Печенегтер, сондай-ақ Бешенектер (түрк. өз атауы — Becěnek, ор.-ғасыр. грек. Πετσενέγοι, немесе Πατζινάϰαι, ор.-ғасыр. лат. Pacinac, көне ор. — печенегъ) — орта ғасырлардағы тайпалар одағы. Грек тілінде пачынах, түрікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде Печенегтер көне түркі көшпелілерінің сармат және фин-угор тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еур. нәсілге кіреді.
Печенегтер түркі тілінде сөйлеген. С.Г. Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: “Бажанак — Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак — оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады.
8 — 9 ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9-ғасырдың соңына қарай оғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара теңіз далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ мен Дунай аралығындағы аймаққа орнықты.
Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев кінәздары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының түбінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. X — XI ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясатта қолдап тұрған. X — XII ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. XIII — XIV ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этн. тарихында өз ізін қалдырды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pechenegter sondaj ak Beshenekter tүrk oz atauy Becenek or gasyr grek Petsenegoi nemese Patzinaϰai or gasyr lat Pacinac kone or pecheneg orta gasyrlardagy tajpalar odagy Grek tilinde pachynah tүrikshe bazhanak nemese bәzhәnәk slavyan tilderinde pecheneg atalgan tajpa atauynyn etimologiyasy әli anyktalgan zhok Ғylymi әdebietterde Pechenegter kone tүrki koshpelilerinin sarmat zhәne fin ugor tajpalarymen aralasuy nәtizhesinde kalyptaskan dep eseptelinedi Antropologiya zhagynan mongol tektes nәsildin azdagan үlesi bajkalatyn eur nәsilge kiredi Pechenegter tүrki tilinde sojlegen S G Klyashtornyj b z 1 mynzhyldygynyn ortasynda pecheneg kangarlar turagy Қanga yagni Syrdariyanyn orta agysy boldy dep korsetedi M Қashkari Bazhanak Rumga zhakyn zhajlaskan tүrik tajpasy Bazhanak ogyz rularynyn biri Bәzhenek dep te atalady dep zhazady 8 9 gasyrlarda Pechenegter Edil men Oral ajmagynda omir sүrgen 9 gasyrdyn sonyna karaj ogyzdar hazarlar kimaktardyn kysymymen batyska karaj zhylzhidy Қara teniz dalalarynda koship zhүrgen vengrlerdi ygystyryp Edil men Dunaj aralygyndagy ajmakka ornykty Olar batys zhәne shygys tarmaktarga bolingen 8 tajpa 40 rudan kuraldy Tajpalardy zhiyndarda sajlanatyn kosemder baskardy 915 920 968 zhyldary Pechenegter Ruske birneshe ret zhoryk zhasady Kiev kinәzdary Igor men Svyatoslav 944 971 zhyly olarmen odaktasyp Vizantiya men Dunaj Bulgariyasyna karsy sogysty 972 zhyly Pechenegterdin Kurej hany Svyatoslav Igorevichtin zhasagyn talkandajdy Budan kejin de Ruske korshi elderge әlsin әlsin zhoryk zhasap turdy 1036 zhyly Yaroslav Mudryj Kiev kalasynyn tүbinde Pechenegterge kүjrete sokky berip olardyn Ruske shabuylyn toktatty X XI gasyrlarda Pechenegter Vizantiyany ishki syrtky sayasatta koldap turgan X XII gasyrlarda olardyn biraz boligi Vengriyaga karaj ygyskan XIII XIV gasyrlar sheninde Pechenegter ydyrap tүrik tildi sondaj ak vengr orys t b halyktarmen sinisip osy halyktardyn etn tarihynda oz izin kaldyrdy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet