Мына мақаланы не бөлімін Өмір дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Тіршілік дегеніміз биологиялық процестерді жүргізе алатын тірі материяны тірі емес материядан бөлетін қасиеттер жиынтығы және сол процестің өзі. Тіршіліктің құрылым, гомеостаз, метаболизм, бейімделу, өсу, көбею және стимулдарға жауап беру сияқты ерекше белгілері бар. Тіршілік көптеген пішінде кездеседі, мысалы бактериялар, жануарлар, өсімдіктер, т.с.с. Тіршілікті зерттейтін ғылым биология деп аталады.
Жердегі тіршіліктің негізгі бірлігі ― жасуша, тұқым қуалаушылық бірлігі ― ген. Жасушаның екі түрі бар: прокариоттық және эукариоттық, екеуі де мембранамен қоршалған, ішінде ақуыздар мен нуклеин қышқылдары сияқты биомолекулалар бар цитоплазмадан тұрады. Жасушалар жасуша бөлінуі процесі арқылы көбейеді. Бұл процесте ата-аналық жасуша бөлініп, өз генетикалық материалын пайда болған туынды жасушаларға береді.
Тіршілік қасиеттері
Тіршілікті ерекшелейтін бірнеше қасиеті бар. Солардың ішіне кіретіні: организация, гомеостаз, метаболизм, бейімделу, өсу, көбею, стимулдарға жауап беру, т.б.
Ұйымдасу
Барлық ағзаның барлық элементі бір-бірімен байланысып, тіршілікті сақтай алатын құрылымды құрады. Ұйымдасудың мысалы ретінде органдарды келтіруге болады. Бір қызмет атқаруға бейімделген жасушалар және жасушалардан құралған ұлпалар бір жерде шоғырланып, орган құрады. Басқа мысал ― гүлдің құрылысы. Гүл белгілі бір жолмен құрылғандықтан, жәндіктер оған назарын аударып, түбіндегі шірнені алуға тырысады. Гүлдің ішіне кірген соң, жәндікке тозаң жұғады да, жәндікпен бірге басқа гүлдерге таралады. Бұл тозаңдануды жеңілдетуге арналған құрылыс бейімделуі.
Гомеостаз
Гомеостаз деген ағзаның тіршілік ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы ― өзін-өзі реттеушілік. Гомеостаз арқылы тірі ағзалар ішіндегі процестері мен құрылымының ерекшелігін сақтап тұрады.
Метаболизм
Кез келген тіршілік иесі термодинамикалық тұрғыдан энергетикалық ашық (ортамен энергия алмасатын) жүйе болғандықтан, ол өзінің гомеостазын сақтау үшін бір жерден энергия алып, оны басқа жерде жұмсауға мәжбүр. Метаболизм дегеніміз сол энергия алмасу мен ағза бойындағы химиялық реакцияларды үйлестіріп басқаратын процесс.
Көбею
Тірі ағзалар өзін-өзі жаңғыртады, яғни көбею арқылы олар өлімнен кейін генетикалық материалын басқа ағзаларға қалдырады. Олар да, өз кезегінде, көбейеді. Дегенмен, ағза көбеюі көптеген жағдайларға тәуелді. Мысалы, ол өмір сүрген жердің қорегі жеткіліксіз болса немесе температура, ылғалдық сияқты физикалық параметрлері ыңғайсыз болса, ағза аз көбейеді немесе мүлде көбеймейді. Сонымен қатар, ағзалар бір-бірімен бәсекелеседі. Гендері мықтырақ, яғни өмір сүру ортасына жақсырақ бейімделген ағза көбірек тұқым қалдырып, жақсырақ гендер таратады. Бұл ― табиғи сұрыпталуға басты алғышарт.
Бейімделу
Ағзалардың бәрі тұқым қуалаушылық қабілетіне ие, яғни олар өз қасиеттерін ұрпағына бере алады. Оның негізінде нуклеин қышқылы синтезі жатады, және сол синтез өте дәл жұмыс істейтін болса да, мінсіз емес болғандықтан, нуклеин қышқылы тізбегінде қателіктер ― мутациялар ― пайда болады. Мутациялардың көбі зиянды болғанымен, кейбірі ағзаға пайда тигізуі мүмкін. Пайдалы мутациясы бар ағза басқалармен сәтті бәсекелесіп, мүмкін болғанша көп ұрпақ шығарып, соларға өзінің гендерін берсе, мутация популяцияда орнығады. Соның арқасында ағзаларда өзгергіштік қасиеті бар. Уақыт өте келе, гендер өзгеріп сұрыптала келе, түрлер де өзгеріп, өмір сүру ортасына бейімделеді. Бұл процесті эволюция деп атайды.
Өсу
Тірі ағзалар даму (онтогенез) барысында әдетте не массасын үлкейтеді, не жасуша санын арттырады, бірақ кейбір кезде екеуі де қатар жүреді. Өскенде, ағзалар бүкіл генетикалық әлеуетін ашып, құрылымдарын, метаболизм жолдарын және, бар болса, органдарының бәрін дамытады.
Стимулдарға жауап беру
Стимулдарға жауап беру немесе тітіркену дегеніміз белгілі факторлардың әсерінен спецификалық жауап қайтару. Тітіркену барлық ағзада кездеседі. Мысалы, өсімдіктерде тропизмдер бар. Өркен энергияны тиімді жұмсау үшін күн жарығы түскен бағытпен өседі. Тамырлар болса, гравитация бағытымен, яғни төмен, өсіп ұзарады. Жануарларға келсек, олар да сыртқы және ішкі стимулдарға өте жылдам жауап беретін жүйке жүйесі бар. Дамыған жануарларда инстинктер, рефлекстер және тағы басқа күрделі сигнал өңдеу центрлері бар. Миы және санасы ең жоғары дамыған жануар ― адам. Тітіркену қарапайым ағзаларға да тән: біржасушалы саңырауқұлақ глюкоза концентрациясы жоғары субстратқа түссе, қант қорытатын ферменттер шығарады; жарыққа қарай немесе қарсы жүзе алады.
Дереккөздер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Biology |
- 1 // Campbell Biology — 12. — Б. 3. — ISBN 9780135988046.
- Definition of Life (ағыл.). California Academy of Sciences (2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 7 қаңтар 2007.
- Ж. Шілдебаев, А. Ермекбаева 1 // Биологияға кіріспе — Астана: "Фолиант" баспасы, 2016. — Б. 9―12. — ISBN 978-601-302-383-0.
- К. Кошкимбаева, Г.А. Тусупбекова, А. Ыдырыс, Г.К. Атанбаева және т.б. 2.2 // Қазіргі жаратылыстану концепциялары (биология) — Алматы: "Қазақ университеті" баспасы, 2018. — Б. 28―29. — ISBN 978-601-04-3135-5.
- Мұхитдинов Н.М. және т.б. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы — 2. — Алматы: “Қазақ университеті” баспасы, 2001. — Б. 244. — ISBN 9965-489-59-9.
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Өmir degenmen biriktiruge usynylgan Talkylauy Tirshilik degenimiz biologiyalyk procesterdi zhүrgize alatyn tiri materiyany tiri emes materiyadan boletin kasietter zhiyntygy zhәne sol procestin ozi Tirshiliktin kurylym gomeostaz metabolizm bejimdelu osu kobeyu zhәne stimuldarga zhauap beru siyakty erekshe belgileri bar Tirshilik koptegen pishinde kezdesedi mysaly bakteriyalar zhanuarlar osimdikter t s s Tirshilikti zerttejtin gylym biologiya dep atalady Eukariottar aluantүrliligi kaskyr Amanita caesarea Entodinium Sequoiadendron giganteum gүldegen baldyrlar Chrysotoxum verralli Xanthoparmelia kynasy Dictyostelium zhәne bagana marzhan Zherdegi tirshiliktin negizgi birligi zhasusha tukym kualaushylyk birligi gen Zhasushanyn eki tүri bar prokariottyk zhәne eukariottyk ekeui de membranamen korshalgan ishinde akuyzdar men nuklein kyshkyldary siyakty biomolekulalar bar citoplazmadan turady Zhasushalar zhasusha bolinui procesi arkyly kobejedi Bul proceste ata analyk zhasusha bolinip oz genetikalyk materialyn pajda bolgan tuyndy zhasushalarga beredi Tirshilik kasietteriKүnbagys gүlshogyryndagy kүrdeli ujymdasu Tirshilikti erekshelejtin birneshe kasieti bar Solardyn ishine kiretini organizaciya gomeostaz metabolizm bejimdelu osu kobeyu stimuldarga zhauap beru t b Ұjymdasu Barlyk agzanyn barlyk elementi bir birimen bajlanysyp tirshilikti saktaj alatyn kurylymdy kurady Ұjymdasudyn mysaly retinde organdardy keltiruge bolady Bir kyzmet atkaruga bejimdelgen zhasushalar zhәne zhasushalardan kuralgan ulpalar bir zherde shogyrlanyp organ kurady Baska mysal gүldin kurylysy Gүl belgili bir zholmen kurylgandyktan zhәndikter ogan nazaryn audaryp tүbindegi shirneni aluga tyrysady Gүldin ishine kirgen son zhәndikke tozan zhugady da zhәndikpen birge baska gүlderge taralady Bul tozandanudy zhenildetuge arnalgan kurylys bejimdelui Gomeostaz Gomeostaz degen agzanyn tirshilik etetin syrtky ortasynyn ozgeruine katysty turakty kalypta ustau nemese retteu үrdisi ozin ozi retteu mehanizmi arkyly negizgi fiziologiyalyk kyzmetterinin turaktylygy ozin ozi retteushilik Gomeostaz arkyly tiri agzalar ishindegi procesteri men kurylymynyn ereksheligin saktap turady Metabolizm Kez kelgen tirshilik iesi termodinamikalyk turgydan energetikalyk ashyk ortamen energiya almasatyn zhүje bolgandyktan ol ozinin gomeostazyn saktau үshin bir zherden energiya alyp ony baska zherde zhumsauga mәzhbүr Metabolizm degenimiz sol energiya almasu men agza bojyndagy himiyalyk reakciyalardy үjlestirip baskaratyn process Kobeyu Tiri agzalar ozin ozi zhangyrtady yagni kobeyu arkyly olar olimnen kejin genetikalyk materialyn baska agzalarga kaldyrady Olar da oz kezeginde kobejedi Degenmen agza kobeyui koptegen zhagdajlarga tәueldi Mysaly ol omir sүrgen zherdin koregi zhetkiliksiz bolsa nemese temperatura ylgaldyk siyakty fizikalyk parametrleri yngajsyz bolsa agza az kobejedi nemese mүlde kobejmejdi Sonymen katar agzalar bir birimen bәsekelesedi Genderi myktyrak yagni omir sүru ortasyna zhaksyrak bejimdelgen agza kobirek tukym kaldyryp zhaksyrak gender taratady Bul tabigi suryptaluga basty algyshart Bejimdelu Agzalardyn bәri tukym kualaushylyk kabiletine ie yagni olar oz kasietterin urpagyna bere alady Onyn negizinde nuklein kyshkyly sintezi zhatady zhәne sol sintez ote dәl zhumys istejtin bolsa da minsiz emes bolgandyktan nuklein kyshkyly tizbeginde katelikter mutaciyalar pajda bolady Mutaciyalardyn kobi ziyandy bolganymen kejbiri agzaga pajda tigizui mүmkin Pajdaly mutaciyasy bar agza baskalarmen sәtti bәsekelesip mүmkin bolgansha kop urpak shygaryp solarga ozinin genderin berse mutaciya populyaciyada ornygady Sonyn arkasynda agzalarda ozgergishtik kasieti bar Uakyt ote kele gender ozgerip suryptala kele tүrler de ozgerip omir sүru ortasyna bejimdeledi Bul procesti evolyuciya dep atajdy Өsu Tiri agzalar damu ontogenez barysynda әdette ne massasyn үlkejtedi ne zhasusha sanyn arttyrady birak kejbir kezde ekeui de katar zhүredi Өskende agzalar bүkil genetikalyk әleuetin ashyp kurylymdaryn metabolizm zholdaryn zhәne bar bolsa organdarynyn bәrin damytady Stimuldarga zhauap beru Stimuldarga zhauap beru nemese titirkenu degenimiz belgili faktorlardyn әserinen specifikalyk zhauap kajtaru Titirkenu barlyk agzada kezdesedi Mysaly osimdikterde tropizmder bar Өrken energiyany tiimdi zhumsau үshin kүn zharygy tүsken bagytpen osedi Tamyrlar bolsa gravitaciya bagytymen yagni tomen osip uzarady Zhanuarlarga kelsek olar da syrtky zhәne ishki stimuldarga ote zhyldam zhauap beretin zhүjke zhүjesi bar Damygan zhanuarlarda instinkter reflekster zhәne tagy baska kүrdeli signal ondeu centrleri bar Miy zhәne sanasy en zhogary damygan zhanuar adam Titirkenu karapajym agzalarga da tәn birzhasushaly sanyraukulak glyukoza koncentraciyasy zhogary substratka tүsse kant korytatyn fermentter shygarady zharykka karaj nemese karsy zhүze alady DerekkozderOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Biology1 Campbell Biology 12 B 3 ISBN 9780135988046 Definition of Life agyl California Academy of Sciences 2006 Basty derekkozinen muragattalgan 22 tamyz 2011 Tekserildi 7 kantar 2007 Zh Shildebaev A Ermekbaeva 1 Biologiyaga kirispe Astana Foliant baspasy 2016 B 9 12 ISBN 978 601 302 383 0 K Koshkimbaeva G A Tusupbekova A Ydyrys G K Atanbaeva zhәne t b 2 2 Қazirgi zharatylystanu koncepciyalary biologiya Almaty Қazak universiteti baspasy 2018 B 28 29 ISBN 978 601 04 3135 5 Muhitdinov N M zhәne t b Өsimdikter morfologiyasy zhәne anatomiyasy 2 Almaty Қazak universiteti baspasy 2001 B 244 ISBN 9965 489 59 9 Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz