Тозаңдану - Гүлдердің ұрықтануы. Аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады.
Дара жынысты гүлдерде аталық гүлден тозаң екінші гүлдің аналық аузына түседі. Одан кейін ол тұқым бүршігіне еніп, спермамен қосылады. Сонда Аналықтың жатыны жеміске айналып, тұқым бүршігі тұқымға айналады. Қос жынысты гүлде барлығы дәл осылай, бірақ аталық та, аналық та бір гүлде болады.
Тозаңдану түрлері
Тозаңданудың екі тәсілі бар:
- өздігінен тозаңдану (автогамия грекше «авто» — өзім) және
- айқас тозаңдану (аллогамия грекше «аллос» — бөтен, басқа).
Өздігінен тозаңдану немесе автогамия – бір өсімдік гүлінің аталық мүшесіндегі тозаң сол гүлдің немесе сол өсімдіктегі басқа гүлдің аналық мүшесіне жеткізіледі. Өздігінен тозаңдану аналық және аталық мүшелері бар өсімдіктерде бар болады, тозаңдану тозаңдандырғыштың көмегінсіз жүреді. Мұндай гүлдерге тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады және олар аналық аузы жағынан ашылады да тозаңдар оған еркін төгіледі. Өздігінен тозаңдану үшін тозаң мен жұмыртқа жасушасы бір мезгілде пісіп жетілуі қажет. Өздігінен тозаңданған гүл өздігінен ұрықтанады Өздігінен тозаңдану көптеген астық тұқымдастарына (бидай, сұлы, арпа), бұршақтар тұқымдасына (үрме бұршақ, ас бұршақ және т.б.) тән. Арпада өздігінен тозаңдану масақтары қынаптан шықпай тұрып, ал көптеген бұршақтар тұқымдасында гүлдері гүл шанағыңда тұрған кезде болады.
Кейбір өсімдіктерде өздігінен ұрықтану ешуақытта ашылмайтын гүлдерде де жүреді. Мұндай гүлдер клейстогамдылар (грекше «клейстос» — жабық) деп аталады. Жержаңғағында, шегіргүлдің кейбір түрлерінің бір талында клейстогамды және хазмогамды (грекше «хасма» — жұтқыншақ, ашылмайтын гүлдер) гүлдер бар. Жұпар шегіргүлдің насекомдармен тозаңданатын көктемгі күлгін гүлдері — хаммогамды, ал сабағының төменгі жағындағы майда, реңсіз жаздық гүлдері — клейстогамды. Клейстогамды гүлдерде тозаң ашылмайтын тозаңқаптарында аз мөлшерде ғана жиналады да, аналық аузымен жанасып жататын тозаң қабында өседі. Өсе келе тозаң түтігі тозаңқабынан аналық мойынына өтеді, одан тұкым бүршігіне жетіп, ұрықтану жүзеге асады және тұқым пайда болады. Жержаңғағында ұрықтанудан кейін аналық тірсегі гинофф тездетіп өсіп жерге қарай иіледі де топыраққа еніп кетеді. Тұқымның және жемістің пайда болуы жер астында аяқталады. Сондықтан арахис (жержаңғағы) деп аталады.
Чарльз Дарвин өсімдіктердің 55 түріндегі клейстогамияны сипаттап жазған. Өздігінен тозаңданудың өсімдіктердің сорттық тазалығын сақтауда маңызы зор.
Айқас тозаңдану немесе сингамия - бір өсімдіктің тозаңы сол түрге жататын екінші бір өсімдіктің аналығына жеткізіледі. Тозаңдандырудың бұл түріне жел су жәндіктер құстар жарқанаттар басқа да жануарлар секілді тозаңдандырғыштардың көмегі қажет. Осындай тәсілмен тозаңданатын өсімдіктер ауруға аз шалдығады. Айқас тозаңдану нәтижесінде дені сау мықты өсімдіктер пайда болады.
Айқас тозаңданудың өздігінен тозаңданудан биологиялық артықшылығы, ол пайда болатын ұрықты физиологиялық қасиеттері және белгілері жағынан екі жақты толықтырады. Соның нәтижесінде түр ішіндегі әр түрлілік және бейімдеушілік эволюциясы артады. Өсімдіктер жел, насекомдар, су, құстар, құмырсқалар арқылы айқас тозаңданады.
Тозаңдадыну түрлері
Тозаңдандыру өсімдіктің гүліндегі тозаңды сол өсімдіктегі басқа гүлге немесе басқа өсімдіктердің гүлдене таситын тозаңдандырғыштардың көмегімен жүреді. Тоздандырудың төрт түрі бар:
- Энтомофилия
- Зоофилия
- Анемофилия: немесе желмен тозаңдандыру
- Гидрофилия: немесе сумен тозаңдану.
Энтомофилия
Энтомофилия — тозаңдандырудың бұл түрінде ара соны құмырсқа көбелек қоңыз шыбын сияқты жәндіктер сияқты жәндіктер тасиды. Насекомдар гүлден шырын, тозаң жинап бір гүлдің тозаңын екінші гүл аналығының аузына тасымалдайды. Сөйтіп өсімдіктерді айқас тозаңдандырады. Кең тараған тозаңдандырушы насекомдар — бал аралары. Насекомдармен тозаңданатын өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктері өте алуан түрлі:
- Насекоммен тозаңданатын өсімдік гүлдерінің гүл серіктері алыстан көрінетіндей ашық түстерге боялады, кейде күлтелері барқыт тәрізді болады.
- Көптеген этномофильді өсімдіктердің гүлінде шырын бөлетін ерекше бездер бар. Ол шырындық гүлде дербес дене түрінде, кейде гүл бөліктерінде қосымша ретінде жетіледі. Шырын бөлетін ұлпа айлаулықтарда күлте түтікшелерінің негізінде, лалагүлділерде аталық жіпшелері мен жатын қабырғаларында, раушангүлділердің гүл табанының айналасында, сол сияқты тегеурін гүлдердің күлте тегеуріндерінде жетіледі. Көптеген өсімдіктердің шырындықтарының пішіні құс тұмсығы тәрізді. Сүттігендердің шырындықтарының құрылысында өзіндік ерекшелік бар. Олар гүл бөліктерінің сырт жағында көлемі едәуір, өзі аласа тостағанша тәрізді. Шырынға бай өсімдіктер балды өсімдіктер деп аталады.
- Насекоммен тозаңданатын өсімдіктер гүлдерінің тозаңқаптары ірі, тозаңдары жабысқақ, бұл ерекшеліктер тозаңның насекомдар денесіне жабысуын жеңілдетеді.
- Көптеген этномофильді өсімдіктердің гүлдері хош иіс беретін эфир майларына бай. Гүл серіктері ашық алуан түсті болып келетін гүлдер насекомдарды жақын жерлерден еліктіретін болса, гүлдің хош иісі алысқа тарап, насекомдарды өзіне тартады.
Зоофилия
Зоофилия — тозаңдандырудың бұл түрінде тозаңды калибри жарқанат ұлу сияқты жануарлар тасиды. Өсімдік түрлерінің өзіне тән хош иісті болады, ол өсімдіктегі эфир майларының құрамына байланысты өзгеріп отырады. Жағымды хош иісті — эфир майларының терпен тобы, жағымсыз иісті индол тобы береді. Жағымсыз иісті гүлдер шыбындар, қоңыздар, тағы басқа насекомдар (ырғай, кирказон, долананың кейбір түрлері және т.б.) арқылы айқас тозаңданады. Тропикте өсетін паразитгі өсімдік Раффлезияның диаметрі 0,5 м-ге дейін жететін ірі ашық қызыл түсті бір гүлі болады. Одан өлексенің иісі шығады, бұл тек шыбынмен тозаңданады.
Кейбір гүлдердің (магнолия) эфир майларының құрамыңда улы заттар болады. Сол сияқты нарғызгүл, цинния және тағы басқа күрделі гүлділер иісі басты ауыртады. Кейбір өсімдік (жұпар темекі) гүлдерінің хош иісі түнге қарай күшті сезіледі.
Табиғатта тозаңдандырушы насекомдар мен тозаңданушы өсімдіктер арасында өзара күрделі бейімдеушіліктер өте жиі кездеседі. Мысалы, інжірдің гүлі бластофага арасымен тозаңданады. Бластофаганың тіршілік циклі інжірдің гүлдеу кезеңімен тікелей байланысты.
Інжір ағашының екі типін ажыратады. Жеміс беретін ағаштарды фигалар деп атайды. Бұларда ұзын мойынды аналық гүлдер жетіледі. Ағаштардың екінші типінде аналық және аталық гүлдерінің екеуі де болады. Олар каприфигалар деп аталады. Каприфигалар — жеміс бермейді, олар фигаларды тозаңмен қамтамасыз етеді. Бластофага каприфигалардың гүл шоғырында көбейеді.
Каприфигалар гүл шоғырында аталық және қысқа мойынды аналық гүлдер болады. Фига гүл шоғырларында ұзын мойынды аналық гүлдері болады да, аталық гүлдері редукцияланады. Каприфигалар аталық гүл шоғырының, ал фигалар аналық гүл шоғырының қызметін атқарады. Інжір гүлдеген кезде бластофага аралары каприфигалар ішіне еніп, қысқа мойынды аналық гүлдердің жатынына жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан личинкалар шығады олардан қанатсыз еркек және қанатты ұрғашы бластофагалар жетіледі. Ұрғашы бластофага ұрықтанғаннан кейін, еркектері өледі, ал ұрғашы ара каприфигалардан сыртқа шығарында аталық гүлдермен жанасып, өздерінің аяқтарына тозаңдар жабыстырып алады. Енді бұлар ұшып шығып басқа каприфигалардың гүл шоғырларының қысқа мойынды гүлдерінің жатынына жұмыртқаларын салады, одан ары араның жоғарыдағы дамуы қайталанады. Осы мерзімге фигалар гүл шоғырындағы ұзын мойынды гүлдер жетіледі. Үстілеріне тозаң жабысқан аралар ұшып келіп фигалар гүл шоғырына енеді де, гүл мойнының ұлпасына жұмыртқаларын салады және гүлдерді тозаңдандырады. Гүл мойнынан жұмыртқалар жатынға жете алмай, сол жерде өледі. Тозаңданып, одан кейін ұрықтанған фига гүл шоғырларының өсінен көп тұқымды етті шырынды салқым жеміс жетіледі. Каприфигаларда дерлік тұқым пайда болмайды.
Сөйтіп араның даму циклі және інжір гүл шоғырының әр түрлі формаларының гүлдеу ырғағы сәйкес келеді.
Орхидейлердің кейбір түрлерінде гүлдерінің тозаңдандырушы насекомдарға ұқсайтындығы байқалады. Мысалы, (Ophrys insectifeza) гүлінің ашық түсті еріні, денесіндегі жолақтары мен дақтары, гүл серіктеріндегі тағы да басқа өзгерістер, сыртқы көрінісі оны насекомдарға (ара, шыбын) өте ұқсас етеді.
Офристің гүлдеу мерзімі оны тозаңдандырушы аталық насекомдардың ұрғашысын іздеп ұшып жүруімен сәйкес келеді. Ұрғашы насекомдар саны көбейген кезде, олардың аталықтары орхидеяларға ұшып келуін азайтады.
Жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдері жануарлар дүниесіндегі насекомдар арқылы ғана емес, омыртқалылар арқылы да, әсіресе құстар, жарқанаттар арқылы тозаңданады. Құстар арқылы тозаңдануды орнитофилия деп атайды. Бұл, әсіресе тропик аймағының өсімдіктеріне тән. Мысалы, Америка тропикасында колибри, Австралияда балсорғыш құстары өсімдіктерді айқас тозаңдандырады. Орнитофильді өсімдіктердің гүлі ашық түсті, құрылымы мықты, серпімді және шырынды болып келеді.
Анемофилия
Анемофилия: немесе желмен тозаңдандыру: бұл жағдайда тозаңды жел тасымалдайды. Қылқан жапырақты ағаштар, амброзия, жапырақты ағаштар желдің көмегімен тозаңданады. Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері реңсіз, майда хош иіссіз, олар шырын бөлмейді. Бұл өсімдіктердің гүл құрылымыңда мына секілді бірсыпыра морфологиялық бейімделушілік байқалады:
- Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте жеңіл, шамалы ауа толқыны арқылы алыс қашықтықка (3—5 км) таралады.
- Тозаңдар тым көп мөлшерде пайда болады да аналық аузына аздап та болса түсу мүмкіндігін арттырады. Мысалы, жүгерінің бір данасында 50 000 000 тозаң дәндері бар.
- Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің басым көпшілігінің гүлдері сырға гүл шоғырын түзеді. Сырға гүл шоғыры төмен қарай иіліп, желге теңселгенде тозаңы ұша бастайды. Сол сияқты кейбір өсімдіктерде, мысалы, қара бидай гүлінің тозаңқаптары ұзын тозаң жіпшелеріне ілініп тұрады да, жел соққанда қозғалып тозаңдарын шашады.
Гидрофилия
Гидрофилия: немесе сумен тозаңдану: тозаңданудың бұл түрінде тозаңдық тұқым судың ағынымен жетеді. Судың көмегімен элодэя,рдест сияқты суда өсетін өсімдіктер тозаңданады. Су арқылы суда өсетін өсімдіктердің гүлі тозаңданады, мұнда өсімдіктердің біразының гүлі суға толығынан батырылып тұрады (мүйіз жапырақ, теңіз шөбі, наяда) ал кейбіреулерінің гүлдері су бетінде орналасады (элодея, су жұлдызы, ширатылған сутаспа). Су өсімдіктерінің дене бөліктерінде, оның ішінде гүлдерінің құрылысында орта жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктер болады. Гүлдері суға батырылып тұратын өсімдіктер гүлінің тозаңқаптарының эндотециі өзгерген немесе мүлде жоқ. Тозаңдарында оны кеуіп кетуден сақтайтын экзина қабықшасы болмайды. Тозаңқаптары көбінесе жіп тәрізді, құрт тәрізді болып келеді, мұндай құрылым тозаңдануды жеңілдетеді.
Көптеген су өсімдіктерінің тозаңдануы суға байланыссыз жүреді. Мысалы, шылаңдарда масақ тәрізді гүл шоғырлары су бетінен жоғары көтеріліп тұрады да, жел арқылы тозаңданады. Сол сияқты өздігінен тозаңданатындары да бар.
Дихогамия.
Өсімдіктердің айқас тозаңдануына олардың кейбіреулерінің гүл құрылысындағы ерекшеліктер себеп болады. Соның бірі — дихогамия, бұл өте кең таралған. Мұнда гүлдердің тозаңқабы мен аналық аузы бір мезгілде пісіп жетілмейді. Гүлдің аталық тозаңдары бұрын пісіп шыкқанымен, аналық аузы кешігіп жетілетіндіктен оны қабылдай алмайды, мұны протерандрия дейді. Ал, керісінше гүл ішіндегі аналық аузы бұрын жетіліп, аталық тозаңының жетілуі кешіксе, оны протерогиния деп атайды.
Протерандрия қалампырлар, казтамақтар, құлқайырлар, күрделігүлділер және көптеген лалагүлділерде жиі кездеседі, ал протерогиния көптеген крестгүлділер, раушангүлділер және қияқөлеңдерге тән.
Гетеростилия.
Кейбір өсімдіктердің бір даналарында ұзын мойынды гүлдер, екіншісінде қысқа мойынды гүлдер жетіледі. Сол сияқты тозаңқаптары да бірінде төмен, екіншісінде жоғары, ал үшіншісінде аналық аузы деңгейінде орналасуы мүмкін. Бұл құбылыс гетеростилия немесе әр түрлі мойындылық деп аталады.
Тозаңдандырғыштар
Тозаңдандырғыштар - бұл тозаң қаптағы тозаңды гүлдің мойыншасына тасымалдаушылар. Ең кемінен тараған тозаңдандырғыштар аралар, олардың тозаңды тасымалдауға арналған себетше деп аталатын арнайы құралдары болады. Олар өздерінің ұрпақтарын тамақтандыру үшін шырын мен тозаңды жинай жүріп, сонымен бірге тозаңды басқа гүлдерге таратады.
Дереккөздер
- Гүлдеу және тозаңдау.
- Гүлдеу және тозаңдау.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Pollination |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tozandanu Gүlderdin uryktanuy Atalyk tozannyn analyk auzyna baryp tүsui tozandanu dep atalady source source source Dara zhynysty gүlderde atalyk gүlden tozan ekinshi gүldin analyk auzyna tүsedi Odan kejin ol tukym bүrshigine enip spermamen kosylady Sonda Analyktyn zhatyny zhemiske ajnalyp tukym bүrshigi tukymga ajnalady Қos zhynysty gүlde barlygy dәl osylaj birak atalyk ta analyk ta bir gүlde bolady Tozandanu tүrleriTozandanudyn eki tәsili bar ozdiginen tozandanu avtogamiya grekshe avto ozim zhәne ajkas tozandanu allogamiya grekshe allos boten baska Өzdiginen tozandanu nemese avtogamiya bir osimdik gүlinin atalyk mүshesindegi tozan sol gүldin nemese sol osimdiktegi baska gүldin analyk mүshesine zhetkiziledi Өzdiginen tozandanu analyk zhәne atalyk mүsheleri bar osimdikterde bar bolady tozandanu tozandandyrgyshtyn komeginsiz zhүredi Mundaj gүlderge tozankaptar analyk auzynan zhogary ornalasady zhәne olar analyk auzy zhagynan ashylady da tozandar ogan erkin togiledi Өzdiginen tozandanu үshin tozan men zhumyrtka zhasushasy bir mezgilde pisip zhetilui kazhet Өzdiginen tozandangan gүl ozdiginen uryktanady Өzdiginen tozandanu koptegen astyk tukymdastaryna bidaj suly arpa burshaktar tukymdasyna үrme burshak as burshak zhәne t b tәn Arpada ozdiginen tozandanu masaktary kynaptan shykpaj turyp al koptegen burshaktar tukymdasynda gүlderi gүl shanagynda turgan kezde bolady Kejbir osimdikterde ozdiginen uryktanu eshuakytta ashylmajtyn gүlderde de zhүredi Mundaj gүlder klejstogamdylar grekshe klejstos zhabyk dep atalady Zherzhangagynda shegirgүldin kejbir tүrlerinin bir talynda klejstogamdy zhәne hazmogamdy grekshe hasma zhutkynshak ashylmajtyn gүlder gүlder bar Zhupar shegirgүldin nasekomdarmen tozandanatyn koktemgi kүlgin gүlderi hammogamdy al sabagynyn tomengi zhagyndagy majda rensiz zhazdyk gүlderi klejstogamdy Klejstogamdy gүlderde tozan ashylmajtyn tozankaptarynda az molsherde gana zhinalady da analyk auzymen zhanasyp zhatatyn tozan kabynda osedi Өse kele tozan tүtigi tozankabynan analyk mojynyna otedi odan tukym bүrshigine zhetip uryktanu zhүzege asady zhәne tukym pajda bolady Zherzhangagynda uryktanudan kejin analyk tirsegi ginoff tezdetip osip zherge karaj iiledi de topyrakka enip ketedi Tukymnyn zhәne zhemistin pajda boluy zher astynda ayaktalady Sondyktan arahis zherzhangagy dep atalady Charlz Darvin osimdikterdin 55 tүrindegi klejstogamiyany sipattap zhazgan Өzdiginen tozandanudyn osimdikterdin sorttyk tazalygyn saktauda manyzy zor Ajkas tozandanu nemese singamiya bir osimdiktin tozany sol tүrge zhatatyn ekinshi bir osimdiktin analygyna zhetkiziledi Tozandandyrudyn bul tүrine zhel su zhәndikter kustar zharkanattar baska da zhanuarlar sekildi tozandandyrgyshtardyn komegi kazhet Osyndaj tәsilmen tozandanatyn osimdikter auruga az shaldygady Ajkas tozandanu nәtizhesinde deni sau mykty osimdikter pajda bolady Ajkas tozandanudyn ozdiginen tozandanudan biologiyalyk artykshylygy ol pajda bolatyn urykty fiziologiyalyk kasietteri zhәne belgileri zhagynan eki zhakty tolyktyrady Sonyn nәtizhesinde tүr ishindegi әr tүrlilik zhәne bejimdeushilik evolyuciyasy artady Өsimdikter zhel nasekomdar su kustar kumyrskalar arkyly ajkas tozandanady Tozandadynu tүrleri Tozandandyru osimdiktin gүlindegi tozandy sol osimdiktegi baska gүlge nemese baska osimdikterdin gүldene tasityn tozandandyrgyshtardyn komegimen zhүredi Tozdandyrudyn tort tүri bar Entomofiliya Zoofiliya Anemofiliya nemese zhelmen tozandandyru Gidrofiliya nemese sumen tozandanu Entomofiliya Entomofiliya tozandandyrudyn bul tүrinde ara sony kumyrska kobelek konyz shybyn siyakty zhәndikter siyakty zhәndikter tasidy Nasekomdar gүlden shyryn tozan zhinap bir gүldin tozanyn ekinshi gүl analygynyn auzyna tasymaldajdy Sojtip osimdikterdi ajkas tozandandyrady Ken taragan tozandandyrushy nasekomdar bal aralary Nasekomdarmen tozandanatyn osimdikterdin bejimdelu erekshelikteri ote aluan tүrli Nasekommen tozandanatyn osimdik gүlderinin gүl serikteri alystan korinetindej ashyk tүsterge boyalady kejde kүlteleri barkyt tәrizdi bolady Koptegen etnomofildi osimdikterdin gүlinde shyryn boletin erekshe bezder bar Ol shyryndyk gүlde derbes dene tүrinde kejde gүl bolikterinde kosymsha retinde zhetiledi Shyryn boletin ulpa ajlaulyktarda kүlte tүtikshelerinin negizinde lalagүldilerde atalyk zhipsheleri men zhatyn kabyrgalarynda raushangүldilerdin gүl tabanynyn ajnalasynda sol siyakty tegeurin gүlderdin kүlte tegeurinderinde zhetiledi Koptegen osimdikterdin shyryndyktarynyn pishini kus tumsygy tәrizdi Sүttigenderdin shyryndyktarynyn kurylysynda ozindik erekshelik bar Olar gүl bolikterinin syrt zhagynda kolemi edәuir ozi alasa tostagansha tәrizdi Shyrynga baj osimdikter baldy osimdikter dep atalady Nasekommen tozandanatyn osimdikter gүlderinin tozankaptary iri tozandary zhabyskak bul erekshelikter tozannyn nasekomdar denesine zhabysuyn zhenildetedi Koptegen etnomofildi osimdikterdin gүlderi hosh iis beretin efir majlaryna baj Gүl serikteri ashyk aluan tүsti bolyp keletin gүlder nasekomdardy zhakyn zherlerden eliktiretin bolsa gүldin hosh iisi alyska tarap na sekomdardy ozine tartady Zoofiliya Zoofiliya tozandandyrudyn bul tүrinde tozandy kalibri zharkanat ulu siyakty zhanuarlar tasidy Өsimdik tүrlerinin ozine tәn hosh iisti bolady ol osimdiktegi efir majlarynyn kuramyna bajlanysty ozgerip otyrady Zhagymdy hosh iisti efir majlarynyn terpen toby zhagymsyz iisti indol toby beredi Zhagymsyz iisti gүlder shybyndar konyzdar tagy baska nasekomdar yrgaj kirkazon dolananyn kejbir tүrleri zhәne t b arkyly ajkas tozandanady Tropikte osetin parazitgi osimdik Raffleziyanyn diametri 0 5 m ge dejin zhetetin iri ashyk kyzyl tүsti bir gүli bolady Odan oleksenin iisi shygady bul tek shybynmen tozandanady Kejbir gүlderdin magnoliya efir majlarynyn kuramynda uly zattar bolady Sol siyakty nargyzgүl cinniya zhәne tagy baska kүrdeli gүldiler iisi basty auyrtady Kejbir osimdik zhupar temeki gүlderinin hosh iisi tүnge karaj kүshti seziledi Tabigatta tozandandyrushy nasekomdar men tozandanushy osimdikter arasynda ozara kүrdeli bejimdeushilikter ote zhii kezdesedi Mysaly inzhirdin gүli blastofaga arasymen tozandanady Blastofaganyn tirshilik cikli inzhirdin gүldeu kezenimen tikelej bajlanysty Inzhir agashynyn eki tipin azhyratady Zhemis beretin agashtardy figalar dep atajdy Bularda uzyn mojyndy analyk gүlder zhetiledi Agashtardyn ekinshi tipinde analyk zhәne atalyk gүlderinin ekeui de bolady Olar kaprifigalar dep atalady Kaprifigalar zhemis bermejdi olar figalardy tozanmen kamtamasyz etedi Blastofaga kaprifigalardyn gүl shogyrynda kobejedi Kaprifigalar gүl shogyrynda atalyk zhәne kyska mojyndy analyk gүlder bolady Figa gүl shogyrlarynda uzyn mojyndy analyk gүlderi bolady da atalyk gүlderi redukciyalanady Kaprifigalar atalyk gүl shogyrynyn al figalar analyk gүl shogyrynyn kyzmetin atkarady Inzhir gүldegen kezde blastofaga aralary kaprifigalar ishine enip kyska mojyndy analyk gүlderdin zhatynyna zhumyrtkalaryn salady Zhumyrtkadan lichinkalar shygady olardan kanatsyz erkek zhәne kanatty urgashy blastofagalar zhetiledi Ұrgashy blastofaga uryktangannan kejin erkekteri oledi al urgashy ara kaprifigalardan syrtka shygarynda atalyk gүldermen zhanasyp ozderinin ayaktaryna tozandar zhabystyryp alady Endi bular ushyp shygyp baska kaprifigalardyn gүl shogyrlarynyn kyska mojyndy gүlderinin zhatynyna zhumyrtkalaryn salady odan ary aranyn zhogarydagy damuy kajtalanady Osy merzimge figalar gүl shogyryndagy uzyn mojyndy gүlder zhetiledi Үstilerine tozan zhabyskan aralar ushyp kelip figalar gүl shogyryna enedi de gүl mojnynyn ulpasyna zhumyrtkalaryn salady zhәne gүlderdi tozandandyrady Gүl mojnynan zhumyrtkalar zhatynga zhete almaj sol zherde oledi Tozandanyp odan kejin uryktangan figa gүl shogyrlarynyn osinen kop tukymdy etti shyryndy salkym zhemis zhetiledi Kaprifigalarda derlik tukym pajda bolmajdy Sojtip aranyn damu cikli zhәne inzhir gүl shogyrynyn әr tүrli formalarynyn gүldeu yrgagy sәjkes keledi Orhidejlerdin kejbir tүrlerinde gүlderinin tozandandyrushy nasekomdarga uksajtyndygy bajkalady Mysaly Ophrys insectifeza gүlinin ashyk tүsti erini denesindegi zholaktary men daktary gүl serikterindegi tagy da baska ozgerister syrtky korinisi ony nasekomdarga ara shybyn ote uksas etedi Ofristin gүldeu merzimi ony tozandandyrushy atalyk nasekomdardyn urgashysyn izdep ushyp zhүruimen sәjkes keledi Ұrgashy nasekomdar sany kobejgen kezde olardyn atalyktary orhideyalarga ushyp keluin azajtady Zhabyk tukymdy osimdikterdin gүlderi zhanuarlar dүniesindegi nasekomdar arkyly gana emes omyrtkalylar arkyly da әsirese kustar zharkanattar arkyly tozandanady Қustar arkyly tozandanudy ornitofiliya dep atajdy Bul әsirese tro pik ajmagynyn osimdikterine tәn Mysaly Amerika tropikasynda kolibri Avstraliyada balsorgysh kustary osimdikterdi ajkas tozandandyrady Ornitofildi osimdikterdin gүli ashyk tүsti kurylymy mykty serpimdi zhәne shyryndy bolyp keledi Anemofiliya Anemofiliya nemese zhelmen tozandandyru bul zhagdajda tozandy zhel tasymaldajdy Қylkan zhapyrakty agashtar ambroziya zhapyrakty agashtar zheldin komegimen tozandanady Zhel arkyly tozandanatyn osimdikterdin gүlderi rensiz majda hosh iissiz olar shyryn bolmejdi Bul osimdikterdin gүl kurylymynda myna sekildi birsypyra morfologiyalyk bejimdelushilik bajkalady Zhel arkyly tozandanatyn osimdikterdin tozandary ote zhenil shamaly aua tolkyny arkyly alys kashyktykka 3 5 km taralady Tozandar tym kop molsherde pajda bolady da analyk auzyna azdap ta bolsa tүsu mүmkindigin arttyrady Mysaly zhүgerinin bir danasynda 50 000 000 tozan dәnderi bar Zhel arkyly ajkas tozandanatyn osimdikterdin basym kopshiliginin gүlderi syrga gүl shogyryn tүzedi Syrga gүl shogyry tomen karaj iilip zhelge tenselgende tozany usha bastajdy Sol siyakty kejbir osimdikterde mysaly kara bidaj gүlinin tozankaptary uzyn tozan zhipshelerine ilinip turady da zhel sokkanda kozgalyp tozandaryn shashady Gidrofiliya Gidrofiliya nemese sumen tozandanu tozandanudyn bul tүrinde tozandyk tukym sudyn agynymen zhetedi Sudyn komegimen elodeya rdest siyakty suda osetin osimdikter tozandanady Su arkyly suda osetin osimdikterdin gүli tozandanady munda osimdikterdin birazynyn gүli suga tolygynan batyrylyp turady mүjiz zhapyrak teniz shobi nayada al kejbireulerinin gүlderi su betinde ornalasady elodeya su zhuldyzy shiratylgan sutaspa Su osimdikterinin dene bolikterinde onyn ishinde gүlderinin kurylysynda orta zhagdajyna bajlanysty ozindik erekshelikter bolady Gүlderi suga batyrylyp turatyn osimdikter gүlinin tozankaptarynyn endotecii ozgergen nemese mүlde zhok Tozandarynda ony keuip ketuden saktajtyn ekzina kabykshasy bolmajdy Tozankaptary kobinese zhip tәrizdi kurt tәrizdi bolyp keledi mundaj kurylym tozandanudy zhenildetedi Koptegen su osimdikterinin tozandanuy suga bajlanyssyz zhүredi Mysaly shylandarda masak tәrizdi gүl shogyrlary su betinen zhogary koterilip turady da zhel arkyly tozandanady Sol siyakty ozdiginen tozandanatyndary da bar Dihogamiya Өsimdikterdin ajkas tozandanuyna olardyn kejbireulerinin gүl kurylysyndagy erekshelikter sebep bolady Sonyn biri dihogamiya bul ote ken taralgan Munda gүlderdin tozankaby men analyk auzy bir mezgilde pisip zhetilmejdi Gүldin atalyk tozandary buryn pisip shykkanymen analyk auzy keshigip zhetiletindikten ony kabyldaj almajdy muny proterandriya dejdi Al kerisinshe gүl ishindegi analyk auzy buryn zhetilip atalyk tozanynyn zhetilui keshikse ony proteroginiya dep atajdy Proterandriya kalampyrlar kaztamaktar kulkajyrlar kүrdeligүldiler zhәne koptegen lalagүldilerde zhii kezdesedi al proteroginiya koptegen krestgүldiler raushangүldiler zhәne kiyakolenderge tәn Geterostiliya Kejbir osimdikterdin bir danalarynda uzyn mojyndy gүlder ekinshisinde kyska mojyndy gүlder zhetiledi Sol siyakty tozankaptary da birinde tomen ekinshisinde zhogary al үshinshisinde analyk auzy dengejinde ornalasuy mүmkin Bul kubylys geterostiliya nemese әr tүrli mojyndylyk dep atalady TozandandyrgyshtarTozandandyrgyshtar bul tozan kaptagy tozandy gүldin mojynshasyna tasymaldaushylar En keminen taragan tozandandyrgyshtar aralar olardyn tozandy tasymaldauga arnalgan sebetshe dep atalatyn arnajy kuraldary bolady Olar ozderinin urpaktaryn tamaktandyru үshin shyryn men tozandy zhinaj zhүrip sonymen birge tozandy baska gүlderge taratady DerekkozderGүldeu zhәne tozandau Gүldeu zhәne tozandau Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category PollinationBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet