Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Мұхаметжан Тынышбайұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Жетісу, Лепсі немесе Мақаншы-Садыр |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мансабы | Тарихшы, ағартушы |
Мұхаметжан Тынышбайұлы Ортаққорда |
Биография
Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы ) туған.
Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.
Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды.
1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
Ресейде болған жылдары
XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты.
Мысалы, 1905 жылы Ресей, Әлихан Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесті жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды.
Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады .
Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.
Темір жолда жұмыс істеуі
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады.
I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады.
1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады.
Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды).
Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады.
1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады.
Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы.
1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.
Осы шақта инженер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіне салып тұратынын айтады.
Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.
Тынышбайұлы жазған мақалалары
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
- саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
- маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
- публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
- тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
Түркістан-Сібірдегі қызметі
1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - құрылысына маман ретінде қатынасуы еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, (қазіргі ) дүниеге келген.
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.
Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады.
1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді.
Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді.
1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқының, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиындарда сөз сөйлейді. Осындай бір жиында 1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар одағының 1 съезінде ол баяндама жасайды. Онда ол былай өткір сөйлепті: Қазақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, … қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, …ежелгі атақонысынан айыру… қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?! Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі, әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша «еркіндікшіл» Дума таратылып, қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен тынады.
ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер болып қызмет істейді. 1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады.
1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі. Сол жылғы желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады.
1911-1918 жылдары темір жолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер болып қызмет атқарды. Одан кейін Жетісу темір жол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды.
1917 жылы шілдеде өткен Жалпы қазақтық съезде Жетісу облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады.
1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады.
1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарады.
Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
1924 жылдан бастап қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУде оқытушы болды.
1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады.
1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен салуға қатысады.
1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты. Бір жолы қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Осы кітаптағы ұлттың намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын зерттеп, жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады. Осы жолда Мұхаметжан Тынышбайүлының 1926-1927 жылдарда жазған еңбектері: "Материалы по истории киргиз-казахского народа", "Киргиз-казахи в XVII-XVIII веках", "Ақтабан шұбырынды" және тағы басқалар.
Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып бес жылға жер аударылады.
1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді.
Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде "" деген желеумен атылады.
1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.
Дереккөздер
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Сілтемелер
- Мұхаммеджан Тынышбай. Жас Алаш газеті Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Muhametzhan Tynyshbajuly 1879 1937 kazaktyn kornekti sayasi zhәne kogam kajrat keri alash kozgalysynyn negizin salushylardyn biri Alash Orda үkimetinin mүshesi zhәne onyn toragasynyn orynbasary tarihshy galym kazaktan shykkan tungysh temirzhol katynastarynyn inzheneri Muhametzhan TynyshbajulyTugan kүni12 mamyr 1879 1879 05 12 Tugan zheriZhetisu Lepsi nemese Makanshy SadyrҚajtys bolgan kүni21 karasha 1937 1937 11 21 58 zhas Қajtys bolgan zheriTashkentMansabyTarihshy agartushyMuhametzhan Tynyshbajuly OrtakkordaBiografiyaNajman tajpasynynn Sadyr ruynan shykkan Alashtyn iri kogam zhәne memleket kajratkeri tarihshy agartushy tungysh temir zhol inzheneri Muhamedzhan Tynyshbaev 1879 zhyly 12 mamyrda Zhetisu oblysy Lepsi uezi Makanshy Sadyr bolysynda kazir Almaty oblysy tugan Auyl moldasynan hat tanygan son 1890 zhyly Vernyj erler gimnaziyasynyn dayarlyk synybyna kabyldanady Muhamedzhan Tynyshbaevtyn tagdyr talajy bilim men agartuga ulttyk tendik pet orkenietke umtylgan kazak halkynyn tagdyrymen bir Dayarlyk synypty kosa eseptegende 10 zhyl atalgan gimnaziyada okygan M Tynyshbaev ony үzdik altyn medalmet ayaktajdy 1900 zhyly okushyny ultka bolip alalamajtyn bilimdini kadirlejtin gimnaziya direktory M V Vahrushevtin Zhetisu gubernatoryna dәleldep zhүrip stipendiya bolgizuinin arkasynda ol shakta memleket esebinet oku tek osylaj zhүrgizilgen Muhamedzhan imperator I Aleksandr atyndagy Peterbor temir zhol transporty institutyna kabyldanady Bul institutty 1906 zhyly bitirgen Resejde bolgan zhyldaryXX gasyrdyn basynda Resejge eptep batys demokratiyasynyn lebi zhetedi Bul osy imperiyadagy ziyalylardy oyatty Mysaly 1905 zhyly Resej Әlihan Bokejhan ajtkandaj tungysh zhәne songy ret Europa boldy Yagni sol zhyly 17 kazanda patshanyn manifesti zhariyalanyp elge biraz soz oj bostandygy beriltin Al 1906 zhyly Resejde tungysh Memlekettik Duma shakyryldy Osyndaj tarihi okigalardyn ortasynda zhүrgen Muhamedzhan Tynyshbaev sayasi kүrestin әlippesin үjrene bastady Muny zhas kajratker tez mengerdi Onyn sayasi zhetilgenin rastajtyn derekter az emes Mysaly ol 1905 zhyly kazak syndy shet ulttardy bileude okimettin әskeri tәrtipten arylyp azamattyk zholga tүsuin usyngan dәleldi hatyn ministrler komitetinin toragasyna zholdagan Sondaj ak sol zhyly karashada avtonomiyashylardyn birinshi siezine katysyp Қazaktar zhәsh azattyk kozgalysy atty zhasagan Russkij Turkestan 1 1906 Bayandamasynda M Tynyshbaev bylaj dejdi Үkimettin neni kozdegeni belgili birinshiden zhabajy da tagylyk repressiyalarymen zhәne til salt sana din һәm ruhaniyat ataulyny orystandyrmak ekinshiden tүrli әkimshilik sharalarmen әkimdermen erezhelermen kazakty kukyksyz zannan tys etpek үshinshiden olardy kany singen sүjegi komilgen oz zheri pen ajyryp zherge kuyp olim kushagyna tapsyrmak Mine kazak buryngy derbestigi men erkindiginin ornyna orys bodandygyna kantogissiz kirgendiginin akysyna zhalgandygy Қajratkerdin osy ruhtagy otkir makalalarynyn biri Қazaktyn kazirgi zhagdajy men omirge kazhetti suranymynyn zhalpy sipattamasy dep atalady Bul M Tynyshbaevtyn 1993 zhylgy zhinagyna el bej kalypty Makalada avtor halkynyn auyr zhagdajga tap bolu sebebin zhәne odan kutyludyn zhon zhobasyn usynady Osyndaj ashyk pikirinen son patsha tynshylary Muhamedzhannyn artynan andu koyady Muhametzhan TynyshbajulyTemir zholda zhumys isteuiM Tynyshbaev 1906 zhyly elge kelip biraz uakyt Zhetisu temirzholyn zhobalau isine katysady I Memlekettik Dumanyn kugyndalganynan habardar ol el kukyna kazhetti tabandy kogamdyk sayasi zhumysymen korinedi Nәtizhesinde 1907 zhyly 28 zhasynda II Memlekettik Dumaga Zhetisu oblysy atynan deputat bolyp sajlanady Sojtip endi ol biik sayasatka koteriledi Alajda II Dumany da patsha kugyndap taratady 1907 zhyly 3 mausymdagy zharlygymen imperiya isi kazak syndy shet ulttardy resmi zher ieligi zhok ulttardy Dumaga sajlanu kukynan ajyrady Bul zhagdaj kazak ziyalylarynyn ashu yzasyn tudyrgany tarihtan mәlim eldi oyatu ruhyndagy enbekter osy kezden keshirek zhariyalana bastajdy Duma taratylgan son M Tynyshbaev kajta kәsibi kyzmetine kirisedi Endi ol Tүrkistan general gubernatorlygy karamagyndagy ajmaktyn temirzhol kurylysyna inzhener retinde atsalysady 1907 1914 zhyldar aralygynda Әmudәriya үstine salyngan kopir kurylysyna Ұrsat Ursatevsk Әndizhan temirzhol kurylysyna zhetekshi maman bas inzhener esebinde katysady Temirzhol salasyna bajlanysty enbegin gana paryktagannyn ozinde M Tynyshbaev Kindik Aziya koleminde elenuge lajykty inzhener temirzholshy 1914 zhyly kajratker Zhetisu temir zhol kurylysyna kajta auysady Bul zholy ol Arys Әulie ata uchaskesinin basshysy zhәne bas inzheneri bolyp kyzmet atkardy Osy shakta inzhener Muhamedzhanga Tashkent Mugalimder institutyna okuga barmak bolyp karzhydan kysylyp zhүrgen T Ryskulov ushyrasady Bul 1915 zhyl edi M Tynyshbaev bir kezde ozi de osylaj kinalgany esine tүsip Turarga әzheptәuir aksha usynady zhәne mundaj kerekti karazhatty kejin de adresine salyp turatynyn ajtady Eki azamattyn osy riyasyz konili adal bauyrlastykka ulasady Tynyshbajuly zhazgan makalalaryElshil Muhamedzhan XX gasyrdyn 10 zhyldary Orynborda shygyp tүrgan Қazak gazeti toniregindegilermen de aralasyp habarlasyp turady Atalgan gazette publicistin Sogysushy patshalar әskeri Sүnguir kajyk Temir zhol һәm Europa sogysy Sogys kemeleri һәm mina Barlybek Syrtanov Saduakas Shalymbekov t b makalalary zharyk koredi M Tynyshbaevtyn sayasat sahnasynda asa kүreskerlik tanytkan uakyty 1916 1917 zhyldar 1916 zhyl okigasy tusynda ol Қazak tobynda boldy Sol sebepti de Қytajga ketuge mәzhbүr bolgan kandastaryn elge kajtaru zhumysynyn zhuan ortasynda zhүrdi Muhamedzhan anyktagan myna derek kisini selt etkizbej kojmajdy Zhetisuga katysty 44 bolys elde 47 myn 759 tүtin bolgan sonyn 40 myn 250 tүtini kashyp boskan al olgen adamnyn sany 95200 Bul da alapat kyrgyn edi 1917 zhyly sәuirde Uakytsha үkimet M Tynyshbaev pen O A Shkapskijdi Zhetisu oblysyndagy komissarlar etip tagajyndajdy Tүrkistan avtonomiyasy 1917 zhyly karasha ajynyn sonynda Қokan kalasynda zhariyalanganda kajratker osy avtonomiya үkimetinin toragasy premer ministr bolyp sajlandy Alajda Қokanda kurylgan Tүrkistan avtonomiyasy birer aj gana omir sүrip bolshevikter tarapynan ayausyz zhanyshtaldy Alash partiyasy kurylatyn birinshi zhalpykazak siezine de Alash avtonomiyasy zhariyalanatyn ekinshi zhalpykazak siezine de Zhetisu oblysy atynan katynasty Songysynda ol Ұlt kenesi Alash Orda kuramyna kirdi Kүrdeli kezende tүrli sayasi memlekettik zhүjede kily zhauapty is zhasagan kajratkerdin ultka bolyskan enbegi nәtizhesiz emes edi Muhamedzhannyn orasan zhumysyn bylajsha toptap tarazylauga bolady sayasi kajratker retinde kuky ayakka taptalgan ultynyn tendigi zholynda dәjekti is atkardy maman temirzhol inzheneri retinde tonkeriske dejin de odan kejin de shojyn zholdy saluda ult mүddesin birinshi kezekke kojdy publicist retinde orys tilinde shykkan makalalarynda Peterbordyn ziyaly kauymyna patsha shensunikterinin әdiletsizdigin zhetkizse kazak tilindegi makalalarynda kandastaryna tendik aludyn zhon zhobasyn korsetti tarihshy retinde kazak elinin kone dәuirden bүginge dejingi shynajy tarihyn zhasaudyn batyl bagyttaryn is zhүzinde anyktap berdi Tүrkistan Sibirdegi kyzmeti1921 1922 zhyldary Tүrkistan kenestik avtonomiyasynyn su sharuashylygyn baskardy Al 1925 1932 zhyldar aralygynda Қazakstan kenestik avtonomiyasynda zhana astanany Қyzylorda zhasaktau isinin bas inzheneri Tүrkistan Sibir kurylysynyn zhetekshi mamany kyzmetin atkardy 1922 zhyly Tashkentte kurylgan Talap atty mәdeni agartu ujymyna baskarma mүshesi bolyp sajlanady Osy shakta ol birneshe tarihi enbek zhazdy Onyn el aldyndagy eleuli enbegi kurylysyna maman retinde katynasuy edi 1932 zhyly sәuir ajynda tutkyndalyp Mәskeu Donbass temirzhol kurylysyna zhumyska zhiberildi Budan kajtyp elge kelgende 1937 zhyly karashada kajta tutkyndalyp atu zhazasyna kesildi 1879 zhyly 12 mamyrda buryngy Zhetisu oblysy Lepsi uezi kazirgi dүniege kelgen 1889 1900 zhyldary Vernyj erler gimnaziyasynda okyp ony үzdik bitirip shygady Vernyj gimnaziyasyn altyn medalmen tәmamdady Zhyl sajyn klastan klaska I shi dәrezheli marapatpen koship үzdik үlgirim onegeli tәrtibimen ustazdarynyn ykylasyna bolenedi Gimnaziyany bitirgende pedagogikalyk kenestin sheshimimen ol gylymda әsirese matematikada үzdik zhetistikke zhetkeni үshin Altyn medalmen marapattalady Zhiyrma zhasar Muhametzhannyn Zhetisu әskeri gubernatorynyn kensesine tilmash bolyp ornalasuyna zhol ashady Birak okuga yntaly zhas zhogary bilim aluga umtylyp imperator Aleksandr I atyndagy Peterburg temirzhol transporty institutyna tүsuge tilek bildiredi Bul zholy da tagdyr ogan kүle karajdy Өzinin mugalimi gimnaziya direktory M V Vahrushevtin komegimen kazynadan 360 som zhyldyk stipendiya alyp Peterburgke attanady 1900 1906 zhyldary Sankt Peterburgtegi I Aleksandr atyndagy zhol katynasy inzhenerlerin dayarlajtyn institutta okyp munda da ol eren kabiletimen ustazdaryn tankaldyryp institutty үzdik bagamen bitiredi Instituttyn songy kursynda zhүrgende 1905 zhylgy tonkeriske katysady Sol zhyly otken avtonomisterinin sezine katysyp onda Қazaktar zhәne kogamdyk kozgalys degen takyrypta bayandama zhasajdy oz halkynyn munyn zhetkizip Ministrler komiteti atyna otinish zholdajdy Onda kazaktardy baskarudyn basty principterinin kazaktardyn mүddesimen saj kelmejtindigin gylymi turgydan negizdeuge kүsh salady zhәne baskarudyn әskeri zhүjesinen azamattyk zhүjege koshudi talap etedi Zhas sayasatshynyn bul talabynyn atakty Қarkaraly peticiyasy talabymen үndesip zhatuy halkym degen kazak azamattarynyn әr zherde zhүrip bir maksatka kyzmet etkenin ajkyn korsetedi 1905 zhyldyn ayagynda Oralda otken Қazakstannyn bes oblysynyn delegattar sezinin zhumysyna katysady Osy sezde bolashak Alash partiyasynyn sulbasyn kuruga niet zhasalgan bolatyn Institut kabyrgasynda okyp zhүrgen kezde ak ol tugan halkynyn munyn mundap zhogyn zhoktap baspasozde uytty makalalar zhariyalajdy zhәne әr tүrli zhiyndarda soz sojlejdi Osyndaj bir zhiynda 1905 zhyly 19 karashada otken avtonomshylar odagynyn 1 sezinde ol bayandama zhasajdy Onda ol bylaj otkir sojlepti Қazaktardyn zher mәselesi sozsiz asa manyzdy Үkimettin neni kozdep otyrgany tүsinikti birinshiden kazaktardy derbes ult retinde zhoyu zhәne bүkil olkeni orystandyru ekinshiden kazaktardy kaukarsyz tobyrga ajnaldyru үshinshiden ezhelgi atakonysynan ajyru kandaj kankujly zymiyan maksat Zhalpy M Tynyshbaev 1905 1907 zhyldary Resej imperiyasynyn kogamdyk sayasi omirine belsene aralasa bastajdy 1907 zhyly Resej II shi Memlekettik Dumasyna Zhetisu oblysynan deputat bolyp sajlanady Қazak deputattarynyn Duma tribunasynan Stolypinnin agrarlyk sayasatyn synagan үnderi estiledi әsirese Bakytzhan Қarataevtyn zhasagan bayandamasy үlken shu tudyrdy Munyn ayagy 1907 zhyldyn 3 mausymdagy zan bojynsha erkindikshil Duma taratylyp kazaktardyn Memlekettik Dumaga oz okilderin sajlau kukygynan ajyryluymen tynady ZhOO bitirgen son Orta Aziya oniri men Zhetisu temirzhol kurylysynda inzhener bolyp kyzmet istejdi 1916 zhylgy koterilis turaly Tүrkistan general gubernatoryna bergen tүsinikteme nuskasynda ony keninen tolgap otarshyldyk zorlyk zombylyk kimyl әreketterine kyskasha sholu zhasauy tobyktaj tүjindep ajtylgan zor gylymi enbek bolyp tabylady Akpan tonkerisine dejin Muhametzhan ozinin temir zhol inzheneri mamandygy bojynsha Orta Aziyada Zhetisu oblysynda biraz zhyl kyzmet etedi 1917 zhylgy Akpan tonkerisinen ozge kazak ziyalylary siyakty ol da үlken үmit kүtken edi Sondyktan da ol bul kezde bel sheshe kyzmet etip kogamdyk sayasi kajratker retinde tez tanylady Sol zhyly koktemde Uakytsha үkimettin Tүrkistan komitetinin mүshesi sonymen katar osy үkimettin Zhetisu oblysyndagy komissary bolyp tagajyndalady 1917 zhyly kazan ajynda Tom kalasynda otken Zhalpy Sibirlik sezge ozge alash kajratkerlerimen birge katysyp Sibir kenesinin kuramyna engiziledi Sol zhylgy zheltoksanda otken Zhalpykazaktyk sezde Alashorda үkimetinin mүsheligine sajlanyp kejin Alashorda үkimetinin toragasynyn orynbasary retinde koptegen zan aktilerine kol koyady Alashtyn arysy Әlihan Bokejhanovtyn toniregine toptaskan ulttyk demokratiyalyk intelligenciya okilderimen birge M Tynyshbaev ta zhalpyulttyk Alash partiyasyn kuruga tikelej aralasady 1911 1918 zhyldary temir zholdyn Ursatev Әndizhan bolimshesinde bastyk bas inzhener bolyp kyzmet atkardy Odan kejin Zhetisu temir zhol bolimshesinin Arys Әulieata kurylysyn baskardy 1917 zhyly shildede otken Zhalpy kazaktyk sezde Zhetisu oblysynan Bүkilresejlik Қuryl taj zhinalysyna deputattykka usynylady 1917 zhylgy zheltoksan ajynda zhariyalangan on bes mүshesinin biri bolady Alash avtonomiyasy aumagyndagy uakytsha zher pajdalanu turaly Erezhenin zhobasyn kabyldauga katysady 1918 zhyly bүkiltүrkistandyk IV shi musylmandar sezine katysyp onda zhariyalangan Tүrkistan Қokan avtonomiyasynyn premer ministri bolyp sajlanady 1919 zhyly Bүkilodaktyk Atkaru komiteti buryngy alashordalyktarga keshirim zhariyalagannan kejin ol Tүrkistan olkesinin Semej halyk agartu komissariatynda zhauapty kyzmetter atkarady Tүrkistan avtonomiyasyn Kenes okimeti kүshpen talkandagannan kejin M Tynyshbaev Alashorda kajratkerlerimen birge sol kezde birinen son biri kurylyp zhatkan koptegen әr tүrli үkimettermen Uakytsha Sibir үkimeti Ufa direktoriyasy Kolchak үkimetteri siyakty kelissozder zhүrgizip hat habar zhazysady azamat sogysy zhyldarynda kyzyldarga karsy kүresedi Birak odan kүtkendej nәtizhe bolmajtynyn korgennen son 1920 zhyldan bastap Kenes okimetinin zhagyna shygyp burzhuaziyalyk maman retinde Tashkentte Қyzylordada Almatyda әr dengejdegi sharuashylyk mekemelerinde enbek etedi 1924 zhyldan bastap kazirgi Abaj atyndagy ҚazҰPUde okytushy boldy 1925 1926 zhyldary zhana astana Қyzylorda kalasyn koriktendiru zhүjesinin bas inzheneri bolyp turganda kalany sumen kamtamasyz etu zholyn zhәne koptegen zhana obektiler salu turaly usynady 1926 zhyldan bastap Turar Ryskulovtyn koldauymen saluga katysady 1926 zhyly Turar Ryskulovtyn usynuymen Tүrkisib temir zhol zhobasy men kurylysyna katysty Bir zholy kolyna A P Chuloshnikovtyn kazak halky tarihyna katysty enbegi tүsedi Osy kitaptagy ulttyn namysyna tietin pikirlerge karsy syn zhazyp akademik V V Bartoldke zhiberedi Ғalym bugan katty riza bolyp kazak halkynyn tarihyn zerttep zhazuga kenes beredi en bolmasa bolashak zertteushiler үshin tarihi derekter men materialdardy zhazyp kaldyruga akyl kosady Osy zholda Muhametzhan Tynyshbajүlynyn 1926 1927 zhyldarda zhazgan enbekteri Materialy po istorii kirgiz kazahskogo naroda Kirgiz kazahi v XVII XVIII vekah Aktaban shubyryndy zhәne tagy baskalar Stalindik zobalanda ol 1930 zhyly 3 tamyzda tutkyndalyp bes zhylga sottalyp bes zhylga zher audarylady 1933 1937 zhyldary ol ajdauda zhүrip Mәskeu Donbas temir zhol kurylysynda zhumys istejdi Onda auyryp oralganymen 1937 zhyly karasha ajynda kajta tutkyndalady da 1937 zhyly Tashkent tүrmesin de degen zheleumen atylady 1959 zhyldyn 29 kyrkүjeginde Muhametzhan Tynyshbaev Қazak KSR sy Zhogargy sotynyn zhәne de 1970 zhyly KSRO prokuraturasy men Tүrkistan әskeri okrugynyn prokurorynyn sheshimimen aktalyp shykty DerekkozderҚazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Қazakstannyn kazirgi zaman tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk 2 basylymy ondelgen Zhalpy redakciyasyn baskargan tarih gylymynyn doktory professor B Ғ Ayagan Almaty Atamura 2009 ISBN 9965 34 933 9SiltemelerMuhammedzhan Tynyshbaj Zhas Alash gazeti Muragattalgan 29 mausymnyn 2011 zhyly Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet