Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.
Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болады. Маңғыстауды, сондай-ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Қорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшаққа орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығаяды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болады. «Ұлық ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абарханның ұрпағы саналады. Демек, Абархан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты қыпшақтар арасындагы Табархан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табархан жөнінде ешқандай қосымша мәлімет келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, мен - бір адам. Осыны негізге ала отырып, Табархан (немесе Абархан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан әскерін басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінген. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілген, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсететін және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болатын. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, юғұрлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінетін. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болған.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отыратын. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі — оларда байланыс желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI—XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең- байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.
Әлеуметтік және сословиелік жағы
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардагы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар-жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ак, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ен құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген ерекшеліктерін басқа халыктармен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе хорезм шахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді. Салжұқтар әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
XI ғасырдың екінші ширегінде хорезмшахтар салжұктардың өктемдігіне қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең келемде тартты. 1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдык әскерін талқандады. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларынын бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Осы тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алқабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридың айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып кеткен.
XI ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен тайпаларынын жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Манғыстауға қайтуға мәжбүр етті.
Тайпалық және этникалық құрамы
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған « деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.
Қыпшақтардың Қазақстан аумағы
Қыпшақтардың Қазақстан аумағындағы көшіп жүретін аймағы Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында болды. Маңғыстау мен Үстірттегі қыстауларынан қыпшақ рулары жаздыгүні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларына кететін, Каспий теңізінің солтүстік жаға- лауынан жаздыгүні Еділ, Бала және Үлкен өзендерінің аңғарлары мен тауының етегіне көшіп баратын. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (қимақтар) жинақы мекендеді, Арал өңірінде адам саны көп қанды тайпалары орналасты, ал Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары қоныстанды.
Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанда оғыз және печенег тайпаларынын қалған топтары мекендеді, Сырдарияның төменгі ағысымен Маңғыстауда — түрікмендердің жекелеген топтары, этникалық жер аумағының шығысында наймандар, керейлер мен арғындар көшіп жүрді, ал Қазақстанның оңтүстігін көшпелі және жартылай көшпелі имек, қарлұқ, жікіл, ұран, қай тайпаларынын өкілдері мекен етті.
« бұл тұлғаға қатысты шежіре бар: Қыпшақтар |
Қазақ қыпшақтары
- құлан қыпшақ: Пұсырманқұл, Қайдауыл, Қырымқожа, Бұғаз.
- сарықыпшақ
- қарақыпшақ
Шаруашылығы
Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді.
Сілтемелер
- Қыпшақ рулары құрамы туралы сұрақнама
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қypshak kazak halkynyn baska da birkatar tүrki halyktarynyn negizin kuragan ezhelgi tajpa orta gasyrlarda Orta Aziya men Shygys Europany mekendegen asa iri ulystardyn biri Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy Қypshak atauy ezhelgi tүrkinin Shina Usu eskertkishinde algash kezdesedi kazaksha Қypshaktanu Makmut Қashkari enbegi bojynsha 9 g dagy Қypshaktardyn kuramyna imak subar kanly karaborikti toksaba zhete borili t b rular men tajpalar engen Қypshak Tүrki kagandygy ydyragannan kejin algashynda Қimak kagandygynyn kuramynda bolyp 11 gasyrda bolinip shykkan Қypshak handygy tez arada kүshejip Қypshak Orta Aziya men Shygys Europaga tarala bastady Shyngys han imperiyasynyn batys boligindegi Zhoshy ulysyn Altyn Orda tarihshylar Deshti Қypshak dep atady 13 14 gasyrlarda Қypshak sozi zhalpy tүrki ugymyn almastyryp Altyn Ordadagy saudagerler үshin kypshak sozdigi Kodeks Kumanikus shygaryldy Altyn Orda ydyragannan kejin Қypshak koptegen ulystarga bolinip ketti Bir boligi Қazak handygynyn kuramyna kirdi N A Aristov kazak halkynyn kuralu kezinde koldenen uzyn tanabuga karabalyk t b Қypshak rulary bolgan dep korsetse V V Radlovtyn ajtuynsha ol kezde Қypshak tajpasy kuramynda torajgyr tүjshike kytajkypshak bultyn karabalyk koldenen tanabuga uzyn kokmuryn rulary bolgan Қazak shezhirelerinde 92 bauly Қypshak dep atalady birak eshkajsysynda onyn barlygy birdej taratylmajdy Shezhire bojynsha Қypshaktardyn osip onui tomendegishe sipattalady Қypshaktardan aktamsopy odan kulan kytaj odan sүlimalyp odan kebekalyp odan mүjizdi saryabyz Mүjizdi saryabyzdan kytaj kypshak karakypshak sarykypshak kulankypshak tarajdy Қazak kuramyna engen Қypshak shezhiresi bojynsha karakypshaktyn iri iri bes atasyna uzyn bultyn koldenen karabalyk tory bolinedi Қypshak dalasy Birkatar galymdar Aristov G E Grum Grzhimajlo L N Gumilev t b Қypshaktardyn syrt pishini әuelde europalyktarga uksas boldy degendi ajtady Қazakstanda zhүrgizilgen antropologiyalyk zertteuler orta gasyrlarda Қypshak mekendegen zherlerde mongoldyk zhәne eur nәsilder aralas konystangandygyn korsetedi Sondaj ak shezhirelerde keltirilgen kytaj kypshak atauy da ezhelgi zamandarda Қytajmen korshiles otyrgan Қypshaktardyn atauy boluy da mүmkin Қarakypshaktan taragan Қobylandy batyr 15 gasyrda koshpeli ozbek memleketin bilegen Әbilhajyr hannyn zamandasy retinde sipattalady Қaj onirdi zhajlasa da Қypshak belgili bir halyktyn әr tүrli toby esebinde gana koringen birak bir tilde sojlep bir tektes bolgan Қypshak kazaktan baska da tүrki halyktarynyn kyrgyz ozbek karakalpak tatar bashkurt nogaj karashaj Әzirbajzhan tүrkimen balkar t b ult bolyp kalyptasu barysynda eleuli rol atkardy Қazak halkynyn kuramyna engen Қypshak negizinen Syr bojyn Arka onirin Soltүstik Batys Қazakstan Akmola Қostanaj Torgaj aumagyn mekendedi Қypshaktardyn urany Ojbas tanbasy eki tik syzyk II kos әlip Euraziya Euraziyadagy kypshaktardyn shekarasy XIg sony XIIg basy Қypshaktar XI gasyrdyn basynda buryngy kimak kypshak zhәne kuman tajpalary konystangan aumakta әskeri sayasi үstemdik kypshak handarynyn kolyna koshti Қypshaktardyn bilik basyna kelgen bileushi әulettik shonzharlary ontүstik zhәne batys bagyttarda belsendi kimyl zhasaj bastady munyn ozi olardy Orta Aziya men memleketimen tikelej belsendi karym katynas ornatuga zhetkizdi XI gasyrdyn ekinshi shireginde kypshaktardyn әskeri tajpalyk shonzharlary Syrdariyanyn tomengi zhәne ortangy angarynan Aral oniri men Kaspij oniri dalalarynan ogyz zhabygularyn ygystyruyna ekonomikalyk ta sayasi sebepter de bolgan edi Sayasi faktor en aldymen XI gasyrdyn bas kezinde Ortalyk Aziya tajpalarynyn batys bagytynda kozgaluyna ulaskan syrtky okigalarga bajlanysty bolatyn Sonymen birge kypshaktardyn ozin әzi bileuge zhәne oz memleketin kuruga umtylgan әulettik toptardyn ortalyktan aulaktau sarynynyn manyzy az bolgan zhok XI gasyrdyn birinshi zhartysynda kүshejgen kypshak tajpalarynyn kosemderi teginde zhajylymdyk zherlerdin tapshylygyna ushyrap sonymen katar Edil bojy Үstirt zhәne Syrdariyanyn tomengi agysy arkyly otetin asa manyzdy sauda zholdaryn oz bakylauyna aluga umtylgan bolsa kerek Aziyany Europamen zhalgastyryp zhatkan zholdyn bul telimi manyzdy bayu zholdarynyn biri retinde mejlinshe kazhetti bolatyn Қypshaktar biliginin Aral oniri men Syrdariya bojyndagy ajmaktarga taraluyna bajlanysty etnikalyk sayasi zhagdajdyn ozgeruine karaj XI gasyrdyn 2 shireginin basynda Ogyzdar dalasy Mafazat әl guzz degen ataudyn ornyna Қypshaktar dalasy Deshti Қypshak degen atau pajda bolady Mangystaudy sondaj ak ogan zhapsarlas zhatkan ajmaktardy karatyp algan kypshaktar Қorezmnin soltүstik shegine zhakyndap keldi Sol arkyly kypshaktardyn sayasi ykpaly edәuir kenejdi XI gasyrdyn ortasynda kumandardyn negizgi bukarasy men bileushi toksoba zhәne burzhogly rularynyn kol astyndagy kypshak tajpalarynyn үlken toptary ontүstik orys zhәne Қara teniz oniri dalalary men Vizantiya shekaralaryna dejin konys audargan Osy okigalardyn nәtizhesinde kypshak tajpalarynyn zheri etnoaumaktyk eki birlestikke Edil ozeni bolip zhatkan Shygys kypshak zhәne Batys kypshak birlestikterine bolinedi Қazirgi Қazakstan aumagynyn kop boligi Shygys kypshak ulysy hanynyn biliginde bolgan Қypshak handygynyn sayasi negizderi kypshak zhәne kuman tajpalarynyn edәuir toptarshyn Shygys Deshti Қypshakka ortalyktan aulaktau nietterimen zhasagan konys audaruynan kejin XI gasyrdyn orta sheninde edәuir nygayady XI gasyrdyn ekinshi zhartysynan XII gasyrdyn birinshi үshten birine dejin kypshak handarynyn sayasi birliginde de birshama turaktylyk bajkalady solardyn ishinen derektemelerde en eleuli eki bileushi kudiretti bileushi zhәne en үlken kurmetke ie patsha bolip ajtylady Bul ajtylgandar kypshaktardyn etno әleumettik kauymynda erekshe ykpaly bar bilik ieleri zhogargy handar bolgan dep sanauga mүmkindik beredi Қypshak handarynyn biligi әkesinen balasyna muraga kalyp otyrgan Elborili әulettik ru sanalgan handar solardan shykkan Tarihshy 1260 zhyldan kejin kajtys bolgan kypshak hanynyn әleumettik ruy turaly mynadaj kundy mәlimetter keltiredi zhas kezinde Қazakstan aumagynan Үndistanga mongoldardan kashyp bargan uly hannyn askan uly ulygy Deli sultanatynda ol Elbori hany zhәne imekterdin shahy retinde belgili bolady Ұlyk hannyn әkesi de dep zhazady odan әri Dzhuzdzhani Elbori tajpasynyn arasynda kүshti kisi bolgan zhәne han atagymen atalgan al onyn atasy Elbori Abarhannyn urpagy sanalady Demek Abarhan kypshaktardyn әulettik elbori elborili ruynyn genealogiyalyk negizin kalaushydan baska eshkim de emes Osygan bajlanysty kypshaktar arasyndagy Tabarhan esimdi tulga turaly mәlimeti nazar audartady Alajda ol Tabarhan zhoninde eshkandaj kosymsha mәlimet keltirmejdi Al barlyk zhagynan alyp karaganda men bir adam Osyny negizge ala otyryp Tabarhan nemese Abarhan XI XIII gasyrdyn basyndagy Қypshak handary әuletinin algashky atasy bolgan deuge bolady Orda dep atalgan han ordasynda hannyn mal mүlki men han әskerin baskargan hannyn baskaru apparaty ornalasty Әskeri әkimshilik zhagynan Қypshak handary ertedegi tүrikterdin dәstүrlerin ustanyp eki kanatka ordasy Zhajyk ozeninde Sarajshyk kalasy ornynda ornalasuy yktimal on kanatka zhәne ordasy Syganak kalasynda Syrdariyada ornalaskan sol kanatka bolingen Negurlym kүshtisi on kanat boldy Durysyna kelgende handyktyn ortalygy Torgaj dalalarynda bolsa kerek Әskeri ujym men әskeri әkimshilik baskaru zhүjelerine erekshe mәn berilgen ojtkeni olar keshpeli turmystyn ereksheligin korsetetin zhәne koshpeli tirshilik әdisi үshin en tabigi zhәne kolajly bolatyn Үstemdik etken aksүjek toptarynyn katan ierarhiyalyk zhүjesi handar tarhandar yugurlar baskaktar bekter bajlar ajkyn korsetildi sonymen katar rular men tajpalar da ozderinin әleumettik manyzy zhagynan bolinetin Ortalyk Aziyanyn koshpeli memleketterinde rular men tajpalardyn katan ierarhiyasy kogamdyk zhәne memlekettik damudyn negizgi principi bolgan Қypshak handygynda memlekettik ister zhүrgizilip aksүjekter korshiles zhәne alystagy elderdin bileushilerimen hat zhazysyp otyratyn Zhazba derekterde kytaj үndi ujgyr gulamalary men danyshpandary katarynda kypshaktan shykkan okymystylar da atalady Қypshaktardyn musylman dinine tartyluy olardyn mәdeni әleumettik damuynyn zhogary dengejin korsetedi Қogamy orkenietinin ozindik ereksheligiҚypshak koshpeli kogamy orkenietinin ozindik ereksheligi olarda bajlanys zhelisinin ote zhetildirilgendigi bolyp tabylady Қypshaktar elinde koldanylgan kommunikaciyalyk bajlanystar zhүjesi sol kezdin tehnikalyk progresinin en zhogargy talaptaryna saj keletin Osygan bajlanysty XI XIII gasyrdyn basyndagy kypshaktardyn etnikalyk aumagynyn ken bajtak kenistigi olardyn kogamynyn kommunikaciyalyk mүmkindikterine sәjkes bolganyn atap otu zhetkilikti Әleumettik zhәne soslovielik zhagyҚypshak kogamy әleumettik zhәne soslovielik zhagynan ten bolgan zhok Negizgi tensizdik malga zheke menshik edi Zhylky basty bajlyk sanaldy Orta gasyrlardagy avtorlardyn habarlaganyndaj kypshaktar elinde koptegen adamdar birneshe myn zhylky al olardyn kejbireuleri on myn zhәne odan da kop үjirli zhylkyny ielengen Қypshak tajpalarynyn koship konuy tez malshy toptary zhүzdegen al kejde mynnan da astam shakyrym zherge koship zhүrdi Olardyn koshetin aumagy tarihi dәstүrlerge bajlyk dәrezhesine zhәne tabigat zhagdajlarynyn sipatyna karaj әr tүrli bolyp otyrdy Negizgi zhajylymdardyn orny men koshu zholdary san gasyrlyk tәzhiribe urpaktardyn bojynda kalyptasty Osygan bajlanysty otan etnikalyk aumak ugymyna zhajylymdyk zher zhajlau zhәne kystau ugymdary arkyly oj zhүgirtuge bolady Turakty koshu zholdaryn eleuli ekonomikalyk әleumetgik nemese sayasi sebepter gana ozgerte alatyn Koshu zholdary men zhajylymdardy bolu kogamnyn kalypty tirshiligin kamtamasyz etken zhajylymdyk koshpeli zhүjenin negizgi sharty boldy Mal urlau katan zhazalandy dagdyly kukyktyn tore ornykkan normalary bojynsha zhazalandy dep esepteldi Zheke menshiktegi malga rulyk tajpalyk belgiler tanbalar salyndy Malynan ajyrylgan demek koshu mүmkindigin zhogaltkan erkin kauym mүshesi otyrykshy turgyndar zhataktar yatuktar kataryna otti Kedej yatuktar zhetkilikti molsherde mal pajda bolysymen ak ol kajtadan koshpeli sharuashylykka auysyp otyrdy Қypshak kogamynda en kukyksyz top sogys tutkyndary esebinen tolyktyrylyp otyratyn kuldar boldy Etnikalyk aumak shepterinin koptegen erekshelikterin baska halyktarmen etnikalyk sayasi karym katynastar anyktady Қypshak handary Orta Aziya memleketterimen әsirese horezm shahtarmen erekshe tabandy kүres zhүrgizdi Egemendikti tanu әdette vassaldardyn bileushilerge adaldykka ant berip alym toleuinen onyn sogys zhoryktaryna oz koldarymen katysuynan korindi Salzhuktar әskerinin kuramy kobinese kypshak kosemderi bastagan tajpalyk toptarmen tolyktyrylyp otyrdy XI gasyrdyn ekinshi shireginde horezmshahtar salzhuktardyn oktemdigine karsy kypshak zhәne ogyz tajpalarynan turatyn әsker koldaryn kyzmetke ken kelemde tartty 1065 zhyly salzhuktardyn bileushisi Alyp Arslan horezmshahtardy bagyndyryp kypshaktarga karsy Mangystauga zhoryk zhasady onda kypshaktardyn zhaksy bekingen kamaly ornalasty Қypshaktardy bas idiruge kondirgen Alyp Arslan ogyzdardyn shagrak tajpasyna shabuyl zhasap olardyn 30 myndyk әskerin talkandady Osydan kejin salzhuk sultany Zhent pen Sauranga zhoryk zhasady Osy sogys naukanynyn nәtizhesinde kypshak tajpalarynyn bir boligi uakytsha Horasan salzhuktaryna tәueldilikke tүsti Osy tajtalastar barysynda kypshaktar ogyz salzhuktardyn alkabulak tajpasyn tutkynga alsa kerek birak songylary Mahmud Қashgaridyn ajtuynsha olardan kudajdyn komegimen kutylyp ketken XI gasyrdyn songy shireginin ayagynda Mangystauda zhәne Kaspij tenizinin shygys zhagalauynda buryngysynsha kypshaktar bilik zhүrgizdi olarga ogyz zhәne tүrikmen tajpalarynyn zhekelegen toptary sayasi zhagynan tәueldi boldy 1096 zhyly kudiretti han bastagan kypshak birlestiginin tajpalary Horezmge zhoryk zhasady Alajda horezmshahtardyn kamkorshylary salzhuktar olardy Mangystauga kajtuga mәzhbүr etti Tajpalyk zhәne etnikalyk kuramyXI gasyrdyn birinshi zhartysynan XIII gasyrdyn basyna dejin kypshak etnikalyk kauymdastygynyn kalyptasuy damudyn sapalyk zhana kezenine ayak basady munyn ozi en aldymen olardyn zherinde kypshak handary kүsh kuatynyn artuyna bajlanysty edi al olardyn biligin oz memleketi shenberinde kүshti әulettik elborili ruy zandastyrdy XI gasyrdyn orta sheninde kypshak zhone kuman tajpalary batyska karaj kozgala bastady XI gasyrdyn ekinshi zhartysynda ontүstik orys dalalary sheginde bolgan sayasi zhәne etnografiyalyk ozgeristerdi parsy tarihshysy Hamdallah Kazvini atap otken onyn mәlimetteri bojynsha Deshti Қypshak degen Deshti Hazardyn nak ozi X gasyrda ontүstik orys dalalary retinde belgili bolgan Kumandar 1055 zhyldan bastap ertedegi orys zhylnamalarynda ajnytpaj audarylgan degen atpen kezdesedi Barlyk zhagynan alyp karaganda polovecter terminin eki magynada dәl kumandardy bildiretin nakty zhәne bүkil kypshak tajpalary birlestigine koldanylgan ken kolemdegi magynada tүsinu kerek Alajda zhylnamalarda bul magynalary azhyratylmagan Қypshaktardyn etnikalyk zher aumagy Қypshaktardyn etnikalyk zher aumagynyn kalyptasu үrdisi etnostyn negizgi konystangan ajmagynyn anyktaluymen mejlinshe tikelej bajlanysty Қimak kaganynyn kol astynda bolgan ken bajtak zher XI gasyrdyn basynda әulettik elbori ruynan shykkan handar bastagan kypshak shonzharlarynyn kolyna tolyk koshti Қimak tajpalary shygysynda Altaj men Ertisten batysynda Edil men Ontүstik Oralga dejingi soltүstiginde Қulyndy dalasynan ontүstiginde Balkash koli men Zhongar Alatauyna dejingi ken bajtak zherdi alyp zhatkany mәlim Қypshak handary sayasi dәuirleuimen kosa kabat ontүstik bagytta ilgerilep Syrdariyanyn orta zhәne tomengi ajmagyn Aral zhәne Kaspij oniri dalalaryn Қypshak handygynyn kol astyna karatty Қypshak aksүjekteri Syrdariya bojy kalalarynyn bileushilerine ajnaldy Қypshaktardyn Қazakstan aumagyҚypshaktardyn Қazakstan aumagyndagy koship zhүretin ajmagy Esil men Tobyl Nura Elek pen Sarysu bojynda boldy Mangystau men Үstirttegi kystaularynan kypshak rulary zhazdygүni Zhem Sagyz Ojyl Қobda Zhajyk ozenderinin angarlaryna ketetin Kaspij tenizinin soltүstik zhaga lauynan zhazdygүni Edil Bala zhәne Үlken ozenderinin angarlary men tauynyn etegine koship baratyn Arab geografy әl Omaridin derekteri kypshaktardyn tarihi kalyptaskan koshu zholdary bolganyn dәleldejdi Қypshaktardyn handary kysty Sarajda otkizedi al zhajlaulary bir kezdegi Turan zhajlaulary siyakty Oral taulary ajmagynda Қypshak tajpalarynyn birkatar rulary Aral oniri men Syrdariya bojyndagy ajmakta kystap zhaz kezinde soltүstikke Қazakstannyn ortalyk audandaryna ketip otyrgan Birak barlyk zherde birdej halyktyn kopshiligi bolgan zhok Mәselen Ertiste imekter kimaktar zhinaky mekendedi Aral onirinde adam sany kop kandy tajpalary ornalasty al Zhajyk pen Edil arasynda kuman tajpalarynyn edәuir toptary konystandy Қypshaktarmen birge Batys Қazakstanda ogyz zhәne pecheneg tajpalarynyn kalgan toptary mekendedi Syrdariyanyn tomengi agysymen Mangystauda tүrikmenderdin zhekelegen toptary etnikalyk zher aumagynyn shygysynda najmandar kerejler men argyndar koship zhүrdi al Қazakstannyn ontүstigin koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli imek karluk zhikil uran kaj tajpalarynyn okilderi meken etti bul tulgaga katysty shezhire bar ҚypshaktarҚazak kypshaktary kulan kypshak Pusyrmankul Қajdauyl Қyrymkozha Bugaz sarykypshak karakypshak karabalyk Қydyrbaj Қarsak Қarta Zhantiles Shumanak Tanabuga koldenen Koldenen Alataj Қyzhyk Bylgashy Shandayak Kokkoz Taskor Aryk Nausha Mimyk bultyn Bibolat Agys Shuak uzyn Altybas Kүleke Қulshyn Altys Қaz Kelel Kenzhebaj tory kitaba tүjishke kokmuryn shashtySharuashylygyҚypshaktardyn negizgi sharuashylyk kәsibi mal sharuashylygy boldy Orta gasyrlardagy zhazbasha derektemelerden kypshaktardyn zhylky koj siyr ogiz tүje osirgenin bilemiz Қypshaktar malynyn kuramynda kysta zhayuga negurlym bejimdelgen zhylky men koj basym boldy Olardyn mal sharuashylygynda et pen maj koryn tez toltyratyn koj sharuashylygynyn zor manyzy boldy Sondaj ak kojdyn zhүni men terisinen zhyly kiim dajyndaldy Қypshaktar kojdyn eki tukymyn osirgen Olar dyn edәuir boligi kishkene kujrygy bar birak uzak keshuge ote bejimdelgen koj bolgan Sonymen birge kujrykty koj da osirgen olar koktem aldyndagy zhemshop zhetkiliksizdigine birshama zhaksy tezetin edi SiltemelerҚypshak rulary kuramy turaly suraknamaDerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet