Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекеттерінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Тағы қараңыз
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Erkindik adamnyn nemese zheke ulttyn halyktyn oz mүddeleri men mүmkindigine saj әreket etip oz kalauyn zhүzege asyruy Adamdar oz әreketterinin obektivti zhagdajlaryn kalauynsha tandap aluga erikti emes alajda olar naktyly zhәne salystyrmaly erkindikke ie Ғylymi tehnikalyk ilgerileu әrbir adamga әleumettik topka tutas ultka kyzmet ete otyryp olardyn tabigattyn obektivti zandaryn igeruine is zhүzinde koldanuyna zhәrdemdesedi Zheke adam men ulttyn erkindik dәrezhesinin artuy tutastaj alganda kogamnyn ilgerileu үrdisinin ozekti olshemi bolady Onyn әleumettik kedergilerge karsy kүresi zhalpy alganda kogamnyn alga basuynyn kuatty kozgaushy kүshi bolyp tabylady Adamdardyn dүniedegi obektivti zhagdajdy tandau erkindigi bolmaganymen olar ozindik maksattardy kozdej alady zhәne ogan zhetudin әr tүrli mүmkindikteri katarynan negurlym tiimdi zholdy erikti tүrde pajdalanady Birak bul kogamdagy zhalpy obektivti zhagdaj men mүmkindikke subektilerdin zheke adamnyn әleum toptyn etnikalyk toptyn zharatylys zandary men kogam zandylyktaryn igeru kabiletine zhәne baskalaryna bajlanysty Әlemdik filosofiyada erkindik turaly bir birine kajshy kozkarastar kalyptaskan Gegel erkindikti subektivti ruhpen Fejerbah adamnyn ozinin ereksheligimen bajlanystyrsa din ony adamdardyn kudajga kulshylyk etuimen ekzistencialister adamnyn psihikalyk aktilerimen bajlanystyra karastyrady K Marks erkindik mәselesin kazhettilikti zhәne zandylyktardy bilumen ony igerumen bajlanysty tүsindiredi F Engels ozinin Anti Dyuring atty enbeginde erkindik әldebir nәrseden tәuelsizdik nyshany emes kerisinshe ol adamnyn zharatylys kүshterine kogamdyk karym katynastarga zhәne oz bolmysyna үstemdigi dejdi Erkindik nakty zhәne salystyrmaly ugym Mysaly adam әr tүrli zhagdajlarga bajlanysty erkin bolady nemese odan mүldem ajyrylady Ol omirdin bir salasynda ozin erkin sezingenimen ozge bir salada ogan zhete almauy da mүmkin Sol sekildi zheke adamnyn zhәne ulttyn erkindik dәrezhesi de әr tүrli Munyn ozi kogamdagy ondirgish kүshterdin damuyna da tikelej katysty Sonymen katar ol әleumettik etnikalyk toptardyn zhekelegen adamdardyn erkindigin anyktajtyn kogamnyn әleum sayasi kurylymyna da tәueldi Mine sondyktan erkindik mәselesin sayasattanu zhagynan alyp karajtyndar ony azamattardyn zhәne tutas bir ulttyn kogamdyk kurylym men baskaru tүrin tandauy dep tүsindiredi Ekonomika salasynda erkin bazar erkin bәsekelestik principteri negizinde ondirgish kүshter damityny adamdardyn erkindik ayasy keneje tүsetini ras Әr adamnyn әr ulttyn erkindik dәrezhesin olardyn tabysy men menshiginin kolemi gana emes sonymen birge olardyn materialdyk zhәne ruhani igilikterdi ozderinin tandauy men oryndy zhumsaj alu mүmkindigi anyktajdy Sayasatta erkindik mәselesi ulttyn kukyktyk memleket kuru ideyasymen bajlanysty Kez kelgen kogamdagy zheke adam men ulttyn erkindik dәrezhesi en aldymen bilik zhүjesine onyn tүrlerine despottyk liberaldyk demokr t b bajlanysty bolyp keledi Liberaldyk demokratiyalyk baskaru modelinin sayasi erkindik salasyndagy negizgi principi zheke adamdardyn үstemdigi emes en aldymen zannyn үstemdigi yagni adamdardyn zanmen gana shekteletin erkindik kukylaryn pajdalana aluy Zheke adam men ult erkindiginin shektelui nemese tezhelui әr tүrli obektivti zhәne subektivti sebepterge bajlanysty Mys totalitarlyk avtoritarlyk zhүjelerdin үstemdigi yagni demokrattyk kukylarga sayasi bostandyktarga soz zhinalys miting birlesu sajlau zhәne sajlanu t b kysym zhasaluy sondaj ak materialdyk zhokshylyk ruhani zhutandyk shekten tys egoizm zhәne t b Shynajy erkindik adamdar arasyndagy mәdeni karym katynastardyn kepili Endeshe onyn gylymi mәni men mazmunyn әrbir azamattyn ajkyn tүsinuine kol zhetkizu ulttyk ideologiya men sayasattyn basty mindetterinin biri bolyp tabylady DerekkozderA 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Tagy karanyzAzattykBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz