Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.
Еуразия | |
Еуразия | |
54 759 000 км² | |
Халық саны | 5,132 млрд (1 шілде 2015) адам |
Тығыздығы | 93,72 адам/км² |
Этнохороним | еуразиялық, еуразиялықтар |
Енеді | 94 мемлекет |
Тәуелді аймақтар | 9 |
Танылмаған аймақтар | 8 |
Тілдері | Еуразия тілдері |
Уақыт белдеулері | UTC±0 — UTC+12 |
Ірі қалалары | Лондон, Ыстамбұл, Токио, Мәскеу, Джакарта, Дели, Мумбаи, Тегеран, Калькутта, Шанхай, , Сеул, Бейжің, Тяньцзинь, Манила және Карачи |
Еуразия Ортаққорда |
Географиялық сипаттамасы
Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде — (1º16’ с.е.), батысында (9º34’ б.б.), шығысында — (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, , Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.
Геологиялық сипаттамасы
Құрлықтың негізін Еуразия плитасы құрайды. Плитаның басқа литосфералық плиталармен түйіскен жерінде күшті тау түзілу әрекеттері өткен және олар қазіргі кезде де жалғаса түсуде. Ондай жерлерде аса биік тау жүйелері қалыптасып, күшті жер сілкінулер және жанартау құбылысы орын алған. Еуразияның жер құрылымдары — ежелгі платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Үнді, Араб) аралықтарын жас платформалар бөліп жатады. Құрлықтың қазіргі жер бедері, негізінен, неоген мен антропогендегі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар, әсіресе, Альпі — Гималай және Шығыс Азия геосинклинальдық белдеулерінде қарқынды жүрген. Бұл белдеулерді аса көлемді тау жүйелері қамтиды. Сонымен бірге неоген мен антропогендегі көтерілулердің нәтижесінде Гиссар — Алай тау жүйесінен Чукча түбегіне дейін созылып жатқан таулардың жер бедері қайта түзілген. Жас қатпарлы белдеулер мен жасарған таулы құрылымдарға күшті жер сілкінулер тән. Жер бедерінің түзілуіне жанартау құбылысы да қатынасады. (Исландия аралдары, Армения таулы үстірті, Жерорта теңізі аймағы, Камчатка түбегі, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары). Еуразияның солтүстік және бірқатар таулы аудандарында жер бедеріне ежелгі мұз басу үлкен әсерін тигізген. Ол аудандарда мореналар мен мұз суы шөгінділері аса кең алқапты қамтиды.
Еуразия құрылымының негізгі элементі болып бесежелгі платформалары табылады:
Балтық және Украин қалқандарымен бірге . Алдан қалқанымен бірге Сібір платформасы. Қытай-Корей платформасы. Оңтүстік Қытай платформасы. Үнді платформасы, және Нубия-Аравия қалқанының бөлігі.
Гидрологиялық сипаттамасы
Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың 1/5-і шоғырланған. Ірі және терең көлдер тектоникалық жолмен пайда болған (Байкал, Ыстықкөл, Севан, Үлі т., т.б.). Төрттік кезеңінің мұзы басқан аудандарда мұздық (Ладога, Онега) және көптеген ұсақ мореналық көлдер таралған. Төрттік (антропогендік) кезеңдегі және қазіргі жанартау құбылысы дамыған аймақтарына жанартаулық көлдер тән. Әктасты аудандарда карст көлдері көп (Қырым түбегі, Кавказ таулы аймағы, Загрос таулары, Тянь-Шань және Юньнан таулы қыраты, Балқан түбегі).
Жер бедері
Еуразия — Антарктидадан кейінгі биік құрлық (орташа биіктігі 840 м). Жерінің 2/3-сі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Еуразия тауларындағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, , Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған км-ге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.
Еуразияның маңызды тау жүйелері:
- Гималайлар, Джомолунгма (Эверест) - жер бетіндегі ең ірі тау орналасқан тау жүйесі
- Альпі
- таулары
- таулары
Еуразияның негізгі жазықтықтары және ойпаттары:
Климаттық белдеулері
Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Шет аймақтарда мұхиттық (шығысында және оңтүстігінде муссондық) климат орын алады. Климат ерекшеліктерінің пайда болуына тұрақты (Азор және Гавай антициклондары, Исландия және Алеут минимумдері) және маусымдық (қыстағы Азия антициклоны және жаздағы Оңтүстік Азия минимумы) атмосфералық қысым орталықтарының үлкен мәні бар. Мұхиттың климатқа әсері, әсіресе, Батыс Еуропада айқын байқалады. Одан шығысқа қарай атланттық ауа бірте-бірте құрғай түседі де, континенттік ауаға ауысады. Тынық және Үнді мұхиттарының ауасы құрлықтың ішкі бөлігіне жылдың жеке маусымдарында ғана муссон түрінде және циклондармен өтеді. Солтүстіктен қыста келетін арктикалық ауа құрлықтың түкпіріндегі тауларға жеткенше еркін таралады. Еуразияның орталық аудандарында континенттік ауа массалары қалыптасады. Кейде кереғар климаттық жағдайлар да орын алады. Құрлықтың солтүстік-шығысында, Оймякон таулы қыраттарында солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі орналасқан (абсолюттік минимум –70ºС). Араб түбегі — Жер шарындағы ең ыстық аудандардың қатарына жатады. (абсолюттік максимум 53ºС). Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын түседі. ( , жылына 12000 мм).
Табиғат белдеулері
Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан. Олар: тайга, аралас орман, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт белдемдер. Мұхиттарға жақын бөлігінде олардың шекаралары ендіктен біраз ауытқиды. Қоңыржай белдеудің оңтүстік шетінде жазықтық белдемдер батыстан шығысқа қарай алмасып отырады. Атлант мұхиты маңында орман, Карпат таулары маңында орманды дала, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде дала мен шөлейт, Қазақстан мен Орталық Азияда шөлейт пен шөл, Моңғолияда дала мен орманды дала, Манчжурия мен Жапонияның солтүстігінде қайтадан орман белдемдері орын алған. Белдемдер субтропиктік белдеуде де батыстан шығысқа қарай алмасады (Жерортатеңіздік қатты жапырақты ормандар мен бұталар, Кавказ сырты мен Кіші Азияның субтропиктік далалары мен шөлейттері, Иран таулы қыраты және Орталық Азияның оңтүстігінің субтропиктік шөлдері). Бұл белдеудегі құрлықтың ішкі бөлігінде шөлейт, Памир мен Тибет тау қыраттарында биік тау шөлі таралған. Тропиктік белдеуге жататын Араб түбегі, Месопотамия және Инд өзенінің алабында тропиктік шөлейт пен шөл орын алады. Шығысындағы тропиктік ендіктерден солтүстік субэкваторлық белдеу өтеді (ауыспалы ылғалды субэкваторлық ормандар мен саванна белдемдері). Экваторлық белдеу Малакка түбегі мен Филиппин аралдарының оңтүстігін, Цейлонның оңтүстік-батысын, Үлкен Зонд аралдарын қамтиды (мұнда ылғалды экваторлық орман — гилея таралған). Кіші Зонд аралдарын оңтүстік экваторлық белдеудің ормандары мен саванналары алып жатады. Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлардың белдемдік таралуына таулар күрделі өзгеріс енгізеді. Еуразияның қоңыржай белдеуінің ішкі үлкен бөлігін қамтитын тау жүйелерінде ендік белдемдік биіктік белдеулердің құрамына кіреді. Құрлықтың жеке бөліктерінің табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзгерген. Бір жағынан, қалалар мен өнеркәсіп көп шоғырланған (Батыс Еуропа), екінші жағынан, егіншілікке ертеден пайдаланылып келе жатқан, әрі ауыл халқы тығыз қоныстанған (Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия) аудандар өзінің табиғи қалпынан мүлде айырылған. Ондай жерлерде антропогендік ландшафт қалыптасқан. Оған керісінше, Орталық Азия мен Тибеттің шөлдік таулы үстірттері, экватор маңындағы ылғалды орман жауып жатқан кейбір аралдардың табиғаты алғашқы қалпынан өзгермеген. Морфотектоник. құрылымның бірлігіне, жаңа тектоникалық қозғалыстардың ұқсастығына, климат түзуші факторлардың және климатының ерекшеліктеріне, табиғат белдемдерінің жиынтығына байланысты Еуразияны мынадай ірі табиғи аумақтық кешендерге бөлуге болады: Арктиканың Еуразияға қарасты бөлігі — Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Азия, Жерорта теңізі маңы және Алдыңғы Азия таулы қыраттары, Оңтүстік-батыс Азия, Орталық Азия, Биік Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия.
Халқы
Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км² жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан. Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекеттер социалистік,капиталистік,дамушы елдер болып бөлінеді. Ал монархиялық мемлекеттер абсолюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда социалистік мемлекеттер күрт кеміді. Оған себеб КСРО-ның ыдырауы, шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшуі.
Еуразия материгінде әр түрлі діндер ұлттар орналасқан
Дереккөздер
- United Nations, Department of Economic and Social Affairs, Population Division (2015). World Population Prospects: The 2015 Revision, DVD Edition. File POP/1-1: Total population (both sexes combined) by major area, region and country, annually for 1950-2100 (thousands). Estimates, 1950 - 2015. POP/DB/WPP/Rev.2015/POP/F01-1.
- Қазақ энцклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Euraziya Zher sharyndagy en үlken kurlyk EuraziyaEuraziya54 759 000 km Halyk sany5 132 mlrd 1 shilde 2015 adamTygyzdygy93 72 adam km Etnohoronimeuraziyalyk euraziyalyktarEnedi94 memleketTәueldi ajmaktar9Tanylmagan ajmaktar8TilderiEuraziya tilderiUakyt beldeuleriUTC 0 UTC 12Iri kalalaryLondon Ystambul Tokio Mәskeu Dzhakarta Deli Mumbai Tegeran Kalkutta Shanhaj Seul Bejzhin Tyanczin Manila zhәne KarachiEuraziya OrtakkordaGeografiyalyk sipattamasyAudany 53 3 mln km bүkil kurlyktardyn 37 i onyn 2 75 mln km ge zhuygy araldar Euraziya eki dүnie boliginen Europa men Aziyadan turady ataluy sodan Olardyn arasyndagy shartty shekara Oral tauynyn shygys etegi Zhem ozeni Kaspij tenizinin soltүstik zhagalauy Kuma zhәne Manych ozenderinin angaryn bojlap Donnyn sagasyna otedi Odan әri shekara Azov zhәne Қara tenizder Bosfor bugazy Mәrmәr tenizi Dardanell bugazy arkyly Zherorta tenizine shygady Birtutas kurlykty Europa zhәne Aziya dүnie bolikterine bolu ezhelgi dәuirde kalyptaskan tarihi dәstүrli tүsinik Қurlyktyn kiyr shetteri soltүstiginde Chelyuskin mүjisi 77º43 s e ontүstiginde 1º16 s e batysynda 9º34 b b shygysynda 169º40 b b Soltүstikten ontүstikke 8 myn km ge batystan shygyska 16 myn km ge sozylady Euraziyaga zhatatyn birkatar araldar kurlyktan birshama kashyk zhatyr Shpicbergen Franc Iosif zheri zhәne Soltүstik Zher araldary 80º s e ten әri asady Malaj toparaldary ontүstik zharty sharga otip 11º o e ke dejin barady Atlant muhityndagy Azor araldary 28º b b ta ornalaskan Euraziya barlyk muhittarmen Atlant Үndi Tynyk zhәne olardyn shetki tenizderimen shektesip zhatyr Muhittar men tenizder kurlykka sugyna kirip әsirese onyn batys zhәne ontүstik shetterin kobirek tilimdegen Birak aumagynyn orasan zor boluyna bajlanysty kurlyktyn ishki bolikteri tenizder men muhittardan myndagan km kashykta ornalaskan Geologiyalyk sipattamasyҚurlyktyn negizin Euraziya plitasy kurajdy Plitanyn baska litosferalyk plitalarmen tүjisken zherinde kүshti tau tүzilu әreketteri otken zhәne olar kazirgi kezde de zhalgasa tүsude Ondaj zherlerde asa biik tau zhүjeleri kalyptasyp kүshti zher silkinuler zhәne zhanartau kubylysy oryn algan Euraziyanyn zher kurylymdary ezhelgi platformalardyn Shygys Europa Sibir Қytaj Үndi Arab aralyktaryn zhas platformalar bolip zhatady Қurlyktyn kazirgi zher bederi negizinen neogen men antropogendegi tektonikalyk kozgalystardyn nәtizhesinde tүzilgen Zhana tektonikalyk kozgalystar әsirese Alpi Gimalaj zhәne Shygys Aziya geosinklinaldyk beldeulerinde karkyndy zhүrgen Bul beldeulerdi asa kolemdi tau zhүjeleri kamtidy Sonymen birge neogen men antropogendegi koterilulerdin nәtizhesinde Gissar Alaj tau zhүjesinen Chukcha tүbegine dejin sozylyp zhatkan taulardyn zher bederi kajta tүzilgen Zhas katparly beldeuler men zhasargan tauly kurylymdarga kүshti zher silkinuler tәn Zher bederinin tүziluine zhanartau kubylysy da katynasady Islandiya araldary Armeniya tauly үstirti Zherorta tenizi ajmagy Kamchatka tүbegi Shygys zhәne Ontүstik Shygys Aziya araldary Euraziyanyn soltүstik zhәne birkatar tauly audandarynda zher bederine ezhelgi muz basu үlken әserin tigizgen Ol audandarda morenalar men muz suy shogindileri asa ken alkapty kamtidy Euraziya kurylymynyn negizgi elementi bolyp besezhelgi platformalary tabylady Baltyk zhәne Ukrain kalkandarymen birge Aldan kalkanymen birge Sibir platformasy Қytaj Korej platformasy Ontүstik Қytaj platformasy Үndi platformasy zhәne Nubiya Araviya kalkanynyn boligi Gidrologiyalyk sipattamasyEuraziya ishki suga baj Su kory zhoninen Ontүstik Amerikadan kejingi ekinshi orynda Euraziya ozenderi tort muhit alabyna zhatady En irileri Yanczy Ob Enisej Lena Amur Huanhe Mekong Brahmaputra Gang Ind Tigr Evfrat Edil Dunaj Қurlyktyn ortalyk boliginde dүnie zhүzindegi en aumakty ishki agyn ajmagy Kaspij men Aral tenizderinin Balkash pen Lobnor kolderinin alaby ornalaskan En teren Bajkal kolinde zher betindegi tushy sudyn 1 5 i shogyrlangan Iri zhәne teren kolder tektonikalyk zholmen pajda bolgan Bajkal Ystykkol Sevan Үli t t b Torttik kezeninin muzy baskan audandarda muzdyk Ladoga Onega zhәne koptegen usak morenalyk kolder taralgan Torttik antropogendik kezendegi zhәne kazirgi zhanartau kubylysy damygan ajmaktaryna zhanartaulyk kolder tәn Әktasty audandarda karst kolderi kop Қyrym tүbegi Kavkaz tauly ajmagy Zagros taulary Tyan Shan zhәne Yunnan tauly kyraty Balkan tүbegi Zher bederiEuraziya Antarktidadan kejingi biik kurlyk ortasha biiktigi 840 m Zherinin 2 3 si taular men tauly үstirtter Dүnie zhүzindegi en biik shyn Dzhomolungma 8848 m osy Euraziya kurlygynda ornalaskan Euraziya taularyndagy 14 shynnyn absolyuttik biiktigi 8000 m den zhogary Negizgi tau zhүjeleri Gimalaj Alpi Karpat Kavkaz Gindukush Қarakorym Pamir Tyan Shan Kunlun Altaj Oral Soltүstik shygys Sibir taulary Aldyngy Aziya zhәne Tibet tau kyrattary Dekan zhәne Orta Sibir tauly үstirtteri Zhazyktary men ojpattary myndagan km ge sozylgan En iri zhazyktary Shygys Europa Batys Sibir Turan Ұly Қytaj Үndi Gang Euraziyanyn manyzdy tau zhүjeleri Gimalajlar Dzhomolungma Everest zher betindegi en iri tau ornalaskan tau zhүjesiAlpiKavkazTyan ShanKunlunAltajtaularytaularyPamirTibet tauly kyraty Euraziyanyn negizgi zhazyktyktary zhәne ojpattary Shygys Europa zhazygyBatys Sibir zhazygyTuran ojpatyҰly Қytaj ZhazygyҮndi Gang zhazyktygyKlimattyk beldeuleriEuraziyada Arktikadan bastap ekvatorga dejingi barlyk klimattyk beldeuler taralgan Қurlyktyn birtutas zhәne aumagynyn үlken boluyna bajlanysty klimattyn kontinenttik tipteri basym Shet ajmaktarda muhittyk shygysynda zhәne ontүstiginde mussondyk klimat oryn alady Klimat erekshelikterinin pajda boluyna turakty Azor zhәne Gavaj anticiklondary Islandiya zhәne Aleut minimumderi zhәne mausymdyk kystagy Aziya anticiklony zhәne zhazdagy Ontүstik Aziya minimumy atmosferalyk kysym ortalyktarynyn үlken mәni bar Muhittyn klimatka әseri әsirese Batys Europada ajkyn bajkalady Odan shygyska karaj atlanttyk aua birte birte kurgaj tүsedi de kontinenttik auaga auysady Tynyk zhәne Үndi muhittarynyn auasy kurlyktyn ishki boligine zhyldyn zheke mausymdarynda gana musson tүrinde zhәne ciklondarmen otedi Soltүstikten kysta keletin arktikalyk aua kurlyktyn tүkpirindegi taularga zhetkenshe erkin taralady Euraziyanyn ortalyk audandarynda kontinenttik aua massalary kalyptasady Kejde keregar klimattyk zhagdajlar da oryn alady Қurlyktyn soltүstik shygysynda Ojmyakon tauly kyrattarynda soltүstik zharty shardagy suyktyk polyusi ornalaskan absolyuttik minimum 70ºS Arab tүbegi Zher sharyndagy en ystyk audandardyn kataryna zhatady absolyuttik maksimum 53ºS Shygys Үndistanda en kop zhauyn shashyn tүsedi zhylyna 12000 mm Tabigat beldeuleriEuraziyanyn kopshilik boligi florasy men faunasynyn kuramy zhoninen Golarktika oblysyna zhatady Ontүstigi Paleotropika floralyk zhәne Үndi Malaj faunalyk oblystaryna kiredi Topyrakty osimdikti zhamylgysy men zhanuarlar dүniesi negizinen 2 bagytta endik bojynsha zhәne muhit zhagalauynan kurlyktyn ishine karaj ozgeredi taularda olar biiktik bojynsha taralgan Arktikalyk beldeu arktikalyk shol beldeminen turady Subarktikalyk beldeude tundra men ormandy tundra beldemderi otedi Қonyrzhaj beldeudin kontinenttik boliginde beldemder endikti bojlaj ornalaskan Olar tajga aralas orman zhalpak zhapyrakty orman ormandy dala dala sholejt beldemder Muhittarga zhakyn boliginde olardyn shekaralary endikten biraz auytkidy Қonyrzhaj beldeudin ontүstik shetinde zhazyktyk beldemder batystan shygyska karaj almasyp otyrady Atlant muhity manynda orman Karpat taulary manynda ormandy dala Shygys Europa zhazygynyn ontүstiginde dala men sholejt Қazakstan men Ortalyk Aziyada sholejt pen shol Mongoliyada dala men ormandy dala Manchzhuriya men Zhaponiyanyn soltүstiginde kajtadan orman beldemderi oryn algan Beldemder subtropiktik beldeude de batystan shygyska karaj almasady Zherortatenizdik katty zhapyrakty ormandar men butalar Kavkaz syrty men Kishi Aziyanyn subtropiktik dalalary men sholejtteri Iran tauly kyraty zhәne Ortalyk Aziyanyn ontүstiginin subtropiktik sholderi Bul beldeudegi kurlyktyn ishki boliginde sholejt Pamir men Tibet tau kyrattarynda biik tau sholi taralgan Tropiktik beldeuge zhatatyn Arab tүbegi Mesopotamiya zhәne Ind ozeninin alabynda tropiktik sholejt pen shol oryn alady Shygysyndagy tropiktik endikterden soltүstik subekvatorlyk beldeu otedi auyspaly ylgaldy subekvatorlyk ormandar men savanna beldemderi Ekvatorlyk beldeu Malakka tүbegi men Filippin araldarynyn ontүstigin Cejlonnyn ontүstik batysyn Үlken Zond araldaryn kamtidy munda ylgaldy ekvatorlyk orman gileya taralgan Kishi Zond araldaryn ontүstik ekvatorlyk beldeudin ormandary men savannalary alyp zhatady Topyrak zhәne osimdik zhamylgysy zhanuarlardyn beldemdik taraluyna taular kүrdeli ozgeris engizedi Euraziyanyn konyrzhaj beldeuinin ishki үlken boligin kamtityn tau zhүjelerinde endik beldemdik biiktik beldeulerdin kuramyna kiredi Қurlyktyn zheke bolikterinin tabigat zhagdajlary adamnyn sharuashylyk әreketinin nәtizhesinde әr tүrli dәrezhede ozgergen Bir zhagynan kalalar men onerkәsip kop shogyrlangan Batys Europa ekinshi zhagynan eginshilikke erteden pajdalanylyp kele zhatkan әri auyl halky tygyz konystangan Shygys Ontүstik zhәne Ontүstik Shygys Aziya audandar ozinin tabigi kalpynan mүlde ajyrylgan Ondaj zherlerde antropogendik landshaft kalyptaskan Ogan kerisinshe Ortalyk Aziya men Tibettin sholdik tauly үstirtteri ekvator manyndagy ylgaldy orman zhauyp zhatkan kejbir araldardyn tabigaty algashky kalpynan ozgermegen Morfotektonik kurylymnyn birligine zhana tektonikalyk kozgalystardyn uksastygyna klimat tүzushi faktorlardyn zhәne klimatynyn erekshelikterine tabigat beldemderinin zhiyntygyna bajlanysty Euraziyany mynadaj iri tabigi aumaktyk keshenderge boluge bolady Arktikanyn Euraziyaga karasty boligi Batys Europa Shygys Europa Soltүstik Aziya Zherorta tenizi many zhәne Aldyngy Aziya tauly kyrattary Ontүstik batys Aziya Ortalyk Aziya Biik Aziya Shygys Aziya Ontүstik Aziya zhәne Ontүstik Shygys Aziya HalkyEuraziya Zher sharyndagy halyk en kop әri tygyz konystangan kurlyk bүkil halyktyn 3 4 i Әsirese Batys Europa Shygys zhәne Ontүstik Shygys Aziyada halyk tygyz ornalaskan Mussondyk Aziyanyn kejbir audandarynda Shygys Bengaliyada zhәne Yava aralynda 1 km zherge 1000 1500 adamnan keledi Қiyr Soltүstik Aziyada tropiktik ormandar alyp zhatkan batpakty ojpattarda Ortalyk Aziya zhәne Batys Aziyanyn sholdi audandarynda halyk ote sirek Arab tүbeginin Iran tauly kyratynyn ishki audandarynda Ortalyk Aziyanyn kej zherlerinde turakty halyk zhok Euraziya әlemdegi ezhelgi mәdeniet ortalygy bolyp tabylady Atap ajtkanda Tayau Shygystagy Қosozen aralygy Tigr Efrat Zherorta tenizi zhagalauy sondaj ak Қytaj men Үndistan ezhelgi mәdenietteri grek rim orkenieti t b Ұly Қytaj korganynan Ortalyk Europaga dejin sozylyp zhatkan uly dalada koshpendiler әlemi үstemdik kuryp Batys pen Shygys orkenietterin ozara bajlanystyryp turdy Қazirgi kezde de Euraziya kurlygy superkontinent bolyp esepteledi Әlem halyktarynyn 4 mlrd tan astamy osynda turady әri әlemdegi zhetekshi memleketterdin barlygy AҚSh pen Kanadadan baskasy osy kurlykta ornalaskan Respublikalyk zhәne monarhiyalyk memleketter bar Respublikalyk memleketter socialistik kapitalistik damushy elder bolyp bolinedi Al monarhiyalyk memleketter absolyuttik zhәne konistituciyalyk bolyp bolinedi 90 zhyldarda socialistik memleketter kүrt kemidi Ogan sebeb KSRO nyn ydyrauy shygys europalyk memleketterdin baska bagytka koshui Euraziya materiginde әr tүrli dinder ulttar ornalaskanDerekkozderUnited Nations Department of Economic and Social Affairs Population Division 2015 World Population Prospects The 2015 Revision DVD Edition File POP 1 1 Total population both sexes combined by major area region and country annually for 1950 2100 thousands Estimates 1950 2015 POP DB WPP Rev 2015 POP F01 1 Қazak encklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet