Мұрын жырау, Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) — жырау. Қашаған жырау мен шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. XX ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.
Мұрын жырау | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Тілеген Сеңгірбекұлы |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | КСРО |
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары |
Өмірбаяны
Мұрын Сеңгірбекұлы 1859 жылы Маңғыстау өлкесі, Бозащы түбегінде, деген жерде туған. Мұрынның әкесі Сеңгірбек өмір бойы ата кәсібі ұсталықпен айналысқан. Қалдықызбен (Қалдыкөз) тұрмыс құрады. Жыраудың ағасы Төлеген дүниеге келген соң көп уақыт балалы болмай, он жылдан кейін дүниеге келген, көптен күткен ұлының атын Тілеген қойған. Жас Мұрынды әкесі жастайынан зергерлікке, ұсталыққа үйретеді.Баланың кішкене кезінен ән-күй, жыр-термеге құмарлығы білінді. Бұны алғаш байқаған анасы болатын. Анасы өзі де әңгімеқұмар кісі болғандықтан, білетін аңыз-әңгіме, өлең-жырларды ырғағы мен мәнерін келтіріп айтып отырады екен.
XIX ғасырдың 60 жылдары патшалық Ресейдің шығыс аймағында үлкен әкімшілік-басқару реформасы орын алған. 1868 жылы 21 қазанда "" қоданысқа енгізілді. Патшалық империализмнің нәубеті артып, салық артып, халыққа қысым күшейді. Көп ұзамай қалыптасқан ахуалға жауап ретінде 1870-1873 жылдары тарихта "Иса-Досан көтерілісі" деген атпен белгілі Адай руының көтерілісі орын алған. Алайда көтерілістің басы өте сәтті басталғанымен, орыс әкімшілігі көтерілісшілерді басуға шұғыл түрде көмекке Дағыстаннан, әскер жіберді. Көтеріліс басып тасталған соң, патша әскері халықты тонауға кіріскен. Осы уақытта Сеңгірбек руластарымен қосылып, Хиуа хандығы қарамағындағы, Қарақалпақ, Түркмен, Өзбек, Тәжік аймақтарына қоныс аударып кетеді. Көшуінің тағы бір себебі, көтерілісшілерге қару дайындаған ұстаға, патша үкіметінің көзқарасы болатын (әрине оң болмасы айдан анық). Босып кеткен елдің халі мүшкіл еді. Бұл кезде болашақ жырау шамамен 12-13 жаста.
Мұрын кіші кезінен әкесінің ұстаханасында істейтін. Жұмыстан босаған уақытты жан құмарлығын басу үшін жырға арнайтын. Алайда әкесі жас Мұрынды жанында ұстауды жөн көрген. 1875 ж. Он алты жасында жырау Дәметкенге үйленеді. Бір жылдан кейін әкесі қайтыс болады. Бұл жағдайда бүкіл үй іші шаруашылық, ұстахана ісі Мұрынға жүктелген. Дегенмен жан-тәнімен сөз өнеріне берілген жас жырау, әкесінің жылы өткеннен кейін, ұста шаруашылығын ағасына тастап, бір топ ақындарға қосылып ел кезіп кетеді.
1880 ж. атамекені Бозашы Маңғыстауға оралады. Сол жерде атақты Қашаған ақынмен бес жыл үзеңгілес болады.
Жырау қырық жасына таянған шағында, 1897 – 1899 аралығында Қарақалпақстан аумағындағы Қожеліде қоныстанады. Бұл жерде ол үлкен қасіретке ұшырайды. Әйелі Дәметкен алты баланы дүниеге әкелген еді. Төрт қыз, екі ұл. Үш қызы әр уақытта шетінеген болатын. Қожеліде бірдей екі ұлы кезекпе-кезек қайтыс болады. Осы оқиға жырауға өте ауыр тиген еді. Қайғыдан жыршылығы мен ел аралауды қойып, көп уақытын ата кәсібі ұсталық пен отбасына арнайды. Туған жері Маңғыстауға көшіп, сол аймақта тұрақтап қалады.
1899 ж. Мұрын жырау қаласына көшіп барады. Тастан (ұлутас) үш бөлмелі шағын үй мен ұста дүкенін салады. Арнайы жиындарда ғана жыр айтады.
1907 ж. жары Дәметкен дүние салды. Жалғыз қызы Тұрлан екеуі қалған еді. Бірақ көп ұзамай Мұрын Жаншаға (Жансалқам) үйленіп, тұрмысы біршама түзелді.
1940 ж. Жанша қайтыс болады. Осы кезде жалғыз қызы Тұрлан мен Күйеу баласы Дүйсенбай, қарт жыраудың қоластына көшіп барып, оған демеу болып, көңілін аулайды. Мұрынға жиен немересі Дәуітбайды бала етіп берген.
1941 ж. "" отыз жеті жыр үзіндісін жазып алғаннан бастап Мұрын жырау Республика деңгейінде таныла бастайды.
1942 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президенті Қаныш Сәтбаев пен директоры Нығмет Сауранбаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Мұрын жырауды шақырту және оған арнайы жағдай жасау хатын жолдайды.
Мұрын Сеңгірбекұлы 1942 жылдың 11 шілдесінде Алматыға келеді. Біраз тынығып алғаннан кейін филормонияда алпыс шақты кісі алдында "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази" жырын айтады. Тыңдаушылар арасында Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, , Асқар Тоқмағамбетов, , Қажым Жұмалиев, Нығмет Сауранбаев, Ғабиден Мұстафин, Ахмет Жұбанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан т.б. қазақтың зиялы қауым өкілдері болған. Сол жылы "Қырымның қырық батыры" қағазға түседі. Стенаграфист болып – Мәриям Исаева тағайындалды, ал жырларды – Мәриям Хәкімжанова жазып алып отырды.
1947 ж. И. Ұйықбаев арқылы Ғылым академиясы қорына өмірбаянының толық нұсқасы мен төрт батыр жайлы жырды жібереді. Сол жылы Мұрынды Республикалық Халық шығармашылық үйі Алматыға шақырады. Көпшілік алдында жырлап, біршама күн Алматыда болады. Осы уақытта оның жырларын жазып алған деседі. Алайда бұл жайында ешқандай қорлар мен мұрағаттарда мәліметтер табылмады.
1948 ж. 28 сәуірде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің "Мұрын жырау мұраларын жазып алу, жинау, жүйелеу" туралы жарлығы шығады.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 1954 ж. 29 тамызда бір айдай төсек тартқаннан кейін, Форт-Шевченко қаласында өмірден озды. Қала маңындағы Сисем ата зиратында жерленген. Жырау өмірінің соңғы жылдарын домбырасын қолына алып, ноғайлы батырларының ерліктерін дәріптеумен өткізген. Замандас, құрбы-құрдастарымен үлкен жиындарда кездесіп, қалың елге жыр, батырларының ерліктері жайында әңгімелер айтқан еді.
Қырымның қырық батыры
Қырымның қырық батыры атты жыр жинағы 41 батырдың ерлігін жырлайтын 36 жырдан тұратын алып туынды.
Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары:
- .
- .
- .
- Едіге.
- .
- .
- .
- .
Қарадөң батыр және оның ұрпақтары:
- .
- Жұбаныш.
- Сүйініш.
- Ер Бегіс.
- Тегіс, Көгіс.
- Тама.
- Тана.
- Нәрік.
- Шора.
Жеке батырлар:
- Асанақайғы, Тоған, Абат.
- Қарғабойлы, Қазтуған.
- Қыдырбайұлы Қобыланды.
- Көкше батыр.
- Көкшенің ұлы Ер Қосай.
- Ақжонасұлы Ер Кеңес.
- Манашы.
- Манашыұлы Тұяқбай.
- Жаңбыршы.
- Жаңбыршыұлы Телағыс.
- Айсаның ұлы Ахмет.
- Алау батыр.
- Әмет батыр.
- Шынтас.
- Шынтасұлы Төрехан.
- Сұлтанкерім.
- Қарт Қожақ.
- Құлыншақ.
Жыр дала шежіренамалық жырлау мен әңгімелеу дәстүрін өз бойына сіңіріп, жеңіл түрде өткен оқиғаларды баяндап қана қоймай, тарихи оқиғаларға бірегей өзіндік баға береді. Жырдағы қаһармандардың көбісі әкелі-балалы болып байланыс орнатып, генеологиялық (шежірелік) байланыс құрады:
Аңшыбай батырдың ұрпақтарында:
Құттықия → Едіге → Нұрадын → Мұса хан → Орақ, Мамай → Қарасай, Қази.
Жеке батырларда:
Көкше батыр → Көкшенің ұлы Ер Қосай;
Манашы → Манашыұлы Тұяқбай;
Жаңбыршы → Жаңбыршыұлы Телағыс;
Шынтас → Шынтасұлы Төрехан.
Сонымен қатар жырдағы кейіпкерлердің көбісі Алтын Орда мен Ноғай Ордасы заманында өмір сүрген хандар, би мен батырлар, Мысалы:
Тоқтамыс хан — Алтын Орда ханы.
Сәтемір — Әмір Темір, Ақсақ Темір, Темірлан дарынды қолбасшы, Мәуеренаһр билеушісі, Тимуридтер династиясының негізін қалаушы.
Едіге би — Ноғай Ордасының негізін қалаушы, Алтын Орданың беделді биі.
Асан қайғы — Қазақ хандығының құрылтайшыларының бірі, Ұлық Мұхамед, Жәнібек хандардың биі.
Орманбет би — ноғайлы заманының атақты биі. Қазақ ауыз әдебиетінде қазақ пен ноғай араларының алыстап, бөлінуін Орманбет бидің өлімімен байланыстырады.
Мұса би — Ноғай Ордасының биі. Мұса би кезінде Ноғай Ордасы Еуразия кеңістігінде ең азулы күшке айналған. Қырымның қырық батырында оған "хан" атағы телінген.
Жаңбыршы би — Ноғай Ордасының билеушісі, Мұса бидің інісі, әрі оң қолы.
Жаңбыршыүлы Телағыс — Ресми тарихи деректерде есімі "Ағыс, Агиш". Мұса би мен әкесі Жаңбыршы дүниеден өткеннен соң орын алған Мұса ұрпақтарының арасындағы билік үшін тартыстың қатысушысы. Мұрагерлік дәстүр бойынша би болу құқығы болмаған.
т.б.
Жыраудан жазылып алынбаған шығармалар
Жырау мұралары түгел дерлік қағаз бетіне түспегенге ұқсайды. Себебі жыраудың 1949 жылы Ғылым академиясына жіберген хатында білетін жырларының тізімін жазған еді. Ол тізімде:
- "Қырымның қырық батыры" туралы әңгімелер мен жырлар;
- Түрікменнің "Көроғлы батыры" туралы жыр, әңгіме;
- Араб елінің Рамуз патшасы, Ысырау патшасы туралы жыр, әңгіме;
- Бұрын Маңғыстауды жайлаған "Жеті жұрт" туралы әңгіме;
- Қазақтың (Адайдың) Маңғыстауды мекен етуі туралы;
- Бәймәмбеттің ауасы (көшуі) туралы, яғни Маңғыстау халқының патша үкіметінің отарлау саясатына көнбеуі, салық төлеуден бас тартуы, шаруар көтерілісі туралы;
- Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Кұрымжанұлы туралы әңгімелер.
Осы тізімді қарай отырып Мұрынның бай қазынасын байқаймыз. Аталған ресми хат "Қырымның қырық батыры" авторының әбден қартайған шағында жазылғанын ескерсек, жырау байлығы бұдан да кемел болуы керек. Бұл жайында Қабиболла Сыдиықов:
"Өмір бойы халқымыздың асыл қазынасын жүрегінің ыстығына бөлеп, аялап келген Мұрын жыраудың білгені мен жырлағаны өзі тізімде көрсеткен әлдеқайда мол болуы мүмкін. Оның бәрін еске түсіру тоқсанға келген жырауға оңай түспеген шығар. Өзгесін айтпағанның өзінде, "Қырық батыр" жырларын жеткізудің өзі де аз еңбек емес
", -дейді.
Әдебиеттер
- Қырымның қырық батыры. - Алматы, "Арыс" баспасы, 2005. - 544 бет.
- Сәкен С. "Қырымның қырық батыры" және Ноғай Ордасының тарихы туралы шежіре деректері// Абай. - 2011. - №3.- 53-59 бет.
- Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. - М.: Издательская фирма "Восточная литература" РАН, 2002. - 752 с. ISBN 9965 - 609 - 57 - 8.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Muryn zhyrau Tilegen Sengirbekuly 1859 1954 zh zhyrau Қashagan zhyrau men shәkirti atalmysh zhyraulardan Қyrymnyn kyryk batyry epopeyasyn үjrenip bizdin zamanymyzga dejin zhetip kagaz betine tүsuine septigin tigizgen kajratker XX g kazak auyz әdebietinin en zharkyn okilderinin biri Muryn zhyrauNegizgi akparatTugan kezdegi esimiTilegen SengirbekulyTugan kүni1859 1859 Tugan zheri Bozashy tүbegi Mangystau audany Mangystau oblysyҚajtys bolgan kүni29 tamyz 1954 1954 08 29 Қajtys bolgan zheriFort Shevchenko Gurev oblysy Қazak KSRMemleket KSRO Resej imperiyasy 1859 1922 MamandyktaryzhyrauAspaptarydombyraZhanrlaryzhyrӨmirbayanyMuryn Sengirbekuly 1859 zhyly Mangystau olkesi Bozashy tүbeginde degen zherde tugan Murynnyn әkesi Sengirbek omir bojy ata kәsibi ustalykpen ajnalyskan Қaldykyzben Қaldykoz turmys kurady Zhyraudyn agasy Tolegen dүniege kelgen son kop uakyt balaly bolmaj on zhyldan kejin dүniege kelgen kopten kүtken ulynyn atyn Tilegen kojgan Zhas Muryndy әkesi zhastajynan zergerlikke ustalykka үjretedi Balanyn kishkene kezinen әn kүj zhyr termege kumarlygy bilindi Buny algash bajkagan anasy bolatyn Anasy ozi de әngimekumar kisi bolgandyktan biletin anyz әngime olen zhyrlardy yrgagy men mәnerin keltirip ajtyp otyrady eken XIX gasyrdyn 60 zhyldary patshalyk Resejdin shygys ajmagynda үlken әkimshilik baskaru reformasy oryn algan 1868 zhyly 21 kazanda kodanyska engizildi Patshalyk imperializmnin nәubeti artyp salyk artyp halykka kysym kүshejdi Kop uzamaj kalyptaskan ahualga zhauap retinde 1870 1873 zhyldary tarihta Isa Dosan koterilisi degen atpen belgili Adaj ruynyn koterilisi oryn algan Alajda koterilistin basy ote sәtti bastalganymen orys әkimshiligi koterilisshilerdi basuga shugyl tүrde komekke Dagystannan әsker zhiberdi Koterilis basyp tastalgan son patsha әskeri halykty tonauga kirisken Osy uakytta Sengirbek rulastarymen kosylyp Hiua handygy karamagyndagy Қarakalpak Tүrkmen Өzbek Tәzhik ajmaktaryna konys audaryp ketedi Koshuinin tagy bir sebebi koterilisshilerge karu dajyndagan ustaga patsha үkimetinin kozkarasy bolatyn әrine on bolmasy ajdan anyk Bosyp ketken eldin hali mүshkil edi Bul kezde bolashak zhyrau shamamen 12 13 zhasta Muryn kishi kezinen әkesinin ustahanasynda istejtin Zhumystan bosagan uakytty zhan kumarlygyn basu үshin zhyrga arnajtyn Alajda әkesi zhas Muryndy zhanynda ustaudy zhon korgen 1875 zh On alty zhasynda zhyrau Dәmetkenge үjlenedi Bir zhyldan kejin әkesi kajtys bolady Bul zhagdajda bүkil үj ishi sharuashylyk ustahana isi Murynga zhүktelgen Degenmen zhan tәnimen soz onerine berilgen zhas zhyrau әkesinin zhyly otkennen kejin usta sharuashylygyn agasyna tastap bir top akyndarga kosylyp el kezip ketedi 1880 zh atamekeni Bozashy Mangystauga oralady Sol zherde atakty Қashagan akynmen bes zhyl үzengiles bolady Zhyrau kyryk zhasyna tayangan shagynda 1897 1899 aralygynda Қarakalpakstan aumagyndagy Қozhelide konystanady Bul zherde ol үlken kasiretke ushyrajdy Әjeli Dәmetken alty balany dүniege әkelgen edi Tort kyz eki ul Үsh kyzy әr uakytta shetinegen bolatyn Қozhelide birdej eki uly kezekpe kezek kajtys bolady Osy okiga zhyrauga ote auyr tigen edi Қajgydan zhyrshylygy men el aralaudy kojyp kop uakytyn ata kәsibi ustalyk pen otbasyna arnajdy Tugan zheri Mangystauga koship sol ajmakta turaktap kalady 1899 zh Muryn zhyrau kalasyna koship barady Tastan ulutas үsh bolmeli shagyn үj men usta dүkenin salady Arnajy zhiyndarda gana zhyr ajtady 1907 zh zhary Dәmetken dүnie saldy Zhalgyz kyzy Turlan ekeui kalgan edi Birak kop uzamaj Muryn Zhanshaga Zhansalkam үjlenip turmysy birshama tүzeldi 1940 zh Zhansha kajtys bolady Osy kezde zhalgyz kyzy Turlan men Kүjeu balasy Dүjsenbaj kart zhyraudyn kolastyna koship baryp ogan demeu bolyp konilin aulajdy Murynga zhien nemeresi Dәuitbajdy bala etip bergen 1941 zh otyz zheti zhyr үzindisin zhazyp algannan bastap Muryn zhyrau Respublika dengejinde tanyla bastajdy 1942 zh KSRO Ғylym akademiyasynyn Қazak filialy prezidenti Қanysh Sәtbaev pen direktory Nygmet Sauranbaevtyn Қazak KSR Ministrler Kenesinin toragasy Muryn zhyraudy shakyrtu zhәne ogan arnajy zhagdaj zhasau hatyn zholdajdy Muryn Sengirbekuly 1942 zhyldyn 11 shildesinde Almatyga keledi Biraz tynygyp algannan kejin filormoniyada alpys shakty kisi aldynda Orak Mamaj Қarasaj Қazi zhyryn ajtady Tyndaushylar arasynda Sәbit Mukanov Қanysh Sәtbaev Muhtar Әuezov Askar Tokmagambetov Қazhym Zhumaliev Nygmet Sauranbaev Ғabiden Mustafin Ahmet Zhubanov Ғabit Mүsirepov Әlkej Margulan t b kazaktyn ziyaly kauym okilderi bolgan Sol zhyly Қyrymnyn kyryk batyry kagazga tүsedi Stenagrafist bolyp Mәriyam Isaeva tagajyndaldy al zhyrlardy Mәriyam Hәkimzhanova zhazyp alyp otyrdy 1947 zh I Ұjykbaev arkyly Ғylym akademiyasy koryna omirbayanynyn tolyk nuskasy men tort batyr zhajly zhyrdy zhiberedi Sol zhyly Muryndy Respublikalyk Halyk shygarmashylyk үji Almatyga shakyrady Kopshilik aldynda zhyrlap birshama kүn Almatyda bolady Osy uakytta onyn zhyrlaryn zhazyp algan desedi Alajda bul zhajynda eshkandaj korlar men muragattarda mәlimetter tabylmady 1948 zh 28 sәuirde Қazak KSR Ministrler Kenesinin Muryn zhyrau muralaryn zhazyp alu zhinau zhүjeleu turaly zharlygy shygady Muryn zhyrau Sengirbekuly 1954 zh 29 tamyzda bir ajdaj tosek tartkannan kejin Fort Shevchenko kalasynda omirden ozdy Қala manyndagy Sisem ata ziratynda zherlengen Zhyrau omirinin songy zhyldaryn dombyrasyn kolyna alyp nogajly batyrlarynyn erlikterin dәripteumen otkizgen Zamandas kurby kurdastarymen үlken zhiyndarda kezdesip kalyn elge zhyr batyrlarynyn erlikteri zhajynda әngimeler ajtkan edi Қyrymnyn kyryk batyryҚyrymnyn kyryk batyry atty zhyr zhinagy 41 batyrdyn erligin zhyrlajtyn 36 zhyrdan turatyn alyp tuyndy Anshybaj batyr zhәne onyn urpaktary Edige Қaradon batyr zhәne onyn urpaktary Zhubanysh Sүjinish Er Begis Tegis Kogis Tama Tana Nәrik Shora Zheke batyrlar Asanakajgy Togan Abat Қargabojly Қaztugan Қydyrbajuly Қobylandy Kokshe batyr Kokshenin uly Er Қosaj Akzhonasuly Er Kenes Manashy Manashyuly Tuyakbaj Zhanbyrshy Zhanbyrshyuly Telagys Ajsanyn uly Ahmet Alau batyr Әmet batyr Shyntas Shyntasuly Torehan Sultankerim Қart Қozhak Қulynshak Zhyr dala shezhirenamalyk zhyrlau men әngimeleu dәstүrin oz bojyna sinirip zhenil tүrde otken okigalardy bayandap kana kojmaj tarihi okigalarga biregej ozindik baga beredi Zhyrdagy kaһarmandardyn kobisi әkeli balaly bolyp bajlanys ornatyp geneologiyalyk shezhirelik bajlanys kurady Anshybaj batyrdyn urpaktarynda Қuttykiya Edige Nuradyn Musa han Orak Mamaj Қarasaj Қazi Zheke batyrlarda Kokshe batyr Kokshenin uly Er Қosaj Manashy Manashyuly Tuyakbaj Zhanbyrshy Zhanbyrshyuly Telagys Shyntas Shyntasuly Torehan Sonymen katar zhyrdagy kejipkerlerdin kobisi Altyn Orda men Nogaj Ordasy zamanynda omir sүrgen handar bi men batyrlar Mysaly Toktamys han Altyn Orda hany Sәtemir Әmir Temir Aksak Temir Temirlan daryndy kolbasshy Mәuerenaһr bileushisi Timuridter dinastiyasynyn negizin kalaushy Edige bi Nogaj Ordasynyn negizin kalaushy Altyn Ordanyn bedeldi bii Asan kajgy Қazak handygynyn kuryltajshylarynyn biri Ұlyk Muhamed Zhәnibek handardyn bii Ormanbet bi nogajly zamanynyn atakty bii Қazak auyz әdebietinde kazak pen nogaj aralarynyn alystap bolinuin Ormanbet bidin olimimen bajlanystyrady Musa bi Nogaj Ordasynyn bii Musa bi kezinde Nogaj Ordasy Euraziya kenistiginde en azuly kүshke ajnalgan Қyrymnyn kyryk batyrynda ogan han atagy telingen Zhanbyrshy bi Nogaj Ordasynyn bileushisi Musa bidin inisi әri on koly Zhanbyrshyүly Telagys Resmi tarihi derekterde esimi Agys Agish Musa bi men әkesi Zhanbyrshy dүnieden otkennen son oryn algan Musa urpaktarynyn arasyndagy bilik үshin tartystyn katysushysy Muragerlik dәstүr bojynsha bi bolu kukygy bolmagan t b Zhyraudan zhazylyp alynbagan shygarmalarZhyrau muralary tүgel derlik kagaz betine tүspegenge uksajdy Sebebi zhyraudyn 1949 zhyly Ғylym akademiyasyna zhibergen hatynda biletin zhyrlarynyn tizimin zhazgan edi Ol tizimde Қyrymnyn kyryk batyry turaly әngimeler men zhyrlar Tүrikmennin Korogly batyry turaly zhyr әngime Arab elinin Ramuz patshasy Ysyrau patshasy turaly zhyr әngime Buryn Mangystaudy zhajlagan Zheti zhurt turaly әngime Қazaktyn Adajdyn Mangystaudy meken etui turaly Bәjmәmbettin auasy koshui turaly yagni Mangystau halkynyn patsha үkimetinin otarlau sayasatyna konbeui salyk toleuden bas tartuy sharuar koterilisi turaly Nurym Shyrshygululy Aktan Kerejuly Қashagan Kurymzhanuly turaly әngimeler Osy tizimdi karaj otyryp Murynnyn baj kazynasyn bajkajmyz Atalgan resmi hat Қyrymnyn kyryk batyry avtorynyn әbden kartajgan shagynda zhazylganyn eskersek zhyrau bajlygy budan da kemel boluy kerek Bul zhajynda Қabibolla Sydiykov Өmir bojy halkymyzdyn asyl kazynasyn zhүreginin ystygyna bolep ayalap kelgen Muryn zhyraudyn bilgeni men zhyrlagany ozi tizimde korsetken әldekajda mol boluy mүmkin Onyn bәrin eske tүsiru toksanga kelgen zhyrauga onaj tүspegen shygar Өzgesin ajtpagannyn ozinde Қyryk batyr zhyrlaryn zhetkizudin ozi de az enbek emes dejdi ӘdebietterҚyrymnyn kyryk batyry Almaty Arys baspasy 2005 544 bet Sәken S Қyrymnyn kyryk batyry zhәne Nogaj Ordasynyn tarihy turaly shezhire derekteri Abaj 2011 3 53 59 bet Trepavlov V V Istoriya Nogajskoj Ordy M Izdatelskaya firma Vostochnaya literatura RAN 2002 752 s ISBN 9965 609 57 8