Джордж Вашингтон (ағылш. George Washington; 22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния отары, 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон, Виргиния) — американдық мемлекет, саяси және әскери қайраткер, АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789—1797). АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыста Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен. Құрама Штаттардың негізін қалаушылардың бірі. Вашингтон 1788 ж. бірауыздан АҚШ президенті болып сайланды. Президент қызметін екі мерзім атқарды.
Джордж Уошингтон ағылш. George Washington | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
30 сәуір 1789 — 4 наурыз 1797 | ||||
Вице-президент | Джон Адамс | |||
Ізашары | лауазым құрылған | |||
Ізбасары | Джон Адамс | |||
| ||||
13 шілде 1798 — 14 желтоқсан 1799 | ||||
Президент | Джон Адамс | |||
Вице-президент | Томас Джефферсон | |||
Ізашары | Джеймс Уилкинсон | |||
Ізбасары | Александр Гамильтон | |||
19 маусым 1775 — 23 желтоқсан 1783 | ||||
Ізашары | лауазым пайда болды; тұңғыш қолбасшы ретінде өзі | |||
Ізбасары | Генри Нокс | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Англиканизм (Епископтық шіркеу) | |||
Дүниеге келуі | 22 ақпан 1732 , Виргиния, | |||
Қайтыс болуы | 14 желтоқсан 1799 (67 жас) , Виргиния, АҚШ | |||
Жерленді | Маунт-Вернон, Виргиния | |||
Әкесі | Августин Уошингтон | |||
Анасы | Мария Бол Уошингтон | |||
Жұбайы | Марта Дандридж Уошингтон | |||
Балалары | асыранды Дэниел (1751—1754) Фрэнсис (1753—1757) Джон (1754—1781) Марта (1756—1773) | |||
Қолтаңбасы | ||||
Джордж Уошингтон Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Өмірінің бастапқы кезеңдері
АҚШ тарихындағы ең танымал тұлғалардың бірі Джордж Уошингтон 1732 жылы 22 ақпанда Солтүстік Америкада, Виргиния штатындағы Уэстморлэнд маңында дүниеге келді. Оның әкесі Августин Уошингтон сол кездегі ірі плантаторлардың бірі болды. Қайсар да, еңбекқор Августин баласы он бір жасқа тола бере дүниеден өтеді, жас Уошингтон әкесінің ағасы Лоуренстің қолында өседі. Оның әйелі Аннаның ағылшындық дворяндық әулеттен болуы Джордждың жақсы тәлім-тәрбие мен білім алуына мүмкіндік береді. Олар Джорджды қамқорлығына алып, ешқандай мұқтаждық көрмеуін қадағалайды.
Алғашқыда жер өлшеуші мамандығы бойынша оқыған жас Джордж математика мен топографияны жақсы меңгереді, бірақ көп ұзамай әскери жолды таңдауға бел буады. 1751 жылы Джорджға әкесінің Огайо өзені бойындағы плантация мұрагерлікке беріледі. Көп ұзамай баласындай тәрбиелеп өсірген Лоуренс те өкпе ауруынан қайтыс болады. Алғашқыда өз плантациясында еңбек еткен Джордж өз штатындағы әскери қимылдарға қатысады және майор әскери шеніне ие болады. Бұл кезде Жетіжылдық соғыс жүріп жатқан болатын. Бұл соғыс XVIII ғасырдағы ең ірі жанжалдардың қатарынан орын алады. Жетіжылдық соғыс Еуропа мен Солтүстік Америкада ғана емес, Үндістан мен Филиппин жерінде де жүрді. Оған негізінен еуропалық ірі державалармен қатар орта және ұсақ елдер де, Солтүстік Америкадағы кейбір үндіс тайпалары да қатысты. Солтүстік Америкадағы ағылшын отары қатарында бұл соғысқа Джордж Уошингтон да қатысты.
Жеті жылдық соғыс кезіндегі Уошингтон
1754 жылы Джордж Уошингтон Огайо өзені аймағында шағын әскери экспедицияны басқарады. Француздарды осы аймақты ұрыссыз тастап шығуға көндірмек болған Уошингтонның әрекетінен ештеңе шықпайды. Оның шағын отряды тосқауылға тап болып француздарға тұтқынға түсіп қалады. Бірақ француздар тұтқындарға мейірімділік танытып оларды ағылшын әскерлері бақылау жасап отырған Виргиния штатына қарай жібереді. 1755 жылы Уошингтон Виргиния штаты жасақтарының қолбасшысы болып тағайындалады және подполковник шеніне ие болады. Ол сонымен қатар Виргиниядағы британ әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Эдвард Брэдоктың де көмекшісі болады. Олар тағы да Огайо жазығына жорық жасайды және екінші рет француз әскерлерінің тосқауылына тап болып, генерал Брэдок оққа ұшады. Әскерге басшылық жасауды қолға алған Уошингтон жауынгерлерді қоршаудан алып шығады. Осы әрекеті үшін оған генерал шені беріледі.
1756 жылдан бастап Уошингтон Виргиния шекарасын қорғауды басқарады. 1757 жылдың соңында Солтүстік Америкадағы француз әскерлері толық толқандалады. Соғыс аяқталғандықтан Уошингтон ағылшын әскері қызметінен босатылды.
Маунт-Вернондағы өмірі
Cоғыс аяқталған соң ол өз плантациясына келіп шаруашылықпен айналысады, темекінің жаңа түрлерін өсіреді. 1759 жылы жесір Марта Дэндриджге үйленеді. Мартаның алғашқы некесінен туған екі ұлымен бірге олар өздерінің плантациясында, Маунт-Вернонда салауатты өмір кешеді.
Жеті жыл ішінде Маунт-Вернонға екі мыңдай қонақ келеді. Олар әртүрлі тақырыптарды сөз етеді, талқылайды, өздерінің көзқарастарын білдіреді. Осылайша Маунт-Вернон саяси пікірталас клубының орталығына да айналады. Осы жылдары Уошингтонның саяси көзқарасы қалыптасып, ол Виргиниядағы ең ықпалды саяси тұлғалардың қатарына қосылады. Колледждік деңгейде де білім алмаған Уошингтон білімін өздігінен толықтырады және Солтүстік Американың тәуелсіздігі туралы көзқарасын ашық білдіре бастайды.
- 1757 жылы John Wollaston салған Марта Уошингтонның суреті.
- Уошингтонның үйленуінен кейінгі Маунт-Вернондағы үлкейткен үйі
- 40 жастаға Уошингтон (1772)
АҚШ тәуелсіздігі үшін күресі
1758-1774 жылдары Виргиния заң шығару жиынына мүше болады. 1769 жылы Виргинияда метрополияның, яғни Англияның тауарларына бойкот жариялайтын бірлестік құрылады. 1774 жылы Бірінші континенталды конгрес құрылғанда, оның алғашқы жеті делегатының бірі болған Уошингтон көп ұзамай континенталды армияның бас қолбасшысы болып сайланады. Ол ең алдымен әскери тәртіп пен әскери шеберлікті нығайтуға күш салды. Осылайша мықты да тәртіпті әскер құрылады. Нәтижесінде Уошингтон басқарған армия алғашқы ұрыстардан бастап-ақ жеңіске жете бастайды. 1775 жылы ірі Бостон қаласын қоршауға алады және бірнеше ұрыстардан кейін 1776 жылы наурызда ағылшын әскерлері Бостонды тастап шығуға мәжбүр болады. 1776 жылы 4 маусымда Филадельфия Конгресі он үш штаттың тәуелсіздігін жариялайды.
Бостон қаласын алғаннан кейін Джордж Уошингтон Нью-Йорк қаласын ұстап тұруға әрекеттенеді. Бірақ ағылшындарға қосымша әскери көмек келіп үлгереді. Гудзон өзені арқылы келген ағылшындар адам саны жөнінен де, қару түрінен бірнеше есе асып түскендіктен Уошингтон Нью-Йорк қаласын тастап шығып Пенсильванияға қарай шегінеді. Үш мыңнан сәл ғана асатын әскердің 30 мыңдық ағылшын армиясына төтеп беруге шамасы келмейді. Сонымен бірге Уошингтон әскері азық-түлік пен оқ-дәріден де мұқтаждық көреді. Уошингтон кенеттен шабуыл жасау тактикасын қолданып бірнеше рет жеңіске жетеді, азық-түлік пен оқ-дәріге де ие болады. Трентон маңындағы шайқаста Уошингтон әскері 900 ағылшын әскерін және ірі қару-жарақ қоймасын қолға түсіреді.
Уошингтон 1777 жылы жаңа тәуелсіз мемлекеттің астанасы болған Филадельфия қаласын ағылшын әскерлерінің шабуылынан сәтті қорғайды. Осы жылы Саратоге маңындағы шайқаста британдық генерал Джон Бэрджойнның әскері қоршауға алынады және олар бірнеше күннен кейін берілуге мәжбүр болады. Бұл жеңістердің ешқайсысы оңай келген жоқ. 1777-1778 жылдары ауыр қыста Уошингтон әскерінің көптеген жауынгері суық пен аштықтан да аурудан да өлген еді.
Тәуелсіздік үшін күресушілердің жағдайы 1778 жылдың жаз айында Францияның Англияға қарсы соғыс жариялауынан кейін біршама түзеле бастайды. Уошингтон әскері француздардан әскери қару-жарақ көмегін алады. Франция флоты ағылшындардың теңіз күштерін әлсіретуге де көмек береді, ағылшындардың теңіз арқылы келетін көмегі шектеледі. 1779 жылы Англияға қарсы Испания, 1780 жылы Голландия соғыс жариялайды. Сондықтан да ағылшындар негізгі әскери күштерін Еуропа жеріне аударады. Дегенмен де Солтүстік Америкадағы ұрыс әрекеттері тоқтамайды. Шешуші ұрыс қимылдары 1780 жылы жүргізіледі. Солтүстік және Оңтүстік Каролинадағы ұрысқа басшылық еткен британдық Чарльз Корнваллис әскері Чарльстонды басып алады және 16 тамызда Камден түбіндегі шайқаста американдықтарды жеңеді. Осыдан кейін Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттары қайтадан ағылшындықтардың бақылауына өтеді. Бірақ көп ұзамай Уошингтон серіктерінің бірі генерал Натаниял Грин басқарған американдықтар ірі жеңіске жетеді. Ағылшындар екі Каролина жерін де тастап шығуға мәжбүр болады. Бұл аймақта олардың иелігінде Чарльстон округі ғана қалады.
1781 жылы қыркүйекте Уошингтонның 11 мыңдық әскері француз генералы Жан Батиста Рошамбаның 7 мыңдық әскерінің қолдауымен Йорктауын қоршауын бұзып өтеді. Осы жылы 19 қазанда 8 мыңдық Корнваллис әскері тізе бүгеді. Осылайша Солтүстік Америкадағы соғыс қимылдары іс жүзінде аяқталады.
1782 жылы 30 қарашада Парижде Құрама Штаттар мен Англия арасында бітімге қол қойылады. Англия Солтүстік Америкадағы өз отарларының тәуелсіздігін тануға мәжбүр болады. Бірақ Канада Англияның қол астында қалады. 1783 жылдың соңында британ әскерлері АҚШ жерін түпкілікті тастап шығады. Сонымен қатар ағылшындар қатарында соғысқан, штаттардың тәуелсіздігіне қарсы болғандар да Америкадан кетеді. Олар бүкіл отбасы мүшелерімен бірге 100 мыңдай адамды құрады.
1783 жылдың соңында континенталды армия таратылады. Бас қолбасшы Уошингтон өзінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатады және өзінің имениесі Маунт-Вернонға көшіп келеді. Бірақ саяси қызметін тоқтатпайды, елде болып жатқан саяси жағдайды бақылауын жалғастырады, штаттар үкіметтеріне үнемі хат жолдап елдің ыдырауына жол бермеу үшін орталық билікті күшейту жөнінде ақыл-кеңестер берумен болады.
Кейінгі кезеңдер
Тәуелсіздік үшін күрес жылдарындағы Уошингтонның беделі мен абыройы ол қызметінен кеткеннен кейін де арта түсті. Американдықтар оны ұлттық батыр мәртебесіне дейін көтереді. Оның атақ даңқы халықаралық қауымдастыққа да белгілі болды. Оның әскери ұйымдастырушылық қабілетімен қатар дипломатиялық өнері де Франциямен бірлесіп ағылшын метрополиясына қарсы коалиция құруға қол жеткізді.
1787 жылы Джордж Уошингтон Филадельфиядағы Конституциялық конвенттің төрағасы болып сайланады. Оның төрағалығымен АҚШ Конституциясы жасалып, 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданады. Уошингтон Конституция авторларының бірі болмағанымен ел Конституциясын қабылдау кезіндегі әртүрлі көзқарастар мен талас пікірлерді таразыға салуда, салмақтауда, оларды мәмілеге келтіруде үлкен табандылық пен батылдық танытады. Конвент төрағасы Уошингтонның басшылығымен әлемдік тарихтағы алғашқы Конституция дүниеге келді. Оның басшылығымен Конституцияға «Құқық туралы билль» деген атаумен белгілі болған тоғыз түзету енгізілді. Осы түзетулердің негізінде сөз, ар-ождан, жиналыс, одақтар құру, меншікке ие болу бостандықтары түпкілікті бекітілді.
Құрама Штаттардың бірінші президенті
1789 жылы ақпанда Джордж Уошингтон АҚШ-тың тұңғыш президенті болып сайланады. Осы жылы 30 сәуірде президенттік ант беруден кейін жоғары лауазымдық қызметін бастайды. 1792 жылғы сайлау алды науқанға қатыспағанымен халықтың ұсынысымен екінші рет президенттік сайлауға түседі және таңқаларлық жеңіске жетеді. Оған таңдаушылардың 100 %-ы дауыс береді. Мұндай жағдай ел тарихында бұдан кейін қайталанған емес. Уошингтон үшінші рет сайлауға түсуден бас тартады және әрбір президентінің екі реттен артық сайланбауы керектігі туралы өз ойын білдіреді. Бұл дәстүр Франклин Рузвельттің төрт рет сайлануын есептемегенде әлі күнге дейін бұзылған емес. Екі реттен артық сайланбау нормасын 1950 жылдары АҚШ Конгресі заң жүзінде бекітті.
Джордж Уошингтон өзінің саяси қызметінде елде демократиялық үрдістерді және Конституцияға деген құрмет сезімін қалыптастыруға көбірек күш салды. Биліктің үш тармағы мен олардың тепе-теңдігін жетілдіруде де көп еңбек сіңірді. Уошингтон Конгреске Жолдау арнау тәжірибесін бастап берді. Қазір бұл үрдіс әлемнің көптеген елдерінде бар. Ол сонымен қатар АҚШ-тағы екі партиялық жүйенің негізін қалаушылардың да бірі болып табылады. Бұл дәстүр де қазіргі күнге дейін жалғасып келеді.
Ұлт әкесі
1796 жылы қыркүйекте Джордж Уошингтон өзінің атақты Ұлтқа арнауын – қоштасу Жолдауын арнайды. Тұңғыш президент өзінің бұл Жолдауында штаттар арасындағы бірлікті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл ел болып күресуге, мемлекеттік қаржыны барынша үнемдеуге, бейбіт уақытта үлкен армия ұстамауды аманат етті, халықты саяси кикілжіңнен тартынуды, саяси партиялардың арзан сөзіне мұқият болуды, дін мен мораль қағидаттарын қатаң түрде сақтауды ұсынды.
Өмірінің соңғы жылдары
Джордж Уошингтон өмірінің соңғы жылдарын Маунт-Вернонда, өзінің отбасында және өзіне келушілер ортасында өткізді. Осы жерде жақын маңда салынып жатқан елдің болашақ астанасын жиі барып көріп тұрды. Кейіннен «Ақ үй» деп аталған Президент әкімшілігі ғимаратының орны да Уошингтонның таңдауымен жасалды. Көпшілік оның құрметіне «Джорджия» деп атаған Джоржтаун 1871 жылы Уошингтон қаласы болып АҚШ-тың астанасы атанды.
Өлімі
«Ұлт әкесі» атанған Джордж Уошингтон 1799 жылы 13 желтоқсанда салт атпен жүріп қар аралас жаңбыр асында қалып қойып суық тигізіп алады және пневмониядан денсаулығы күрт нашарлап келесі күні бұл дүниеден озады. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократиялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Уошингтонның туған күні – 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн 1885 жылы ресми түрде жалпыұлттық мереке болып жарияланды. 1971 жылы АҚШ Конгресі мерекелерді дүйсенбіге ауыстыру туралы заң қабылдайды. Осыған орай Джордж Уошингтонның туған күнін, яғни, АҚШ-тағы Президент мерекесі ақпан айының үшінші аптасындағы дүйсенбі күні болып белгіленді. Бүкіл америкалық жұртшылық құрметтейтін, оның рухына бас иетін Тұңғыш Президенттің мұндай құрметке әбден лайықты екендігін әрбір американдық та мойындайды.
Тарихи зерде
- Джордж Уошингтонның атымен 1917 жылы астероид аталған.
- Украинаның Львов қаласында Джорджа Уошингтонның атын көшеге берген.
- Джорджа Уошингтонның атымен (Калифорния штаты) талдың аты аталған, Гиганттық секвоя талының атың Уошингтон деп қойған.
- 1976 жылы Джордж Уошингтонға АҚШ армиясының генералы шені берілген.
Кинематографта
- 1939 жылы «Бостандық ұлдары» (Sons of Liberty) фильмі шыққан, Дж. Уошингтонның роліе Монтегю Лав орындады.
- 1959 жылы «Джон Пол Джонс» (John Paul Jones) атты фильм, Дж. Уошингтон ролін Джон Кроуфорд орындаған.
- 1984 жылы «Джордж Уошингтон» (George Washington) хикаясы
- 1986 жылы «Джордж Уошингтон: Ұлттың қалыптасуы» (George Washington: The Forging of a Nation) хикаясы
- 2000 жылы «Торап» (The Crossing') фильмі
- 2008 жылы |«Джон Адамс» хикаясы, Дж. Уошингтонның ролін Дэвид Морс орындаған.
- 2013 жылы «Ұйқылы алқап» хикаясы, Дж. Уошингтонның ролін Джим Маккини орындаған.
- 2014 жылы «Бұрылыс» хикаясы, Дж. Уошингтонның ролін Йен Кан орындады.
Дереккөздер
- GEORGE WASHINGTON BIRTHPLACE. National Monument (ағыл.) (20 January 2001). Тексерілді, 12 наурыз 2013. Мұрағат көшірмесі 15 наурыздың 2013 Wayback Machine мұрағатында
- Bible Record for Washington Family (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 наурыз 2013. Тексерілді, 12 наурыз 2013.
- Bell William Gardner Commanding Generals and Chiefs of Staff: 1775–2005; Portraits & Biographical Sketches of the United States Army's Senior Officer — Center of Military History – United States Army, 1983. — P. 52, 66. — ISBN CMH Pub 70–140160723760.
Сілтемелер
- Джордж Вашингтон - настоящий американский герой. Программа «Эха Москвы» из цикла «Всё так» (орыс.)
- George Washington IMDB
- Washington: The Forging of a Nation MDB
- The Crossing IMDB
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Vashington ajryk degen betti karanyz Dzhordzh Vashington agylsh George Washington 22 akpan 1732 Bridzhs Krik Virginiya otary 14 zheltoksan 1799 Maunt Vernon Virginiya amerikandyk memleket sayasi zhәne әskeri kajratker AҚSh tyn tungysh prezidenti 1789 1797 AҚSh tәuelsizdigi үshin sogysta Kontinentaldi Armiyanyn Ұlybritaniyany zhenuine zhetekshilik etken Қurama Shtattardyn negizin kalaushylardyn biri Vashington 1788 zh birauyzdan AҚSh prezidenti bolyp sajlandy Prezident kyzmetin eki merzim atkardy Dzhordzh Uoshington agylsh George WashingtonLauazymyTu AҚSh tyn 1 prezidenti Tu30 sәuir 1789 4 nauryz 1797Vice prezident Dzhon AdamsIzashary lauazym kurylganIzbasary Dzhon AdamsTu AҚSh armiyasynyn bas kolbasshysy Tu13 shilde 1798 14 zheltoksan 1799Prezident Dzhon AdamsVice prezident Tomas DzheffersonIzashary Dzhejms UilkinsonIzbasary Aleksandr Gamilton19 mausym 1775 23 zheltoksan 1783Izashary lauazym pajda boldy tungysh kolbasshy retinde oziIzbasary Genri NoksӨmirbayanyDini Anglikanizm Episkoptyk shirkeu Dүniege kelui 22 akpan 1732 1732 02 22 Virginiya Қajtys boluy 14 zheltoksan 1799 1799 12 14 67 zhas Virginiya AҚShZherlendi Maunt Vernon VirginiyaӘkesi Avgustin UoshingtonAnasy Mariya Bol UoshingtonZhubajy Marta Dandridzh UoshingtonBalalary asyrandy Deniel 1751 1754 Frensis 1753 1757 Dzhon 1754 1781 Marta 1756 1773 ҚoltanbasyDzhordzh Uoshington Ortakkordaondeu Өmirinin bastapky kezenderiUoshingtonnyn tugan zheri AҚSh tarihyndagy en tanymal tulgalardyn biri Dzhordzh Uoshington 1732 zhyly 22 akpanda Soltүstik Amerikada Virginiya shtatyndagy Uestmorlend manynda dүniege keldi Onyn әkesi Avgustin Uoshington sol kezdegi iri plantatorlardyn biri boldy Қajsar da enbekkor Avgustin balasy on bir zhaska tola bere dүnieden otedi zhas Uoshington әkesinin agasy Lourenstin kolynda osedi Onyn әjeli Annanyn agylshyndyk dvoryandyk әuletten boluy Dzhordzhdyn zhaksy tәlim tәrbie men bilim aluyna mүmkindik beredi Olar Dzhordzhdy kamkorlygyna alyp eshkandaj muktazhdyk kormeuin kadagalajdy Algashkyda zher olsheushi mamandygy bojynsha okygan zhas Dzhordzh matematika men topografiyany zhaksy mengeredi birak kop uzamaj әskeri zholdy tandauga bel buady 1751 zhyly Dzhordzhga әkesinin Ogajo ozeni bojyndagy plantaciya muragerlikke beriledi Kop uzamaj balasyndaj tәrbielep osirgen Lourens te okpe auruynan kajtys bolady Algashkyda oz plantaciyasynda enbek etken Dzhordzh oz shtatyndagy әskeri kimyldarga katysady zhәne major әskeri shenine ie bolady Bul kezde Zhetizhyldyk sogys zhүrip zhatkan bolatyn Bul sogys XVIII gasyrdagy en iri zhanzhaldardyn katarynan oryn alady Zhetizhyldyk sogys Europa men Soltүstik Amerikada gana emes Үndistan men Filippin zherinde de zhүrdi Ogan negizinen europalyk iri derzhavalarmen katar orta zhәne usak elder de Soltүstik Amerikadagy kejbir үndis tajpalary da katysty Soltүstik Amerikadagy agylshyn otary katarynda bul sogyska Dzhordzh Uoshington da katysty Zheti zhyldyk sogys kezindegi UoshingtonUoshingtonnyn Ogajo zhurnalyndagy Journal to the Ohio kartasy 1753 1754 1754 zhyly Dzhordzh Uoshington Ogajo ozeni ajmagynda shagyn әskeri ekspediciyany baskarady Francuzdardy osy ajmakty uryssyz tastap shyguga kondirmek bolgan Uoshingtonnyn әreketinen eshtene shykpajdy Onyn shagyn otryady toskauylga tap bolyp francuzdarga tutkynga tүsip kalady Birak francuzdar tutkyndarga mejirimdilik tanytyp olardy agylshyn әskerleri bakylau zhasap otyrgan Virginiya shtatyna karaj zhiberedi 1755 zhyly Uoshington Virginiya shtaty zhasaktarynyn kolbasshysy bolyp tagajyndalady zhәne podpolkovnik shenine ie bolady Ol sonymen katar Virginiyadagy britan әskerlerinin bas kolbasshysy general Edvard Bredoktyn de komekshisi bolady Olar tagy da Ogajo zhazygyna zhoryk zhasajdy zhәne ekinshi ret francuz әskerlerinin toskauylyna tap bolyp general Bredok okka ushady Әskerge basshylyk zhasaudy kolga algan Uoshington zhauyngerlerdi korshaudan alyp shygady Osy әreketi үshin ogan general sheni beriledi 1756 zhyldan bastap Uoshington Virginiya shekarasyn korgaudy baskarady 1757 zhyldyn sonynda Soltүstik Amerikadagy francuz әskerleri tolyk tolkandalady Sogys ayaktalgandyktan Uoshington agylshyn әskeri kyzmetinen bosatyldy Maunt Vernondagy omiriCogys ayaktalgan son ol oz plantaciyasyna kelip sharuashylykpen ajnalysady temekinin zhana tүrlerin osiredi 1759 zhyly zhesir Marta Dendridzhge үjlenedi Martanyn algashky nekesinen tugan eki ulymen birge olar ozderinin plantaciyasynda Maunt Vernonda salauatty omir keshedi Zheti zhyl ishinde Maunt Vernonga eki myndaj konak keledi Olar әrtүrli takyryptardy soz etedi talkylajdy ozderinin kozkarastaryn bildiredi Osylajsha Maunt Vernon sayasi pikirtalas klubynyn ortalygyna da ajnalady Osy zhyldary Uoshingtonnyn sayasi kozkarasy kalyptasyp ol Virginiyadagy en ykpaldy sayasi tulgalardyn kataryna kosylady Kolledzhdik dengejde de bilim almagan Uoshington bilimin ozdiginen tolyktyrady zhәne Soltүstik Amerikanyn tәuelsizdigi turaly kozkarasyn ashyk bildire bastajdy 1757 zhyly John Wollaston salgan Marta Uoshingtonnyn sureti Uoshingtonnyn үjlenuinen kejingi Maunt Vernondagy үlkejtken үji 40 zhastaga Uoshington 1772 AҚSh tәuelsizdigi үshin kүresiTrentondagy general Dzhordzh Uoshington John Trumbull sureti 1792 1758 1774 zhyldary Virginiya zan shygaru zhiynyna mүshe bolady 1769 zhyly Virginiyada metropoliyanyn yagni Angliyanyn tauarlaryna bojkot zhariyalajtyn birlestik kurylady 1774 zhyly Birinshi kontinentaldy kongres kurylganda onyn algashky zheti delegatynyn biri bolgan Uoshington kop uzamaj kontinentaldy armiyanyn bas kolbasshysy bolyp sajlanady Ol en aldymen әskeri tәrtip pen әskeri sheberlikti nygajtuga kүsh saldy Osylajsha mykty da tәrtipti әsker kurylady Nәtizhesinde Uoshington baskargan armiya algashky urystardan bastap ak zheniske zhete bastajdy 1775 zhyly iri Boston kalasyn korshauga alady zhәne birneshe urystardan kejin 1776 zhyly nauryzda agylshyn әskerleri Bostondy tastap shyguga mәzhbүr bolady 1776 zhyly 4 mausymda Filadelfiya Kongresi on үsh shtattyn tәuelsizdigin zhariyalajdy Uoshington Delaver ozenin kesip otude 25 zheltoksan 1776 zhyl Emanuel Leutze 1851 Boston kalasyn algannan kejin Dzhordzh Uoshington Nyu Jork kalasyn ustap turuga әrekettenedi Birak agylshyndarga kosymsha әskeri komek kelip үlgeredi Gudzon ozeni arkyly kelgen agylshyndar adam sany zhoninen de karu tүrinen birneshe ese asyp tүskendikten Uoshington Nyu Jork kalasyn tastap shygyp Pensilvaniyaga karaj sheginedi Үsh mynnan sәl gana asatyn әskerdin 30 myndyk agylshyn armiyasyna totep beruge shamasy kelmejdi Sonymen birge Uoshington әskeri azyk tүlik pen ok dәriden de muktazhdyk koredi Uoshington kenetten shabuyl zhasau taktikasyn koldanyp birneshe ret zheniske zhetedi azyk tүlik pen ok dәrige de ie bolady Trenton manyndagy shajkasta Uoshington әskeri 900 agylshyn әskerin zhәne iri karu zharak kojmasyn kolga tүsiredi General Uoshington men Lafajet Velli Fordzhtagy armiyany tekseru үstinde Uoshington 1777 zhyly zhana tәuelsiz memlekettin astanasy bolgan Filadelfiya kalasyn agylshyn әskerlerinin shabuylynan sәtti korgajdy Osy zhyly Saratoge manyndagy shajkasta britandyk general Dzhon Berdzhojnnyn әskeri korshauga alynady zhәne olar birneshe kүnnen kejin beriluge mәzhbүr bolady Bul zhenisterdin eshkajsysy onaj kelgen zhok 1777 1778 zhyldary auyr kysta Uoshington әskerinin koptegen zhauyngeri suyk pen ashtyktan da aurudan da olgen edi Tәuelsizdik үshin kүresushilerdin zhagdajy 1778 zhyldyn zhaz ajynda Franciyanyn Angliyaga karsy sogys zhariyalauynan kejin birshama tүzele bastajdy Uoshington әskeri francuzdardan әskeri karu zharak komegin alady Franciya floty agylshyndardyn teniz kүshterin әlsiretuge de komek beredi agylshyndardyn teniz arkyly keletin komegi shekteledi 1779 zhyly Angliyaga karsy Ispaniya 1780 zhyly Gollandiya sogys zhariyalajdy Sondyktan da agylshyndar negizgi әskeri kүshterin Europa zherine audarady Degenmen de Soltүstik Amerikadagy urys әreketteri toktamajdy Sheshushi urys kimyldary 1780 zhyly zhүrgiziledi Soltүstik zhәne Ontүstik Karolinadagy uryska basshylyk etken britandyk Charlz Kornvallis әskeri Charlstondy basyp alady zhәne 16 tamyzda Kamden tүbindegi shajkasta amerikandyktardy zhenedi Osydan kejin Ontүstik zhәne Soltүstik Karolina shtattary kajtadan agylshyndyktardyn bakylauyna otedi Birak kop uzamaj Uoshington serikterinin biri general Nataniyal Grin baskargan amerikandyktar iri zheniske zhetedi Agylshyndar eki Karolina zherin de tastap shyguga mәzhbүr bolady Bul ajmakta olardyn ieliginde Charlston okrugi gana kalady 1781 zhyly kyrkүjekte Uoshingtonnyn 11 myndyk әskeri francuz generaly Zhan Batista Roshambanyn 7 myndyk әskerinin koldauymen Jorktauyn korshauyn buzyp otedi Osy zhyly 19 kazanda 8 myndyk Kornvallis әskeri tize bүgedi Osylajsha Soltүstik Amerikadagy sogys kimyldary is zhүzinde ayaktalady 1782 zhyly 30 karashada Parizhde Қurama Shtattar men Angliya arasynda bitimge kol kojylady Angliya Soltүstik Amerikadagy oz otarlarynyn tәuelsizdigin tanuga mәzhbүr bolady Birak Kanada Angliyanyn kol astynda kalady 1783 zhyldyn sonynda britan әskerleri AҚSh zherin tүpkilikti tastap shygady Sonymen katar agylshyndar katarynda sogyskan shtattardyn tәuelsizdigine karsy bolgandar da Amerikadan ketedi Olar bүkil otbasy mүshelerimen birge 100 myndaj adamdy kurady 1783 zhyldyn sonynda kontinentaldy armiya taratylady Bas kolbasshy Uoshington ozinin okilettigin oz erkimen toktatady zhәne ozinin imeniesi Maunt Vernonga koship keledi Birak sayasi kyzmetin toktatpajdy elde bolyp zhatkan sayasi zhagdajdy bakylauyn zhalgastyrady shtattar үkimetterine үnemi hat zholdap eldin ydyrauyna zhol bermeu үshin ortalyk bilikti kүshejtu zhoninde akyl kenester berumen bolady Kejingi kezenderUoshington Қurama Shtattar Konstituciyasyna kol koyu үstinde 17 kyrkүjek 1787 zhyl Howard Chandler Christy salgan suret 1940 zhyl Tәuelsizdik үshin kүres zhyldaryndagy Uoshingtonnyn bedeli men abyrojy ol kyzmetinen ketkennen kejin de arta tүsti Amerikandyktar ony ulttyk batyr mәrtebesine dejin koteredi Onyn atak danky halykaralyk kauymdastykka da belgili boldy Onyn әskeri ujymdastyrushylyk kabiletimen katar diplomatiyalyk oneri de Franciyamen birlesip agylshyn metropoliyasyna karsy koaliciya kuruga kol zhetkizdi 1787 zhyly Dzhordzh Uoshington Filadelfiyadagy Konstituciyalyk konventtin toragasy bolyp sajlanady Onyn toragalygymen AҚSh Konstituciyasy zhasalyp 1787 zhyly 17 kyrkүjekte kabyldanady Uoshington Konstituciya avtorlarynyn biri bolmaganymen el Konstituciyasyn kabyldau kezindegi әrtүrli kozkarastar men talas pikirlerdi tarazyga saluda salmaktauda olardy mәmilege keltirude үlken tabandylyk pen batyldyk tanytady Konvent toragasy Uoshingtonnyn basshylygymen әlemdik tarihtagy algashky Konstituciya dүniege keldi Onyn basshylygymen Konstituciyaga Қukyk turaly bill degen ataumen belgili bolgan togyz tүzetu engizildi Osy tүzetulerdin negizinde soz ar ozhdan zhinalys odaktar kuru menshikke ie bolu bostandyktary tүpkilikti bekitildi Қurama Shtattardyn birinshi prezidentiGilbert Styuart 1796 zhyly salgan Dzhordzh Uoshingtonnyn portreti 1789 zhyly akpanda Dzhordzh Uoshington AҚSh tyn tungysh prezidenti bolyp sajlanady Osy zhyly 30 sәuirde prezidenttik ant beruden kejin zhogary lauazymdyk kyzmetin bastajdy 1792 zhylgy sajlau aldy naukanga katyspaganymen halyktyn usynysymen ekinshi ret prezidenttik sajlauga tүsedi zhәne tankalarlyk zheniske zhetedi Ogan tandaushylardyn 100 y dauys beredi Mundaj zhagdaj el tarihynda budan kejin kajtalangan emes Uoshington үshinshi ret sajlauga tүsuden bas tartady zhәne әrbir prezidentinin eki retten artyk sajlanbauy kerektigi turaly oz ojyn bildiredi Bul dәstүr Franklin Ruzvelttin tort ret sajlanuyn eseptemegende әli kүnge dejin buzylgan emes Eki retten artyk sajlanbau normasyn 1950 zhyldary AҚSh Kongresi zan zhүzinde bekitti Dzhordzh Uoshington ozinin sayasi kyzmetinde elde demokratiyalyk үrdisterdi zhәne Konstituciyaga degen kurmet sezimin kalyptastyruga kobirek kүsh saldy Biliktin үsh tarmagy men olardyn tepe tendigin zhetildirude de kop enbek sinirdi Uoshington Kongreske Zholdau arnau tәzhiribesin bastap berdi Қazir bul үrdis әlemnin koptegen elderinde bar Ol sonymen katar AҚSh tagy eki partiyalyk zhүjenin negizin kalaushylardyn da biri bolyp tabylady Bul dәstүr de kazirgi kүnge dejin zhalgasyp keledi Ұlt әkesiDzhordzh Uoshingtonnyn Ұltka arnauyn 19 kyrkүjek 1796 zhyl 1796 zhyly kyrkүjekte Dzhordzh Uoshington ozinin atakty Ұltka arnauyn koshtasu Zholdauyn arnajdy Tungysh prezident ozinin bul Zholdauynda shtattar arasyndagy birlikti nygajtuga sybajlas zhemkorlykka karsy bүkil el bolyp kүresuge memlekettik karzhyny barynsha үnemdeuge bejbit uakytta үlken armiya ustamaudy amanat etti halykty sayasi kikilzhinnen tartynudy sayasi partiyalardyn arzan sozine mukiyat boludy din men moral kagidattaryn katan tүrde saktaudy usyndy Өmirinin songy zhyldaryUoshington olim aldynda Dzhordzh Uoshington omirinin songy zhyldaryn Maunt Vernonda ozinin otbasynda zhәne ozine kelushiler ortasynda otkizdi Osy zherde zhakyn manda salynyp zhatkan eldin bolashak astanasyn zhii baryp korip turdy Kejinnen Ak үj dep atalgan Prezident әkimshiligi gimaratynyn orny da Uoshingtonnyn tandauymen zhasaldy Kopshilik onyn kurmetine Dzhordzhiya dep atagan Dzhorzhtaun 1871 zhyly Uoshington kalasy bolyp AҚSh tyn astanasy atandy Өlimi Ұlt әkesi atangan Dzhordzh Uoshington 1799 zhyly 13 zheltoksanda salt atpen zhүrip kar aralas zhanbyr asynda kalyp kojyp suyk tigizip alady zhәne pnevmoniyadan densaulygy kүrt nasharlap kelesi kүni bul dүnieden ozady AҚSh memleketinin bastauynda turgan onyn negizin kalagan eldin tungysh memleket basshysy bolgan eldegi demokratiyalyk instituttar men kagidalaryn kalyptastyruga ajryksha enbek sinirgen Dzhordzh Uoshingtonnyn tugan kүni 22 akpan bul elde Prezident kүni retinde atalyp otiledi Bul kүn 1885 zhyly resmi tүrde zhalpyulttyk mereke bolyp zhariyalandy 1971 zhyly AҚSh Kongresi merekelerdi dүjsenbige auystyru turaly zan kabyldajdy Osygan oraj Dzhordzh Uoshingtonnyn tugan kүnin yagni AҚSh tagy Prezident merekesi akpan ajynyn үshinshi aptasyndagy dүjsenbi kүni bolyp belgilendi Bүkil amerikalyk zhurtshylyk kurmettejtin onyn ruhyna bas ietin Tungysh Prezidenttin mundaj kurmetke әbden lajykty ekendigin әrbir amerikandyk ta mojyndajdy Tarihi zerdeDzhordzh Uoshingtonnyn atymen 1917 zhyly asteroid atalgan Ukrainanyn Lvov kalasynda Dzhordzha Uoshingtonnyn atyn koshege bergen Dzhordzha Uoshingtonnyn atymen Kaliforniya shtaty taldyn aty atalgan Giganttyk sekvoya talynyn atyn Uoshington dep kojgan 1976 zhyly Dzhordzh Uoshingtonga AҚSh armiyasynyn generaly sheni berilgen Kinematografta1939 zhyly Bostandyk uldary Sons of Liberty filmi shykkan Dzh Uoshingtonnyn rolie Montegyu Lav oryndady 1959 zhyly Dzhon Pol Dzhons John Paul Jones atty film Dzh Uoshington rolin Dzhon Krouford oryndagan 1984 zhyly Dzhordzh Uoshington George Washington hikayasy 1986 zhyly Dzhordzh Uoshington Ұlttyn kalyptasuy George Washington The Forging of a Nation hikayasy 2000 zhyly Torap The Crossing filmi 2008 zhyly Dzhon Adams hikayasy Dzh Uoshingtonnyn rolin Devid Mors oryndagan 2013 zhyly Ұjkyly alkap hikayasy Dzh Uoshingtonnyn rolin Dzhim Makkini oryndagan 2014 zhyly Burylys hikayasy Dzh Uoshingtonnyn rolin Jen Kan oryndady DerekkozderGEORGE WASHINGTON BIRTHPLACE National Monument agyl 20 January 2001 Tekserildi 12 nauryz 2013 Muragat koshirmesi 15 nauryzdyn 2013 Wayback Machine muragatynda Bible Record for Washington Family agyl Basty derekkozinen muragattalgan 15 nauryz 2013 Tekserildi 12 nauryz 2013 Bell William Gardner Commanding Generals and Chiefs of Staff 1775 2005 Portraits amp Biographical Sketches of the United States Army s Senior Officer Center of Military History United States Army 1983 P 52 66 ISBN CMH Pub 70 140160723760 SiltemelerDzhordzh Vashington nastoyashij amerikanskij geroj Programma Eha Moskvy iz cikla Vsyo tak orys George Washington IMDB Washington The Forging of a Nation MDB The Crossing IMDB