Алмаз (гр. adamas — бұзылмас, жеңілмес; араб.: ألماس – ’almās) — жай зат, көміртектің аллотропиялық түрі, белгілі заттардың ішіндегі ең қаттысы.
Тарихы
19 ғасырдың 70 жылдарына дейін ол тек кен қайраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін алмаз түйіршіктерінің салмағы әдетте 0,1—1,0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20 г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі “Куллинан” Алмасы кристалының массасы 3106 карат (621,2 г) болған. Кейін одан әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды.
Құрылымы
Алмазда көміртектің әрбір атомы, көміртектің басқа төрт атомымен байланысқан. Барлық атомдардың арақашықтығы бірдей. Алмаз онша ірі емес кристалдар түрінде тау жыныстарына аралас шашыраңқы, кейде жиналыңқы болып кездеседі. Аса қатты болғандықтан, түрлі қатты материалдардың бетін өңдеуге, шыныны кесуге, жер бұрғылауға тегістегіштер, асыл бұйымдар, тағы басқа жасауға қолданылады. Алмаз жарық сәулесін өте күшті сындыратындықтан, түрлі әдемі түс шығарып, жарқырай алады. Соны күшейту үшін, алмаздың таза дұрыс түзілген кристалдарын, алмаздың өз ұнтағымен үйкеп өңдейді, мұндай алмазды гауһар дейді. Ол қымбат тастың бірі. Алмас кубтық сингонияда кристалданады. Куб, октаэдр, ромбододекаэдр, тетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі.
Алмаздың меншікті салмағы 3,5—4,0 г/см3, қаттылығы 10. Морт сынады, сынған жері бұдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді. Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара сұр түсті болып келеді. Алмаздың түсі әр түрлі болуы құрамындағы қоспаларға (5%-ке дейін Sі, Al, Ca, Mg, Tі, Co, Cr, Fe т.б) байланысты. Бұлардан басқа оның құрамында қатты (оливин, пироксен, гранаттар, хромшпинелидтер, графит, кварц, темір оксидтері т.б.), сұйық (су), газ (азот т.б.) күйіндегі қоспалар да болады. Алмаз қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінің әсеріне берік, селитра мен соданың қоспасында 5000С-та ериді.
Алмаздың химиялық құрамы таза көміртегіден тұрады. Егер алмаздың түсі басқа болса, мысалы сары, қоңыр, қара, күңгірт болса, онда оның құрамында аралас қоспа тотықтар болғаны. Көбінесе онда кремний тотығы — кварц (Si02 ) , бірнеше пайыз кальцийдің, темірдің және магнийдің тотықтары болады. Қосындысы бар алмазды борт, карбонадо дейді.
Қасиеттері
Ауада 850—10000С-та, оттекте 720—8000С-та жанады,ал вакуум мен инертті газда 20000С-та 15-20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ тектестерімен салыстырғандағы алмастың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы өте берік ковалентті байланыс себепші болады. Алмас үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында кездеседі. Басқаша айтқанда қопарылыс түтіктері алмас кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты алмас кристалдары зергерлік алмас және техникалық алмас болып ажыратылады. Зергерлік алмас мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз), қоспасыз, аса берік болуы шарт. Өйткені ол — әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді тәсілі. Техникалық алмас ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады.
Өндіруі
1990 — 1995 жылдары дүние жүзінде 100 млн. карат алмас өндірілді. Оның ішіндегі жоғары сапалы зергерлік алмастың үлесі 15%, жартылай асыл түрі 40%, абразив материал ретінде қолданылатын тех. Алмас 45% болды. Жылдық тұтынудың үнемі 10%-ке өсіп отыруына байланысты 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап жасанды (синтетикалық) алмас өндірісі (жылына 250 млн. карат) жолға қойылған. Алмастың ірі кендері Оңтүстік Африкада, Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде (Саха-Якутия) орналасқан. Қазақстанда аса ірі Құмдыкөл алмас кені зерттеліп, өндіріске қосуға дайындалған (1997). Ондағы техникалық алмастың 1 т кентастағы орташа мөлш. 23 карат.
Жасанды алмаз
Жоғары температура мен қысымда өршіткілер қатысында графиттен алынатын мөлшері әр түрлі алмаз.
Алмаздың қолданылуы
Ол асыл тас ретінде көркемдікке және техникалық істерге пайдаланылады. Алмаздың әдемі мөлдір және ірі кристалды түрлері көркемдікке қолданылады. Қолдан өңделіп, қырланған мөлдір алмаздан жасалған асыл тасты гауһар (бриллиант) деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ірі алмаз кристалы— 1905 жылы кенінен (Оңтүстік Африка) табылған «Африка жұлдызы» («) атты алмаз. Оның, салмағы 30243/4 карат (бір карат 0,2 г), ұзындығы 10 см, ені 6 см, қалыңдығы 5 см. Осы сияқты ірі кристалдардан жасалған гауһарлар өте құнды келеді (миллион долларға дейін барады).
Екінші орындағы алмаз кристалы — «Эксцельзиор» атты алмаз. Ол 1903 жылы сол Оңтүстік Африкада Ягерсфонтейн атты кеннен табылған. Оның салмағы 9713/4 карат (194 г); ұзындығы 8 см, ені мен қалыңдығы 4 см-ден.
Үшінші орындағы кристалл «Джонкер» атты алмаз Африкада 1934 жылы табылған. Оның салмағы 726 карат (145 г). Осы алмаздан жасалған 12 гауһардың жалпы құны 2 миллион доллар. Карбонадо, борт сияқты таза емес және ұсақ кристалды алмаздар техникада қолданылады. Мысалы, олар тас тесетін бұрғылардың коронкасына салынады, шыны кесуге жұмсалады.
Алмаз кені
Алмаз кенінің ең атақты жері — Оңтүстік Африканың Вааль өзені бойында, Кимберлей қаласының маңында (Кимберлит атты алмазды тау жынысы сол қала аты бойынша қойылған), оңтүстік-батыс Трансвааль мен Африканың оңтүстік-батыс жағалауында. Алмаздың шашыранды кендері де сол аймақтардан табылады. Сонымен қатар шашыранды алмаз кендері Бразилия (Минас-Жерайж) мен Үндістанда да бар.
Кейінгі кезде алмаз кені КСРО жерінде Якутияда табылды, ол кендер әлі толық зерттеліп болған жоқ. Қазіргі мәліметтерге қарағанда ол кендердің жалпы жаратылысы да, құрылысы да жоғарыда айтылған Оңтүстік Африка кендеріне ұқсас. Онда түбірлі кенмен қатар шашыранды кендер де бар.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Diamond |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Almaz gr adamas buzylmas zhenilmes arab ألماس almas zhaj zat komirtektin allotropiyalyk tүri belgili zattardyn ishindegi en kattysy Tabigattagy almazTarihy19 gasyrdyn 70 zhyldaryna dejin ol tek ken kajrandardan ondirildi Tabigatta kezdesetin almaz tүjirshikterinin salmagy әdette 0 1 1 0 karattan aspajdy Salmagy 100 karattan 20 g astam iri kristaldary ote sirek kezdesedi zhәne olarga zheke at beriledi Mysaly 1905 zh Ontүstik Afrikada tabylgan dүnie zhүzindegi en iri Kullinan Almasy kristalynyn massasy 3106 karat 621 2 g bolgan Kejin odan әr tүrli pishindi 105 brilliant alyndy ҚurylymyAlmazdyn kristall tory Almazda komirtektin әrbir atomy komirtektin baska tort atomymen bajlanyskan Barlyk atomdardyn arakashyktygy birdej Almaz onsha iri emes kristaldar tүrinde tau zhynystaryna aralas shashyranky kejde zhinalynky bolyp kezdesedi Asa katty bolgandyktan tүrli katty materialdardyn betin ondeuge shynyny kesuge zher burgylauga tegistegishter asyl bujymdar tagy baska zhasauga koldanylady Almaz zharyk sәulesin ote kүshti syndyratyndyktan tүrli әdemi tүs shygaryp zharkyraj alady Sony kүshejtu үshin almazdyn taza durys tүzilgen kristaldaryn almazdyn oz untagymen үjkep ondejdi mundaj almazdy gauһar dejdi Ol kymbat tastyn biri Almas kubtyk singoniyada kristaldanady Kub oktaedr rombododekaedr tetraedr sondaj ak olardyn aralaskan tүrinde kezdesedi Almazdyn menshikti salmagy 3 5 4 0 g sm3 kattylygy 10 Mort synady syngan zheri budyr keledi elektr togyn nashar otkizedi Tүssiz ak kogildir zhasyl sargylt konyr kyzgylt kara sur tүsti bolyp keledi Almazdyn tүsi әr tүrli boluy kuramyndagy kospalarga 5 ke dejin Si Al Ca Mg Ti Co Cr Fe t b bajlanysty Bulardan baska onyn kuramynda katty olivin piroksen granattar hromshpinelidter grafit kvarc temir oksidteri t b sujyk su gaz azot t b kүjindegi kospalar da bolady Almaz kyshkyldar men siltiler eritindisinin әserine berik selitra men sodanyn kospasynda 5000S ta eridi Almazdyn himiyalyk kuramy taza komirtegiden turady Eger almazdyn tүsi baska bolsa mysaly sary konyr kara kүngirt bolsa onda onyn kuramynda aralas kospa totyktar bolgany Kobinese onda kremnij totygy kvarc Si02 birneshe pajyz kalcijdin temirdin zhәne magnijdin totyktary bolady Қosyndysy bar almazdy bort karbonado dejdi ҚasietteriAuada 850 10000S ta ottekte 720 8000S ta zhanady al vakuum men inertti gazda 20000S ta 15 20 minutta tүgeldej grafitke ajnalady Grafit nemese komir siyakty zhumsak tektesterimen salystyrgandagy almastyn orasan kattylygyna ony kurajtyn komirtek atomdary arasyndagy ote berik kovalentti bajlanys sebepshi bolady Almas үlken terendikte zhogargy mantiya aumagyndagy zor temperatura men kysym әserinen pajda bolady Ol koparylys tүtikterin toltyratyn kimberlit kuramynda kezdesedi Baskasha ajtkanda koparylys tүtikteri almas kenderin izdestirudin negizgi siltemesi bolyp tabylady Sapasyna zhәne naryktyk suranyska bajlanysty almas kristaldary zergerlik almas zhәne tehnikalyk almas bolyp azhyratylady Zergerlik almas moldir akausyz kuyssyz zharykshasyz syzatsyz kospasyz asa berik boluy shart Өjtkeni ol әsemdik bujymy bolumen birge kapital saktaudyn senimdi tәsili Tehnikalyk almas untak nemese tiisti pishinge keltirilgen kristaldar tүrinde koldanylady Өndirui1990 1995 zhyldary dүnie zhүzinde 100 mln karat almas ondirildi Onyn ishindegi zhogary sapaly zergerlik almastyn үlesi 15 zhartylaj asyl tүri 40 abraziv material retinde koldanylatyn teh Almas 45 boldy Zhyldyk tutynudyn үnemi 10 ke osip otyruyna bajlanysty 20 g dyn 50 zhyldarynan bastap zhasandy sintetikalyk almas ondirisi zhylyna 250 mln karat zholga kojylgan Almastyn iri kenderi Ontүstik Afrikada Avstraliyada Braziliyada Үndistanda Kanadada Resejde Saha Yakutiya ornalaskan Қazakstanda asa iri Қumdykol almas keni zerttelip ondiriske kosuga dajyndalgan 1997 Ondagy tehnikalyk almastyn 1 t kentastagy ortasha molsh 23 karat Zhasandy almazZhogary temperatura men kysymda orshitkiler katysynda grafitten alynatyn molsheri әr tүrli almaz Almazdyn koldanyluyOl asyl tas retinde korkemdikke zhәne tehnikalyk isterge pajdalanylady Almazdyn әdemi moldir zhәne iri kristaldy tүrleri korkemdikke koldanylady Қoldan ondelip kyrlangan moldir almazdan zhasalgan asyl tasty gauһar brilliant dep atajdy Dүnie zhүzindegi en iri almaz kristaly 1905 zhyly keninen Ontүstik Afrika tabylgan Afrika zhuldyzy atty almaz Onyn salmagy 30243 4 karat bir karat 0 2 g uzyndygy 10 sm eni 6 sm kalyndygy 5 sm Osy siyakty iri kristaldardan zhasalgan gauһarlar ote kundy keledi million dollarga dejin barady Ekinshi oryndagy almaz kristaly Ekscelzior atty almaz Ol 1903 zhyly sol Ontүstik Afrikada Yagersfontejn atty kennen tabylgan Onyn salmagy 9713 4 karat 194 g uzyndygy 8 sm eni men kalyndygy 4 sm den Үshinshi oryndagy kristall Dzhonker atty almaz Afrikada 1934 zhyly tabylgan Onyn salmagy 726 karat 145 g Osy almazdan zhasalgan 12 gauһardyn zhalpy kuny 2 million dollar Karbonado bort siyakty taza emes zhәne usak kristaldy almazdar tehnikada koldanylady Mysaly olar tas tesetin burgylardyn koronkasyna salynady shyny kesuge zhumsalady Almaz keniAlmaz keninin en atakty zheri Ontүstik Afrikanyn Vaal ozeni bojynda Kimberlej kalasynyn manynda Kimberlit atty almazdy tau zhynysy sol kala aty bojynsha kojylgan ontүstik batys Transvaal men Afrikanyn ontүstik batys zhagalauynda Almazdyn shashyrandy kenderi de sol ajmaktardan tabylady Sonymen katar shashyrandy almaz kenderi Braziliya Minas Zherajzh men Үndistanda da bar Kejingi kezde almaz keni KSRO zherinde Yakutiyada tabyldy ol kender әli tolyk zerttelip bolgan zhok Қazirgi mәlimetterge karaganda ol kenderdin zhalpy zharatylysy da kurylysy da zhogaryda ajtylgan Ontүstik Afrika kenderine uksas Onda tүbirli kenmen katar shashyrandy kender de bar DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Himiya N Nurahmetov A Niyazbaeva R Ryskalieva N Dalabaeva Almaty Mektep baspasy 2007 336 bet ISBN 9965 36 416 8 Kristallografiya mineralogiya petrografiya Bul kitap Abaj atyndagy Қazaktyn memlekettik pedagogty institutynyn geografiya fakultetinde okylgan lekciyalardyn negizinde zhazyldy 1990 ISBN 2 9 3 254 69 Қazak ulttyk enciklopediyasy Poligrafiya olsheu tehnikasy agash ondeu zhabdyktary zhәne metall ondeu tehnikasy men tehnologiyasy Қazaksha oryssha terminderdin tүsindirme sozdigi Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Diamond