АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс — Солтүстік Америкадағы 13 ағылшын отарының Британ Империясы үстемдігіне қарсы азаттық соғысы, оның барысында Америка Құрама Штаттары деген тәуелсіз мемлекет пайда болды. Соғыс әрекеттері 1775–1783 жылдарды қамтиды.
АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс | |||
Дата | 1775 жылдың 19 сәуірі — 1783 жылдың 3 қыркүйегі | ||
---|---|---|---|
Орын | |||
Себеп | метрополияның салықтық саясаты | ||
Нәтиже | АҚШ жеңісі; тәуелсіздік жариялау | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
Алғышарттары
Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды.
1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік алымдар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды.
1770-жылдардың басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды. Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға Бостондағы шай ішу деген атпен тарихта қалды.
Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Бұған қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш жиналды. Қабылданған «Құқықтар декларациясында» отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды.
Барысы
1774-1775 жылдар аралығындағы қыста стихиялық жағдайда отарлардың алғашқы қарулы жасақтары құрылды.
1775 жылдың 19 сәуірінде Конкорд пен Лексингтон түбінде болған алғашқы шайқаста ағылшын әскерлері көп шығынға ұшырады. Көп кешікпей Бостонда 20 мың көтерілісші бостандық лагері деп аталатын лагерь құрды. Тұрақты қарулы әскер күштері ұйымдастырылып, 15 маусымда Джордж Уошингтон бас қолбасшы болып тағайындалды.
1776 жылдың 4 шілдесінде Құрлықтық конгресс АҚШ тәуелсіздік декларациясын қабылдады. Декларация 13 отардың метрополиядан бөлініп, тәуелсіз мемлекеттің құрылғанын жариялады.
1775-78 жылдары соғыс қимылдары негізінен елдің солтүстігінде өріс алды. Ағылшындар төңкерістің орталығы болып саналған Жаңа Англиядағы қарсылықты жоюға ұмтылды. Бірақ көтерілісшілер құрлықта да, теңізде де едәуір жеңіске жетті. маңындағы америка әскерлерінің жеңісі (1777 ж. 17 қазан) жас республиканың халықаралық жағдайын жақсартты. 1779-81 жылдары ағылшындар соғыс қимылдарын оңтүстік штаттарда жүргізді. Оңтүстік америкалық армиясының қысымына төтеп бере алмаған ағылшындар әскерлерін портты қалаларға әкетуге мәжбүр болды.
Саратога маңында 7 мыңдық ағылшын корпусының қоршауға алынып, тізе бүккені 1778 жылы америкалық дипломат Бенджамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті. Келесі жылдары британдықтарға қарсы соғысқа Испания және Голландия қосылды. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-ң оңтүстігінде оның әскері басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Вирджинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылдың 19 қазанында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі соғыстың тағдырын шешті.
АҚШ пен Англия алдын ала келісімшартқа 1782 жылы Парижде, ал қорытынды келісімшартқа 1783 жылдың 3 қыркүйегінде қол қойды. Бұл келісімшарттың басты нәтижесі Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.
- 1776 ж. тамызында орын алған Лонг-Айленд шайқасы
- 1780 ж. мамырында британдықтардың Чарльстонды қоршауы
- 1783 ж. 25 қарашада Дж. Вашингтонның Нью-Йоркке салтанатпен кіруі
Нәтижелері
Англияның америкалық отарларында болған төуелсіздік жолындағы соғыс отарлық езгі мен ағылшындардың жер иеленуші ақсүйектерінің билігін жойды. Соғыс нөтижесінде ағылшын отаршыларының феодалдық тәртіптерді енгізу әрекеттері тоқтатылды. Дворяндық титулдар мең майораттар таратылды, ірі латифундиялар тәркіленді. Отарлардағы тәуелсіздік соғысының жеңісі нәтижесіңде 1787 жылы конституция қабылданып, АҚШ деп аталатын ірі дербес республика дүниеге келді. АҚШ мемлекеті революциялық жолмен құрылғаң жаңа замандағы тұңғыш демократиялық мемлекет болды. Оңың құрылысы ағартушылардың саяси идеяларын іске асырды.
Дереккөздер
- Қазақ совет энциклопедиясы, 10-том. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс.
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
AҚSh tәuelsizdigi үshin sogys Soltүstik Amerikadagy 13 agylshyn otarynyn Britan Imperiyasy үstemdigine karsy azattyk sogysy onyn barysynda Amerika Қurama Shtattary degen tәuelsiz memleket pajda boldy Sogys әreketteri 1775 1783 zhyldardy kamtidy AҚSh tәuelsizdigi үshin sogysData1775 zhyldyn 19 sәuiri 1783 zhyldyn 3 kyrkүjegiOrynSoltүstik Amerika Atlant muhitySebepmetropoliyanyn salyktyk sayasatyNәtizheAҚSh zhenisi tәuelsizdik zhariyalauҚarsylastar13 otar AҚSh Franciya 1778 zhyldan Ispaniya 1779 zhyldan Gollandiya 1780 84 Үndister Britan imperiyasy ҮndisterҚolbasshylaryB Franklin Dzhordzh Uoshington Lafajet t b III Georg Lord Shelbern t b ShygyndarAҚSh 7000 adam Franciya 10 mynga zhuyk Ispaniya 5000 adam Gollandiya 500 adam Britan Imperiyasy 15 000 adamBul үlgini koru talkylau ondeuAlgysharttarySoltүstik Amerika otarlarynyn tәuelsizdik үshin sogysy Angliyadagy үderisterdin zandy zhalgasy boldy XVII gasyrdyn ekinshi zhartysy men XVIII gasyrdyn algashky onzhyldyktarynda birneshe parlament aktileri zharyk kordi Olarda baska teniz derzhavalarymen erkin sauda zhasauga otarlarda ondeushi onerkәsipti damytuga tyjym salyndy 1763 zhylgy zan oz erkimen batyska konys audaruga tyjym saldy Otarlyk imperiyanyn baskaru apparatyn karzhylandyru үshin 1764 zhyly birkatar tauarlarga zhana kedendik alymdar engizildi 1765 zhyly turakty әsker ustau үshin 10 myn soldatty Amerikada pәterge ornalastyru karastyryldy Al shygyndardy zhabu maksatynda osy zhyly gerbtik salyk turaly akt kabyldandy Bul aktinin parlamentte kabyldanuy otarlarda narazylyk tudyrdy 1770 zhyldardyn basynda partizan sogysy oris aldy Tәuelsizdik үshin kүreskerlerdin negizgi boligi fermerler men auyl turgyndary boldy Gerbtik salyk zhana kedendik salyktarmen auystyryldy birak bul otarlarga tynyshtyk әkelgen zhok 1773 zhyly 5 nauryzda Bostonda kala turgyndary britan soldattarymen kaktygysyp kaldy Agylshyn tauarlaryna bojkot taktikasy koldanyla bastady Belsendi kүreskerlerdin biri Semyuel Adams үndistershe kiingen otar turgyndary tobyn baskaryp 1773 zhyly agylshyn shajy tielgen keme zhүgin tenizge laktyrdy Bul okiga Bostondagy shaj ishu degen atpen tarihta kaldy Angliya әkimshilik sharalar arkyly kysymdy kүshejte tүsti Boston portyn zhauyp amerikalyk soltүstik batysty ozinin Kvebek provinciyasyna kosyp aldy Bugan karsy boj koteruler kүsheje tүsti 1774 zhyly Filadelfiyada tungysh zhinaldy Қabyldangan Қukyktar deklaraciyasynda otarlardyn ozin ozi baskaru kukygy turaly ajtyldy Bul әli de tәuelsizdiktin zhariyalanuy emes edi el onyn tabaldyrygynda turdy Barysy1774 1775 zhyldar aralygyndagy kysta stihiyalyk zhagdajda otarlardyn algashky karuly zhasaktary kuryldy 1775 zhyldyn 19 sәuirinde Konkord pen Leksington tүbinde bolgan algashky shajkasta agylshyn әskerleri kop shygynga ushyrady Kop keshikpej Bostonda 20 myn koterilisshi bostandyk lageri dep atalatyn lager kurdy Turakty karuly әsker kүshteri ujymdastyrylyp 15 mausymda Dzhordzh Uoshington bas kolbasshy bolyp tagajyndaldy 1776 zhyldyn 4 shildesinde Қurlyktyk kongress AҚSh tәuelsizdik deklaraciyasyn kabyldady Deklaraciya 13 otardyn metropoliyadan bolinip tәuelsiz memlekettin kurylganyn zhariyalady 1775 78 zhyldary sogys kimyldary negizinen eldin soltүstiginde oris aldy Agylshyndar tonkeristin ortalygy bolyp sanalgan Zhana Angliyadagy karsylykty zhoyuga umtyldy Birak koterilisshiler kurlykta da tenizde de edәuir zheniske zhetti manyndagy amerika әskerlerinin zhenisi 1777 zh 17 kazan zhas respublikanyn halykaralyk zhagdajyn zhaksartty 1779 81 zhyldary agylshyndar sogys kimyldaryn ontүstik shtattarda zhүrgizdi Ontүstik amerikalyk armiyasynyn kysymyna totep bere almagan agylshyndar әskerlerin portty kalalarga әketuge mәzhbүr boldy Saratoga manynda 7 myndyk agylshyn korpusynyn korshauga alynyp tize bүkkeni 1778 zhyly amerikalyk diplomat Bendzhamin Franklinnin Franciyamen odaktyk kelisimge keluine komektesti Kelesi zhyldary britandyktarga karsy sogyska Ispaniya zhәne Gollandiya kosyldy Angliyanyn halykaralyk okshaulanuga ushyrauy amerikalyktardyn zheniske degen үmitin arttyrdy Angliya sonda da sogysty toktatkan zhok 1780 zhyly AҚSh n ontүstiginde onyn әskeri basyp aldy Ontүstik Karolinada amerikalyktar talkandaldy Agylshyndar Virdzhiniyaga karaj zhylzhydy birak policiya men partizandardyn kүshti karsylygyna kezikti 1781 zhyldyn 19 kazanynda amerikalyktar men francuzdar Jorktaun tүbinde 8 myndyk korpusyn korshauga aldy Agylshyndardyn karsylyksyz berilui sogystyn tagdyryn sheshti AҚSh pen Angliya aldyn ala kelisimshartka 1782 zhyly Parizhde al korytyndy kelisimshartka 1783 zhyldyn 3 kyrkүjeginde kol kojdy Bul kelisimsharttyn basty nәtizhesi Amerika Қurama Shtattarynyn tәuelsiz memleket retinde resmi tanyluy boldy Ispaniya Floridany aldy Kanada Angliyanyn ieliginde kaldy 1776 zh tamyzynda oryn algan Long Ajlend shajkasy 1780 zh mamyrynda britandyktardyn Charlstondy korshauy 1783 zh 25 karashada Dzh Vashingtonnyn Nyu Jorkke saltanatpen kiruiNәtizheleriAngliyanyn amerikalyk otarlarynda bolgan touelsizdik zholyndagy sogys otarlyk ezgi men agylshyndardyn zher ielenushi aksүjekterinin biligin zhojdy Sogys notizhesinde agylshyn otarshylarynyn feodaldyk tәrtipterdi engizu әreketteri toktatyldy Dvoryandyk tituldar men majorattar taratyldy iri latifundiyalar tәrkilendi Otarlardagy tәuelsizdik sogysynyn zhenisi nәtizhesinde 1787 zhyly konstituciya kabyldanyp AҚSh dep atalatyn iri derbes respublika dүniege keldi AҚSh memleketi revolyuciyalyk zholmen kurylgan zhana zamandagy tungysh demokratiyalyk memleket boldy Onyn kurylysy agartushylardyn sayasi ideyalaryn iske asyrdy DerekkozderҚazak sovet enciklopediyasy 10 tom Soltүstik Amerikadagy tәuelsizdik zholyndagy sogys Tagy karanyzPortal AҚSh Amerika Қurama Shtattarynyn negizin kalaushylar AҚSh Konstituciyasy