Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
- ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
- ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.
Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.
1944 жылы құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция қүнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауыса-тындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы Орталық банктер ушін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған. Осы кунгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғасырда олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.
Алтынның айналуы кезінде, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталған жағдайларында, айналысқа қажет ақшаның саны төменде келтірілген формула арқылы есептеледі:
А=(ТБ-Н+Т-БТ)/АА
Бұнда:
- A - айналысқа қажет ақша саны;
- ТБ - айналыстагы іпауарлар багаларының қосындысы;
- Н - несиеге сатылған тауарлардың бағасының қосындысы;
- Т - мерзімі жеткен төлемдер;
- БТ - бірін-бірі өтейтін төлемдер;
- АА - аттас ақша бірліктерінің айналым саны.
Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.
Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды. Батыс экономистерінің көбі И.Фишердің айырбас теңдеуін пайдаланады:
М х V = Р х Q
Бұнда:
- M - ақшаның массасы;
- V - акiа айналысының жылдамдығы;
- Р - тауар бағаларының дәрежесі;
- Q - айналымдағы тауарлардың саны.
Бұл теңдеу тауар бағаларының қосындысы мен айналыстағы ақшаның массасының сан жағынан аратәуелділікте болатынын көрсетеді. Бағаға, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсатымен ақшаның массасына бақылау жүргізу қажет.
Тарихы
Алтын аса құнды болғандықтан алтын монометалдығы күміс монометалдығы мен биметалдықты ығыстырып, 19 ғасырдың аяғында ақша жүйесінің негізіне айналды. Монометалдық жүйеде ақша жүйесін құрушы бір металдан істелген шақалар ғана төлем құралы болып саналады және айналымда жаппай қабылданады. Ақша жүйесінің негізі — алтын, ол тауардың қай түріне де айырбастала береді. Экономикалық дағдарыстар кезінде ақша жүйесі құлдырауға ұшырайды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде банкноттарды ақшаға еркін айырбастау тоқтатылды, алтын ақша айналыстан шығып, банкноттар қағаз ақшаға айналды. Ал оларды аса көп, мөлшерсіз шығару ақшаның құнын төмендетті. 1924-1928 жылғы валюталардың ішінара тұрақтануы дәуірінде алтын монометалдығы уақытша қалпына келтірілді. Кейін қайтадан қағаз ақшалар айналымы қалыптасты. Ақша жүйесі валютаның алтын баламасы заңмен белгіленетін ақша жүйесі (мысалы, АҚШ-та доллар таза алтынның 0,888671 г-на теңгеріледі) және валютаның алтын баламасы заңмен белгіленбейтін ақша жүйесі болып бөлінеді. Соңғы жағдайда ақшаның алтындық курсы тұрақты алтын баламасы бар валютаға байланысты анықталады. Халықаралық валюта қорының шешімі бойынша фунт стерлингтің алғашқы курсы АҚШ-тың 4 доллары, 1949 ж. қағаз ақшаның ресми құны тұрақтағаннан кейін — 2,8, ал 1967 ж. — 2,4 долл. болды. Ақша жүйесі әр елде тарихи қалыптасқан және сол елдің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. Ақша жүйесіне валюталық металды, ақша бірлігін, шақаларды шығару және қағаз ақшаларды эмиссиялау тәртібі кіреді.
Ақша бірлігі (стерлинг, теңге, доллар, марка, франк, т.б.) одан әрі бөлшектеніп, баға көлемінің рөлін атқарады. Ақша массасы банктік және қағаз ақшадан, тиын ақшадан тұрады. Банктік билет пен қазыналық билеттің шығару тәртіптері бірдей. Олардың айырмашылығы банктік билеттер 25% бағалы металмен және 75% мемлекетік банктің басқа активтерімен, ал қазыналық билет мемлекеттің барлық мүлкімен қамтамасыз етіледі.
Ақша айналымын ұйымдастыру ақша кеңістігі, ақша рыногы және ақша реформасы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Ақшаның белгілі бір аймақта өз күшін сақтауы ақша кеңістігін құрайды. Әр мемлекеттің ақшасы сол елдің аумағында пайдаланылады. Кейбір елдер өзара келісім бойынша ортақ ақша кеңістігін орнатуы мүмкін. Мысалы, кезінде сом пайдаланылды, яғни, одақтас республикалар бір ақша кеңістігінде болды. Кейін республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін олар өз ұлттық ақшаларына көшті, сөйтіп біртұтас ақша кеңістігі жойылды. Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдері өздерінің ақша кеңістігін кеңейту мақсатында ұлттық ақшадан мемлекетаралық ақшаға көшуге бағыт алып отыр (қазіргі Еуро). Ақша рыногына ақша қаражатымен тауарларды сату және сатып алу рыногының бір түрі немесе несиелік капитал рыногының бір бөлігі жатады. Ақша рыногының агенттеріне банкілер, брокерлік және дилерлік фирмалар, несие ақшаларды, валюталарды, бағалы қағаздарды сату, сатып алуға қатысушы қаржы-несие ұйымдары енеді. Ақша рыногының көмегімен кәсіпорындардың, фирмалар мен компаниялардың айналым қаражаты қамтамасыз етіледі, банкілердің қысқа мерзімдік ресурстары қалыптастырылады, мемлекет пен ұйымдар, жеке тұлғалар қысқа мерзімдік несиелер алады. Халықаралық валюта-несие қатынастарының дамуына орай халықар. ақша рыногы қалыптасып, шетел валюталарымен операциялар жасалады. Ол несие айналымы операциялары үшін қазыналық және коммер. вексельдерді, чектерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, банкі акцептерін және басқа есептеу жолдарын пайдаланады.
Қазақстанның ақша рыногы
Қазақстанның ақша рыногы заңдар мен нормативті актілерге сәйкес реттеледі. Нақтылы экономикалық саясатты жүзеге асыру мақсатында ақша реформасы жүргізіледі.
Ақша реформасына мемлекет билігі мен ақша жүйесінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы тұсында үш рет — 1922-1924, 1947, 1960 ж. ақша реформасы болды. Жаңа экономикалық саясат кезінде шығарылды. Ол алтынның 78,24 үлесінің бір мысқалына (7,74234 г), яғни ескі он сомдық шақаға тең болды. Сонымен қатар құны 1, 3, 5 сомдық қазыналық билеттер, 1 сомдық, 50, 25, 15, 10 тиындық күміс және 1, 2, 3, 5 тиындық қара шақалар шығарылды. 1947 ж. айналыстағы ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1 сомына айырбасталды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960 ж. 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттері және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындар, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап, сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан 0,987412 г-на дейін арттырылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Қазақстанда ақша реформасы 1993 ж. жүзеге асырылып, ұлттық ақша — теңге айналысқа енгізілді. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500, 1000, 2000 теңгелік билеттер шығарылды (қазіргі Теңге).
Ақша жүйесінің типтері
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
- металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
- несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
- Биметализм;
- Монометаллизм.
Биметализм
Биметализм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.
Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді.
Монометаллизм
Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты
Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
- алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
- алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
- толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
- алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандарты
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы — 215 мың франке тең болды.
Алтын девиз стандарты
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды. Сонымен, 1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та 1933 ж., Францияда —1936 ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
Ақша жүйесінің элементері
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі
Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.
Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.
- Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары | Ақша бірлігі | Елдің атаулары | Ақша бірлігі |
---|---|---|---|
Қазақстан | 1 теңге = 100 тиын | АҚШ | 1 доллар = 100 цент |
Ресей | 1 рубль = 100 копеек | Англия | 1 фунт стерлинг = 100 пенса |
Украина | 1 гривня = 100 копийка | Израиль | 1 шекель стерлинг = 100 агора |
Беларусь | 1 рубль = 100 копеек | Жапония | 1 иен = 100 сена |
Өзбекстан | 1 сум = 100 тийн | Сауд Арабиясы | 1 риал = 100 халал |
Қырғызстан | 1 сом = 100 тыйн | Түркия | 1 лир = 100 куруш |
Тәжікстан | 1 сомони = 100 дирам | Кувейт | 1 динар =100 дирхам = 1000 филса |
Әзірбайжан | 1 манат = 100 гепик | Қытай | 1 юань = 10 цзяо = 100 финям |
Армения | 1 драм =100 люма | Йемен | 1 риал = 100 филса |
Молдова | 1 лей =100 бань | Кипр | 1 фунт =100 миллима |
Біріккен Араб Әмірлігі | 1 динар = 100 филса | Үндістан | 1 рупия 100 пайса |
Ауғанстан | 1 ауған = 100 пул | Марокко | 1 дирхам = 100 сантима |
Египет | 1 фунт = 100 пиастра | Моңғолия | 1 тугурик =100 мунгу |
Австралия | 1 австралия доллары = 100 цент | Тайланд | 1 бат = 100 сатанга |
Ирландия | 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса | Бразилия | 1 крузейро = 100 сентаво |
Ақша түрлері
Ақша түрлеріне — бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.
Ал, Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе
Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aksha zhүjesi belgili bir elde kalyptasyp әdette zanmen bekitiletin aksha ajnalymyn ujymdastyru tүri Eldegi zhalpyga birdej balama retinde kabyldangan asyl metalga zhәne aksha ajnalysynyn negizine karaj aksha zhүjesi eki tүrge bolinedi Aksha zhүjesi degenimiz zheke elementteri belgili birlikte bolatyn zhүje bolyp tabylady Aksha zhүjesinin negizgi elementteri mynalar aksha birligi men baga masshtabynyn ataulary aksha belgilerinin tүrleri olardy shygaru tәrtibi zhәne kamtamasyz etu sipaty naktyly aksha tshemejtin tolem ajnalymyn ujymdastyru ulttyk valyutanyn kursy ony shetel valyutasyna ajyrbastau tәrtibi Eldin aksha zhүjesin retteu zhumysyn osy zhүjenin әrkily elementterin үjlesimge keltirip otyratyn karzhy nesie organdary zhүrgizedi Metaldyk aksha zhүjesi negizgi eki tipke bimetalizm men monometalizmge bolinedi Bimetalizm tusynda zhalpy ekvivalent rolin eki metal atkarady altyn men kүmis monometalizm tusynda tek bir metal Bimetalizm zhүjesi Europada XVI XVIII gasyrlarda ken taragan Birak zhalpy ekvivalent bolyp tabylatyn akshanyn tabigatyna aksha rolin eki metaldyn atkaruy karsy keledi Osylajsha uakyty zhetken merzimde bul zhүje monometalizmge almastyrylady Tarihka monometalizmnin үsh tүri mәlim Mys Rim b dd V III gg kүmis Resej 1843 1852 zhyldary Gollandiya Үndistan XIX g altyn Angliya XVIII gasyr ayagynan baska elder XIX gasyr ayagynan Altyn metalizmi altyn monetalyk standart formasynda birinshi dүniezhүzilik sogyska dejin boldy Sol douirde altyn monetasy erkin sogylgan kүn belgileri altyn monetaga erkin ajyrbastalgan elder arasynda altyn erkin zhylzhyp otyrgan Birinshi dүniezhүzilik sogystan kejin kujma altyn zhәne altyn devizder standarty pajda boldy Altyn kory mol elder Angliya Franciya Zhaponiya altyn standartyn altyn kory az elder Germaniya Avstriya Daniya altyn devizder standartyn engizgen bolatyn Қujma altyn kesek standarty tusynda altyn monetasynyn erkin sogyluy zhojylyp kagaz akshanyn altynga ajyrbastaluy kujma altyn kesigi kunynyn molsherimen shektelgen Altyn devizder standarty tusynda altynmen bajlanys budan da alshak bolgan aldymen kujma altyn standartyn tutatyn elderdin valyutasyn zhinaktau kazhet bolady osydan kejin dүniezhүzilik narykta ony altynga ajyrbastap aluga bolatyn Қujma altyn men altyn devizdi standarttar altyn ajnalymyna zhol bermejtin zhүjeler bolyp tabyldy 1944 zhyly kurylgan Halykaralyk valyuta kory Trojskaya unciya kүnyn belgilegen 35 amerikan dollary 31 1035g altynga ten Resmi tүrde zhariyalangan altynnyn kunyn ustap turatyn rezervtik valyutanyn kyzmeti amerikandyk dollarga zhәne agylshyn funt sterlingine zhүkteldi Eger altyn standarty kezeninde valyutanyn kajta kalpyna kelgishtigi dep ulttyk aksha birliginin altynga ajyrbastalu mүmkindigi tүsinilse zhana zhagdajda valyutanyn kajta kalpyna kelgishtigi dep valyutanyn dollarga ajyrbastalu mүmkindigi tүsinilgen Bүgingi kүnge dejin valyutanyn erkin auysa tyndyk kabileti onyn AҚSh dollaryna ajyrbastaluymen kamtamasyz etilip otyr Birak AҚSh yn ozinde 1971 zhyly Ortalyk bankter ushin de dollardyn altynga ajyrbastaluy toktatylgan Osy kungi nesie akshasyn borysh kuәlikteri kurajdy bulardyn naktyly akshadan ajyrmashylygy olardyn ulttyk bajlyk elementterine zhatpauy XX gasyrda olar birte birte ozderinin erekshe tauar kasietinen ajrylyp keledi olar nakty tauardyn tutynu kunymen tutasyp kete almaj otyr zhәne kobinese buhgalterlik tirkep zhazu formasynda chek depozitteri nesie kartochkalary akshany elektrondyk kuraldardy pajdalanyp audaru t b oryn alady Akshanyn erekshe tabigaty men zhәne onyn atkaratyn kyzmetterimen katan ajkyndalgan aksha ajnalym zandary әreket etedi Altynnyn ajnaluy kezinde kagaz zhәne nesie akshalardyn altynga erkin ajyrbastalgan zhagdajlarynda ajnalyska kazhet akshanyn sany tomende keltirilgen formula arkyly esepteledi A TB N T BT AA Bunda A ajnalyska kazhet aksha sany TB ajnalystagy ipauarlar bagalarynyn kosyndysy N nesiege satylgan tauarlardyn bagasynyn kosyndysy T merzimi zhetken tolemder BT birin biri otejtin tolemder AA attas aksha birlikterinin ajnalym sany Ajnalyska artyk shygarylgan aksha kazyna kojmasyn tolyktyrady Akshanyn kagaz aksha ajnalysy kezeninde ajnalyska tүsetin akshanyn sany onyn altyn aksha ornyn almastyratyn sanyna ten boluy kerek baskasha bolsa kagaz akshalar arnasy artyk tolyp ketip olar kunyn zhoyady Batys ekonomisterinin kobi I Fisherdin ajyrbas tendeuin pajdalanady M h V R h Q Bunda M akshanyn massasy V akia ajnalysynyn zhyldamdygy R tauar bagalarynyn dәrezhesi Q ajnalymdagy tauarlardyn sany Bul tendeu tauar bagalarynyn kosyndysy men ajnalystagy akshanyn massasynyn san zhagynan aratәueldilikte bolatynyn korsetedi Bagaga ondiriske zhumyspen kamtuga әser etu maksatymen akshanyn massasyna bakylau zhүrgizu kazhet TarihyAltyn asa kundy bolgandyktan altyn monometaldygy kүmis monometaldygy men bimetaldykty ygystyryp 19 gasyrdyn ayagynda aksha zhүjesinin negizine ajnaldy Monometaldyk zhүjede aksha zhүjesin kurushy bir metaldan istelgen shakalar gana tolem kuraly bolyp sanalady zhәne ajnalymda zhappaj kabyldanady Aksha zhүjesinin negizi altyn ol tauardyn kaj tүrine de ajyrbastala beredi Ekonomikalyk dagdarystar kezinde aksha zhүjesi kuldyrauga ushyrajdy 1 dүnie zhүzilik sogys kezinde banknottardy akshaga erkin ajyrbastau toktatyldy altyn aksha ajnalystan shygyp banknottar kagaz akshaga ajnaldy Al olardy asa kop molshersiz shygaru akshanyn kunyn tomendetti 1924 1928 zhylgy valyutalardyn ishinara turaktanuy dәuirinde altyn monometaldygy uakytsha kalpyna keltirildi Kejin kajtadan kagaz akshalar ajnalymy kalyptasty Aksha zhүjesi valyutanyn altyn balamasy zanmen belgilenetin aksha zhүjesi mysaly AҚSh ta dollar taza altynnyn 0 888671 g na tengeriledi zhәne valyutanyn altyn balamasy zanmen belgilenbejtin aksha zhүjesi bolyp bolinedi Songy zhagdajda akshanyn altyndyk kursy turakty altyn balamasy bar valyutaga bajlanysty anyktalady Halykaralyk valyuta korynyn sheshimi bojynsha funt sterlingtin algashky kursy AҚSh tyn 4 dollary 1949 zh kagaz akshanyn resmi kuny turaktagannan kejin 2 8 al 1967 zh 2 4 doll boldy Aksha zhүjesi әr elde tarihi kalyptaskan zhәne sol eldin zanymen bekitilgen aksha ajnalysyn ujymdastyrudyn bir tүri bolyp tabylady Aksha zhүjesine valyutalyk metaldy aksha birligin shakalardy shygaru zhәne kagaz akshalardy emissiyalau tәrtibi kiredi Aksha birligi sterling tenge dollar marka frank t b odan әri bolshektenip baga koleminin rolin atkarady Aksha massasy banktik zhәne kagaz akshadan tiyn akshadan turady Banktik bilet pen kazynalyk bilettin shygaru tәrtipteri birdej Olardyn ajyrmashylygy banktik biletter 25 bagaly metalmen zhәne 75 memleketik banktin baska aktivterimen al kazynalyk bilet memlekettin barlyk mүlkimen kamtamasyz etiledi Aksha ajnalymyn ujymdastyru aksha kenistigi aksha rynogy zhәne aksha reformasy siyakty ugymdarmen tygyz bajlanysty Akshanyn belgili bir ajmakta oz kүshin saktauy aksha kenistigin kurajdy Әr memlekettin akshasy sol eldin aumagynda pajdalanylady Kejbir elder ozara kelisim bojynsha ortak aksha kenistigin ornatuy mүmkin Mysaly kezinde som pajdalanyldy yagni odaktas respublikalar bir aksha kenistiginde boldy Kejin respublikalar tәuelsizdik algannan kejin olar oz ulttyk akshalaryna koshti sojtip birtutas aksha kenistigi zhojyldy Қazirgi kezde Batys Europa elderi ozderinin aksha kenistigin kenejtu maksatynda ulttyk akshadan memleketaralyk akshaga koshuge bagyt alyp otyr kazirgi Euro Aksha rynogyna aksha karazhatymen tauarlardy satu zhәne satyp alu rynogynyn bir tүri nemese nesielik kapital rynogynyn bir boligi zhatady Aksha rynogynyn agentterine bankiler brokerlik zhәne dilerlik firmalar nesie akshalardy valyutalardy bagaly kagazdardy satu satyp aluga katysushy karzhy nesie ujymdary enedi Aksha rynogynyn komegimen kәsiporyndardyn firmalar men kompaniyalardyn ajnalym karazhaty kamtamasyz etiledi bankilerdin kyska merzimdik resurstary kalyptastyrylady memleket pen ujymdar zheke tulgalar kyska merzimdik nesieler alady Halykaralyk valyuta nesie katynastarynyn damuyna oraj halykar aksha rynogy kalyptasyp shetel valyutalarymen operaciyalar zhasalady Ol nesie ajnalymy operaciyalary үshin kazynalyk zhәne kommer vekselderdi chekterdi akkreditivterdi depozittik sertifikattardy banki akcepterin zhәne baska esepteu zholdaryn pajdalanady Қazakstannyn aksha rynogy Қazakstannyn aksha rynogy zandar men normativti aktilerge sәjkes retteledi Naktyly ekonomikalyk sayasatty zhүzege asyru maksatynda aksha reformasy zhүrgiziledi Aksha reformasyna memleket biligi men aksha zhүjesinin tolyk nemese ishinara ozgerui zhәne akshanyn bir zhүjesinin ekinshisine nemese akshanyn zhana tүrine auystyryluy zhatady Kenes Odagy tusynda үsh ret 1922 1924 1947 1960 zh aksha reformasy boldy Zhana ekonomikalyk sayasat kezinde shygaryldy Ol altynnyn 78 24 үlesinin bir myskalyna 7 74234 g yagni eski on somdyk shakaga ten boldy Sonymen katar kuny 1 3 5 somdyk kazynalyk biletter 1 somdyk 50 25 15 10 tiyndyk kүmis zhәne 1 2 3 5 tiyndyk kara shakalar shygaryldy 1947 zh ajnalystagy akshanyn 10 somy zhana akshanyn 1 somyna ajyrbastaldy Sojtip ajnalystagy artyk aksha zhojyldy Al 1960 zh 1 3 5 10 25 50 100 somdyk aksha biletteri zhәne 1 2 3 5 10 15 20 tiyndar sondaj ak 50 tiyndyk zhәne 1 somdyk kүmis aksha shygaryldy 1961 zhyldyn 1 kantarynan bastap somnyn altyn bagamy taza altynnyn 0 222168 g nan 0 987412 g na dejin arttyryldy yagni Amerikanyn 1 dollary zhana akshanyn 90 tiynyna ten boldy Қazakstanda aksha reformasy 1993 zh zhүzege asyrylyp ulttyk aksha tenge ajnalyska engizildi 1 3 5 10 20 50 100 500 1000 2000 tengelik biletter shygaryldy kazirgi Tenge Aksha zhүjesinin tipteriAksha zhүjesinin ozine tәn tipteri zhәne elementeri bolady Aksha zhүjesinin tipi bul akshanyn kandaj nysany boluyn sipattajdy Osygan bajlanysty aksha zhүjesinin tomendegidej tipterin bolip karajdyk metall aksha ajnalysy yagni mundaj aksha tauary tikelej ajnalysta bola otyryp akshanyn barlyk kyzmetterin atkarady al nesielik akshalar metalga auystyrylady nesielik zhәne kagaz akshalar zhүjesi yagni altyn ajnalystan alynyp tastalyp onyn ornyna nesielik zhәne kagaz akshalar ajnalyska tүsedi Metall aksha ajnalysy ekige bolinedi Bimetalizm Monometallizm Bimetalizm Bimetalizm zhalpyga balama roli eki bagaly metalga altyn men kүmiske negizdelgen aksha zhүjesi Bimetallizmnin үsh tүri bolgan kos valyutaly zhүje yagni munda altyn men kүmistin arasyndagy shekti katynas metaldardyn naryktyk kundaryna bajlanysty belgilengen katar zhүretin valyutalar zhүjesi yagni munda bul katynas memleket tarapynan belgilengen aksak valyuta zhүjesi yagni munda altyn zhәne kүmis monetalary zandy tolem kuraly kyzmetin atkarady birak birdej negizde emes sebebi kүmis monetalaryn zhasau zhabyk tүrde zhүzege asyrylyp altyn monetalaryn zhasauga erik berildi Bimetallizm XVI XVII gasyrlarda keninen tarap al Europa elderinde XIX gasyrda dami bastady Birakta bimetaldyk aksha zhүjesi kapitalistik sharuashylyktyn damu kazhettiligine sәjkes kelmedi sebebi eki metaldy kun olshemi retinde katar pajdalanu akshanyn bul kyzmetinde karama kajshylyk tudyrdy Nәtizhesinde zhalpy kun olshemi retinde kyzmet etetin bir gana metaldyn boluy talap etildi Sojtip bimetalizm aksha zhүjesinin ornyna monometalizm aksha zhүjesi keldi Monometallizm Monometallizm bul barlygyna birdej balama zhәne aksha ajnalysynyn negizi retinde bir gana metall altyn nemese kүmis kyzmet etetin aksha zhүjesi Kүmis monometallizmi Resejde 1843 1852 zhyldary Indiyada 1852 1893 zhyldary Golandiyada 1847 1875 zhyldary kyzmet etti Altyn monometallizmi standart algash ret aksha zhүjesinin үlgisi retinde XVII gasyrda Ұlybritaniyada kalyptasyp 1816 zhyly zandy tүrde bekitildi Koptegen elderde ol XIX gasyrdyn ayagyna karaj engizildi ajtalyk Germaniyada 1871 1873 zhyldary Shveciyada Norvegiyada zhәne Daniyada 1873 zhyly Franciyada 1876 1878 zhyldary Avstriyada 1892 zhyly Resejde zhәne Zhaponiyada 1897 zhyly AҚSh ta 1900 zhyly Altynga auystyrylatyn kun belgilerinin sipatyna bajlanysty altyn monometallizmi mynadaj tүrlerge bolinedi altyn moneta standarty altyn kujma standarty zhәne altyn devizdik altyn valyuta standarty Altyn moneta standarty Altyn moneta standarty bul erkin bәsekenin tusyndagy kapitalizmnin talaptaryna birshama sәjkes kele otyryp ondiristin nesie zhүjesinin dүniezhүzilik sauda men kapitaldy syrtka shygarudyn damuyn koldady Bul standart mynadaj ozine tәn negizgi belgilerimen sipattalady altyn eldin ishki aksha ajnalysynda bolyp akshanyn barlyk kyzmetterin birdej atkardy altyn monetalardy kuyuga ruksat etildi әdette eldin moneta sarajynda tolyk kundy emes akshalar ajnalysta zhүre otyryp erkin zhәne shekteusiz molsherde altyn monetaga auystyryldy altyndy zhәne shetel valyutalaryn erkin tүrde syrtka shygaruga zhәne ishke alyp keluge bolatyn boldy Birinshi dүniezhүzilik sogys tusyndagy byudzhet tapshylygynyn osui ony zajmdar zhәne aksha shygaru esebinen zhabu emissiyalyk bankterdin altyn korlarynan kop molsherde ajnalystagy aksha massasynyn osuine әkelip nәtizhesinde kagaz akshalardy altyn monetalarga erkin auystyru kaupin tugyzdy Bul kezenderde altyn moneta standarty sogysushy elderde ozinin kyzmetin toktatsa kejinnen koptegen elderde de AҚSh tan baska toktatty Sojtip banknotany altynga auystyru toktatylady zhәne ony syrtka shygaruga tyjym salynady sondaj ak altyn monetalar kazynaga saktaluga zhiberiledi Birinshi dүniezhүzilik sogystan son zhajlagan kapitalizm dagdarysy tusynda eshbir kapitalistik memleket ozinin valyutalaryn altyn moneta standarty negizinde kalpyna keltire almady 1924 1929 zhyldary aksha reformasynyn zhүrui barysynda altyn standartyna kajta oralyp yagni onyn mynadaj eki kyskartylgan nysany zhasalady altyn kujma standarty zhәne altyn deviz standarty Altyn kujma standarty Altyn kujma standartynyn altyn monetadan ajyrmashylygy munda ajnalysta altyn moneta bolmajdy zhәne altyn monetany erkin tүrde zhasauga tyjym salynady Munda banknotalar baska tolyk bagaly emes akshalar siyakty altyn kujmasyna tek olardyn somalary korsetilgen zhagdajlar da gana ajyrbastaldy Angliyada 12 4 kg altyn kujmasynyn bagasy 1700 funt sterling Franciyada 12 7 kg salmaktagy altyn kujma bagasy 215 myn franke ten boldy Altyn deviz standarty Avstriya Germaniya Daniya Norvegiya zhәne baska da elderde altyn deviz altyn valyuta standarty bekitilip munda da ajnalysta altyn moneta zhәne altyn monetany erkin tүrde zhasau bolmajdy Munda banknotalardy altynga auystyrylgan shetel valyutalaryna auystyru zhүrgizildi Osyndaj zholmen altyn deviz standartyn koldanatyn elderdin aksha birlikterin altynga auystyru arasynda zhanama bajlanys saktaldy Sonymen 1929 1933 zhyldary dүniezhүzilik ekonomikalyk dagdarys nәtizhesinde altyn moneta standarty barlyk elderde birdej ajnalystan alynyp tastalynyp mysalga Ұlybritaniyada 1931 zh AKDI ta 1933 zh Franciyada 1936 zh onyn ornyna altynga auystyrylmajtyn banknot zhүjesi bekitildi Aksha zhүjesinin elementeriҚazirgi aksha zhүjesi mynadaj elementerden turady aksha birligi aksha tүrleri zhәne emissiyalyk zhүje Aksha birligi Aksha birligi barlyk tauarlardyn bagalaryn bejneleuge kyzmet etetin zandy tүrde bekitilgen aksha belgisi Aksha birligi usak bolshekterge bolinedi Keptegen elderde 1 10 100 yagni ondyk bolu zhүjesi bekitilgen Mysalga AҚSh tyn 1 dollary 100 centke ten agylshynnyn 1 funt sterling 100 pensaga Resejdin 1 rubli 100 kopeekke Қazakstannnyn 1 tengesi 100 tiynga zhәne t s s Әlem elderinin aksha birlikterinin ataulary tomengi kestede berilgen Tmd zhәne kejbir elderdin aksha birlikteri dd Eldin ataulary Aksha birligi Eldin ataulary Aksha birligiҚazakstan 1 tenge 100 tiyn AҚSh 1 dollar 100 centResej 1 rubl 100 kopeek Angliya 1 funt sterling 100 pensaUkraina 1 grivnya 100 kopijka Izrail 1 shekel sterling 100 agoraBelarus 1 rubl 100 kopeek Zhaponiya 1 ien 100 senaӨzbekstan 1 sum 100 tijn Saud Arabiyasy 1 rial 100 halalҚyrgyzstan 1 som 100 tyjn Tүrkiya 1 lir 100 kurushTәzhikstan 1 somoni 100 diram Kuvejt 1 dinar 100 dirham 1000 filsaӘzirbajzhan 1 manat 100 gepik Қytaj 1 yuan 10 czyao 100 finyamArmeniya 1 dram 100 lyuma Jemen 1 rial 100 filsaMoldova 1 lej 100 ban Kipr 1 funt 100 millimaBirikken Arab Әmirligi 1 dinar 100 filsa Үndistan 1 rupiya 100 pajsaAuganstan 1 augan 100 pul Marokko 1 dirham 100 santimaEgipet 1 funt 100 piastra Mongoliya 1 tugurik 100 munguAvstraliya 1 avstraliya dollary 100 cent Tajland 1 bat 100 satangaIrlandiya 1 irlandiya funty 20 shilling 240 pensa Braziliya 1 kruzejro 100 sentavoAksha tүrleri Aksha tүrlerine bul zandy tolem kuraly bolyp tabylatyn nesielik zhәne kagaz akshalar kazynalyk biletter zhatady Mysalga AҚSh ta ajnalysta 100 50 20 10 5 2 zhәne 1 dollarlyk bank biletteri 100 dollarlyk kazynalyk biletter 1 dollarlyk 50 20 10 1 centtik kүmis mys zhәne mys nikeldik monetalar zhүredi Ұlybritaniyada ajnalysta 50 20 10 5 zhәne 1 funtsterling banknottar 1 funt sterling 50 10 5 2 pensalyk monetalar 1 zhәne 1 2 peniler sondaj akzhana 10 zhәne 5 pensalardyn kunyna ten keletin 2 zhәne 1 shillingter de bar Al Қazakstannyn bүgingi aksha ajnalysynda 10000 5000 2000 1000 500 200 100 50 20 10 5 3 zhәne 1 tengelik banktik biletter 20 10 5 3 zhәne 1 tengelik metall monetalarmen birge 500 tengelik altynnan merejtojga arnap dajyndalgan monetalar algashkyda kolemi 64x100 mm su tamgyly kagazga basylgan 50 20 10 5 2 zhәne 1 tiyndar kejinnen olardyn ornyna osy nominaldarda metall tiyndar shygaryldy Birak bүgingi kүni 1 tengege dejingi tiyn monetalar ajnalystan alyngan sondaj ak 100 tengege dejingi nominaldagy banknotalar kagaz tүrindegi ajnalysta zhүrmejdi olardyn ornynda metaldan zhasalgan monetalar koldanylysta zhүr Қazynalyk biletter ajnalymda zhok Emissiondyk zhүje Emissiondyk zhүje bul әr eldin ortalyk bankterinin ajnalyska aksha shygaruyn bildiredi Mysalga AҚSh ta banknottardy ajnalyska shygarumen Federaldy rezervti zhүje Resejde RF Ortalyk banki al Қazakstanda Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki ajnalysady Ұlttyk Banktin karamagynda elimizdin banknota zhasajtyn Banknota fabrikasy Almatyda zhәne moneta zhasajtyn Moneta sarajy Өskemende bar DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy S Әkimbekov A S Bajmuhametova U A Zhanandarov Ekonomikalyk teoriya Oku kuraly Zhalpy redakciya S Әkimbekovtiki Astana 2002 ISBN 9965 408 99 8 Қarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhene gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 Aksha nesie bankter teoriyasy Okulyk Almaty Zheti zhargy 2011 ISBN 978 601 288 026 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz