«Ер Тарғын» – батырлық жыры.
Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Тарғын мен Ақжүніс.
"Тарғын" – бес қаруды шебер меңгерген батыр, "Ақжүніс"– ару қыз. Тарғын хандармен араз болса да, халықпен бірге. Оның басына іс түскенде ханға деген өкпесін ұмытып, жау елін жайратып жібереді. Ақжүніс сұлу ғана емес, ақылды жан, батырдың жәрдемшісі. Ол әрдайым батырмен бірге жүреді.
«Ер Тарғын» жырының композициясы шымыр әрі шебер құрылған. Жырдың тілі өте көркем. Онда классик эпосқа тән белгілер толық сақталған. «Ер Тарғын» жыры башқұрт халқына да жақсы таныс. Қазақ – башқұрт нұсқаларының сюжетінде елеулі айырмашылық байқалмайды. Ерекшелік негізгі кейіпкерлер, оларға берілген бағасы тұсында ғана кездеседі. Жыр сюжеті қазаққа етене жақын. Бұл тақырыпқа композитор Е.Г.Брусиловский «Ер Тарғын» (1937) операсын жазған.
«Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И.Ильминский (1859), В.В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Алматы қаласындағы Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары – Саркин, Диваев, І.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары – Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. Ел арасына кең тарағаны – Марабай нұсқасы. Ильминский оны 1862 жылы Қазанда жариялаған.
"Диваев жинағындағы нұсқа" да Марабай нұсқасына негізделген. Бұл нұсқада Тарғын Қаратаудан шыққан батыр болса, Нұрғалиұлы нұсқасында Тарғын Астрахан ханының қарамағындағы батыр, оған Ғайнижамал есімді қыз ғашық болып, тартыс Тарғын мен Шорман арасында өрбиді. Бекарыстанов нұсқасында Тарғынның әкесі – Қосы. Бекетұлы нұсқасында Тарғын Созақтан Қырым ханына кеткен батыр. Жырдағы Сыпыра жырау – Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген (15 ғасыр), қыпшақ тайпасынан шыққан тарихи тұлға. «Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау, бұлдырап тұрған құрғыр тау» деген жолдар 15–17 ғасырлардағы жыраулық поэзияға тән өрнектер. Шаған – қалмақ жеріндегі су атауы, гидроним. Ол бірде ақ түске қатысты болса, бірде дінбасы атауын білдіреді. «Тарғын» сөзінің мағынасы анықталған жоқ. Жырда Тарғынның тегіне қатысты мынадай мәлімет сақталған: Тарғын – Ардаби – Әжікерей, Айқожа. Мұндағы Айқожа бес қалаға хан болған. Онысы тарихи Бесбалық болуы мүмкін. Батырдың генеалогиясы қазақ шежіресін толықтыратын мәліметтер қатарында арнайы зерттелуге тиіс. Жырдағы этнонимдік атауларды екіге бөлуге болады: бірі – қырғыз, ноғайлы, қара ноғай, екіншісі – он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт. Осы мәліметтер жырдың туған дәуіріне де анықтық енгізеді. Оймауыт, торғауыт, хойт, хошоут, дөрбет – ойраттардың іргелі одағына кірген тайпалардың атауы. Олар Қыпшақ даласына 1452–1455 жылдары еніп, Сырдарияның бойымен Ташкентке дейін барған. «Ер Тарғын» жырын ноғайлы дәуірінен соң, 17–18 ғасырларда туған деген пікір дәл емес. Тарғынның ноғайлы дәуірінің батыры екені шындыққа сай келеді. Ноғайлы ұлысы ыдырағаннан кейінгі Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары құрылған тарихи-этн. оқиға ізі жырдан анық байқалады. Тарғынның өз елінен Қырым ханына кетуі, Ақшаханның қол астында да тұрақталмай, Еділдегі ноғайлы ханзадасына баруы соның дәлелі. «Ер Тарғын» жырының көркемдік ерекшеліктері, сюжеттік желісі, образдары хақында М.О.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Х.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды.
Ер Тарғын - опера.
""Либретто"" - Сағыр Камалов
""Музыка"" - Брусиловский Е.Г.
Премьерасы 1937 жылы 15 қаңтарда Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) қойылды. Операның негізгі жетістігі - прозалық мәтін араласпаған, бастанаяқ музыка үнімен орындалатын сахналық бейнелердің сомдалуында.
Ер Тарғын - халық ән-күйлерін операда шебер қолдануға құрылған туынды. Композитор онда 60-тан астам халық ән-күйлерін пайдаланған. Операны алғаш қойған реж. Қ. Жандарбеков, басты рольдерді Күләш Жасынқызы Байсейітова, Қ. Байсейітов ойнады. Операда тұңғыш рет көп дауысты хорлар мен вокалдық ансамбілдер бой көрсетті. Ал 1969 жылы К. Кенжетаев операны Абай атындағы опера және балет театырында жаңартып қойды. Мұнда Е. Серкебаев және Р. Жаманова партияларын орындады. Опера Өзбекстан мен Башқұртстанның театрларында да қойылған.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Er Targyn batyrlyk zhyry Nogajly dәuirinin tarihi okigalaryn bejnelejtin zhyrdyn negizgi ideyasy erlik pen batyrlykty dәripteu el birligin saktau kirshiksiz mahabbat Zhyrdyn negizgi kejipkerleri Targyn men Akzhүnis Targyn bes karudy sheber mengergen batyr Akzhүnis aru kyz Targyn handarmen araz bolsa da halykpen birge Onyn basyna is tүskende hanga degen okpesin umytyp zhau elin zhajratyp zhiberedi Akzhүnis sulu gana emes akyldy zhan batyrdyn zhәrdemshisi Ol әrdajym batyrmen birge zhүredi Er Targyn zhyrynyn kompoziciyasy shymyr әri sheber kurylgan Zhyrdyn tili ote korkem Onda klassik eposka tәn belgiler tolyk saktalgan Er Targyn zhyry bashkurt halkyna da zhaksy tanys Қazak bashkurt nuskalarynyn syuzhetinde eleuli ajyrmashylyk bajkalmajdy Erekshelik negizgi kejipkerler olarga berilgen bagasy tusynda gana kezdesedi Zhyr syuzheti kazakka etene zhakyn Bul takyrypka kompozitor E G Brusilovskij Er Targyn 1937 operasyn zhazgan Er Targyn zhyrynyn nuskalary kop Algash N I Ilminskij 1859 V V Radlov 1870 N Sarkin 1904 Ә Divaev 1922 zhinaktarynda zhariyalangan Almaty kalasyndagy Ort gyl kitaphana men Әdebiet zhәne oner institutynyn Қolzhazbalar korynda zhyrdyn 8 tүrli nuskasy saktauly Zhinaushylary Sarkin Divaev I Imanov Ә Yspanuly B Adambaev Z Bekarystanov M Қusniuly ajtushylary Marabaj O Қisykov N Nurgaliuly M Beketuly El arasyna ken taragany Marabaj nuskasy Ilminskij ony 1862 zhyly Қazanda zhariyalagan Divaev zhinagyndagy nuska da Marabaj nuskasyna negizdelgen Bul nuskada Targyn Қarataudan shykkan batyr bolsa Nurgaliuly nuskasynda Targyn Astrahan hanynyn karamagyndagy batyr ogan Ғajnizhamal esimdi kyz gashyk bolyp tartys Targyn men Shorman arasynda orbidi Bekarystanov nuskasynda Targynnyn әkesi Қosy Beketuly nuskasynda Targyn Sozaktan Қyrym hanyna ketken batyr Zhyrdagy Sypyra zhyrau Toktamys han tusynda omir sүrgen 15 gasyr kypshak tajpasynan shykkan tarihi tulga Bulgyr bulgyr bulgyr tau buldyrap turgan kurgyr tau degen zholdar 15 17 gasyrlardagy zhyraulyk poeziyaga tәn ornekter Shagan kalmak zherindegi su atauy gidronim Ol birde ak tүske katysty bolsa birde dinbasy atauyn bildiredi Targyn sozinin magynasy anyktalgan zhok Zhyrda Targynnyn tegine katysty mynadaj mәlimet saktalgan Targyn Ardabi Әzhikerej Ajkozha Mundagy Ajkozha bes kalaga han bolgan Onysy tarihi Besbalyk boluy mүmkin Batyrdyn genealogiyasy kazak shezhiresin tolyktyratyn mәlimetter katarynda arnajy zertteluge tiis Zhyrdagy etnonimdik ataulardy ekige boluge bolady biri kyrgyz nogajly kara nogaj ekinshisi on san ojmauyt togyz san torgauyt Osy mәlimetter zhyrdyn tugan dәuirine de anyktyk engizedi Ojmauyt torgauyt hojt hoshout dorbet ojrattardyn irgeli odagyna kirgen tajpalardyn atauy Olar Қypshak dalasyna 1452 1455 zhyldary enip Syrdariyanyn bojymen Tashkentke dejin bargan Er Targyn zhyryn nogajly dәuirinen son 17 18 gasyrlarda tugan degen pikir dәl emes Targynnyn nogajly dәuirinin batyry ekeni shyndykka saj keledi Nogajly ulysy ydyragannan kejingi Қazan Astrahan Қyrym handyktary kurylgan tarihi etn okiga izi zhyrdan anyk bajkalady Targynnyn oz elinen Қyrym hanyna ketui Akshahannyn kol astynda da turaktalmaj Edildegi nogajly hanzadasyna baruy sonyn dәleli Er Targyn zhyrynyn korkemdik erekshelikteri syuzhettik zhelisi obrazdary hakynda M O Әuezov M Ғabdullin Қ Zhumaliev Ә Қonyratbaev Ә H Margulan S Mukanov t b galymdar zertteuler zhazdy Er Targyn operasy Targyn Қ Bajsejitov Akzhunis K BajsejitovaEr Targyn opera Libretto Sagyr Kamalov Muzyka Brusilovskij E G Premerasy 1937 zhyly 15 kantarda Қazak muzyka teatrynda kazirgi Қazak akademiyalyk opera zhәne balet teatry kojyldy Operanyn negizgi zhetistigi prozalyk mәtin aralaspagan bastanayak muzyka үnimen oryndalatyn sahnalyk bejnelerdin somdaluynda Er Targyn halyk әn kүjlerin operada sheber koldanuga kurylgan tuyndy Kompozitor onda 60 tan astam halyk әn kүjlerin pajdalangan Operany algash kojgan rezh Қ Zhandarbekov basty rolderdi Kүlәsh Zhasynkyzy Bajsejitova Қ Bajsejitov ojnady Operada tungysh ret kop dauysty horlar men vokaldyk ansambilder boj korsetti Al 1969 zhyly K Kenzhetaev operany Abaj atyndagy opera zhәne balet teatyrynda zhanartyp kojdy Munda E Serkebaev zhәne R Zhamanova partiyalaryn oryndady Opera Өzbekstan men Bashkurtstannyn teatrlarynda da kojylgan Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz