraktar kojyp otyratyn Klassicizmnin en mykty sheberleri onerdin үjretushilik didaktikalyk principin zhetkilikti korkem taktpen bere aldy al daryny azdaulary zhalan uagyzga zhүginip zhauyzdar men batyrlardyn arasyn kak bolip surettedi Orys galymy N A Zhirmunskaya 1630 1650 zhyldardyn aralygyn dramalyk zhanrlarda klassicizmnin principterinin әbden ornykkan kezi dep korsetedi Klassicizm teoretikterinin ojynsha sananyn karapajym talaptary sahnadagy okigany zhiyrma tort sagat bojyna syjdyruga uakyt birligi bir orynda otuine dramaturgty mindettejdi oryn birligi estetikalyk әser zandylyktary dramaturgten syuzhet syzygynyn birligin talap etedi dejdi әreket birligi Osydan kelip oryn uakyt әreket үsh birlik erezhesi pajda bolady Francuz klassicisterinin teoretigi N Bualo boldy Kopshilik onyn aldynda kurak ushyp zhүgirip onyn kekesindi bagasynan әdil synynan korkatyn Alajda synshy shyn daryndardy kadirlejtin Onyn oner teoretigi retindegi zor bedeli kүlli Europada HҮII gasyrdyn zhetpisinshi zhyldarynan bastalyp romantizm dәuirine dejin dүrkirep turdy Bualo francuz klassicizmi kalyptasyp oz zhemisin berip zhatkan uakytta әdebi sahnaga shykty Ol negizinen akyndardyn tәzhiribelerin zhalpylap korytyndysyn shygaryp berdi Klassicizm teoriyasy onyn zhetistikteri men kemshilikteri Bualo atymen tygyz bajlanysty N Bualonyn klassicizm teoriyasy zhoninde zhazylgan enbegi Poetikalyk oner dep ataldy Bualo avtorlarga daryn degennin tүsindirmesinen bastajdy da tym alshakka ketip tragediyany kajgyga toly zhүzdegen oliktermen toltyra bermeuge eshtenege kazheti zhok majda shүjdeni surettej bermeuge tym askaktap aspanga koterilip ketpeuge tym tomendep bylganysh lajsanga tүsip ketpeuge kenes beredi Yagni zhazushylardy salmaktylykka ustamdylykka mazmundylykka әr nәrsenin shegin olshemin sezine aluga shakyrady Akikattan askan әdemilik zhok degen Bualo sozderimen kelispeuge bolmajdy Zhekelegen akyndarga baga beru үstinde de ol nәzik talgam tanytady Sanalylyk akyl oj әdemiliktin sinonimi retinde karastyrylady Akyry Sanany sүjiniz ol sizdin oleninizde omir sүrip ogan korik berip tursyn dejdi Francuz klassicizminin bastaushysy Malerb 1555 1628 boldy Malerb madak olender zhazatyn Onyn olenderi saltanatty katan tәrtipke bagyngan birshama suyk sezim shynajylygy zhok bolganymen әrkashan mifologiyalyk ataularga epitetterge baj bolatyn Genrih IҮ Malerbti saraj akyny etip kamerger atagyn beredi Rishele ony Franciyanyn kazynashysy etip tagajyndajdy Akyndardyn ishinen mundaj zhogary resmi kyzmetke ie bolgandary kem de kem Malerb te oz zholynan zhanylgan zhok Ol memleket sayasatyn koldap onyn ishki tәrtibin madaktap otyrdy Malerb Franciyada klassicizmge zhol ashty alajda klassicizmge atak pen dankty onyn үsh alyby Kornel Rasin Moler әkeldi Kornel men Rasin francuz әdebietinde tragediya zhanrynyn olmes үlgilerin kaldyrsa komediya atasy sanalgan Moler bүkil әlemge klassicistik komediyanyn үlgisin korsetti Shet el klassikteriKlassicizm teoriyashylary ozinin zhogary etikalyk ideyasy men estetikalyk talgam biigine saj әdebiettegi zhanrlardy zhogargy zhәne tomengi dep boldi Zhogargy zhanrga tragediya epopeya oda t b zhatsa tomengi zhanrga komediya satira mysal t b zhatkyzady Klassicizmnin algashky әdebi negizi retinde Ezhelgi dәuir әdebietindegi Aristotel ideyalary Goracijdin b z b 65 8 zh poetikalyk shygarmalary alynganmen onyn kemeldengen agym retinde en dәuirlep orkendegen kezi 17 18 g larda Franciyada boldy Bul kezendegi Klassicizmnyn en iri okilderi N Bualonyn 1636 1711 poetikalyk tolgaulary 1606 84 1639 99 tragediyalary komediyalary t b ken tanymal boldy Klassicizm Resejde 18 g dyn 2 shireginen bastap oristedi 1708 44 1717 77 1703 68 t b Қazak әdebietinde KlassicizmҚazak әdebietinde Klassicizm үlgisi zhyraulyk poeziyada Abaj M Әuezov t b shygarmalarynda korinis tapty Sәulet zhәne bejneleu onerindegi klassicizmArhitektura men bejneleu sәn zhәne kosalky onerde Klassicizm barokkomen 18 g dan bastap rokokomen zharysa damydy Klassicizmge katan үjlesim kobinese saltanatty sipat tәn Onyn negizine pishinderdin ajkyndygy men tektonikalygy kompoziciyanyn zhinakylygy men ornyktylygy katan ritm men proporciyalylyk alyndy Arhitekturadagy Klassicizmde ezhelgi dәuir sәulet onerinin koptegen principteri men zhekelegen zhelileri korinis tapty Arhitekturadagy K kurylystarynyn bitiminde geom olshem dәldigi zhәne simmetriyaly tүzu syzyktar үstemdik etedi Sәulet gimarattary aldynda askak baganalary bar kasbeti үshburyshty ezhelgi dәuir gimarattaryna uksastyryla turgyzyldy Mundaj kurylystar birtindep bүkil Europaga tarady Mүsin men suret onerindegi Klassicizmge kompoziciya tujyktygy tүrdin plastikalyk sheshimi tәn bolyp keledi Klassicizm belgileri algash 16 g dyn 2 zhartysynda Italiyada pajda boldy Al birtutas stildik zhүje tүrinde 17 g dyn 1 zhartysynda Franciyada kalyptasty Franciya racionalizminin estetikalyk ozegi retindegi Klassicizm әsirese bejneleu onerinde zhan zhakty ashyldy Franciya Klassicizmnin kornekti okilderi onyn shәkirti 1780 1867 zhәne italiyalyk mүsinshi 1757 1822 daniyalyk Bertel Torvaldsen 1768 1844 boldy 19 g dyn 1 shireginde Klassicizmde zhalan stil kualaushylyk pen akademizm belgileri buryngydan da kүsheje tүsti Franciyada Davidtin kejingi kezendegi suretteri ishinara Engrdin suretteri Europa elderinde Klassicizm18 g men 19 g dyn basynda Europa elderinde Klassicizm stili basym bagytka ajnaldy Angliyada arh Germaniyada arh 1781 1841 suretshiler 1754 98 mүsinshi I G Shadov 1764 1850 Ispaniyada arh H de Vilyanueva Italiyada arh Dzh Permarini 19 g dyn basynda Klassicizm AҚSh pen Latyn Amerikasyna tarady Resejde Klassicizm 18 g dyn 60 70 zhyldarynda zhәne 19 g dyn basynda onerdegi basym bagytka ajnaldy Sankt Peterburg kalasy Klassicizm zhobasymen salyndy bul orys sәulet onerin zhana biikke koterdi Klassicizm shenberinde monumentti sәndik zhәne kondyrma mүsin mүsinshiler F G Gordeev 1744 1810 M I Kozlovskij 1753 1802 F P Tolstoj 1783 1873 t b keskindeme oneri A P Losenko 1737 73 A I Ivanov 1776 1848 t b sәn zhәne kosalky oner keninen oristedi Klassicizm bagytyndagy orys arhitekturasynyn dүniezhүzilik manyzy artty arh V I Bazhenov 1738 1799 M F Kazakov I E Starov 1745 1808 A N Voronihin 1759 1814 A D Zaharov 1761 1811 K I Rossi 1775 1849 V P Stasov 1769 1848 zhәne t b Teatr onerindegi KlassicizmTeatr onerindegi Klassicizm 17 18 g larda Franciyada ken oris aldy Ol Bualonyn Poetika oneri atty teoriyalyk poemasy negizinde kalyptasty Klassicizm tragediyaga tәn kejipkerdin konil kүji men sezim dүniesin orynsyz әsirelep korsetetin tәsilden aryluga әri dram shygarmalardyn ideyasyn terenirek ashuga zhol saldy sojtip teatrdy shynajy oner biigine koterdi Rol үstinde sanaly ojmen zhumys isteu akterler shygarmashylygynyn negizgi bir shartyna ajnaldy Birak akter ojnajtyn kayiarmanynyn ishki zhan dүniesinen gori onyn syrtky bejnesine sahnalyk kimyl әreketine kobirek konil audardy Mys tragediyalyk akterden olen zholdaryn mәnerine keltirip sezimmen әserlep oku gana talap etildi Al zhalpy akterlik onerde shartty sahnalyk kimyl әreket ken kanat zhajdy Munyn ozi akterlik ampluany tugyzdy Akterlik onerde Klassicizmge tәn kajshylyktar da boj korsetti Akterler sahnada kimnin rolin ojnasa da ony en aldymen sulu omirdegiden әldekajda biigirek etip korsetuge tyrysty Spektaklder negizinen simmetriyaga kurylgan mizanscenalarymen monumenttik sәn saltanatymen erekshelendi al akterler tarihi zhәne turmystyk naktylyktan zhurdaj fonynda ojnady Klassicizmnin akterlik onerde ornygyp kalyptasuy 1642 98 siyakty francuz akterlerinin shygarmashylygymen bajlanysty Francuz Klassicizmi Europadagy baska elderdin teatrlaryna da ykpal zhasady Klassicizmnin iri okilderinin sanatyna Klassicizm 1798 1860 Germaniya men 1757 1823 Angliya boldy Resejde Klassicizm 18 gasyrdyn 30 50 zhyldarynda belen aldy Batys Europa Klassicizmmen salystyrganda orys teatrynyn kornekti kajratkerinin shygarmashylygynda ulttyk patriottyk takyryp pen tәrbielik agartushylyk saryn basymyrak boldy 18 gasyrdyn ayagy men 19 gasyrdyn basynda Klassicizm ideyalyk zhәne korkemdik dagdaryska ushyrady Alajda Klassicizm oner tarihynda barlyk oner tүrlerin ozine bagyndyrgan birden bir bagyt boldy Odan kejin pajda bolgan kosymsha oner bagyttary Klassicizmdej taraj almady Bualo N M 1957 Kovalenskaya N N M 1964 Zhumaliev Қ A 1969 Қabdolov Z A 1970 Rotenberg E I DerekkozderOblomievskij D D Francuzskij klassicizm Ocherki Mәskeu 1968 Istoriya zarubezhnoj literatury HUII veka Pod red M V Razumovskoj Mәskeu Vysshaya shkola 1999 ISBN 5 7695 0383 1 Istoriya zarubezhnoj literatury HUII HUIII v v S D Artamonov Z T Grazhdanskaya R M Samarin Mәskeu Prosveshenie 1973 Poeticheskoe iskusstvo Russkij klassicizm Әdebiet teoriyasy Әdebiet teoriyasynyn negizderi Zapadnoevropejskoe iskusstvo 17 veka Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 X tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet