Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы Мұрағатталған 5 шілденің 2007 жылы. қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы. – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне , А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
- 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
- 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
- 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
- 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
- 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
- 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
- 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
- 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкістанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.
Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
Визалық қолжетімділік
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 90 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Албания, Андорра, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Ресей, Украина.
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 30 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Аустралия, Аустрия, Әзербайжан, Аргентина, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ватикан, Ұлыбритания, Мажарстан, Вьетнам, Германия, Греция, Дания, Израиль, Индонезия, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Колумбия, Корея, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мальдивия Республикасы, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эквадор, Эстония, Жапония.
Қазақстан келесі мемлекеттердің азаматтарына 14 күндік визасыз келу мүмкіндігін қарастырған (N – жалпыазаматтық/ ұлттық паспорт): Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай.
Қазақстан ДЭФ туризм бойынша рейтингінде
Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексінде 2024 жылы Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға ие болды. Биыл Қазақстан алдыңғы рейтингтен 6 орынға көтерілді.
Туристік нысандар
Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.
- Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді
- табиғи-рекреациялық
- тарихи-археологиялық
- тәуеп ету
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі Мұрағатталған 22 маусымның 2011 жылы., Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Түркістан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б..
Дереккөздер
- https://www.weforum.org/publications/travel-tourism-development-index-2024/
- "Қазақ энциклопедиясы,"5 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұly Zhibek Zholy bojynda ornalaskandyktan Қazakstan aumagyndagy kalalar men tabigaty gazhajyp korykty zherler ezhelden sayahat zhәne turizm nysandary bolyp tabylgan Қazakstandagy algashky turistik ujymdar 20 gasyrdyn 20 30 zhyldary pajda boldy 1929 zhyly Almaty Muragattalgan 5 shildenin 2007 zhyly kalasynda tungysh turistik zhoryk ujymdastyrydy Ogan G I Beloglazov pen F L Savin baskargan 17 mektep mugalimderi katysty Zhoryk Almaty tonireginen bastalyp Esik kolinde 62 km ayaktaldy 1930 zhyly Almaty olketanu murazhajy zhanynda Proletarlyk turizm zhәne ekskursiya kogamynyn olkelik bolimshesi zhumys istej bastady Onyn algashky toragasy bolyp V G Gorbunov sajlandy Osy zhyly Almaty kalalyk telegraf pen poshta kyzmetkerlerinen 16 adam kuralgan top F L Savin baskargan Medeu Muragattalgan 2 akpannyn 2014 zhyly Kokzhajlau Үlken Almaty koli zhagalauyna dejin bardy Turizmnin bul tүrine A Bergrin D Litvinov H Rahimov G Beloglazov t b kop үles kosty 1931 zhyly kantarda Almatydan Ziminnin bastauymen algash ret shangyshylar zhorygy ujymdastyryldy Enbek zhәne korganys estafetasyn algan bul zhorykka katyskan 8 shangyshyga ulttyk atty әsker polkinin segiz shabandozy kosyldy Olar Almatydan shygyp Ұzynagashtan otip Қordaj asuy arkyly estafetany Қyrgyzstan komandasyna tabys etti Sol zhyly Almatydagy Zhetisu guberniyasynyn murazhajdyn zhanynan Bүkilodaktyk proletarlyk turizm men ekskursiya erikti kogamynyn 10 mүshesi bar algashky uyasy ujymdastyryldy Medeu muz ajdynyBurabaj koli Әueskoj turisterdin bastauymen Alatau kojnauyndagy Kүjgensaj Gorelnik shatkalynda turister үshin shagyn үj salyndy 1936 zhyly bul zherde respublikadagy en algashky 50 kisilik Gorelnik turbazasynyn shanyragy koterildi 1938 zhyly Kokzhajlau shatkalynda Almaty manynda algash kazakstandyk turister sleti otti Ogan 200 dej turister katysty 1943 zhyldyn basynan Gorelnik turbazasynda Kenes armiyasynyn tau atkyshtaryn dayarlajtyn Bүkilodaktyk nuskaushylar mektebi ornalasty Sogystan kejin Gorelnik tau shangyshylary men alpinister kadrlaryn dayarlajtyn bazaga ajnaldy Adamdardyn belsendi demalysy maksatynda 1952 zhyly Қazakstanda Turistik ekskursiyalyk baskarma TEU kuryldy 1961 zhyly Almatyda Respublikalyk zhas turister stanciyasy ashyldy 1960 zhyly kәsipodaktardyn Қazak respublikasynyn kenesi zhanynan turizm zhonindegi respublika baskarma ujymdastyryldy 1962 zhyly Turistik ekskursiyalyk baskarma Turizm zhonindegi kenes bolyp kajta kuryldy 1965 zhyly Қazakstanda respublikalyk zhәne 5 oblysyk Almaty Қaragandy Shygys Қazakstan Oral Shymkent turistik kenes zhәne әr oblysta ekskursiyalyk byuro ashyldy Sharyn shatkaly1950 60 zhyldary Almaty zhogary oku oryndarynda tau turizmi alpinizm shynga shygu sporttyk turizm dami bastady Munyn nәtizhesinde turistik nuskaushylar toby kalyptasty Osy zhyldary S Kүderin Ү Үsenov N Dubickij V G Homullo t b mamandar okushylar men studentter arasynda turizmdi damytuda үlken үles kosty 1958 zhyly Ziminge tungysh ret turizm bojynsha KSRO nyn sport sheberi atagy berildi 1970 zhyly kurylgan Turizm zhәne sayahatshylyktyn respublikalyk kenesi turizmnin odan әri damuyna әser etti 1971 75 zhyldary Қazakstanda turizmnin materialdyk bazasyn nygajyp sayahattyk turistik ujymdar kobejdi zhana turistik bazalar men mejmanhanalar pajdalanuga berildi 1978 zhyly Қazakstanda ekskursiya men turizmnin resp kenesi zhәne 14 oblystyk kenes 17 turistik baza men mejmanhanalar 26 sayahat ekskursiya byurolary zhәne shet el turisterine kyzmet korsetetin 3 byuro Almaty Oral Shymkent kalalarynda turistik avtomobil bazalary kuryldy Turistik bazalar men mejmanhanalardagy oryn sany 7 mynga zhetti 1988 zhyly turizm kurylymynda birshama ozgerister boldy Zhanadan turistik ekskursiya kauymdastyktary kuryldy Osy zhyldary Қazakstan turizminin damuyna N I Samojlenko S Әbdenbaev T Zhezdibaev A Chukreev O Mazbaev S R Erdәuletov t b үlken үles kosty Tәuelsizdik algan Қazakstanda 1991 zhyldan turizm salasy damudyn zhana satysyna koshti 1993 zhyly Қazakstan Dүniezhүzilik turizm ujymyna mүshe boldy Osy zhyly turizm industriyasyn damytuga arnalgan ulttyk bagdarlama kabyldandy 1997 zhyly Қazakstan Respublikasynyn Ұly Zhibek zholynyn tarihi ortalyktaryn kajta orletu tүrki tildes memleketterdin mәdeni muralar sabaktastygyn damytu tuzhyrymdamasy zhalpy turizm damuynyn strategiyasy zhasaldy 2001 zhyly 13 mausymda Қazakstan Respublikasyndagy turistik kyzmet turaly zan kabyldandy Onda respublikadagy turistik salany damytudyn birinshi kezektegi sharalary turistik kyzmetti licenziyalau t b mәseleler tuzhyrymdaldy Қazakstannyn tabigi tarihi geosayasi orny turistik nysandardy utymdy pajdalanuga mүmkinshilik beredi sonymen katar ekonomikanyn basty tarmaktarynyn biri retinde damytudy kazhet etedi 2002 zhyly respublikada 430 turistik ujymdar firmalar men әr tүrli byurolar zhumys istedi Olarda 6 myn adam onyn ishinde 1500 kәsiptik ekskursiya zhүrgizushiler gidter kyzmet korsetedi Қazakstannyn turistik firmalary dүnie zhүzinin 80 ge zhuyk elimen karym katynas zhasajdy Almaty kalasynyn 25 firmasy zhәne 5 oblys ortalygy Үndistanga Tүrkiyaga Birikken Arab Әmirligine Pәkistanga Koreya Respublikasyna Grekiyaga Polshaga t b elderge charterlik әue rejsterin zholga kojgan Қazakstanda turizmnin barlyk tүrleri tanymdyk ojyn sauyk etnika ekologiya densaulyk sauyktyru balalar sporttyk an aulau balyk aulau atpen seruendeu t b bojynsha zhүrgiziledi Bul үshin Қazakstan aumagy bojynsha 700 den astam sayahattyk marshruttar belgilengen Olarga Қazakstanda zhiyntyk syjymdylygy 33 myn oryndy 372 әr tүrli kategoriyaly konak үjler kyzmet korsetedi Mysaly Almaty kalasynda konaktarga Alatau Қazakstan Dostyk Esik Otyrar Astana Ankara Inturist t b konak үjler servistik kyzmet korsetedi Astanada 30 turistik firma zhәne 25 konak үj ornalaskan Olardyn irileri Okan Interkontinental Astana Komform Otel Astana Turist Esil Zhibek zholy Altyn dala t b Turizm mamandary Turizm zhәne sport akademiyasynda Қazak halykaralyk katynastar zhәne әlem tilderi universitetinde Almaty memlekettik universitetinde Қazak Ұlttyk universitetinde Turan universitetinde t b zhogary oku oryndarynda dajyndalady Vizalyk kolzhetimdilikҚazakstan kelesi memleketterdin azamattaryna 90 kүndik vizasyz kelu mүmkindigin karastyrgan N zhalpyazamattyk ulttyk pasport Albaniya Andorra Armeniya Belarus Gruziya Қyrgyzstan Moldova Mongoliya Resej Ukraina Қazakstan kelesi memleketterdin azamattaryna 30 kүndik vizasyz kelu mүmkindigin karastyrgan N zhalpyazamattyk ulttyk pasport Australiya Austriya Әzerbajzhan Argentina Bahrejn Belgiya Bolgariya Braziliya Vatikan Ұlybritaniya Mazharstan Vetnam Germaniya Greciya Daniya Izrail Indoneziya Irlandiya Islandiya Ispaniya Italiya Kanada Katar Kipr Kolumbiya Koreya Kuvejt Latviya Litva Lihtenshtejn Lyuksemburg Malajziya Maldiviya Respublikasy Malta Meksika Monako Niderland Zhana Zelandiya Norvegiya Birikken Arab Әmirlikteri Oman Polsha Portugaliya Rumyniya Saud Arabiyasy Serbiya Singapur Slovakiya Sloveniya AҚSh Tәzhikstan Tailand Tүrkiya Өzbekstan Filippin Finlyandiya Franciya Horvatiya Chehiya Chili Shvejcariya Shveciya Ekvador Estoniya Zhaponiya Қazakstan kelesi memleketterdin azamattaryna 14 kүndik vizasyz kelu mүmkindigin karastyrgan N zhalpyazamattyk ulttyk pasport Gonkong Үndistan Iran Қytaj Қazakstan DEF turizm bojynsha rejtingindeDүniezhүzilik ekonomikalyk forumnyn sayahat zhәne turizmdi damytudyn zhaһandyk indeksinde 2024 zhyly Қazakstan 119 eldin ishinen 52 orynga ie boldy Biyl Қazakstan aldyngy rejtingten 6 orynga koterildi Turistik nysandarҚazakstandagy turistik resurstarga turistik kyzmet korsetu nysandaryn kamtityn tabigi klimattyk tarihi әleumettik mәdeni sauyktyru nysandary sondaj ak turisterdin ruhani kazhetterin kanagattandyra alatyn olardyn kүsh zhigerin kalpyna keltirip sergituge zhәrdemdesetin ozge de nysandar zhatady Olar mәdeni tanymdyk ekologiyalyk sporttyk әleumettik dini t b turizm tүrlerine bolinedi Қazakstandagy turistik nysandar birneshe toptarga bolineditabigi rekreaciyalyk tarihi arheologiyalyk tәuep etuAltynemel tau zhotalary Tabigi rekreaciyalyk nysandarga Soltүstik Қazakstan ajmagyndagy Kokshetau Burabaj Bayanauyl Erejmentau Shygys Қazakstan aumagyndagy Zajsan Markakol kazakstandyk Altaj Ontүstik Қazakstan zherindegi Batys Soltүstik Tyan Shan Altynemel taulary Zhetisu alaby Batys Қazakstandagy Үstirt Mugalzhar Kaspij ojysy Zhajyk oniri Ortalyk Қazakstandagy Қarkaraly Қyzylaraj Bektauata Ұlytau t b tabigi nysandar zhatady Sonymen birge Almaty oblysyndagy ulttyk sayabaktar men koryktardyn turizmdi damytuda manyzy zor Olarga Ile Alatauy ulttyk sayabagy Tүrgen Shamalgan ozenderi aralygyndagy shatkaldar Tүrgen Esik Talgar Almaty Қaskelen Shamalgan eldi mekenderi zhatady Altynemel Kokshetau Burabaj ulttyk sayabaktarynda turizmdi damytu memleket tarapynan koldau tauyp damyp keledi Қazakstan aumagyndagy 9 memlekettik korykta da gylymi ekologiyalyk turizmdi damytudyn algy sharttary kalyptaskan Қarkaraly ulttyk parki Tarihi arheologiyalyk eskertkishterdin turistik ekskursiyalyk saparlardagy orny erekshe Arheologiyalyk eskertkishterdin kez kelgen nysandary turistik ekskursiya zhumystarynda manyzdy oryn alady Sonyn ishinde Zhetisudagy Sak korgandary kalashygy Ontүstik Қazakstandagy Otyrar Sajram Batys Қazakstandagy Sarajshyk t b kone kalalardyn ornyna turisterdin kyzygushylygy mol Arheologiyalyk tarihi eskertkishterdin kazirge dejin zhetken nysandarynyn ishinde korgandar men mazarlardyn manyzy zor Қola dәuir eskertkishterine zhartastagy petroglifterdi atauga bolady Olarga әjgili biregej gibadathanalar Anyrakaj tauynyn Tanbaly sajyndagy Koksu ozenindegi Eshkiolmes gibadathanasy sondaj ak Sholak Kindiktas Bayanzhүrek taularyndagy tastagy suretter zhatady Bizdin dәuirimizge dejingi 6 3 gasyrlardan kalgan sak korgandary Besshatyr korymyndagy zherleu kamerasy zhәne sak әskeri kiimin kigen Altyn adam 2001 2002 zhyldary Shygys Қazakstan oblysy Қatonkaragaj audanynyn Bergiel Berel korganynda tabylgan Sak patshajymy arheol turistik nysandarga zhatady Ortagasyrlyk Tүrkistan Otyrar Turbaj Қulan Merke Talhiz Zharkent kalalary t b eldi mekender kazirgi turistik nysandar bolyp tabylady Tүrkistan kalasyndagy Қozha Ahmet Yasaui kesenesi Tүrkistan kazak handygynyn algashky astanasy Onda Қozha Ahmet Iasaui kesenesi salyngan kesene ishi men ajnalasyna kazak memleketinin negizin kalagan Tәuke Tәuekel Zhәngir Esim Abylaj Қazybek bi zherlengen Қazakstanda Otyrar Sarajshyk Sajram t b ortagasyrlyk kone kalalar turister үshin tartymdy nysandar Arystan bab kesenesiAjsha bibi kesenesiShymbulak tauy Tәuep etu dini turizm nysandary respublika aumagynda koptep kezdesedi Olarga tүrki әlemindegi kasietti Tүrkistan kalasy Қozha Ahmet Iasaui kesenesi Abab Arab meshiti Gauһar ana ziraty Әli Қozha bejiti t b zhatady Adamdar bul kasietti zherlerge tәuep etip Allaga siynu үshin keledi Odan baska Қogam a manynda Otyrar audany Arystan bab kesenesi Muragattalgan 22 mausymnyn 2011 zhyly Ibraһim ata bejiti Қarashash ana kesenesi Turaba audanynnda Ysmajyl ata mazary ornalaskan Zhambyl oblysynda Ajsha bibi kesenesi men Қarahan kesenesi Қyzylorda oblysynda Artyk Ajtman keseneleri Balkash koli manynda Tektau ata Әuez baksy t b kieli oryndar bar Қazak halkynyn azattyk kүresi zholyndagy batyrlarga kolbasshylarga degen kurmet belgisi memorialdar men eskertkishterde korsetildi Bularga Rajymbek pen Қarasaj batyr eskertkishteri Almaty oblysy Қordajdagy Zhambyl oblysy Өtegen batyr Aktobedegi Eset batyr Soltүstik Қazakstandagy Agyntaj men Қarasaj eskertkishteri Astanadagy Қarakerej Қabanbaj eskertkishteri t b zhatady Ordabasy men Anyrakaj sagasynyn zhazygy Ұlytaudagy үsh zhүzdin basyn koskan zher tarihi oryndar retinde Zhoshy zhәne Alasha han keseneleri Almatydagy tәuelsizdik monumenti Astanadagy үsh bi eskertkishteri kasterli oryndar sanatynda turistik nysandarga kosylady Қazak tarihyndagy kundy mәdeni eskertkishter kataryna Қozy Korpesh Bayan Sulu Enlik Kebek keseneleri Sh Uәlihanov Қ Munajtpasuly memorialdary Sultan Bejbarys Қurmangazy zhәne D Nurpejisova Abaj Abylajhan Әliya men Mәnshүk A Imanov I Zhansүgirov S Sejfullin M Әuezov t b koptegen estelik oryndar zhatady Respublikanyn әsem de әdemi zherlerinde birneshe turistik bazalar ornalaskan Olarga Ile Alatauyndagy Shymbulak shangy bazasy Pavlodar oblysy koli zhagasyndagy Bayanauyl Қaragandy oblysyndagy tauly ormandy Қarkaraly Shygys Қazakstan oblysyndagy Buktyrma bogeni zhagasyndagy Altaj mүjisi Oral kalasy Zhajyk ozeni manyndagy Oral Қostanaj oblysyndagy ormandy togajly Nauryzym alkaby Tүrkistan oblysy Badam zhazygyndagy Ontүstik Kokshetau tauly ajmagyndagy Zolotoj bor bazalary zhatady Қazakstanda belgili turistik manyzy bar zoologiyalyk botanikalyk koryktar da zhetkilikti Olarga Almaty korygy keshendi Ile atyrauy zoologiyalyk Tarbagataj zoologiyalyk Zhaltyrkol zoologiyalyk Ұlytau zoologiyalyk Betpakdala zoologiyalyk Қarakiya Қarakol zoologiyalyk Zerendi zoologiyalyk korykshalary Sharyn kanony landshafty paleontolyk zhәne Sharyn ozenindegi Sheten togajy botanikalyk Kүmis kylkandy orman botanikalyk Zhamanshyk tauy gemorfologiyalyk Ajgajkum Әnshikum geomorfologiyalyk Zhangak togajy botanikalyk Bүrkittau shokysy zhәne Tuma bastaular gidrologiyalyk t b Derekkozderhttps www weforum org publications travel tourism development index 2024 Қazak enciklopediyasy 5 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet