Арынғазы Абылғазыұлы (1783 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған.
Арынғазы хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1816 — 1821 | |||
Ізашары | Қаратай хан | ||
Ізбасары | Шерғазы хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1783 Қазақ хандығы | ||
Қайтыс болуы | 1833 Ресей империясы | ||
Династия | Төре | ||
Әкесі | Әбілғазы хан | ||
өңдеу |
Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен.
Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
- Тереньтев М.А., История Средней Азии. т. 1. СПб, 1906
- Крафт И., Сборник узаконий о киргизах степных областей, Оренбург, 1898
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aryngazy Abylgazyuly 1783 1833 Kishi zhүz hany Қajyp hannyn nemeresi 1815 zh әkesi Abylgazy kajtys bolgannan kejin shekti zhappas argyn altyn t b rulardyn bi starshyndary tarapynan kuryltajda han sajlangan Aryngazy hanLauazymyTu Kishi zhүzdin hany1816 1821Izashary Қarataj hanIzbasary Shergazy hanӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui 1783 1783 Қazak handygyҚajtys boluy 1833 1833 Resej imperiyasyDinastiya ToreӘkesi Әbilgazy hanondeu Akyldylygymen parasattylygymen kozge tүsken Shergazymen tajtalasyp ony handyktan ygystyruga umtylgan Hiua hany Muhammed Rahymmen tartyska tүsip birneshe ret sogyskan Aryngazy kozgalysy degen atpen belgili sayasi agymnyn maksaty handyk bilikti nygajtu Orta zhүz ben Kishi zhүzde ortak memleket kuru ogan islam dinin musylmandyk kukykty sharigatty tirek etu Sojtip ol biler men starshyndardy el bileuden shettetip er ruga zhasauyl tagajyndady Aryngazy Resej protektoratyn birikken kazak handygyn kuru maksatyna pajdalanuga umtyldy 1819 zh Shergazy han patshanyn atyna Aryngazynyn үstinen shagym tүsirdi Gubernator P K Essen ogan koldau korsetti Tipti Shergazyny handyktan alastatyp Aryngazyny han retinde bekituge patshaga usynys zhasagan Kishi zhүzdin bir gana boligin baskarsa da patsha үkimetinin osy onirdi otarlauyna mejlinshe karsylyk korsetken Shergazynyn sonynan Sankt Peterburgka bargan Shergazyny gana han retinde mojyndagan I Nikolaj ony tutkyndau zhoninde nuskau berdi 1823 zh Aryngazy ustalyp zher audaryldy 1826 zh zheltoksan ajynyn 21 de birneshe sultan zhәne beldi starshyndar Essennen Aryngazyny Kalugadan oz auylyna kajtaruga otingen Essennin koldauyna karamastan Aziyalyk komitet bul usynysty kabyldamaj tastady Osygan karsylyk retinde Aryngazynyn partiyasy halyk arasynda үgit zhүrgizip Resejge karsylyk zhasauga tyrysty 1833 zh Aryngazy Kalugada dүnie saldy Aryngazy kүjshi de bolgan Onyn Aryngazy atty zheti buyndy zhyr olshemine saj keletin kүji marsh siyakty sergek sipatymen ajkyn konildi sazymen erekshelenedi Үsh bolimdi pishinde damityn bul shygarma Қurmangazy Dәuletkerej t b kүj shygarmashylygyna Saryarka Tүrmeden kashkan Қosalka әser etti DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Endiklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8 Terentev M A Istoriya Srednej Azii t 1 SPb 1906 Kraft I Sbornik uzakonij o kirgizah stepnyh oblastej Orenburg 1898