Портрет (фр. portraіt, portraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры, адам бейнесін живопись яки графика түріндегі бейнесі.
Анықтамасы
Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (), мүсін, графика, мозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, , мозайка, т.б.), салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.
Тарихы мен дамуы
Портрет ежелгі Мысыр, Қосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі. Көне дәуірдегі озық портрет үлгісі мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.б. 16 ғ.). Орта ғасырларда портрет өнері Қытайда, Жапонияда дамып, Орталық Азия, Әзірбайжан, Ауғанстан (Бекзад Камал әд-Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық портрет қанат жайды. Еуропада портрет өнерін қайта өрлеу дәуірі суретшілері (Б. ди Джотто, Мазаччо, С.Боттичелли, Леонардо да Винчи, С.Рафаэль, Тициан, т.б.) дамытты (15 — 16 ғ-лар). Портреттің нағыз гүлденген кезеңі — Х.Рембрант, Х. ван Рейн, Ф.Хальс, А. ван Дейк және Д.Веласкес, т.б. өмір сүрген дәуір (17 ғ.). Ресейде портрет 18 ғ-да (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиковский, т.б.) өркендеп, одан әрі оны И.Репин, В.Серов, М.Сарьян, мүсіншілер В.Мухина, Е.Вучетич, т.б. жалғастырды.
Қазақстандағы портрет жанры
Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені ежелгі түркі қағандығы (5 — 8 ғ-лар) мен қыпшақ заманы (8 — 13 ғ-лар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті (“Сұлтан Мамырхан Рүстемов”, “Тезек төре”, қарындаш, 1856 ж., “Алатау қырғызы” түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғ-дың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. Портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С.Айтбаев, А.Аканаев, С.Досмағанбетов, Е.Сергебаев, М.Аманжолов, А.Дүзелханов, Ж.Сыдықов, Д.Қасымов, Б.Мырзахметов, Ә.Жұмабай, Н.Далай, т.б. Портрет өнерін жаңа қырынан дамытты. Бүгінгі аламан заманда портрет шеберлері алтыннан арман боп бара жатыр. Портет жанры көптеген туыстас жанрлармен өзара байланыста (мысалы, пейзаж). Бұл практика жүзінде шыңдалады.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық, — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Власов Г.В., Иллюстрированный художественный словарь, СПб., 1993
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Portret fr portrait portraite bejneleu bejneleu onerinin zhanry adam bejnesin zhivopis yaki grafika tүrindegi bejnesi AnyktamasyPortret bejneleu onerinin barlyk tүrimen sungat mүsin grafika mozaika t b zhazyla beredi Portrettin negizgi mindeti adamnyn syrtky uksastygyn ajnytpaj berumen katar ishki zhan dүniesin minez kulkyn ashyp korsetip dәuirlik tarihi ulttyk tulgasyn shynajylykpen bejneleu Portret kejipkerge karap otyryp salynady kejde komekshi materialdarga korkem auyz әdebieti tүrli tarihi derekterge t b estelikterge sүjene otyryp ta ojdan tuyndajdy Portret zhasalu ereksheligine karaj kondyrgyly sungat keskindeme byust grafika mozajka t b saltanatty miniatyuraly t b bolyp bolinedi Portrette zheke nemese toptama adamdar bejnelenedi Tarihy men damuyPortret ezhelgi Mysyr Қosozen Grek Rim oneri dәuirinen belgili Kone dәuirdegi ozyk portret үlgisi mүsinshi Tutmes somdagan Nefertitidin bejnesi b z b 16 g Orta gasyrlarda portret oneri Қytajda Zhaponiyada damyp Ortalyk Aziya Әzirbajzhan Auganstan Bekzad Kamal әd Din Iran Reza Abbasi elderinde miniatyuralyk portret kanat zhajdy Europada portret onerin kajta orleu dәuiri suretshileri B di Dzhotto Mazachcho S Bottichelli Leonardo da Vinchi S Rafael Tician t b damytty 15 16 g lar Portrettin nagyz gүldengen kezeni H Rembrant H van Rejn F Hals A van Dejk zhәne D Velaskes t b omir sүrgen dәuir 17 g Resejde portret 18 g da F Rokotov D Levickij V Borovikovskij t b orkendep odan әri ony I Repin V Serov M Saryan mүsinshiler V Muhina E Vuchetich t b zhalgastyrdy Қazakstandagy portret zhanryҚazak tarihynda mүsindik portrettin deni ezhelgi tүrki kagandygy 5 8 g lar men kypshak zamany 8 13 g lar kezenindegi balbaldar men tas mүsinder Қazaktyn tungysh suretshisi Sh Uәlihanov portret agymynda kop enbek etti Sultan Mamyrhan Rүstemov Tezek tore karyndash 1856 zh Alatau kyrgyzy tүrli tүsti karyndash 1856 zh 20 g dyn basynan kazak suretshileri Ә Қasteev Қ Telzhanov N Nurmuhamedov A M Cherkasskij G Ismailova A Ғalymbaeva M Kenbaev H Nauryzbaev Ү Әzhiev t b Portret zhanryn ulttyk үrdiste damyta bildi Kejingi tolkyn suretshileri S Ajtbaev A Akanaev S Dosmaganbetov E Sergebaev M Amanzholov A Dүzelhanov Zh Sydykov D Қasymov B Myrzahmetov Ә Zhumabaj N Dalaj t b Portret onerin zhana kyrynan damytty Bүgingi alaman zamanda portret sheberleri altynnan arman bop bara zhatyr Portet zhanry koptegen tuystas zhanrlarmen ozara bajlanysta mysaly pejzazh Bul praktika zhүzinde shyndalady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Vlasov G V Illyustrirovannyj hudozhestvennyj slovar SPb 1993Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz