Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы — 1783–1797 жылдары Сырым Датұлының басқаруында болған Кіші жүзінің қазақтарының қозғалысы.
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы | |
Негізгі қақтығыс: Қазақтардың көтерілістері | |
Дата | |
---|---|
Орын | қазіргі Қазақстан жері |
Себеп | теңсіздік, қазақтардың казактарға төлеген алым-салықтың әділетсіздігі |
Нәтиже | қозғалыстың басылуы |
Емельян Пугачёв бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.
Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.
- Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.
- Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
- Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды.
Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч.Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
Шығу себебі
1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар аманат беруге тиісті болды.
1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.
1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді.
Алғашқы кезеңі
1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді. бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.
1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден біржолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.
Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.
1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.
1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.
II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты.
Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган — расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.
1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында Тіленші, Жәнібек және сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті.
Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсы болды.
Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды.
1786—1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады.
Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - «расправалардың» құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен сұлтандардың қарама-қарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патша үкіметіне тіпті де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы іске аспай қалды.
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді.
1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды.
Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды жиілетіп жіберді.
1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан соң бекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796 жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді.
Ақырғы кезеңі
1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.
Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.
Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Syrym Datuly bastagan kazaktardyn ult azattyk kozgalysy 1783 1797 zhyldary Syrym Datulynyn baskaruynda bolgan Kishi zhүzinin kazaktarynyn kozgalysy Syrym Datuly bastagan kazaktardyn ult azattyk kozgalysyNegizgi kaktygys Қazaktardyn koterilisteriData1783 1797Orynkazirgi Қazakstan zheriSebeptensizdik kazaktardyn kazaktarga tolegen alym salyktyn әdiletsizdigiNәtizhekozgalystyn basyluyBul үlgini koru talkylau ondeu Emelyan Pugachyov bastagan sharualar koterilisi basylgannan kejin patsha үkimeti Kishi zhүz kazaktarynyn koshpeli kauymyna otarshyldyk ezgini kүshejtip zhiberdi Sondyktan da kazaktardyn koteriliske shyguy tipti de kezdejsok nәrse emes edi Onyn ozindik sebepteri boldy Birinshiden shekara shebinin ishki zhagyna uakytsha otken kazaktarga kojylatyn talaptar tym katajtyla tүsti Onda kez kelgen kazakty onyn kezdejsok baska bir rulasy zhasagan kukyk buzushylyk әreketi үshin ustap alyp ajyptauga bolatyn edi Ekinshiden Oral kazak әskerleri tarapynan buryngysynsha dala tosindegi әskeri izdestiruler toktatylmady Үshinshiden Nuraly hannyn zhәne onyn toniregindegilerdin bedeli zhyl otken sajyn tomendej berdi Ol birte birte patsha үkimetinin kolyndagy kuyrshak kolshokparga ajnala bastady Mәselen Nuraly han Orynbordan zhyl sajyn zhalaky alyp turdy Olardyn tarapynan halyktyn mun muktazhyna konil bolinbedi Hannyn otbasyndagylar mal zhajylymdaryn ozderinshe zhәne oz pajdalaryna kalaj kalasa solaj boliske saldy Koterilisti halykka keninen tanymal batyr Syrym Datuly baskardy Ol Kishi zhүzdin ishindegi on eki ata Bajuly birlestiginin bajbakty ruynan shykkan iri tulga bolatyn Datuly Emelyan Pugachev bastagan sharualar koterilisinin barysynda ozin sheber diplomat әskeri kolbasshy әri kornekti ujymdastyrushy retinde korsete bildi Koterilisshilerdin zhetekshisi әri sheshen әri bi retinde oz dankyn asyrgan edi Askan akyldylygy men tapkyrlygy үshin bala kezinde ak Bala bi atangan bolatyn Syrym Datulynyn dene kүshi de zor edi Zheke oz basynyn erligi men kajyspas kajsar batyrlygy erekshe erik kүshi tangaldyratyn Өz zamandastarynyn arasynda at kulagynda ojnajtyn shabandozdygymen de erekshelenetin XIX gasyrdyn ekinshi zhartysynda omir sүrgen agylshyn zhurnalisi D Ch Bulzher bylaj dep zhazdy Syrym batyr zhigerli teren ojly kajratty batyl tapkyr ajlaly erekshe tulga Ol halyktyn sүjispenshiligine bolengen halyk ogan tabyngan dese de bolady Koteriliske karapajym koshpeli kazaktardyn edәuir boligi starshyndar biler zhәne batyrlar belsene katysty Olardyn bәri de Kishi zhүzdegi barlyk rulyk birlestikterdin әsirese Resejmen shektes zherlerdegi rulardyn okilderi bolatyn Өjtkeni zhajylym tapshylygynyn auyrtpalygyn kotergen de Oral kazak әskerlerinin shekten shykkan ozbyrlygyn korgen de solar bolatyn Koterilisshilerdin arasynda sultandar tobynan shykkandar da bar edi Mәselen atakty batyrdyn zhakyn serikterinin biri Ajshuak sultannyn uly Zhantore boldy Koterilisshilerdin kojgan en basty talaby patsha үkimetinin kazak zherlerin tartyp aluyn toktatu sultandardyn hannyn zhәne olardyn ajnala toniregindegilerdin ozbyrlygyna tyjym salu boldy Shygu sebebi1782 zhyldyn ayak kezinde patsha үkimetinin zharlygy shygyp onda kazaktardyn Zhajyktyn on zhagalauyndagy ajmaktarga kys mezgilinde zhajylymdyk zherlerdi zhalga alu arkyly gana uakytsha otuine rүksat etildi Oral kazaktary bul zharlykty oz mүddesine pajdalana kojdy kazaktardyn zherin kazaktardyn zhalga aluyna tyjym salyndy Oral shekara shebindegi bekinisterdin kүzeti kүshejtildi Қazaktar amanat beruge tiisti boldy 1782 1783 zhyldyn kysynda shekara shebinin ishki zhagynda kazaktar kazaktardyn 4 mynnan astam zhylkysyn kүshpen tartyp aldy Қystyn ote suyk boluy zhagdajdy odan sajyn kiyndatyp zhiberdi Zhut bastaldy Dala turgyndarynyn 10 000 nan astam zhylkysy men siyry kyrylyp kaldy Mine osyndaj kiyn kystau zhagdajda Kishi zhүzdin shekara shebine tayau auyldarynda bukaralyk kozgalys bastalyp ol kop uzamaj azattyk kүresine ulasty 1783 zhyldyn kokteminde kazaktar Oral shekara shebine shabuyl zhasaj bastady Қazak zhasagy Giryal bekinisindegi soldattardy tutkynga alyp maldaryn ajdap ketti Orynbordyn soltүstik shygysynda tama ruynyn zhasaktary shabuyldaumen boldy Orynbor komendanty kazak dalasyna Orynbor kazaktarynyn zhazalaushy әskerleri men bashkurttardyn 1500 sarbazyn zhiberdi Қazak koterilisshileri olarga tabandylykpen karsylyk korsetti Қazaktardyn tastan turgyzgan bekinisi dushpannyn basa koktep birden lap kojgan shabuyly kezinde alyndy Tutkynga alyngan 56 adam kazynalyk zhumystardy atkaruga zhiberildi Algashky kezeni1783 zhyldyn zhazynda kazaktardyn әskeri bekinister men sauda keruenderine shabuyly zhiilej tүsti Munyn ozi orys memleketinin Orta Aziya handyktarymen zhasalatyn sauda sattyk dengejin kuldyrata tomendetip zhiberdi birden lap kojgan shabuyl zhasaldy Koterilisshiler Orynbor men eki arasyn bajlanystyratyn dangyl zholdy oz bakylaularyna aldy Koterilisshilerdin Or Zhamankala kamaly men Tomengi Oral ajmagyndagy kimyly erekshe belsendi boldy 1785 zhyly kazak zhasaktary Tomengi Oral shekara shebinin ajmagynda patsha үkimetinin әskerlerimen keskilesken shajkaska tүsti Syrym Datuly 2700 sarbazy bar zhasakka starshyn Barak Zhanuzakuly 2000 Tilenshi batyr 1500 sarbazy bar zhasaktarga basshylyk etti Bularga karsy kazaktardyn үsh otryady zhasaktaldy 1785 zhyly ru starshyndarynyn Nuraly hanmen zhәne onyn toniregindegilermen aradagy kүresi kүsheje tүsti Hannyn halyk koterilisin basyp zhanshyp toktatuga murshasy kelmedi Ol ol ma koterilisshiler halykka zheksuryn bolgan ony ornynan tүsirudi talap etti Қazaktardyn da otarshyl bileushilerdin de koz aldynda ozinin bedelinen zhurdaj bolgan Nuraly han 1786 zhyly Kishi zhүzden birzholata kuyldy Ol endigi zherde patsha biliginin kamkorlygyna alyndy Biraz uakyt bekinisinde zhasyryn turdy Sodan kejin 1790 zhyly Ufaga zher audarylgan Nuraly han akyrynda sonda kajtys boldy Baron Igelstromnyn reformalary zhәne Kishi zhүzde han biligin zhoyu әreketteri Қalyptaskan zhagdajda patsha үkimetinin aldynda turgan endigi mindet Kishi zhүz kazaktaryn baskarudyn zhana tүrlerin ojlap tabu edi 1784 zhyly Orynbor guberniyasynyn bastygy bolyp O G Igelstrom keldi Ol ajmakty baskaru zhonindegi ikemdi sayasat zhүrgizuge kabiletti adam retinde belgili bolatyn Kishi zhүz kazaktary arasyndagy zhagdajdy tez tүsinip үlgerdi Bilikti biler kenesine berudi zhaktagan Syrym batyrdyn ykpalyn әlsiretuge tyrysty 1786 zhyly O Igelstrom han biligin reformalaudyn zhobasyn usyndy Ol reformanyn mәni han biligin tolygynan zhoyu Orynborda Shekaralyk sotbiligin ornatu edi Kishi zhүzdi rulyk tajpalyk zhүje bojynsha Әlimuly Bajuly zhәne Zhetiru etip үshke bolu usynyldy Onyn әrkajsysynda sot biligin zhүzege asyratyn әkimshilik organdar ru aksakaldary kiruge tiisti raspravalar kurylatyn boldy Onyn kuramyna toraga onyn aksүjekterden tagajndalatyn eki orynbasary zhәne bir molda engiziletin boldy Olardyn atkaratyn zhumysy үshin kazyna esebinen zhalaky toleu kozdeldi II Ekaterina Igelstromnyn bul usynysyn koldady Kishi zhүz aumagynda eki ne үsh kala birneshe meshit aksүjekterdin balalary okityn mektepter salynatyn boldy Bul sharalardyn bәri de Kishi zhүz kazaktarynyn Resej imperiyasynan irgesin aulak salyp sayasi okshaulanuyn zhoyuga tiis edi Birak Igelstromnyn reformasy Kishi zhүzdegi sultandar men starshyndardyn narazylygyn tugyzdy Өjtkeni olar kazak dalasyndagy oz ykpalynan ajyrylgysy kelmedi Orta zhүz ben Ұly zhүzdegi Shyngys әuletteri de osylaj dep ojlap olarmen yntymaktastyk tanytty Sondyktan da Igelstrom usyngan zhana baskaru organdary omirge bejim bolmaj shykty Әkimshilik organ raspravalar is zhүzide bas kosyp zhinalgan zhok eshkandaj zhumys ta atkarmady Handykty koldaushy sultandar Batyr sultannyn uly Қajypty han sajlady 1786 zhyly starshyndardyn sezi otti Onda tek kana Shekaralyk sot kuruga kelisim berildi Sottyn kuramyna alty ru starshyny sajlandy Zhana әkimshilik organ kuramyna sajlangandardyn arasynda Tilenshi Zhәnibek zhәne siyakty bedeli kүshti kazaktar da boldy Munyn ozi lauazymdy әkimshilik kyzmetinde kazak ru starshyndarynyn sultandardy ygystyryp auystyra bastaganyn korsetti Alajda mundaj sajlau Kishi zhүzdin үsh ak ruynda bolyp otti Sojtip Shekaralyk sot Kishi zhүzdin bүkil rularymen zhogary dәrezheli biler toby arkyly bajlanys zhasaj almady Sonyn saldarynan Kishi zhүzdegi sayasi zhagdajga ykpal etu mүmkin bolmaj kaldy Sultandar kazak dalasynda raspravalar kuruga үzildi kesildi karsy boldy Shekaralyk sottyn kuryluyn pajdalana kojgan starshyndar zher turaly Edil men Zhajyk arasynda kysky kezdegi mal zhajylymynyn kolemin ulgajtu turaly mәsele koya bastady Olar sonymen katar bos zhatkan zhajylymdardy zhalga beru tәrtibin zhoyudy da usyndy General gubernator bos zhatkan zhajylymdardy zhalga alyp ogan aky toleu tәrtibin gana zhojdy Al zheke menshiktegi zherlerdi zhalga beru tәrtibi saktalyp kaldy Sonymen katar Shekaralyk sheptin ishki zhagyna otu үshin amanat tapsyru tәrtibi ornatyldy 1786 1787 zhyldardyn kysynda kazaktardyn Edil men Zhajyk aralygyna zhappaj koshui bastaldy Starshyndar ozderinin talaptaryn kүshejte tүsti Olar Kishi zhүzden Resejge kashyp ketken kuldardy kajtaru mәselesin de kozgady Igelstrom starshyndardyn talabyn ishinara gana kanagattandyrdy Birak kazaktardyn shekara shebindegi bekinisterge shabuyl zhasauyn toktatudy shart etip kojdy Қazak starshyndary bugan zhauap retinde shekara shebindegi әkimshilik pen Oral kazaktarynyn tarapynan kazaktarga kүsh korsetip ozbyrlyk zhasauyn toktatudy talap etti Zhana әkimshilik organ raspravalardyn kuryluy sultandardy Kishi zhүz kazaktaryn bileu zhүjesinen shettetude eleuli rol atkardy Bul zhagdaj sultandardyn patsha үkimetine karsy narazylygyn kүshejtti Өjtkeni olar ozderinin artykshylyktarynan ajyryla bastagan bolatyn Sojtip Kishi zhүzde okimet biligin zhүzege asyru mәselesi zhoninde sultandar men starshyndar arasyndagy kүres odan әri zhalgasa tүsti Starshyndar men sultandardyn karama karsylygy bastaldy Syrym batyr patsha үkimetinin ykpalynan birzholata shygyp ketuge bagyttalgan sharalar kabyldaj bastady Munyn ozi patsha үkimetine tipti de unagan zhok Igelstromnyn reformasy iske aspaj kaldy Syrym Datuly Hiua handygymen kazaktarga karu zharak atty әsker azyk tүlikpen komektesu koterilis zhenilip kalgan zhagdajda koship konyp zhүru үshin Hiua handygynyn bir shetinen mal zhajylymyn beru zhoninde kelissozder zhүrgizdi 1789 zhyly Igelstrom Kishi zhүz kazaktaryn baskarudyn zhana zhobasyn usyndy Onda patsha үkimetinin kalauy eskerildi han biligin kajtadan kalpyna keltiru zhәne Kishi zhүzdi odan sajyn bolshektep alty rasprava kuru kozdeldi Han baskaratyn bas baskarma kuryldy Syrym batyrga prokuror kyzmeti usynyldy Zhana zhoba bojynsha patsha үkimeti Kishi zhүzde han men sultandardyn kukygyna shek koyudan bas tartty Birak bul zhoba da iske askan zhok Endi patsha үkimeti kazaktardyn Edil men Zhajyk aralygyndagy mal zhajylymdaryn pajdalanu kukyktaryna shek koyuga tyrysty Munyn ozi bul ajmaktagy karama karsylykty kүshejte tүsti Қazaktar Oral shekara shebindegi bekinisterge shabuyl zhasaudy zhiiletip zhiberdi 1791 zhyly Eraly sultan Kishi zhүzdin hany bolyp sajlandy Al ol kajtys bolgannan kejin Nuraly hannyn uly Esim sultan han boldy 1792 zhyly Syrym Datuly kuramynda 1000 sarbazymen Elek korganysyna shabuyl zhasady Sodan son bekinisin birden lap kojgan shabuyl arkyly almak boldy Birak myktap nygajtylgan bekinister men zhaksy karulangan korganysshylar koterilisshilerdin zhosparyn zhүzege asyrtpady Қazak zhasaktary әsirese 1796 zhyly erekshe belsendilik tanytty Өjtkeni bul zhylgy kysta bolgan zhutta mal zhappaj kyrylyp halyktyn zhagdajy nasharlap ketken edi Akyrgy kezeni1797 zhyldyn kokteminde Syrym Datulynyn zhasaktary han ordasyna shabuyl zhasap Esim handy oltiredi Bugan zhauap retinde patsha үkimeti kazak dalasyna zhazalaushy otryadtar zhiberdi Birak olar koterilisshilerdi kezdestire almady Kishi zhүzde han tagyna talas bastaldy Igelstrom Kishi zhүzdi baskarudy Han kenesine tapsyrudy usyndy Sojtip 1797 zhyldyn tamyz ajynan bastap Han kenesi zhumys istej bastady Otarshyl okimet biligi kartajyp kausap otyrian Ajshuak sultannyn koldady Birak sultandardan gana turatyn kazak aksүjekteri dәstүrli halyk zhiynyn otkizbej ak Қarataj sultandy han sajlauga asykty Munyn ozi sultandardyn Han kenesine degen karsylygyn bildirui edi Өjtkeni Han kenesinde starshyndardyn ykpaly kүshti bolyp shygatyn edi Syrym Datүly Han kenesinin kuramyna sajlanbaj kaldy da Syrdariya ozeni bojyna koship ketti Onda ol Әlimuly starshyndarynyn koldauyna ie boldy da Han kenesinin aldyna Kishi zhүzdegi zhagdajdy zhaksartu zhoninde mәsele kojdy Syrym batyr ruaralyk barymtany zhәne Oral kazaktarymen kaktygysty toktatuga kүsh saldy 1797 zhyly Ajshuak sultan han bolyp sajlandy Bul kandidaturany sultandar da ru starshyndary da koldady Han zhasy zhetip kartajgan adam edi Ol kazaktardyn arasynda bәlendej rol atkara algan zhok Kishi zhүzdegi sultandar men ru starshyndarynyn ozara tatulasuy Syrym Datulyn ozinin toniregine ru starshyndaryn buryngysynsha toptastyru sultandarga zhәne patsha әkimshiligine karsy kүresin zhalgastyra beru mүmkindiginen ajyrdy Syrym batyr Hiua handygyna koship ketti Halyk auzyndagy anyzga karaganda Syrym Datuly kejbir mәlimetterge karaganda 1802 zhyly ozinin sayasi karsylastarynyn kolynan kaza tapkan korinedi DerekkozderҚazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamүra 2008 352 bet suretti kartaly ISBN 9965 34 816 2 Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz