Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың ақыры – XI ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.
656 жылы Батыс Түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, IX ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, VIII-IX ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғасырдың ақыры мен X ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (IX ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
Қимақ мемлекетінің құрылуы
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардың мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
Этникалық және тайпалық құрамы
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады
Саяси тарихы
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас тұстары өте көп.
Жазуы
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.
Шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Қимақ мемлекетінің құлауы
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
Дереккөздер
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3
- “Тараз энциклопедиясы”
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қimak Kimek kaganaty Shygys zhәne Ortalyk Қazakstanda IX gasyrdyn akyry XI gasyrdyn basynda bolgan ertedegi memleket Қimak kaganaty Memlekettin ortalygy Ertistin orta alabynda bolgan Қimaktar VII gasyrda Altajdyn soltүstigine Ertis zhagalauyna ornalasyp kuramyna kirgen VIII gasyrda kimak tajpalary Ertistin orta agysyn mekendedi IX gasyrdyn algashky zhartysynan Zhetisudyn soltүstik batysyndagy Alakol ajmagyna konystana bastady Olardyn batys shekarasy Ontүstik Oraldyn shygys boligi men Aral zhagalaularyna dejin zhetti X gasyrdyn ortasynda kimaktar shygystan batyska karaj ojysty Olar Ontүstik Oral tauynyn ontүstik zhәne ontүstik batys bokterinde Kaspij zhagalauynda koship konyp zhүrdi X gasyrdyn akyrynda kimaktardyn bir toby Syrdariya zhagalauyna karaj zhylzhyp Tүrkistannyn musylman oblystarymen aralasty XI gasyrda Ortalyk Aziya tajpalarynyn batyska karaj ojysuy nәtizhesinde kimaktardyn ornalasu kartasy ozgerdi Mahmut Қashkaridyn imaktar kimaktar turaly derekteri XI gasyr osy uakytka sayady Diuani lugat at tүrkte berilgen kartada imaktar ozderi bir tutas top bolyp turgan Ertistin zhagalauyndagy zherlerde gana korsetilgen 656 zhyly Batys Tүrik kagandygy taragannan kejin kimaktar oz aldyna bolinip shykty 840 zhyly Turfan kagandygy ydyragannan kejin onyn kuramyndagy ejmur bayandur tatar tajpalary kimaktarga kosyldy Қimak tajpalary federaciyasynyn kalyptasuy osy kezge saj keledi Gardizidin bayandauynsha kimaktardyn tajpalyk odagy algashynda zheti tajpadan ejmur imak tatar bayandur kypshak lanikaz azhlad tajpalarynan kurylgan Shamamen IX gasyrdyn ortasy men akyrynda kimaktar ogyz kosemderine kangar pecheneg tajpalary mekendegen Syrdariya alaby men Aral zhagalaularyn zhaulap aluga belsendi komek korsetti Қimaktar togyz ogyz zhәne Enisejdegi Қyrgyz memleketterine әskeri zhorykka shygyp VIII IX gasyrlardyn ekinshi zhartysynda Ortalygy Ertisten Zhongar kakpasyna dejingi ajmakka bekinip aldy Sojtip Қimak memleketinin kuryluyna kadam zhasaldy Қimak kaganaty turaly algashky derekter IX gasyrdyn akyry men X gasyrdyn bas kezindegi arab tilderindegi tarihi geogr shygarmalarda kezdesedi Tүrkistan men tүrikter dep zhazady әl Yakubi IX gasyr birneshe halyktar men memleketke bolinedi sonyn ishinde karluktar togyz ogyzdar kimaktar zhәne ogyzdar bar Tүrikterdin әr tajpasy zheke memleket zhәne birimen biri sogysyp turady Қimak kaganaty kurylgan kүnnen bastap olardyn patshalary en zhogargy tүrik atagymen hakan nemese kagan dep ataldy Ol zhabgu atagynan eki dәrezhe zhogary Қimak kaganaty үlestik tajpalyk kurylymda boldy Eldi hakan men onyn ajmaktardagy on bir murageri әmir biledi El bileushileri bir zhagynan әskeri kosemder boldy da hakannan tiisinshe үles aldy Әrbir ielikter hakanga belgili kolemde әsker berip turdy Bul memlekette salyk zhinalgan kone tүrki zhazuy bolgan Қimak memleketinin kuryluyVIII gasyrdyn ekinshi zhartysy IX gasyrda kaulagan okigalar Қimaktardyn memlekettik ujymdarynyn damuyna tүrtki boldy bul okigalar barysynda kimak tajpalary Ertistin orta agysynan Zhongar kakpasyna dejingi aumakta berik irge teuip batyska karaj Ontүstik Oral men Syrdariya angaryna dejin ilgerilep bardy Қimaktarda memleket bolgany turaly algash ret IX gasyrdyn ayagy X gasyrdyn basyndagy arab tildi tarihi geografiyalyk shygarmalarda ajtylady Mәselen IX gasyrdagy tarihshy әri geograf oz habarlarynda ken bilimdarlygymen zhәne birshama zhogary dәldigimen erekshelenetin әl Yakubi kimaktar men baska da tүrki tildes halyktardyn memlekettiligi turaly bylaj dejdi Tүrkistan men tүrikter birneshe halyktar men memleketterge mamalik sonyn ishinde karluktar togyz guzdar kimaktar zhәne ogyzdar bolyp bolinedi Tүrikterdin әr tajpasynda zheke memleketi bar zhәne olar bir birimen sogysyp zhatady Ibn әl Fakihte X g kimaktar turaly kyzykty mәlimetter bar ol barlyk tүrikterdin en kүshtileri ogyzdardyn togyz guzdardyn zhәne kimaktardyn patshalary bar dep zhazady Al klassikalyk arab geograftary әl Istahri men Ibn Haukal tүrikterdin zherinde olardyn tajpalary oz memleketterine sәjkes erekshelenedi dep habarlajdy Қimak bileushisi edәuir kudiretti bolgan IX gasyrdyn ayagy X gasyrdyn basynda Қimak kaganaty kalyptaskan uakyttan bastap olardyn patshasy tүrikterdin en zhogary atagymen kagan hakan dep atala bastady Қagan tүrikterdin en basty patshasy Қagan handardyn hany yagni parsylardyn shahanshah dejtini siyakty basshylardyn basshysy dejdi X gasyrdagy orta aziyalyk galym әl Horezmi Қagan atagy yabgu atagynan eki saty zhogary turgan Sonymen kimak kogamynyn tajpadan memlekettik kurylymga dejingi әleumettik zhәne sayasi damuyna karaj olardyn basshylary ataktarynda da tomengi satydan zhogary satyga dejin birtindep koshu zhүrip zhatty Salystyru turgysynan alganda ertedegi tүrikterdin shonzharlaryna mynadaj dәrezhe satylary shad yabgu үly shad kishi kagan uly kagan ataktary tәn bolgan Korinip otyrganyndaj kimaktar men ezhelgi tүrik ataktarynyn arasynda bajlanys bary dausyz zhәne olar kimaktar ortasy men ezhelgi tүrikterdin tүpki otany arasyndagy sabaktastykty korsetedi Etnikalyk zhәne tajpalyk kuramyDerektemelerde kimaktardyn etnikalyk zhәne tili zhagynan tүrikterge zhatatyndygyna tikelej esh kүmәn keltirilmejdi Kerisinshe olar turaly zhazgandardyn bәri kimaktardyn bir auyzdan negizgi tүrik tajpalarynyn kataryna zhatkyzgan Zhazbasha derektemelerde kimak etnoniminin uakyty zhagynan algash ret ajtyluy VIII gasyrga zhatady Arab geografy Ibn Hordadbehtin IX g derekteri bojynsha sayasi zhәne әleumettik zhagynan manyzdy tүrik halyktarynyn tiziminde kimaktar togyz gүzdarmen ogyzdarmen pechenegtermen karluktarmen kypshaktarmen azkishilermen tүrgeshtermen katar ataladySayasi tarihyҚimaktar tarihynyn algashky kezeni kytaj derekterinde ushyrasatyn yanmo tajpasy atauymen tygyz bajlanysty Yanmo nemese kimaktar VII g basynda Mongoliyanyn soltүstik batysynda omir sүrgen VII g ortasynda olar Altajdyn soltүstik bokterine Ertis manyna karaj konys audargan 656 zh Batys Tүrik kaganaty kulagannan kejin tajpa kozge tүse bastajdy Қaganat syrtky zhaudan korganu үshin zhәne oz zherin kenejtu үshin korshi elderge үnemi shapkynshylyk zhasap otyrgan Ondaj habarlar zhazba derekterde koptep kezdesedi Mәselen olarda kimaktardyn 11 gasyrda togyz guzdar zherinin bir boligin kol astyna karatkany ajtylsa al X gasyr basynda togyz guzdardyn shekaralyk kalasy Shygys Tүrkistandagy Zhamlekes kalasyn basyp algandygy bayandalady Sonymen birge kimaktar Enisej bojyndagy bojyndagy kyrgyzdarga da shabuyl zhasap turgan Al Syr bojyndagy ogyzdarmen birde tatu turyp birde ozara sogysyp kalatyn kezderi de bolady Mine osyndaj zhagdajlardan bul tajpalardyn tildik katynas zhagynan da mәdenieti zhagynan da uksas tustary ote kop ZhazuyҚimaktarda zhazu bolgan dep topshylauga dәlel bar Muny Әbu Dulaftyn myna sozinen koremiz Olarda kamys osedi bul kamyspen olar zhazady Tegi kimaktar kamys kalammen zhazyp munda ezhelgi tүrik әlippesin pajdalangan boluy kerek Muny Ertis bojynan Tarbagataj taularynan tabylgan zattar mezgili IX X gasyrlarga katysty tүrik zhazulary bar kola ajnalar da korsetedi SharuashylygyҚimaktar negizinen mal sharuashylygymen ajnalysty Olar munymen katar eginshilikpen de shugyldandy balyk an aulady tajgalyk ajmaktarda kymbat an terilerin dajyndady Қimaktar arasynda koloneri de damydy mata tokyp kiim tikti metall bujymdar shygardy temir kүmis altyn ondirip metall kujdy 9 11 gasyrlardagy arab parsy avtorlary otyrykshy kimaktardyn turakty mekenderi bolganyn zhazady әl Idrisidin 12 gasyr deregine karaganda olardyn ozender men kolder zhagasyna tauly audandarda pajdaly kazba bajlyktary ornalaskan zherlerde 16 kalasy bolgany keltiriledi Olardyn kopshiligi sauda zholdaryna ornalaskan әl Idrisi kimaktar hakanynyn Ertis ozeninin zhagasyndagy astanasy mykty korganmen korshalganyn zhazady 9 11 gasyrlarda kimaktar arasynda ezhelgi tүrki dini nanymynyn kaldyktary oris aldy onda tәniri men aruakka senushilik basym boldy Sonymen katar olardyn arasynda tүrik halyktaryna ken taragan baksylyk ta etek aldy Қimak tajpalary mekendegen ajmaktarda tas mүsinder koyu salty ken taragan olar sol mүsinderge tabyngan Қimaktar әleumettik zhәne mәdeni zhagynan 6 8 gasyrlarda ezhelgi tүrki ortasynda kalyptaskan dәstүrlerdi ustap odan әri damytty 11 gasyrdyn basynda kimaktardyn ornyna zhanadan nygajgan kypshak tajpalary keldi Қimak memleketinin kulauyX gasyrdyn ayagy XI gasyrdyn basynda Қimak memleketi ydyrajdy Onyn kulauynyn eki sebebi boldy Negizinen alganda ozin ozi bileuge zhәne oz memlekettiligin kuruga umtylgan kypshak handarynyn kimaktardyn ortalyk biligine bagynbauyna bajlanysty ishki sipattagy sebep Sonymen katar XI gasyrdyn basynda konys audara bastagan koshpeli Ortalyk Aziya tajpalary konys audaruynyn ykpalymen bolgan syrtky okigalar Tajpalardyn konys audaruynyn negizgi sebebi 916 zhyly Soltүstik Қytajda kidandardyn kuryluy boldy Bul derzhava zherinin batyska karaj ulgayuy koshpeli tajpalardyn odan әri ygysuyna әkep sokty Tajpalardyn orasan zor konys audaruynyn zhangyrygy orta gasyrlardagy koptegen derektemelerde arab parsy orys armyan vengr Vizantiya siriya zhәne t b derektemelerinde korinis tapty Bul derektemelerden en aldymen arab galymy XII g atap otken zhon onyn shygarmalarynda sol koshu zhoninde mejlinshe kundy akparat saktalgan ol tajpalardyn konys audaruyn bylajsha surettejdi Olardyn tүrikterdin arasynda kundar dep atalatyn bir top adam bar olar kytaj kaganynan korkyp Қytaj zherinen keldi Olar nestorian sarynyndagy hristiandar Өzderinin ajmaktarynan olar zhajylymnyn zhetkiliksizdiginen ketti solardyn arasynan shykkan Olar kundar kajlar dep atalatyn halyktan teperish kordi Bular olardan kop te kүshti bolatyn Bular olardy zhajylymnan kudy Sonda kundar sharlar zherine kelip konystandy da sharlar tүrikmender zherine koshti Tүrikmender ogyzdardyn shygys zherlerine koshti al ogyzdar Armyan tenizine zhakyn manajdagy pechenetter zherine koship bardy Bul arada Armyan tenizi dep Қara teniz ajtylady Demek bul koshu Қytajdan Қara tenizge dejingi halyktardy kamtydy Bul mәlimetterge birkatar galymdardyn zhasagan taldauy kyskasha tүrde mynadaj korinisti kozge elestetuge mүmkindik beredi kaj zhәne kun tajpalary kimak kypshak tajpalarynyn bir tobyn Soltүstik Shygys Zhetisu men Ertis onirine ygystyryp Қimak memleketine sokky beredi Sojtip kajlar kypshaktardy ornynan kozgajdy al kypshaktar ogyzdardy Syrdariya ozeninin angarynan Araldyn batys oniri men Kaspijdin soltүstik onirinen ygystyryp olardy orystyn ontүstigindegi zhәne Қara teniz oniri dalalaryna koshuge mәzhbүr etedi Ogyzdardyn zherin basyp algannan kejin kypshak handary edәuir kүshejip kimak kypshak zhәne kuman tajpalarshyn buryngy konystangan negizgi zherinde kүsh kuaty zhagynan basym bolady al kimaktar osy okigalar barysynda sayasi үstemdiginen ajyrshyp kana kojgan zhok sonymen katar kypshaktarga tәueldi bolyp kaldy Қimaktar bir boligi Ertiste kalyp ekinshi boligi Tүrkistan zhәne Orta Aziya ajmagyna konys audardy endi birazy kypshak tajpalarymen birge batyska ontүstik orys dalalaryna karaj kozgaldy Қypshaktar Қimak memleketinin ornyn basty Derekkozder Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59ISBN 978 601 282 027 0 1 t ISBN 978 601 282 026 3 Taraz enciklopediyasy Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy