Осы мақалада Қазақстанның саяси партияларының тізімі және тарихы көрсетілген. Дәл қазір Қазақстанда 7 заңды тіркелген партия бар. Партияны тіркеу үшін оның мүшесі кемінде 20 000 адам болуы қажет.
Тарихы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.
Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.
Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары аяктап шыққан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.
Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей коймады.
Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі құбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:
«...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым».
1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірден жандарм мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі , яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары «әкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін» орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.
1905жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті.
I—II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
1906жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т.б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.
Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.
1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар
1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.
1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды. Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.
Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.
1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.
Мәжілісте өкілдігі бар партиялар
Атауы | Қысқ. аты | Басшысы | Идеологиясы | Мәжілістегі орын саны | Құрылуы | |
---|---|---|---|---|---|---|
«AMANAT» партиясы | Аманат | Ерлан Қошанов | Социалды Консерватизм Экономикалық Либерализм | 62 / 98 | 1999 (Отан) 2006 (Нұр Отан) 2022 (Аманат) | |
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы | Ауыл | Әли Бектаев | Социал-демократия Аграризм | 8 / 98 | 2000 | |
«Respublica» партиясы | Respublica | Айдарбек Қожаназаров | Анти-жемқорлық | 6 / 98 | 2022 | |
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы | Ақ жол | Азат Перуашев | Қоғамдық ұлтшылдық Экономикалық либерализм | 5 / 98 | 2002 | |
Қазақстан Халық партиясы | ҚХП | Ермұхамет Ертісбаев | Социализм | 5 / 98 | 2004 (ҚКХП) 2020 (ҚХП) | |
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия | ЖСДП | Социал-демократия Парламентаризм | 4 / 98 | 2006 |
Мәжіліс сыртындағы тіркелген партиялар
Атауы | Қысқ. аты | Басшысы | Идеологиясы | Құрылуы | Тіркелуі | |
---|---|---|---|---|---|---|
«Байтақ» Жасылдар партиясы | Байтақ | Азаматхан Әміртай | 2015 (Төраға сөзінше) | 2022 |
Тыйым салынған және тіркелмеген партиялар
Атауы | Басшысы | Идеологиясы | Құрылуы | |
---|---|---|---|---|
Олжас Сүлейменов | 1991 (тұңғыш рет) 2023 (қайта құрылды) | |||
орны бос | Ұлтшылдық Түркішілдік Исламизм | 1990 | ||
Қазақстанның демократиялық таңдауы | Мұхтар Әблязов | Либерализм Либералды демократия Популизм Ұлтшылдық Вестернизация | 2001–2004 2017 | |
Айнұр Құрманов | Коммунизм | 2002 (СоҚ) 2011 (ҚСҚ) | ||
Марат Мүлкібаев | Авторлық құқықты реформалау | 2010 | ||
Oyan, Qazaqstan | Зорлықсыз қарсылық Анти-авторитаризм | 2019 | ||
Оппозиция | 2019 | |||
Анти-жемқорлық Анти-авторитаризм | 2020 | |||
2020 |
Бұрынғы партиялар
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
- В Казахстане появится новая «Республика»? (орыс.). Forbes (29 августа 2022).
- Вааль, Тамара «Мы — не какая-то партия, которая только сегодня появилась» (орыс.). vlast.kz (4 февраля 2023).
- В Казахстане зарегистрирована партия «Байтак» (орыс.). Азаттық радиосы (30 ноября 2022).
- Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясының төрағасы болып сайланды (қаз.). Халық үні (5 ақпан 2023). Тексерілді, 4 ақпан 2024.
- ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТІРІЛГЕН «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ (қаз.). masa media. Тексерілді, 4 ақпан 2024.
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Osy makalada Қazakstannyn sayasi partiyalarynyn tizimi zhәne tarihy korsetilgen Dәl kazir Қazakstanda 7 zandy tirkelgen partiya bar Partiyany tirkeu үshin onyn mүshesi keminde 20 000 adam boluy kazhet TarihyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Halel Dosmuhamedov XX gasyr basyndagy kazak ziyalylary san zhagynan kop bolgan zhok 1917 zhylgy Қazan tonkerisine dejingi kezende kazak kogamynda zhogary oku ornyn ayaktagandygy turaly diplomdy iemdengen mamandardyn sany zhүz otyzdan al arnajy orta oku oryndaryn bitirgenderdin sany zheti zhүzden asyp zhygylatyn edi Қazakstanda birli zharym orta bilimdi mugalimder dayarlanatyn kurstar men uchilishelerdi esepke almaganda arnajy oku oryndary bolgan emes Tүrli mekemelerde okimshilik oryndarynda kyzmet zhasagan kazak mamandary negizinen resejlik oku oryndarynda bilim aldy Patsha үkimeti kazak halkynyn zhalpy mәdeni dengejinin osuine mүddeli bolgan zhok kerisinshe karangylykta үstau ogan tiimdirek korindi Al XIX gasyrdyn songy shireginde ashyla bastagan azyn aulak mektepter men gimnaziyalar zhergilikti zhurtty islam dininin ziyandy әserinen saktau zhәne dalada orys ykpalyn damytu үshin kerek boldy Sonymen birge otarshyl әkimshilik resejlik oku oryndarynan birli zharym oryndy kazak zhastaryna boluge mәzhbүr boldy Mundaj kadamga bara otyryp ol zhyl sajyn ose tүsken baskaru zhүjesinin zhergilikti ulttan shykkan mamandarga muktazhdygyn kanagattandyrudy kozdedi Osy maksatta general gubernatorlyk kenseleri zhanynan kazak studentterine zhylyna 3 4 stipendiya belgilenip otyrdy Mine osy belgilengen stipendiyaga zhәne kazak aukatty toptarynyn oz erkimen zhәrdemge zhigan karzhysyna sүjenip kazak zhastary Mәskeu Sankt Peterburg Қazan Orynbor Omby Varshava siyakty kalalardagy oku oryndarynda tүrli mamandyktar bojynsha bilim aldy Mәselen tek Қazan universiteti men mal dәrigerlik institutyn 1917 zhylga shejin 35 20 zhәne 15 kazak zhastary ayaktap shykkan XIX gasyrdyn sony men XX gasyrdyn basynda kazak zhastary үshin iri bilim ortalygy mindetin Sankt Peterburg kalasy atkardy Imperiyanyn sayasi omirinin de astanasy bolgan bul kalada osy mezgilde Ә Bokejhanov Orman sharuashylygy instituty Muhamedzhan Tynyshpaev Temir zhol koligi instituty H Dosmuhamedov S Asfendiyarov Dәrigerlik akademiyasy B Қarataev Zh Dosmuhamedov M Shokaj Sankt Peterburg universiteti siyakty ult azattyk kozgalysynda oshpes iz kaldyrgan kajratkerler bilim aldy Қazak zhastary sondaj ak Stambul Kair universitetterinde de okydy Қazak ziyalylarynyn үlken boligi gimnaziya dәrigerlik uchilishe mugalimder dayarlajtyn seminariya tүlekterinen turdy Bul toptyn katarynda Ahmet Bajtursynuly M Dulatov M Zhumabaev Zh Ajmauytov S Torajgyrov siyakty koptegen iri tulgalar bar edi Zhүsipbek Ajmauytov Қazak zhastarynyn belgili bir boliginin iri ortalyktarda okyp sayasi okigalarga tikelej aralasuy orys demokratiyasynyn ykpalynda boluy onyn kogamdyk kozkarasynyn kemeldenuine sayasi belsendiliginin artuyna әser etpej kojmady Sayasi kyzmetke aralasu tek iri kalalarda okityn studentterge gana tiesili kubylys emes tin Қogamda bolyp zhatkan sayasi okigalarga den koyu tүrli sayasi үjirmeler isine aralasu Omby Semej Oral siyakty zhergilikti ortalyktarda okyp zhүrgen zhastarga da tәn әreket edi XX gasyr basyndagy kazak ziyalylary kogamdyk sayasi kyzmetke dayarlykpen keldi al olardyn derbes sayasi kүsh retinde belsendi әreketke koshui 1905 zhylgy revolyuciyalyk okigalarga tuspa tus keldi Ogan kazak halkynyn orys otarshyl әkimshiligine tәueldiligi zhәne kogamdyk damuda ortagasyrlyk dengejde kalyp koyuy tүrtki bolgan edi Sayasi kyzmeti tura osy mezgilde bastalgan Mirzhakyp Dulatuly 1929 zhyly kenestik abaktyda tergeushilerge bergen zhauabynda zhalpy ult ziyalylaryna ortak mynadaj pikir bildirdi Ol zhyldardagy kazak halkynyn karangylygy men nadandygyn ajtyp zhetkizu kiyn Қazak bukarasy gubernatorlar men uezd bastyktaryn ajtpaganda en tomengi uryadniktin aldynda diril kagyp adam tozgisiz korlykka shydady onyn bul halge zhetuine oz arasynan shykkan nadan tilmash sheneunikter bolys baskarushylary zhәne baskalary oz үlesterin kosyp auyr salyk zorlyk parakorlyk kupiya үjrenshikti koriniske ajnaldy kazak әjeli kүn zhagdajynda boldy en kunarly zherler eshkandaj esepsiz konys audarushylarga alynyp berildi al kazaktar sholge ygystyryldy patsha үkimeti mektepter ashtyruga bas koz kamkorshy boludyn ornyna kazaktarga ozderi zhigan karzhyga mektep saluga tyjym saldy mektep ashuga әreket zhasagandar Yakut oblysyna zher audaryldy mysaly Қosshygulov Nauan haziret t b dәrigerlik komek zhoninde halykta tүsinik te bolgan emes Қazak eli mine osyndaj tүnekte gumyr keshti Patsha үkimetinin otarshyl sayasaty gүldeu shegine zhetti Osynyn bәrin kore tүryp ozimnin azyn aulak bilimime karamastan kolymdagy barymmen ar namysy ayak asty bolgan sorly halkyma komektesudi oz boryshym sanadym 1905 zhylgy zhazga karaj Қazakstannyn barlyk onirindegi zhәrmenkelerde kazak zhurtynyn muktazhdyktaryn talkylagan sezder ote bastady Birden zhandarm mekemelerinin nazaryna ilikken bul zhiyndarda patshaga ortak bilik oryndaryna arnalgan aryz tilekter zhazyldy Zhetisu zhәne Semej oblystary atynan zhazylgan shagymdardy talkylauga 25 mynnan astam adam katysty Bul talap tilekterde kazak elinin kogamdyk omirdegi en negizgi yagni zhergilikti baskaru sot halykka bilim beru uzhdan zhәne din bostandygy bakylausyz gazet shygaru zhәne baspahana ashuga ruksat beru kazak elinin zhogargy zan shygarushy oryndarga deputat sajlau kukyn mojyndau zhәne baska sol siyakty asa manyzdy mәseleler koterildi Barlyk aryz tilekterde zhogargy bilik aldyna kojylgan үlken de ozekti mәsele әrine zher mәselesi boldy Aryz tilek avtorlary әkeler kanynyn oteuimen azat etilgen atamekenin orys үkimetinin eshkandaj da dәlel sebepsiz memlekettik menshik dep zhariyalap sogan sүjenip en kunarly zherler men tushy su kezderinin konys audarushylarga otip zhatkandygyna narazylyktaryn bildirdi Aryz tilek naukany ult azattyk kozgalysynda ozara ajyrmashygy bar eki agymnyn kalyptasyp kele zhatkandygyn angartty Onyn bir zhagynda kazak zhurtynyn bolashagyn europalyk orkeniettin zhetistikterimen bajlanysta karap din isin ekinshi kezekke ygystyrgan ziyalylar tursa ogan karsy ekinshi bette kogamdyk damuda ulttyk dini negizgi kundylyk retinde bagalagan top turdy Ә Bokejhanov algashky agymdagylardy batysshyldar al songy agymdagylardy tүrikshilder dep atady 1905zhylgy 6 tamyzda zhariyalangan manifest bojynsha kazak eline de Memlekettik Dumaga deputat sajlau kukygy berildi Ұlt ziyalylary Duma zhumysyna belsene aralasu arkyly үkimettin Қazakstandagy sayasatyna әsirese zher mәselesine ykpal etuge bolady dep tүsindi Birak sajlau karsanyndagy kazak kogamynda Dumaga deputat usyna alatyn oz bagdarlamasy bar sayasi partiya zhok bolatyn Uakyttyn tarlygyna bajlanysty zhәne baska dayarlyktyn zhoktygyn tүsingen ult ziyalylarynyn basym boligi resejlik konstituciyalyk demokratiyalyk partiyanyn kadetter bagdarlamasyn mojyndap kazak oblystarynda osy partiyanyn bolimshelerin kuryp osy ujymnyn atynan deputattykka tүsti I II Memlekettik Duma zhanyndagy Musylman frakciyasy zhumysyna belsendi aralaskan kazak ziyalylary үkimetten Қazakstanga ishki Resejden konys audarushylardy zhiberudi zhergilikti halykty eginshilikke zharamdy zherlerden ygystyrudy toktatudy talap etti Қazak deputattarynyn bul talabyn kazakstandyk T I Sedelnikov zhәne sibirlik N L Skalozubov bastagan demokratiyalyk bagyttagy orys zhәne baska ult deputattary da koldady Қazak ziyalylary sayasi partiya kuru zholynda Sajlau naukanyna aralaskan kazak ziyalylary otarlyk tәueldiliktegi kazak halkynyn mүddesi turgysynan kogamdyk үgit nasihat zhumysyn zhүrgizip deputat sajlap ogan amanat tapsyru isine muryndyk bolatyn sayasi ujymnyn kazhettigin ajkyn angardy 1906zhyly 10 mausymda Semej kalasynda Memlekettik Dumaga kazaktardan deputat sajlau үshin okilderdin zhinalysy otip Ә Bokejhanov zhinalgandardy Halyk erkindigi kadetter partiyasynyn bagdarlamasymen tanystyryp zhinalys ogan katyskandardyn atalgan partiyaga kosylatyndygy zhoninde kauly kabyldady Semipalatinskij listok 1906 13 mausym Sayasi kүres zholyna endi gana tүse bastagan kazak ziyalylarynyn osy kezendegi sayasi әleumettik bagdary belgili dәrezhede resejlik radikaldyk burzhuaziyalyk partiya kadetterdin kyzmetimen ushtasty Birak osy kezendegi kazak kadetterinin omirde ustangan murattary orys kadetterinin bagdarlamasynan mүldem ozgeshe edi Қazak kadetterinin bagdarlamasynda tomendegidej talaptar kojyldy kazak zherin bүtindej kazak elinin menshigi etip zhariyalajtyn zan kabyldau ishki Resejden koship kelushiler legine tezheu koyu kazak zhumysshylaryna erkindik tendik beru olardyn mүddesin korgajtyn zandar shygaru kazak balalary үshin mektep medrese universitetter ashu t b Otarlyk ezgige karsy zhalpyulttyk bas koteru tolkynynda pajda bolgan bul algashky әreketter sayasi partiya kurumen ayaktalgan zhok ojtkeni ogan kazhetti algysharttar pisip zhetile kojgan zhok edi Қazak ziyalylary tarapynan zhalpyulttyk sayasi partiya kuru әreketi 1913 zhyly tagy da boj korsetti M Seralin bastagan Ajkap zhurnaly toniregine toptaskan ziyalylar en ozekti kogamdyk mәselelerdi talkylap belgili bir bagdarlamalyk tuzhyrymdarga kelu үshin Zhalpykazak sezin shakyru zhoninde bastama koterdi Birak kazak dalasynda ornagan katan әskeri otarlyk tәrtippen eseptesu kazhettigin ajtkan Ә Bokejhanov bastagan top mundaj әreketterge koshuge үzildi kesildi karsy shykty Alash partiyasynyn kuryluy Sayasi partiya kuru үshin kazhetti algysharttar tek 1917 zhylgy Akpan revolyuciyasynan kejin gana kalyptasty Algashky zhalpykazak sezin otkizu үshin Қazak gazeti zhanynan kurylgan ujymdastyru byurosy kүn tәrtibine Қazak sayasi partiyasyn zhasau mәselesin usynyp ogan mynadaj negiz keltirdi Resejde osy kүnde tүrli sayasi partiyalar bar Olardyn kozdegen maksattary bagdarlamasynda zhazylgan Ony biletin adamdarga maglum kaj partiyanyn da bolsa bagdarlamasy tүp tүgel kazak maksattaryna үjlespejdi Sondyktan bizdin kazak maksattaryn tүgel kozdejtin oz aldyna partiya zhasalmajynsha bolmajdy 1917 zhylgy 21 26 shilde aralygynda Orynbor kalasynda otken Zhalpykazak sezi kazak sayasi partiyasyn kuru turaly mәsele karap mynadaj sheshim kabyldajdy Қazak halkynyn oz aldyna sayasi partiyasy boluyn tiis korip bul partiyanyn zhobasyn zhasaudy sezd Shuro i Islamga sajlangan kazak okilderine tapsyrdy Partiyanyn negizi demokratiyalyk federativtik parlamenttik respublikaga kurylmak Sezdin songy kүni zhana kalyptasa bastagan partiyanyn basshysy Ә Bokejhanov resejlik Kadetter partiyasyna mүshelikten shygatynyn zhәne onyn sebepterin mәlimdedi Partiyanyn ujymdyk turgydan kuryluy kүzge yagni Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattar sajlau naukanyna tuspa tus keldi Қazak gazeti ozinin bas makalasynda partiyanyn atyn Alash kojyp ogan tilektesterdi Қuryltaj zhinalysyna deputattykka kandidattar tizimin osy partiyanyn atynan zhasauga shakyrdy Sonymen bir mezgilde Қazak baskarmasynan barlyk oblystardagy Қazak komitetterine kazak sayasi partiyasynyn atyn Alash dep koyu turaly zhedelhattar zhiberildi Alash partiyasynyn oblystyk ujymdary 1917 zhyldyn kazan ajynan kalyptasa bastady Ә Bokejhanovtyn tikelej ujymdastyruymen zhәne basshylygymen kazannyn 12 20 aralygynda partiyanyn oblystyk ujymdary aldymen Semejde kejin Ombyda al karashanyn 10 na karaj Orynborda ashyldy Semej oblystyk partiya komitetinin toragasy bolyp Halel Ғabbasov Omby obkomynyn toragasy bolyp Ajdarhan Turlybaev al Torgaj obkomynyn toragasy bolyp Әlihan Bokejhanov sajlandy Partiyanyn arnajy sezin shakyryp baskaru oryndaryn sajlauga zhargysy men bagdarlamasyn bekituge kolajly zhagdajdyn bolmauynan Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattykka kandidat esebinde tirkelgen top partiyanyn baskarushy ujytkysy sanaldy Alash partiyasynyn bagdarlamasy Alash partiyasy zhariyalangan bagdarlamasynda Resej memleketinin demokratiyalyk federativtik respublika bolgandygyn zhaktady Bagdarlama bojynsha shashyranky kazak oblystary oz biligi ozinde tutas bir memleketke birigip avtonomiyalyk negizde Resej Federaciyasynyn kuramyna enbek Әleumettik katynasta feodaldyk aksүjekter kukyn shekteu taptyk zhikteludi zhedeldetu mәselesi kojylgan zhok kerisinshe zhalpyulttyk mүdde ulttyk tutastyk bagytyna basymdylyk berildi Alash partiyasy gadildikke zhak hali nasharlarga zholdas zhebirlerge zhau bolady Kүsh kuatyn igilik zholyna zhumsap zhurtty tarky etu zhagyna bastajdy dep korsetildi Salyk mәselesi de osy turgydan sheshiluge tiis boldy Salyk mal aukat tabyska karaj bajga bajsha kedejge kedejshe gadil zholmen salynady bar zhumysshylar zan panasynda bolady Bagdarlamanyn antifeodaldyk sipaty negizgi kukyk gylym bilim үjretu siyakty taraularynan bajkalady Resej respublikasynda dinge kanga karamaj erkek әjel demej adam balasy ten Zhiylys zhasauga kauym ashuga zhariya sojleuge gazet shygaruga kitap basuga erkinshilik zan oryndarynyn ruksatynsyz zheke adamdardyn tabaldyrygynan attap eshkim tintu zhүrgize almajdy sot surap bilik ajtylmaj eshkim tutkynga alynbajdy t b Bagdarlamadagy en negizgi mәsele zher mәselesi Қazak zheri onyn asty үsti bajlygy kazak elinin menshigi boluga tiis Қazak elinin yktiyarynsyz ishki Resejden konys audaru toktatylady Zher mәselesine bajlanysty zan kabyldanyp kazak aldymen oz zherinen enshi alady Zher sybagasy turgan zherinen atamekeninen әrkimnin tilegine saj auylga ulyska ruga bolinedi Adam basyna zheke үj basyna tietin sybaga zher sharuaga zherdin topyragyna zhergilikti tabigatyna bajlauly bolady Zher sybagasyn zhergilikti zher komitetteri anyktajdy Zan zherdi satuga tyjym salady 1917 zhyldyn sonyna karaj ujymdyk turgydan kalyptaskan Alash partiyasynyn zhergilikti ujymdary oblystyk uezdik Қazak komitetteri al zhergilikti sauatty partiyalyk niettegi ziyalylar partiyanyn aktivi tiregi boldy Alash partiyasy kүrdeli үsh iri mәseleni sheshuge үlken үles kosty Birinshiden partiya mүsheleri halyk arasynda kazak ziyalylary ishinde en aldymen sheshiluge tiis zhalpyulttyk zәru mәselelerdi talkylauga muryndyk bolyp sol mәseleler bojynsha ortak tuzhyrymdarga kelude basty rol atkardy Bul tuzhyrymdar partiya bagdarlamasynyn zhobasynda berildi Ekinshiden partiyanyn ujytkysy bolgan kajratkerler 1917 zhyly zheltoksanda kazak elinin Alash avtonomiyasy atangan ulttyk memlekettigi omirge kelgenin zhariya etti Osy sezde omirge Alashorda ulttyk Kenesi үkimeti kelgeni mәlim Onyn mүsheleri tүgeldej derlik ozderin Alash partiyasynyn mүshesi sanagandygy kүmәn tudyrmajdy Үshinshiden osy zhylgy karashada bolyp otken Bүkilresejlik Қuryltajga deputattar sajlauynda barlyk kazak kajratkerleri Alash partiyasynyn atynan tirkeldi zhәne onyn atynan deputat bolyp sajlandy Osy kuryltajga deputattar sajlau barysynda barlyk kazak oblystarynda Alash partiyasy en kop dauys algan partiya boldy Obektivti zhagdaj kүrdeli de katal omir agymy Alash partiyasynyn sayasi kүreske bilek tүrip aralasyp ketken iri sayasi kүshke ajnaluyna mүmkindik bermedi Қym kigash azamat sogysy tusynda ondaj mindetti tek Alashorda үkimeti gana atkara alatyn edi Қogamnyn sayasi omirindegi baska ujymdar men partiyalar Sәken Sejfullin 1917 zhyl Қazakstanda tүrli sayasi ujymdar men partiyalardyn belsendilik tanytuymen sipattalady Olardyn birazy Resejdegi revolyuciyalyk kozgalystyn tikelej ykpalymen birinshi orys revolyuciyasy zhyldarynda ak kalyptasa bastagan 1905 zhyly social demokratiyalyk toptar Vernyj Қostanaj Perovsk Oral Aktobe zhәne Semej kalalarynda kalyptasa bastajdy Olardyn kuramynda temir zhol baspahana poshta zhәne telegraf zhumysshylary zhergilikti ziyalylar okilderi boldy Basym tүrde orys zhәne baska slavyan turgyndar okilderinen kuralgan bul toptardyn mүsheleri ozderinin zhabyk kupiya otyrystarynda marksistik әdebiettermen tanysty zhәne olardy halyk bukarasy arasynda nasihattau isin kolga aldy 1913 zhyly Ombydagy tүrli oku oryndarynda okityn kazak zhastary Birlik kogamyn kurdy Қogamnyn maksaty bastapky kezende negizinen agartushylyk kyzmetten turdy al onyn baskarushy toby kuramynda Muhtar Samatov Nygmet Nurmakov Magzhan Zhumabaev Shajmerden Әlzhanov Sәken Sejfullin siyakty zhastar bar edi 1917 zhylgy Қazan tonkerisinen kejingi okigalar tusynda Birlik ujymy eki kanatka zharylyp ketti Onyn bir kanaty Ә Dosov Zh Sәduakasov Zhүsipbekov t b kenestik bilik zhagynda bolsa ekinshi kanaty Қ Kemengerov S Sәduakasov t b Alash partiyasynyn bagdarlamasyn koldady ozderin zhas alashshylar sanady Tүrli sayasi ujymdar men partiyalardyn sayasi belsendiliginin arta tүsui 1917 zhylga tuspa tus keldi Қuramy zhergilikti ziyalylar men okushy zhastardan turatyn bul ujymdardyn sany zhiyrmadan asyp tүsetin edi Olardyn arasynda Akmoladagy Zhaskazak Orynbordagy Erkin dala Ordadagy Zhiger Petropavldagy Talap Merkidegi Қazak zhastarynyn revolyuciyalyk odagy zhәne baskalar bar edi Bul kogamdyk ujymdardyn kozdegen maksaty birkelki bolgan emes olardyn kajsybiri zhalpyulttyk ustanymda bolsa ekinshi bireuleri sonynan belgili bir әleumettik toptardy ertudi kozdedi 1917 zhyly karashada Mukan Әjtpenov zhәne Shajmerden Әlzhanov bastagan bir top Omby ziyalylary Үsh zhүz atalatyn sayasi partiya kuragandaryn mәlim etti Bul partiyanyn omirge kelui kazak ziyalylar tobynyn bilimi men sayasi mәdenieti tүrgysynan birkelki emes sondaj ak tүrli sayasi ustanymda ekeninin ajgagy Kelesi zhyldyn basyna karaj bul sayasi ujymdagy basshylyk Kolbaj Togysovtyn kolyna koshedi Өzderin sayasi partiya retinde zhariyalagan algashky kүnnen bastap ak үshzhүzdikter Alash partiyasyna karsy ustanymda boldy Bүkilresejlik Қuryltajga deputattar sajlau naukanyna derbes tizimmen tүsip sajlauda birde bir okilin otkize almady Үshzhүzdikterdin kazak kogamy arasynda bedelinin zhoktygy basshylygynda el mojyndagan sayasi tulganyn bolmauyna sondaj ak partiyanyn halykty sonyna erte alarlyk nakty bagdarlama usyna almauyna bajlanysty edi Үsh zhүz kazak arasyndagy musylmandykty koldajtyndygyn zhәne korgajtyndygyn ajta otyryp sonymen birge ateistik ustanymdagy bolsheviktermen koyan koltyk zhumys isteuge kүsh saldy Өz retinde bolshevikter үshzhүzdikterdi Alash partiyasynyn bedelin tүsiru maksatynda pajdalanuga tyrysty Өzin socialistik ustanymdagy partiya sanagan Үsh zhүzdin kyzmetinde үjlesimsiz kajshylyktar kop edi sondyktan da onyn kyzmeti uzakka sozylgan zhok 1917 zhyly kurylgan sayasi ujymdardyn biri Islam zholyndagylar kenesi Shuro i Islam boldy Ortalygy Tashkent kalasynda kurylgan bul ujymnyn kyzmeti zhalpy Tүrkistan onirine ykpaldy boldy sondaj ak onyn basshylygynda Mustafa Shokaj Seraly Lapin boldy Islam zholyndagy kenestin ujymdastyruymen 1917 zhylgy karashada Қokan kalasynda IV totenshe olkelik musylmandar sezi shakyrylyp onda kenestik bilikke balama Tүrkistan Қokan avtonomiyasy kurylgandygy zhariyalanyp үkimeti kuryldy Mәzhiliste okildigi bar partiyalarAtauy Қysk aty Basshysy Ideologiyasy Mәzhilistegi oryn sany Қuryluy AMANAT partiyasy Amanat Erlan Қoshanov Socialdy Konservatizm Ekonomikalyk Liberalizm 62 98 1999 Otan 2006 Nur Otan 2022 Amanat Auyl Halyktyk demokratiyalyk patriottyk partiyasy Auyl Әli Bektaev Social demokratiya Agrarizm 8 98 2000 Respublica partiyasy Respublica Ajdarbek Қozhanazarov Anti zhemkorlyk 6 98 2022 Ak zhol Қazakstannyn demokratiyalyk partiyasy Ak zhol Azat Peruashev Қogamdyk ultshyldyk Ekonomikalyk liberalizm 5 98 2002Қazakstan Halyk partiyasy ҚHP Ermuhamet Ertisbaev Socializm 5 98 2004 ҚKHP 2020 ҚHP Zhalpyulttyk social demokratiyalyk partiya ZhSDP Social demokratiya Parlamentarizm 4 98 2006Mәzhilis syrtyndagy tirkelgen partiyalarAtauy Қysk aty Basshysy Ideologiyasy Қuryluy Tirkelui Bajtak Zhasyldar partiyasy Bajtak Azamathan Әmirtaj 2015 Toraga sozinshe 2022Tyjym salyngan zhәne tirkelmegen partiyalarAtauy Basshysy Ideologiyasy ҚuryluyOlzhas Sүlejmenov 1991 tungysh ret 2023 kajta kuryldy orny bos Ұltshyldyk Tүrkishildik Islamizm 1990Қazakstannyn demokratiyalyk tandauy Muhtar Әblyazov Liberalizm Liberaldy demokratiya Populizm Ұltshyldyk Vesternizaciya 2001 2004 2017Ajnur Қurmanov Kommunizm 2002 SoҚ 2011 ҚSҚ Marat Mүlkibaev Avtorlyk kukykty reformalau 2010Oyan Qazaqstan Zorlyksyz karsylyk Anti avtoritarizm 2019Oppoziciya 2019Anti zhemkorlyk Anti avtoritarizm 20202020Buryngy partiyalarҚazakstan agrarlyk partiyasy Asar Azamattyk partiya Қazakstan patriottary partiyasy Ruhaniyat Әdilet Zhastar odagyDerekkozderҚazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ә Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 304 bet suretti ISBN 9965 36 106 1 V Kazahstane poyavitsya novaya Respublika orys Forbes 29 avgusta 2022 Vaal Tamara My ne kakaya to partiya kotoraya tolko segodnya poyavilas orys vlast kz 4 fevralya 2023 V Kazahstane zaregistrirovana partiya Bajtak orys Azattyk radiosy 30 noyabrya 2022 Olzhas Sүlejmenov Қazakstan halyk kongresi partiyasynyn toragasy bolyp sajlandy kaz Halyk үni 5 akpan 2023 Tekserildi 4 akpan 2024 OLZhAS SҮLEJMENOV ZhӘNE ҚAJTA TIRILGEN ҚAZAҚSTAN HALYҚ KONGRESI PARTIYaSYNYҢ TARIHY kaz masa media Tekserildi 4 akpan 2024 Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz