Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.
Жалпы мәліметтер
Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр – дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі – дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны – дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.
Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқада түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.
Дыбыстың сипаттамалары
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс —тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.
Дыбыстың шағылуы
Дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары барлық бағытта тарайтыны өздеріңе жақсы таныс. Ал осы дыбыс толқындары тарала отырып, өзінің жолында қандай да бір бөгетті кезіктірсе, онда олар шағылады. Дыбыс толқындарының таралуы материялық бөлшектердің қозғалысына ұқсас болғандықтан, оның шағылуы серпімді соққыдан (мысалы, қабырғаға соғылған доптың кері серпілуінен) онша ерекшеленбейді. Қарапайым бақылау дыбыстың шағылуы кезінде а түсу бұрышы оның в шағылу бұрышына тең болатынын көрсетеді.
Жаңғырық
Тауда естілетін жаңғырық та дыбыстың бөгеттен шағылу нәтижесі болып табылады.
Жаңғырық — қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыс кедергілерден шағыла отырып, бақылаушыға сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбысты біз дыбыс көзі мен кедергі арасындағы қашықтықты дыбыс толқындары екі рет (дыбыс көзінен кедергіге жетуі және қайтып оралуы) жүріп өткен кезде естиміз. Шағылған дыбыстың барлығын біз жаңғырық ретінде қабылдай бермейді екенбіз. Адам құлағы алғашқы дыбыс пен шағылған дыбысты жеке-жеке қабылдаған кезде ғана жаңғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың қабылдану уақытының арасы 0,1 с-тан кем болмаған кезде ғана дыбыстар жеке-жеке қабылданады екен. Бұдан біз жаңғырықты дыбыс кезі мен бөгеттің арасы едәуір алыс болған кезде ғана ести алатынымыз байқалады.
Егер ауада дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан қайтып оралғанша 2s-ке тең жол жүреді. Онда бұл қашықтық шамамен
- s = vt/2 ; s = (340м/с * 0,1с) /2 = 17 м.
Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде, ол алғашқы дыбыспен қосылады да, оны күшейтеді. Сондықтан үйдің ішіндегі дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып естіледі.
Тыңдаушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып, түсініксіз болады. Қабырғалардан, орындықтардан шағылған дыбыс тындаушыларға бір мезгілде жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жұмсақ жиһаздары бар, кілем төселген және адам көп жиналған бөлмелер дыбыс толқындарын жақсы жұтады, мұндай орындардың реверберациясы аз болады. Сонымен қатар реверберация уақытын өте азайтып жіберуге де болмайды. Өйткені ол кезде дыбыс тез өшеді, олардың жеткілікті дәрежедегі қаттылығы мен айқындығы болмайды. Әншілер мен музыканттар жұмсақ жиһаздарға толы шағын бөлмелерде өлең айтудың, аспапта ойнаудың қолайсыздығын жақсы біледі.
Ультрадыбыс
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар, ал 20 000 Гц-тен жоғарысы ультрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Форманттар
– белгілі бір фонетикалық элементтерге сәйкес келетін жиілік құраушыларының тұрақты тобы. Ішіндегі қысымы не механикалық кернеуі өзгерген денелер (газ, сұйықтық, қатты) дыбыс көзіне айналады. Практикада қатты денелердің тербелісі түріндегі дыбыс көздері (мысалы, дыбыс зорайтқыштың диффузоры мен телефонның мембранасы, музыкалық аспаптардың ішектері, пьезоэлектрлік немесе магнитострикциялық материалдардан жасалған пластинкалар мен стерженьдер) кең тараған. Ортаның шектелген көлемінің тербелісі де (мысалы, орган түтіктерінде, үрлемелі аспаптарда, ысқырғыштарда, т.б.) дыбыс көзі бола алады. Адамдар мен жануарлардың дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады.
Aкустика
Адам өміріне дыбыс толқындарының, сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым – акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты байланысында, навигацияда, локацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір саласы – ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып отыр.
Дыбыс қаттылығы
Дыбыс қаттылығы (Громкость звука) — дыбыс әсерін әр адам организмінің өзінше қабылдауы. Оны фонмен өлшейді. Бірдей белсенділік жағдайда дыбыстың ең күштілігі 700-6000 Гц жиілік аралығында болады.
Дыбыстық қысым
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) — толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Дыбыс өткізбеу
Дыбыс өткізбеу (Звукоизоляция) - ауада таралған әр түрлі бөтен шулардан сақтау. Таралған шу адам өміріне көптеген технологиялық әсер тигізіп, олардың агрессивтілігін көтеріп, әлеуметтік денсаулығын нашарлатады. Сондықтан Дыбыс өткізбеу деңгейі мөлшерлі дыбыстан артық болмауы тиіс.
Дыбыс шығару
Дыбыс шығару (Звуковое излучение) — серпімді (қатты, сұйық, газды) ортада дыбыс толқындарын қозғау. Естілетін дыбыс 16 Гц — 20 кГц, инфрадыбыс — 16 Гц-дан төмен, ультра- дыбыс — 21 кГц — 1 ГГц және гиперды- быс — 1 ГГц-дан жоғары.
Дыбыстық ақпарат
Дыбыстық ақпарат (Звуковая информация) — дыбыс толқындарын қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы. Адам өзін қоршаған орта туралы барлык ақпаратының 7%-ын есту арқылы алады.
Дыбыстың күштілігі
Дыбыстың күштілігі - берілген дыбыстан есту түйсігін сипаттайтын және оның қарқандылығы мен жиілігіне. Сонымен бірге тербелу түріне тәуелді болатын мөлшер.
Дереккөздер
- Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет. ISBN 9965-36-700-0
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dybys ken magynasynda gaz sujyktyk nemese katty kүjdegi serpimdi orta bolshekterinin tolkyn tүrinde taralatyn terbelmeli kozgalysy tar magynasynda adamdar men zhanuarlardyn arnauly sezu organymen subektivti tүrde kabyldanatyn kubylys Eger dybys taralatyn orta bolmasa dybys ta bolmajdy Zhalpy mәlimetterAdam 16 Gc ten 20 kGc ke dejingi zhiiliktegi dybysty esti alady Dybys zhonindegi fizikalyk ugym adam kulagyna estiletin estilmejtin dybystardyn barlygyn kamtidy Zhiiligi 16 Gc ten tomen bolatyn dybys infradybys dep 20 kGc ten zhogary bolatyn dybys ultradybys dep atalady Al 109 Gc ten 1012 1013 Gc ke dejingi en zhogary zhiiliktegi serpimdi tolkyndar giperdybyska zhatady Dybysty karapajym garmoniyalyk terbelisterge zhikteu zhiiliktik dybys taldau nәtizhesinde alynatyn spektr dybystyn manyzdy sipattamasy bolyp tabylady Eger dybys terbelisinin energiyasy zhiiliktin ken ajmagynda taralyp zhatsa onda ol tutas spektr dep al diskretti үzilisti zhiilik kuraushylarynyn zhiyntygy bolsa onda ol syzyk spektr dep atalady Tutas spektri bar dybys shu mysaly agashtardyn zheldin әserinen bolatyn sybdyry mehanizmder dybysy retinde kabyldanady Muzykalyk dybys eseli zhiilikteri bar syzykty spektrge zhatady munda estiletin dybystyn negizgi zhiiligi dybys biiktigin al onyn garmoniyalyk kuraushylarynyn zhiyny dybys tembrin anyktajdy Sojleu kezindegi dybys spektrinde formanttar bolady Dybys kozderinin terbelisin kozdyru kobinese sokky mysaly konyrau shekter arkyly zhүzege asyrylady Munda avtoterbelis rezhimi mysaly үrlemeli muzykalyk aspaptarda aua agyny esebinen ustaluy mүmkin Tabigattagy dybys aua agyny katty denelerdi oraj akkanda kujyndardyn tүzilui zhәne kujyndardyn sol denelerden bolinui mysaly zhel sokkan kezdegi symdar men kubyrlardagy dybys t b kezinde pajda bolady Tomengi zhәne infratomengi zhiiliktegi dybys zharylys opyrylys kezinde tuady Қazirgi kezde adam organizmine zhәne tehnikalyk zhabdyktarga ziyandy әseri bolatyn onerkәsiptik koliktik shulardy zhәne aerodinamikalyk shu kozderin zertteuge үlken konil audarylyp otyr Dybys kabyldagyshtar kabyldagan dybys energiyasyn energiyanyn baskada tүrlerine tүrlendiredi Mysaly adamdar men zhanuarlardyn esitu apparaty dybys kabyldagyshka zhatady Tehnikada dybysty kabyldau үshin kobinese elektr akustikalyk tүrlendirgishter mysaly auada mikrofon suda gidrofon al zher kyrtysynda geofon pajdalanylady Dybys tolkyndarynyn taraluy en aldymen dybys zhyldamdygymen sipattalady Gazdar men katty denelerde kuma tolkyndar bolshekterdin terbelis bagyty tolkynnyn taralu bagytymen bagyttas taraj alady Ortanyn birtekti bolmauy da dybys tolkyndaryn mysaly su kopirshigindegi tenizdin tolkyndangan betindegi t b dybystyn shashyrauy shashyratady Dybystyn taraluyna atmosfera tenizdegi kysym temperatura zheldin kүshi men zhyldamdygy da әser etedi Dybystyn sipattamalary Tolyk makalasy Dybystyn sipattamalary Dybysty sipattau үshin bizdin dybysty kabyldauymyzben bajlanysty dybys kattylygy tonnyn biiktigi tembr siyakty arnajy fizikalyk shamalar engiziledi Dybystyn kattylygy nege bajlanysty bolatynyn anyktau үshin kamertondy pajdalanamyz doga tәrizdi kyska saptalgan metall tayaksha onyn komegimen muzykalyk dybys aluga bolady Kamertondardyn nemese baska garmonikalyk terbelis zhasajtyn denelerdin shygaratyn dybystary muzykalyk dybystar dep atalady Kamertonnyn bir tarmagyn tayakshamen ursak belgili bir dybys estimiz Kamertonnyn eki tarmagy da terbelip korshagan auada dybys tolkynyn tudyrady Endi onyn tarmaktarynyn birine ineni bekitejik osydan kejin onyn ine bekitilgen tarmagyn karajtylgan әjnek үstimen zhүrgizsek dybys shygaryp turgan kamertonnyn garmonikalyk sinusoidalyk terbelisinin grafigin alamyz Garmonikalyk terbelis terbelisterdin en karapajym tүri bolyp tabylady sondyktan kamertonnyn garmonikalyk dybysyn da karapajym dybys dep sanajmyz Әdette mektep kamertondary birinshi oktavanyn lya notasyna sәjkes keletin dybys shygarady Dybystyn shagyluyDybys kozinen shykkan dybys tolkyndary barlyk bagytta tarajtyny ozderine zhaksy tanys Al osy dybys tolkyndary tarala otyryp ozinin zholynda kandaj da bir bogetti keziktirse onda olar shagylady Dybys tolkyndarynyn taraluy materiyalyk bolshekterdin kozgalysyna uksas bolgandyktan onyn shagyluy serpimdi sokkydan mysaly kabyrgaga sogylgan doptyn keri serpiluinen onsha erekshelenbejdi Қarapajym bakylau dybystyn shagyluy kezinde a tүsu buryshy onyn v shagylu buryshyna ten bolatynyn korsetedi Zhangyryk Tolyk makalasy Zhangyryk Tauda estiletin zhangyryk ta dybystyn bogetten shagylu nәtizhesi bolyp tabylady Zhangyryk kandaj da bir kedergiden shagylgan zhәne bastapky taralgan ornyna kajta oralgan dybys tolkyndary Dybys kedergilerden shagyla otyryp bakylaushyga sәl kidirip zhetedi Shagylgan dybysty biz dybys kozi men kedergi arasyndagy kashyktykty dybys tolkyndary eki ret dybys kozinen kedergige zhetui zhәne kajtyp oraluy zhүrip otken kezde estimiz Shagylgan dybystyn barlygyn biz zhangyryk retinde kabyldaj bermejdi ekenbiz Adam kulagy algashky dybys pen shagylgan dybysty zheke zheke kabyldagan kezde gana zhangyryk pajda bolady Bul eki dybystyn kabyldanu uakytynyn arasy 0 1 s tan kem bolmagan kezde gana dybystar zheke zheke kabyldanady eken Budan biz zhangyrykty dybys kezi men bogettin arasy edәuir alys bolgan kezde gana esti alatynymyz bajkalady Eger auada dybys zhyldamdygy 340 m s bolsa onda dybys 0 1 s aralygynda bogetke dejin zhәne odan kajtyp oralgansha 2s ke ten zhol zhүredi Onda bul kashyktyk shamamen s vt 2 s 340m s 0 1s 2 17 m Dybys zhakyn aralyktagy kedergilerden shagylgan kezde ol algashky dybyspen kosylady da ony kүshejtedi Sondyktan үjdin ishindegi dybys syrttagy dybystan kattyrak bolyp estiledi Tyndaushylar az zhinalgan ken zalda bayandamashynyn sozi zhangyryp tүsiniksiz bolady Қabyrgalardan oryndyktardan shagylgan dybys tyndaushylarga bir mezgilde zhetpejdi Osynyn nәtizhesinde algashky dybyska karaganda tyndaushylarga estiletin dybys uzagyrak bolyp estiledi Dybystyn әr tүrli kedergilerden shagyluy barysynda estilu uzaktygynyn artuy reverberaciya dep atalady Zhumsak zhiһazdary bar kilem toselgen zhәne adam kop zhinalgan bolmeler dybys tolkyndaryn zhaksy zhutady mundaj oryndardyn reverberaciyasy az bolady Sonymen katar reverberaciya uakytyn ote azajtyp zhiberuge de bolmajdy Өjtkeni ol kezde dybys tez oshedi olardyn zhetkilikti dәrezhedegi kattylygy men ajkyndygy bolmajdy Әnshiler men muzykanttar zhumsak zhiһazdarga toly shagyn bolmelerde olen ajtudyn aspapta ojnaudyn kolajsyzdygyn zhaksy biledi UltradybysTolyk makalasy Ultradybys Terbelis zhiiligi 16 Gc ten tomen dybys tolkyndary infradybystar al 20 000 Gc ten zhogarysy ultradybystar dep atalady Bul dybystardy adam kulagy kabyldamajdy birak olar belgili bir dәrezhede adam organizmine әser etedi Mysaly 5 Gc ten 9 Gc ke dejingi zhiilik aralygynda infradybystar bauyrdyn askazannyn kokbauyrdyn terbelis amplitudalaryn arttyrady kokirek kuysynda auyrtpalyk tugyzady al 12 14 Gc zhiilikterde kulakta shuyl pajda bolady Infradybystardyn adam organizmine keri әseri bolgandyktan olar tehnikada keninen koldanys tappagan Alajda infradybystardyn birneshe zhүzdegen kilometrge taralu mүmkindigi onyn әskeri maksatta balyk aulau kәsibinde pajdalanyluyna zhol ashty Tenizde tuyndajtyn infradybystardy meduza su shayany tәrizdes teniz zhәndikteri zhaksy kabyldajdy Formanttar belgili bir fonetikalyk elementterge sәjkes keletin zhiilik kuraushylarynyn turakty toby Ishindegi kysymy ne mehanikalyk kerneui ozgergen deneler gaz sujyktyk katty dybys kozine ajnalady Praktikada katty denelerdin terbelisi tүrindegi dybys kozderi mysaly dybys zorajtkyshtyn diffuzory men telefonnyn membranasy muzykalyk aspaptardyn ishekteri pezoelektrlik nemese magnitostrikciyalyk materialdardan zhasalgan plastinkalar men sterzhender ken taragan Ortanyn shektelgen koleminin terbelisi de mysaly organ tүtikterinde үrlemeli aspaptarda yskyrgyshtarda t b dybys kozi bola alady Adamdar men zhanuarlardyn dybystyk apparaty kүrdeli terbelmeli zhүjege zhatady AkustikaAdam omirine dybys tolkyndarynyn sondaj ak olardy zerttejtin gylym akustikanyn atkaratyn roli orasan zor Dybystyn barlyk sipattamalaryn zertteu akparat berudin zhetkizudin zhetilgen zhүjelerin zhasauga signaldau zhүjesin damytuga zhetildirilgen muzykalyk aspaptardy zhasauga mүmkindik beredi Dybys tolkyndary su asty bajlanysynda navigaciyada lokaciyada koldanylady Tomengi zhiilikti dybys zher kyrtysyn zertteudin negizgi bir әdisi bolyp esepteledi Ultradybystyn praktikada koldanyluy kazirgi tehnikanyn tutas bir salasy ultradybys tehnikasynyn pajda boluyna ykpal etti Қazirgi kezde zhogary zhiilikti dybys tolkyndary әsirese giperdybys katty dene fizikasynda zertteuler zhүrgizudin asa manyzdy kuraly bolyp otyr Dybys kattylygy Dybys kattylygy Gromkost zvuka dybys әserin әr adam organizminin ozinshe kabyldauy Ony fonmen olshejdi Birdej belsendilik zhagdajda dybystyn en kүshtiligi 700 6000 Gc zhiilik aralygynda bolady Dybystyk kysym Dybystyk kysym Zvukovoe davlenie tolkyndar zhok kezdegi kysymmen salystyrgandagy tolkyndar taralgan ortadagy kysymnyn olshemi Decibelmen olshenedi Dybys otkizbeuDybys otkizbeu Zvukoizolyaciya auada taralgan әr tүrli boten shulardan saktau Taralgan shu adam omirine koptegen tehnologiyalyk әser tigizip olardyn agressivtiligin koterip әleumettik densaulygyn nasharlatady Sondyktan Dybys otkizbeu dengeji molsherli dybystan artyk bolmauy tiis Dybys shygaruDybys shygaru Zvukovoe izluchenie serpimdi katty sujyk gazdy ortada dybys tolkyndaryn kozgau Estiletin dybys 16 Gc 20 kGc infradybys 16 Gc dan tomen ultra dybys 21 kGc 1 GGc zhәne giperdy bys 1 GGc dan zhogary Dybystyk akparatDybystyk akparat Zvukovaya informaciya dybys tolkyndaryn kabyldau arkyly organizmnin korshagan orta turaly mәlimet aluy Adam ozin korshagan orta turaly barlyk akparatynyn 7 yn estu arkyly alady Dybystyn kүshtiligiDybystyn kүshtiligi berilgen dybystan estu tүjsigin sipattajtyn zhәne onyn karkandylygy men zhiiligine Sonymen birge terbelu tүrine tәueldi bolatyn molsher DerekkozderFizika zhәne astronomiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Өnd tolykt 2 bas R Basharuly D Қazakbaeva U Tokbergenova N Bekbasar Almaty Mektep baspasy 2009 240 bet ISBN 9965 36 700 0 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Lingvistika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 ISBN 9965 08 235 9 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5 Oryssha kazaksha tүsindirme zhalpy sozdik Kolik professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet