Инфрадыбыс (лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі — дыбысты естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әртүрлі құрылғылардың қатаңдығы арттырылады, резонанстьж, камералық сөндіргіштер пайдаланылады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Infradybys lat infra tomen astynda zhiiligi adam estitin dybys tolkyny zhiiliginen tomen 16 Gc ten tomen serpimdi tolkyn Amplitudasy үlken I tar zher silkinu su asty zher asty koparylystary katty dauyl kezinde cunami tolkyndarynan t b pajda bolady Bul dybystardy adam kulagy kabyldamajdy birak olar belgili bir dәrezhede adam organizmine әser etedi Mysaly 5 Gc ten 9 Gc ke dejingi zhiilik aralygynda infradybystar bauyrdyn askazannyn kokbauyrdyn terbelis amplitudalaryn arttyrady kokirek kuysynda auyrtpalyk tugyzady al 12 14 Gc zhiilikterde kulakta shuyl pajda bolady Infradybystardyn adam organizmine keri әseri bolgandyktan olar tehnikada keninen koldanys tappagan Alajda infradybystardyn birneshe zhүzdegen kilometrge taralu mүmkindigi onyn әskeri maksatta balyk aulau kәsibinde pajdalanyluyna zhol ashty Tenizde tuyndajtyn infradybystardy meduza su shayany tәrizdes teniz zhәndikteri zhaksy kabyldajdy Infradybystardyn әserinen korganu zholdarynyn biri dybysty estiletin zhiilikter ajmagyna koshiru Ol үshin әrtүrli kurylgylardyn katandygy arttyrylady rezonanstzh kameralyk sondirgishter pajdalanylady