Монастырь (гр. monasterіon – тақуалар құжырасы) – бірқатар діндерде бірыңғай өмір сүру ережесін қабылдаған монахтар (еркектер монастырі) немесе монах әйелдер (әйелдер монастырі) қауымдары. Ежелгі Монастырь б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Үндістанда пайда болды. Оған құлдар мен қарыздар адамдардан және патша күтушілерінен басқалардың барлығы қоғамдағы орнына қарамастан қабылданған. Монастырь кейіннен Бирма мен Тайландта (б.з. 2 – 3 ғасырлары), Вьетнам мен Қытайда (4 ғасыр), Корея мен (6–8 ғасырлар), Индонезияда (7 ғасыр) пайда болды. Кейінгі кезде Үндістанда индуизм, Жапонияда конфуцийшілдік пен синтоизм, қытайда – конфуцийшілдік ықпалының нығаюына байланысты бұл елдерде будда Монастырьының ықпалы әлсіреп, сан жағынан кеміп кетті. Буддизмнің ламаизм тармағы тараған Тибетте, Моңғолияда және Орталық Азияның басқа аудандарында Монастырьдың рөлі күшті болды. Христиан Монастырьы алғашқы монахтар мекені ретінде (3 – 4 ғасырларда Египетте) пайда болды. 4–5 ғасырларда Монастырь Палестина мен Сирияға, бұлардан кейін бүкіл , сондай-ақ Галлия мен Ирландияға тарады. Католиктік Монастырь басында аббаттар, православиеде игумендер отырды. Монастырь Ресейде 11 ғасырда христиан дінін қабылдауға байланысты пайда болды. Тарихшы есептеуінше, 16 ғасырдың 2-жартысында Ресейде 200-ге жуық Монастырь болған. Батыс Еуропадағы сияқты Ресейде де Монастырьлар ірі жер иелігіне айналды. Монастырь архитектурасы сан алуан сипатта дамыды. Монастырьдың Моңғолияда көшпелі жағдайға лайықталған киіз үй іспеттес «хуре», Қытайда «сумэ», Тибетте «хит», Бурятияда «дацан» деп аталатын түрлері қалыптасты. Бұлар көбіне ағаштан салынды. Византия, славяндары, пен Грузия және Армения православиелік монастырі ғасырлар бойы қалыптасқан жобасының еркін де әр түрлігімен ерекшеленеді. Кейін христиан, сондай-ақ будда Монастырьларының көпшілігі ғасырлар бойы жиналып келген архитектура, мүсін, кескіндеме және қолөнер ескерткіштерінің мұражайына айналды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж. ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Толықтыру
- Денисов Л. И., Православные монастыри Российской империи, М., 1908;
- Будовниц И. У., Монастыри на Руси и борьба с ними крестьян в XІV – XVІ вв., М., 1966.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Monastyr gr monasterion takualar kuzhyrasy birkatar dinderde biryngaj omir sүru erezhesin kabyldagan monahtar erkekter monastyri nemese monah әjelder әjelder monastyri kauymdary Ezhelgi Monastyr b z b 1 mynzhyldyktyn ortasynda Үndistanda pajda boldy Ogan kuldar men karyzdar adamdardan zhәne patsha kүtushilerinen baskalardyn barlygy kogamdagy ornyna karamastan kabyldangan Monastyr kejinnen Birma men Tajlandta b z 2 3 gasyrlary Vetnam men Қytajda 4 gasyr Koreya men 6 8 gasyrlar Indoneziyada 7 gasyr pajda boldy Kejingi kezde Үndistanda induizm Zhaponiyada konfucijshildik pen sintoizm kytajda konfucijshildik ykpalynyn nygayuyna bajlanysty bul elderde budda Monastyrynyn ykpaly әlsirep san zhagynan kemip ketti Buddizmnin lamaizm tarmagy taragan Tibette Mongoliyada zhәne Ortalyk Aziyanyn baska audandarynda Monastyrdyn roli kүshti boldy Hristian Monastyry algashky monahtar mekeni retinde 3 4 gasyrlarda Egipette pajda boldy 4 5 gasyrlarda Monastyr Palestina men Siriyaga bulardan kejin bүkil sondaj ak Galliya men Irlandiyaga tarady Katoliktik Monastyr basynda abbattar pravoslaviede igumender otyrdy Monastyr Resejde 11 gasyrda hristian dinin kabyldauga bajlanysty pajda boldy Tarihshy esepteuinshe 16 gasyrdyn 2 zhartysynda Resejde 200 ge zhuyk Monastyr bolgan Batys Europadagy siyakty Resejde de Monastyrlar iri zher ieligine ajnaldy Monastyr arhitekturasy san aluan sipatta damydy Monastyrdyn Mongoliyada koshpeli zhagdajga lajyktalgan kiiz үj ispettes hure Қytajda sume Tibette hit Buryatiyada dacan dep atalatyn tүrleri kalyptasty Bular kobine agashtan salyndy Vizantiya slavyandary pen Gruziya zhәne Armeniya pravoslavielik monastyri gasyrlar bojy kalyptaskan zhobasynyn erkin de әr tүrligimen erekshelenedi Kejin hristian sondaj ak budda Monastyrlarynyn kopshiligi gasyrlar bojy zhinalyp kelgen arhitektura mүsin keskindeme zhәne koloner eskertkishterinin murazhajyna ajnaldy MonastyrDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zh ISBN 5 89800 123 9 XI tom 27 bet TolyktyruDenisov L I Pravoslavnye monastyri Rossijskoj imperii M 1908 Budovnic I U Monastyri na Rusi i borba s nimi krestyan v XIV XVI vv M 1966 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet