Елдес Омарұлы Тиесов (29 ақпан 1892 жыл, Қостанай уезі – 1 желтоқсан 1937 жыл) — қоғам қайраткері, ғалым (тілтанушы және математик), публицист және аудармашы, Алаш партиясы саяси партиясының мүшесі.
Елдес Омарұлы Тиесов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Қонай ауылы, Қостанай уезі, Торғай облысы, Ресей империясы (қазіргі Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы, Қазақстан) |
Қайтыс болған күні | 1 желтоқсан 1937 (45 жас) |
Азаматтығы | |
Ұлты | қазақ |
Қызметі | публицист, аудармашы, ғалым, қоғам қайраткер |
Жұбайы | Эльза Адамовна Берте |
Өмірбаяны
- Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан.
- 1892 жылғы 29 ақпанда (Бұл күн тек төрт жыл сайын кібісе жылда келетін болғасын, ережелер бойынша құжаттарда наурыздың бірі деп көрсетілген) Қостанай уезінің Қонай ауылында дүниеге келген (қазіргі Г. Белинский атындағы агроконцерн, Таран ауданы).
- Алғашында Елдес ауылдың молдасынан хат таныды, содан соң Қостанай орыс-қазақ училищесін бітіріп, Дубай ауылында мұғалім болып жұмыс істейді.
- Үш жыл (1917 жылғы ақпанға дейін) жергілікті соттың кеңсесінде қызмет етті.
- Сол жылдары оны Минск қаласындағы Земство Одағына хатшы қызметіне шақырады.
- 1917 жылы оқулық дайындау комиссиясының мүшесі етіп тағайындайды.
- Азамат соғысы жылдары Елдес Омарұлы Қостанай уезі бойынша «Алаш Орданың» комиссары және Қостанайдағы бөлімшесінің төрағасы дәрежесінде қызмет етті.
- 1917 жылы Орынбор қаласында өткен II бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайында Қазақстанда ұлттық автономия — Алаш Орда атты өкімет құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл бастаманың басында Алаш партиясы тұрды, ал осы бағдарламаның авторларының бірі замандастары жан-жақты білімі, таланты үшін қазақтың Ломоносовы деп атаған белгілі Елдес Тиесов болған еді.
- 1920 жылдардан бастап Орынбордағы халыққа білім беру комиссариатының мектеп бөлімінде қызмет ете жүріп, өлкелік академиялық орталықтың қызметкері болды.
- Елдес Омарұлы да « деп айыпталып, ОГПУ-дың үкімімен 58 бабы бойынша он жылға сотталды. Көп кешікпей сол ОГПУ Елдес Омарұлын ату жазасына кесті, біраз уақыт өткен соң бұл үкім өзгертілді.
- Алғашқы жылдарын (оған дейін Елдес Мәскеудегі түрмесінде отырған) ол Карелияда өткізді. 1933 жылғы шілдеде Елдес Омарұлы мерзімінен бұрын босатылды, бірақ ол бостандық көпке ұзамады.
- Елдес Омарұлы алғашқылардың бірі болып Мұхтар Әуезовтың ғылыми еңбектері туралы пікір жазған. Ол М. Әуезовтың еңбектеріне жоғары баға берді. Мұхтар Әуезов 1927 жылы туған ұлының атын Елдес Омарұлының құрметіне Елдес деп қойды.
- Белгілі ғалым Елдес Омарұлы ғалым-филолог Телжан Шонановпен көп жылдар бойы дос болды. 1937 жылы Шонановқа «халық жауы» деген айып тағылғанда, Е. Омарұлы досының сөзін сөйлеп, құтқарып қалғысы келді, бірақ оның өзіне де «халық жауы» деген жалған айып тағылды. Алдымен, ҚазГУ-дің жатақханасында тұрып жатқан жерінен шығарып жіберді.
- 1937 жылғы 20 қарашада ол тұтқындалып, желтоқсанның бірінде ату жазасына кесіледі.
- Е. Омарұлы тек 1989 жылы ғана ақталды.
Шығармалары
Елдес — көптеген оқулықтардың авторы. Атап айтқанда, математика, алгебра, физика, тригонометрия, геометрия оқулықтарын орыс тілінен, неміс тілінен аударып, өңдеп, өзі толықтырып отырды. Көптеген геометриялық терминдер Елдестің аудармасында мәнді де, мағыналы. Мысалы, геометрия — пішіндеме, теорема — түйін, трапеция — қостабан т.с.с.
Ғылыми еңбектерінің басым көпшілігін орыс тілінде жазған. Оның ішінде
- «Упражнения по синтаксису» (Синтаксис жаттығулары)
- «О сочетании звуков казахского языка» (Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігі)
- «Новые правила о казахском шрифте» (Қазақ қаріптерінің жаңа ережелері)
- «Ученая деятельность Ахмета Байтурсынова» (Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері) сияқты еңбектері орыс тілінде жазылған.
- Ал, бастауыш сыныптарда өзі жазған «Әліппені» қолданды. Бұл оқулық қазақтың мақал-мәтелдеріне, билердің шешендік сөздеріне негізделген. Өкінішке орай, бұл оқулық баспадан шықпай қалды.
Есте қалдыру
1997 жылы бұрынғы Қостанай орыс-қазақ училищесінде (қазіргі көркемөнер мектебі) даңқ таңбасы ашылды.
Отбасы
Ғалымның жеке өмірі де бақытты болған жоқ. Оның зайыбы Ташкент қаласындағы Германия консулының қызы Эльза Адамовна Берте болатын. Тұңғышына Кенесары Қасымовтың құрметіне Кенехан деген ат қойды. Кейінірек әйелі мен баласының өміріне қауіп төнбесін деп ажырасып кетеді. Ал, ұлының туу туралы куәлігінде Генрих Берте деп жазылды. Ұлының тағдыры белгісіз, тек қана Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны, ұшқыш болғаны туралы қысқа ғана дерек бар.
Дереккөздер
- https://qamshy.kz/article/21630-eldes-omarulynynh-shygharmalary-elim-dep-enhirep-otken-eldes-basy
- https://www.arnapress.kz/almaty/life/85055/
- https://znanio.ru/media/prezentatsiya_eldes_omarova-246610
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eldes Omaruly Tiesov 29 akpan 1892 zhyl Қostanaj uezi 1 zheltoksan 1937 zhyl kogam kajratkeri galym tiltanushy zhәne matematik publicist zhәne audarmashy Alash partiyasy sayasi partiyasynyn mүshesi Eldes Omaruly TiesovTugan kүni29 akpan 1892 1892 02 29 Tugan zheriҚonaj auyly Қostanaj uezi Torgaj oblysy Resej imperiyasy kazirgi Bejimbet Majlin audany Қostanaj oblysy Қazakstan Қajtys bolgan kүni1 zheltoksan 1937 1937 12 01 45 zhas AzamattygyResej imperiyasy KSROҰltykazakҚyzmetipublicist audarmashy galym kogam kajratkerZhubajyElza Adamovna BerteӨmirbayanyҚypshak tajpasynyn Қarabalyk ruynan shykkan 1892 zhylgy 29 akpanda Bul kүn tek tort zhyl sajyn kibise zhylda keletin bolgasyn erezheler bojynsha kuzhattarda nauryzdyn biri dep korsetilgen Қostanaj uezinin Қonaj auylynda dүniege kelgen kazirgi G Belinskij atyndagy agrokoncern Taran audany Algashynda Eldes auyldyn moldasynan hat tanydy sodan son Қostanaj orys kazak uchilishesin bitirip Dubaj auylynda mugalim bolyp zhumys istejdi Үsh zhyl 1917 zhylgy akpanga dejin zhergilikti sottyn kensesinde kyzmet etti Sol zhyldary ony Minsk kalasyndagy Zemstvo Odagyna hatshy kyzmetine shakyrady 1917 zhyly okulyk dajyndau komissiyasynyn mүshesi etip tagajyndajdy Azamat sogysy zhyldary Eldes Omaruly Қostanaj uezi bojynsha Alash Ordanyn komissary zhәne Қostanajdagy bolimshesinin toragasy dәrezhesinde kyzmet etti 1917 zhyly Orynbor kalasynda otken II bүkil kazak kyrgyz kuryltajynda Қazakstanda ulttyk avtonomiya Alash Orda atty okimet kuru turaly sheshim kabyldagan bolatyn Bul bastamanyn basynda Alash partiyasy turdy al osy bagdarlamanyn avtorlarynyn biri zamandastary zhan zhakty bilimi talanty үshin kazaktyn Lomonosovy dep atagan belgili Eldes Tiesov bolgan edi 1920 zhyldardan bastap Orynbordagy halykka bilim beru komissariatynyn mektep boliminde kyzmet ete zhүrip olkelik akademiyalyk ortalyktyn kyzmetkeri boldy Eldes Omaruly da dep ajyptalyp OGPU dyn үkimimen 58 baby bojynsha on zhylga sottaldy Kop keshikpej sol OGPU Eldes Omarulyn atu zhazasyna kesti biraz uakyt otken son bul үkim ozgertildi Algashky zhyldaryn ogan dejin Eldes Mәskeudegi tүrmesinde otyrgan ol Kareliyada otkizdi 1933 zhylgy shildede Eldes Omaruly merziminen buryn bosatyldy birak ol bostandyk kopke uzamady Eldes Omaruly algashkylardyn biri bolyp Muhtar Әuezovtyn gylymi enbekteri turaly pikir zhazgan Ol M Әuezovtyn enbekterine zhogary baga berdi Muhtar Әuezov 1927 zhyly tugan ulynyn atyn Eldes Omarulynyn kurmetine Eldes dep kojdy Belgili galym Eldes Omaruly galym filolog Telzhan Shonanovpen kop zhyldar bojy dos boldy 1937 zhyly Shonanovka halyk zhauy degen ajyp tagylganda E Omaruly dosynyn sozin sojlep kutkaryp kalgysy keldi birak onyn ozine de halyk zhauy degen zhalgan ajyp tagyldy Aldymen ҚazGU din zhatakhanasynda turyp zhatkan zherinen shygaryp zhiberdi 1937 zhylgy 20 karashada ol tutkyndalyp zheltoksannyn birinde atu zhazasyna kesiledi E Omaruly tek 1989 zhyly gana aktaldy ShygarmalaryEldes koptegen okulyktardyn avtory Atap ajtkanda matematika algebra fizika trigonometriya geometriya okulyktaryn orys tilinen nemis tilinen audaryp ondep ozi tolyktyryp otyrdy Koptegen geometriyalyk terminder Eldestin audarmasynda mәndi de magynaly Mysaly geometriya pishindeme teorema tүjin trapeciya kostaban t s s Ғylymi enbekterinin basym kopshiligin orys tilinde zhazgan Onyn ishinde Uprazhneniya po sintaksisu Sintaksis zhattygulary O sochetanii zvukov kazahskogo yazyka Қazak tilindegi dybys үndestigi Novye pravila o kazahskom shrifte Қazak karipterinin zhana erezheleri Uchenaya deyatelnost Ahmeta Bajtursynova Ahmet Bajtursynovtyn gylymi enbekteri siyakty enbekteri orys tilinde zhazylgan Al bastauysh synyptarda ozi zhazgan Әlippeni koldandy Bul okulyk kazaktyn makal mәtelderine bilerdin sheshendik sozderine negizdelgen Өkinishke oraj bul okulyk baspadan shykpaj kaldy Este kaldyru1997 zhyly buryngy Қostanaj orys kazak uchilishesinde kazirgi korkemoner mektebi dank tanbasy ashyldy OtbasyҒalymnyn zheke omiri de bakytty bolgan zhok Onyn zajyby Tashkent kalasyndagy Germaniya konsulynyn kyzy Elza Adamovna Berte bolatyn Tungyshyna Kenesary Қasymovtyn kurmetine Kenehan degen at kojdy Kejinirek әjeli men balasynyn omirine kauip tonbesin dep azhyrasyp ketedi Al ulynyn tuu turaly kuәliginde Genrih Berte dep zhazyldy Ұlynyn tagdyry belgisiz tek kana Ekinshi dүniezhүzilik sogyska katyskany ushkysh bolgany turaly kyska gana derek bar Derekkozderhttps qamshy kz article 21630 eldes omarulynynh shygharmalary elim dep enhirep otken eldes basy https www arnapress kz almaty life 85055 https znanio ru media prezentatsiya eldes omarova 246610 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz