Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады.
Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.
Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді.
Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец және кейбір қазақ ғалымдары Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр.
Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі.
Тарихы
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
“Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.
Мазмұны мен құрылымы
Байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен.
Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың , мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):
- 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
- 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
- 3) батырға тән балалық шақ;
- 4) алғашқы ерлік;
- 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
- 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
- 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
- 1) жаудың шабуылы туралы хабар;
- 2) жорыққа аттану;
- 3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
- 4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
- 5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:
- 1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
- 2) , бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;
- 3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;
- 4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
- 5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
- 6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”, “Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады.
Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды.
Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, “ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да, батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең — айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының жеңіс мейрамы.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір
- 1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат, “Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;
- 2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “” жырларында сюжеттердің толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді.
“Қырымның қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып, бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған.
Батырлық жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі.
Батырлар жырын зерттеу
Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов т.б. болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “” эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды.
XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады.
1950—1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл. мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” (1959), “Қамбар батыр” (1959), “Алпамыс батыр” (1961), “Қыз Жібек” (1963) жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев Тұрсынбек Кәкішұлы, Бердібаев Рахманқұл , Сыдықов Тұрсынбек Сейітжаппарұлы, Садырбаев Сейіт Кенжеғұлұлы, Сыдиықов Қабиболла Қалиасқарұлы, Қасқабасов Сейіт, Нұрмағамбетов Орынғали, Ыбыраев Шәкір т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды.
Әдебиет пен өнерде
Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Жамбыл Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.
Батырлар жыры
Батырлар жырының тізімі
- Едіге
- Тоқтамыс
- Алпамыс
- Қобыланды
- Ер Тарғын
- Қозы Көрпеш — Баян сұлу
- Батыр Бекет
- Ер Сайын
Жарық көрген кітаптар
- "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" (1959)
- "Қамбар батыр" (1959)
- "Алпамыс батыр" (1961)
- "Қыз Жібек" (1963)
Әдебиеттану
- Маргулан А., "О характере и исторической обусловленности казахского эпоса", "Известия казахского филиала АН СССР. Серия историческая", 1946, №2, с.75–80;
- Ғабдуллин М., , "Қазақ халқының батырлық жыры", Алматы, 1972;
- Короглы Х.Г., "Огузский героический эпос", Москва, 1976;
- Бердібаев Р., "Қазақ эпосы", Алматы, 1982;
- Мелетинский Е.М., "Введение в историческую поэтику эпоса и романа", Москва, 1986;
- Ыбыраев Ш., "Эпос әлемі", Алматы, 1993.
Дереккөздер
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақ Энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batyrlyk zhyrlar batyrlar zhyry auyz әdebietindegi en baj da kone zhanrlardyn biri Қaһarmandyk epos dep te atalady Batyrlar zhyry Batyrlyk zhyrlar halyk omirinin tutas bir dәuirin zhan zhakty kamti otyryp sol tarihi kezendegi batyrlardyn syrtky zhaularga karsy erlik kүresin el ishindegi әleumettik kajshylyktar men tartystardy bejnelep beredi Birak onda tarihi okigalar tizbegi omirde bolgan kalpynda emes zhyrdyn korkemdik sheshimine lajykty oriledi Bas kejipkerdin zhүris turysyna ozge elge erlik saparga shyguyna zhәne oz elin zhaudan azat etuine bajlanysty okigalar bir kaһarmannyn manyna toptalyp sonyn bejnesin ashuga kyzmet etedi Epos zhelisi belgili bir tarihi dәuirge taban tirep sony korsetip otyrganymen ogan kobine tүrli zamannyn okigalaryn bir kaһarmanga telip zhyrlap beru tәn Batyrlyk zhyrlardyn osy ozgesheligine bajlanysty gylymi ortada kopten beri tүrli tuzhyrymdar oryn alyp keledi Resejlik zertteushiler B A Rybakov R S Lipec zhәne kejbir kazak galymdary Әlkej Margulan Әuelbek Қonyratbaev epostyk zhyrlardagy tarihi okigalar men tarihi tulgalarga sүjene otyryp zhyr men tarihtyn zhakyndygyn tilge tiek etse endi bir top galymdar V Ya Propp B N Putilov epostyn nakty tarihi okigalarga katysy zhanama tүrde gana korinedi degen pikirdi alga tartady Batyrlyk zhyrlar en aldymen korkem shygarma Ol ozinin zhanrlyk nysanasyna karaj shyndykty ozinshe korytyp ony ozinin korkemdik ozgesheligine karaj orip otyratyny dausyz Epostyk zhyrlar adamzat kogamynyn tarihi damu үrdisterimen birge zhasap keledi Osydan bolsa kerek epostyk zhyrlardy kejde tarihi kezenderge karaj toptastyru oryn alyp kele zhatyr Epostyk zhyrlardy ishtej saralap zhanrlyk belgisine shygu dәuirine karaj toptastyryp otyru gylymnyn zhetken dengejin tanytady zhәne mundaj zhinaktaushylyk sipaty bar oj pikirler buryn sondy zhүrgizilgen izdenisterdin nәtizhesine sүjenedi Қazak eposyn pajda bolgan dәuirine karaj toptastyru үlgisin Shokan Uәlihanov G N Potanin V Radlov Ә Divaev Ahmet Bajtursynuly zertteulerinin tәzhiribesine sүjenip Margulan usyngan bolatyn Ol eposty bes salaga bolse kejinnen Қonyratbaev eposty on salaga boledi TarihyBatyrlyk zhyrlaryn pajda bolu kezenderine karaj iri үsh topka zhinaktauga bolady En kone zamangy epos ertegilik epos arhaikalyk epos kone epos memleketke dejingi epos dejtin ataular gylymda algashky kezendegi epostyk zhyrlardy atau үshin koldanylyp zhүr Bulardyn kataryna Ergenekon Attilla Er Tostik mergender turaly epostyk zhyrlar zhatkyzylady Tarihi kezenderdin eposy Tүrik kaganaty Ogyz handygy nogajly dәuiri Қazak handygy kezenindegi epostar Alpamys Қambar Қobylandy Er Targyn t b Zhana dәuir eposy tarihi zhyrlar 1916 zhylgy ult azattyk koteriliske bajlanysty zhyrlar Espenbet Өtegen Narkyz t b Batyrlyk zhyrlar bajyrgy kone epostyn zhalgasy retinde dami otyryp kogamdyk karym katynastyn sayasi әleum zhagdajlardyn ozgeruine buryngy zhekelegen rular men tajpalardyn birtindep halyk bolyp kurala bastauyna sәjkes kalyptasty Mazmuny men kurylymyBajyrgy kone epostyn dәstүri negizinde pajda bolgan B zh birkatar arhaikalyk belgilerin saktap ta kaldy Solardyn biri batyrdyn bolashak zharyn izdep shyguy zhәne osy saparda kejbir kiynshylyktardy zhenui Mәselen Қobylandy Alpamys zhyrlaryndagy batyrdyn algashky zhoryktary osymen bajlanysty Alajda bul zhoryktyn mәni birshama bәsendep zhyrdyn tүpkazygy batyrdyn eli zhurtyn azat etuge attangan saparlaryna auyskan Mysaly Қobylandy zhyryndagy Қurtka batyrga at tandap bolashakta kandaj kiyndyk bolaryn aldyn ala bolzhap otyratyn koregen adam Қarlyga Қobylandymen birdej dәrezhede erlik korsetip batyrlardan asyp tүspese kem tүspejdi Әjtse de әjelerki matriarhat dәuirimen bajlanysty oryn algan belsendi әjel kaһarmandardyn kyzmeti kejingi Batyrlyk zhyrlarda birshama shektelgen Әjelder otbasy үj ishinin gana korki bolyp kalgan Қolyna karu alyp erlermen birge zhүretin bolmasa aga inilerin үjlendirip olardyn ornyna ozi kek alatyn әjel kaһarmandar munda zhokka tәn Batyrdyn zhenilmejtindigi zhәne ogan zakym kelmejtindigi de epikalyk dәstүr Қaһarmannyn olip tirilui atsa myltyk otpejdi shapsa kylysh kespejdi siyakty azhalsyzdyk batyrga degen sheksiz idealdyk tүsinik әrine zhalpy mifterden bastau alatyn mәdeni ilki kaһarman E M Meletinskij termini ugymymen torkindes Folklordyn ozge zhanrlaryna karaganda Batyrlyk zhyrlardyn koterer zhүgi anagurlym үlken Halyk tarihynda oryn algan ne oryn aluga tiis okigalar mejlinshe zhinaktalyp әri irilenip surettelumen birge olardyn memleket tagdyryndagy sheshushi mәnine de konil bolinedi Eldi biriktirgen nemese yntymagyn ydyratkan okigalar sayasi әleum tүp tamyrymen birge ashylyp korsetiledi Osynyn bәrinin bel ortasynda halyktyn ansary augan әsire madaktalgan murattas kaһarmany zhүredi Onyn is әreketinde kara basynyn kamynan mejlinshe zhogary eldik halyktyk mүdde kashan da birinshi kezekte turady Sondyktan bolar zhyrlardagy үlkendi kishili okigalardyn bәri de sol kaһarmannyn is әreketi men tүsinigi arkyly tizbektelip otip zhatady Sol arkyly halyk is zhүzinde tarihi okigalar men kogamdyk әleum zhagdajlarga oz kozkarasyn bildiredi Sojtip kaһarmandyk epos tarihtagy okigalardyn halyktyk turgydan bejnelengen onyn halyk sanasyndagy korkem tilmen bayandalgan shezhiresi kyzmetin atkarady Batyrlyk zhyrlardyn gasyrlar bojy kalyptaskan korkemdik dәstүri bar Ony zhyr kurylymynan da okigalardyn ornalasu retinen de kejipkerdin bastan ayak atkargan isindegi biryngaj tektestikten de koremiz Қazak kaһarmandyk eposynyn әrkajsysyn zhalpylama belgilerine karaj zhinaktar bolsak en aldymen olardyn syuzhettik kurylymyndagy uksastyktardy invariant kajtalanatyn motivtin zhalpy toby men ret tәrtibi tүrinde tomendegishe zhikteuge bolady Batyrga tәn balalyk shak zhәne kejipkerdin үjlenui batyrlarga lajyk kudalyk 1 suretteu orta tajpa ata ana el zhurt turaly soz 2 kejipkerdin gazhajyp zharatylysy 3 batyrga tәn balalyk shak 4 algashky erlik 5 kalyndyk turaly habar kalyndygyn izdeu 6 kalyndykpen synga tүsu beldesu nemese kүjeu zhigitter arasyndagy bәseke 7 zhenis zhәne kejipkerdin kalyndygymen oraluy Batyrlarga tәn erlikter 1 zhaudyn shabuyly turaly habar 2 zhorykka attanu 3 batyrlardyn beldesui kejde zhoryk sәtsiz bolyp batyr tutkynga tүsedi 4 zhekpe zhek zhәne kejipkerdin zhenisi 5 zhenispen elge oralu Zhaudan kuldan baktalastan elin tajpany kalyndykty tugan tuysty elin azat etu 1 kalyndyk turaly nemese tugan tuystyn tutkynga tүskeni korlyk korgeni zhoninde habar tүs koru belgi berilui 2 bәsekelestin nemese kuldyn kejipkerdin kalyndygyna үjlenudi niet etui 3 kalyndykpen zhasyryn kezdesu nemese kalyndygynyn tojyna boten adamnyn kejpinde kelu 4 kejipkerdin kүres zharys үstinde tanyluy 5 tugan zherge oralu bәsekelesterdi kuldardy zhazalau 6 toj Bul zhikteluden bajkalatyn zhagdaj birkatar batyrlyk zhyrlarda osy үsh syuzhettin bәri de bir birimen osy kiyulaskan ret tәrtibimen tolyk korinetindigi Mәselen Қobylandy Alpamys Қarabek zhyrlarynda osy үsh syuzhet tutas kamtylady Al atakty Muryn zhyrau zhyrlagan Қyrymnyn kyryk batyry siyakty zhyr tizbegi negizinen I zhәne II syuzhetterden turady Dotan Қubygul Қulamergen Zhoyamergen t b kone epostar zhogaryda ajtkanymyzdaj үjlenu үj ishin korgau okigalaryna kurylatyndyktan olar I syuzhettin toniregine toptalady Eki ne odan da kop syuzhetterdin kirui kontaminaciya Batyrlyk zhyrlardyn kalyptasuy үshin ajryksha kyzmet atkargan Koptegen epostarda әrbir zheke syuzhet oz aldyna derbes zhyrlanatyndygyn da bir zhyrda bir birimen zhalgasyp tutas bayandalatynyn da bajkajmyz Onyn үstine zheke syuzhettin kenistik mekendik bojynsha kurylymy birdej bolyp shygady batyrdyn mekeni zhau eli batyrdyn mekeni Zhau elinde kaza tappagan batyr ozge elde dүniege malga patshalykka kyzykpaj kajtyp keledi Batyrlyk zhyrlardyn okigasyna zhyrshy men zhyrau da tyndaushy kopshilik te bolgan shyndyk dep karajdy Epostyn okigasy Bayagy zamanda Buryngy otken zamanda Nogajly zamanynda dep korsetiledi Bul batyrlar omir sүrgen ajryksha bir dәuir tyndaushylar merzimine uksamajtyn eldin birligi men berekesi mol kezen dep tүsindiriledi Mine osyndaj dәuirde omir sүrip ishkenge mas zhegenge tok zhүrip zhatkan eldin tynyshtygyn buzatyn zhaular kalmak yndys nemese kyzylbas bolady Zhyr okigasyna kozgau salatyn da batyrdyn үjden shygyp zhorykka attanuyna sebepshi bolatyn da osy kalypty omirdin buzyluy Batyr buzylgan zhagdajdy kalpyna keltirushi tulga Ol zhaudy zhenip әdilettilikti askaktatyp algashky mamyrazhaj dәuirdi kajta ornatady Okiga ozinin bastalgan zherinde ayaktalady Zhaj gana emes tojmen ayaktalady Sebebi halyk ugymynda zhamandykty zhaksylyk zhauyzdykty kajyrymdylyk zorlykty әdildik zhenu batyrdyn erligimen bolatyn is Ol kezen ajryksha kaһarmandyk dәuir batyrlar zamany Toj sol zhaksylyk ataulynyn zhenis mejramy Қazaktyn Batyrlyk zhyrlaryna negiz bolgan eki tүrli epikalyk kaһarmandyk dәuir 1 zheke rular tajpalar dәuiri Mәselen Alpamys zhyrynda konyrat Қobylandy eposynda kypshak zamany 2 nogajly dәuiri Zheke rular dәuiri zhyr tizbegine ciklyna enbejtin dara turgan epostyk zhyrga tәn әri ondaj zhyr kobine zhogaryda korsetilgen invarianttyn үsh syuzhetin de kamtidy Batyrlardyn zhorygyn birneshe ret kajtalau okigasyn omirbayandyk zholmen kuru arkyly mundaj epos ozi surettep otyrgan dәuirdi mejlinshe mol bejnelejdi Mәselen Қobylandy zhyrlarynda syuzhetterdin tolyktygyn bylaj kojganda әleum orta zhagdaj el tirshiligi birshama naktyly bayandalady Al nogajly dәuiri kazak eposynyn tizbekti toptama zhyr үlgilerinde korinis beredi Bularga kaһarmannyn dүniege keluin balalyk shagyn үjlenu tarihyn tolyk bayandau tәn emes Bir zhyrdan kejin bir zhyr tizbektelip kajta kajta bir izben biryngaj omirbayandyk zholmen bayandalyp otyrsa ish pystyratyn kajtalaushylykka әkelip soktyrgan bolar edi Қyrymnyn kyryk batyry siyakty orasan zor tizbekti zhyrdy zhyrlagan atakty Muryn zhyrau bul ozgeshelikti ote teren tүsingen Sondyktan da ol әr batyrga tәn zheke syuzhetterdi kobine II zhәne III syuzhetter ishtej barynsha shiryktyra otyryp birer okiga bolsa da olarga biregejlik kasiet darytyp zhyrlagan Batyrlyk zhyrlardyn kurylymyna katysty osyndaj erekshelikter olardyn mezgil men mekendik zhәne tizbektik sipatymen tygyz bajlanysty Batyrlyk zhyrlardyn olen kurylysy negizinen taban astynda olen zholdaryn suyryp salyp ajtuda әsirese kimyl kozgalysty tүrli dinamikalyk okigalardy bayandauda ojnaky ontajly erkin kosiluge mүmkindik beretin zheti segiz buyndy zhyr olshemi Batyrlar zhyryn zertteuҚazak halkynyn Batyrlyk zhyrlary turaly algash zertteuler zhazyp zharykka shygargan galymdar Uәlihanov Radlov Potanin I N Berezin Divaev T Belyaev I Melioranskij G Sablukov N N Ilminskij Zh Shajhislamov t b boldy Olar zhalpy epostyk zhyrlardyn erekshelikteri onyn ishinde Edige epostar turaly algashky gylymi pikirler ajtty Alpamys Қobylandy Er Targyn Қozy Korpesh Bayan sulu epostaryn Қazan Ufa kalalarynan zharykka shygardy Bulardyn izdenisterin Әlihan Bokejhanov Bajtursynov Halil Dosmuhamedov zhalgastyrdy Er Targyn Қobylandy Edige Batyr Beket Er Sajyn zhyrlary algash ret osy galymdardyn enbekterinde taldandy XX gasyrda Sәken Sejfullin Muhtar Әuezov Sәbit Mukanov Margulan Қ Zhumaliev E Ysmajlov B Kenzhebaev Mәlik Ғabdullin N S Smirnova t b galymdar kazak eposynyn halyktyk sipaty ideyasy korkemdigi turaly zertteuler zhazyp kazir kopshilikke taralyp ketken batyrlyk zhyrlardy zhariyalady 1950 1960 zhyldary tungysh ret epostyn gyl mәtinin zhariyalau zhumysy zhүzege asty sojtip Қozy Korpesh Bayan Sulu 1959 Қambar batyr 1959 Alpamys batyr 1961 Қyz Zhibek 1963 zhyrlarynyn akademiyalyk basylymdary zharyk kordi Osy kezenderde batyrlyk zhyrlardyn tonireginde ideologiyalyk ajtystar da orbidi XX gasyrdyn 60 zhyldarynan bastap kazak batyrlyk zhyrlaryn zhana kyrynan zertteuge Қonyratbaev Tursynbek Kәkishuly Berdibaev Rahmankul Sydykov Tursynbek Sejitzhapparuly Sadyrbaev Sejit Kenzhegululy Sydiykov Қabibolla Қaliaskaruly Қaskabasov Sejit Nurmagambetov Oryngali Ybyraev Shәkir t b galymdar үlken үles kosty Olardyn enbekterinde Batyrlyk zhyrlardyn zhanrlyk erekshelikteri varianttary kurylymy poetikasy tutastanuy tipologiyasy genezisi zhan zhakty karastyryldy Әdebiet pen onerde Batyrlyk zhyrlardyn әdebietke ulttyk kәsibi oner zhanrlarynyn kalyptasuyna әseri erekshe boldy Mәselen batyrlyk epostar syuzhetinin negizinde Zhambyl Zhabaev Suranshy Өtegen zhyrlaryn shygargan Dramaturgiya salasynda Қarakypshak Қobylandy Әuezov Arkalyk batyr Zh Shanin t b pesalar zhazylyp Er Targyn E Brusilovskij Alpamys batyr E Rahmadiev operalary kosyldy Batyr Bayan kinofilmi tүsirildi Batyrlar zhyryBatyrlar zhyrynyn tizimi Edige Toktamys Alpamys Қobylandy Er Targyn Қozy Korpesh Bayan sulu Batyr Beket Er SajynZharyk korgen kitaptar Қozy Korpesh Bayan Sulu 1959 Қambar batyr 1959 Alpamys batyr 1961 Қyz Zhibek 1963 ӘdebiettanuMargulan A O haraktere i istoricheskoj obuslovlennosti kazahskogo eposa Izvestiya kazahskogo filiala AN SSSR Seriya istoricheskaya 1946 2 s 75 80 Ғabdullin M Қazak halkynyn batyrlyk zhyry Almaty 1972 Korogly H G Oguzskij geroicheskij epos Moskva 1976 Berdibaev R Қazak eposy Almaty 1982 Meletinskij E M Vvedenie v istoricheskuyu poetiku eposa i romana Moskva 1986 Ybyraev Sh Epos әlemi Almaty 1993 Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazak Enciklopediyasy