Инертті газдар, асыл газдар – элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон. Инертті газдар – түссіз және иіссіз, молекулалары бір атомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауада, минералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі. Сондай-ақ алып планеталар (Юпитер, Сатурн) атмосферасынан да табылған. Атомдық массаларының өсуіне қарай олардың сұйылу, қату температуралары артады. Гелий, неон, ауадан жеңіл, ал қалғандары ауадан ауыр. Инертті газдар атомдарының сыртқы электрондық қабаты басқа элементтерге қарағанда берік (гелийде 2, басқасында 8 электрон), сондықтан олар электрон беріп не алып химиялық реакцияға түспейді, яғни инертті, бірақ молекулалары арасындағы Ван-дер-Ваальс күштерінің әсерінен немесе координациялық байланыс арқылы қосылыстар түзеді. 1962 ж. америкалық ғалым Н.Бартлетт (1932) газ күйіндегі ксенон (Xe) мен [[PtF6]]-ны әрекеттестіру арқылы Xe([[PtF6]]) және Xe([[PtF6]])2 қосылыстарының қоспасын алды. Бұдан кейін [[XeF2]], [[XeF4]], [[XeF6]] және [[XeF8]] қосылыстары, сондай-ақ оксифторидтері және тіпті оттекті қосылыстары синтезделді. Бұл жаңалықтардан кейін оларды инертті деп айту қиын болды. Дегенмен, химиялық активтігі төмен болғандықтан, оларды (металдарға ұқсатып) асыл деп айта бастады. Асыл газдардың химиялық қосылыстардағы ең жоғарғы валенттілігі 8 болғандықтан, оларды нөл тобының орнына VIII топтың негізгі топшасы деп санау ұйғарылды. Инертті газдар аэростаттарды толтыру, температураны төмендету үшін, ал аргон мен неон жарық беретін шыны түтіктерде қолданылады. Сонымен қатар Инертті газдар түрлі заттарды ауа, т.б. орта әсерінен қорғауға пайдаланылады. Мысалы, балқыған магнийді аргон атмосферасында құяды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме
- Inert Gas
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Inertti gazdar asyl gazdar elementterdin periodtyk zhүjesinin VIII tobyndagy himilyk elementter Olar gelij neon argon kripton ksenon radon Inertti gazdar tүssiz zhәne iissiz molekulalary bir atomdy sujylu katu temperaturasy ote tomen Azdagan molsherde auada mineraldar kuramynda tabigi gazdarda erigen kүjinde suda kezdesedi Sondaj ak alyp planetalar Yupiter Saturn atmosferasynan da tabylgan Atomdyk massalarynyn osuine karaj olardyn sujylu katu temperaturalary artady Gelij neon auadan zhenil al kalgandary auadan auyr Inertti gazdar atomdarynyn syrtky elektrondyk kabaty baska elementterge karaganda berik gelijde 2 baskasynda 8 elektron sondyktan olar elektron berip ne alyp himiyalyk reakciyaga tүspejdi yagni inertti birak molekulalary arasyndagy Van der Vaals kүshterinin әserinen nemese koordinaciyalyk bajlanys arkyly kosylystar tүzedi 1962 zh amerikalyk galym N Bartlett 1932 gaz kүjindegi ksenon Xe men PtF6 ny әrekettestiru arkyly Xe PtF6 zhәne Xe PtF6 2 kosylystarynyn kospasyn aldy Budan kejin XeF2 XeF4 XeF6 zhәne XeF8 kosylystary sondaj ak oksiftoridteri zhәne tipti ottekti kosylystary sintezdeldi Bul zhanalyktardan kejin olardy inertti dep ajtu kiyn boldy Degenmen himiyalyk aktivtigi tomen bolgandyktan olardy metaldarga uksatyp asyl dep ajta bastady Asyl gazdardyn himiyalyk kosylystardagy en zhogargy valenttiligi 8 bolgandyktan olardy nol tobynyn ornyna VIII toptyn negizgi topshasy dep sanau ujgaryldy Inertti gazdar aerostattardy toltyru temperaturany tomendetu үshin al argon men neon zharyk beretin shyny tүtikterde koldanylady Sonymen katar Inertti gazdar tүrli zattardy aua t b orta әserinen korgauga pajdalanylady Mysaly balkygan magnijdi argon atmosferasynda kuyady Neon DerekkozderҚazak EnciklopediyasySyrtky siltemeInert Gas Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet