Шыңғыс хан әулеті – Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, Юань Қытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері. Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді, дегенмен Шыңғыс хан әулеті билікті өз қолдарында сақтап қалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және “” (“Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі-моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. Шыңғыс ханның басқа әйелдерінен тараған ұрпақтары мұндай құрметке бөленген жоқ. Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзіне бағынған жерлерді 4 ұлына бөліп берді. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төлеге 1227 ж. әкесінің қара шаңырағы – Моңғолия жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздерінде сақтап қалу үшін Төле тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Осыған байланысты көп ұзамай Шыңғыс хан әулеті арасында өзара әскери қақтығыстар жиілеп кетті. Тақтан мұрагерлер өздерінің қол астындағы ұлыстарға сүйенді. Соған байланысты империя бірте-бірте құлдырай бастады. Орталықтан бөлініп шыққан ұлыстар жеке мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілер басқарды. Тіпті бұл әулетті биліктен ығыстырып, тақты өз қолдарына алған билеушілердің өздері (Әмір Темір, т.б.) Шыңғыс хан әулетіне туыс екендіктерін (күйеу, жиен, т.б.) баса көрсетіп отырды. Ұлы хандар. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Үгедей отырды (1229 – 1241). Оның баласы Күйікке (1246 – 48) билік әкесі қайтыс болғаннан кейін 5 жылдан соң тиді. Бірақ ол 2 жылдан кейін қайтыс болып, осыны пайдаланған Төленің балалары билікті Үгедейдің ұрпақтарынан тартып алмақшы болды. Күйік дүние салған соң басталған 3 жылдық соғыстан кейін Жошы ұлысының билеушісі әрі сол кездің өзінде өзін жеке билеуші сезінетін Батудың көмегімен хан тағына Төленің баласы Мөңке отырды (1251 – 59). Империядағы билікті енді Мөңке мен Бату хан бөлісті (олардың шекаралары Шу мен Талас өзендері арқылы өтті). мен Үгедей тұқымдарынан шыққан бақталастар өлтірілді. Мөңке қайтыс болғаннан кейін түркі-моңғол империясында тағы да саяси дағдарыс басталды. Енді хан тағы үшін талас Төленің балалары арасында жүрді. 1260 ж. Қарақорымда өткен құрылтайда Шағатай әулеті мен Жошы әулетінің қолдауымен Мөңкенің бауыры Арық Бұға хан тағына отырды. Сол кезде Мөңкенің Қытайдағы бауыры Құбылай да өзін ұлы хан деп жариялады. Ағайындылар арасындағы 4 жылдық кескілескен қантөгіс Құбылайдың жеңісімен аяқталды. Бірақ оның билігін батыс ұлыстардағы Шыңғыс хан әулеті мойындамады. Ұзаққа созылған өзара соғыстардан кейін 1269 ж. Талас құрылтайы өтіп, ол Шыңғыс хан империясының тарағанын ресми түрде заңдастырды. Батыстағы ұлыстар дербес мемлекеттерге айналып, оларды Шыңғыс хан әулетінің жеке тармақтары – Шағатай әулеті, Хулагу әулеті өкілдері биледі. Юань әулеті. 1271 ж. Құбылай өзін Қытайды билеуші жаңа әулет – Юань әулетінің бірінші императорымын деп жариялады. Оның астанасы Ханбалық қ. (Пекин) болды. Бұл әулет императорларының [Құбылай Темір (1295 – 1307), Тоған Темір (1333 – 68), т.б.] билігі Қытай мен Моңғолияға жүріп, 1368 жылға дейін созылды. Шағатай әулеті – Орта Азияда билік құрған Шыңғыс ханның екінші баласы – Шағатайдан тараған үрім-бұтақ. Олар кейіннен 2-ге бөлініп, бір бөлігін Шыңғыс хан әулетіне күйеу бала (Гургэн) болып келетін Әмір Темір басқарды. Екінші жағын Шағатайдың ұрпақтары биледі (қ. Моғолстан). Жошы әулеті – Жошының екінші баласы – Бату (1227 – 56) негізін салған әулет. Одан кейінгі өкілдері: Берке (1255 – 66), Мөңке Темір (1266 – 80), Туда Мөңке (1280 – 87), Төле Бұға (1287 – 91), Тоқты (1291 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57); қ. Алтын Орда, Ақ Орда. Шайбани әулеті – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бесінші ұлы Шайбанидың ұрпақтары 15 – 16 ғ-ларда пен Мауераннахрда билік құрды. Неғұрлым әйгілі өкілдері: Әбілхайыр хан, Мұхаммед Шайбани, т.б. Хулагу әулеті немесе ильхандар – Шыңғыс хан әулетінің Ирандағы, Таяу Шығыстағы, Кавказ сыртындағы үрім-бұтақтары. 1256 ж. ұлы хан Мөңкенің қолдауымен інісі Хулагу хан (1256 – 65) негізін қалады. Оның мұрагері Абақ хан (1256 – 82) Кавказ бен Каспий бойы жерлері үшін Алтын Ордамен шайқасты. хан өлгеннен кейін көп ұзамай мұнда да өзара тақ таласы күшейіп, жеке ұлыстар пайда болды. 1353 ж. ильхандардың мемлекеті жойылды (қ. Хулагу мемлекеті). Алтын Орда ыдырап, жеке ұлттар құрылған кезде олардың көпшілігін Шыңғыс хан әулеті басқарды. Солардың ішінде Қазақ хандығын Жошы ұрпақтарының бірі Орыс ханның әулеті басқарды. Шыңғыс хан әулеті қазақта төре деп аталады; қ. Қазақ хандарының генеалогиясы.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shyngys han әuleti Shyngys hannyn үrim butagy Shyngys han imperiyasynyn kuramynda bolgan Orta Aziya men Iran Altyn Orda Yuan Қytajy tagy baska memleketterdegi mongol bileushileri Shyngys han imperiyasy taragannan kejin bul memleketter derbes omir sүrdi degenmen Shyngys han әuleti bilikti oz koldarynda saktap kaldy Olar Shyngys hannyn bәjbishesi Borteden tugan 4 uldan tarady uldan tarady zhәne Altyn urug dep atalyp tүrki mongol aksүjekterinin ishinde erekshe kurmetke bolendi muragerlik zholmen han tagyna otyruga zhәne eldegi bilikke aralasuga kukyly boldy Shyngys hannyn baska әjelderinen taragan urpaktary mundaj kurmetke bolengen zhok Shyngys han kozinin tirisinde ozine bagyngan zherlerdi 4 ulyna bolip berdi Shyngys hannyn tortinshi uly Tolege 1227 zh әkesinin kara shanyragy Mongoliya zheri ielikke tidi Birak Shyngys han kajtys bolgannan kejin onyn ornyna otyrgan Үgedejdin urpaktary uly takty ozderinde saktap kalu үshin Tole tukymymen keskilesken urystar zhүrgizdi Osygan bajlanysty kop uzamaj Shyngys han әuleti arasynda ozara әskeri kaktygystar zhiilep ketti Taktan muragerler ozderinin kol astyndagy ulystarga sүjendi Sogan bajlanysty imperiya birte birte kuldyraj bastady Ortalyktan bolinip shykkan ulystar zheke memleketterge ajnalyp olardy Shyngys han әuletinen shykkan bileushiler baskardy Tipti bul әuletti bilikten ygystyryp takty oz koldaryna algan bileushilerdin ozderi Әmir Temir t b Shyngys han әuletine tuys ekendikterin kүjeu zhien t b basa korsetip otyrdy Ұly handar Shyngys han kajtys bolgannan kejin han tagyna Үgedej otyrdy 1229 1241 Onyn balasy Kүjikke 1246 48 bilik әkesi kajtys bolgannan kejin 5 zhyldan son tidi Birak ol 2 zhyldan kejin kajtys bolyp osyny pajdalangan Tolenin balalary bilikti Үgedejdin urpaktarynan tartyp almakshy boldy Kүjik dүnie salgan son bastalgan 3 zhyldyk sogystan kejin Zhoshy ulysynyn bileushisi әri sol kezdin ozinde ozin zheke bileushi sezinetin Batudyn komegimen han tagyna Tolenin balasy Monke otyrdy 1251 59 Imperiyadagy bilikti endi Monke men Batu han bolisti olardyn shekaralary Shu men Talas ozenderi arkyly otti men Үgedej tukymdarynan shykkan baktalastar oltirildi Monke kajtys bolgannan kejin tүrki mongol imperiyasynda tagy da sayasi dagdarys bastaldy Endi han tagy үshin talas Tolenin balalary arasynda zhүrdi 1260 zh Қarakorymda otken kuryltajda Shagataj әuleti men Zhoshy әuletinin koldauymen Monkenin bauyry Aryk Buga han tagyna otyrdy Sol kezde Monkenin Қytajdagy bauyry Қubylaj da ozin uly han dep zhariyalady Agajyndylar arasyndagy 4 zhyldyk keskilesken kantogis Қubylajdyn zhenisimen ayaktaldy Birak onyn biligin batys ulystardagy Shyngys han әuleti mojyndamady Ұzakka sozylgan ozara sogystardan kejin 1269 zh Talas kuryltajy otip ol Shyngys han imperiyasynyn taraganyn resmi tүrde zandastyrdy Batystagy ulystar derbes memleketterge ajnalyp olardy Shyngys han әuletinin zheke tarmaktary Shagataj әuleti Hulagu әuleti okilderi biledi Yuan әuleti 1271 zh Қubylaj ozin Қytajdy bileushi zhana әulet Yuan әuletinin birinshi imperatorymyn dep zhariyalady Onyn astanasy Hanbalyk k Pekin boldy Bul әulet imperatorlarynyn Қubylaj Temir 1295 1307 Togan Temir 1333 68 t b biligi Қytaj men Mongoliyaga zhүrip 1368 zhylga dejin sozyldy Shagataj әuleti Orta Aziyada bilik kurgan Shyngys hannyn ekinshi balasy Shagatajdan taragan үrim butak Olar kejinnen 2 ge bolinip bir boligin Shyngys han әuletine kүjeu bala Gurgen bolyp keletin Әmir Temir baskardy Ekinshi zhagyn Shagatajdyn urpaktary biledi k Mogolstan Zhoshy әuleti Zhoshynyn ekinshi balasy Batu 1227 56 negizin salgan әulet Odan kejingi okilderi Berke 1255 66 Monke Temir 1266 80 Tuda Monke 1280 87 Tole Buga 1287 91 Tokty 1291 1312 Өzbek 1312 42 Zhәnibek 1342 57 k Altyn Orda Ak Orda Shajbani әuleti Shyngys hannyn үlken uly Zhoshynyn besinshi uly Shajbanidyn urpaktary 15 16 g larda pen Mauerannahrda bilik kurdy Negurlym әjgili okilderi Әbilhajyr han Muhammed Shajbani t b Hulagu әuleti nemese ilhandar Shyngys han әuletinin Irandagy Tayau Shygystagy Kavkaz syrtyndagy үrim butaktary 1256 zh uly han Monkenin koldauymen inisi Hulagu han 1256 65 negizin kalady Onyn murageri Abak han 1256 82 Kavkaz ben Kaspij bojy zherleri үshin Altyn Ordamen shajkasty han olgennen kejin kop uzamaj munda da ozara tak talasy kүshejip zheke ulystar pajda boldy 1353 zh ilhandardyn memleketi zhojyldy k Hulagu memleketi Altyn Orda ydyrap zheke ulttar kurylgan kezde olardyn kopshiligin Shyngys han әuleti baskardy Solardyn ishinde Қazak handygyn Zhoshy urpaktarynyn biri Orys hannyn әuleti baskardy Shyngys han әuleti kazakta tore dep atalady k Қazak handarynyn genealogiyasy SiltemelerҚazak enciklopediyasy 9 t Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz