Шерғазы Айшуақұлы (туған жылы белгісіз — 29.8.1845) — Кіші жүздің ханы (1812 — 24).
Шерғазы хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1812 — 1824 | |||
Ізашары | Жантөре хан | ||
Ізбасары | Мемлекет құлады | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Династия | Төре | ||
Әкесі | Айшуақ хан | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Әбілқайыр ханның немересі. Айлакер, дипломаттық қабілетімен ерекшеленген. 1812 жылы Александр І патшаның жарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Ішкі Ордада Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі — Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманына тура келді. Әсіресе қолына хандық тимеген Шерғазыны мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасы сұлтан шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтан да Шерғазыға қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К. Эссен Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып, Ресей патшасынан тікелей қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жете алмады. Шекаралық комиссияның төрағасы В.Тимковский тартысқа көп араласпай, негізінде бейтарап саясат ұстанды. Ресейден үмітін үзген Шерғазы Хиуа хандығына арқа сүйенбек болды. Беделді, ақылды бәйбішесі Анам ханым Әбілқайыр тұқымдарының басын жиыстырып, Шерғазының билігін күшейтуге тырысты. Алайда Эссен Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия істері жөніндегі комитеттің тапсырмасымен Кіші жүзде хандықты жоюдың шараларын ұйымдастырды. “Орынбор қырғыздары туралы жарғының” қабылдануымен хандықтың жойылуына байланысты 1824 жылы мамыр айында Шерғазы орнынан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды. Алайда елін аңсаған Шерғазы 1825 жылдың күзінде жасырын ауылына қайтып оралды. Патша үкіметінің қудалауынан сескенген хан Хиуа хандығынан баспана іздеді. Шерғазыны қолға түсіруге тырысқан Орынбор шекаралық комиссиясы оның үлкен ұлдары Мұхамедқазы мен Ермұхамедті “әкелерінің дүниесін ауылына жеткізу” дегенді желеу етіп, қалаға шақыртты. Алайда аманат ретінде қапасқа қамалудан қорыққан Шерғазы балалары Орынборға барудан бас тартты. Шерғазы осыдан кейін саяси өмірге көп араласқан жоқ. Өкімет те оның қауіпсіздігіне көзі жетіп, 1500 сом жылдық жалақы тағайындады. Шерғазы Хиуа хандығын Ресеймен соғысуға үгіттеп, сол арқылы хандықты қалпына келтіруді көкседі. Бірақ арманына жете алмай, ұзаққа созылған науқастан дүние салды.
Дереккөздер
- Киргизы Оренбургского ведомства // Материалы для географии и статистики России, Мейер Л., СПб, 1865
- Государственные деятели казахских ханств в 18 — первой четверти 19 вв., Касымбаев Ж.К., ,3 том, Алматы, 2001
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shergazy Ajshuakuly tugan zhyly belgisiz 29 8 1845 Kishi zhүzdin hany 1812 24 Shergazy hanLauazymyTu Kishi zhүz hany1812 1824Izashary Zhantore hanIzbasary Memleket kuladyӨmirbayanyDini IslamDinastiya ToreӘkesi Ajshuak hanondeu ӨmirbayanyӘbilkajyr hannyn nemeresi Ajlaker diplomattyk kabiletimen erekshelengen 1812 zhyly Aleksandr I patshanyn zharlygymen Kishi zhүz ekige bolindi Ishki Ordada Bokej Zhajyktyn sol zhagasynan shygys zhaktagy onirde Shergazy han bolyp zhariyalandy Onyn han bolgan kezeni Kishi zhүzde sayasi kajshylyktardyn en shielenisken zamanyna tura keldi Әsirese kolyna handyk timegen Shergazyny mojyndamady Koptegen mәselelerdi handyk kenestin toragasy sultan sheship otyrdy Өzin han dep zhariyalagan Aryngazy sultan da Shergazyga karsylyk bildirdi Orynbor gubernatory P K Essen Aryngazyny koldady Bir zhagynan Қaratajmen ekinshi zhagynan Aryngazymen tajtalastan әbden zhalykkan Shergazy 1819 zhyly Peterburgke baryp Resej patshasynan tikelej koldau tabuga tyrysty Alajda ojlagan maksatyna zhete almady Shekaralyk komissiyanyn toragasy V Timkovskij tartyska kop aralaspaj negizinde bejtarap sayasat ustandy Resejden үmitin үzgen Shergazy Hiua handygyna arka sүjenbek boldy Bedeldi akyldy bәjbishesi Anam hanym Әbilkajyr tukymdarynyn basyn zhiystyryp Shergazynyn biligin kүshejtuge tyrysty Alajda Essen Syrtky ister min nin zhanyndagy Aziya isteri zhonindegi komitettin tapsyrmasymen Kishi zhүzde handykty zhoyudyn sharalaryn ujymdastyrdy Orynbor kyrgyzdary turaly zhargynyn kabyldanuymen handyktyn zhojyluyna bajlanysty 1824 zhyly mamyr ajynda Shergazy ornynan alynyp Orynborga memlekettik kyzmetke tagajyndaldy Alajda elin ansagan Shergazy 1825 zhyldyn kүzinde zhasyryn auylyna kajtyp oraldy Patsha үkimetinin kudalauynan seskengen han Hiua handygynan baspana izdedi Shergazyny kolga tүsiruge tyryskan Orynbor shekaralyk komissiyasy onyn үlken uldary Muhamedkazy men Ermuhamedti әkelerinin dүniesin auylyna zhetkizu degendi zheleu etip kalaga shakyrtty Alajda amanat retinde kapaska kamaludan korykkan Shergazy balalary Orynborga barudan bas tartty Shergazy osydan kejin sayasi omirge kop aralaskan zhok Өkimet te onyn kauipsizdigine kozi zhetip 1500 som zhyldyk zhalaky tagajyndady Shergazy Hiua handygyn Resejmen sogysuga үgittep sol arkyly handykty kalpyna keltirudi koksedi Birak armanyna zhete almaj uzakka sozylgan naukastan dүnie saldy DerekkozderKirgizy Orenburgskogo vedomstva Materialy dlya geografii i statistiki Rossii Mejer L SPb 1865 Gosudarstvennye deyateli kazahskih hanstv v 18 pervoj chetverti 19 vv Kasymbaev Zh K 3 tom Almaty 2001 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz