Міржақып Дулатұлы (25 қараша 1885 жыл, Торғай облысы , Ресей Империясы – 5 қазан 1935 жыл, Соловки лагері, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
Міржақып Дулатұлы | |
Лақап аты | Мир Якуб |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы | |
Бағыты |
|
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Ортаққордағы санаты: Міржақып Дулатұлы |
Алыстан Алаш десе аттанамын,Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай облысының, Сарықопа өзенінің бірінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі ;— Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірi — ұстаз, бiрi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бастап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жарияланымдарының арқасында ол жандармериялық полицияның бақылауына және патша күзетінің назарына түседі. Қара тізімге енгеннен кейін ол қалада ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмайды. Ал 1911 жылы ол Семей қаласында "Жұмбақ" өлеңі үшін қамауға алынды. Осы шығармасында ол Николай II-ні Мемлекеттік думаны таратқаны үшін аллегориялық түрде мазақ етті деп екі жылға бас бостандығынан айырады, бірақ кейінірек жаза 2 мың рубль айыппұлмен ауыстырылады.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Маусым жарлығына қатынасы
1916 жылы Дулатов Байтұрсынов пен Бөкейхановпен бірге қазақтарды тыл жұмыстарына шақыру туралы 25 маусымдағы патша жарлығына жайлы Қазақ газетінің 190 нөмірінің бірінші бетінде:
«...Жарлықты жұрт сөзсіз орындайтындығын һәм орындауға тиістігін бұрын да жазып едік. Әлі де айтатынымыз сол. Патшамызға шын көңілмен қызмет ету парыз екендігін жайландырып түсіндірсе бас тартушы болмайтындығына көзіміз жетеді... Ресейге бағынадан бері қазақ халқы патша жарлығына қарсылық қылып көргені жоқ. Мұнан кейін де қылмас».
-деп жазыпты. Ал Қазақ газетінің 192 нөмірінде:
«Біз естідік, мына қазақтан соғыс майданына жұмыскер алады деген хабар шыққаннан бері ел арасында кейбіреулер біздің атымызды сатып, Ахмет, Ғали хан, Міржақып хат жазыпты, солар соғысқа кісі берме депті деп, жұртқа сез таратып жүр дейді. Бұл бекер. Біз ешкімге ондай хат жазғанымыз жок..».
-деп жазады.
Аманкелді Имановтың өлтіруі
Дулатовтың тергеу кезіндегі берген жауабында ол Амангелді Иманов пен Павел Таранды өлтіруге қатысқанын мойындаған.
"Имановтың, Таранның өлімі үшін моральдық жауапкершіліктен мен, әрине, кете алмаймын"
Бірде бізге Иманов бізді тұтқындағалы жатқаны жайлы, оның пәтерінде Қостанай жағынан қандай да бір отрядтың жанында барлаушы бар екендігі туралы ақпарат келді. Осы мәліметтерді алғаннан кейін, біз сол күні Иманов пен оның пәтерінде тұрған белгісіз адамды тұтқындадық, отрядтың бір бөлігімен бірге торғайға бара жатқан отрядқа жолға шықтық: қауесет шын екен, бұл Таранның тизан отряды болып шықты, ал Имановатың үйінде болған бейтаныс адам Таранның өзі болып шықты. Отрядпен біз Торғайдан 30 шақырым жерде ешқандай қақтығыссыз кездестік және оларды казак полкі қуып бара жатқанын білдік. Біз алашордалықтар бұл отрядпен не істеу керектігін талқыладық: егер оны торғайға жіберіп алсақ, Имановтан қорқатық, бұл отряд бізге емес, оған сенер, ал Иманов өз ойларын орындар, бұл бір нәрсе, ал екінші жағынан, егер біз оны Шалқарға қарай жарақатсыз және ұрыссыз өткізсек, онда оны қуған казак полкі жергілікті халықты құртып, бірінші кезекте бізден кек алады. Осының бәрін ескере отырып, біз отрядты қарусыздандыруға шешім қабылдадық және адамдарды бос жіберуге шешім қабылдадық. Бұл мәжбүрлі әрекетті сол кезде отрядқа да түсіндірдік. Басқа күні кешке Торғайға оралғанда, Торғайдағы отрядтың қалған бөлігі Иманов пен Таранды дүрбелеңмен кезінде өлтіргені белгілі болды.
Алайда Дулатовтың бұл сөзіне Асфендияров өзінің 1916 жыл жайлы жазған кітабында былай дейді:
“1919 жылдың жазында Торғай уездік әскери комиссары болған Амангелді алашордалықтармен (Дулатов, қ.Тоқтабаев) атылып өлтіріледі. Дулатов отряды кеңестердің жағына өтуге толық дайын деп алдап, Торғайға кіріп, онда контрреволюциялық төңкеріс жасап, Амангелді басып алады”
Айса Нурманов, Султан Ақтамақов, Оспан Қасенов, Зафир Садықов, Ахмет Омаров, Сейдахмет Байсейітов, Аманкелді Иманов отрядының және басқа да қызыл жауынгерлерінің естеліктері бойынша Дулатов Амангелді ату кезінде ешқайда кетпеген, одан әрі ол Таран отрядымен соғысып, Торғайға оралып үлгерді деп мәлімдейді.
Жауап алу кезінде Теміров-Қырғыз съезінің басқарушысы да, 1919 жылы Жангелдинге берген айғағында Дулатов Аманкелді атылуы кезінде қалада болғанын нұсқайды.
Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы "Жазушы" баспасында шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары "Ғылым" баспасында екі томдық, 2002‐2004 жылдары "Мектеп" баспасында (2020 жылы сол баспада екінші жаңа басылыммен) 5 томдық жинақтары жарық көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өлеңдері
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Оның үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету — әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
Қажыған қам көңілді бip көтерер
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты— халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақып қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —
деп келе, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артық болмақ.
Бірақ өмір Міржақып ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұларданЕш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
"Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде кейбір зерттеушілердің пайымдауынша көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Абай шығармашылығын зерттеуі
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Михаил Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой:
Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас
деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы — біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.
Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
- 1994 — «Алаш туралы сөз», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
- 2009 — «Алашорда», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
- 2022 - «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы, режиссері: Жәрдем Дауылбаев, қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған. Телехикая 6 бөлімнен тұрады.
- 2023 - «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған.
Дереккөздер
- ҚР ОКА. Ф. 15. Оп. 2. Д. 408. Л. 15.
- «Қазақ» газеті. 1916 жыл / құраст.: Ғ.Әнес, Т.Замзаева. – Алматы: Алашорда, 2023. – 225 б.
- Әлихан Бөкейхан Шығармалары 9-том Бөкейхан Алихан. Шығарылымы – Сочинения/ Әлихан Бөкейхан – Толық.екінші бас.- Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2016. - 102 б.
- ДВИЖЕНИЕ АЛАШ: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. Трехтомник. - Алматы, ФФ «Ел-шежіре», 2011., Т. 1., стр. 327
- ДВИЖЕНИЕ АЛАШ: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. Трехтомник. - Алматы, ФФ «Ел-шежіре», 2011., Т. 1., стр. 323-324
- Асфендиаров С.Д. Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата: Казахстанское краевое издательство, 1936. - 134 с.
- Аманкелді Иманов: мақалалар, документтер, материалдар / ; құраст. М. Қ. Қозыбаев, П. М. Пахмурный; ред. басқарған С.Б.Бейсембаев – Алматы : Қазақстан, 1975. – 163 бет
- Аманкелді Иманов: мақалалар, документтер, материалдар / ; құраст. М. Қ. Қозыбаев, П. М. Пахмурный; ред. басқарған С.Б.Бейсембаев – Алматы : Қазақстан, 1975. – 130-131 беттер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Сыртқы сілтемелер
- Міржақып Дулатұлы «Әдебиет порталы» сайтында
- Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
- «Оян, қазақ» идеясы – қазақтың нағыз ұлттық идеясы!
- МӘҢГІЛІК – МІРЖАҚЫП!
- Гүлнәр Міржақыпқызы: «Дауыс салып, жылағанымды еміс-еміс білем»
- «Тегімді әрең сақтап қалдым»
- Міржақып маркасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mirzhakyp Dulatuly 25 karasha 1885 zhyl Torgaj oblysy Resej Imperiyasy 5 kazan 1935 zhyl Solovki lageri Kenestik Socialistik Respublikalar Odagy kazaktyn asa kornekti agartushysy kogam kajratkeri akyn zhazushy zhalyndy kosemsoz sheberi liberaldy demokratiyashyl ziyalylardyn biri Mirzhakyp DulatulyLakap atyMir YakubTugan kүni25 karasha 1885 1885 11 25 Tugan zheri Torgaj oblysy Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni5 kazan 1935 1935 10 05 49 zhas Қajtys bolgan zheriKenestik Socialistik Respublikalar OdagyAzamattygyResej Imperiyasy Kenestik Socialistik Respublikalar OdagyҰltykazakMansabyakyn zhazushy sayasatkerBagytyZhanryrealizmShygarmalardyn tilikazakshaOrtakkordagy sanaty Mirzhakyp DulatulyAlystan Alash dese attanamyn Қazakty kazak dese maktanamyn Bolganda әkem kazak sheshem kazak Men nege kazaktyktan saktanamyn ӨmirbayanyArgyn tajpasynyn Madiyar ruynan Tugan zheri Torgaj oblysynyn Sarykopa ozeninin birinshi auyly kazipgi Қostanaj oblysynyn Zhankeldi audanyna karasty Қyzbel auyly Әkesi Dulat ajmagyna aty shykkan sheber kisi bolgan er turman zhasap etik mәsi tikken Sheshesi Dәmesh ojyn tojdyn bazary әnshi kisi bolgan Әkesi balalaryn zhastajynan okuga beredi Algashkyda bala Mirzhakyp auyl moldasynan okyp hat tanidy Moldadan eki zhyl okygannan kejin 1897 1902 zhyldary auyl mektebinde oryssha okytatyn Mukan mugalimnen dәris alady Bul mektep Mirzhakyptyn bilimin tolyktyrumen katar azamat retinde kalyptasuyna da asa zor ykpal zhasajdy Mukan mugalim uly agartushy Ybyraj Altynsarin irgetasyn kalagan oku ornynyn dәlirek ajtkanda Torgaj kalasyndagy uezdik orys kazak mektebinin tүlegi bolatyn Өz shәkirtterine de ol osy ruhta tәlim tәrbie teren bilim beredi Mirzhakyp anasynan eki zhasynda әkesinen on eki zhasynda ajyrylyp agasy Askardyn kolynda tәrbielenedi Askar әkesi Dulattyn Mirzhakyptyn okyp bilimdi azamat bolyp osuin armandagan tilegine saj inisinin okuyn әri zhalgap bilim aluyna erekshe konil boledi Auylda tuyp auylda osken auylda okyp auylda kyzmet etip auyl mugalimi atangan zerdeli zhas auyl turgyndarynyn auyr turmysyn tendigi zhok ayanyshty hәlin korip tүnile tүrshigip tebirene tolkidy Bul kezen patsha okimetinin otarshyldykty kazak dalasynda kүrt kүshejtip kalyn elge tizesin katty batyryp turgan shagy bolatyn Bul zhagdaj sol kezdegi kazaktyn kozi ashyk okygan ziyaly azamattaryna kozgau saldy Narazylyk tudy Kүresudin zholdary karastyrylyp zhatty Onyn negizgi zholy retinde okuga bilim aluga umtylys kүshejdi Birte birte halyk sayasi kubylyska ajnalyp el ishinde otarshyl sayasatka karsy ult azattyk ideyalary tuyndady Patshalyk Resej de birinshi burzhuaziyalyk demokratiyalyk dүmpudin karsanynda bolatyn Alash partiyasynyn basshylary sol zhagynda Ahmet Bajtursynuly ortasynda Әlihan Bokejhan on zhagynda Mirzhakyp Dulatuly 1917 zhylgy suret Ezilgen eline es boluga zhogyn zhoktap munyn mundauga sert bajlajdy Halyk isine bar bolmysymen bүtindej berilip Қalgansha zharty zhankam men seniki Pajdalan sharuana zharasa alash dep bar dausymen zhar salady Өz betinshe talpynyp bilim zhinap orys tilin zhetik mengergen Mirzhakyp orystyn ozyk ojly azamattarynyn enbekterimen tanysuy arkasynda zamana tozanyn suyryp dүnieni dүr silkindirer dauyldy kүnderdin takap kele zhatkanyn ozgelerden buryn sezedi Mine osyndaj kүrdeli kezende 1904 zhyly Mirzhakyp Omby kalasyna keledi Osynda ult ziyalylarynyn ustazy Ahmet Bajtursynulymen kezdesedi Budan kejingi uakytta biri ustaz biri izbasary retinde zhuptaryn zhazbajdy 1905 zhyly Mirzhakyp Ahmet Bajtursynulymen bipre Қarkaralydagy sayasi bukaralyk zhumystarga katysady 1905 zhyly patsha okimetine kazak halkynyn atynan peticiya zhazushylardyn katarynda bolady Ken dalasynda alansyz omir sүrip mal bagyp zhatkan bejkam halkyn Kozindi ash oyan kazak koter basty Өtkizbej karangyda beker zhasty dep zhyrymen zhulkylap oyatyp olardy bilimge el үshin pajdaly is әreketke shakyrady Bүkil halyktyn erkindikke zhetuinin basty sharty tүnek bolyp torlagan karangylyk ujkysynan oyanu dүr silkinip nadandyktan arylu dep bilgen ol Oyan kazak dep urandaudan tangan zhok Sondyktan da onyn үni kalyn ujkydagy kazagyn kulagynyn tүbinen masa bolyp maza bermej yzyndap oyatudy murat tutkan ozinen on eki zhas үlken ruhani agasy Ahmet Bajtursynulynyn үnimen katar estilip kazak dalasyn katar sharlady Sol egiz үn tarih minbesinen katar koringen eki alyptyn kashan songy demderi tausylgansha tagdyr talkysymen ekeui eki zhakta zhүrse de kugynga tүsip kamauga alynsa da үzilmej katar estilip turdy Ol ekeui eki atadan tusa da bir tugan bauyr edi eki baspen ojlasa da korytar ojy bir edi eki auyzben sojlese de shygar sozi bir edi Өjtkeni olardy tuystyrgan halkynyn mүddesi ojlandyrgan halkynyn kamy sojletken halkynyn mun zary bolatyn Sondyktan da halky olardy zhanashyr zhakynym dep bildi olardyn zhubyn zhazbaj Ahan Zhahan dep birge atady Pendelik bar kazaktan bastap halkynyn bakyty үshin kүresken esil erlerdi oz halkynyn zhauy atandyryp keshegi kүni Қyzyldyn kyzylkoz zhendetteri ekeuin eriksiz ajyryp eki zherde atyp oltirip atyn oshiremiz degende de halky olardyn asyl esimderin esinen shygargan zhok ayalap zhүreginde saktady ardak tutty 1906 zhyly Peterburgke baryp kajtady Bul saparynan ol sayasi kүresker gana emes shabytty akyn bolyp oralady 1907 zhyly Peterburgte shykkan Serke gazetine Zhastarga degen olenin bүrkenshik atpen Bizdin maksatymyz degen makala zhariyalajdy Makalada Mirzhakyp kazak halkynyn basyndagy kiyn zhagdajdyn anyk sebepterin saralap otarlyk sayasatty әshkerelejdi Patsha okimeti makala avtoryn tutkyndamak bolganmen bүrkenshik attyn iesin taba almajdy 1909 zhyly Peterburgte M Dulatulynyn Oyan kazak atty olender zhinagy zharyk koredi Zhariyalanymdarynyn arkasynda ol zhandarmeriyalyk policiyanyn bakylauyna zhәne patsha kүzetinin nazaryna tүsedi Қara tizimge engennen kejin ol kalada uzak uakyt zhumyska tura almajdy Al 1911 zhyly ol Semej kalasynda Zhumbak oleni үshin kamauga alyndy Osy shygarmasynda ol Nikolaj II ni Memlekettik dumany taratkany үshin allegoriyalyk tүrde mazak etti dep eki zhylga bas bostandygynan ajyrady birak kejinirek zhaza 2 myn rubl ajyppulmen auystyrylady 1913 zhyly ol Ahmet Bajtursynulymen bipre Қazak gazetin shygaryp basylymnyn budan kejingi zhumysyna belsene aralasady 1920 zhyly Tashkentke kelip sondagy Ak zhol gazetinde kyzmet atkarady 1922 zhyly zhazyksyz kamauga alynady Tүrmeden shykkan son 1922 1926 zhyly Orynbordagy agartu institutynda okytushy bolady 1928 zhyldyn ayagynda bip top kazak ziyalylarymen bipre kamauga alynady da on zhylga sottalyp 1935 zhyly tutkynda kajtys bolady Mausym zharlygyna katynasy1916 zhyly Dulatov Bajtursynov pen Bokejhanovpen birge kazaktardy tyl zhumystaryna shakyru turaly 25 mausymdagy patsha zharlygyna zhajly Қazak gazetinin 190 nomirinin birinshi betinde Zharlykty zhurt sozsiz oryndajtyndygyn һәm oryndauga tiistigin buryn da zhazyp edik Әli de ajtatynymyz sol Patshamyzga shyn konilmen kyzmet etu paryz ekendigin zhajlandyryp tүsindirse bas tartushy bolmajtyndygyna kozimiz zhetedi Resejge bagynadan beri kazak halky patsha zharlygyna karsylyk kylyp korgeni zhok Munan kejin de kylmas dep zhazypty Al Қazak gazetinin 192 nomirinde Biz estidik myna kazaktan sogys majdanyna zhumysker alady degen habar shykkannan beri el arasynda kejbireuler bizdin atymyzdy satyp Ahmet Ғali han Mirzhakyp hat zhazypty solar sogyska kisi berme depti dep zhurtka sez taratyp zhүr dejdi Bul beker Biz eshkimge ondaj hat zhazganymyz zhok dep zhazady Amankeldi Imanovtyn oltiruiDulatovtyn tergeu kezindegi bergen zhauabynda ol Amangeldi Imanov pen Pavel Tarandy oltiruge katyskanyn mojyndagan Imanovtyn Tarannyn olimi үshin moraldyk zhauapkershilikten men әrine kete almajmyn Birde bizge Imanov bizdi tutkyndagaly zhatkany zhajly onyn pәterinde Қostanaj zhagynan kandaj da bir otryadtyn zhanynda barlaushy bar ekendigi turaly akparat keldi Osy mәlimetterdi algannan kejin biz sol kүni Imanov pen onyn pәterinde turgan belgisiz adamdy tutkyndadyk otryadtyn bir boligimen birge torgajga bara zhatkan otryadka zholga shyktyk kaueset shyn eken bul Tarannyn tizan otryady bolyp shykty al Imanovatyn үjinde bolgan bejtanys adam Tarannyn ozi bolyp shykty Otryadpen biz Torgajdan 30 shakyrym zherde eshkandaj kaktygyssyz kezdestik zhәne olardy kazak polki kuyp bara zhatkanyn bildik Biz alashordalyktar bul otryadpen ne isteu kerektigin talkyladyk eger ony torgajga zhiberip alsak Imanovtan korkatyk bul otryad bizge emes ogan sener al Imanov oz ojlaryn oryndar bul bir nәrse al ekinshi zhagynan eger biz ony Shalkarga karaj zharakatsyz zhәne uryssyz otkizsek onda ony kugan kazak polki zhergilikti halykty kurtyp birinshi kezekte bizden kek alady Osynyn bәrin eskere otyryp biz otryadty karusyzdandyruga sheshim kabyldadyk zhәne adamdardy bos zhiberuge sheshim kabyldadyk Bul mәzhbүrli әreketti sol kezde otryadka da tүsindirdik Baska kүni keshke Torgajga oralganda Torgajdagy otryadtyn kalgan boligi Imanov pen Tarandy dүrbelenmen kezinde oltirgeni belgili boldy Alajda Dulatovtyn bul sozine Asfendiyarov ozinin 1916 zhyl zhajly zhazgan kitabynda bylaj dejdi 1919 zhyldyn zhazynda Torgaj uezdik әskeri komissary bolgan Amangeldi alashordalyktarmen Dulatov k Toktabaev atylyp oltiriledi Dulatov otryady kenesterdin zhagyna otuge tolyk dajyn dep aldap Torgajga kirip onda kontrrevolyuciyalyk tonkeris zhasap Amangeldi basyp alady Ajsa Nurmanov Sultan Aktamakov Ospan Қasenov Zafir Sadykov Ahmet Omarov Sejdahmet Bajsejitov Amankeldi Imanov otryadynyn zhәne baska da kyzyl zhauyngerlerinin estelikteri bojynsha Dulatov Amangeldi atu kezinde eshkajda ketpegen odan әri ol Taran otryadymen sogysyp Torgajga oralyp үlgerdi dep mәlimdejdi Zhauap alu kezinde Temirov Қyrgyz sezinin baskarushysy da 1919 zhyly Zhangeldinge bergen ajgagynda Dulatov Amankeldi atyluy kezinde kalada bolganyn nuskajdy Shygarmalyk murasyMirzhakyp Dulatuly әdebiettin әr tүrli zhanryna kalam tartkan kalamger Algashky kitaby Oyan kazak degen atpen Peterburg kalasyndagy zharyk korgen olen zhinagy Odan kejin 1913 zhyly Orynborda Azamat al 1915 zhyly Terme atty olender kitaptary basylyp shygady Akyn olenderinin basty takyryby el tagdyry boldy Algashky kitaby Oyan kazak zhurtshylyk arasynda auyzdan auyzga koldan kolga tez tarap ketedi Қajta basylady Kitaptyn negizgi mazmuny halykty oyatuga әdiletsizdikpen kүresuge shakyrgan olender kurady Sol sebepti de kitap tutkyndalyp avtory kugynga ushyrajdy Өzinin shygarmashylyk zholyn ә degennen olennen bastagan Mirzhakyp proza zhanryna da kalam siltejdi 1910 zhyly onyn osy zhanrdagy tuyndysy Bakytsyz Zhamal romany Қazan kalasynda basylyp shykty Bul kejbir zertteushilerdin pajymdauynsha kazak әdebietindegi taza korkem proza үlgisinde tugan tungysh roman edi Kitap 1914 zhyly ekinshi pet basyldy Bul zhyldary Mirzhakyp birkatar makalalar men feletondar zhazady 1922 zhyly Tashkentte eki bolimnen turatyn Esep kuraly okulygyn bastyrady Balkiya pesasyn zhazady Mirzhakyp Dulatuly Eki tomdyk shygarmalary Өlenderi 1902 1918 mysal ajtys ballada prozalyk shygarmalary makalalar men zertteuler Almaty Ғylym baspasy 1996 1997 1 tom 280 bet 2 tom 344 bet 5 tomdyk shygarmalar zhinagy besinshi tomy zhok Oyan kazak Atamura kitaphanasy seriyasy Atamura baspasy 2003 Almaty Mektep 2002 2004 M Dulatulynyn shygarmalary kazak elinin tәuelsizdik algan kezinen bastap keninen zhariyalana bastady 1991 zhyly Zhazushy baspasynda shygarmalarynyn bip tomdyk al 1996 1997 zhyldary Ғylym baspasynda eki tomdyk 2002 2004 zhyldary Mektep baspasynda 2020 zhyly sol baspada ekinshi zhana basylymmen 5 tomdyk zhinaktary zharyk kordi M Dulatuly shygarmashylygy zhoninde gylymi zertteuler zhүrgizilip birkatar kitaptar men makalalar zhariyalandy ӨlenderiӨzinin algashky olenderinen bastap tugan halkynyn tagdyryndagy kiyndyktar men auyrtpalyktardyn syryna үnilip onyn әleumettik tamyryn әshkereleudi maksat etken akyn Mirzhakyp Oyan kazak atty tungysh olender zhinagn mynandaj olen zholdarymen bastajdy Kozindi ash oyan kazak koter basty Өtkizbej karangyda beker zhasty Zher ketti din nasharlap hal һaram bop Қazagym endi zhatu zharamas ty Resej patshasynyn otarlau sayasaty kazak zhurtynyn hal zhagdajy oner bilimnin azdygy baska da tүrli kacipettep osy tort zholga syjyp turgan sekildi Onyn үstine bul zholdardy Mirzhakyp shygarmashylygynyn one bojyna tartylgan temirkazyk ideyanyn basty bagdardyn korinisi deuge de bolady Akyn үshin halkynyn omirin zhyrlaudan askan mәrtebeli takyryp zhok Kop olenderinde ol kazak elinin auyrtpalyktagy otarlyk ezgidegi zhagdajyn bayandaj kelip eldin mүddesine kyzmet etu әpbip azamattyn paryzy degen tuzhyrym zhasajdy Atap ajtkanda Қazak halkynyn buryngy һәm bүgingi hali Tarshylyk halimiz hakynda az minәzhat Sajlaular hakynda Zhastarga Қazaktyn ru basshylaryna Atkaminer sumdarga tәrizdi olenderinde kazak kogamynyn sipaty ondagy adamdar psihologiyasy solardy korgen akynnyn okinishti kүji anyk bejnelengen Akynnyn sol takyryptagy shygarmalarynyn bipi Shagym oleni Bir karaganda Shagym oleni akynnyn az gana sәttik konil kүjinen tugan tәrizdi Әjtse de munda zheke bastyn munynan gopi әleumettik oj basym zhatyr El ishindegi bilimsizdik bojkүjezdik zhalkaulyk enzharlyk alauyzdyk tәrizdi tolyp zhatkan keselderdi kore turyp akyn munayady Tygyrykka tirelgendej bolady Zhүrekten kashan shygar kadalgan ok Zhandyrgan zhandy nahak soner me shok Қazhygan kam konildi bip koterer Zhanymda zhan ashityn adam da zhok dep Mirzhakyptyn ozi ajtkandaj halkynyn turmysyndagy әlgindej keritartpa kemshilikter onyn zhүregine ok bolyp kadalady Sondaj sәtterde ajnalasynan ozine serik bolatyn tirek bolatyn adam izdejdi Tappaj konili kulazidy Degenmen akynnyn muny teren kajgyga ulasyp ketpejdi Өleninin sonynda Әdildik asta kalgan esh kүni zhok dep tүptin tүbinde әdildiktin zhenetinine senedi Sol zholda ozinin bar kүshin omirin ayamajtynyn bylajsha zhetkizedi Men bitken ojpan zherge alasa agash Emespin zhemisi kop tamasha agash Қalgansha zharty zhankam men seniki Pajdalan sharuana zharasa alash Atalgan olen azamat akynnyn aldyna kojgan maksatyn kanshalykty ajkyn tүsinetinin bajkatady Akynnyn maksaty halkynyn tagdyryna ara tүsu eli үshin enbek etuge bel buu Sol sebepti de akynnyn olenderi el ishindegi nadandykty әdiletsizdikti әshkerelejdi olardan aryludyn zholyn izdejdi Mәselen Tarshylyk halimiz hakynda az minәzhat oleninde kazak auylynyn kopinisi surettelip ondagy ishken zhegenge mәz zhajbarakat tirshiliktin beti ashylady El ishindegi birliktin yntymak pen birauyzdylyktyn zhoktygyn ajta otyryp akyn el bileu zhүjesindegi zhүgensizdik pen әdiletsizdikti synga alady Mirzhakyptyn osy tәrizdi azamattyk әleumettik saryndagy olenderinin takyryby da ajtar ojy da kurylysy da ajtylu erekshelikteri de әr aluan Akyn birde halyktyn tagdyryn bүgingisi men keleshegin tolgasa birde zhastardy oku bilimge shakyrgan nasihat ajtady nemese kүndelikti omirdegi kubylystarga katysty adamgershilik mәselesin kozgajdy al endi birde patsha okimetinin ozbyr sayasatyn el bileushilerdin әdiletsizdigin synajdy Mirzhakyp kalamynan tugan korkem de kүrdeli tuyndy Alashka oleni Akyn halkyna karata sojlep onyn otkendegi omirin esine tүsirip zhaksy men zhamandy keshegi men bүgingini salystyra otyryp birkatar әleumettik shyndyktyn betin ashady Akyn aldymen kүni keshe toskeji tort tүlik malga tolgan betegeli kyrlardyn onda koship kongan berekeli auyldardyn sәnin әsem surettejdi el baskargan akyldy handar men bilerdi eske alady Saltanat Saryarkada kurgan kazak Tolyksyp zhүrgen keshe kүnin kajda dep kele el ishinen halkynyn sozin sojlejtin sheshender men elin zherin korgajtyn erler akyldyn keni ispetti dana kariyalaryn izdejdi Solar bar zherde eldin berekesi de artyk bolmak Birak omir Mirzhakyp ojlagandaj emes Bi parashyl karttary karau Birlik zhok alauyzdyk үstem Akyn osygan okinedi Alashym ajtkandy alsan bez bulardan Esh nәrse tәuip bermes bilgenge ermes Қoj bagyp kaskyr kashan opa kylgan Kore ber oz betinmen kүnindi olmes dep tugan halkyn ojlanuga shakyrady Қojdy kaskyrga baktyrgandaj әdiletsiz zamannyn zhajyn tүsindiredi El baskarushy zalymdarga senbej oz kүshimen kүn koru kazhettigin ajtady Mirzhakyp el ishindegi kemshilikterdi әshkerelej otyryp halkyna odan aryludyn zholyn korsetedi Өzinin Shәkirt Nasihat gumumiya tәrizdi birkatar olenderinde oner men bilim zhinaudyn pajdasyn bipinshi kezekke koyady Tipti adamgershiliktin ozi bilimnen okudan bastalady degen oj ajtady Bakytsyz Zhamal romanyTolyk makalasy Bakytsyz Zhamal Halyk tagdyry M Dulatulynyn prozalyk shygarmalaryna da arkau boldy 1910 zhyly onyn Bakytsyz Zhamal atty romany zharyk kordi Bul roman zhazushynyn shygarmashylyk zholyndagy iri tabys kana emes bүkil kazak әdebietindegi eleuli korkem tuyndy boldy Bakytsyz Zhamal kazak әdebietinde kejbir zertteushilerdin pajymdauynsha korkem prozalyk үlgide zhazylgan tungysh roman edi Mirzhakyp osy shygarmasy arkyly budan kejin zhazylgan T Zhomartbaevtyn Қyz korelik S Kobeevtin Қalyn mal S Torajgyrovtyn Қamar sulu t b romandaryna zhol ashty Bulardyn bәri de sol kezektegi asa manyzdy әleumettik mәselege arnaldy Қazak auylynyn turmysy zhajynda zhazyldy Әjelderdin bas erki kogamdagy zhagdajy turaly bayandady Bakytsyz Zhamal romanynyn okigasyna arkau bolgan mәsele de osy eski әdet guryptyn kyspagyna tүsken kazak kyzynyn tagdyry Sүjgenine kosylyp bakytty omir sүrudi armandagan bojzhetkennin tragediyalyk zholy Abaj shygarmashylygyn zertteuiҚazakstan poshta markasy 2010 Dulatulynyn Abajga arnalgan algashky kyska gana makalasy tatardyn Uakyt gazetinde 1908 zhyly zhariyalangan Akynnyn oj orisi bilim dengeji tugan zheri shykkan ortasy ajtylyp әdebi murasyna zhalpylama baga berilip onyn orys әdebietimen әsirese Mihail Lermontovpen үndestigi eskertildi 1914 zhyly Қazak gazetinde basylgan Abaj makalasy akynnyn opat bolganyna on zhyl toluyna oraj arnalyp zhazylgan Munda әdebiettin onyn kornekti okilderinin halyk tarihynda alatyn orny ajryksha bagalanady Abajdyn kadirin bilmeu ony elep eskermeu ulttyn үlken kemshiligi retinde atalady әdebiet eldin zhany dep korsetiledi Abajdyn gumyr zholyn kyskasha bayandap tүngysh kitabynyn shygu tarihy ogan Ahmet Bajtursynuly Әlihan Bokejhan zhәne akyn balalary men inilerinin katysuy Semejde Nәzipa Қulzhanova otkizgen әdebi kesh turaly soz bolady En kunarly oj Abaj kazaktyn zhana әdebietinin basy negizin salushy degen tuzhyrym algashky zharyk zhuldyz degen balama Orystyn birinshi zhazushysy Lomonosov dep sanap Abajdyn oz halkynyn tarihyndagy orny onymen katarlas degen salystyrma zhasajdy Abaj shygarmalaryn zhariyalau nasihattau onyn esimin mәngi este kaldyru үshin murazhajlar saldyru kerektigin tolgana soz etedi Abajdyn kazak halky tarihyndagy mәrtebeli ornyn baska elder әdebietimen sabaktastykta alyp karap dәl tauyp durys bagalap bergen Dulatulynyn keleshek zamanda uly akynnyn atak abyrojy merej danky osip zhana buynmen emirene tabysatynyn erekshe әulielikpen kore bilgen Doreki sociologiyalyk taptyk ateistik kozkaras dүnietanym turgysyna tүsken kezde zertteushiler abajtanuda tolyp zhatkan solakajlykka san aluan katelikke uryngany belgili Al Kәkitaj Yskakov Ahmet Bajtursynuly Әlihan Bokejhan Mirzhakyp Dulatuly Abajdyn shygarmalaryn tanuda ulttyk halyktyk estetikalyk taza talgammen eshkashan mәnin zhojmajtyn bagaly bajlamdar zhasaj aldy Abaj shygarmalaryndagy saryn әuezdi oj pikirdi ideya nysanany alash azamattary teren sezip tebirene nasihattaj bilgen Әdebiettin barlyk zhanrynda birdej kalam tartkan kalamger kogamdyk әleumettik iske zhanyn salyp aralaskan kajratker Mirzhakyp Dulatulynyn omirlik maksatynyn biik nysanasy tapzhylmas temirkazygy birkүndik dank otpeli dәulet bayansyz shen emes tugan halkynyn bostandygy ozin ozi bileui otarlyk ezgiden kutyluy ol kugyn sүrgin kerip tүrmeler azabyn tartyp zhүrgen azapty kүnderinin ozinde de aktyk demi bitkenshe bүl zholdan tajgan zhok Қazak zhurtynyn bүgingi bolashak buyndaryna alash dep uran salyp keleshek үshin arystansha alyskan Mirzhakyp Dulatulymen bauyryndaj etip tabystyratyn ajnalyp kelgende osy mәngilik zhasajtyn asyl kasietter Mirzhakyp Dulatuly turaly filmder1993 Mirzhakyptyn oraluy rezhisseri Қ Umarov Zhanry derekti film Өndiris Қazaktelefilm 1994 Alash turaly soz rezhisseri Қ Umarov Zhanry derekti film Өndiris Қazaktelefilm 2009 Alashorda rezhisseri Қ Umarov Zhanry derekti film Өndiris Қazakfilm Shәken Ajmanov atyndagy 2022 Mirzhakyp Oyan kazak telehikayasy rezhisseri Zhәrdem Dauylbaev koyushy rezhisser Murat Eszhan Filmde Alash kajratkeri omirinin 1909 1935 zhyldary kamtylgan Telehikaya 6 bolimnen turady 2023 Mirzhakyp Oyan kazak filmi Filmde Alash kajratkeri omirinin 1909 1935 zhyldary kamtylgan DerekkozderҚR OKA F 15 Op 2 D 408 L 15 Қazak gazeti 1916 zhyl kurast Ғ Әnes T Zamzaeva Almaty Alashorda 2023 225 b Әlihan Bokejhan Shygarmalary 9 tom Bokejhan Alihan Shygarylymy Sochineniya Әlihan Bokejhan Tolyk ekinshi bas Astana Saryarka baspasy 2016 102 b DVIZhENIE ALASh Sbornik materialov sudebnyh processov nad alashevcami Trehtomnik Almaty FF El shezhire 2011 T 1 str 327 DVIZhENIE ALASh Sbornik materialov sudebnyh processov nad alashevcami Trehtomnik Almaty FF El shezhire 2011 T 1 str 323 324 Asfendiarov S D Nacionalno osvoboditelnoe vosstanie 1916 goda v Kazahstane Alma Ata Kazahstanskoe kraevoe izdatelstvo 1936 134 s Amankeldi Imanov makalalar dokumentter materialdar kurast M Қ Қozybaev P M Pahmurnyj red baskargan S B Bejsembaev Almaty Қazakstan 1975 163 bet Amankeldi Imanov makalalar dokumentter materialdar kurast M Қ Қozybaev P M Pahmurnyj red baskargan S B Bejsembaev Almaty Қazakstan 1975 130 131 better Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Қazakstannyn kazirgi zaman tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk 2 basylymy ondelgen Zhalpy redakciyasyn baskargan tarih gylymynyn doktory professor B Ғ Ayagan Almaty Atamura 2009 ISBN 9965 34 933 9Syrtky siltemelerMirzhakyp Dulatuly Әdebiet portaly sajtynda Alashorda әskerinin urany Zhasasyn Otannyn adal uldary Oyan kazak ideyasy kazaktyn nagyz ulttyk ideyasy MӘҢGILIK MIRZhAҚYP Gүlnәr Mirzhakypkyzy Dauys salyp zhylaganymdy emis emis bilem Tegimdi әren saktap kaldym Mirzhakyp markasy