Спектр (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы. Спектрлер үздіксіз және дискретті (үздікті) болып бөлінеді. Спектр ұғымы көбіне тербелмелі процестерде (мысалы, тербеліс спектрі, дыбыс спектрі, оптикалық спектрлер, теледидарлық сигналдар спектрі, т.б.) жиі қолданылады. Ядролық физикада массалар спектрі, сондай-ақ импульстер, энергиялар және жылдамдықтар спектрі ұғымдары да пайдаланылады.
Зат атомдары мен молекулалары электромагниттік сәуле шығаруды сіңіре отырып, энергетикалық қоздырылған күйге ауысады. Атомдар мен молекулалардың осы сіңірген энергиясы олардың тербелмелі, айналмалы немесе ілгерілемелі энергиясын арттыруға жұмсалады, ал кей жағдайда ол екінші реттік сәуле шығаруға немесе фотохимиялық процесс түріне түрленеді.
Электромагниттік сәуле шығарудың бірнеше түрлері белгілі: γ-сәулелер; рентген сәуле шығару; әсірекүлгін, көрінетін, инфрақызыл, микротолқынды және радио жиілікті сәуле шығару.
Толқындық теория бойынша сәуле шығарудың осы түрлері электрлік және электромагннттік өрістер кернеулігінің тербелісін білдіреді. Спектрофотометрия мен колориметрияда анықталатын құрамы мен алдын-ала жүргізілген химиялық реакция нәтижесінде алынған зат молекулаларының таңдап сіңірулері пайдаланылады. Зат атомы энергияны сіңіре отырып, негізгі коздырылған, яғни аз энергиясы бар (Е0) күйден, екінші (Е1) күйге ауысады. Атом немесе молекула қозған күйде өте қысқа мерзімде болады (10-9 – 10-8 с), осыдан кейін электрондар өзінен-өзі едәуір төменгі энергетикалық деңгейге немесе негізгі күйінің деңгейіне ауысады. Бұл процесс жылу немесе электромагниттік сәуле шығарумен немесе бір мезгілде екеуінің болуымен косарласа жүреді. Электромагниттік сәуле шығарудың белгілі бір кванттарын сіңіруден пайда болған электрондық ауысулар сіңіретін молекулалардың электрондық спектріндегі белгілі бір қатаң сіңіру жолақшаларымен сипатталады. Бұл жерде мына жағдайды ескерте кеткен жөн. Электромагниттік тербеліс кванттарының сіңірілуі тек қана сіңіру энергиясы сіңіретін молекулалардың қоздырылған Е1 және негізгі Ео күйлеріндегі энергетикалық деңгейлер кванттарының энергияларынын айырмасымен дәл келген жағдайда өтеді:
- Е = Е1 – Е0 = hv,
мұндағы h - Планк тұрақтысы, ол 6*625*10-34 Дж*с-қа тең, v - сіңірілетін сәуле шығару жиілігі (С-1), (Гц). Жиілік сіңірілетін квант энергиясымен анықталады, ол сәуле шығару таралуы жылдамдығының (ауасыз кеңістіктегі жарық толқыны жылдамдығының С=З*1010 см/сек) толқын ұзындығына қатынасымен өрнектеледі:
- λv = с;
- v = c / λ
Толқын ұзындығы микрометрмен немесе микронмен (1 мкм = 1 мкм = 1*10-6 м), нанометрмен немесе миллимикронмен өлшенеді (1 нм =1 мкм = 1*10-9 м). Электромагниттік сәуле шығарудың толқын ұзындығын толқындық санмен де (V) сипаттайды:
- v = 1 / λ
Толқындық сан да, жиілік те энергияға пропорционал, яғни неғұрлым Е көп болса, соғұрлым толқындық сан мен жиілік көп болады. Толқын ұзындығы, керісінше, энергияға кері пропорционал болады. Неғұрлым Е аз болса, соғұрлым толқын ұзындығы ұлкен болады. Толқындық сан кері шамамен алынған сантиметрмен өлшенеді (см-1). Электромагниттік сәуле шығару ағыны интенсивтігінің кемуін өлшеуге негізделген талдау әдісі абсорбциялы спектроскопия әдістер тобын құрады.
Пайдаланған сілтеме
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
- Қазақ энциклопедиясы
- Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Spektr lat spektrum elestetu bejne fizikada berilgen fizikalyk shamanyn kabyldajtyn әr tүrli mәnderinin zhiyntygy Spektrler үzdiksiz zhәne diskretti үzdikti bolyp bolinedi Spektr ugymy kobine terbelmeli procesterde mysaly terbelis spektri dybys spektri optikalyk spektrler teledidarlyk signaldar spektri t b zhii koldanylady Yadrolyk fizikada massalar spektri sondaj ak impulster energiyalar zhәne zhyldamdyktar spektri ugymdary da pajdalanylady Zat atomdary men molekulalary elektromagnittik sәule shygarudy sinire otyryp energetikalyk kozdyrylgan kүjge auysady Atomdar men molekulalardyn osy sinirgen energiyasy olardyn terbelmeli ajnalmaly nemese ilgerilemeli energiyasyn arttyruga zhumsalady al kej zhagdajda ol ekinshi rettik sәule shygaruga nemese fotohimiyalyk process tүrine tүrlenedi Elektromagnittik sәule shygarudyn birneshe tүrleri belgili g sәuleler rentgen sәule shygaru әsirekүlgin korinetin infrakyzyl mikrotolkyndy zhәne radio zhiilikti sәule shygaru Tolkyndyk teoriya bojynsha sәule shygarudyn osy tүrleri elektrlik zhәne elektromagnnttik orister kerneuliginin terbelisin bildiredi Spektrofotometriya men kolorimetriyada anyktalatyn kuramy men aldyn ala zhүrgizilgen himiyalyk reakciya nәtizhesinde alyngan zat molekulalarynyn tandap siniruleri pajdalanylady Zat atomy energiyany sinire otyryp negizgi kozdyrylgan yagni az energiyasy bar E0 kүjden ekinshi E1 kүjge auysady Atom nemese molekula kozgan kүjde ote kyska merzimde bolady 10 9 10 8 s osydan kejin elektrondar ozinen ozi edәuir tomengi energetikalyk dengejge nemese negizgi kүjinin dengejine auysady Bul process zhylu nemese elektromagnittik sәule shygarumen nemese bir mezgilde ekeuinin boluymen kosarlasa zhүredi Elektromagnittik sәule shygarudyn belgili bir kvanttaryn siniruden pajda bolgan elektrondyk auysular siniretin molekulalardyn elektrondyk spektrindegi belgili bir katan siniru zholakshalarymen sipattalady Bul zherde myna zhagdajdy eskerte ketken zhon Elektromagnittik terbelis kvanttarynyn sinirilui tek kana siniru energiyasy siniretin molekulalardyn kozdyrylgan E1 zhәne negizgi Eo kүjlerindegi energetikalyk dengejler kvanttarynyn energiyalarynyn ajyrmasymen dәl kelgen zhagdajda otedi E E1 E0 hv mundagy h Plank turaktysy ol 6 625 10 34 Dzh s ka ten v siniriletin sәule shygaru zhiiligi S 1 Gc Zhiilik siniriletin kvant energiyasymen anyktalady ol sәule shygaru taraluy zhyldamdygynyn auasyz kenistiktegi zharyk tolkyny zhyldamdygynyn S Z 1010 sm sek tolkyn uzyndygyna katynasymen ornekteledi lv s v c l Tolkyn uzyndygy mikrometrmen nemese mikronmen 1 mkm 1 mkm 1 10 6 m nanometrmen nemese millimikronmen olshenedi 1 nm 1 mkm 1 10 9 m Elektromagnittik sәule shygarudyn tolkyn uzyndygyn tolkyndyk sanmen de V sipattajdy v 1 l Tolkyndyk san da zhiilik te energiyaga proporcional yagni negurlym E kop bolsa sogurlym tolkyndyk san men zhiilik kop bolady Tolkyn uzyndygy kerisinshe energiyaga keri proporcional bolady Negurlym E az bolsa sogurlym tolkyn uzyndygy ulken bolady Tolkyndyk san keri shamamen alyngan santimetrmen olshenedi sm 1 Elektromagnittik sәule shygaru agyny intensivtiginin kemuin olsheuge negizdelgen taldau әdisi absorbciyaly spektroskopiya әdister tobyn kurady Pajdalangan siltemeOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Fizika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar S Torajgyrov atyndagy Pavlodar memlekettik universiteti 2006 ISBN 9965 808 88 0 Қazak enciklopediyasy Қulazhanov Қ S Analitikalyk himiya II tomdyk okulyk II tom Okulyk Almaty EVERO baspahanasy 2005 464 b ISBN 9965 680 95 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet