Шарын шатқалы, Шарын каньоны – Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан.
Шарын шатқалы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тереңдігі | 150—300 м |
Ұзындығы | 154 км |
Орналасуы | |
43°21′23″ с. е. 79°04′45″ ш. б. / 43.35639° с. е. 79.07917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°21′23″ с. е. 79°04′45″ ш. б. / 43.35639° с. е. 79.07917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Шарын шатқалы Ортаққорда |
Географиялық орны
Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді.
Сипаты
Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Шарын өзеніне Теріскей және Күнгей Алатау жоталарының солтүстік баурайынан бастау алатын көптеген өзен сулары қосылып, суы мол өзенге айналады да, Жалаңаш ойпаты мен Торайғыр тауын шығысынан қақ жара өтіп орасан зор шатқал жасайды.
Шатқалдар
Ақтоғай шатқалы
"Ақтоғай" (Белый лес) шатқалы – трапеция пішінді, ені 3 шақырымға, тереңдігі 200-ден 300 метрге дейін жетеді.
Көртоғай шатқалы
Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде Шарын өзені "Көртоғай" деп аталатын терең әрі тар шатқал жасайды. Бұл шатқалдағы көпшілікке кең танымал болған нысан – «Қорғандар алқабы». Жауын мен қар суының шаюы мен желдің әсерінен пайда болған сарғыш-қызғылт құз жартастар бірегей форма құрып, кімді болса да ертегідегідей ескерткіш әлеміне – сарайлар мен мұнараларға, минареттерге алып келеді. Шатқал дәл осы қазіргі бейнесін шамамен жарты миллион жыл бұрын иеленген. Шатқал тереңдігі 100 метрге жетеді.
Ұзынбұлақ алқабы шатқалдары
Қату тауының оңтүстігінде орналасқан Ұзынбұлақ алқабы да («Қазақ үйлер алқабы», «Сары шатқал») табиғаттың жауһары, аса әсем табиғат туындысы. Желдің мүжуі мен жауын-қар суларының шаюы сап-сары шөгінді тау жыныстарынан таңғажайып архитектуралық пішіндерді - қатар тізілген киіз үйді еске түсіретін бейнелер жасаған. Көптеген тілімделген жыра, аңғарлар мен сайлар қалың әрі ретсіз шағын шатқалдар тізбегін құрайды. Шатқалдан алғашқы қауым адамдарының тұрақтары мен құрал-саймандары, жалаңаштанған жыныстардан Юрск кезеңіне жататын тасқа айналған жануарлар мен өсімдіктер табылған.
Аралық шатқал
Тағы бір шағын шатқал «Қорғандар алқабы» мен Темірлік өзенінің оң жағындағы саласы арасында орналасқан. Ол «Қорғандар алқабының» кішкентай көшірмесі сияқты. Негізгі айырмашылығы сан алуан мұнаралары мен бағана тіреуіштері және Пасха аралы мүсінін еске түсіретін мұнараларымен ерекшеленеді.
Темірлік шатқалдары
Темірлік өзені Шарынның ең ірі әрі соңғы саласы болып саналады. Шарын өзені сияқты Темірлік те ұзындығы шамалас болып келетін өз алдына дербес үш шатқалға бөлінеді.
- Бірінші шатқал Темірлік өзені бастау алатын Кетпен жотасының тау етегіне шығар жердегі алқапта, 11 шақырымдай ұзындыққа созылып жатыр. Ол құзды қатты тау жыныстарынан пайда болған, ені 200 метрге жетеді, тереңдігі 100 метр шамасында. Шатқал етегінде өзенді бойлай соғды шетені тоғайы өседі.
- Шатқалдың ортаңғы бөлігі кең болып келген, оның ені шамамен 1,5 шақырымды, тереңдігі 160 метрді құрайды. Ұзындығы 11 шақырымға созылып жатыр. Таңқаларлығы сол, шатқалдың осы бөлігі басқа жерлерінен ғажайыптығымен ерекшеленеді. Жағаны бойлай өскен көптеген ағаштар мен бұталардың қара көлеңкесімен өзен суы бірқалыпты жап-жасыл әсем жағалауды бойлай ағады. Жартылай қуаң дала ыстығындағы нағыз оазис. Онан ары қарай өзен суы ағаш пен бұталар көлеңкесінен атыла шығып, жабайы жылқылар үйірі жайылып жатқан құзды шатқал арқылы қайтадан кең шатқалды кеңістікке шығады. Осыдан кейін шатқалдың ең қызықты бөлігі басталады. Миллиондаған жылдар бойы шөгінді тау жыныстарының тас-талқанын шығара қарқындай аққан өзен суы терең әрі тар арна жасаған. Жасалынған рельеф пішіні «Қорғандар алқабын» еске түсіреді. Шарын өзенінің басқа нысандарына қарағанда шатқалдың дәл осы бөлігінің зор артықшылығы сан алуан өсімдіктер әлемінен қалың жап-жасыл орман тоғайының өсіп, шатқал түбінде жайлы микроклимат жасап тұруында.
- Шарын өзенінің төменгі ағысындағы жазық алқабта шетен шоқ тоғайының болуы да ерекше тартымды. Бұл жер "Сарытоғай" деп аталады. Тоғайда 2 млн жылдан бері өз түрін сақтаған, плиоцена дәуірінен бері өсетін бірегей ағаш – соғды шетені өседі. Тоғайда кәрі ағаштар кездеседі. Кейбірінің діңі 10 адамның құшағына зорға сияды. Сонымен қатар мұнда жапырақтарының пішіні мен мөлшеріне байланысты аталатын тоғайлық түрлі жапырақты шетен ағашы өседі. Арнаны жиектей адам өте алмайтын ну тоғайда жапырағы салбыраған тал, жиде мен бүрген өседі.
Кең аңғарлы "Ақтоғай" шатқалынан "Сарытоғай" шатқалына дейінгі терең әрі айналмалы жер Шарын шатқалының негізгі бөлігін құрайды.
Шарын шатқалындағы геологиялық факторлар қатарының арқасында бүгінгі күндері жойылып кеткен көне флора мен фаунаның қалдықтары, тік, құлама жарларынан тасқа айналған сүйектердің мол шоғыры (мастодонт – көне заманда өмір сүрген піл тектес хайуан, пілдер, мүйізтұмсықтар, стенон жылқылары, қорқау қасқыр, т.б) табылған.
Суреттер галереясы
- Шарын шатқалын бойлай орналасқан жол
- Қорғандар жазығы
-
-
- Шарын шатқалы жартастары
- Шөгінді жыныстар жартастары
- Шөгінді жыныс белдеулері
- Шатқалдың үстіңгі жағынан көрінісі
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sharyn shatkaly Sharyn kanony Sharyn ozenin 154 shakyrym bojlaj zhatkan tabigi nysan Sharyn shatkalySipattamasyTerendigi150 300 mҰzyndygy154 kmOrnalasuy43 21 23 s e 79 04 45 sh b 43 35639 s e 79 07917 sh b 43 35639 79 07917 G O Ya Koordinattar 43 21 23 s e 79 04 45 sh b 43 35639 s e 79 07917 sh b 43 35639 79 07917 G O Ya T El ҚazakstanAjmakAlmaty oblysySharyn shatkalySharyn shatkalySharyn shatkaly OrtakkordaGeografiyalyk ornyShatkal Almaty kalasynan 195 km dej shygyska karaj ornalaskan Sharyn ozeninin barlyk nysandary 2004 zhyldyn 23 cәuirinde kurylgan Sharyn memlekettik ulttyk tabigi parkinin kuramyna kiredi SipatyShatkal Sharyn ozeni bojymen soltүstik shygystan ontүstik batyska karaj 154 km sozylyp zhatyr Bul ajmaktyn relefi әrtүrli Sharyn ozenine Teriskej zhәne Kүngej Alatau zhotalarynyn soltүstik baurajynan bastau alatyn koptegen ozen sulary kosylyp suy mol ozenge ajnalady da Zhalanash ojpaty men Torajgyr tauyn shygysynan kak zhara otip orasan zor shatkal zhasajdy ShatkaldarAktogaj shatkaly Aktogaj Belyj les shatkaly trapeciya pishindi eni 3 shakyrymga terendigi 200 den 300 metrge dejin zhetedi Kortogaj shatkaly Torajgyr zhotasynyn shygys boliginde Sharyn ozeni Kortogaj dep atalatyn teren әri tar shatkal zhasajdy Bul shatkaldagy kopshilikke ken tanymal bolgan nysan Қorgandar alkaby Zhauyn men kar suynyn shayuy men zheldin әserinen pajda bolgan sargysh kyzgylt kuz zhartastar biregej forma kuryp kimdi bolsa da ertegidegidej eskertkish әlemine sarajlar men munaralarga minaretterge alyp keledi Shatkal dәl osy kazirgi bejnesin shamamen zharty million zhyl buryn ielengen Shatkal terendigi 100 metrge zhetedi Ұzynbulak alkaby shatkaldary Қatu tauynyn ontүstiginde ornalaskan Ұzynbulak alkaby da Қazak үjler alkaby Sary shatkal tabigattyn zhauһary asa әsem tabigat tuyndysy Zheldin mүzhui men zhauyn kar sularynyn shayuy sap sary shogindi tau zhynystarynan tangazhajyp arhitekturalyk pishinderdi katar tizilgen kiiz үjdi eske tүsiretin bejneler zhasagan Koptegen tilimdelgen zhyra angarlar men sajlar kalyn әri retsiz shagyn shatkaldar tizbegin kurajdy Shatkaldan algashky kauym adamdarynyn turaktary men kural sajmandary zhalanashtangan zhynystardan Yursk kezenine zhatatyn taska ajnalgan zhanuarlar men osimdikter tabylgan Aralyk shatkal Tagy bir shagyn shatkal Қorgandar alkaby men Temirlik ozeninin on zhagyndagy salasy arasynda ornalaskan Ol Қorgandar alkabynyn kishkentaj koshirmesi siyakty Negizgi ajyrmashylygy san aluan munaralary men bagana tireuishteri zhәne Pasha araly mүsinin eske tүsiretin munaralarymen erekshelenedi Temirlik shatkaldary Temirlik ozeni Sharynnyn en iri әri songy salasy bolyp sanalady Sharyn ozeni siyakty Temirlik te uzyndygy shamalas bolyp keletin oz aldyna derbes үsh shatkalga bolinedi Birinshi shatkal Temirlik ozeni bastau alatyn Ketpen zhotasynyn tau etegine shygar zherdegi alkapta 11 shakyrymdaj uzyndykka sozylyp zhatyr Ol kuzdy katty tau zhynystarynan pajda bolgan eni 200 metrge zhetedi terendigi 100 metr shamasynda Shatkal eteginde ozendi bojlaj sogdy sheteni togajy osedi Shatkaldyn ortangy boligi ken bolyp kelgen onyn eni shamamen 1 5 shakyrymdy terendigi 160 metrdi kurajdy Ұzyndygy 11 shakyrymga sozylyp zhatyr Tankalarlygy sol shatkaldyn osy boligi baska zherlerinen gazhajyptygymen erekshelenedi Zhagany bojlaj osken koptegen agashtar men butalardyn kara kolenkesimen ozen suy birkalypty zhap zhasyl әsem zhagalaudy bojlaj agady Zhartylaj kuan dala ystygyndagy nagyz oazis Onan ary karaj ozen suy agash pen butalar kolenkesinen atyla shygyp zhabajy zhylkylar үjiri zhajylyp zhatkan kuzdy shatkal arkyly kajtadan ken shatkaldy kenistikke shygady Osydan kejin shatkaldyn en kyzykty boligi bastalady Milliondagan zhyldar bojy shogindi tau zhynystarynyn tas talkanyn shygara karkyndaj akkan ozen suy teren әri tar arna zhasagan Zhasalyngan relef pishini Қorgandar alkabyn eske tүsiredi Sharyn ozeninin baska nysandaryna karaganda shatkaldyn dәl osy boliginin zor artykshylygy san aluan osimdikter әleminen kalyn zhap zhasyl orman togajynyn osip shatkal tүbinde zhajly mikroklimat zhasap turuynda Sharyn ozeninin tomengi agysyndagy zhazyk alkabta sheten shok togajynyn boluy da erekshe tartymdy Bul zher Sarytogaj dep atalady Togajda 2 mln zhyldan beri oz tүrin saktagan pliocena dәuirinen beri osetin biregej agash sogdy sheteni osedi Togajda kәri agashtar kezdesedi Kejbirinin dini 10 adamnyn kushagyna zorga siyady Sonymen katar munda zhapyraktarynyn pishini men molsherine bajlanysty atalatyn togajlyk tүrli zhapyrakty sheten agashy osedi Arnany zhiektej adam ote almajtyn nu togajda zhapyragy salbyragan tal zhide men bүrgen osedi Ken angarly Aktogaj shatkalynan Sarytogaj shatkalyna dejingi teren әri ajnalmaly zher Sharyn shatkalynyn negizgi boligin kurajdy Sharyn shatkalyndagy geologiyalyk faktorlar katarynyn arkasynda bүgingi kүnderi zhojylyp ketken kone flora men faunanyn kaldyktary tik kulama zharlarynan taska ajnalgan sүjekterdin mol shogyry mastodont kone zamanda omir sүrgen pil tektes hajuan pilder mүjiztumsyktar stenon zhylkylary korkau kaskyr t b tabylgan Suretter galereyasySharyn shatkalyn bojlaj ornalaskan zhol Қorgandar zhazygy Sharyn shatkaly zhartastary Shogindi zhynystar zhartastary Shogindi zhynys beldeuleri Shatkaldyn үstingi zhagynan korinisi Sharyn shatkaly panoramasyDerekkozderATAMEKEN Geografiyalyk enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 648 bet ISBN 9965 893 70 5