Саларлар — (өз атауы - салар, салыр), Қытайдағы түркі тілдес халықтар. Синьхуа-Салар автономиялық уезінде және Цинхай өлкесінің басқа аудандарында, сонымен қатар Гансу және Шыңжаң провинцияларфында тұрады. Жалпы саны 130,6 мың адам. (2010, халық санағы).
Саларлар | |
салар, салыр | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
130 600 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Қытай | |
Тілдері | |
Діні | |
Тілі
Олар салар тілінде сөйлейді. Тілдері түрік немесе өзбек тіліне бұлыңғыр түрде ұқсайды, өздерінің жазба тілі жоқ, сондықтан мұнда кез келген нәрсені жазу үшін қытай таңбалары қолданылады. Саларлардың көпшілігі екі тілде сөйлейді, оған ғасырлар бойы қытайлықтармен бірге өмір сүру әсер етуде.
Діні
Дінге сенетіндер сүнниттік мұсылмандар, аз бөлігі тибет буддизмін ұстанады.
Тарихы
Саларлар оғыз тайпасының ұрпақтары болып саналады. Өз аңыздарына қарағанда, олардың ата-бабалары орта ғасырларда (XIV ғ.) Самарқандтан Қытайдың Цинхай провинциясының шығыс бөлігіне көшіп, Сюнхуа аймағына қоныстанған. Олар қыпшақ, кейінірек қытай, моңғол және ішінара тибет ықпалын бастан кешірді. Маньчжур Цинь әулеті тұсында (1644–1911) саларлар ислам дінін ұстанғандықтан түрлі қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі. Содан кейін көптеген саларлар империялық әскерлермен қақтығыстарда қаза тапты.
Қытай Халық Республикасы кезінде саларлардың жағдайы жақсарды. 1954 жылы Сюнхуа салар ұлтының автономиялық округі мәртебесін алды, ал 1980 жылы Ганьсу провинциясында Джишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округі құрылды. Қытайдың ірі қалаларында салярлар әдетте хуэй мұсылмандарымен бірге бөлек кварталдарда тұрады және негізінен сауда немесе мейрамхана бизнесімен айналысады.
Кәсібі
Саларлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Бидай, арпа, сұлы, қарақұмық т.б. егеді. Дәнді ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша әдетте әйелдер себеді. Үй шаруашылығында саларлар қой, сиыр, өгіз, жылқы, қашыр, есек өсіреді. Қой жүнінен мата тоқылады. Салдардың әр ауласында дерлік бау-бақша бар, бақшада алмұрт, жүзім, жаңғақтар, картоп, қауын, қарбыз, бұрыш өсіреді.
Мынта ауылының маңында, халық ағаш ұсталығымен айналысады. Ағаштарды өзен салаларымен ағызып, төрт ескекті жалпақ түбі бар қайықтармен тасымалдайды. Қолөнерден ұсталық, керамика, етікшілік, ұн тарту және т.б. дамыған.
Өмір салты
Отбасы көбінесе шағын, қоғамдық ұйымның дәстүрлері сақталған. Неке патрилокальды. Халықтың әдет-ғұрыптары түркі-мұсылмандық ортақ сипатқа ие болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Үйлену тойы бірнеше кезеңдерден тұрады: күйеу жігіттің ата-анасы қалыңдықтың ата-анасына құда жібереді, егер қалыңдықтың ата-анасы одан әрі келіссөздер жүргізуге келіссе, күйеу жігіттің ата-анасы сол құдалармен бірге сырға немесе бір пакет шай жібереді. Егер сыйлықтар қабылданса, бұл қалыңдықтың ата-анасы қызын үйлендіруге келісетінін білдіреді. Күйеу жігіттің ата-анасы байлығына қарай қалыңдықтың отбасына келін түсірушімен бірге материалдық сыйақылар (михыр) жібереді, той күні белгіленді. Үйлену тойлары көбінесе күзде, егін жинаудан кейін ұйымдастырылады және бірнеше күн бойы жалғасады. Бұрын көп әйел алу қабылданған, олар екі, үш, бес, тоғыз және он бір әйел алған. Ал қазір екі, үш әйел алған отбасылар бар. Үлкен әйелді улылых, кішісін кишілік, қалғандарын өз атымен атайды.
Марқұмды еске алу рәсімінде марқұмның ақша, шай, тұз, отын, киім-кешек, заттары таратылады. Үшінші күні еске алу кеші өтеді. Жиналғандарға сорпа, ет, құймақ беріледі. Қаделері 7, 40 және 100 күннен кейін де орындалады. Мұндай еске алу шаралары алғашқы үш жылда жүргізіледі.
Саларлар үйлері әдетте балшықтан немесе сирек жағдайларда кірпіштен тұрады. Іргетасы жоқ, кейде оны қабырғалар салынған тастар қатары алмастырады. Едені топырақ, үлкен үйлерде ағаш. Әр үйде айван бар. Есіктер ағаштан жасалған, табалдырық биік. Кейбір жағдайларда шыны терезелер төменгі жағында үлкен торларға салынған.
Тұрғын үй кешені екі бөліктен тұрады: шаруашылық ауласы және адамдарға арналған аула. Біріншісінде - мал және ауылшаруашылық техникасы бар үй-жайлар. Екіншісінде - тұрғын үйлер: қонақ бөлме және ас үй. Бұл аула әрқашан өте таза және жинақы. Тұрғын үй ауласының бөлмелері шағын және аласа. Есік тікелей бөлмеге апарады, дәліз жоқ.
Олар ет, балық, көкөніс, сүт, нан, күріш өнімдерін пайдаланады. Ет (әдетте қой еті) бөлек, кеспе немесе күрішпен бірге беріледі. Сүт қосылған шай нанмен бірге ішіледі. Тағамдары: баоцзи – қант қосылған буға пісірілген дөңгелек пирогтар; этлоулах - крахмал ұнынан кеспе араласқан қуырылған тауық еті; мома — буға пісірілген тоқаштар; куджа - қою сорпа; куймақ - құймақ. Тағам әрқашан ыстық күйінде беріледі, ет майдалап туралған. Шанышқылар мен пышақтар қажет емес, тамақтану кезінде саларлар таяқшаларды пайдаланады.
Ерлер жейде немесе күрте және шалбар, матадан жасалған аяқ киім, бастарына қалпақ киеді, әйелдер – халат пен шалбар. Қысқы киім - мақта шапандары немесе қой терісінен жасалған тон.
Дереккөздер
- Салары https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/253330
- Значение слова САЛАРЫ в Большом энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/bolshoy/2116912.html
- энциклопедический словарь https://sanstv.ru/dict/%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B
- Большая Советская энциклопедия Салары https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/81740-salary/
- Значение слова салары https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B
- Большая советская энциклопедия САЛАРЫ https://bse.slovaronline.com/38086-SALARY
- Салары https://gufo.me/dict/bse/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B
- Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/3528817 Мұрағатталған 2 қарашаның 2022 жылы.
- Современная энциклопедия - салары http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/salary
- Народы Восточной Азии. Салары у истоков трёх великих рек История https://mytashkent.uz/2018/05/04/narody-vostochnoj-azii-salary-u-istokov-tryoh-velikih-rek/
- Салары https://megabook.ru/article/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B
- Салары – исчезающие тюрки Китая https://m.islam-today.ru/istoria/salary-iscezausie-turki-kitaa/
- Салары https://www.abirus.ru/content/564/623/624/639/11952/12008.html
- народы мира / Салары http://www.etnolog.ru/people.php?id=SALA
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Salarlar oz atauy salar salyr Қytajdagy tүrki tildes halyktar Sinhua Salar avtonomiyalyk uezinde zhәne Cinhaj olkesinin baska audandarynda sonymen katar Gansu zhәne Shynzhan provinciyalarfynda turady Zhalpy sany 130 6 myn adam 2010 halyk sanagy Salarlarsalar salyrBүkil halyktyn sany130 600En kop taralgan ajmaktar ҚytajTilderisalar tili kytaj tiliDinisunnizmTiliOlar salar tilinde sojlejdi Tilderi tүrik nemese ozbek tiline bulyngyr tүrde uksajdy ozderinin zhazba tili zhok sondyktan munda kez kelgen nәrseni zhazu үshin kytaj tanbalary koldanylady Salarlardyn kopshiligi eki tilde sojlejdi ogan gasyrlar bojy kytajlyktarmen birge omir sүru әser etude DiniDinge senetinder sүnnittik musylmandar az boligi tibet buddizmin ustanady TarihySalarlar ogyz tajpasynyn urpaktary bolyp sanalady Өz anyzdaryna karaganda olardyn ata babalary orta gasyrlarda XIV g Samarkandtan Қytajdyn Cinhaj provinciyasynyn shygys boligine koship Syunhua ajmagyna konystangan Olar kypshak kejinirek kytaj mongol zhәne ishinara tibet ykpalyn bastan keshirdi Manchzhur Cin әuleti tusynda 1644 1911 salarlar islam dinin ustangandyktan tүrli kugyn sүrginge ushyragany belgili Sodan kejin koptegen salarlar imperiyalyk әskerlermen kaktygystarda kaza tapty Қytaj Halyk Respublikasy kezinde salarlardyn zhagdajy zhaksardy 1954 zhyly Syunhua salar ultynyn avtonomiyalyk okrugi mәrtebesin aldy al 1980 zhyly Gansu provinciyasynda Dzhishishan Baoan Dunsyan Salar avtonomiyalyk okrugi kuryldy Қytajdyn iri kalalarynda salyarlar әdette huej musylmandarymen birge bolek kvartaldarda turady zhәne negizinen sauda nemese mejramhana biznesimen ajnalysady KәsibiSalarlardyn basym boligi auyl sharuashylygymen ajnalysady Bidaj arpa suly karakumyk t b egedi Dәndi ezhelden kalyptaskan әdet guryp bojynsha әdette әjelder sebedi Үj sharuashylygynda salarlar koj siyr ogiz zhylky kashyr esek osiredi Қoj zhүninen mata tokylady Saldardyn әr aulasynda derlik bau baksha bar bakshada almurt zhүzim zhangaktar kartop kauyn karbyz burysh osiredi Mynta auylynyn manynda halyk agash ustalygymen ajnalysady Agashtardy ozen salalarymen agyzyp tort eskekti zhalpak tүbi bar kajyktarmen tasymaldajdy Қolonerden ustalyk keramika etikshilik un tartu zhәne t b damygan Өmir saltyOtbasy kobinese shagyn kogamdyk ujymnyn dәstүrleri saktalgan Neke patrilokaldy Halyktyn әdet guryptary tүrki musylmandyk ortak sipatka ie bolganymen olardyn ozindik erekshelikteri de bar Үjlenu tojy birneshe kezenderden turady kүjeu zhigittin ata anasy kalyndyktyn ata anasyna kuda zhiberedi eger kalyndyktyn ata anasy odan әri kelissozder zhүrgizuge kelisse kүjeu zhigittin ata anasy sol kudalarmen birge syrga nemese bir paket shaj zhiberedi Eger syjlyktar kabyldansa bul kalyndyktyn ata anasy kyzyn үjlendiruge kelisetinin bildiredi Kүjeu zhigittin ata anasy bajlygyna karaj kalyndyktyn otbasyna kelin tүsirushimen birge materialdyk syjakylar mihyr zhiberedi toj kүni belgilendi Үjlenu tojlary kobinese kүzde egin zhinaudan kejin ujymdastyrylady zhәne birneshe kүn bojy zhalgasady Buryn kop әjel alu kabyldangan olar eki үsh bes togyz zhәne on bir әjel algan Al kazir eki үsh әjel algan otbasylar bar Үlken әjeldi ulylyh kishisin kishilik kalgandaryn oz atymen atajdy Markumdy eske alu rәsiminde markumnyn aksha shaj tuz otyn kiim keshek zattary taratylady Үshinshi kүni eske alu keshi otedi Zhinalgandarga sorpa et kujmak beriledi Қadeleri 7 40 zhәne 100 kүnnen kejin de oryndalady Mundaj eske alu sharalary algashky үsh zhylda zhүrgiziledi Salarlar үjleri әdette balshyktan nemese sirek zhagdajlarda kirpishten turady Irgetasy zhok kejde ony kabyrgalar salyngan tastar katary almastyrady Edeni topyrak үlken үjlerde agash Әr үjde ajvan bar Esikter agashtan zhasalgan tabaldyryk biik Kejbir zhagdajlarda shyny terezeler tomengi zhagynda үlken torlarga salyngan Turgyn үj kesheni eki bolikten turady sharuashylyk aulasy zhәne adamdarga arnalgan aula Birinshisinde mal zhәne auylsharuashylyk tehnikasy bar үj zhajlar Ekinshisinde turgyn үjler konak bolme zhәne as үj Bul aula әrkashan ote taza zhәne zhinaky Turgyn үj aulasynyn bolmeleri shagyn zhәne alasa Esik tikelej bolmege aparady dәliz zhok Olar et balyk kokonis sүt nan kүrish onimderin pajdalanady Et әdette koj eti bolek kespe nemese kүrishpen birge beriledi Sүt kosylgan shaj nanmen birge ishiledi Tagamdary baoczi kant kosylgan buga pisirilgen dongelek pirogtar etloulah krahmal unynan kespe aralaskan kuyrylgan tauyk eti moma buga pisirilgen tokashtar kudzha koyu sorpa kujmak kujmak Tagam әrkashan ystyk kүjinde beriledi et majdalap turalgan Shanyshkylar men pyshaktar kazhet emes tamaktanu kezinde salarlar tayakshalardy pajdalanady Erler zhejde nemese kүrte zhәne shalbar matadan zhasalgan ayak kiim bastaryna kalpak kiedi әjelder halat pen shalbar Қysky kiim makta shapandary nemese koj terisinen zhasalgan ton DerekkozderSalary https dic academic ru dic nsf ruwiki 253330 Znachenie slova SALARY v Bolshom enciklopedicheskom slovare https slovar cc enc bolshoy 2116912 html enciklopedicheskij slovar https sanstv ru dict D1 81 D0 B0 D0 BB D0 B0 D1 80 D1 8B Bolshaya Sovetskaya enciklopediya Salary https my dict ru dic bolshaya sovetskaya enciklopediya 81740 salary Znachenie slova salary https xn b1algemdcsb xn p1ai wd D1 81 D0 B0 D0 BB D0 B0 D1 80 D1 8B Bolshaya sovetskaya enciklopediya SALARY https bse slovaronline com 38086 SALARY Salary https gufo me dict bse D0 A1 D0 B0 D0 BB D0 B0 D1 80 D1 8B Bolshaya rossijskaya enciklopediya https bigenc ru ethnology text 3528817 Muragattalgan 2 karashanyn 2022 zhyly Sovremennaya enciklopediya salary http www terminy info literature modern encyclopedia salary Narody Vostochnoj Azii Salary u istokov tryoh velikih rek Istoriya https mytashkent uz 2018 05 04 narody vostochnoj azii salary u istokov tryoh velikih rek Salary https megabook ru article D0 A1 D0 B0 D0 BB D0 B0 D1 80 D1 8B Salary ischezayushie tyurki Kitaya https m islam today ru istoria salary iscezausie turki kitaa Salary https www abirus ru content 564 623 624 639 11952 12008 html narody mira Salary http www etnolog ru people php id SALA