Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.
Марқакөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 1449,3 м |
Өлшемі | 38 × 19 км |
Ауданы | 455 км² |
Тереңдігі | 30 м |
Орташа тереңдігі | 14 м |
Шығатын өзен | Қалжыр |
Орналасуы | |
48°45′ с. е. 85°45′ ш. б. / 48.750° с. е. 85.750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°45′ с. е. 85°45′ ш. б. / 48.750° с. е. 85.750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы |
Аудан | Күршім ауданы |
Марқакөл Ортаққорда |
Гидрографикасы
Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар.
Климаты
Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ қысы қатаң, ал жазы жай ғана жылы болып келеді. Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы болып табылады. Бұл жерде қыс мезгіліндегі ең төменгі температура -55 °С-қа (Орловка елді мекенінде) жетеді. Осы көлде Оңтүстік Алтайдағы ең төменгі ауа температурасы (-41°С) тіркелген. Шілде айының орташа төменгі ауа температурасы 14.1 °С болса, ал қаңтар айындағы орташа ауа температурасы 25.9 °С болып табылады. Көп жағдайда жаз мезгіліндегі ауа температурасы 29 °С-қа дейін көтеріледі, ал қыс мезгілінде -40-44 °С-қа дейін, кей кездері -53 °С-қа дейін төмендейді.
Флорасы мен фаунасы
Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Markakol Shygys Қazakstan oblysynda ornalaskan әdemi kolderdin biri Kol Azutau zhәne Kүrshim zhotalarynyn aralygynda teniz dengejinen 1449 3 m biiktikte ornalaskan Suynyn moldirligi men koldi ajnaldyra korshagan biik taulardyn zhәne әsem shyrshalardyn kelbeti tabigatka keremet korinis beredi MarkakolMorfometriyaTeniz dengejinen biiktigi1449 3 mӨlshemi38 19 kmAudany455 km Terendigi30 mOrtasha terendigi14 mShygatyn ozenҚalzhyrOrnalasuy48 45 s e 85 45 sh b 48 750 s e 85 750 sh b 48 750 85 750 G O Ya Koordinattar 48 45 s e 85 45 sh b 48 750 s e 85 750 sh b 48 750 85 750 G O Ya T El ҚazakstanAjmakShygys Қazakstan oblysyAudanKүrshim audanyMarkakolMarkakolMarkakol Ortakkorda Baska magynalar үshin Markakol degen betti karanyz GidrografikasyKoldin uzyndygy 38 km eni 19 km zhәne terendigi 27 m Kolge 100 ge zhuyk shagyn ozender men bulaktar kelip kuyady birak odan bir gana Қalzhyr ozeni bastau alady Kolge kuyatyn ozenderdin irileri Қarabulak Matabaj Zhirenbajtal t b Zhagasynyn ontүstik zhagy tik kulama zhartasty al shagyn ozen zhylgalar kuyatyn tustary batpakty Қazan mamyr ajlary aralygynda kol katady Suy tushy moldir mineraldylygy 0 07 g l kuramynda jod ftor brom t b bar KlimatyMarkakoldin tabigat zhagdajy zhyldyn tort mezgilinde tүrlishe ozgerip otyrady Қalypty klimaty kontinentti birak kysy katan al zhazy zhaj gana zhyly bolyp keledi Markakol Қazakstannyn en suyk ajmagy bolyp tabylady Bul zherde kys mezgilindegi en tomengi temperatura 55 S ka Orlovka eldi mekeninde zhetedi Osy kolde Ontүstik Altajdagy en tomengi aua temperaturasy 41 S tirkelgen Shilde ajynyn ortasha tomengi aua temperaturasy 14 1 S bolsa al kantar ajyndagy ortasha aua temperaturasy 25 9 S bolyp tabylady Kop zhagdajda zhaz mezgilindegi aua temperaturasy 29 S ka dejin koteriledi al kys mezgilinde 40 44 S ka dejin kej kezderi 53 S ka dejin tomendejdi Florasy men faunasyZhagalauyn kajyn karagaj shyrsha osken ormandy alkap alyp zhatyr Balykka baj taban sazan akkajran harius majkan karabalyk monke balyk t b zooplanktonnyn 60 tүri kezdesedi Қustyn ondagan tүri mekendejdi Agashtar arasynan konyr ayulardy bugylardy tүlkilerdi zhabajy mysyktardy maraldardy kundyzdardy bүrkitti sirek kezdesetin kyzyl kaskyr kara lәjlekterdi zhәne baskalaryn koruge bolady Munda Markakol korygy ujymdastyrylgan DerekkozderATAMEKEN Geografiyalyk enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 648 bet ISBN 9965 893 70 5