Сауыр-Тарбағатай– Зайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Зайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Зайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Зайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Зайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана. Ең биік нүктесі - Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ.
Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан (кристалды тақтатастан, құмтастан, әктастан және саздан) түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған. Олар порфир және порфириттер түрінде кездеседі. Tapбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады. Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады. Сауырдағы жоқ граниттер Тарбағатайдың суайрығында салыстырмалы түрде жиі кездеседі.
Сауыр-Тарбағатай - қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда катпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Зайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Климаты мен өзендері
Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.
Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, , Көкпекті сияқты өзендер кезінде Зайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.
Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.
Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.
Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай, Алтай мен Тянь-Шаньның аралық ауданын кұрайды. Оны қоңыр аю, бұғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, , сілеусін, түлкі және т.б. аңдар мекендейді. Тау жануарлары да, дала, шөлейт аңдары да кездеседі. Шөлейтті далада суыр, аламан тышқаны мекендейді. Бұл жерде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген , ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады.
Дереккөздер
- Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sauyr Tarbagataj Zajsan ojpatynyn ontүstik shekarasy Sauyr men Tarbagataj tau zhүjesine tireledi Bul zhermen Қytaj Қazakstan shekarasy otedi Zajsan koline zhakyn zhatkan Sauyr taulary Қytajdan kolinin batys zhagynan bastalyp teren tilimdelgen үlken kazanshunkyrdy zhagalaj shygystan batyska karaj sozylady Қazanshunkyrdyn ontүstik beti Қonyr tauy Қytaj zherinde Қazanshunkyr kezinde tektonikalyk kozgalystardan pajda bolgan Ol Zajsan kolinin ontүstik shygysynda ornalaskan Shilikti kazanshunkyrymen zhalgasady Sauyr zhotasynyn soltүstik etegi Zajsan koli men Қara Ertispen bitedi ontүstik beti Shilikti dalasyna tireledi Sauyr siyakty Tarbagatajdyn da Қazakstanga batys boligi Habarasu asuynan Ayagoz ozeninin angaryna dejin gana kiredi Shygys boliginin ontүstik betkeji Sauyrmen zhalgaskan zherinen Habarasuga dejin Қytaj zherine karajdy Taudyn zhalpy uzyndygy 300 km eni 30 50 km Batysynda ol Shyngystaumen uzyndygy 250 km zhalgasady Tarbagataj Barkytbel birneshe alasa taular tүrinde Sauyrmen irgeles sozylyp zhatyr Olardyn arasyn Қandysu Қytaj zherinde ozenderi bolip zhatady Zher bederi men geologiyalyk kurylymy pajdaly kazbalarySauyr zhotasy atalgan tau zhүjesinin biik boligi Onyn en biik nүktesi Muztau 3816 m Zhotanyn Қazakstan zherindegi uzyndygy 60 65 km Batyska karaj ol alasaryp Manyrak zhotasyna ulasady Zajsannyn ojpatty dalasynda Sauyr men Manyrak biik korinip alystan kozge tүsedi Sauyrdyn soltүstik betkeji ozinin kurylymy zhagynan Altajdy eske tүsiredi Ontүstik betkeji kuz zhar tasty Orta Aziya taularyna uksajdy Mundagy mәngi kar zhatatyn beldeu 3300 m biiktikte Muztauda muzdyktar en үlkeni 4 5 km2 bar Қurylymy zhagynan Tarbagataj әr tүrli biiktikke koterilgen iri үjindi massivter siyakty Bul үjindiler үshburyshtanyp kuzdy shyndarga ajnalady Tau basy zhadagaj Onyn әr zherinen asulary arkyly zhol otedi tau betkeji de tilimdelgen Tarbagataj onsha biik emes Onyn ortasha biiktigi teniz betinen 2000 2100 m gana En biik nүktesi Tastau 2992 m Onda muzdyktar zhok Sauyr Tarbagataj negizinen zhogargy paleozoj zhynystarynan kristaldy taktatastan kumtastan әktastan zhәne sazdan tүzilgen Sauyrda atpa zhynystar ken taragan Olar porfir zhәne porfiritter tүrinde kezdesedi Tapbagatajda porfiritter shogindi zhynystarmen kezektesip otyrady Al onyn ontүstik betkejinde әktas kop ushyrasady Sauyrdagy zhok granitter Tarbagatajdyn suajrygynda salystyrmaly tүrde zhii kezdesedi Sauyr Tarbagataj katparlangan tauly olke Onyn negizgi kurylymy zhogargy paleozojda katparlanuy kezinde kalyptaskan Ol Alpi tau koterilu kezinde zhangyryp kajta koterilgen Bul audannyn kazirgi zher bederinin kalyptasuyna erte zamandardagy muz basu agyn sulardyn eroziyalyk әreketi zhәne kejingi tektonikalyk procester әser etken Bul zherde zher silkinu әli de bolyp turady 1990 zhyly Zajsandagy zher silkinu sharuashylykka birsypyra ziyan әkeldi Sauyr tauynda Kendirlik komir keni ashylyp zhangysh taktatastyn mol kory tabylgan Munaj kabattaryna barlau zhasaldy Klimaty men ozenderiSauyr Tarbagataj oniri klimaty zhagynan Ontүstik Altajga uksajdy Klimaty kontinentti Altajga karaganda zhauyn shashyny azdau Tabigi erekshelikteri men klimaty zhagynan ol men Orta Aziya taularynyn aralygyndagy otpeli ajmak tәrizdi Қantardagy auanyn ortasha temperaturasy 20 S shildede 22 S Kejde ozgerip turady Zhauyn shashyn molsheri 350 500 mm tau ishi ylgaldy zhazykka karaj kuandau Taudan bastalatyn ozender kop Zharma Kokpekti siyakty ozender kezinde Zajsan koline kujgan Қazir kolge zhetpejdi Sol siyakty Қarabulak Zhetiaral Қarabuga Bazar ozenderi tau arasynda gana agyp kyrga shykkan son tartylyp kalady Tarbagatajdyn ontүstik betkejinde agatyn Үrzhar Қatynsu ozenderi Alakolge kuyady Ayagoz ozeni Balkash koline zhetedi Tabigat zonalary osimdikteri men zhanuarlarySauyr Tarbagataj taularynyn ajmagy tabigi erekshelikterine sәjkes Tarbagataj tauly dalaly audany Sauyrdyn tauly ormandy shalgyndy dala bolyp bolinedi Tarbagataj dalasynyn osimdikteri butaly karagajly bolyp keledi de taudyn soltүstik betkejinde alpi shalgynyna ulasady Ontүstik betkejde de butaly osimdikter kop Sajlarda zhemis zhidek agashtary kok terek ak terek shagyn ormandar kezdesedi Tarbagatajdyn biik shalgyny Altaj tauynan auyssa alma siyakty tүrler Tyan Shan ajmagynan kelgen Ontүstik betkejdin dalalyk boliginde zhusandy osimdikter kop ol zhajylym esebinde pajdalanylady Tau alkabynda egistik mol Taudyn batys betkejinde baktar bar Sauyr tauynyn etegi 700 m ge dejin sholejt zonaga zhatady onyn sortandangan kara konyr topyragynda sholejt osimdikteri osedi Ormandary Sibir agashtary men Tyan Shan shyrshasynan turady Bul ajmaktyn Sibir men Orta Aziya aralygyndagy otkinshi oryn ekenin tagy da dәleldejdi Sauyrdyn ontүstigi men Tarbagatajdyn shygys boligi aralygyn Shilikti sholejt dalasy alyp zhatyr Onyn topyragy da sortandalgan sur zhәne tasty keledi osimdikteri de sogan sәjkes seleuli kodeli zhusandy betegeli bolyp osedi Sauyr tauynyn etegi egindikke shabyndykka mal zhajylymyna kolajly Zhanuarlar dүniesi zhagynan Sauyr men Tarbagataj Altaj men Tyan Shannyn aralyk audanyn kurajdy Ony konyr ayu bugy elik tauteke arkar kaskyr sileusin tүlki zhәne t b andar mekendejdi Tau zhanuarlary da dala sholejt andary da kezdesedi Sholejtti dalada suyr alaman tyshkany mekendejdi Bul zherde Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen akbas tyrna duadak karabauyr buldyryk ular bүrkit lashyn itelgi үki zhәne t b ushyrasady DerekkozderҚazakstannn fizikalyk geografiyasy Almaty Atamura 2008 ISBN 9965 34 809 H Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geografiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet