Латифундизм (лат. latifundium – латифундия, latus – байтақ, fundus – жер иелігі) – ірі помещиктік имениеге – латифундияға негізделген жер иемдену жүйесі. Латифундизм алғашқы рет Ежелгі Римде пайда болды. Рим шонжарлары жеңіп алған тайпаларының байтақ жерлерін иемденді. Латифундиз біздің заманымыздың 1 ғасырында барлық жерге тарады. Құл иеленушілік құрылыстың ыдырауына байланысты латифундия ұсақталып, колондарға жалға берілді. Феодализм тұсында Латифундизм шаруашылық жүргізудің негізіне айналып, крепостной шаруаның еңбегін пайдаланды. 17-18 ғасырдағы Америкадағы құл иеленушілік плантациялар Латифундизмнің өзінше бір түрі еді. «Америкадағы мысал латифундияларды ірі капиталистік егіншілікпен шатастыру соншалықты ұшқарылық болатындығын, латифундиялардың капитализммен бұрынғы құлдық, феодалдық немесе патриархтық қатынастардың қалдығы болатын реттерді жиі болып отыратынын бізге айқын көрсетеді» . Орта ғасырлық жер иеленушіліктің сарқыншағы – Латифундизмнің сақталуы капитализмнің ауыл шаруашылығында баяу дамуын, яғни ауыл шаруашылығының пруссиялық (қ. Аграрлық мәселе) жолмен дамуын тудырды. Батыс Еуропадағы буржуазиялық революция (16-18 ғасыр) Латифундизмге соққы болып тиді. 20 ғасырда ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы бірқатар елдерде (Португалия, Испания, Түркия, , Латын Америкасының көпшілік елдерінде т.б.) кәсіпкерлік – помещиктік латифундиямен қатар өрістеді. Помещик-латифундистер жалдамалы теңбекті кеңінен пайдаланады және жерінің бір бөлігін арендаға береді. Шаруалар мен жұмысшылардың помещиктік қанаушылыққа қарсы күресі бірқатар елдердің билеуші топтарын латифундизм негізін шайқалтатын реформалар жүргізуге мәжбүр етті.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Latifundizm lat latifundium latifundiya latus bajtak fundus zher ieligi iri pomeshiktik imeniege latifundiyaga negizdelgen zher iemdenu zhүjesi Latifundizm algashky ret Ezhelgi Rimde pajda boldy Rim shonzharlary zhenip algan tajpalarynyn bajtak zherlerin iemdendi Latifundiz bizdin zamanymyzdyn 1 gasyrynda barlyk zherge tarady Қul ielenushilik kurylystyn ydyrauyna bajlanysty latifundiya usaktalyp kolondarga zhalga berildi Feodalizm tusynda Latifundizm sharuashylyk zhүrgizudin negizine ajnalyp krepostnoj sharuanyn enbegin pajdalandy 17 18 gasyrdagy Amerikadagy kul ielenushilik plantaciyalar Latifundizmnin ozinshe bir tүri edi Amerikadagy mysal latifundiyalardy iri kapitalistik eginshilikpen shatastyru sonshalykty ushkarylyk bolatyndygyn latifundiyalardyn kapitalizmmen buryngy kuldyk feodaldyk nemese patriarhtyk katynastardyn kaldygy bolatyn retterdi zhii bolyp otyratynyn bizge ajkyn korsetedi Orta gasyrlyk zher ielenushiliktin sarkynshagy Latifundizmnin saktaluy kapitalizmnin auyl sharuashylygynda bayau damuyn yagni auyl sharuashylygynyn prussiyalyk k Agrarlyk mәsele zholmen damuyn tudyrdy Batys Europadagy burzhuaziyalyk revolyuciya 16 18 gasyr Latifundizmge sokky bolyp tidi 20 gasyrda auyl sharuashylygynda kapitalizmnin damuy birkatar elderde Portugaliya Ispaniya Tүrkiya Latyn Amerikasynyn kopshilik elderinde t b kәsipkerlik pomeshiktik latifundiyamen katar oristedi Pomeshik latifundister zhaldamaly tenbekti keninen pajdalanady zhәne zherinin bir boligin arendaga beredi Sharualar men zhumysshylardyn pomeshiktik kanaushylykka karsy kүresi birkatar elderdin bileushi toptaryn latifundizm negizin shajkaltatyn reformalar zhүrgizuge mәzhbүr etti