Құран тарихы — мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімнің Мұхаммед пайғамбардың ﷺ және әділетті халифа Әбу Бәкрдің кезінде парақтарға жиналуы туралы және үшінші халифа Осман ибн Аффанның кезінде Құранның бір нұсқа ретінде қабылдануы туралы баяндайды.
Аянның басталуы
Алланың елшісі Мұхаммедтің ﷺ пайғамбарлығы ол 40 жасқа толғанда басталып, келесі 23 жыл бойы өмірінің ақырына шейін созылды. Ол пайғамбарлық кезеңінің алғашқы 13 жылын Меккеде, қалған 10 жылын Медине қаласында өткізді.
Ең алғашқы уахи Мекке маңындағы Нұр тауындағы Хира үңгірінде дүйсенбі күні, 17, 21 немесе 24 рамазанда (милади күнтізбе бойынша 620 жылдың 10 тамызын) және шииттердің пайымдаунша Раджаб айының 27 жұлдызында түскен.
Иман келтіргендердің анасы Айша айтқан:
« | Аллаһтың елшісіне уахидың түсуі түсіндегі жақсы аяндардан басталды. Және ол (аянды) көргенде, олар таң шапағы сияқты келетін еді. Одан кейін оның жүрегіне оңашалануға деген сүйіспеншілік орнатылды да, ол отбасына қайтқысы келгенше Хира тауындағы үңгірде Аллаһқа құлшылық ету арқылы көп түндер бойы салихалы амалдар жасап, оңашалана бастады. Әдеткіде ол керек-жарақтарын алып, олар біткенде Хадишаға қайтып келіп келесі оңашалануға керек-жарақты алатын еді. Сонымен, ол Хира үңгірінде болғанда, оған ақиқат ашылды. Оған періште келіп: «Оқы» деді. Ол: «Мен оқу білмеймін» деп жауап қатты. Пайғамбар айтатын еді: «Сонда ол мені ұстап алды да, мен булыққанша қысты. Сосын ол мені жіберіп „Оқы!“ деп айтты. Мен: „Мен оқу білмеймін“ деп айттым. Сонда ол мені екінші қайтара булыққанша қысып, сосын жіберіп қайтадан: „Оқы“ деп айтты. Мен қайтадан: „Мен оқу білмеймін“ деп айттым. Сонда ол мені үшінші мәрте қысып, сосын жіберіп: „Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, сенің Раббың Ең Жомарт“ деді». Жүрегі қорқынышқа толған Аллаһтың елшісі Хадишаға оралып: «Мені бүркеңдер! Мені бүркеңдер!» деді. Оны бүркеп, қорқынышы кеткен соң, ол Хадишаға болған оқиғаны айтып: «Мен өзім үшін қорқамын» деді. Хадиша оған: «Жоқ! Аллаһ сізді ешқашан масқара қылмайды! Себебі сен туыстық қатынасты үзбейсіз, ауырлықты жеңіл етесіз, жоқ-жітіктеге көмектесесіз, адамдарға қонақжайлық көрсетесің және қиыншылықты көтеруге көмектесесіз» деді. | » |
Бұл оқиғадан кейін Хадиша Мұхаммед пайғамбармен ﷺ бірге немере ағасы Уарақа ибн Нәуфалға барады. Ол христиан дінін қабылдап, Інжілден яһудилердің жазуы арқылы керек нәрселерін жазатын болған. Бұл кезде ол жасы үлкен қарт еді. Мұхаммед ﷺ пайғамбардан болған оқиғаның сипатын естіген соң, ол оған Мұса пайғамбарға жіберілген құпиялардың сақшысы (Намус) келген екенін айтады. Сонымен қоса ол болашақта халқынан қуғын-сүргінге ұшырайтынын ескертеді, себебі кімде кім бұндай затпен халқына келсе, олар онымен жауласатын еді.
Бірінші аяннан кейін Мұхаммед пайғамбарға ﷺ біршама уақыт бойы уахи түспейді. Кейбір ғалымдар бұл үзіліс үш жылға созылды дейді, бірақ оның алты ай екенін тұжырымдаған ғалымдар да болған. Бірақ уахидың түспеуі деген Құранның аяттарының түспегенін білдіреді, ал Жәбірейіл оған келген жоқ дегенді емес. Джабир ибн Абдуллаһтан келген хадисте Пайғамбар ﷺ айтқан:
« | Бірде мен жолда келе жатып аспаннан дауыс естідім. Мен басымды көтеріп, маған Хира тауында келген періштенің аспан мен жердің арасында тақ үстінде отырғанын көрдім. Мен одан қорықтым да, үйіме қайтып: «Мені ораңдар, мені ораңдар» дедім. Содан кейін Аллаһ «Йә оранған! Тұр да ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Және жамандықтан аулақ бол!» (Муззәммил сүресі) деген аяттарды түсірді. | » |
Бұл аяттар Хира үңгіріндегі Аләқ сүресінің алғашқы аяттарынан кейінгі алғашқы аян болды. Ғалымдар Мұхаммед пайғамбар ﷺ Аләқ сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен пайғамбар, Муззәммил сүресінің аяттарының түсумен елші (расул) болды деп есептейді.
Мұхаммед пайғамбардың Меккеде өмір сүрген 13 жылда 83 немесе 85 сүре түскен, олардың ең алғашқысы Аләқ сүресі, ал ең соңғысы әл-Муминун немесе әл-Анкәбут сүресі саналады.
Құрайыш тайпасының қысымы төзімсіз болып кеткесін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Ясриб қаласына һижра жасауға мәжбүр болады. Содан бері ол қала «Мәдина ән-нәбәуийа» (Медине) деп аталатын болды. Мединеде түскен сүрелер саны 31 немесе 29 сүре деп есептеледі. Мединеде түскен алғашқы сүре әл-Мутаффифин сүресі, ал соңғы сүре Тәубе сүресі болды. Бірақ Ибн Хаджар әл-Асқаланидің «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсініктемесінде Мединедегі ең алғашқы сүре Бақара сүресі болғаны айтылған, ал ән-Насафидің тәпсірінде ең алғашқы Мединелік сүре Қадр сүресі делінген.
Құран түсірілуінің сипаты
Уахи Мұхаммед пайғамбарға ﷺ Аллаһтан әртүрлі сипатта келетін болған. Ең алғашқы аяндарды ол түсінде көріп, олар таңның атуы секілді орындалатын болған. Уахидың бұл түрі оған пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрып келген.
Уахидың екінші кейіпі — иландыру. Жәбірейіл періште уахиды Мұхаммед пайғамбарға ﷺ иландырып, ол оның ақылы мен жүрегіне жететін болған. Әбу Умамадан келген хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:
« | Шын мәнінде қасиетті рух маған адамның өз пешенесіне жазылған ризығын бітірмейінше өлмейтінін иландырды... | » |
Үшінші түрі — періштенің адам кейібінде келіп, Аллаһтың аянын жеткізуі. Оның мысалы ретінде Омар ибн әл-Хаттабтан имам Муслим келтіретін «Жәбірейіл хадисы» деген атпен танымал хадис. Ол хадисте Жәбірейіл періштенің Мұхаммед пайғамбарға ﷺ аппақ киім киген, қара шашты ер адам түрінде келгені туралы айтылған. Ән-Нәсәи жеткізген хадисте Жәбірейіл Дихйа әл-Кәлбидің түрінде келгені туралы айтылған.
Төртінші түрі — періштенің қоңыраудың үні сияқты дауыспен бірге келуі. Айша Мұхаммед пайғамбардан ﷺ уахидың қалай түсетіні туралы сұрағанда ол былай жауап берген:
« | Кейде ол маған қоңыраудың үні сияқты келеді — бұл маған ең ауыр түрі. Ол мен оны жадыма сақтағаннан кейін кетеді. Кейде періште маған ер адамның кейібінде келеді. Ол менімен сөйлеседі де, мен оның айтқандарын есте сақтаймын | » |
Айша айтқан: «Мен оған уахидың қатты суық күні келгенін көрдім — уахи тоқтағанда оның маңдайынан тер құйылып тұратын еді» (Сахих әл-Бұхари). Аянның бұл түрінің ауырлығы соншалықты Айшадан келген тағы бір хадисте айтылған: «Пайғамбар түйенің үстінде отырып аян алғанда, ол түйе тізерлеп отырып, қозғала алмай қалатын еді».
Бесінші түрі — Жәбірейілдің шынайы түрінде келуі. Бұл Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өмірінде екі рет болған. Ол туралы Құранның өзінде және Айшадан келетін хадисте айтылған.
Алтыншы түрі — Аллаһтың ешбір делдалсыз Мұхаммед пайғамбарға ﷺ тікелей аян беруі. Бұған мысал ретінде бес уақыт намаздың парыз болған кезін айтуға болады.
Жетінші түрі — Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Аллаһпен жамылғының артынан тікелей сөйлесуі. Бұл секілді Мұса пайғамбар да Аллаһпен сөйлескен. Бұл туралы Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Миғраж түніндегі саяхаты туоралы мәшһүр хадисте айтылған.
Кейбір тәпсір ғалымдары Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Аллаһты ешбір жамылғысыз тікелей көріп, сөйлесуі туралы айтып, соны уахидың сегізінші түрі деген. Бірақ бұл пікір Айшадан келген хадиске және Аллаһты бұл дүниеде ешкім көре алмайтыны туралы аяттарға қайшы. Барлық сахабалар Айшаның хадисіндегідей пікірді ұстанған.
Құранның «Лаух әл-Махфуз»-дан түсірілуі
Құран Лаух әл-Махфуздан Рамазан айындағы Қадір түнінде түсірілген. Аллаһ айтады:
“ | Шын мәнінде Біз оны Қадір түнінде түсірдік | ” |
Ибн Касир өзінің тәпсірінде бұл аят туралы былай жазған:
« | Ұлы Аллаһ Құранды Қадір түнінде түсіргенін хабарлады. Ол — қасиетті түн, ол туралы Аллаһ айтады: «Рамазан айында Құран түсірілді — ол адамдарға тура жол, тура жолдың дәлелдері мен айырушы (фурқан)». Ибн Аббас және басқа муфассирлер айтқан: «Аллаһ Құранды толығымен Лаух әл-Махфуздан жақын аспандағы Байт әл-Иззаға түсірілді. Содан кейін ол Пайғамбарға жағдайына қарай бөлек-бөлек болып 23 жыл бойы түсірілген». | » |
Хафиз айтады:
« | Құранның түгелімен аспанға түсірілуі — адамдарға деген құрметті және оларды періштелердің алдында ұлықтауды білдіреді, бұл Аллаһтың адамдар туралы ойлайтынын, оларға Меірімді екенін білдіреді. | » |
Қадір түнінің нақты қай күні екені белгісіз. Ибн Хаджар әл-Асқалани өзінің «Сахих әл-Бұхари» кітабының түсіндірмесінде бұл туралы қырықтан астам пікі келтіріп, ең дұрыс пікір бойынша Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің тақ күндерінде әр жылы әр түрлі күндерде келетінін тұжырымдаған.
Құранның жиналуының қысқаша тарихы
Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға ﷺ 23 жыл бойы үзік-үзік болып түсірілген — бұл оның бірден түсірілген басқа қасиетті кітаптардан айырмашылығы боп табылады. Пайғамбарға ﷺ аят түскен сайын, ол қасындағы хатшы сахабаларға оларды оқитын болған. Олардың саны қырыққа дейін жетіп, тіпті пайғамбарлықтың ең ауыр кезеңінде де олар Пайғамбардың ﷺ қасында жүріп, Құранды жазуды тоқтатпаған.
Меккедегі Құранды ең бірінші болып жаза бастаған адам Абдуллаһ ибн Сағд ибн Сарх болған. Ал Мединеде ең бірінші жаза бастаған адам Убәй ибн Кағб болған. Құранды хатқа түсірушілердің ішінде Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб, әз-Зубайр ибн әл-Аууам, Халид ибн Сағид ибн әл-Ас және т.б. болған.
Құран түсіп жатқан заманда оны құрма ағашының жапырақтарына, тастарға, теріге және т.б. материалдарға жазатын болған. Бұл жазбалар аяттардың түсуіне байланысты жасалатын болған. Сүрелер мен аяттар аралас түсетін болғасын, Мұхаммед пайғамбар ﷺ сахабаларына қай аятты қай сүреге жазу керек екендігі туралф айтатын болған. Ибн Аббас Осман ибн Аффаннан жеткізген хадисте айтылған:
« | Бірнеше сүре бірден түсіп, Аллаһтың елшісіне уахи келгенде, ол өзіне хатшыларының бірін шақырып айтатын еді: «Бұны мынандай да мынандай зат туралы айтылатын сүреге орналастырыңдар» | » |
Жазуға түсірумен қатар Құранды сақтауда оны жаттап алған адамдар үкен роль атқарды. Құранды жатқа білетін, оны оқитын адамдарға уәде етілген сауап турасында көптеген аяттар мен хадистер келеді. Аллаһ айтады (әл-Анкәбут сүресі, 49 аят):
“ | Бірақ ол — білім берілгендердің жүректеріндегі анық аяттар және тек қана залымдар ғана Біздің аяттарды жоққа шығарады | ” |
Сонымен Мұхаммед пайғамбар ﷺ жыл сайын Құранды Жәбірейіл періштеге оқып, тексеретін болған. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Жәбірейілдің осы үшін жыл сайын бір рет, ал Пайғамбар ﷺ қайтыс болатын жылы ек рет келіп тексергені айтылған. Фатимадан келген хадисте Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сол жылы Құранды екі рет тексерілгенін айтып, өмірінің соңы жеткенін сезгені туралы айтылған.
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ тірі кезінде Құранның жазбалары бір қалыпқа бекітілмегенмен, сахабалар сүрелерді өздері хатқа түсіріп, арнайы тізімдер жасайтын болған. Бұндай тізімдер Абдуллаһ ибн Масғұдта, Убәй ибн Кағбта, Зәйд ибн Сабитта және т.б. сахабаларда болған. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан келген хадисте айтылған:
« | Құранды төрт адаман алыңдар: Абдуллаһ ибн Масғұдтан, Салимнан, Муаз ибн Жәбәлдан және Убәй ибн Кағбтан | » |
Бұл аталған есімдермен қатар Құранды жатқа білген және оның сақтаушысы (хафиз) болған адамдардың қатарына Әбу Бәкірді, Омар ибн әл-Хаттабты, Осман ибн Аффанды, Әбу Мұса әл-Ашғариды, Сағд ибн Әбу Уаққасты, Хузайфа ибн әл-Йаманды, Әбу Һурайраны, Амр ибн әл-Асты және т.б. сахабаларды атайды. Әйелдердің арасынан Құранды Айша, Хафса бинт Омар, Умм Сәләмә және т.б. жатқа білген. Мұхаммед пайғамбардың ﷺ кезіндегі көптігінің мысалы ретінде Маун құдығының қасындағы шайқасты атауға болады. Бұл шайқаста мушриктердің қолынан 70-тен аса Құранды тоығымен жатқа білетін сахаба қайтыс болған.
Әбу Бәкр нұсқасы
Әбу Бәкр әс-Сиддиқтың халифалығы кезінде мұсылмандар өзін пайғамбармын деп жариялаған Мусайлиманың жақтастарымен Халид ибн Уәлидтің басшылығымен «өлім бағының» қасында шайқасады. Әл-Йамаманың тұрғындарымен болған бұл шайқаста 700-ден астам сахаба мерт болады. Көптеген хафиздердің өлімін көріп, Құранның жоғалуынан қорыққан Омар ибн әл-Хаттаб халифа Әбу Бәкрге Құранды толығымен жазып жинауға ұсыныс айтады. Онымен келіскен Әбу Бәкр Мұхаммед пайғамбардан ﷺ Құранды жазып жүрген Зәйд ибн Сабитке осы ұсынысты айтады. Зәйд ибн Сабиттің айтуы бойынша «оның ұсынысы бойынша Құран жинағаннан гөрі тауды орнынан қозғалту оңайырақ еді». Бұл істе жақсылық бар екеніне келіскен ол құрма ағашының жапырақтарына, тегіс тастарға және адамдардың жүрегіне сақталған Құранды жинай бастайды. Бұл парақтар бірінші Әбу Бәкрде, сосын Омарда, оның өлімінен кейін Хафса бинт Омарда сқатаулы болды. «әл-Масахиф» кітабында Әли ибн Әбу Талибтың мынадай сөзін келтірген:
« | Құранның нұсқаларын таратқан үшін ең үлкен сауапты Әбу Бәкр алады. Аллаһ Әбу Бәкрге рахым етсін! Ол Аллаһтың кітабын жинаған алғашқы адам болды. | » |
Құранның Мұхаммед пайғамбардың ﷺ кезінде-ақ жинала бастағаны туралы Құранның өзінде айтылған: «...Тазартылған парақтарды оқитын Аллаһтың елшісі» (әл-Бәйинә сүресі, 2 аят). Қазы әл-Бақиллани айтады:
« | Омар Пайғамбардың Құранды бір кітапқа жинамауы бұл істің тыйым салынғандыңын білдірмейтінін түсінді. Бұл ойдың дұрыстығын түсінген Әбу Бәкр да осыған келіседі. Қасиетті мәтіндер де, ақыл-парасат та бұған еш қайшы келген жоқ. Оған қоса бір кітаптың болмауы уахидың бір бөлігінің жоғалуына алып келуі мүмкін еді. Содан соң олардың ойымен Зәйд және басқа сахабалар келісті
| » |
Осман нұсқасы
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өлімінен кейін сахабалар өздері білген әдіске сәйкес жеті түрлі оқитын болған. Бірақ Ислам діні әлемге таралып, мұсылмандардың қоластына көптеген жаңа жерлер енгесін, сол сахабалар дінді қабылдағандарға Құранды өз әдісімен үйретіп, ол оқушы Құранның басқа әдіспен оқылуын естігенде жанжалдар пайда бола бастады. Мысалға Ирактың мұсылмандары Құранды Абдуллаһ ибн Масғұдтың әдісімен, ал Шамның тұрғындары Убәй ибн Кағбтың әдісімен оқыитын болған.
Һижра жыл санағы бойынша 14 немесе 15 жылы халифа Османның әскерлері Арменияны бағындыруға аттанады. Халифаның әмірімен Ирақ пен Шамны әскерлері бір-бірімен қосылады. Ирақ әскерлерінің құрамындағы әл-Мадаинның әскерінің қолбасшысы болған Хузайфа ибн әл-Йаман осы жерде жиналған қолдың арасында Құранды оқу әдісінің кесірінен болған жанжалдың куәгері болады.
Соғыстан қайтқан соң, Хузайфа өз үйіне кірместен халифа Осман ибн Аффанға барып, болған жайтты айтады:
« | Мен Арменияның шекарасында шайқастым. Шам өлкесінің тұрғындары Құранды Убәй ибн Кағб оқыған сияқты оқиды да, Ирақтың тұрғындары естімеген заттарды айтады. Ал Ирақтың тұрғындары Құранды Абдуллаһ ибн Масғуд оқыған сияқты оқиды да, Шамның тұрғындары естімеген заттарды айтады. Сосын олар бір-бірін күпірлікте айыптайды. | » |
Жанжалдардан қорыққан халифа Осман Зәйд ибн Сабитке, Абдуллаһ ибн әз-Зубайрға, Сағид ибн әл-Асқа, Абдуллаһ ибн әл-Харис ибн Һишамға Хафса бинт Омарда сақталған Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран нұсқасын көшіріп, таратуға әмір етеді. Ол парақтарды көшіріп болғаннан кейін, Осман түпнұсқаны Хафсаға қайтарып, жиналған Құранды түрлі аудандарға жіберіп, оған сәйкес емес Құран нұсқаларын өртеп жіберуге бұйырады.
Османның бұл шешімі тек атақты да сыйлы сахабалармен болған келісімнен кейін іске асты. Әли ибн Әбу Талиб айтқан:
« | Осман туралы тек жақсылық айтыңдар. Аллаһпен ант етемін, ол Құран парақтарымен істеген ісін тек бізбен ақылдасқаннан кейін ғана іске асырды. Ол бізге айтты: «Бұл оқылу туралы не айтасыңдар? Маған сендердің кейбіреулерің өзінің оқуы басқа оқылулардан артық деп айтатыны туралы қауесет жетті. Бұл сөздер күпірлік болуға жақын». Біз айттық: «Сен не ұсынасың?». Ол айтты: «Мен адамдарға өзгешелік пен қарама-қайшылықтар болмауы үшін (Құранның) бір нұсқасын қабылдауын ұсынам». Біз айттық: «Сенің ұсынысың қандай жақсы!» | » |
Ақыр соңында Зәйд ибн Сабиттың және басқа да сахабалардың атқарған үлкен еңбегінен кейін Құран бір қалыпқа келіп, оның жалғыз оқу әдісі болып құрайыштардың диалекті танылады. Осман жинаған Құран нұсқаларының саны жөнінде әртүрлі пікірлер бар: олардың саны төрт, бес немесе жетеу болған деген пікірлер бар. Ибн Әбу Дәуд Әбу Хатим әс-Сиджистанидің мынадай сөзін жеткізген: «Құранның Мекке, Шам, Йемен, Бахрейн, Басра және Куфа үшін жазылған және Медине қаласында қалған жеті нұсқасы жазылды».
Ал осы нұсқалардын басқа Құранның нұсқалары өртелуге немесе өшіруліге бұйырылды. Әли ибн Әбу Талиб айтқан: «Османның Құранның нұсқаларын жағу шешімі туралы жақсылықтан басқа ештеңе айтпаңдар!».
Әбу Бәкр нұсқасының арғы тарихы
Құранның бір нұсқасы бекітіліп, халифа Осман басқа барлық Құран нұсқаларын жоюға бұйырғанымен, Хафса бинт Омарда Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран нұсқасы сақтаулы қалып қойды. Медине қаласының әмірі болып тағайындалғанда ол Хафсадан сол парақтарды өзіне беруін сұрайды, бірақ Хафса оған келісімін бермейді. Тек Хафсаның қайтыс болуынан кейін ғана Абдуллаһ ибн Омар сол нұсқаны Маруанға беріп, ол өз кезегінде оның жазуын сумен шайып, жойды (немесе басқа риуаятта: жағып жіберді).
Маруан ибн әл-Хакам бұл ісінің себебін былай түсіндірген:
« | Менің бұл ісімнің себебі, уақыт келе осы нұсқаның себебінен күманға түсетін адамдар шыға ма екен деп қорқамын | » |
Құранның ерекше қолжазбалары
Көк Құран
Көк Құран (араб.: المصحف الأزرق) — IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында араб каллиграфиясының куфалық үлгісімен жазылған Тунистік Құран нұсқасы. Оның ерекшелігі — ол көк түсті (индиго) пергаментке алтынмен жазылған (кризография). Бұл Құран нұсқасы Ислам өнерінің ең танымал туындысы және тарихтағы ең ерекше, әрі бай қолжазба саналады. Бұл қолжазба Осман империясы кезінде бөлшектелініп, көп бөлігі Тунистің өнер және археология Ұлттық Институтының мұражайында сақталған. Бөлек фолианттары әлем мұражайларының мұрағатында бар. Олардың кей бөлігі Раққададағы Ислам өнерінің Ұлттық Мұражайында көрмеге қойылған.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Фатх әл-Бари», 1 т., 29-30 бб.; Ибн Хаджар әл-Асқалани
- «Фатх әл-Бари» (1/37)
- «Сахих әл-Бұхари» (4), «Сахих Муслим» (161)
- «Усуль фит-тафсир», Мұхаммед әл-Усәймин
- مركز الفتوى: عدة السور التي نزلت بمكة والمدينة (ар.). Islamweb.net. Тексерілді, 27 наурыз 2007.
- «Хилйат әл-аулия», Әбу Нуғайм
- «Зад әл-Мағад», Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия (1/73)
- Имам Ахмад, әл-Хаким ән-Найсабури
- «ән-Нәджм» сүресі
- әл-Бұхари, Муслим, әт-Тирмизи
- «Зад әл-Мағад» Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия (1/79)
- «Тафсир Ибн Касир» (3/5-34)
- әл-Қадр сүресі, 1 аят
- әл-Бақара, 185 аят
- «Тафсир Ибн Касир» (4/685)
- «Фатх әл-Бари» (4/338)
- «Фатх әл-Бари» (9/29)
- Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи жеткізген. Ибн Хиббан мен әл-Хаким сахих деген. «Фатх әл-Бари» (9/29)
- «Сахих әл-Бұхари»
- «Зад әл-Мағад» (3/221-222)
- «Сахих әл-Бұхари», «Сунан әт-Тирмизи»
- «Фатх әл-Бари» (9/17)
- «Фатх әл-Бари» (9/18)
- «Фатх әл-Бари» (9/23)
- «Фатх әл-Бари» (9/15)
- «Фатх әл-бари» (9/24)
- «Фатх әл-Бари» (9/27)
- «Фатх әл-Бари» (9/26-27)
- Ibrahim Canan, «Kutub-i Sitte muhtasari», c. 4, s. 492
- "Folio from the Blue Qur'an (Probably North Africa (Tunisia)) (2004.88)". In Heilbrunn Timeline of Art History. New York: The Metropolitan Museum of Art, 2000–. (қазан 2008; retrieved 1 ақпан 2012)
- Folio From the Blue Qur'an, Бруклин мұражайы
- Bifolium from the Blue Qur'an Мұрағатталған 1 қарашаның 2013 жылы.,
- Folio from the Blue Quran(қолжетпейтін сілтеме) коллекциясында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қuran tarihy musylmandardyn kasietti kitaby Қuran Kәrimnin Muhammed pajgambardyn ﷺ zhәne әdiletti halifa Әbu Bәkrdin kezinde paraktarga zhinaluy turaly zhәne үshinshi halifa Osman ibn Affannyn kezinde Қurannyn bir nuska retinde kabyldanuy turaly bayandajdy Ayannyn bastaluy Allanyn elshisi Muhammedtin ﷺ pajgambarlygy ol 40 zhaska tolganda bastalyp kelesi 23 zhyl bojy omirinin akyryna shejin sozyldy Ol pajgambarlyk kezeninin algashky 13 zhylyn Mekkede kalgan 10 zhylyn Medine kalasynda otkizdi En algashky uahi Mekke manyndagy Nur tauyndagy Hira үngirinde dүjsenbi kүni 17 21 nemese 24 ramazanda miladi kүntizbe bojynsha 620 zhyldyn 10 tamyzyn zhәne shiitterdin pajymdaunsha Radzhab ajynyn 27 zhuldyzynda tүsken Iman keltirgenderdin anasy Ajsha ajtkan Allaһtyn elshisine uahidyn tүsui tүsindegi zhaksy ayandardan bastaldy Zhәne ol ayandy korgende olar tan shapagy siyakty keletin edi Odan kejin onyn zhүregine onashalanuga degen sүjispenshilik ornatyldy da ol otbasyna kajtkysy kelgenshe Hira tauyndagy үngirde Allaһka kulshylyk etu arkyly kop tүnder bojy salihaly amaldar zhasap onashalana bastady Әdetkide ol kerek zharaktaryn alyp olar bitkende Hadishaga kajtyp kelip kelesi onashalanuga kerek zharakty alatyn edi Sonymen ol Hira үngirinde bolganda ogan akikat ashyldy Ogan perishte kelip Oky dedi Ol Men oku bilmejmin dep zhauap katty Pajgambar ajtatyn edi Sonda ol meni ustap aldy da men bulykkansha kysty Sosyn ol meni zhiberip Oky dep ajtty Men Men oku bilmejmin dep ajttym Sonda ol meni ekinshi kajtara bulykkansha kysyp sosyn zhiberip kajtadan Oky dep ajtty Men kajtadan Men oku bilmejmin dep ajttym Sonda ol meni үshinshi mәrte kysyp sosyn zhiberip Zharatkan Rabbynnyn atymen oky Ol adamdy ujygan kannan zharatty Oky senin Rabbyn En Zhomart dedi Zhүregi korkynyshka tolgan Allaһtyn elshisi Hadishaga oralyp Meni bүrkender Meni bүrkender dedi Ony bүrkep korkynyshy ketken son ol Hadishaga bolgan okigany ajtyp Men ozim үshin korkamyn dedi Hadisha ogan Zhok Allaһ sizdi eshkashan maskara kylmajdy Sebebi sen tuystyk katynasty үzbejsiz auyrlykty zhenil etesiz zhok zhitiktege komektesesiz adamdarga konakzhajlyk korsetesin zhәne kiynshylykty koteruge komektesesiz dedi Bul okigadan kejin Hadisha Muhammed pajgambarmen ﷺ birge nemere agasy Uaraka ibn Nәufalga barady Ol hristian dinin kabyldap Inzhilden yaһudilerdin zhazuy arkyly kerek nәrselerin zhazatyn bolgan Bul kezde ol zhasy үlken kart edi Muhammed ﷺ pajgambardan bolgan okiganyn sipatyn estigen son ol ogan Musa pajgambarga zhiberilgen kupiyalardyn sakshysy Namus kelgen ekenin ajtady Sonymen kosa ol bolashakta halkynan kugyn sүrginge ushyrajtynyn eskertedi sebebi kimde kim bundaj zatpen halkyna kelse olar onymen zhaulasatyn edi Birinshi ayannan kejin Muhammed pajgambarga ﷺ birshama uakyt bojy uahi tүspejdi Kejbir galymdar bul үzilis үsh zhylga sozyldy dejdi birak onyn alty aj ekenin tuzhyrymdagan galymdar da bolgan Birak uahidyn tүspeui degen Қurannyn ayattarynyn tүspegenin bildiredi al Zhәbirejil ogan kelgen zhok degendi emes Dzhabir ibn Abdullaһtan kelgen hadiste Pajgambar ﷺ ajtkan Birde men zholda kele zhatyp aspannan dauys estidim Men basymdy koterip magan Hira tauynda kelgen perishtenin aspan men zherdin arasynda tak үstinde otyrganyn kordim Men odan koryktym da үjime kajtyp Meni orandar meni orandar dedim Sodan kejin Allaһ Jә orangan Tur da eskert Rabbyndy ulykta Kiimindi tazala Zhәne zhamandyktan aulak bol Muzzәmmil sүresi degen ayattardy tүsirdi Bul ayattar Hira үngirindegi Alәk sүresinin algashky ayattarynan kejingi algashky ayan boldy Ғalymdar Muhammed pajgambar ﷺ Alәk sүresinin algashky ayattarynyn tүsuimen pajgambar Muzzәmmil sүresinin ayattarynyn tүsumen elshi rasul boldy dep eseptejdi Muhammed pajgambardyn Mekkede omir sүrgen 13 zhylda 83 nemese 85 sүre tүsken olardyn en algashkysy Alәk sүresi al en songysy әl Muminun nemese әl Ankәbut sүresi sanalady Қurajysh tajpasynyn kysymy tozimsiz bolyp ketkesin Muhammed pajgambar ﷺ Yasrib kalasyna һizhra zhasauga mәzhbүr bolady Sodan beri ol kala Mәdina әn nәbәuija Medine dep atalatyn boldy Medinede tүsken sүreler sany 31 nemese 29 sүre dep esepteledi Medinede tүsken algashky sүre әl Mutaffifin sүresi al songy sүre Tәube sүresi boldy Birak Ibn Hadzhar әl Askalanidin Sahih әl Buharige zhazgan tүsiniktemesinde Medinedegi en algashky sүre Bakara sүresi bolgany ajtylgan al әn Nasafidin tәpsirinde en algashky Medinelik sүre Қadr sүresi delingen Қuran tүsiriluinin sipaty Uahi Muhammed pajgambarga ﷺ Allaһtan әrtүrli sipatta keletin bolgan En algashky ayandardy ol tүsinde korip olar tannyn atuy sekildi oryndalatyn bolgan Uahidyn bul tүri ogan pajgambarlyk mindeti zhүktelmej turyp kelgen Uahidyn ekinshi kejipi ilandyru Zhәbirejil perishte uahidy Muhammed pajgambarga ﷺ ilandyryp ol onyn akyly men zhүregine zhetetin bolgan Әbu Umamadan kelgen hadiste Muhammed pajgambar ﷺ ajtkan Shyn mәninde kasietti ruh magan adamnyn oz peshenesine zhazylgan rizygyn bitirmejinshe olmejtinin ilandyrdy Үshinshi tүri perishtenin adam kejibinde kelip Allaһtyn ayanyn zhetkizui Onyn mysaly retinde Omar ibn әl Hattabtan imam Muslim keltiretin Zhәbirejil hadisy degen atpen tanymal hadis Ol hadiste Zhәbirejil perishtenin Muhammed pajgambarga ﷺ appak kiim kigen kara shashty er adam tүrinde kelgeni turaly ajtylgan Әn Nәsәi zhetkizgen hadiste Zhәbirejil Dihja әl Kәlbidin tүrinde kelgeni turaly ajtylgan Tortinshi tүri perishtenin konyraudyn үni siyakty dauyspen birge kelui Ajsha Muhammed pajgambardan ﷺ uahidyn kalaj tүsetini turaly suraganda ol bylaj zhauap bergen Kejde ol magan konyraudyn үni siyakty keledi bul magan en auyr tүri Ol men ony zhadyma saktagannan kejin ketedi Kejde perishte magan er adamnyn kejibinde keledi Ol menimen sojlesedi de men onyn ajtkandaryn este saktajmyn Ajsha ajtkan Men ogan uahidyn katty suyk kүni kelgenin kordim uahi toktaganda onyn mandajynan ter kujylyp turatyn edi Sahih әl Buhari Ayannyn bul tүrinin auyrlygy sonshalykty Ajshadan kelgen tagy bir hadiste ajtylgan Pajgambar tүjenin үstinde otyryp ayan alganda ol tүje tizerlep otyryp kozgala almaj kalatyn edi Besinshi tүri Zhәbirejildin shynajy tүrinde kelui Bul Muhammed pajgambardyn ﷺ omirinde eki ret bolgan Ol turaly Қurannyn ozinde zhәne Ajshadan keletin hadiste ajtylgan Altynshy tүri Allaһtyn eshbir deldalsyz Muhammed pajgambarga ﷺ tikelej ayan berui Bugan mysal retinde bes uakyt namazdyn paryz bolgan kezin ajtuga bolady Zhetinshi tүri Muhammed pajgambardyn ﷺ Allaһpen zhamylgynyn artynan tikelej sojlesui Bul sekildi Musa pajgambar da Allaһpen sojlesken Bul turaly Muhammed pajgambardyn ﷺ Migrazh tүnindegi sayahaty tuoraly mәshһүr hadiste ajtylgan Kejbir tәpsir galymdary Muhammed pajgambardyn ﷺ Allaһty eshbir zhamylgysyz tikelej korip sojlesui turaly ajtyp sony uahidyn segizinshi tүri degen Birak bul pikir Ajshadan kelgen hadiske zhәne Allaһty bul dүniede eshkim kore almajtyny turaly ayattarga kajshy Barlyk sahabalar Ajshanyn hadisindegidej pikirdi ustangan Қurannyn Lauh әl Mahfuz dan tүsirilui Қuran Lauh әl Mahfuzdan Ramazan ajyndagy Қadir tүninde tүsirilgen Allaһ ajtady Shyn mәninde Biz ony Қadir tүninde tүsirdik Ibn Kasir ozinin tәpsirinde bul ayat turaly bylaj zhazgan Ұly Allaһ Қurandy Қadir tүninde tүsirgenin habarlady Ol kasietti tүn ol turaly Allaһ ajtady Ramazan ajynda Қuran tүsirildi ol adamdarga tura zhol tura zholdyn dәlelderi men ajyrushy furkan Ibn Abbas zhәne baska mufassirler ajtkan Allaһ Қurandy tolygymen Lauh әl Mahfuzdan zhakyn aspandagy Bajt әl Izzaga tүsirildi Sodan kejin ol Pajgambarga zhagdajyna karaj bolek bolek bolyp 23 zhyl bojy tүsirilgen Hafiz ajtady Қurannyn tүgelimen aspanga tүsirilui adamdarga degen kurmetti zhәne olardy perishtelerdin aldynda ulyktaudy bildiredi bul Allaһtyn adamdar turaly ojlajtynyn olarga Meirimdi ekenin bildiredi Қadir tүninin nakty kaj kүni ekeni belgisiz Ibn Hadzhar әl Askalani ozinin Sahih әl Buhari kitabynyn tүsindirmesinde bul turaly kyryktan astam piki keltirip en durys pikir bojynsha Қadir tүni Ramazan ajynyn songy on kүninin tak kүnderinde әr zhyly әr tүrli kүnderde keletinin tuzhyrymdagan Қurannyn zhinaluynyn kyskasha tarihy Қasietti Қuran Muhammed pajgambarga ﷺ 23 zhyl bojy үzik үzik bolyp tүsirilgen bul onyn birden tүsirilgen baska kasietti kitaptardan ajyrmashylygy bop tabylady Pajgambarga ﷺ ayat tүsken sajyn ol kasyndagy hatshy sahabalarga olardy okityn bolgan Olardyn sany kyrykka dejin zhetip tipti pajgambarlyktyn en auyr kezeninde de olar Pajgambardyn ﷺ kasynda zhүrip Қurandy zhazudy toktatpagan Mekkedegi Қurandy en birinshi bolyp zhaza bastagan adam Abdullaһ ibn Sagd ibn Sarh bolgan Al Medinede en birinshi zhaza bastagan adam Ubәj ibn Kagb bolgan Қurandy hatka tүsirushilerdin ishinde Әbu Bәkir Omar ibn әl Hattab Osman ibn Affan Әli ibn Әbu Talib әz Zubajr ibn әl Auuam Halid ibn Sagid ibn әl As zhәne t b bolgan Қuran tүsip zhatkan zamanda ony kurma agashynyn zhapyraktaryna tastarga terige zhәne t b materialdarga zhazatyn bolgan Bul zhazbalar ayattardyn tүsuine bajlanysty zhasalatyn bolgan Sүreler men ayattar aralas tүsetin bolgasyn Muhammed pajgambar ﷺ sahabalaryna kaj ayatty kaj sүrege zhazu kerek ekendigi turalf ajtatyn bolgan Ibn Abbas Osman ibn Affannan zhetkizgen hadiste ajtylgan Birneshe sүre birden tүsip Allaһtyn elshisine uahi kelgende ol ozine hatshylarynyn birin shakyryp ajtatyn edi Buny mynandaj da mynandaj zat turaly ajtylatyn sүrege ornalastyryndar Zhazuga tүsirumen katar Қurandy saktauda ony zhattap algan adamdar үken rol atkardy Қurandy zhatka biletin ony okityn adamdarga uәde etilgen sauap turasynda koptegen ayattar men hadister keledi Allaһ ajtady әl Ankәbut sүresi 49 ayat Birak ol bilim berilgenderdin zhүrekterindegi anyk ayattar zhәne tek kana zalymdar gana Bizdin ayattardy zhokka shygarady Sonymen Muhammed pajgambar ﷺ zhyl sajyn Қurandy Zhәbirejil perishtege okyp tekseretin bolgan Әbu Һurajradan zhetken hadiste Zhәbirejildin osy үshin zhyl sajyn bir ret al Pajgambar ﷺ kajtys bolatyn zhyly ek ret kelip teksergeni ajtylgan Fatimadan kelgen hadiste Muhammed pajgambardyn ﷺ sol zhyly Қurandy eki ret tekserilgenin ajtyp omirinin sony zhetkenin sezgeni turaly ajtylgan Muhammed pajgambardyn ﷺ tiri kezinde Қurannyn zhazbalary bir kalypka bekitilmegenmen sahabalar sүrelerdi ozderi hatka tүsirip arnajy tizimder zhasajtyn bolgan Bundaj tizimder Abdullaһ ibn Masgudta Ubәj ibn Kagbta Zәjd ibn Sabitta zhәne t b sahabalarda bolgan Abdullaһ ibn Amr ibn әl Astan kelgen hadiste ajtylgan Қurandy tort adaman alyndar Abdullaһ ibn Masgudtan Salimnan Muaz ibn Zhәbәldan zhәne Ubәj ibn Kagbtan Bul atalgan esimdermen katar Қurandy zhatka bilgen zhәne onyn saktaushysy hafiz bolgan adamdardyn kataryna Әbu Bәkirdi Omar ibn әl Hattabty Osman ibn Affandy Әbu Musa әl Ashgaridy Sagd ibn Әbu Uakkasty Huzajfa ibn әl Jamandy Әbu Һurajrany Amr ibn әl Asty zhәne t b sahabalardy atajdy Әjelderdin arasynan Қurandy Ajsha Hafsa bint Omar Umm Sәlәmә zhәne t b zhatka bilgen Muhammed pajgambardyn ﷺ kezindegi koptiginin mysaly retinde Maun kudygynyn kasyndagy shajkasty atauga bolady Bul shajkasta mushrikterdin kolynan 70 ten asa Қurandy toygymen zhatka biletin sahaba kajtys bolgan Әbu Bәkr nuskasy Tүjenin sүjegine zhazylgan әl Fatiha sүresi Әbu Bәkr әs Siddiktyn halifalygy kezinde musylmandar ozin pajgambarmyn dep zhariyalagan Musajlimanyn zhaktastarymen Halid ibn Uәlidtin basshylygymen olim bagynyn kasynda shajkasady Әl Jamamanyn turgyndarymen bolgan bul shajkasta 700 den astam sahaba mert bolady Koptegen hafizderdin olimin korip Қurannyn zhogaluynan korykkan Omar ibn әl Hattab halifa Әbu Bәkrge Қurandy tolygymen zhazyp zhinauga usynys ajtady Onymen kelisken Әbu Bәkr Muhammed pajgambardan ﷺ Қurandy zhazyp zhүrgen Zәjd ibn Sabitke osy usynysty ajtady Zәjd ibn Sabittin ajtuy bojynsha onyn usynysy bojynsha Қuran zhinagannan gori taudy ornynan kozgaltu onajyrak edi Bul iste zhaksylyk bar ekenine kelisken ol kurma agashynyn zhapyraktaryna tegis tastarga zhәne adamdardyn zhүregine saktalgan Қurandy zhinaj bastajdy Bul paraktar birinshi Әbu Bәkrde sosyn Omarda onyn oliminen kejin Hafsa bint Omarda skatauly boldy әl Masahif kitabynda Әli ibn Әbu Talibtyn mynadaj sozin keltirgen Қurannyn nuskalaryn taratkan үshin en үlken sauapty Әbu Bәkr alady Allaһ Әbu Bәkrge rahym etsin Ol Allaһtyn kitabyn zhinagan algashky adam boldy Қurannyn Muhammed pajgambardyn ﷺ kezinde ak zhinala bastagany turaly Қurannyn ozinde ajtylgan Tazartylgan paraktardy okityn Allaһtyn elshisi әl Bәjinә sүresi 2 ayat Қazy әl Bakillani ajtady Omar Pajgambardyn Қurandy bir kitapka zhinamauy bul istin tyjym salyngandynyn bildirmejtinin tүsindi Bul ojdyn durystygyn tүsingen Әbu Bәkr da osygan kelisedi Қasietti mәtinder de akyl parasat ta bugan esh kajshy kelgen zhok Ogan kosa bir kitaptyn bolmauy uahidyn bir boliginin zhogaluyna alyp kelui mүmkin edi Sodan son olardyn ojymen Zәjd zhәne baska sahabalar kelisti Osman nuskasy Muhammed pajgambardyn ﷺ oliminen kejin sahabalar ozderi bilgen әdiske sәjkes zheti tүrli okityn bolgan Birak Islam dini әlemge taralyp musylmandardyn kolastyna koptegen zhana zherler engesin sol sahabalar dindi kabyldagandarga Қurandy oz әdisimen үjretip ol okushy Қurannyn baska әdispen okyluyn estigende zhanzhaldar pajda bola bastady Mysalga Iraktyn musylmandary Қurandy Abdullaһ ibn Masgudtyn әdisimen al Shamnyn turgyndary Ubәj ibn Kagbtyn әdisimen okyityn bolgan Һizhra zhyl sanagy bojynsha 14 nemese 15 zhyly halifa Osmannyn әskerleri Armeniyany bagyndyruga attanady Halifanyn әmirimen Irak pen Shamny әskerleri bir birimen kosylady Irak әskerlerinin kuramyndagy әl Madainnyn әskerinin kolbasshysy bolgan Huzajfa ibn әl Jaman osy zherde zhinalgan koldyn arasynda Қurandy oku әdisinin kesirinen bolgan zhanzhaldyn kuәgeri bolady Sogystan kajtkan son Huzajfa oz үjine kirmesten halifa Osman ibn Affanga baryp bolgan zhajtty ajtady Men Armeniyanyn shekarasynda shajkastym Sham olkesinin turgyndary Қurandy Ubәj ibn Kagb okygan siyakty okidy da Iraktyn turgyndary estimegen zattardy ajtady Al Iraktyn turgyndary Қurandy Abdullaһ ibn Masgud okygan siyakty okidy da Shamnyn turgyndary estimegen zattardy ajtady Sosyn olar bir birin kүpirlikte ajyptajdy Zhanzhaldardan korykkan halifa Osman Zәjd ibn Sabitke Abdullaһ ibn әz Zubajrga Sagid ibn әl Aska Abdullaһ ibn әl Haris ibn Һishamga Hafsa bint Omarda saktalgan Әbu Bәkr kezinde zhinalgan Қuran nuskasyn koshirip taratuga әmir etedi Ol paraktardy koshirip bolgannan kejin Osman tүpnuskany Hafsaga kajtaryp zhinalgan Қurandy tүrli audandarga zhiberip ogan sәjkes emes Қuran nuskalaryn ortep zhiberuge bujyrady Osmannyn bul sheshimi tek atakty da syjly sahabalarmen bolgan kelisimnen kejin iske asty Әli ibn Әbu Talib ajtkan Osman turaly tek zhaksylyk ajtyndar Allaһpen ant etemin ol Қuran paraktarymen istegen isin tek bizben akyldaskannan kejin gana iske asyrdy Ol bizge ajtty Bul okylu turaly ne ajtasyndar Magan senderdin kejbireulerin ozinin okuy baska okylulardan artyk dep ajtatyny turaly kaueset zhetti Bul sozder kүpirlik boluga zhakyn Biz ajttyk Sen ne usynasyn Ol ajtty Men adamdarga ozgeshelik pen karama kajshylyktar bolmauy үshin Қurannyn bir nuskasyn kabyldauyn usynam Biz ajttyk Senin usynysyn kandaj zhaksy Akyr sonynda Zәjd ibn Sabittyn zhәne baska da sahabalardyn atkargan үlken enbeginen kejin Қuran bir kalypka kelip onyn zhalgyz oku әdisi bolyp kurajyshtardyn dialekti tanylady Osman zhinagan Қuran nuskalarynyn sany zhoninde әrtүrli pikirler bar olardyn sany tort bes nemese zheteu bolgan degen pikirler bar Ibn Әbu Dәud Әbu Hatim әs Sidzhistanidin mynadaj sozin zhetkizgen Қurannyn Mekke Sham Jemen Bahrejn Basra zhәne Kufa үshin zhazylgan zhәne Medine kalasynda kalgan zheti nuskasy zhazyldy Al osy nuskalardyn baska Қurannyn nuskalary orteluge nemese oshirulige bujyryldy Әli ibn Әbu Talib ajtkan Osmannyn Қurannyn nuskalaryn zhagu sheshimi turaly zhaksylyktan baska eshtene ajtpandar Әbu Bәkr nuskasynyn argy tarihy Қurannyn bir nuskasy bekitilip halifa Osman baska barlyk Қuran nuskalaryn zhoyuga bujyrganymen Hafsa bint Omarda Әbu Bәkr kezinde zhinalgan Қuran nuskasy saktauly kalyp kojdy Medine kalasynyn әmiri bolyp tagajyndalganda ol Hafsadan sol paraktardy ozine beruin surajdy birak Hafsa ogan kelisimin bermejdi Tek Hafsanyn kajtys boluynan kejin gana Abdullaһ ibn Omar sol nuskany Maruanga berip ol oz kezeginde onyn zhazuyn sumen shajyp zhojdy nemese baska riuayatta zhagyp zhiberdi Maruan ibn әl Hakam bul isinin sebebin bylaj tүsindirgen Menin bul isimnin sebebi uakyt kele osy nuskanyn sebebinen kүmanga tүsetin adamdar shyga ma eken dep korkamyn Қurannyn erekshe kolzhazbalaryKok Қuran Tolyk makalasy Kok Қuran Kok Қuran 30 sүre 28 32 ayat Metropoliten Өner murazhajy Nyu Jork Portal Қuran Kok Қuran arab المصحف الأزرق IX gasyrdyn ayagy X gasyrdyn basynda arab kalligrafiyasynyn kufalyk үlgisimen zhazylgan Tunistik Қuran nuskasy Onyn ereksheligi ol kok tүsti indigo pergamentke altynmen zhazylgan krizografiya Bul Қuran nuskasy Islam onerinin en tanymal tuyndysy zhәne tarihtagy en erekshe әri baj kolzhazba sanalady Bul kolzhazba Osman imperiyasy kezinde bolshektelinip kop boligi Tunistin oner zhәne arheologiya Ұlttyk Institutynyn murazhajynda saktalgan Bolek folianttary әlem murazhajlarynyn muragatynda bar Olardyn kej boligi Rakkadadagy Islam onerinin Ұlttyk Murazhajynda kormege kojylgan Tagy karanyzҚuran Islam tarihy Қyraattar Қuran okyluyDerekkozder Fath әl Bari 1 t 29 30 bb Ibn Hadzhar әl Askalani Fath әl Bari 1 37 Sahih әl Buhari 4 Sahih Muslim 161 Usul fit tafsir Muhammed әl Usәjmin مركز الفتوى عدة السور التي نزلت بمكة والمدينة ar Islamweb net Tekserildi 27 nauryz 2007 Hiljat әl auliya Әbu Nugajm Zad әl Magad Ibn әl Қaijm әl Dzhәuziya 1 73 Imam Ahmad әl Hakim әn Najsaburi әn Nәdzhm sүresi әl Buhari Muslim әt Tirmizi Zad әl Magad Ibn әl Қaijm әl Dzhәuziya 1 79 Tafsir Ibn Kasir 3 5 34 әl Қadr sүresi 1 ayat әl Bakara 185 ayat Tafsir Ibn Kasir 4 685 Fath әl Bari 4 338 Fath әl Bari 9 29 Ahmad Әbu Dәud әt Tirmizi әn Nәsәi zhetkizgen Ibn Hibban men әl Hakim sahih degen Fath әl Bari 9 29 Sahih әl Buhari Zad әl Magad 3 221 222 Sahih әl Buhari Sunan әt Tirmizi Fath әl Bari 9 17 Fath әl Bari 9 18 Fath әl Bari 9 23 Fath әl Bari 9 15 Fath әl bari 9 24 Fath әl Bari 9 27 Fath әl Bari 9 26 27 Ibrahim Canan Kutub i Sitte muhtasari c 4 s 492 Folio from the Blue Qur an Probably North Africa Tunisia 2004 88 In Heilbrunn Timeline of Art History New York The Metropolitan Museum of Art 2000 kazan 2008 retrieved 1 akpan 2012 Folio From the Blue Qur an Bruklin murazhajy Bifolium from the Blue Qur an Muragattalgan 1 karashanyn 2013 zhyly Folio from the Blue Quran kolzhetpejtin silteme kollekciyasynda