Өнеркәсіп – халық шаруашылығының шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіріс құрал-жабдығына, тұтыну заттарына одан әрі өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Үлкен екі топтан тұрады:
1) Өндіруші өнеркәсіп – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металдардың рудаларын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) Өңдеуші өнеркәсіп – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент, басқа да құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өнеркәсіптік бұйымдарды жөндеу, т.б.
Сондай-ақ, өнеркәсіп өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсібі
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың тонна мұнай, 0,1 млн тонна көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. ІІ бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. жылдары республикада Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан өнеркәсібі
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:
- КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауыттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;
- Өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;
- Майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау.
Соғыстан кейінгі кезде (1946 – 1950) майдан астында болған республикалар өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 – 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтар
6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Қарағанды синтетикалық каучук зауыты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауыттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады.
8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар
8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 – 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы “А” тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
11-бесжылдықта (1981 – 1985) өнеркәсіп
Бұдан кейінгі 11-бесжылдықта (1981 – 1985) неркәсіп өнімінің көлемі 19,4%-ға өсті. Павлодар – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен “Восточный” қимасы және Қарағанды кен-металлугия комб-ндағы қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты сияқты өндіріс алыптары бар.
12-бесжылдық (1986 – 1990)
12-бесжылдық (1986 – 1990) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық энергетика орталығы қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді, батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы маңызы арта түсті.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306 (2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды. Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік компаниялар (“ҚазақОйл”, “ҚазТрансОйл”, “ҚазАтомӨнеркәсіп”, т.б.), мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар (“Испат-Қармет”, “Қазақмыс” корпорациясы”, “Қазақстаналюминий”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “МаңғыстауМұнайГаз”, “АқтөбеМұнайГаз”, “ҚазХром” ҰАҚ”, т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар (“Қазкоммерцбанк”, “”, “”, т.б.), ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері (“ТеңізШевройл”, “OKІOK”, “PeтроҚазақстан”, “Алматы темекі фабрикасы”, “Қазхром” “ҰаҚ”, т.б.) мен өкілдіктері (“АВВ LTD” – электротехикалық жабдықтар өндіретін компания, “PGS Onshore” – мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы, т.б.). Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік. Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды. Негізгі капиталға пайдаланылған инвестиция кен өндіру өнеркәсіпіне жұмсалды. Атап айтқанда, осы сала құрылымындағы инвестицияның үлесі 2000 – 2003 жылдары орта есеппен 76,3%-ды құрады. Бұл кезеңде өңдеу өнеркәсіпі саласында инвестиция тапшылығы айқын байқалды: оның үлесі орта есеппен 18%-дан аспады.
Шетелдік инвестициялар
Қазақстан шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орында болды. Республикада шетел инвестицияларының негізгі капиталдағы үлесі негізінен Батыс Қазақстан (92%), Маңғыстау (66%) және Ақтөбе (75%) облыстарына тиесілі болды.
Республика өнеркәсібінің әлемдік деңгейі
Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан астам). Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге шамасында. Негізгі қызметтен алынған табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр.
Дереккөздер
- https://sozdikqor.kz/soz?id=428619&a=%C3%93NERK%C3%81S%C4%B0P
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Өнеркәсіп реферат (қазақша)
- Malimetter.kz Өнеркәсіп туралы түснік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні қызметі реферат (қазақша)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өnerkәsip halyk sharuashylygynyn shikizat otyn energiya ondirumen agash dajyndaumen onerkәsiptik zhәne auyl sharuashylygy shikizatyn ondiris kural zhabdygyna tutynu zattaryna odan әri ondeumen kajta ondeumen ajnalysatyn kәsiporyndardy zauyttardy fabrikalardy kenishterdi shahtalardy elektr stansalaryn t b biriktiretin asa manyzdy salasy Үlken eki toptan turady 1 Өndirushi onerkәsip munaj gaz komir shymtezek taktatas tuz kara zhәne tүsti metaldardyn rudalaryn ondiru agash dajyndau energetikalyk shikizat alu t b 2 Өndeushi onerkәsip kara zhәne tүsti metaldar kaktama mashinalar men zhabdyktar himiyalyk onimder cement baska da kurylys materialdaryn ondiru zhenil zhәne tamak onerkәsibi onerkәsiptik bujymdardy zhondeu t b Sondaj ak onerkәsip ondiris kural zhabdygyn ondiretin onerkәsip A toby pen tutynu zattaryn ondiretin onerkәsip B toby salalaryna bolinedi Өnimnin bir tүrleri tүgeldej A tobyna zhatady stanoktar onerkәsiptik traktorlar zhabdyktar kara zhәne tүsti metall kentastary mineraldyk tynajtkyshtar t b ekinshi bir tүrleri tүgelimen B tobyna tiguli kiim tokyma bujymdary nan nan tokash onimderi tagamdyk balyk onimderi zhiһaz tonazytkysh televizor t b zhatady Komir elektr energiyasy kezdeme un et zhәne ondiristik maksatta pajdalanylatyn baska da onim tүrleri olardyn nakty tutynyluyna karaj eki toptyn arasynda boliniske tүsedi A tobynyn onimderi enbek kuraldary men enbek zattaryna bolinedi Kenestik dәuirge dejingi Қazakstanda onerkәsibiKenestik dәuirge dejingi Қazakstanda onerkәsip negizinen ote karapajym enbek kuraldaryn pajdalanatyn usak kәsipshilikter sheberhanalar men cehtar tүrinde damydy 1913 zhyly nebәri 118 myn tonna munaj 0 1 mln tonna komir ondirildi Kenestik dәuirde onerkәsipti damytu үderisi zhedel karkyn aldy Algashky beszhyldykta 1928 1932 onerkәsipke 90 mln som kүrdeli karzhy bolindi Bul osynyn aldyndagy togyz zhylda bolingen karzhydan 2 5 ese kop edi Sonyn nәtizhesinde beszhyldyktyn әr zhylynda onerkәsip onimi orta eseppen 17 osti Komir ondiru tүsti metallurgiya metall ondeu tamak onerkәsipi salalary shugyl damydy II beszhyldykta 1932 1937 onerkәsip onimi zhyl sajyn 19 5 ga osti Mundaj karkyn 3 beszhyldyktyn algashky үsh zhyly bojyna saktaldy zhyldary respublikada Shymkent korgasyn zauyty Balkash mys korytu Aktobe himiya kombinattary siyakty iri onerkәsip oryndary katarga kosylyp Қaragandyda komir shahtalary kesheni munaj kubyrlary elektr stansiyalarylary zhenil zhәne tamak onerkәsip oryndary salyndy Bul kezende onerkәsipti damytuga 446 mln som kүrdeli karzhy zhumsaldy Bul zhyldary aralygynda bolingen karzhydan 3 4 ese kop edi Nәtizhesinde halyk sharuashylygynyn negizgi salalary onerkәsip pen auyl sharuashylygynda eleuli kurylymdyk ozgerister boldy Өnerkәsip oniminin kolemi auyl sharuashylygy oniminen asyp tүsti Ekinshi dүniezhүzilik sogys zhyldarynda Қazakstan onerkәsibiEkinshi dүniezhүzilik sogys 1939 1945 zhyldary Қazakstan onerkәsipti damytuda manyzdy үsh mindetti sheshti olar KSRO nyn batysynan koshirilgen fabrikalar men zauyttardy kabyldap alyp ornalastyru zhәne iske kosu Өnerkәsipti odan әri damytyp zhana obektiler salu Majdannyn kazhetin eskere otyryp kәsiporyn nomenklaturasyn kajta karau Sogystan kejingi kezde 1946 1950 majdan astynda bolgan respublikalar onerkәsipi bejbit zhagdajga bejimdelip kajta kuryldy Өnerkәsip onimin karkyndy damytudyn irgetasy kalanyp onyn kolemi 70 ga osti Beszhyldykta 1951 1955 onerkәsip onimi 82 ga artty halyk sharuashylygy үshin zor manyzy bar temir kentasyn bolat komir elektr energiyasyn mashinalar men mehanizmder onerkәsip zhәne azyk tүlik tauarlaryn ondiru karkyndy zhүrgizildi 6 shy 1956 1960 zhәne 7 shi 1961 1965 beszhyldyktar6 shy 1956 1960 zhәne 7 shi 1961 1965 beszhyldyktarda ondiristin kurylymdyk bagytyn tүbegejli tүrde ozgertetin zhana kuattar iske kosyldy Қaragandy metallurgiya zauyty men Sokolov Sarybaj ken bajytu kombinatynyn iske kosyluyna bajlanysty kara metallurgiya onerkәsipinin negizi kalanyp onan әri dami tүsti tүsti metallurgiyada iri iri kәsiporyndar katarga kosyldy komir onerkәsipinde zhana tehnologiyamen zhabdyktalgan onnan astam zhana shahtalar men kimalar iske kosyldy himiya onerkәsipi Aktobe hrom kosyndylary zauyty Қaragandy sintetikalyk kauchuk zauyty Қaratau ken himiya kombinaty siyakty iri kәsiporyndarmen tolykty Mangystau munajly ajmagyn igeru isi kolga alyndy Қazakstannyn shygysynda soltүstigi men ontүstiginde zhana zauyttar salynyp shygarylatyn onim tүri kobejdi zhenil zhәne tamak onerkәsipin orkendetude eleuli kadam zhasaldy Sondaj ak Pavlodar Zhambyl Mangystau oblystarynda aumaktyk ondiristik keshender kalyptasa bastady 8 shi 1966 1970 zhәne 9 shy 1971 1975 beszhyldyktar8 shi 1966 1970 zhәne 9 shy 1971 1975 beszhyldyktar kezinde onerkәsip oniminin osu karkyny 2 2 ese 10 beszhyldykta 1976 1980 18 ga artty 1980 zhyldardyn ayagynda onerkәsip ondirisinin kolemi 1928 zhylmen salystyrganda 265 ese osti Munda onimnin 75 y A tobynan ondiris kural zhabdygyn ondiru ondirildi Bul kezende elektr energetikasy himiya zhәne munaj himiya onerkәsibi mashina zhasau metall ondeu salalary zhedel damydy 1980 zhyly barlyk onerkәsip oniminin 1 4 boligi osy salalardyn үlesine tidi 11 beszhyldykta 1981 1985 onerkәsipBudan kejingi 11 beszhyldykta 1981 1985 nerkәsip oniminin kolemi 19 4 ga osti Pavlodar Ekibastuz Қaratau Zhambyl Mangystau ondiristik aumaktyk keshenderinin manyzy artty 400 ge zhuyk iri onerkәsip oryndary iske kosyldy Olardyn arasynda Ekibastuz 1 shi MAES pen Vostochnyj kimasy zhәne Қaragandy ken metallugiya komb ndagy kanyltyr cehy Shymkent munaj ondeu zauyty siyakty ondiris alyptary bar 12 beszhyldyk 1986 1990 12 beszhyldyk 1986 1990 kezeninde Ekibastuzda bүkilodaktyk energetika ortalygy kalyptasty ontүstikte fosfor ondirisi orkendedi batysta elimizdin munaj bazasyn zhasau munajdyn gazdyn polimetall zhәne temir kentastarynyn zhana ken oryndaryn igeru kolga alyndy Mineraldyk tynajtkyshtar tүsti zhәne kara metaldar ondirude respublikanyn odaktagy manyzy arta tүsti Қazakstanda naryktyk ekonomikanyn kalyptasuyҚazakstanda naryktyk ekonomikanyn kalyptasuy barysynda onerkәsiptin tүrli salalaryndagy kәsiporyndardyn tehnikasy men tehnologiyasy ujymdastyrylu dengeji tomen ekendigi bajkaldy 20 gasyrdyn 90 zhyldary bastalgan ekonomikalyk reforma nәtizhesinde onerkәsip oryndary memleket ieliginen alynyp zhekeshelendirile bastady 2003 zhylgy mәlimetke karaganda Қazakstan Respublikasyndagy barlyk menshik nysandary bojynsha kәsiporyndardyn sany zhәne olardyn үlesi ajtarlyktaj ozgerdi Memlekettik menshiktegi kәsiporyndar sany 1184 9 3 zheke menshikte 11217 88 3 al baska memleketterdin olardyn zandy tulgalary men azamattarynyn menshiginde 306 2 4 kәsiporyn boldy Birak menshik nysandary bojynsha ondirilgen onimnin korsetilgen kyzmettin zhalpy kolemindegi onerkәsiptik ondiristin kurylymy tiisinshe 1 3 82 1 zhәne 16 5 boldy Zhana zhagdajda onerkәsip oryndary iri orta shagyn kәsiporyn zhәne onerkәsiptik kyzmetti zhүzege asyratyn bejonerkәsiptik kәsiporyn tүrlerine zhikteldi Sondaj ak naryktyk ekonomikanyn damuy barysynda iri iri korporativtik kurylymdar da kalyptasty Olardyn turpattary aluan tүrli ulttyk zhәne memlekettik kompaniyalar ҚazakOjl ҚazTransOjl ҚazAtomӨnerkәsip t b memlekettik zhәne zheke zhobalarmen zhekeshelendirilgen akcionerlik kompaniyalar Ispat Қarmet Қazakmys korporaciyasy Қazakstanalyuminij Өskemen titan magnij kombinaty MangystauMunajGaz AktobeMunajGaz ҚazHrom ҰAҚ t b naryktyn damuy barysynda pajda bolgan zheke kompaniyalar Қazkommercbank t b ultaralyk kompaniyalardyn Қazakstandagy bolimsheleri TenizShevrojl OKIOK PetroҚazakstan Almaty temeki fabrikasy Қazhrom ҰaҚ t b men okildikteri AVV LTD elektrotehikalyk zhabdyktar ondiretin kompaniya PGS Onshore munaj barlau geofizikalyk kyzmet kompaniyasy t b Transulttyk korporaciyalar respublikanyn onerkәsipine milliardtagan karzhy salyp kyruar pajda tabuda Әjtse de Қazakstan ekonomikasynyn korporativtik sektorynda әlemdik dengejdegi korporaciyalar zhok derlik Қazakstan onerkәsipinin әlemdik narykka shygu mүmkindigi zor ekenine karamastan investiciya tәuelsizdiktin algashky zhyldarynda mүldem zhok bolatyn Sondyktan zheke zhobamen zhekeshelendirilgen kәsiporyndar men transulttyk korporaciyalar basymdyk aldy Respublika ekonomikasynda zhүrgizilgen reforma barysynda buryn kalyptaskan onerkәsip salalary damydy Negizgi kapitalga pajdalanylgan investiciya ken ondiru onerkәsipine zhumsaldy Atap ajtkanda osy sala kurylymyndagy investiciyanyn үlesi 2000 2003 zhyldary orta eseppen 76 3 dy kurady Bul kezende ondeu onerkәsipi salasynda investiciya tapshylygy ajkyn bajkaldy onyn үlesi orta eseppen 18 dan aspady Sheteldik investiciyalarҚazakstan sheteldik investiciyalardyn kolemi bojynsha TMD elderinin ishinde aldyngy orynda boldy Respublikada shetel investiciyalarynyn negizgi kapitaldagy үlesi negizinen Batys Қazakstan 92 Mangystau 66 zhәne Aktobe 75 oblystaryna tiesili boldy Respublika onerkәsibinin әlemdik dengejiRespublika onerkәsip inin tiimdiligi әlemdik standartka saj emes Ajtalyk Қazakstanda 1 dollar ZhIӨ shygaru үshin 2 8 kVt sag kuat zhumsalsa damygan elderde bul korsetkish 0 2 1 2 kVt sag shamasynda Munyn basty sebebi koptegen kәsiporyndar shikizatty bastapky ondeumen gana ajnalysady al shikizatty akyrgy onimge dejin ondejtin kәsiporyndar az Sondaj ak әlemdik dengejdegi ozyk tehnologiyalar da zhoktyn kasy Sonymen katar onerkәsiptin biraz salalarynda negizgi kural zhabdyktar eskirgen 50 dan astam Қazakstanda onerkәsip oniminin ZhIӨ degi үlesi 2004 zhyly 30 dan asty yagni akshaga shakkandagy kolemi 3000 mlrd tengeden astam boldy al onerkәsiptin negizgi kyzmetkerlerinin ortasha ajlyk zhalakysy 30 myn tenge shamasynda Negizgi kyzmetten alyngan tabys 402 2 mlrd tengeni kurady zhәne onerkәsiptin pajdalylyk dengeji 23 ga zhetti 21 gasyrdyn basynan Қazakstan onerkәsipin әrtaraptandyru үderisi zhүrgizile bastady Nәtizhesinde akparattyk tehnologiya biotehnologiya yadrolyk tehnologiya avtomobil kurastyru siyakty ondiristin zhana bagyttary pajda bolyp әlemdik bәselestikke totep beretin onim tүrlerin klasterleu isi zholga kojyldy Қazakstan onerkәsipin 2015 zhylga dejin zhana industriyalyk innovaciyalar damu orisine shygaru sojtip onerkәsip salalaryn әrtaraptandyru zholymen keleshekte onyn shikizattyk bagyttagy damu үrdisinen servistik tehnologiyalyk ekonomika үlgisine koshu kozdelip otyr Derekkozderhttps sozdikqor kz soz id 428619 amp a C3 93NERK C3 81S C4 B0P Қazak Enciklopediyasy Syrtky siltemelerMalimetter kz Өnerkәsip referat kazaksha Malimetter kz Өnerkәsip turaly tүsnik zhәne onyn әleumettik ekonomikalyk mәni kyzmeti referat kazaksha