Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.
Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен.
Барокко стиль ретінде, алдымен, Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — соборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. Ал Францияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды.
Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияның классикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді. Барокконың әлемдік архитектуралық қазынасына қосылуына мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар мен отарлық үстемдік те (Америкада) әсер етті.
Интерьердегі барокко
Барокко стилі үшін көрнекі сән-салтанат тән болып келеді, алайда ол өз бойында симметрия сияқты классикалық стильдің маңызды қасиетін сақтайды. Қабырғадағы өрнек (монументтік кескіндеме түрлерінің бірі) ерте христиан дәуірінің еуропалық интерьерлері әшекейінде пайдаланылып келді. Барокко дәуірінде ол барынша кең таралды. Интерьерлерде көптеген түстер және ірі, керемет сәнделген бөлшектер пайдаланылды: фрескалармен әшекейленген төбе, мәрмәр қабырғалар және декор, жалатылған алтына. Контраст түстер тән болып келді — мысалы, шахмат тәртібінде плиткалармен рәсімделген мәрмәр еден. Көп алтын жалатылған әшекейлер осы стильге тән қасиет болып келді. Жиһаз өнер туындысы болды және тек интерьерді безендіруге ғана арналды. Үстелдер, дивандар мен креслолар қымбат бағалы, сән-салтанатты матамен қапталды. Далда шымылдықтары және төменге төгілген жамылғылары бар орасан үлкен кереуеттер, алып шкафтар кең таралды. Айналар мүсіндермен және өсімдік ою-өрнектері салынған жапсырма әшекейлермен сәнделді. Жиһазға арналған материал ретінде көбіне оңтүстік жаңғағы мен цейлон қара ағашы пайдаланылды Барокко стилі кішігірім үй-жайларға жарамайды, өйткені шомбал жиһаз бен әшекейлер кеңістікте көп орынды иеленеді. Қазіргі таңда стильдеу және барокконың мынадай бөлшектерін пайдалану арқылы барокко стилінің атмосферасы жаңғыра түсуі мүмкін:
- мүсіндер және өсімдік об-өрнегі салынған вазалар;
- қабырғалардағы гобелендер;
- жапсырма әшекейлі алтын жалатылған рамадағы айна;
- арқабеті ойық үстелдер және т.б.
Пайдаланылатын бөлшектер көркем-эстетикалық жоспарда өзара үйлесуі тиіс.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- This is a strange baroque. Characteristic features of baroque architecture. crazylike.ru. Тексерілді, 28 мамыр 2023.
- Wall Painting in Europe. oxfordbibliographies.com. Тексерілді, 28 мамыр 2023.
- Стиль барокко в интерьере квартиры и дома. egrp.ru. Тексерілді, 28 мамыр 2023.
- Стиль Барокко В Архитектуре И Интерьере. olgadmitrieva.com. Тексерілді, 28 мамыр 2023.
- Baroque art and architecture. britannica.com. Тексерілді, 28 мамыр 2023.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
- Барокко туралы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Barokko italyandyk barocco әlemish 17 gasyrdyn ayagy men 18 gasyrdyn 1 zhartysynda Batys Europada damygan arhitekturalyk stil Karavadzho Barokko Қajta orkendeu dәuirinen kejin pajda bolyp Europa arhitekturasy aukymynan askan birinshi әlemdik stil Onyn negizgi ereksheligi korneki saltanat enselilik kurylys zhobasy men kasbetindegi kүrdeli formalar mүsin men arhit ornekterdi shamadan artyk koldanu Barokkoda aumakty mүsin men keskindemenin erekshe damygany sonsha tipti negizgi arhitekturalyk kurylystyn ozimen tajtalasyp kalatyn kezderi bolgan Zhalpy stildik bagyt saktalganymen әr eldegi Barokkonyn ozindik ereksheligi boldy Mysaly Italiya arhitekturasynda Barokkonyn stildik erekshelikteri gimarattyn ishi syrtyna birdej sinip ketken Barokko stil retinde aldymen Italiyada kalyptasty Өjtkeni 17 gasyrdagy iri sheberler arhitektor әri mүsinshi Italiyanyn en үlken arhitektor ansambli soborynyn aldyndagy alannyn avtory L Bernini San Karlo shirkeuinin avtory F Barominni Rimdegi Santa Mariya shirkeuinin avtory K Rajnaldi kүrdeli kompoziciyalyk sheshimge әues Turindegi Karinyano palaccosynyn avtory G Gvariniler osy stilde zhumys istedi Al Franciyada kurylystyn syrty klassikalyk kalpynan kop ozgermedi birak ishki әrleuinde erekshe bajlyk saltanat Vo Le Vikont korgany Versal sarajynyn cogys zhәne bejbitshilik zaly koz tundyratyn Bul kezendegi francuz arhitekturasyna klassikalyk syrtky tүr men Barokkolyk ishki mazmundy karama karsy koyu tәn boldy Tutastaj alganda Franciya arhitekturasy absolyutizm ideyasyn Versal sarajy men parkinin zhobasy ashyk bildirdi Ispaniyanyn sol kezdegi әlemish formalarga zhakyn turgan arhitekturasy Italiya Barokkosyn kabyldauga zhajly zhagdaj zhasady Mundagy Barokko zhetistikteri H Churrigerdin zhәne onyn shәkirtterinin churrigeresk mәneri yagni Churriger engizgen erekshe әlemnin bezendiru bolikteri enbekterimen tikelej bajlanysty Belgiyada Barokkonyn damuyna Italiya men Ispaniyany kop aralagan atakty suretshi P P Rubenstin үlken ykpaly boldy Germaniyada bul bagyttagy kurylys 18 gasyrdyn basynda gana oristedi zhәne ony osy elderdegi Barokkonyn zhiyntygy deuge bolady Өjtkeni eldin batysy men Bavariyaga francuz kurylysshylary soltүstik ajmagyna niderlandtar ontүstigine italiyanlyktar katty әser etti Barokko stilindegi ajtarlyktaj sarajlar men shirkeuler 17 18 gasyrda Chehiyada da Chern graftarynyn sarajy Pragadagy Әulie Nikolaj shirkeui turgyzyldy 17 gasyrdagy tonkeristin әseri tigen Angliyanyn klassikalyk arhitekturasynda da sol kezennen bastap Barokko belgileri kylan berdi Barokkonyn әlemdik arhitekturalyk kazynasyna kosyluyna memleketter arasyndagy mәdeni bajlanystar men otarlyk үstemdik te Amerikada әser etti Intererdegi barokkoBarokko stili үshin korneki sәn saltanat tәn bolyp keledi alajda ol oz bojynda simmetriya siyakty klassikalyk stildin manyzdy kasietin saktajdy Қabyrgadagy ornek monumenttik keskindeme tүrlerinin biri erte hristian dәuirinin europalyk intererleri әshekejinde pajdalanylyp keldi Barokko dәuirinde ol barynsha ken taraldy Intererlerde koptegen tүster zhәne iri keremet sәndelgen bolshekter pajdalanyldy freskalarmen әshekejlengen tobe mәrmәr kabyrgalar zhәne dekor zhalatylgan altyna Kontrast tүster tәn bolyp keldi mysaly shahmat tәrtibinde plitkalarmen rәsimdelgen mәrmәr eden Kop altyn zhalatylgan әshekejler osy stilge tәn kasiet bolyp keldi Zhiһaz oner tuyndysy boldy zhәne tek intererdi bezendiruge gana arnaldy Үstelder divandar men kreslolar kymbat bagaly sәn saltanatty matamen kaptaldy Dalda shymyldyktary zhәne tomenge togilgen zhamylgylary bar orasan үlken kereuetter alyp shkaftar ken taraldy Ajnalar mүsindermen zhәne osimdik oyu ornekteri salyngan zhapsyrma әshekejlermen sәndeldi Zhiһazga arnalgan material retinde kobine ontүstik zhangagy men cejlon kara agashy pajdalanyldy Barokko stili kishigirim үj zhajlarga zharamajdy ojtkeni shombal zhiһaz ben әshekejler kenistikte kop oryndy ielenedi Қazirgi tanda stildeu zhәne barokkonyn mynadaj bolshekterin pajdalanu arkyly barokko stilinin atmosferasy zhangyra tүsui mүmkin mүsinder zhәne osimdik ob ornegi salyngan vazalar kabyrgalardagy gobelender zhapsyrma әshekejli altyn zhalatylgan ramadagy ajna arkabeti ojyk үstelder zhәne t b Pajdalanylatyn bolshekter korkem estetikalyk zhosparda ozara үjlesui tiis DerekkozderҚazak Enciklopediyasy This is a strange baroque Characteristic features of baroque architecture crazylike ru Tekserildi 28 mamyr 2023 Wall Painting in Europe oxfordbibliographies com Tekserildi 28 mamyr 2023 Stil barokko v interere kvartiry i doma egrp ru Tekserildi 28 mamyr 2023 Stil Barokko V Arhitekture I Interere olgadmitrieva com Tekserildi 28 mamyr 2023 Baroque art and architecture britannica com Tekserildi 28 mamyr 2023 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Syrtky siltemelerBarokko turaly