Күн (таңбасы: ) — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,496x1011 м.
Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,88x10–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында 100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады.
Күннің сәулесі (сәуле шығаруы) түгелдей дерлік Күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады, оны фотосфера деп атайды. Фотосфераның қалыңдығы 100 – 300 км. Фотосферадағы температура сыртқы қабат бағытына қарай төмендейді, шектік мәні 4500 К, орташа тығыздығы 2x10–4 кг/м3. Фотосфера қойнауындағы энергия сәулемен және сондай-ақ конвекциямен де тасымалданады. Фотосфераның жарықтығы біркелкі емес, түйіршікті (құрылымы гранулалы) болып келеді.
– дөңгелек пішінді жарық дақ түрінде болады, орташа мөлшері 700 км-дей. Гранулалардың өмір сүру мезгілі не бәрі 5 – 10 минуттай, кейбір гранулалар 3 сағатқа дейін сақталады. Фотосферада бұдан да ірірек, өлшемі 3104 км болатын түзілімдер (гранулалар жиынтығы) де кездеседі.
Фотосфераның үстінде, Күннің көрінетін жиегінен 14 мың км-ге созылып жатқан хромосфера қабаты орналасқан. Оның тығыздығы фотосфера тығыздығынан әлдеқайда аз (шамамен 10–10 – 10–11 кг/м3), әрі биіктеген сайын сиреп отырады, температурасы миллион градусқа дейін өседі.
Хромосферадан жоғары, Күн атмосферасының ең сиретілген бөлігі күн тәжі орналасқан. Оның биіктігі бірнеше Күн радиусына тең. Фотосферада Күн дақтары мен жалын шудаларын бақылауға болады. Күн дақтары, көбінесе, қара қоңыр түсті ядролар мен оларды қоршаған шала көлеңкелерден тұрады. Олардың диаметрі 200 мың км-ге дейін жетеді. Дақтардың температурасы 4500°С-қа жуық, яғни өздерін қоршаған фотосфераның температурасынан төмен. Дақтардың жарықтылығы фотосфераның жарықтылығынан 2 – 5 есе төмен, сондықтан олар қарапайым көрінеді. ендіктің 45°-ына дейінгі аймақта ғана кездеседі және олар бірнеше күннен бірнеше айға дейін өмір сүреді.
Жалын шудалары – фотосфералық құбылыс. Олар әсіресе, Күн дискісінің жиегінде, ақ жарықтың фонында жақсы көрінеді. Жалын шудалары, кейде бірнеше сағат ішінде едәуір өзгеріске ұшырап отыратын күрделі талшық түрінде байқалады және олар фотосферадан жоғарырақ орналасады, температурасы да жоғары болады.
Күн дискісінің жиегінде газ бұлты – байқалады. Протуберанцтардың спектрі Н, Са, Не және металдардың әлсіз сызықтарынан тұрады. Олардың ұзындығы кейде 1 млн. км-ден асады. Протуберанцтар жарқыраған газдардан құралады. Олар әр түрлі пішінде (тамшылар, фонтандар, бұлттар, доғалар, т.б. түрінде) кездеседі; Күн бетінен орташа биіктігі 30 мың км-ден 50 мың км-ге дейін жетеді. Хромосфералық оталу кезінде Күннен шығатын корпускулалық ультракүлгін сәулелер күшейіп, оның әсерінен геомагниттік және ионосфералық ұйытқулар пайда болады. Күн бетінде бақыланатын әр түрлі құбылыстар, шамамен 11 жылдық периодпен (Күн активтілігінің цикліне сәйкес) өзгеріп отырады. Күн активтілігі көптеген геофизикалық құбылыстарға әсерін тигізеді; Жер ионосферасының күйін өзгертеді, осының әсерінен қысқа радиотолқындардың таралу ерекшеліктері, магниттік құйындар, полярлық шұғыла, т.б. пайда болады.
Күннің жарығы жерге 8,3 минутта жетеді. Ал ең жақын Кентавр α жұлдызының сәулесі жерге 4 жыл 3 айда жетіп келе алады. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады.
Күн – кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен және басқа барлық планеталарды бірге алғандағы массадан 750 есе асап түседі. Күн өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге – сәуле шашу арқылы күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.
Шар тәріздес Күн бізге жарқыраған дөңгелек болып көрінеді. Радиусы Күннің радиусы болып саналатын Күннің көрінетін беті фотосфера деп аталады. Бұл радиус Жердің 109 радиусына тең. Күннің көлемі Жердің көлемінен 1300000 есе артық. Күн бетіндегі физикалық тұрақтының мәні Жер бетіндегіден 28 есе артық және 274 H/кг тең. Күн затының орташа тығыздығы p = 1410 кг/м3, яғни судың тығыздығынан сәл көптеу. Күннің толық сәуле шығару қуаты, яғни оның жарықтығы шамамен 4*1023 кВт. Күннің тиімді температурасы шамамен 6000 К-ге тең. Бірақ жер күннен оның шығаратын энергиясының шамамен 1/2000000000 (0.5*10-9) бөлігін алады.
Барлық жұлдыздар сияқты Күн – қызған газ шары. Негізінен, ол гелий қоспасы (он пайыз) бар сутектен тұрады. Күн затты қатты иондалған, яғни атомдар өздерінен сыртқы электрондарын жоғалтқан және олармен бірге иондалған газдың плазманың еркін бөлшектеріне айналған. Күн қойнауында пайда болатын энергия ағыны сыртқы қабаттарға, беріледі және барған сайын көптеген аумақты қамтиды. Осының нәтижесінде, күн газдарының температурасы орталықтан қашықтаған сайын азаяды.
Күн атмосферасын шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 км болатын ең терең қабаты фотосфера деп аталады (жарық сферасы). Одан Күннің барлығына жуық жарық энергиясы шығады. Сондықтан фотосфераның сыртқы қабаттарының температурасы 8000 К-нен 4000 К-ге дейін қатты салқындайды. Бірақ атмосферадағы осы температура, алдымен жайлап, соңынан тез жоғарылай бастайды. Күн атмосферасының бұл аймағы хромосфера ден аталады. Оның температурасы ондаған және жүздеген мың кельвинге жетеді. Ол күннің толық тұтылуынан сирек болатын сәттерінде, Айдың қара дөңгелегінің айналасында жарқыраған қызғылт жиек түрінде көрінеді. Хромосферада жоғары Күннің радиусындай аралықта Күн газдараның температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп атлады. Күн тәжінің шұғыла шашқан түрін толық фазасы кезінде көруге болады. Осы кезде ол таңғажайып әдемі көрініс береді. Әрі қарай, күн тәжінің газы планета аралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағынын құрайды. Күннің бақыланатын жарқырауы ұзақ уақыт бойы сақталуы үшін оның ішкі энергиясының жеткілікті қорлары және бұл энергияны сәуле шығару энергиясына айналдырып, өңдейтін процестер қажет. Күн қойнауында термоядролық реакциялар жүреді, оның нәтижесінде әлемдік кеңістікке шығатын энергия мөлшері бөлінеді.
Соңғы мәліметтер бойынша Күннің жасы 4 млрд 600 млн жыл болып, ол әлі де 5 млрд жыл жарқырап жануға шыдайды. Оның жарқырауы немесе толық сәуле шығару қуаты осы уақыт аралығында айтарлықтай өзгерген жоқ. Сондықтан күн затының ішкі энергиясының қоры әлі де миллиардтаған жылдарға жетуі тиіс.
Күн – Жер байланыстары. Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол Жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады. Күн Жерді жарықтандырып және жылытып қана қоймайды, сонымен қатар шамамен 11 жыл сайын болып тұратын күн белсенділігі – бірқатар геофизикалық құбылыстардың тууына жол ашады. Мысалы, зарядталған бөлшектер ағыны Жердің магнит өрісіне қатты әсер етеді және магниттік дауылдар зарядталған бөлшектерді атмосфераның ең төменгі қабаттарына алып келеді, осыдан полярлық шұғылалар пайда болады. Күннің қысқа толқынды сәуле шығаруы радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді, кей кезде родио байланыс бұзылады, Күндегі белсенді процестер жанама түрде органикалық әлемнің, яғни жануарлар мен өсімдіктердің күрделі процестеріне де әсер етеді. Бұл әсерлер мен олардың жүру механизмін қазіргі уақытта түрлі бағыттағы ғалымдар мұқият зерттеуде.
Қазақстан Республикасында Күнді бақылау және зерттеу жұмыстары 1950 жылдардан басталды. 1954 ж. бірінші рет коронографтың көмегімен Күн тәжінің ішінде толқын ұзындығы 5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте Күн стансасы салынды. Бұл бекет үлкенді-кішілі екі жаңа коронографпен, горизонтальды Күн телескопы, спектрограф және еселік жабдықталып, Күн физикасын зерттеуге үлесін қосуда.
Күн — G-спектрлік түрлі жұлдыз, оның диаметрі 696 000 km, 333 000 × Жер массасы, 1 300 000 × Жер көлемі, 1410 kg/m3 орташа тығыздығы бар. Экваторы эклиптика жазықтығына 7.25º бұрыш мөлшерімен еңкейіп тұр. Негізінен сутегі мен гелийден құрылған. Көзге көрінетін беті «фотосфера» (температурасы 6000 К) деп аталады.
Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде Күннің ішкі құрылысы
1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәж термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды.
Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді.
Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И. Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолданды. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х. Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған.
Күннің қозғалысы мен айналуы
Күн өз өсін шамамен 27 күнде бір рет айналады. Бұл айналу күн дақтарының қозғалысын бақылау арқылы анықталған. Күннің айналу осі Жер орбитасының осінен шамамен 7,25 градусқа қисайған, сондықтан біз жыл сайын қыркүйекте Күннің солтүстік полюсін, ал наурызда оңтүстік полюсін көбірек көреміз.
Күн газ(плазма) шары болғандықтан, планеталар мен айлар сияқты қатты айналуы қажет емес. Шындығында, Күннің экваторлық аймақтары (24 күн) полярлық аймақтарға (30 күннен көп) қарағанда тезірек айналады. Бұл "дифференциалды айналудың" көзі күн астрономиясының қазіргі зерттеулерінің саласы болып табылады.
Күн өз өсін айналып қана қоймай құс жолы галактикасін 225 миллион жылда бір рет айналып шығады, құс жолы галактикасі галактикалар шоғырын айналады, планеталар өз өсін айналумен бірге күнді айналып қозғалыс жасайды, ай да осылармен ұқсас өз өсін айналумен бірге жершарыны айналып қозғалыс жасайды.
Жершары бір секндта 460 метр жылдамдықпен өз өсін айналса, күнді бір секундта 30 километр жылдамдықпен айналады, күн болса құс жолы галактикасін бір секндта 220 километр жылдамдықпен айналып қозғалыс жасайды екен.
Дереккөздер
- “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүn tanbasy Kүn zhүjesinin ortalyk denesi Zherge en zhakyn zhuldyz Kүn spektrlik klasy G2V absolyut zhuldyzdyk shamasy 4 83 bolatyn sary ergezhejli zhuldyz Ol bizdin Galaktika centrinen 9 10 kpk kashyktykta ornalaskan Zhakyn zhuldyzdarmen salystyrganda Kүn 1 97h104 m s zhyldamdykpen Gerkules shokzhuldyzy bagytynda kozgalady Galaktika centrin 230 mln zhylda bir ret ajnalyp shygady Bүkil kүn zhүjesi massasynyn 99 866 y Kүnde zhinaktalgan Zherden Kүnge dejingi ortasha kashyktyk 1 496x1011 m KүnKүn ashyk aua rajynda zhәne Zherden karagandagy korinis Kүn kyzgan gazdy shar centrindegi temperatura 107 K tygyzdygy 105 kg m3 Kүn ishinde ondiriletin energiyanyn ortasha molsheri 1 88x10 4 Vt kg Kүnnen Zher orbitasy birde alystap birde zhakyndauyna bajlanysty Kүnnin korinerlik radiusy zhyl bojy ozgerip otyrady Kүnnin aktivtiligimen bajlanysty bolatyn magnit orisinin kerneuligi Kүn daktarynda 100 kA m ge zhetui mүmkin Kүnde ote ken taragan element sutegi Onyn atomdarynyn sanynan gelij atomdarynyn sany 7 8 ese az al kalgan ozge elementterdin sany sutek atomdary sanynan 1000 ese az Kүn kuramynda baska elementterge karaganda ottek komirtek azot magnij kremnij temir basymyrak Kүnnin tikelej bakylauga keletin syrtky kabattary onyn atmosferasyn kalyptastyrady Kүn tәzhi Kүnnin sәulesi sәule shygaruy tүgeldej derlik Kүn atmosferasynyn tomengi boliginen shygady ony fotosfera dep atajdy Fotosferanyn kalyndygy 100 300 km Fotosferadagy temperatura syrtky kabat bagytyna karaj tomendejdi shektik mәni 4500 K ortasha tygyzdygy 2x10 4 kg m3 Fotosfera kojnauyndagy energiya sәulemen zhәne sondaj ak konvekciyamen de tasymaldanady Fotosferanyn zharyktygy birkelki emes tүjirshikti kurylymy granulaly bolyp keledi dongelek pishindi zharyk dak tүrinde bolady ortasha molsheri 700 km dej Granulalardyn omir sүru mezgili ne bәri 5 10 minuttaj kejbir granulalar 3 sagatka dejin saktalady Fotosferada budan da irirek olshemi 3 104 km bolatyn tүzilimder granulalar zhiyntygy de kezdesedi Fotosferanyn үstinde Kүnnin korinetin zhieginen 14 myn km ge sozylyp zhatkan hromosfera kabaty ornalaskan Onyn tygyzdygy fotosfera tygyzdygynan әldekajda az shamamen 10 10 10 11 kg m3 әri biiktegen sajyn sirep otyrady temperaturasy million graduska dejin osedi Hromosferadan zhogary Kүn atmosferasynyn en siretilgen boligi kүn tәzhi ornalaskan Onyn biiktigi birneshe Kүn radiusyna ten Fotosferada Kүn daktary men zhalyn shudalaryn bakylauga bolady Kүn daktary kobinese kara konyr tүsti yadrolar men olardy korshagan shala kolenkelerden turady Olardyn diametri 200 myn km ge dejin zhetedi Daktardyn temperaturasy 4500 S ka zhuyk yagni ozderin korshagan fotosferanyn temperaturasynan tomen Daktardyn zharyktylygy fotosferanyn zharyktylygynan 2 5 ese tomen sondyktan olar karapajym korinedi endiktin 45 yna dejingi ajmakta gana kezdesedi zhәne olar birneshe kүnnen birneshe ajga dejin omir sүredi Zhalyn shudalary fotosferalyk kubylys Olar әsirese Kүn diskisinin zhieginde ak zharyktyn fonynda zhaksy korinedi Zhalyn shudalary kejde birneshe sagat ishinde edәuir ozgeriske ushyrap otyratyn kүrdeli talshyk tүrinde bajkalady zhәne olar fotosferadan zhogaryrak ornalasady temperaturasy da zhogary bolady Kүn diskisinin zhieginde gaz bulty bajkalady Protuberanctardyn spektri N Sa Ne zhәne metaldardyn әlsiz syzyktarynan turady Olardyn uzyndygy kejde 1 mln km den asady Protuberanctar zharkyragan gazdardan kuralady Olar әr tүrli pishinde tamshylar fontandar bulttar dogalar t b tүrinde kezdesedi Kүn betinen ortasha biiktigi 30 myn km den 50 myn km ge dejin zhetedi Hromosferalyk otalu kezinde Kүnnen shygatyn korpuskulalyk ultrakүlgin sәuleler kүshejip onyn әserinen geomagnittik zhәne ionosferalyk ujytkular pajda bolady Kүn betinde bakylanatyn әr tүrli kubylystar shamamen 11 zhyldyk periodpen Kүn aktivtiliginin cikline sәjkes ozgerip otyrady Kүn aktivtiligi koptegen geofizikalyk kubylystarga әserin tigizedi Zher ionosferasynyn kүjin ozgertedi osynyn әserinen kyska radiotolkyndardyn taralu erekshelikteri magnittik kujyndar polyarlyk shugyla t b pajda bolady Kүnnin zharygy zherge 8 3 minutta zhetedi Al en zhakyn Kentavr a zhuldyzynyn sәulesi zherge 4 zhyl 3 ajda zhetip kele alady Zhuldyzdar Zherden ote kashyk ornalaskandyktan teleskoppen karagannyn ozinde nүktedej gana bolyp korinedi Ajsyz tүnde zhaj kozben karaganda 5 mynga zhuyk zhuldyzdy al kүshti teleskop arkyly milliardtagan zhuldyzdy koruge bolady Kүn kәdimgi zhuldyz sondyktan ony zhalpylama zertteu zhuldyzdar tabigatyn tүsinuge komektesedi Ol Kүn zhүjesindegi ortalyk zhәne en orasan zor dene bolyp tabylady Kүnnin massasy Zherdin massasynan 333 000 ese үlken zhәne baska barlyk planetalardy birge algandagy massadan 750 ese asap tүsedi Kүn ozdiginen sәule shygaratyn zor energiya kozi Ol kүn zhүjesindegi barlyk denelerge sәule shashu arkyly kүshti әser etedi olardy kyzdyrady planetalar atmosferasyna әser etedi zherdegi tirshilikke kazhetti zharyk pen zhylu beredi barlyk osimdik pen zhanuarlar әleminin omir sүruin kamtamasyz etedi Kүn energiyasynyn biraz boligi tas komir munaj zhәne baska pajdaly kazbalar tүrinde Zher astynda saktalgan Shar tәrizdes Kүn bizge zharkyragan dongelek bolyp korinedi Radiusy Kүnnin radiusy bolyp sanalatyn Kүnnin korinetin beti fotosfera dep atalady Bul radius Zherdin 109 radiusyna ten Kүnnin kolemi Zherdin koleminen 1300000 ese artyk Kүn betindegi fizikalyk turaktynyn mәni Zher betindegiden 28 ese artyk zhәne 274 H kg ten Kүn zatynyn ortasha tygyzdygy p 1410 kg m3 yagni sudyn tygyzdygynan sәl kopteu Kүnnin tolyk sәule shygaru kuaty yagni onyn zharyktygy shamamen 4 1023 kVt Kүnnin tiimdi temperaturasy shamamen 6000 K ge ten Birak zher kүnnen onyn shygaratyn energiyasynyn shamamen 1 2000000000 0 5 10 9 boligin alady Barlyk zhuldyzdar siyakty Kүn kyzgan gaz shary Negizinen ol gelij kospasy on pajyz bar sutekten turady Kүn zatty katty iondalgan yagni atomdar ozderinen syrtky elektrondaryn zhogaltkan zhәne olarmen birge iondalgan gazdyn plazmanyn erkin bolshekterine ajnalgan Kүn kojnauynda pajda bolatyn energiya agyny syrtky kabattarga beriledi zhәne bargan sajyn koptegen aumakty kamtidy Osynyn nәtizhesinde kүn gazdarynyn temperaturasy ortalyktan kashyktagan sajyn azayady Kүn atmosferasyn shartty tүrde birneshe kabattarga boledi Atmosferanyn kalyndygy 200 300 km bolatyn en teren kabaty fotosfera dep atalady zharyk sferasy Odan Kүnnin barlygyna zhuyk zharyk energiyasy shygady Sondyktan fotosferanyn syrtky kabattarynyn temperaturasy 8000 K nen 4000 K ge dejin katty salkyndajdy Birak atmosferadagy osy temperatura aldymen zhajlap sonynan tez zhogarylaj bastajdy Kүn atmosferasynyn bul ajmagy hromosfera den atalady Onyn temperaturasy ondagan zhәne zhүzdegen myn kelvinge zhetedi Ol kүnnin tolyk tutyluynan sirek bolatyn sәtterinde Ajdyn kara dongeleginin ajnalasynda zharkyragan kyzgylt zhiek tүrinde korinedi Hromosferada zhogary Kүnnin radiusyndaj aralykta Kүn gazdaranyn temperaturasy ozgermejdi Bul siretilgen zhәne ystyk kabyk kүn tәzhi dep atlady Kүn tәzhinin shugyla shashkan tүrin tolyk fazasy kezinde koruge bolady Osy kezde ol tangazhajyp әdemi korinis beredi Әri karaj kүn tәzhinin gazy planeta aralyk kenistikte taralyp Kүnnen turakty taralatyn kүn zheli dep atalatyn ystyk siretilgen plazma agynyn kurajdy Kүnnin bakylanatyn zharkyrauy uzak uakyt bojy saktaluy үshin onyn ishki energiyasynyn zhetkilikti korlary zhәne bul energiyany sәule shygaru energiyasyna ajnaldyryp ondejtin procester kazhet Kүn kojnauynda termoyadrolyk reakciyalar zhүredi onyn nәtizhesinde әlemdik kenistikke shygatyn energiya molsheri bolinedi Songy mәlimetter bojynsha Kүnnin zhasy 4 mlrd 600 mln zhyl bolyp ol әli de 5 mlrd zhyl zharkyrap zhanuga shydajdy Onyn zharkyrauy nemese tolyk sәule shygaru kuaty osy uakyt aralygynda ajtarlyktaj ozgergen zhok Sondyktan kүn zatynyn ishki energiyasynyn kory әli de milliardtagan zhyldarga zhetui tiis Kүn Zher bajlanystary Kүn Zherde bolatyn kubylystarga үlken ykpalyn tigizedi Ol Zher betinin negizgi zhylu kozi bolyp tabylady Kүn Zherdi zharyktandyryp zhәne zhylytyp kana kojmajdy sonymen katar shamamen 11 zhyl sajyn bolyp turatyn kүn belsendiligi birkatar geofizikalyk kubylystardyn tuuyna zhol ashady Mysaly zaryadtalgan bolshekter agyny Zherdin magnit orisine katty әser etedi zhәne magnittik dauyldar zaryadtalgan bolshekterdi atmosferanyn en tomengi kabattaryna alyp keledi osydan polyarlyk shugylalar pajda bolady Kүnnin kyska tolkyndy sәule shygaruy radiotolkyndardyn taraluyna kүshti әser etedi kej kezde rodio bajlanys buzylady Kүndegi belsendi procester zhanama tүrde organikalyk әlemnin yagni zhanuarlar men osimdikterdin kүrdeli procesterine de әser etedi Bul әserler men olardyn zhүru mehanizmin kazirgi uakytta tүrli bagyttagy galymdar mukiyat zertteude Қazakstan Respublikasynda Kүndi bakylau zhәne zertteu zhumystary 1950 zhyldardan bastaldy 1954 zh birinshi ret koronograftyn komegimen Kүn tәzhinin ishinde tolkyn uzyndygy 5303 zhәne 6374 bolatyn emissiyalyk sәule shygaru syzyktarynyn barlygy tirkeldi Osy zhyly Үlken Almaty kolinin manynda teniz dengejinen 3000 m biiktikte Kүn stansasy salyndy Bul beket үlkendi kishili eki zhana koronografpen gorizontaldy Kүn teleskopy spektrograf zhәne eselik zhabdyktalyp Kүn fizikasyn zertteuge үlesin kosuda Kүn G spektrlik tүrli zhuldyz onyn diametri 696 000 km 333 000 Zher massasy 1 300 000 Zher kolemi 1410 kg m3 ortasha tygyzdygy bar Ekvatory ekliptika zhazyktygyna 7 25º burysh molsherimen enkejip tur Negizinen sutegi men gelijden kurylgan Kozge korinetin beti fotosfera temperaturasy 6000 K dep atalady Kүn katty kyzgan betki temperaturasy 6000S plazmalyk shar tygyzdygy 1 4 g m3 Onyn laulagan ot pen protuberanecter ornalaskan tәzhi bar Kүnnin sәule shygaruynyn kүnnin belsendiliginin 11 zhyldyk cikli bar Kүnnin belsendiliginin en zhogargy sheginde onyn betinde erekshe kop dak bajkalady Suteginin gelijge ajnaluy kezinde Kүnnin ishki kurylysy 1 Gelijlik yadro 2 konvekciya zonasy 3 hromosfera 4 fotosfera 5 kun daktary 6 protuberanecter 7 tәzh termoyadrolyk reakciyalar kүn energiyasynyn kozi bolyp tabylady Algash ret termoyadrolyk reakciyalardyn zhүrip otuine kazhetti temperaturany teoriyalyk tүrde Artur Eddington eseptep shygargan Nemis fizigi Gans Bete 1967 zhyly Nobel syjlygyn algan Kүnde zhүretin sutegimen gelijdin termoyadrolyk sintezinin reakciyasyn eseptep shygardy Kүn zhүjesi men zhuldyzdardyn pajda boluy zhajly kez kelgen problema nemese gipotezanyn negizinde Ғalamnyn үsh fundamentaldyk ereksheligi bar birinshiden Ғalamdagy zattardyn basym kopshiligi sutegiden 75 gelijden 25 zhәne baska da himiyalyk elementterdin azgantaj bolikterinen kuralgan ekinshiden Ғalamnyn kezkelgen nүktesinde zhuldyzaralyk gaz zhәne shan bar үshinshiden Ғalamda barlyk zattar ajnalmaly zhәne turbulentty kozgalysta galaktikanyn formasy spiral tәrizdes zhuldyzdar ajnaluda planetalar kүndi ajnalady zhәne t b Sondaj ak bizge Kүn zhүjesinin zhasy 5 mlrd zhylga ten ekendigin bilemiz Bul maglumat bizge galamnyn ozimiz ornalaskan boliginin tarihyn elestetuge mүmkindik beredi Kүn zhүjesinin pajda boluy zhoninde birneshe gipotezalar bar Өtken gasyrda osyndaj gipotezany I Kant usyndy Bul gipotezany P Laplas koldandy Zhakyn arada gana V Fesenkov pen O Shmidtin zhana gipotezalary pajda boldy Bul gipotezalardyn baska gipotezalardan ajyrmashylygy olarga sәjkes planetalar bastapky ystyk komponentterden emes suyk kүjdegi zattardan tүzilgen Shved astrofizigi H Alven usynyp kejin F Hojl zhetildirgen Kүn zhүjesinin pajda boluy gipotezasynyn elektromagnittik varianty kazirgi tanda ken taralgan Kүnnin kozgalysy men ajnaluyKүn oz osin shamamen 27 kүnde bir ret ajnalady Bul ajnalu kүn daktarynyn kozgalysyn bakylau arkyly anyktalgan Kүnnin ajnalu osi Zher orbitasynyn osinen shamamen 7 25 graduska kisajgan sondyktan biz zhyl sajyn kyrkүjekte Kүnnin soltүstik polyusin al nauryzda ontүstik polyusin kobirek koremiz Kүn gaz plazma shary bolgandyktan planetalar men ajlar siyakty katty ajnaluy kazhet emes Shyndygynda Kүnnin ekvatorlyk ajmaktary 24 kүn polyarlyk ajmaktarga 30 kүnnen kop karaganda tezirek ajnalady Bul differencialdy ajnaludyn kozi kүn astronomiyasynyn kazirgi zertteulerinin salasy bolyp tabylady Kүn oz osin ajnalyp kana kojmaj kus zholy galaktikasin 225 million zhylda bir ret ajnalyp shygady kus zholy galaktikasi galaktikalar shogyryn ajnalady planetalar oz osin ajnalumen birge kүndi ajnalyp kozgalys zhasajdy aj da osylarmen uksas oz osin ajnalumen birge zhersharyny ajnalyp kozgalys zhasajdy Zhershary bir sekndta 460 metr zhyldamdykpen oz osin ajnalsa kүndi bir sekundta 30 kilometr zhyldamdykpen ajnalady kүn bolsa kus zholy galaktikasin bir sekndta 220 kilometr zhyldamdykpen ajnalyp kozgalys zhasajdy eken Derekkozder Balalar Enciklopediyasy V tom