Азаттық (Парсы тілі азад – ерікті, еркін) – қазақ ұғымында саяси еркіндік, тәуелсіздік (әлеуметтік бас бостандығы немесе тәуелділіктен құтылу).
Саяси еркіндікті білдіретін азаттық ұғымы — азаматтардың өз саяси мақсат-мүдделеріне сәйкес әрекет етіп, әлеум.-саяси және мемлекет әртүрлі мәселелер жөніндегі өз көзқарастарын білдіруге, өз ұстанымдарын қорғауға; саяси оқиғаларға, барлық үлкенді-кішілі үкімет органдарының саяси қызметіне баға беруге; мемлекет және жергілікті өкілетті органдарға сайлауға және сайлануға ерікті болуға кепілдік беретін шарттармен белгіленген заңды құқығын танытады. Саяси еркіндік 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқығы жөніндегі жалпыға бірдей Декларацияда неғұрлым толық сипатталды. Саяси еркіндік концепциясы негізінен жеке тұлғағамемлекет, қоғам тарапынан болатын мәжбүр етушіліктің әр түрлі формаларын болдырмау, олардың алдын-алу немесе жұмсарту мақсатында туындаған. Тәуелсіздікті білдіретін азаттық ұғымы — жеке ұлттың, қауымның, елдің бостандығы, дербестікке ие болуы, яғни тәуелділіктен құтылуы. Бұл — тарихи көне дәуірлерден бері көбіне қантөгістер арқылы жүзеге асып келген халықтың асыл мұраты. “Күлтегін” үлкен жазуында (732 жылы) түркі қауымының табғаштарға неліктен бодан болып, одан құтылу үшін қаншама құн төлеуге, қаншалықты азап шегуге тура келгендігі өте дәл суреттелген. “Күллі түркі қара халқы былай десті: “Елді халық едім, елім енді қайда?! Кімге елдік жасаймын?! Қағанды халық едім, қағаным қайда?! Қай қағанға күш-қуатымды берермін?!”. Осылай деп, табғаш қағанға жау болды. Жау болып, қолдарынан түк келмей және бағынды. Сонда күш-қуатын сарп еткенін ойламады. Түркі халқы: “[Бүйткенше] өлейік, жоқ болайық”, — дер еді, жойыла бастаған еді. Көкте түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: “Түркі халқы жоғалмасын, халық болсын...”. Әкем Елтеріс қағанды, анам Елбілгені тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен... әлсіреген, қағансыраған халықты, күңденген, құлданған халықты, түркі иелігінен айырылған халықты ата-бабам салтына қайта оралтты...” деген жолдар қазақ халқының да азаттықты ежелден қасиетті мұрат тұтқанын көрсетеді. Қазақ халқы Ресейге 18 ғасырдың 30-жылдарынан бастап бодан болып, одан кейін аззатық алу үшін қанша қан төгіліп, азап шеккені тарихтан мәлім. Азаттықтан айырылу адамның да, халықтың да табиғи болмысына кереғар құбылыс. Азат халық қана әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына түсіп, тарих сахнасында қала алады (Еркіндік, Тәуелсіздік, Бостандық).
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Azattyk ajryk degen betti karanyz Azattyk Parsy tili azad erikti erkin kazak ugymynda sayasi erkindik tәuelsizdik әleumettik bas bostandygy nemese tәueldilikten kutylu Sayasi erkindikti bildiretin azattyk ugymy azamattardyn oz sayasi maksat mүddelerine sәjkes әreket etip әleum sayasi zhәne memleket әrtүrli mәseleler zhonindegi oz kozkarastaryn bildiruge oz ustanymdaryn korgauga sayasi okigalarga barlyk үlkendi kishili үkimet organdarynyn sayasi kyzmetine baga beruge memleket zhәne zhergilikti okiletti organdarga sajlauga zhәne sajlanuga erikti boluga kepildik beretin sharttarmen belgilengen zandy kukygyn tanytady Sayasi erkindik 1948 zhyly 10 zheltoksanda BҰҰ Bas Assambleyasy kabyldagan adam kukygy zhonindegi zhalpyga birdej Deklaraciyada negurlym tolyk sipattaldy Sayasi erkindik koncepciyasy negizinen zheke tulgagamemleket kogam tarapynan bolatyn mәzhbүr etushiliktin әr tүrli formalaryn boldyrmau olardyn aldyn alu nemese zhumsartu maksatynda tuyndagan Tәuelsizdikti bildiretin azattyk ugymy zheke ulttyn kauymnyn eldin bostandygy derbestikke ie boluy yagni tәueldilikten kutyluy Bul tarihi kone dәuirlerden beri kobine kantogister arkyly zhүzege asyp kelgen halyktyn asyl muraty Kүltegin үlken zhazuynda 732 zhyly tүrki kauymynyn tabgashtarga nelikten bodan bolyp odan kutylu үshin kanshama kun toleuge kanshalykty azap sheguge tura kelgendigi ote dәl surettelgen Kүlli tүrki kara halky bylaj desti Eldi halyk edim elim endi kajda Kimge eldik zhasajmyn Қagandy halyk edim kaganym kajda Қaj kaganga kүsh kuatymdy berermin Osylaj dep tabgash kaganga zhau boldy Zhau bolyp koldarynan tүk kelmej zhәne bagyndy Sonda kүsh kuatyn sarp etkenin ojlamady Tүrki halky Bүjtkenshe olejik zhok bolajyk der edi zhojyla bastagan edi Kokte tүrki tәnirisi tүrkinin kasietti zher suy bylaj depti Tүrki halky zhogalmasyn halyk bolsyn Әkem Elteris kagandy anam Elbilgeni tәniri tobesine ustap zhogary kotergen eken әlsiregen kagansyragan halykty kүndengen kuldangan halykty tүrki ieliginen ajyrylgan halykty ata babam saltyna kajta oraltty degen zholdar kazak halkynyn da azattykty ezhelden kasietti murat tutkanyn korsetedi Қazak halky Resejge 18 gasyrdyn 30 zhyldarynan bastap bodan bolyp odan kejin azzatyk alu үshin kansha kan togilip azap shekkeni tarihtan mәlim Azattyktan ajyrylu adamnyn da halyktyn da tabigi bolmysyna keregar kubylys Azat halyk kana әleumettik ekonomikalyk zhәne mәdeni damu zholyna tүsip tarih sahnasynda kala alady Erkindik Tәuelsizdik Bostandyk DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz