Астероидтардың негізгі белдеуі — Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы астероидтар айналып жүретін аймақ. Күн жүйесіндегі астероидтар шоғырланған басқа аймақтардан (мысалы, Жерге жақындайтындардан) ажырату үшін оны Негізгі белдеу деп атайтын болған.
Негізгі белдеуге кіретін астероидтардың жалпы массасы Ай массасының 3%-на ғана тең. Сол жалпы массаның 60%-ы төрт астероидқа тиесілі: Церера, (4) Веста, (2) Паллада, (10) Гигея. Мұндағы ең ірі нысан Церераның диаметрі 940 шақырымға тең және, заманауи көзқарас бойынша, ол ергежейлі планеталар қатарына жатқызылады. Қалған үшеуінің диаметрлері 400–500 шақырымның шамасында. Басқа астероидтар бұлардан әлдеқайда кіші болып келеді, өлшемдері тіпті бірнеше метрге дейін барады.
Соңғы зерттеулерге сүйенсек, Негізгі белдеуде диаметрі 1 шақырымнан асатын астероидтардың саны 700 мыңнан 1,7 миллионға дейін барады.
Көпшілік қабылдаған теория бойынша, планеталар пайда бола бастаған кезеңде бұл аймақта ғарыштық тозаңның аккрециясына Юпитердің гравитациялық өрісі кедергілер келтіріп жүрген. Сондықтан планетезимальдар одан ірі нысандарға айнала алмаған және көптеген соқтығысулар нәтижесінде шағылып, ұсақталып қалатын.
Зерттеу тарихы
1596 жылы неміс астрономы Иоганн Кеплер өзінің Mysterium Cosmographicum атты еңбегінде «Марс пен Юпитер арасында бір планета болу керек» деген тұжырым жасайды.
1766 жылы Иоганн Тициус планеталардың орналасуында бір тәртіп бар болуы мүмкін деген ойға келіп, орбиталар қашықтығын математикалық формуламен беруге тырысады. Сол заманда белгілі болған алты планетаның орбиталары формулаға біршама сай болғандай көрінді. Ал 1781 жылы ашылған жетінші планетаның Күннен қашықтығын есептегенде, зерттеушілердің бұл формулаға деген сенімі қатты артты. Астроном Иоганн Боде осы формуланы өз еңбегінде жариялап, Марс пен Юпитер арасындағы планетаны іздеуге шақырады. Бұл формуланың еш ғылыми негіздері болмаса да, тарихта деген атпен қалды. 1800 жылы сол теориялық планетаны табу мақсатымен 24 астрономнан тұратын арнайы топ құрылады.
1801 жылдың 1 қаңтарында бұл топтан бөлек сицилиялық астроном Джузеппе Пьяцци жұлдыздар арасында қозғалып жатқан жаңа аспан денесін табады. Ол Тициус — Боде заңына сәйкес келетін орбитада орналасқандықтан, астроном жаңа планета ашылды деген ойға келіп, оған Церера (лат. Ceres) деген атау береді. Церера — бұл римдіктердің мол астық құдайы және Сицилияның жебеушісі.
1802 жылдың 28 наурызында аталмыш топқа кіретін Генрих Вильгельм Ольберс сол аймақта тағы бір аспан денесін табады, оған Паллада (лат. Pallas) деген атау береді. Церера және Паллада сол заманның ең күшті телескпотарында да планета сияқты емес, жұлдызға ұқсас жарқыл нүкте болып көрінді. Сондықтан 1802 жылдың мамырында топқа кірген Уильям Гершель оларды аспан денелерінің жаңа бір түрі ретінде қарастыруға шақырып, астероид (гр. жұлдыз іспетті) деген атауды ұсынады. Алайда сол уақытта астрономдар жаңа ашылған аспан денелерін планета деп атай берген. Бұл 1804 жылы ашылған Юнона мен 1807 жылы ашылған Вестаға да қатысты болған.
Аты | Ашылды | Диаметрі | Күннен қашықтығы | Күнді айналу периоды |
---|---|---|---|---|
(1) Церера | 01.01.1801 | 940 ш. | 2,766 а.б. | 4,60 жыл |
(2) Паллада | 28.03.1802 | 512±6 ш. | 2,773 а.б. | 4,61 жыл |
(3) Юнона | 01.09.1804 | 254±2 ш. | 2,672 а.б. | 4,36 жыл |
(4) Веста | 29.03.1807 | 525 ш. | 2,362 а.б. | 3,63 жыл |
Бесінші астероид тек 1845 жылы ашылды, бірақ сол кезден бастап астрономиялық ашылулар саны жылдан жылға тез өсе берді. 1850 жылдардан бастап астрономдар астероид деген ұғымды көбірек пайдаланатын болған. Астероидтар белдеуі деген ұғым да сол жылдары пайда болды.
Телескоптардың жетілуімен ашылған астероидтар саны да күрт өсті. 1868 жылдың шілдесіне қарай олардың саны жүзден асты. 1891 жылы астрофотография тәсілін таныстырған соң астрономиялық ашылулар одан сайын тездеді. 1000-шы астероид 1923 жылы ашылды. Ал 1951 жылға қарай астероидтар саны 10 000-нан асты. 100 000-шы астероид 1982 жылы ашылып, оған Астронавтика деген атау берілді.
Ғарыш техникасының дамуымен астероидтарды жақыннан зерттеуге мүмкіндік туды. Астероидтар белдеуін бірінші болып кесіп өткен Pioneer 10 ғарыш кемесі болды (16.07.1972).
1989 жылы ұшырылған Галилео астероидтарды фотоға түсіріп, суреттерін Жерге жіберген алғашқы ғарыш кемесі болды. 1991 жылы ол Гаспраның жанынан, ал 1993 жылы Иданың жанынан өтті. Жеткен фотоларды зерттеу кезінде Иданың серігі бар екені анықталды. Бұл астероидтарда ашылған алғашқы табиғи серік болды.
1996 жылы ұшырылған NEAR Shoemaker келесі жылы Матильданың жанынан өтті және тағы бір жылдан кейін Эросқа жақындады. 2000 жылы ғарыш кемесі Эростың орбитасын айнала бастап, астероидтардағы алғашқы жасандысерік болды. Ал 2001 жылдың 12 ақпанында астероидқа алғаш қону орын алды.
2010 жылы Хаябуса ғарыш кемесі алғаш рет астероид тозаңын Жерге жеткізді. Он жылдан кейін Хаябуса-2 және OSIRIS-REx миссиялары да басқа астероидтардан реголит үлгісін Жерге жеткізді.
Dawn аппараты Негізгі белдеудің екі ең үлкен нысанын ұзақ уақыт бойы жақыннан зерттеген. 2011-2012 жылдары ол Вестаның жанында болса, 2015-2018 жылдары Церераны айналған. Нәтижеде екі аспан денесінің де нақты карталарын жасаған.
-
- (951) Гаспра суреттері
- (243) Ида суреттері
- Церера атласы
- Жақыннан зерттелген алғашқы сегіз астероид
Астероидтардың жіктелуі
Негізгі белдеудің шекаралары Күн жүйесінің ортасынан шамамен 1,78 және 3,5 астрономиялық бірлік аралығындағы қашықтықта орналасқан (1 а.б. = 149,59 млн шақырым). Шартты түрде Негізгі белдеуді ішкі, ортаңғы және сыртқы аймақтарға бөлуге болады. Ішкі негізгі белдеу Күнге (және Жерге) жақынырақ, ал сыртқы аймағы одан алысырақ орналасқан.
Бұл үш аймақтың араларында астероидтар өте аз кездесетін аймақтар болады, оларды Кирквуд саңылаулары деп атайды. 1866 жылы америкалық астроном Дэниел Кирквуд ондай аймақтардың бар екенін ашып, олардың байланысты қалыптасып пайда болғанын дәлелдеген.
Сол жақтағы диаграммада көрсетілгендей, астероидтардың ең көп мөлшері ішкі негізгі белдеуде (көк түспен) шоғырланған, одан кейін ортаңғы негізгі белдеуде (сарғылт түспен) кездесу жиілігі азаяды, және сыртқы негізгі белдеуде (жасыл түспен) жалпы саны тағы сәл кемиді.
Пайда болу көзі болжамды түрде бірдей деп есептелетін астероидтар жанұяларға (топтарға) біріктіріледі. Бір жанұяға кіретін астероидтардың орбита элементтері және спектрлік көрсеткіштері бір-біріне өте жақын болады. Мәселен, Флора жанұясына бірнеше мың астероид кіреді, олардың бәрі S спектрлік түрге жатқызылады. Бұл топтағы ең үлкен астероид — (8) Флора, сондай-ақ жақыннан алғашқы болып зерттелген (951) Гаспра да бұл жанұяға кіреді.
Құрамы жағынан астероидтар келесі үш негізгі спектрлік түрге бөлінеді: көміртекті C, силикатты S және металды M астероидтары.
Астероидтардың 75%-ы C спектрлік түрге жатады. Мұндай астероидтардың альбедосы өте төмен, яғни олардан аз жарық шағылады, және телескоппен бақылағанда, олар қараңғылау болып көрінеді. Сыртқы негізгі белдеудің басым бөлігі осындай астероидтардан тұрады, ал ішкі аймақта олардың саны сонша көп емес.
Ішкі негізгі белдеуде көбінесе S астероидтары кездеседі. Олар керісінше жарық болады, яғни альбедосы жоғары болып келеді. Силикаттардан тұратын бұл аспан денелері жалпы астероидтардың 17%-н құрайды.
M астероидтары никель мен темірге бай. Олар көбінесе ортаңғы негізгі белдеуде кездеседі, олардың альбедо көрсеткіші орташа шамаларда орналасады.
Бұдан басқа да спектрлік түрлер бар, бірақ оларға жатқызылатын астероидтар салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Мысалы, V түрі базальттан құралған, оларды вестоидтар деп те атайды, себебі ең үлкені — (4) Веста.
Пайда болуы
1802 жылы Генрих Ольберс Марс пен Юпитер арасында бұрындары тағы бір планета болған, бірақ ол ішкі жарылыстан не кометаның соққысынан Церера мен Палладаға ыдырап кеткен болуы тиіс, деген жорамал жасайды. Бұл XIX ғасырда астероидтар белдеуінің пайда болуын түсіндіретін негізгі гипотеза болды. Бірақ қазіргі уақытта оның бұрыс екені анық, себебі аспан денесін жару үшін қыруар энергия импульсы керек, сондай-ақ барлық астероидтардың массасы тым аз болып келеді.
Күн жүйесінің бұл аймағында еш ірі аспан денесі қалыптаса алмайтыны бүгіндері белгілі, себебі Юпитердің гравитациялық өрісі күшті кедергілер келтіріп тұрады. Жалпы небулалық болжамға сәйкес бұл аймақта да ғарыштық тозаңның аккрециясы жүрді, яғни протопланеталық заттың шоғырлануы, бір-біріне жабысуы орын алды. Бірақ жеңіл заттар және газдар көбінесе Юпитерге тартылып, соның массасын үлкейтуге қатысқан. Екінші жағынан Марс пен Жер де осы аймақтың тозаң-тастарын өздеріне тартумен болған. Сөйтіп, миллиондаған жылдар ішінде осы аймақтағы денелердің жалпы массасы күрт азайды.
Диаметрі 500-1000 шақырым ғана болатын бірнеше планетезималь қалыптасты. Олардың әрі қарай ірілеуіне жеткілікті зат болған жоқ. Есесіне олар бір-бірімен жиі соқтығысып жатқан. Бұл осы аспан денелерінің шағылуына және жаңа астероидтардың пайда болуына себеп болған.
Астероидтар белдеуінің негізгі құрамы Күн жүйесінің алғашқы жасаған 10 миллион жылы ішінде қалыптасты. Ғалымдардың ондай қорытындыға келуіне Антарктикадан табылған метеоритті зерттеуі себеп болған. Сол метеорит Вестаның ұсақ жарқыншағы болып есептелінеді.
Үлкен астероидтың жанында ұшатын жарқыншақтар бір жанұяны (кластерді) құрайды. Пайда болу көзі бір болған соң, ондай астероидтардың құрамы бірдей болады. Алайда бұл заңдылықтан бірнеше жанұя бөлек тұрады, мысалы Веста жанұясы. Бұл негізгі аспан денесінің ірілігімен, оның геологиялық күрделілігімен түсіндіріледі. Яғни бұрын болған соқтығысулар нәтижесінде Вестадан опырылған бөліктер тек сыртқы ғана емес, ішкі қабаттарынан да ұшырылып әкетілетін.
Негізгі белдеудегі соқтығысулар салыстырмалы түрде жиі орын алатындықтан, кейбір жанұялардың жасы бір-екі миллион жылдан да аспайды. Мысалы, ең жас Датура кластері 530 мың жыл бұрын орын алған астероидтардың соқтығысуынан пайда болды деп есептелінеді.
Ергежейлі планета
Ең алғаш ашылғанда Церера Күннен санағанда бесінші планета деп қарастырылды. Кейін Негізгі белдеуде басқа аспан денелері табыла бастағанда, бірте-бірте астероид деген ұғым қалыптасты. Екі ғасырға жуық мерзім бойы Церера астероидтардың ішіндегі ең үлкені болып саналды. Оның диаметрі 940 шақырымға жуықтайды, бұл Ай диаметрінен төрт еседей кем.
2006 жылдың тамызында Халықаралық астрономиялық одақ ергежейлі планеталар деген ұғымды жаңадан тіркеп, солардың қатарына Церераны да қосты. Классикалық сегіз планетадан айырмашылығы — ондай аспан денелерінің гравитациялық әсері айналып жүрген орбитадағы басқа денелерді ығыстыруға жеткіліксіздеу болып келеді.
Церераның массасы — 9,4⋅1020 кг. Бұл Веста мен Палладаның қосарланған массасынан екі еседей көп, бірақ Ай массасының 1,3%-на ғана тең. Басқа астероидтарға қарағанда Церераның пішіні гравитациялық әсерге байланысты сфераға өте жақын болып келеді.
Церераның үлкен жарты осі — 2,767 а.б. Бұл көрсеткіш бойынша Веста оған қарағанда Күнге (және Жерге) жақынырақ орналасады, ал Паллада сәл алшағырақ айналады.
2014 жылдың қаңтарында Гершель деп аталатын ғарыштық телескоп Церераның бетінде бу шығаратын бірнеше геоқұрылымды тапты, олардың әрқайсысы сыртқа секундына 3 кг суды шашыратады екен. Кейбір ғалымдардың есептеуінше, Церера массасының төрттен бірі мұзға тиесілі болуы мүмкін. 2015-16 жылдары Dawn ғарыш кемесі Церераны айналып, онда әрекеттерінің іздерін тіркеді.
Ерекше астероидтар
Церераны назардан тыс алғанда, Негізгі белдеудегі ең үлкен және ең салмақты астероид (4) Веста болып табылады, ол әрі Жерден бақылағанда ең жарық астероид та болып келеді. Осы үш көрсеткіш бойынша одан кейін (2) Паллада астероиды орналасады. Массасы мен диаметрі бойынша үшінші орында (10) Гигея тұр.
Веста және Паллада сирек кездесетін V және B спектрлік түрлерге жатады. Ал көп таралған үш спектр түрінің ішінде ең үлкен астероидтар келесілер: Гигея — C түрінде, (15) Эвномия — S түрінде (ол (3) Юнона астероидынан сәл үлкен), металды M астероидтар ішінде — (16) Психея.
Серігі бар екені анықталған алғашқы астероид — (243) Ида. Жанында екі серігі ашылған алғаш астероид — (87) Сильвия.
(90) Антиопа — қосарлы астероидтардың ішінде алғашқы ашылғаны. Оның өлшемдері шамалас (массалары 2,5%-ға ғана өзгешеленіп жатқан) екі денеден тұратыны 2000 жылы белгілі болды.
Өз осімен ең баяу айналатын астероид — (846) Липперта (1641 сағат ішінде). Ең тез айналатын — 2006 SA147 астероиды (1243 секунд ішінде).
Бетін мұз қаптап тұрғаны белгілі болған алғашқы астероид — (24) Фемида.
4 астрономиялық бірліктен асатын қашықтықта ашылған алғашқы астероид — (279) Туле, Негізгі белдеудегі ең алыс ірі нысан.
Телескоптың көмегімен емес, астрофотография әдісімен ашылған алғашқы астероид — (323) Брюсия.
Ыдырауы бақыланған алғашқы астероид — P/2013 R3. Ол 2013 жылы ашылды және бірнеше айдың ішінде ыдырап кетті.
-
- (16) Психея — сурет
- Ида және серігі Дактиль
- Екі серігі бар астероид
- Хаббл түсірген
P/2013 R3
Басқа аспан денелері
Астероидтардан әлдеқайда ұсақ аспан денелерін метеороид деп атайды. Олардың өлшемдерін кей ғалымдар 10 метрге дейін деп бағаласа, басқалар бұған 1 метрге дейінгі нысандарды жатқызады. Егер метеороид немесе астероид Жерге жетіп, атмосферада жанып кетсе, онда байқалған құбылысты метеор деп атайды. Жанбай кеткен қалдықтары Жер бетіне тас болып түссе, оны метеорит дейді.
Метеороидтардан ұсақ зат тозаң болып келеді, оның түйіршіктері жүздеген микрометрден аспайды. Осы тозаң массаларын Жерден де көруге болады: Күн шыққанда немесе батқанда аспанда байқалатын осы планетааралық тозаңның әсерімен түсіндіріледі.
Негізгі белдеуге тән емес нысандар да болады. 1996 жылы бельгиялық астроном Эрик Эльст чилилік әріптесі Гвидо Писарро түсірген фотопластинада жаңа кометаны табады. Оның орбитасын есептеп шығарғанда, бұл аспан денесі Негізгі белдеудің ішінде айналып жүргені анықталды. Яғни өзге кометалар сияқты ұзын, сопақша орбитамен емес, дөңгелекке жақын траекториямен айналды. Кейін бұл аспан денелерінің жаңа түріне жататын алғашқы нысан болып тіркелді. Атауы (7968) Эльст — Писарро деп қойылған бұл дене Негізгі белдеудің кометалары қатарына жатады. Кейінгі жылдары Негізгі белдеуде тағы бірнеше комета ашылды.
Кейбір аспан денелері Негізгі белдеудің ішінде емес, Күн жүйесінің басқа аймақтарында пайда болғаны қазір белгілі. Ондай денелер көбінесе сыртқы аймақтардан ұшып келіп, кейін орбиталары әртүрлі гравитациялық әсерлерден Негізгі белдеуде тұрақталып қалған. Мысалы, 2003 BM1 астероиды бұрын Уранға жақын орбитада болған деген болжам бар.
- Аспандағы метеор
- Метеорит
- Зодиакалды жарық
- (7968) Эльст — Писарро
Орбиталар
Негізгі белдеу астероидтарының Күнді айналу бағыты планеталардың айналу бағытына сай болып келеді.
Астероид орбиталарының эклиптикадан ауытқуы әдетте 30°-тан аспайды. Мысалы, (2) Паллада орбитасының қиғаштығы 34,8°-қа тең, және бұл көрсеткіш бойынша одан асатын астероид тек 133 жылдан кейін ашылды. Басым көпшілігінде орбита қиғаштығы 4°-тың шамасында болады.
Астероидтардың айналу периодтары 3,5 — 6 жыл аралығында болады. Орбиталарының пішіні көбінесе дөңгелекке жақын. Яғни эксцентриситет көрсеткіші 0 мен 0,35 мағыналары арасында болады, тек шамалы астероид қана осы мағынадан асады. Мұндағы эксцентриситет орбитаның пішінін сипаттайтын шама болып келеді:
Астероидтардың Күннен қашықтығы көбінесе 3,3 астрономиялық бірліктен аспайды. Одан кейін астероидтар саны Юпитердің тарту күшіне байланысты күрт азаяды. Юпитерге жақындаған астероидтың орбитасы әлбетте өзгереді — ол Күн жүйесінің ішкі аймағына ауысады, не болмаса сыртқа ұшырылады.
Астероид орбитасын өзгерте алатын тағы бір фактор — . Күнге қызған жағы айналу кезінде суи бастағанда шағын реактивті импульс пайда болады, ол астероидқа қосымша үдеу береді. Бұл эффект өлшемдері 40 шақырымнан аспайтын аспан денелерінің қозғалысында жақсы байқалады.
Сөйтіп әртүрлі гравитациялық және гравитациялық емес әсерлерден астероид орбиталары Күнге жақындауы немесе одан алыстауы мүмкін. Мысалы, (4222) Нэнсита тек бірнеше жыл бұрын Негізгі белдеудің астероидтары қатарынан шығып, қатарына енді.
Басқа ірі астероидқа немесе планетаға жақындағанда, кіші астероид сол аспан денесінің серігіне де айналуы мүмкін. Бір жорамал бойынша, Марстың екі серігі Фобос пен Деймос сол бұрындары орбитасын өзгерткен астероидтар болуы мүмкін. Юпитердің де жүзге жуық серігінің біразы гравитациялық ықпалдан шыға алмаған астероидтар болуы тиіс деген болжамдар бар.
Тағы қараңыз
|
|
Дереккөздер
- Pitjeva, E. V. (2018). "Masses of the Main Asteroid Belt and the Kuiper Belt from the Motions of Planets and Spacecraft". Solar System Research 44 (8–9): 554–566. :1811.05191. Bibcode 2018AstL...44..554P. :10.1134/S1063773718090050.
- Tedesco, E. F.; Desert, F.-X. (2002). "The Infrared Space Observatory Deep Asteroid Search". The Astronomical Journal 123 (4): 2070–2082. Bibcode 2002AJ....123.2070T. :10.1086/339482.
- Redd, Nola Taylor Asteroid Belt: Facts & Information. Space.com (11 маусым 2012).
- Cunningham, Clifford J. (September 2022). "The origins and legacy of 'Kepler's Gap'". Journal of Astronomical History and Heritage 25 (3): 439–456. Bibcode 2022JAHH...25..439C. :10.3724/SP.J.1440-2807.2022.03.02.
- Nieto Michael Martin The Titius-Bode Law of Planetary Distances, Its History and Theory — Elsevier Science, 2014. — P. 17. — ISBN 978-1-4831-5936-2.
- Cunningham, Clifford (1984). "William Herschel and the First Two Asteroids". The Minor Planet Bulletin (Dance Hall Observatory, Ontario) 11: 3. Bibcode 1984MPBu...11....3C.
- Hilton, J. When Did the Asteroids Become Minor Planets?. US Naval Observatory (2001).
- Hughes, David W. A Brief History of Asteroid Spotting. BBC (2007).
- Beyond Earth: A Chronicle of Deep Space Exploration, 1958–2016 — second edition. — Washington, DC: NASA History Program Office, 2018. — P. 1. — ISBN SP2018-40419781626830424.
- Asteroids: Overview, Abstracts, and Bibliography — Nova Science Publishers, 2002. — P. 2. — ISBN 978-1-59033-482-9.
- The Compositional Structure of the Asteroid Belt // Asteroids IV — Tucson: University of Arizona Press, 2015. — P. 13–41. — ISBN 978-0-816-53213-1.
- Petit, J.-M.; Morbidelli, A.; Chambers, J. (2001). "The Primordial Excitation and Clearing of the Asteroid Belt". Icarus 153 (2): 338–347. Bibcode 2001Icar..153..338P. :10.1006/icar.2001.6702. http://www.gps.caltech.edu/classes/ge133/reading/asteroids.pdf.
- Kelly, Karen U of T researchers discover clues to early solar system. University of Toronto (2007).
- Vokrouhlický, D.; Durech, J.; Michałowski, T.; Krugly, Yu. N.; Gaftonyuk, N. M.; Kryszczyńska, A.; Colas, F.; Lecacheux, J. et al. (2009). "Datura family: the 2009 update". Astronomy & Astrophysics 507 (1): 495–504. Bibcode 2009A&A...507..495V. :10.1051/0004-6361/200912696. https://www.aanda.org/articles/aa/full_html/2009/43/aa12696-09/aa12696-09.html.
- IAU 2006 General Assembly: Result of the IAU Resolution votes (24 тамыз 2006).
- JPL Small-Body Database Browser: 1 Ceres. JPL Solar System Dynamics.
- Küppers, M.; O'Rourke, L.; Bockelée-Morvan, D.; Zakharov, V.; Lee, S.; Von Allmen, P.; Carry, B.; Teyssier, D. et al. (23 January 2014). "Localized sources of water vapour on the dwarf planet (1) Ceres". Nature 505 (7484): 525–527. Bibcode 2014Natur.505..525K. :10.1038/nature12918. 0028-0836. 24451541.
- Campins, H.; Comfort, C. M. (23 January 2014). "Solar system: Evaporating asteroid". Nature 505 (7484): 487–488. Bibcode 2014Natur.505..487C. :10.1038/505487a. 24451536.
- Nola Taylor Redd Ceres: The Smallest and Closest Dwarf Planet (23 May 2018).
- O'Neill, Ian Ceres' Mystery Bright Dots May Have Volcanic Origin. Discovery Inc. (25 February 2015).
- Ruesch, O.; Platz, T.; Schenk, P.; McFadden, L. A.; Castillo-Rogez, J. C.; Quick, L. C.; Byrne, S.; Preusker, F. et al. (2 September 2016). "Cryovolcanism on Ceres". Science 353 (6303): aaf4286. Bibcode 2016Sci...353.4286R. :10.1126/science.aaf4286. 27701087.
- P. Vernazza et al. (2021) VLT/SPHERE imaging survey of the largest main-belt asteroids: Final results and synthesis. Astronomy & Astrophysics 54, A56
- Davis, D.R.; Farinella, P.; Marzari, F. (1999). "The missing Psyche family: Collisionally eroded or never formed?". Icarus 137 (1): 140–151. :10.1006/icar.1998.6037.
- F. Marchis; F. Descamps; P. Hestroffer; Berthier, J.; I. de Pater (2004). "Fine Analysis of 121 Hermione, 45 Eugenia, and 90 Antiope Binary Asteroid Systems With AO Observations". Bulletin of the American Astronomical Society 36: 1180. Bibcode 2004DPS....36.4602M.
- Buchheim, Robert K.; Gartrelle, Gordon M. (July 2011). "846 Lipperta: A Very Slow Rotator". The Minor Planet Bulletin 38 (3): 151–153. Bibcode 2011MPBu...38..151B. 1052-8091.
- Cowen, Ron (8 October 2009). "Ice confirmed on an asteroid". Science News. http://www.sciencenews.org/view/generic/id/48174/title/Ice_confirmed_on_an_asteroid.
- Jewitt, David; Agarwal, Jessica; Li, Jing; Weaver, Harold; Mutchler, Max; Larson, Stephen (March 2014). "Disintegrating Asteroid P/2013 R3". The Astronomical Journal 784 (1): 5. :1403.1237. Bibcode 2014ApJ...784L...8J. :10.1088/2041-8205/784/1/L8. L8. http://www2.ess.ucla.edu/~jewitt/papers/2014/JAL14.pdf.
- Beech, Martin; Steel, Duncan (September 1995). "On the Definition of the Term Meteoroid". Quarterly Journal of the Royal Astronomical Society 36 (3): 281–284. Bibcode 1995QJRAS..36..281B.)
- Rubin, Alan E.; Grossman, Jeffrey N. (January 2010). "Meteorite and meteoroid: New comprehensive definitions". Meteoritics & Planetary Science 45 (1): 114–122. Bibcode 2010M&PS...45..114R. :10.1111/j.1945-5100.2009.01009.x.)
- Henry Hsieh: Main-Belt Comets Мұрағатталған 26 қазанның 2011 жылы.
- de la Fuente Marcos, Carlos; de la Fuente Marcos, Raúl (1 October 2022). "Recent arrivals to the main asteroid belt". Celestial Mechanics and Dynamical Astronomy 134 (5): 38. :2207.07013. Bibcode 2022CeMDA.134...38D. :10.1007/s10569-022-10094-4.
- Williams, Gareth Distribution of the Minor Planets. Minor Planets Center (25 қыркүйек 2010).
- Bottke, Jr., William F. (2006). "The Yarkovsky and YORP Effects: Implications for Asteroid Dynamics". Annual Review of Earth and Planetary Sciences 34: 157–191. Bibcode 2006AREPS..34..157B. :10.1146/annurev.earth.34.031405.125154. https://astro.troja.mff.cuni.cz/davok/papers/ann_rev_06.pdf.
- 4222 Nancita (1988 EK1). Minor Planet Center.
- Asteroids Page at NASA's Solar System Exploration
- Arnett, William A. Asteroids. The Nine Planets (26.02.2006).
- Sheppard, Scott S.; Jewitt, David C. (May 2003). "An abundant population of small irregular satellites around Jupiter". Nature 423 (6937): 261–263. Bibcode 2003Natur.423..261S. :10.1038/nature01584. 12748634. http://www2.ess.ucla.edu/~jewitt/papers/JSATS/SJ2003.pdf.
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Main Belt asteroids |
- Britt, Daniel T.; Colsolmagno, Guy; Lebofsky, Larry. Main-Belt Asteroids // Encyclopedia of the solar system — 2007. — ISBN 978-0120885893.
- Cain, Fraser. The Asteroid Belt, Universe Today.
- Munsell, Kirk Asteroids: Overview. NASA's Solar System Exploration (16.09.2005).
- Staff Asteroids. NASA (31.10.2006).
- Staff Space Topics: Asteroids and Comets. The Planetary Society (2007).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Asteroidtardyn negizgi beldeui Mars pen Yupiter orbitalary arasyndagy asteroidtar ajnalyp zhүretin ajmak Kүn zhүjesindegi asteroidtar shogyrlangan baska ajmaktardan mysaly Zherge zhakyndajtyndardan azhyratu үshin ony Negizgi beldeu dep atajtyn bolgan Negizgi beldeudin asteroidtary ak tүspen korsetilgen Negizgi beldeuge kiretin asteroidtardyn zhalpy massasy Aj massasynyn 3 na gana ten Sol zhalpy massanyn 60 y tort asteroidka tiesili Cerera 4 Vesta 2 Pallada 10 Gigeya Mundagy en iri nysan Cereranyn diametri 940 shakyrymga ten zhәne zamanaui kozkaras bojynsha ol ergezhejli planetalar kataryna zhatkyzylady Қalgan үsheuinin diametrleri 400 500 shakyrymnyn shamasynda Baska asteroidtar bulardan әldekajda kishi bolyp keledi olshemderi tipti birneshe metrge dejin barady Songy zertteulerge sүjensek Negizgi beldeude diametri 1 shakyrymnan asatyn asteroidtardyn sany 700 mynnan 1 7 millionga dejin barady Kopshilik kabyldagan teoriya bojynsha planetalar pajda bola bastagan kezende bul ajmakta garyshtyk tozannyn akkreciyasyna Yupiterdin gravitaciyalyk orisi kedergiler keltirip zhүrgen Sondyktan planetezimaldar odan iri nysandarga ajnala almagan zhәne koptegen soktygysular nәtizhesinde shagylyp usaktalyp kalatyn Zertteu tarihy1596 zhyly nemis astronomy Iogann Kepler ozinin Mysterium Cosmographicum atty enbeginde Mars pen Yupiter arasynda bir planeta bolu kerek degen tuzhyrym zhasajdy 1766 zhyly Iogann Ticius planetalardyn ornalasuynda bir tәrtip bar boluy mүmkin degen ojga kelip orbitalar kashyktygyn matematikalyk formulamen beruge tyrysady Sol zamanda belgili bolgan alty planetanyn orbitalary formulaga birshama saj bolgandaj korindi Al 1781 zhyly ashylgan zhetinshi planetanyn Kүnnen kashyktygyn eseptegende zertteushilerdin bul formulaga degen senimi katty artty Astronom Iogann Bode osy formulany oz enbeginde zhariyalap Mars pen Yupiter arasyndagy planetany izdeuge shakyrady Bul formulanyn esh gylymi negizderi bolmasa da tarihta degen atpen kaldy 1800 zhyly sol teoriyalyk planetany tabu maksatymen 24 astronomnan turatyn arnajy top kurylady Teleskopka үnilgen astronom 1801 zhyldyn 1 kantarynda bul toptan bolek siciliyalyk astronom Dzhuzeppe Pyacci zhuldyzdar arasynda kozgalyp zhatkan zhana aspan denesin tabady Ol Ticius Bode zanyna sәjkes keletin orbitada ornalaskandyktan astronom zhana planeta ashyldy degen ojga kelip ogan Cerera lat Ceres degen atau beredi Cerera bul rimdikterdin mol astyk kudajy zhәne Siciliyanyn zhebeushisi Zhuldyzdar arasyndagy asteroid 1802 zhyldyn 28 nauryzynda atalmysh topka kiretin Genrih Vilgelm Olbers sol ajmakta tagy bir aspan denesin tabady ogan Pallada lat Pallas degen atau beredi Cerera zhәne Pallada sol zamannyn en kүshti teleskpotarynda da planeta siyakty emes zhuldyzga uksas zharkyl nүkte bolyp korindi Sondyktan 1802 zhyldyn mamyrynda topka kirgen Uilyam Gershel olardy aspan denelerinin zhana bir tүri retinde karastyruga shakyryp asteroid gr zhuldyz ispetti degen ataudy usynady Alajda sol uakytta astronomdar zhana ashylgan aspan denelerin planeta dep ataj bergen Bul 1804 zhyly ashylgan Yunona men 1807 zhyly ashylgan Vestaga da katysty bolgan Aty Ashyldy Diametri Kүnnen kashyktygy Kүndi ajnalu periody 1 Cerera 01 01 1801 940 sh 2 766 a b 4 60 zhyl 2 Pallada 28 03 1802 512 6 sh 2 773 a b 4 61 zhyl 3 Yunona 01 09 1804 254 2 sh 2 672 a b 4 36 zhyl 4 Vesta 29 03 1807 525 sh 2 362 a b 3 63 zhyl Besinshi asteroid tek 1845 zhyly ashyldy birak sol kezden bastap astronomiyalyk ashylular sany zhyldan zhylga tez ose berdi 1850 zhyldardan bastap astronomdar asteroid degen ugymdy kobirek pajdalanatyn bolgan Asteroidtar beldeui degen ugym da sol zhyldary pajda boldy Teleskoptardyn zhetiluimen ashylgan asteroidtar sany da kүrt osti 1868 zhyldyn shildesine karaj olardyn sany zhүzden asty 1891 zhyly astrofotografiya tәsilin tanystyrgan son astronomiyalyk ashylular odan sajyn tezdedi 1000 shy asteroid 1923 zhyly ashyldy Al 1951 zhylga karaj asteroidtar sany 10 000 nan asty 100 000 shy asteroid 1982 zhyly ashylyp ogan Astronavtika degen atau berildi Ғarysh tehnikasynyn damuymen asteroidtardy zhakynnan zertteuge mүmkindik tudy Asteroidtar beldeuin birinshi bolyp kesip otken Pioneer 10 garysh kemesi boldy 16 07 1972 1989 zhyly ushyrylgan Galileo asteroidtardy fotoga tүsirip suretterin Zherge zhibergen algashky garysh kemesi boldy 1991 zhyly ol Gaspranyn zhanynan al 1993 zhyly Idanyn zhanynan otti Zhetken fotolardy zertteu kezinde Idanyn serigi bar ekeni anyktaldy Bul asteroidtarda ashylgan algashky tabigi serik boldy 1996 zhyly ushyrylgan NEAR Shoemaker kelesi zhyly Matildanyn zhanynan otti zhәne tagy bir zhyldan kejin Eroska zhakyndady 2000 zhyly garysh kemesi Erostyn orbitasyn ajnala bastap asteroidtardagy algashky zhasandyserik boldy Al 2001 zhyldyn 12 akpanynda asteroidka algash konu oryn aldy 2010 zhyly Hayabusa garysh kemesi algash ret asteroid tozanyn Zherge zhetkizdi On zhyldan kejin Hayabusa 2 zhәne OSIRIS REx missiyalary da baska asteroidtardan regolit үlgisin Zherge zhetkizdi Dawn apparaty Negizgi beldeudin eki en үlken nysanyn uzak uakyt bojy zhakynnan zerttegen 2011 2012 zhyldary ol Vestanyn zhanynda bolsa 2015 2018 zhyldary Cererany ajnalgan Nәtizhede eki aspan denesinin de nakty kartalaryn zhasagan Vesta zhәne Cerera Ajmen salystyrganda 951 Gaspra suretteri 243 Ida suretteri Cerera atlasy Zhakynnan zerttelgen algashky segiz asteroidAsteroidtardyn zhikteluiKүn zhүjesindegi aspan deneleri Yupiterge dejin Negizgi beldeudin shekaralary Kүn zhүjesinin ortasynan shamamen 1 78 zhәne 3 5 astronomiyalyk birlik aralygyndagy kashyktykta ornalaskan 1 a b 149 59 mln shakyrym Shartty tүrde Negizgi beldeudi ishki ortangy zhәne syrtky ajmaktarga boluge bolady Ishki negizgi beldeu Kүnge zhәne Zherge zhakynyrak al syrtky ajmagy odan alysyrak ornalaskan Asteroidtardyn kezdesu zhiiligi Bul үsh ajmaktyn aralarynda asteroidtar ote az kezdesetin ajmaktar bolady olardy Kirkvud sanylaulary dep atajdy 1866 zhyly amerikalyk astronom Deniel Kirkvud ondaj ajmaktardyn bar ekenin ashyp olardyn bajlanysty kalyptasyp pajda bolganyn dәleldegen Sol zhaktagy diagrammada korsetilgendej asteroidtardyn en kop molsheri ishki negizgi beldeude kok tүspen shogyrlangan odan kejin ortangy negizgi beldeude sargylt tүspen kezdesu zhiiligi azayady zhәne syrtky negizgi beldeude zhasyl tүspen zhalpy sany tagy sәl kemidi Pajda bolu kozi bolzhamdy tүrde birdej dep esepteletin asteroidtar zhanuyalarga toptarga biriktiriledi Bir zhanuyaga kiretin asteroidtardyn orbita elementteri zhәne spektrlik korsetkishteri bir birine ote zhakyn bolady Mәselen Flora zhanuyasyna birneshe myn asteroid kiredi olardyn bәri S spektrlik tүrge zhatkyzylady Bul toptagy en үlken asteroid 8 Flora sondaj ak zhakynnan algashky bolyp zerttelgen 951 Gaspra da bul zhanuyaga kiredi Flora zhanuyasy Қuramy zhagynan asteroidtar kelesi үsh negizgi spektrlik tүrge bolinedi komirtekti C silikatty S zhәne metaldy M asteroidtary Asteroidtardyn 75 y C spektrlik tүrge zhatady Mundaj asteroidtardyn albedosy ote tomen yagni olardan az zharyk shagylady zhәne teleskoppen bakylaganda olar karangylau bolyp korinedi Syrtky negizgi beldeudin basym boligi osyndaj asteroidtardan turady al ishki ajmakta olardyn sany sonsha kop emes Ishki negizgi beldeude kobinese S asteroidtary kezdesedi Olar kerisinshe zharyk bolady yagni albedosy zhogary bolyp keledi Silikattardan turatyn bul aspan deneleri zhalpy asteroidtardyn 17 n kurajdy M asteroidtary nikel men temirge baj Olar kobinese ortangy negizgi beldeude kezdesedi olardyn albedo korsetkishi ortasha shamalarda ornalasady Budan baska da spektrlik tүrler bar birak olarga zhatkyzylatyn asteroidtar salystyrmaly tүrde sirek kezdesedi Mysaly V tүri bazalttan kuralgan olardy vestoidtar dep te atajdy sebebi en үlkeni 4 Vesta Pajda boluy1802 zhyly Genrih Olbers Mars pen Yupiter arasynda buryndary tagy bir planeta bolgan birak ol ishki zharylystan ne kometanyn sokkysynan Cerera men Palladaga ydyrap ketken boluy tiis degen zhoramal zhasajdy Bul XIX gasyrda asteroidtar beldeuinin pajda boluyn tүsindiretin negizgi gipoteza boldy Birak kazirgi uakytta onyn burys ekeni anyk sebebi aspan denesin zharu үshin kyruar energiya impulsy kerek sondaj ak barlyk asteroidtardyn massasy tym az bolyp keledi Suretshinin kiyalyndagy asteroidtar soktygysuy Kүn zhүjesinin bul ajmagynda esh iri aspan denesi kalyptasa almajtyny bүginderi belgili sebebi Yupiterdin gravitaciyalyk orisi kүshti kedergiler keltirip turady Zhalpy nebulalyk bolzhamga sәjkes bul ajmakta da garyshtyk tozannyn akkreciyasy zhүrdi yagni protoplanetalyk zattyn shogyrlanuy bir birine zhabysuy oryn aldy Birak zhenil zattar zhәne gazdar kobinese Yupiterge tartylyp sonyn massasyn үlkejtuge katyskan Ekinshi zhagynan Mars pen Zher de osy ajmaktyn tozan tastaryn ozderine tartumen bolgan Sojtip milliondagan zhyldar ishinde osy ajmaktagy denelerdin zhalpy massasy kүrt azajdy Diametri 500 1000 shakyrym gana bolatyn birneshe planetezimal kalyptasty Olardyn әri karaj irileuine zhetkilikti zat bolgan zhok Esesine olar bir birimen zhii soktygysyp zhatkan Bul osy aspan denelerinin shagyluyna zhәne zhana asteroidtardyn pajda boluyna sebep bolgan Asteroidtar beldeuinin negizgi kuramy Kүn zhүjesinin algashky zhasagan 10 million zhyly ishinde kalyptasty Ғalymdardyn ondaj korytyndyga keluine Antarktikadan tabylgan meteoritti zertteui sebep bolgan Sol meteorit Vestanyn usak zharkynshagy bolyp eseptelinedi Үlken asteroidtyn zhanynda ushatyn zharkynshaktar bir zhanuyany klasterdi kurajdy Pajda bolu kozi bir bolgan son ondaj asteroidtardyn kuramy birdej bolady Alajda bul zandylyktan birneshe zhanuya bolek turady mysaly Vesta zhanuyasy Bul negizgi aspan denesinin iriligimen onyn geologiyalyk kүrdeliligimen tүsindiriledi Yagni buryn bolgan soktygysular nәtizhesinde Vestadan opyrylgan bolikter tek syrtky gana emes ishki kabattarynan da ushyrylyp әketiletin Negizgi beldeudegi soktygysular salystyrmaly tүrde zhii oryn alatyndyktan kejbir zhanuyalardyn zhasy bir eki million zhyldan da aspajdy Mysaly en zhas Datura klasteri 530 myn zhyl buryn oryn algan asteroidtardyn soktygysuynan pajda boldy dep eseptelinedi Ergezhejli planetaCereranyn bolzhamdy kurylysy 1 regolit 2 muzdy mantiya 3 tasty yadro En algash ashylganda Cerera Kүnnen sanaganda besinshi planeta dep karastyryldy Kejin Negizgi beldeude baska aspan deneleri tabyla bastaganda birte birte asteroid degen ugym kalyptasty Eki gasyrga zhuyk merzim bojy Cerera asteroidtardyn ishindegi en үlkeni bolyp sanaldy Onyn diametri 940 shakyrymga zhuyktajdy bul Aj diametrinen tort esedej kem 2006 zhyldyn tamyzynda Halykaralyk astronomiyalyk odak ergezhejli planetalar degen ugymdy zhanadan tirkep solardyn kataryna Cererany da kosty Klassikalyk segiz planetadan ajyrmashylygy ondaj aspan denelerinin gravitaciyalyk әseri ajnalyp zhүrgen orbitadagy baska denelerdi ygystyruga zhetkiliksizdeu bolyp keledi Cereranyn massasy 9 4 1020 kg Bul Vesta men Palladanyn kosarlangan massasynan eki esedej kop birak Aj massasynyn 1 3 na gana ten Baska asteroidtarga karaganda Cereranyn pishini gravitaciyalyk әserge bajlanysty sferaga ote zhakyn bolyp keledi Cereranyn үlken zharty osi 2 767 a b Bul korsetkish bojynsha Vesta ogan karaganda Kүnge zhәne Zherge zhakynyrak ornalasady al Pallada sәl alshagyrak ajnalady 2014 zhyldyn kantarynda Gershel dep atalatyn garyshtyk teleskop Cereranyn betinde bu shygaratyn birneshe geokurylymdy tapty olardyn әrkajsysy syrtka sekundyna 3 kg sudy shashyratady eken Kejbir galymdardyn esepteuinshe Cerera massasynyn tortten biri muzga tiesili boluy mүmkin 2015 16 zhyldary Dawn garysh kemesi Cererany ajnalyp onda әreketterinin izderin tirkedi Erekshe asteroidtarAlgashky bolyp ashylgan 10 asteroidtyn olshemderi Ajmen salystyrganda 1 Cerera 2 Pallada 3 Yunona 4 Vesta 5 Astreya 6 Geba 7 Irida 8 Flora 9 Metida 10 Gigeya Cererany nazardan tys alganda Negizgi beldeudegi en үlken zhәne en salmakty asteroid 4 Vesta bolyp tabylady ol әri Zherden bakylaganda en zharyk asteroid ta bolyp keledi Osy үsh korsetkish bojynsha odan kejin 2 Pallada asteroidy ornalasady Massasy men diametri bojynsha үshinshi orynda 10 Gigeya tur Vesta zhәne Pallada sirek kezdesetin V zhәne B spektrlik tүrlerge zhatady Al kop taralgan үsh spektr tүrinin ishinde en үlken asteroidtar kelesiler Gigeya C tүrinde 15 Evnomiya S tүrinde ol 3 Yunona asteroidynan sәl үlken metaldy M asteroidtar ishinde 16 Psiheya Serigi bar ekeni anyktalgan algashky asteroid 243 Ida Zhanynda eki serigi ashylgan algash asteroid 87 Silviya 90 Antiopa kosarly asteroidtardyn ishinde algashky ashylgany Onyn olshemderi shamalas massalary 2 5 ga gana ozgeshelenip zhatkan eki deneden turatyny 2000 zhyly belgili boldy Өz osimen en bayau ajnalatyn asteroid 846 Lipperta 1641 sagat ishinde En tez ajnalatyn 2006 SA147 asteroidy 1243 sekund ishinde Betin muz kaptap turgany belgili bolgan algashky asteroid 24 Femida 4 astronomiyalyk birlikten asatyn kashyktykta ashylgan algashky asteroid 279 Tule Negizgi beldeudegi en alys iri nysan Teleskoptyn komegimen emes astrofotografiya әdisimen ashylgan algashky asteroid 323 Bryusiya Ydyrauy bakylangan algashky asteroid P 2013 R3 Ol 2013 zhyly ashyldy zhәne birneshe ajdyn ishinde ydyrap ketti 4 Vesta 16 Psiheya suret Ida zhәne serigi Daktil Eki serigi bar asteroid Habbl tүsirgen P 2013 R3Baska aspan deneleriAsteroidtardan әldekajda usak aspan denelerin meteoroid dep atajdy Olardyn olshemderin kej galymdar 10 metrge dejin dep bagalasa baskalar bugan 1 metrge dejingi nysandardy zhatkyzady Eger meteoroid nemese asteroid Zherge zhetip atmosferada zhanyp ketse onda bajkalgan kubylysty meteor dep atajdy Zhanbaj ketken kaldyktary Zher betine tas bolyp tүsse ony meteorit dejdi Meteoroidtardan usak zat tozan bolyp keledi onyn tүjirshikteri zhүzdegen mikrometrden aspajdy Osy tozan massalaryn Zherden de koruge bolady Kүn shykkanda nemese batkanda aspanda bajkalatyn osy planetaaralyk tozannyn әserimen tүsindiriledi Negizgi beldeuge tәn emes nysandar da bolady 1996 zhyly belgiyalyk astronom Erik Elst chililik әriptesi Gvido Pisarro tүsirgen fotoplastinada zhana kometany tabady Onyn orbitasyn eseptep shygarganda bul aspan denesi Negizgi beldeudin ishinde ajnalyp zhүrgeni anyktaldy Yagni ozge kometalar siyakty uzyn sopaksha orbitamen emes dongelekke zhakyn traektoriyamen ajnaldy Kejin bul aspan denelerinin zhana tүrine zhatatyn algashky nysan bolyp tirkeldi Atauy 7968 Elst Pisarro dep kojylgan bul dene Negizgi beldeudin kometalary kataryna zhatady Kejingi zhyldary Negizgi beldeude tagy birneshe kometa ashyldy Kejbir aspan deneleri Negizgi beldeudin ishinde emes Kүn zhүjesinin baska ajmaktarynda pajda bolgany kazir belgili Ondaj deneler kobinese syrtky ajmaktardan ushyp kelip kejin orbitalary әrtүrli gravitaciyalyk әserlerden Negizgi beldeude turaktalyp kalgan Mysaly 2003 BM1 asteroidy buryn Uranga zhakyn orbitada bolgan degen bolzham bar Aspandagy meteor Meteorit Zodiakaldy zharyk 7968 Elst PisarroPalladanyn kigash orbitasy ak tүspen belgilengenOrbitalarNegizgi beldeu asteroidtarynyn Kүndi ajnalu bagyty planetalardyn ajnalu bagytyna saj bolyp keledi Asteroid orbitalarynyn ekliptikadan auytkuy әdette 30 tan aspajdy Mysaly 2 Pallada orbitasynyn kigashtygy 34 8 ka ten zhәne bul korsetkish bojynsha odan asatyn asteroid tek 133 zhyldan kejin ashyldy Basym kopshiliginde orbita kigashtygy 4 tyn shamasynda bolady Asteroidtardyn ajnalu periodtary 3 5 6 zhyl aralygynda bolady Orbitalarynyn pishini kobinese dongelekke zhakyn Yagni ekscentrisitet korsetkishi 0 men 0 35 magynalary arasynda bolady tek shamaly asteroid kana osy magynadan asady Mundagy ekscentrisitet orbitanyn pishinin sipattajtyn shama bolyp keledi e 0 displaystyle varepsilon 0 dongelek 0 lt e lt 1 displaystyle 0 lt varepsilon lt 1 ellips e 1 displaystyle varepsilon 1 parabola Asteroidtardyn Kүnnen kashyktygy kobinese 3 3 astronomiyalyk birlikten aspajdy Odan kejin asteroidtar sany Yupiterdin tartu kүshine bajlanysty kүrt azayady Yupiterge zhakyndagan asteroidtyn orbitasy әlbette ozgeredi ol Kүn zhүjesinin ishki ajmagyna auysady ne bolmasa syrtka ushyrylady Mars serikterinin pajda boluy turaly bolzham Asteroid orbitasyn ozgerte alatyn tagy bir faktor Kүnge kyzgan zhagy ajnalu kezinde sui bastaganda shagyn reaktivti impuls pajda bolady ol asteroidka kosymsha үdeu beredi Bul effekt olshemderi 40 shakyrymnan aspajtyn aspan denelerinin kozgalysynda zhaksy bajkalady Sojtip әrtүrli gravitaciyalyk zhәne gravitaciyalyk emes әserlerden asteroid orbitalary Kүnge zhakyndauy nemese odan alystauy mүmkin Mysaly 4222 Nensita tek birneshe zhyl buryn Negizgi beldeudin asteroidtary katarynan shygyp kataryna endi Baska iri asteroidka nemese planetaga zhakyndaganda kishi asteroid sol aspan denesinin serigine de ajnaluy mүmkin Bir zhoramal bojynsha Marstyn eki serigi Fobos pen Dejmos sol buryndary orbitasyn ozgertken asteroidtar boluy mүmkin Yupiterdin de zhүzge zhuyk seriginin birazy gravitaciyalyk ykpaldan shyga almagan asteroidtar boluy tiis degen bolzhamdar bar Tagy karanyzKojper beldeui Kentavr asteroidtary Kүn zhүjesindegi kishi deneler Kүn zhүjesinin evoliciyasy zhәne kalyptasuy Zhakynnan zerttelgen asteroidtar men kometalar tizimiDerekkozderPitjeva E V 2018 Masses of the Main Asteroid Belt and the Kuiper Belt from the Motions of Planets and Spacecraft Solar System Research 44 8 9 554 566 1811 05191 Bibcode 2018AstL 44 554P 10 1134 S1063773718090050 Tedesco E F Desert F X 2002 The Infrared Space Observatory Deep Asteroid Search The Astronomical Journal 123 4 2070 2082 Bibcode 2002AJ 123 2070T 10 1086 339482 Redd Nola Taylor Asteroid Belt Facts amp Information Space com 11 mausym 2012 Cunningham Clifford J September 2022 The origins and legacy of Kepler s Gap Journal of Astronomical History and Heritage 25 3 439 456 Bibcode 2022JAHH 25 439C 10 3724 SP J 1440 2807 2022 03 02 Nieto Michael Martin The Titius Bode Law of Planetary Distances Its History and Theory Elsevier Science 2014 P 17 ISBN 978 1 4831 5936 2 Cunningham Clifford 1984 William Herschel and the First Two Asteroids The Minor Planet Bulletin Dance Hall Observatory Ontario 11 3 Bibcode 1984MPBu 11 3C Hilton J When Did the Asteroids Become Minor Planets US Naval Observatory 2001 Hughes David W A Brief History of Asteroid Spotting BBC 2007 Beyond Earth A Chronicle of Deep Space Exploration 1958 2016 second edition Washington DC NASA History Program Office 2018 P 1 ISBN SP2018 40419781626830424 Asteroids Overview Abstracts and Bibliography Nova Science Publishers 2002 P 2 ISBN 978 1 59033 482 9 The Compositional Structure of the Asteroid Belt Asteroids IV Tucson University of Arizona Press 2015 P 13 41 ISBN 978 0 816 53213 1 Petit J M Morbidelli A Chambers J 2001 The Primordial Excitation and Clearing of the Asteroid Belt Icarus 153 2 338 347 Bibcode 2001Icar 153 338P 10 1006 icar 2001 6702 http www gps caltech edu classes ge133 reading asteroids pdf Kelly Karen U of T researchers discover clues to early solar system University of Toronto 2007 Vokrouhlicky D Durech J Michalowski T Krugly Yu N Gaftonyuk N M Kryszczynska A Colas F Lecacheux J et al 2009 Datura family the 2009 update Astronomy amp Astrophysics 507 1 495 504 Bibcode 2009A amp A 507 495V 10 1051 0004 6361 200912696 https www aanda org articles aa full html 2009 43 aa12696 09 aa12696 09 html IAU 2006 General Assembly Result of the IAU Resolution votes 24 tamyz 2006 JPL Small Body Database Browser 1 Ceres JPL Solar System Dynamics Kuppers M O Rourke L Bockelee Morvan D Zakharov V Lee S Von Allmen P Carry B Teyssier D et al 23 January 2014 Localized sources of water vapour on the dwarf planet 1 Ceres Nature 505 7484 525 527 Bibcode 2014Natur 505 525K 10 1038 nature12918 0028 0836 24451541 Campins H Comfort C M 23 January 2014 Solar system Evaporating asteroid Nature 505 7484 487 488 Bibcode 2014Natur 505 487C 10 1038 505487a 24451536 Nola Taylor Redd Ceres The Smallest and Closest Dwarf Planet 23 May 2018 O Neill Ian Ceres Mystery Bright Dots May Have Volcanic Origin Discovery Inc 25 February 2015 Ruesch O Platz T Schenk P McFadden L A Castillo Rogez J C Quick L C Byrne S Preusker F et al 2 September 2016 Cryovolcanism on Ceres Science 353 6303 aaf4286 Bibcode 2016Sci 353 4286R 10 1126 science aaf4286 27701087 P Vernazza et al 2021 VLT SPHERE imaging survey of the largest main belt asteroids Final results and synthesis Astronomy amp Astrophysics 54 A56 Davis D R Farinella P Marzari F 1999 The missing Psyche family Collisionally eroded or never formed Icarus 137 1 140 151 10 1006 icar 1998 6037 F Marchis F Descamps P Hestroffer Berthier J I de Pater 2004 Fine Analysis of 121 Hermione 45 Eugenia and 90 Antiope Binary Asteroid Systems With AO Observations Bulletin of the American Astronomical Society 36 1180 Bibcode 2004DPS 36 4602M Buchheim Robert K Gartrelle Gordon M July 2011 846 Lipperta A Very Slow Rotator The Minor Planet Bulletin 38 3 151 153 Bibcode 2011MPBu 38 151B 1052 8091 Cowen Ron 8 October 2009 Ice confirmed on an asteroid Science News http www sciencenews org view generic id 48174 title Ice confirmed on an asteroid Jewitt David Agarwal Jessica Li Jing Weaver Harold Mutchler Max Larson Stephen March 2014 Disintegrating Asteroid P 2013 R3 The Astronomical Journal 784 1 5 1403 1237 Bibcode 2014ApJ 784L 8J 10 1088 2041 8205 784 1 L8 L8 http www2 ess ucla edu jewitt papers 2014 JAL14 pdf Beech Martin Steel Duncan September 1995 On the Definition of the Term Meteoroid Quarterly Journal of the Royal Astronomical Society 36 3 281 284 Bibcode 1995QJRAS 36 281B Rubin Alan E Grossman Jeffrey N January 2010 Meteorite and meteoroid New comprehensive definitions Meteoritics amp Planetary Science 45 1 114 122 Bibcode 2010M amp PS 45 114R 10 1111 j 1945 5100 2009 01009 x Henry Hsieh Main Belt Comets Muragattalgan 26 kazannyn 2011 zhyly de la Fuente Marcos Carlos de la Fuente Marcos Raul 1 October 2022 Recent arrivals to the main asteroid belt Celestial Mechanics and Dynamical Astronomy 134 5 38 2207 07013 Bibcode 2022CeMDA 134 38D 10 1007 s10569 022 10094 4 Williams Gareth Distribution of the Minor Planets Minor Planets Center 25 kyrkүjek 2010 Bottke Jr William F 2006 The Yarkovsky and YORP Effects Implications for Asteroid Dynamics Annual Review of Earth and Planetary Sciences 34 157 191 Bibcode 2006AREPS 34 157B 10 1146 annurev earth 34 031405 125154 https astro troja mff cuni cz davok papers ann rev 06 pdf 4222 Nancita 1988 EK1 Minor Planet Center Asteroids Page at NASA s Solar System Exploration Arnett William A Asteroids The Nine Planets 26 02 2006 Sheppard Scott S Jewitt David C May 2003 An abundant population of small irregular satellites around Jupiter Nature 423 6937 261 263 Bibcode 2003Natur 423 261S 10 1038 nature01584 12748634 http www2 ess ucla edu jewitt papers JSATS SJ2003 pdf SiltemelerOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Main Belt asteroidsBritt Daniel T Colsolmagno Guy Lebofsky Larry Main Belt Asteroids Encyclopedia of the solar system 2007 ISBN 978 0120885893 Cain Fraser The Asteroid Belt Universe Today Munsell Kirk Asteroids Overview NASA s Solar System Exploration 16 09 2005 Staff Asteroids NASA 31 10 2006 Staff Space Topics Asteroids and Comets The Planetary Society 2007