Миғраж - Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) Ережеп айының 27-ші жұлдызында Аллаһпен жүздесуі. Осы оқиға болған түнді Миғраж түні дейді. М. араб. саты, баспалдақ дегенді білдіретін сөз. бастап сопылар М. көргендерін айтады. Жалпы, Миғраж рухтың кемелденуін білдіру үшін қолданылады. Рухтың Аллаһқа қарай көтерілуін Миғраж дейді. Миғражда «түсу-көтерілу» ұғымы да бар. Хазіреті Адам жер жүзіне түсірілсе, Хазіреті Мұхаммед көкке көтерілген. ғибадат кезінде рухани және мағынауи мираждан үлес алады. Өйткені, намаз құлдың Аллаһқа ең жақын дәрежесі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне өтер түнде, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрын болған еді. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда “исра” деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.
Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адамдардан тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Алла тағала жеті пайғамбарға миғражды сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса (ғ.с.) және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әр түрлі болған. Соның ішінде соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражы ерекше өткен.
Исра және миғраж оқиғасы пайғамбарлықтың оныншы жылы, яғни ислам тарихында “қайғыға толы жыл” деп аталған кезде жүзеге асты. Сол жылы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлкен ұлы Қасым шетінеді. Соңынан екінші ұлы Абдулла да қайтыс болды. Бауыр еті балаларының арғы дүниеге көшуі Алла елшісіне (с.ғ.с.) оңайға соқпады.
Қорғаушысы әрі аяулы ағасы Әбу Тәліп пен қадірлі жары Хадиша анамыз (р.а.) да осы кездерде дүние салды. Бұл Мұсылмандардың кәпірлерден түрткі көріп, олардың зорлық-зобалаңы мен ауыр азабынан қиналған шақ болатын. Мұндай оқыс оқиғалар мен қайғылы қазалардан Расулулланың қабырғасы қайысты.
Дегенмен, миғраж хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үшін Алла тағала тарапынан үлкен жұбаныш әкелді. Үміт шамын қайта жақты.
Осы түнде періште Жәбірейіл (ғ.с.) пайғамбарымызға (с.ғ.с.): “Ей, Мұхаммед, Алла тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырды”, – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с.) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызды әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Алла тағала қасиетті Құранда: “Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке-байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші”[1], – деді.
Араб тілінде “исра” сөзі түннің бір бөлігін серуендеумен өткізу деген ұғымды береді. Ал шариғат тілінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түннің бір сәтінде әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне барғанын білдіреді.
Үш мешіт қасиетті саналады. Олар әл-Харам мешіті (Меккеде), Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешіті (Мединеде) және әл-Ақса мешіті (Иерусалимде). Бұл мешіттердің маңайында қылмыс пен күнәлар жасау харам (тыйым салынған). Әл-харам деп аталуының да себебі осында.
Аяттағы әл-Харам мешіті деп Мекке қаласы түсініледі. Әл-Ақса мешіті кезінде Мұса (ғ.с.) мен Иса (ғ.с.) және ол екеуінің арасында өткен пайғамбарлардың (ғ.с.) құбыласы болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да Меккедегі әл-Харам мешіті құбыла болғанға дейін Ысқақ пен Яқуб (ғ.с.) екеуі салған әл-Ақса мешітіне қарап намаз оқыған. Бұған қажылық сапарына барған бауырларымыз Мединедегі әл-Қибләтәйн (қос құбылалы) мешітінде болғандарында көздері жетеді. “Ақса” «ұзақ, алыс, бір шеттегі» деген мағынаны білдіреді. Ол мешіт Меккеге қарағанда алыс, шеттегі ғибадатхана болғандықтан, “әл-Ақса” деп аттанып кеткен.
Әл-Ақса мешітін Алла тағала берекелі мекен еткен. Ол туралы аятта: “төңірегі тұнған береке-байлық”, – делінді. Расында да, ол мекен мүбәрак етілгендігінен Алла тағала топырағын өте құнарлы, егіндерінің өнімін мол, ауа райын ғажап, суларын мөлдір әрі шипалы еткен. Сондай-ақ осы өлкеден көп пайғамбарлар шыққан.
Исра оқиғасы түс те, рухани серуен де емес. Ол пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өңінде денесімен әрі рухымен жасалған сапар.
Ал миғраж – биікке көтерілу, жоғарылау дегенді білдіреді. Шариғатта – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Бәйтул-Мақдис мешітінен аспандағы «Сидратул-мүнтәһәға», яғни Алла тағала құзырына көтерілгенін айтамыз. “Сидрат” арабшада ағаш, ал “мүнтәһә” – соңғы деген мағына береді. Мұнын әлемнің соңғы шегі деп түсінеміз.
Адамзаттың өзінен тыс әлеммен қарым-қатынас жасауы әркімнің ақылына қона бермейді. Оған тек иман келтіргендер ғана сене алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезінде де ой өрісі тар, дүниенің қалай пайда болғанын және де Жаратушы Иесінің құдіретіне күмәнмен қарап, сауатсыздықтан аса алмаған мүшріктер: “Керуен бір айда әрең барып келетін ұзақтықты Мұхаммед қалай бір түнде жүріп өтеді?” – деген күдіктен аса алмады. Бірақ Әбу Бәкір сияқты ислам дінін шын жүрекпен қабылдаған мұсылмандар: “Егер Мұхаммед осылай деген болса, онда ол рас. Мен оны бұдан да ұзағыраққа бардым десе де растаймын”, – деп жауап берген.
Миғраж оқиғасы туралы мағлұматтарды көптеген діни кітаптардан табуға болады. Олар: “Қысасул-әнбийа”, “Тәжул-қысас”, “Нәдирул-миғраж”, “Мәғәрижун-нубууәт”, “Усулул-миғраж” және т.б. Айтылған кітаптарға сүйене отырып, оқиғаның қандай болғандығын хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өз сөзімен баяндалық.
“Жәбірейіл (ғ.с.) маған бурақ (пырақ) деген жануарды жәннаттан алып келді. Пырақ есектен биік, қашырдан аласа, қадамын көз ұшы жететін жерге тастайтын жүйрік жануар екен. Оған мініп, Жәбірейіл (ғ.с.) екеуміз Бәйтул-Мақдиске келдік. Мұнда бізді дүниеден өткен 124 мың пайғамбар күтіп алды. Барлығымен көрісіп, мешітке кіріп, бірге намаз оқыдық. Намаз оқып болған соң баршасы мені миғражға шығарып салды.
Бірінші қабат
Мен пыраққа мініп, жер бетінен көкке көтерілдім. Жәбірейіл (ғ.с.) қасымда болды. Аспанның бірінші қабатына жеттік. Жәбірейіл (ғ.с.) оның күзетші періштесіне: “Қақпаны аш!” – деп бұйырды.
– Қасыңдағы жолдасың кім? – деп сұрады періште.
– Бұл – Алланың хабибі, соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.), – деп жауап берді.
– Мұхаммедтің пайғамбарлық дәуірі басталды ма? – деп таңғалып сұрады періште.
– Иә! – деп жауап қайырды Жәбірейіл (ғ.с.).
– Қош келдің, Мұхаммед!, – деп сүйіне қақпаны ашып, пайғамбарды (с.ғ.с) қарсы алды ол.
Бірінші болып алдымыздан Адам (ғ.с.) шықты. Мен оған сәлем бердім. Ол маған: “Ей қадірлі перзентім, қош келдің”, – деп ақ батасын берді. Адамның (ғ.с.) оң мен сол жағында есік бар екен. Оң жағына қарап күледі де, сол жағына қарап көзіне жас алады екен. Оң жағындағы жәннат есігі. Ол жәннатқа кіретін ұрпақтарының хал-жағдайын көріп, сүйісінетін еді. Сол жағындағы тозақ есігі. Ол тозақтағы ұрпақтарының тартатын азабына қайғыратын.
Осыдан кейін Нұх (ғ.с.) пайғамбармен жолығып, оның да батасын алдым. Нұх пен Адамның (ғ.с.) бірге болуы жайдан-жай емес. Адам ата жер жүзінде жаратылған бірінші адам болса, Нұх (ғ.с.) дүние жүзін су басып, барша жан иелері қайтыс болғаннан кейінгі тірі қалған халықтың атасы саналып келеді.
Алла күн мен айды және шексіз жұлдыздарды жақыннан көруді маған нәсіп етті. Сансыз періштелер Алланы дәріптеп, мадақ айтып жүргенін көрдім.
Періштелердің бір тобы сапқа тізіліп, тік тұрып, Алланы ұлықтап жатыр екен. Мен Жәбірейілден: “Бұлар не істеп тұр?” – деп сұрадым. Ол маған: “Бұлар Жаратушы Иесіне ғибадат етіп тұр. Аспан жаратылғаннан қиямет күніне дейін осылай тұрып, құлшылық етеді. Бұлардың ғибадаты осылайша өтеді”, – деп жауап берді. Мен де үмбетіме осы ғибадатты сұрадым. Алла тағала сөзімді жерде қалдырмай, үмбетіме намаз ішінде қиямда тұруды парыз етті.
Содан соң, дүниеден өтіп, түрлі азаптарға салынған күнәһарлар тобын көрдім. Жәбірейілден: “Бұлар кімдер?” – деп сұрадым. Ол: “Бұлар кісі өлтірген, әке-шешесін қорлаған, араққа салынған, өсек, өтірік, жала сөздер айтқан, Алланың әміріне құлақ қоймаған адамдар және басқалар”, – деп егжей-тегжейін баяндап берді.
Бірінші аспанды еркін араладым. Аспан көркем әрі су сияқты көкпеңбек екен. Бірінші аспан мен екінші аспан арасындағы қашықтық бес жүз жылдық жол. Қалыңдығы да сонша екен.
Екінші қабат
Ол жерден аттанып аспанның екінші қабатына жеттік. Оның есігінің қасында да жоғарыдағыдай сұрақ-жауап болды. Рұқсат алып, ішке кірдік.
Хазіреті Яхья мен Иса (ғ.с.) пайғамбарлар осында екен. Олармен кездесіп, баталарын алдым.
Бұл екі пайғамбардың тағдыры бір-біріне ұқсас секілді. Сондықтан болар, Алла тағала бұларды бір мекенге орналастырған.
Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбар қартайған шақта ұлы Яхья дүниеге келген. Адамның табиғи жаратылысы бойынша, ердің жасы ұлғайып яки әйелінің жасы өтіп немесе бедеу болса, олар бала көрмеуі тиіс. Бірақ құдіреті күшті Алла жоқтан бар етеді. Яхья да Алланың қалауымен дүниеге келді. Бұл туралы Құран Кәрімде: “(Зәкәрия): Ей, Раббым! Маған кәрілік жеткен, әйелім бедеу болса, қалайша менен перзент болмақ? – деді. Алла: “Осылайша, Алла қалағанын істейді”[2], – деді”.
Яхья үлкейіп, ер жетті. Пайғамбар болды. Зәкәрия (ғ.с.) Құдайға әдемі құлшылық жасайтын еді. Өкінішке орай, жас Яхья (ғ.с.) кәпірлер қолынан қаза тапты.
Иса (ғ.с.) Алланың құдіретімен әрі қалауымен әкесіз дүниеге келді. Негізінде, бала табу үшін үйлену, ерлі-зайыпты болу қажет. Содан соң Алланың қалауымен перзентті болады. Исаның анасы Мәриямның қасына періште келіп: “Қорықпа! Алла мені саған сүйінші хабар жеткізуім үшін жіберді. Жақында сен перзент сүйесің. Оның есімі Мәриям ұлы Иса болмақ”, – деді. Иса қауымын хақ жолға шақыра бастады. Кәпірлер оған қарсы шығып, жан түршігерлік қиындықтар көрсетті. Алла тағала өз елшісі Исаны (ғ.с.) кәпірлерден құтқарып, аспанға көтеріп әкетті.
Қиямет күніне дейін төрт пайғамбар тірі жүреді деп айтады. Екеуі аспанда, екеуі жерде. Аспандағылар: Ыдырыс пен Иса (ғ.с.) пайғамбарлар. Жердегілер: Қыдыр мен Ілияс (ғ.с.) пайғамбарлар.
Осы аспанды аралап жүргенде, Мүнкир-Нәкир атты екі періштені көрдім. Бұл періштелер жерленген мәйіттің қабіріне кіріп, олардан сұрақ-жауап алады екен. Қастарына барып, сәлем бердім. Олар мені жақсы қарсы алды. Мен оларға: “Қабірде жатқан мәйіттен қалай сұрақ-жауап аласыңдар?” – деп сұрадым. Олар: “Адамдар мәйітті қабірге қойып кеткеннен соң, алдына кіріп: “Раббың кім, пайғамбарың кім, дінің не?” – деп сұрақ береміз. Шын мұсылман сұрағымызға: “Раббым – Алла, пайғамбарым – Мұхаммед (с.ғ.с.), дінім – Ислам”, – деп қиналмай жауап береді. Оның жауабына қанығып, қайтып кетеміз. Пасық, екі жүзді мұнафық және кәпірлер сұрағымызға дұрыс жауап бере алмайды. Сондықтан оларды азапқа саламыз”, – деп түсіндірді.
Үшінші қабат
Аспанның үшінші қабатына келдік. Ондағы сақшы періште де: “Қош келдің, Мұхаммед! – деп бізді қуана қарсы алды.
Мұнда жетпіс мың періштенің “Сүбхаанә зиль-мүлки уәль-мәләкуут, сүбхаанәль-мәликиль-хаййиль-ләзии ләә ямуут” (яғни, Алла барлық айып және мін-кемшіліктерден пәк. Ол – барлық мүліктің әрі құдіреттің иесі. Және Алла барлық айып және мін-кемшіліктерден пәк. Ол – шынайы патша. Ол тірі, ешуақытта өлмейді), деп тәсбих айтып жатқанын көрдім.
Бұл жерден өтіп, сапарымды жалғастырдым. Сол кезде бастарын сәждеге қойып, Аллаға тәсбих айтып жатқан періштелерді көрдім. Оларға сәлем бердім. Олар бастарын сәждеден көтеріп, сәлеміме «әлейк» айтты да, қайтып сәждеге жығылды. Мен Жәбірейілден: “Үшінші аспандағылардың ғибадаты осы екен ғой?”, – деп сұрадым. Ол маған: “Иә, Алладан бұл ғибадатты сіз де сұрасаңыз болады”, – деді. Солай істедім. Алла тағала дұғамды қабыл етіп, намаздың әр рәкатында екі рет сәжде жасауды маған парыз етті. Намаздың әр ракатында екі сәжде жасаудың тарихи қайнары осыған саяды.
Үшінші қабатта Жүсіп, Дәуіт және Сүлеймен пайғамбарлармен (ғ.с.) кездесіп, сөйлестік. Олар (ғ.с.) да тілегін айтып, құттықтады. Мен Жүсіптің (ғ.с.) көркіне және оның ерекше көркем мінез-құлықты екеніне куә болдым.
Жүсіп (ғ.с.) – Жақып (ғ.с.) пайғамбардың баласы. Алла тағала Жүсіптің пайғамбар болатынын бала кезінде-ақ оған білдірген. Ол ұйқысынан оянып, көрген түсін әкесіне айту үшін келіп:
“Әке, мен он бір жұлдыздың, күннің және айдың маған сәжде жасап тұрғанын көрдім”[3], – деді.
Дәуіт (ғ.с.) әрі пайғамбар, әрі патша еді. Ол Исрайыл қауымының басын қосып, оны қуатты мемлекетке айналдырды. Алла тағаланың бұйрығымен ол Исрайыл жерінде “Бәйтул-Мақдис” ғибадатханасын салды. Ислам діні келгеннен кейін ол Ақса мешітіне айналды. Мұхаммед (с.ғ.с.) миғражға сол жерден көтерілді.
Дәуіт (ғ.с.) тірі жанға қиянаты жоқ, әділ патша болатын. Өзінің қателігін байқаған сәтте, дереу Аллаға жалбарынып, кешірім тілей отырып, әрбір ісін Алланың атымен бастайтын. Ол мансап қуып, билік көксемесе де, Алла оған пайғамбарлықпен қоса патшалықты сыйлады.
Дәуіттің (ғ.с.) жалғыз ұлы Сүлейменнің (ғ.с.) бойына Алла ерекше қасиеттер дарытты. Ол өте зерек, парасатты, табиғаттың сыры мен жануарлардың тілін жақсы білетін. Бұл туралы Алла тағала: “Сүлеймен (пайғамбарлықта да, ілімде де, патшалықта да) әкесі Дәуітке мұрагер болды”[4], – деп хабар береді.
Төртінші қабат
Төртінші қабатқа беттедік. Қақпаның сақшысынан кіруге рұқсат алып, мұндағы сапарымызды бастадық. Бұл жерде тізе бүгіп, тәсбих айтып, Аллаға құлшылық жасап отырған бір топ періштелерді көрдім. Мен Жәбірейілден: “Бұлар Аллаға ғибадат етіп отыр ма?”, – деп сұрадым. Ол маған: “Иә, осы аспан жаратылғаннан бері мұндағы періштелер осылайша құлшылық етеді, бұл ғибадатты сіз де Алладан сұраңыз”, – деді. Шын ниет етіп, Жаратушы Иемнен осы ғибадатты сұрадым. Ниетім Аллаға жетіп, намаздың соңындағы “қағдайи ахир” (соңғы отырыс) амалы парыз етілді.
Төртінші аспанда Ыдырыс (ғ.с.) пайғамбармен кездестім. Ол да ашық жүзбен қарсы алып, батасын берді.
“Ыдырыс” деген арабша сөздің түбірінде дәріс, сабақ, оқу деген мағыналар бар. Бұл пайғамбар білімге жақын болғандықтан, көп сабақ оқып, сабақ бергендіктен, Алла оны “Ыдырыс” деп атады. Ол астрология білімін игерген, жазу-сызуды, күмісті пайдалануды, соғыс құралдарын жасауды, киім тігуді жақсы білген.
Қауымын иманға шақырып, Алланың разылығын тапты. Көп құлшылық жасады. Алла тағалаға дұға етіп: “Ей, Алла! Сенің айтқаныңдай ғибадат етіп келемін. Сенен екі нәрсені сұраймын. Біріншіден, Әзірейіл періште жанымды бір сәтке алса, өлімнің азабын татсам. Екіншіден, көкке көтеріліп, Сен жаратқан тозақты және жәннатты көрсем. Сонда Өзіңе ғана құлшылық етуге деген құштарлығым көбейсе”, – деді. Әзірейіл оның жанын алды. Ыдырыс (ғ.с.) өлімнің ащы дәмін татты.
Пайғамбардың екінші тілегі де орындалды. Ыдырыс (ғ.с.) көкке көтеріліп, тозақты көрді. Кейін жәннатқа кірді. Біраздан соң Әзірейіл одан жәннаттан шығуды сұрады. Ыдырыс (ғ.с.) шығуға көнбей: “Шықсам, Алланың үкіміне қарсы шыққан боламын. Өйткені, Алла тағала: “Әркім өлімді татады”[5], – деген. Мен оны көрдім. Және Алла тағала: “Сендерден (тозақ басына) бармай қалатын ешкім болмайды. Мұның өзі Раббыңның өзгермес үкімі”[6], – деді. Мен тозақтың қасына келдім, оны көрдім. Және Алла тағала: “Олар онда (жәннатта) мәңгі қалып, одан ауысуды қаламайды”[7], – дейді. Мен жәннатқа кірдім. Бұл жерден басқа жерге ауысуды қаламаймын”, – деп жұмақта қалып қойған екен.
Миғраж түнінде Мұхаммед (с.ғ.с.) Ыдырысқа (ғ.с.): “Сен Алланың сыйлы әрі сүйікті пайғамбарысың. Өйткені, менен бұрын жәннатқа кіріп, оның нығметтерін көруді саған нәсіп етті. Сен жайлы Алла тағала: “Біз оны жоғары мәртебеге көтердік”[8], – деп хабар берді”, – деді. Сонда Ыдырыс (ғ.с.): “Олай емес. Мен жәннаттың сыртындағы бақшаға ғана кірдім. Жәннаттың есігін ғана көрдім. Ол есікте: “Мұхаммед және оның үмбетінен бұрын ешкім жәннатқа кіре алмайды”, – деген жазуды оқыдым”, – деді.
Аспанның төртінші қабатында тақта отырған суық жүзді үлкен бір періштені көрдім. Жәбірейіл (ғ.с.) оны маған: “Ол дүние ләззатын бұзып, жамағаттан айыратын, үйлерді тоздырып, зираттарға өмір бағыштайтын, сәбилерді жетім, қыз-келіншектерді жесір қалдыратын барлық мақұлықтардың жанын алушы Әзірейіл”, – деп таныстырды.
Оның жүзінде күлкі белгісін байқамайсың. Мен барып сәлем бердім. Бірақ сәлемім жауапсыз қалды. Алла тағала оған: “Хақтың хабибі, халықтың ардақтысының сәлемін қабыл ал!” – деп бұйырды. Періште дереу төмен түсіп, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) құшақтап: “Расында, Раббымыз сізді қадірлі, үмбетіңізді құрметті етіп жаратты”, – деп жылы қарсы алды. Жәбірейіл (ғ.с.) маған: “Иә, Расулулла! Өлім періштесі сізден басқа ешкімге орнынан тұрып, мұншалық қошемет көрсетпеген болатын”, – деді.
Мен оған: “Ей, бауырым Әзірейіл! Сен адамдардың жанын қалай аласың?”, – деп сұрадым. Ол: “Несібесі таусылып, ажалы жеткен адамдарға жан алушы көмекші періштелерді жіберіп отырамын. Әрбір иманды ізгі адамның алдына алты жүз рахмет періштесі, әрбір имансыз жаман адамның алдына сонша азап періштесін жіберемін. Олар өлім төсегінде жатқан пенденің жанын терден, жүйкеден, еттен, қаннан ажыратып алады. Жанның шығуы тырнақ ұшынан басталып, тізеге жетеді. Аздап дем беріледі. Кейін жанталасу қайта басталып, жан кіндікке келеді, сосын жан алқымға жетіп, ғарғара сәті басталады.
Періштелер жақсы адамдардың жанын қылды майдан ажыратып алғандай, жеңіл алып, оны «иллийин» деген орынға алып барып қояды. “Иллийин” – жәннаттың бір бау-бақшасы. Онда ізгі пенделердің жандары сақталады.
Періштелер жаман адамның жанын ағашты тамырымен суырып немесе қойдың үстіне жабысқан тікенекті жұлып алғандай, денесінен қинап алады да, «сижжин» деген жерге алып кетеді. “Сижжин” – тозақтың бетіне жабылған бір тас. Ол тастың көптеген тесіктері бар. Кәпір, мұнапық, залым және бұзық жандар сол тесіктен тозаққа лақтырылады.
Төртінші аспанда орналасқан “Бәйтул-мәъмур” атты аспан періштелерінің қасиетті үйіне жеттік. Жер жүзінде мұсылмандардың ең қасиетті үйі Мекке қаласындағы Кағба саналса, ал аспан әлемінде – осы үй екен. Күнде бұл үйде жетпіс мың періште тәуеп етеді, бір рет тәуап еткен періштенің қиямет күніне дейін екінші тәуапқа кезегі жетпейді екен. Жәбірейіл (ғ.с.) мені қолымнан ұстап, Бәйтул-мәъмурға алып кірді де, маған: “Уа, Алланың хабибі! Жер бетінде сіз барлық пайғамбарларға имам болып намаз оқып бердіңіз. Енді мұнда жеті аспан періштелерінің баршасына имам болып, екі ракат намаз оқып берсеңіз”, – деп өтініш білдірді. Мен Жәбірейіл бауырымның өтінішін қабыл алып, имам болып намаз оқып бердім. Мұндай көп жамағатты көрмеген едім. Сонда менен “менің үмбетімнің де осыған ұқсас жамағаты болса еді” деген ой кетпей қойды. Осы сәт Алла көңілімдегіні біліп: “Ей, хабибім Мұхаммед, бұл сияқты жамағатты сенің үмбетіңде де бар қыламын. Ол – жұма намазына қатысқан жамағат. Бәйтул-мәъмурда оқылған намаздардың сауабын оларға да жазамын”, – деді.
Бесінші қабат
Одан да жоғары көтеріліп, аспанның бесінші қабатына жеттік. Мұнда да рұқсат сұрап, ішке кірдік. Бұл жерде де Аллаға тәсбих айтып, құлшылық жасап жүрген періштелер көп екен.
Мұнда Һарун (ғ.с.) пайғамбарға жолықтым. Һарун (ғ.с.) көп жақсы баталар беріп, аса құрмет көрсетті. Һарун (ғ.с.) Мұсаның (ғ.с.) бауыры болып келеді. Мұсаның (ғ.с.) пайғамбарлық қызметі өте ұлы да маңызды еді. Ол Раббысынан жәрдем сұрады. Алла тағала оның дұғасын қабыл етіп, оған көмек беру үшін Һарунның баратынын айтып: “Сен де, сенің бауырың (Һарун) да мұғжизаларымды алып барыңдар. Мені еске алуда селқостық жасамаңдар. Екеуің Перғауынға барып, онымен сыпайы сөйлесіп көріңдер. Ол тым асқақтап кетті. Мүмкін ол насихат тыңдар, әйтпесе, қорқар”[9], – деді. Сол тапсырманы орындаған Һарун осы еді.
Сабырлылық жағынан ғибратты өмірі дастанға айналған Аййуб (ғ.с.) пайғамбар да хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға тағзым етті. Онымен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осында ұшырасты. Аййуб (ғ.с.): “Уа, Расулулла, Алла сіздің сабырлылық сипатыңыздан маған аз ғана берген”, – деп өзіне қарағанда, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) аса төзімділігін мойындады.
Алла Аййубты ауыр сынақпен сынап еді. Ол байлығынан, жора-жолдастарынан, әйел, бала-шағаларынан айырылып, соңында ауыр кеселге шалдықты. Еті арылып, сүйегі қалды, құрт бүкіл денесін жеп бітірді. Әйтсе де, Аййуб (ғ.с.) Аллаға тәкбір айтып, шүкір етті. Иманнан ауытқымады.
Бесінші аспанда бір қауымды көрдім. Беттері қап-қара, нұрсыз, қайғылы, қорқынышқа толы. Азап періштелері оларды шыбықпен ұрып қуып жүр, заққұм атты от пен ірің аралас тағамды ауыздарына құйып тұр. Мен Жәбірейіл бауырымнан: “Бұлар кімдер?” – деп сұрадым. Ол маған: “Дүниеде Алланың берген ризық-несібесін басқалармен бөліспеген, малынан зекет шығармаған пенделер. Ондай адамдарды аспандағы періштелер Алланың күнәһар сараң дұшпаны деп әлемге жар салады. Ал малынан зекет бергендерге Алла разы болып, аспандағы періштелер оларды Алланың иманды, жомарт досы деп атайды.
Бұл туралы Алла тағала: “Қазыналарыңды Құдай жолынан аямаңдар, өз қолдарыңды өздерің байлап (сараңдық жасап), бастарыңды қатерге тікпеңдер. Жақсылық жасаңдар. Ізгі жандарды Тәңірі шын дос тұтады”[10], – дейді.
Алтыншы қабат
Одан шығып, аспанның алтыншы қабатына жеттік. Қақпа алдындағы сақшы періште де мені көріп, қуана күтіп алды. Мұнда да Аллаға тәсбих айтып, құлшылық жасап, жалбарынып жатқан көптеген періштелерді және түрлі ғажайыптарды көрдік.
Алтыншы қабатта Мұса (ғ.с.) пайғамбарға жолықтым. Ол да игі тілек тілеп, бата берді. Құранның көптеген аяттары мен сүрелерінде Мұса және оның қауымы туралы түрлі мысалдар келген. Олар біз үшін үлгі-өнеге болу қажет.
Перғауын Мұсаға (ғ.с.) қарсы қолынан келген зұлымдықтарды жасады. Мұғжиза көрсе де жүрегі жұмсармады. Керісінше, залым патша Перғауын иманға келген кісілерді өліммен қорқытып, көздерін жоюға асықты. Мұса пайғамбар мен Исрайыл ұрпақтарының арасында біраз келіспеушіліктер болып өткен. Олар берілген нығметтерге шүкір етудің орнына қанағатсыздық танытып, шыдамсыздыққа бой алдырды. Алайда Мұса (ғ.с.) өз қауымын жақсы білетін. Миғраж кешінде Мұса (ғ.с.) діни үгіт-насихат пен рухани тәрбие жолындағы өзінің жинаған мол тәжрибесімен бөлісті.
Мұсаға (ғ.с.) берілген миғраж оқиғасы ерекше өткен. Ілгеріде Алла тағала Мұсаға (ғ.с.) “Кітап иесі” боласың” деген еді. Перғауын теңізге батып кетті. Оның азабынан құтылған мүминдер тыныс-тіршіліктерін амандықта жалғастыра бастады. Сонда Мұса (ғ.с.) Алладан сол кітапты түсірші деп сұрады. Ол қырық күн Тур тауына барып, Аллаға құлшылық етіп, қасиетті Тәурат кітабын қабылдап алатын болды. Осы уақытты Мұсаның (ғ.с.) миғражымен байланыстырады.
Алла тағала тарапынан Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетіне бұйырылған елу уақыт намаздың бес уақытқа қысқартылып, оларға жеңілдік жасалуына Мұса (ғ.с.) себепші болды.
Үтір намазы да мұсылман үмбетіне осы жерде үәжіп болған екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жәбірейілдің (ғ.с.) мақамына жеткен кезде, періште оған: “Иә, Расулулла, қазір менің мақамымда тұрсыз. Сондықтан бір ракат намаз оқыңыз, сөйтіп Алла бұл жерді бұдан да мүбәрак еткей”, – деді. Мұхаммед (с.ғ.с.) бір ракат намаз оқыды, көңіліне “бір ракат та намаз болушы ма еді” деген ой келді де, артынан тағы бір ракат қосып, екі ракатқа толықтырды. Алла тағаладан: “Иә, Мұхаммед! Сенің ғибадатың бізге ұнады, соның үшін тағы бір ракат қос. Оны біздің әміріміз деп білгейсің”, – деп бұйырды. Үшінші ракатты оқып, рукұғқа еңкейгенде Құнут деген періште: “Иә, Алланың хабибі! Құнут дұғасы арқылы маған ұлық дәреже берілді, сіз де осы дұғаны оқып, сыйлық ретінде қабыл етіңіз”, – деп ұсыныс тастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны да қабыл алды. Намазды оқып болған соң, Жәбірейіл (ғ.с.) маған: “Осы намазды берік ұстаңыз, мұнда талай жасырын сыр жатыр”, – деді.
Әдебиет:
Кенжетай Д., Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы, Түркістан: «Тұран Баспасы», 2008.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Migrazh Hazireti Pajgambarlyk s a u Erezhep ajynyn 27 shi zhuldyzynda Allaһpen zhүzdesui Osy okiga bolgan tүndi Migrazh tүni dejdi M arab saty baspaldak degendi bildiretin soz bastap sopylar M korgenderin ajtady Zhalpy Migrazh ruhtyn kemeldenuin bildiru үshin koldanylady Ruhtyn Allaһka karaj koteriluin Migrazh dejdi Migrazhda tүsu koterilu ugymy da bar Hazireti Adam zher zhүzine tүsirilse Hazireti Muhammed kokke koterilgen gibadat kezinde ruhani zhәne magynaui mirazhdan үles alady Өjtkeni namaz kuldyn Allaһka en zhakyn dәrezhesi Pajgambarymyz s g s Isra zhәne Migrazh okigasyn milәdi 621 zhyly Rezhep ajynyn 26 synan 27 sine oter tүnde dүjsenbide basynan otkerdi Bul Mekkeden Medinege һizhrat etuden 18 aj buryn bolgan edi Kejinirek zhyl sajyn bul tүndi shyn iman ykylas zhәne kosymsha nәpil gibadattarmen atap otkizu musylmandar үshin dәstүrge ajnaldy Migrazh tүninde pajgambarymyz hazireti Muha mmed s g s Mekkedegi әl Haram meshi ti nen Қuddystagy Ierusalim әl Aksa meshitine bir sәtte isra zhasady Tүngi sapar arabtarda isra dep atalady Odan Migrazhga yagni zheti kat kokke koterilip dүnieden otken barlyk paj gam barlarmen kezdesti үnemi kulshylykta zhүre tin perishtelermen zholykty Қudiretti Zha ratushymyzdyn tүrli belgi ayattaryn korip Onymen tildesti Bes uakyt namaz osy tүnde paryz etildi Migrazh pajgambarymyz Muhammedtin s g s en үlken mugzhizalarynyn biri Mugzhiza Allanyn kudiretimen zhүzege asatyn adam dar dan tek pajgambarlarga gana tәn tan ga zhajyp kubylys Zhүreginde iman nury ornykkan әrbir adam Allanyn mugzhizalaryna shүbәsiz senedi Alla tagala zheti pajgambarga migrazhdy syjlagan Olar Adam Ydyrys Ibraһim Musa Zhүnis Isa g s zhәne Muhammed s g s pajgambarlar Әrkajsysynyn migrazhy әr tүrli bolgan Sonyn ishinde songy pajgam bar haziret Muhammedtin s g s migrazhy erek she otken Isra zhәne migrazh okigasy pajgam bar lyktyn onynshy zhyly yagni islam tarihynda kajgyga toly zhyl dep atalgan kezde zhүzege asty Sol zhyly pajgambarymyzdyn s g s үl ken uly Қasym shetinedi Sonynan ekinshi uly Abdulla da kajtys boldy Bauyr eti balalarynyn argy dүniege koshui Alla elshisine s g s onajga sokpady Қorgaushysy әri ayauly agasy Әbu Tәlip pen kadirli zhary Hadisha anamyz r a da osy kezderde dүnie saldy Bul Musylmandardyn kәpirlerden tүrtki korip olardyn zorlyk zobalany men auyr azabynan kinalgan shak bolatyn Mundaj okys okigalar men kajgyly kazalardan Rasulullanyn kabyrgasy kajysty Degenmen migrazh hazireti Muhammed s g s pajgambarymyz үshin Alla tagala tarapynan үlken zhubanysh әkeldi Үmit shamyn kajta zhakty Osy tүnde perishte Zhәbirejil g s pajgam barymyzga s g s Ej Muhammed Alla tagala eshkimge nәsip etpegen sharapatty sagan nәsip etpek Seni kuzyryna shakyrdy dejdi Osydan kejin Zhәbirejil g s Muhammed s g s pajgambarymyzdy әl Haram meshitinen әl Aksa meshitine bir sәtte alyp keledi Bul turaly Alla tagala kasietti Қuranda Alla pәk Mugzhizalarymyzdy korsetu үshin Alla tagala bir tүni Өz pendesin Muhammedti әl Haram meshitinen toniregi tungan bereke bajlyk әl Aksa meshitine alyp keldi Shynynda Ol Alla tagala estushi әri korushi 1 dedi Arab tilinde isra sozi tүnnin bir boligin seruendeumen ot kizu degen ugymdy beredi Al sharigat tilinde paj gambarymyzdyn s g s tүnnin bir sәtinde әl Haram meshitinen әl Aksa meshitine barganyn bildiredi Үsh meshit kasietti sanalady Olar әl Haram me shiti Mekkede Pajgambarymyzdyn s g s me shiti Medinede zhәne әl Aksa meshiti Ieru sa limde Bul meshitterdin manajynda kylmys pen kүnәlar zhasau haram tyjym salyngan Әl haram dep ataluynyn da sebebi osynda Ayattagy әl Haram meshiti dep Mekke kalasy tүsiniledi Әl Aksa meshiti kezinde Musa g s men Isa g s zhәne ol ekeuinin arasynda otken pajgam bar lardyn g s kubylasy bolgan Pajgambary myz s g s da Mekkedegi әl Haram meshiti ku byla bolganga dejin Yskak pen Yakub g s ekeui salgan әl Aksa meshitine karap namaz okygan Bugan kazhylyk saparyna bargan bauyrlarymyz Medinedegi әl Қiblәtәjn kos kubylaly meshitinde bolgandarynda kozderi zhetedi Aksa uzak alys bir shettegi degen magynany bil dire di Ol meshit Mekkege karaganda alys shettegi gibadathana bolgandyktan әl Aksa dep attanyp ketken Әl Aksa meshitin Alla tagala bere ke li meken etken Ol turaly ayatta toni re gi tungan bereke bajlyk delindi Rasynda da ol meken mүbәrak etilgendiginen Alla tagala topyragyn ote kunarly eginderinin onimin mol aua rajyn gazhap sularyn moldir әri shipaly etken Sondaj ak osy olkeden kop pajgam barlar shykkan Isra okigasy tүs te ruhani seruen de emes Ol pajgambarymyzdyn s g s oninde denesimen әri ruhymen zhasalgan sapar Al migrazh biikke koterilu zhogarylau degendi bildiredi Sharigatta pajgambary myz dyn s g s Bәjtul Makdis meshitinen aspan dagy Sidratul mүntәһәga yagni Alla tagala ku zyryna koterilgenin ajtamyz Sidrat arab sha da agash al mүntәһә songy degen magyna beredi Munyn әlemnin songy shegi dep tүsinemiz Adamzattyn ozinen tys әlemmen karym katynas zhasauy әrkimnin akylyna kona bermejdi Ogan tek iman keltirgender gana sene alady Pajgambarymyzdyn s g s kezinde de oj orisi tar dүnienin kalaj pajda bolganyn zhәne de Zharatushy Iesinin kudiretine kүmәnmen karap sauatsyzdyktan asa almagan mүshrikter Keruen bir ajda әren baryp keletin uzaktykty Muhammed kalaj bir tүnde zhүrip otedi degen kүdikten asa almady Birak Әbu Bәkir siyakty islam dinin shyn zhүrekpen kabyldagan musylmandar Eger Muhammed osylaj degen bolsa onda ol ras Men ony budan da uzagyrakka bardym dese de rastajmyn dep zhauap bergen Migrazh okigasy turaly maglumattardy kop tegen dini kitaptardan tabuga bolady Olar Қysasul әnbija Tәzhul kysas Nәdirul migrazh Mәgәrizhun nubuuәt Usulul migrazh zhәne t b Ajtylgan kitaptarga sүjene oty ryp okiganyn kandaj bolgandygyn haziret Mu hammed s g s pajgambarymyzdyn oz sozimen bayandalyk Zhәbirejil g s magan burak pyrak degen zhanuardy zhәnnattan alyp keldi Pyrak esekten biik kashyrdan alasa kadamyn koz ushy zhete tin zherge tastajtyn zhүjrik zhanuar eken Ogan mi nip Zhәbirejil g s ekeumiz Bәjtul Mak dis ke keldik Munda bizdi dүnieden otken 124 myn pajgambar kүtip aldy Barlygymen korisip meshitke kirip birge namaz okydyk Namaz okyp bolgan son barshasy meni migrazhga shygaryp saldy Birinshi kabat Men pyrakka minip zher betinen kokke koterildim Zhәbirejil g s kasymda boldy Aspannyn birinshi kabatyna zhettik Zhәbirejil g s onyn kүzetshi perishtesine Қakpany ash dep bujyrdy Қasyndagy zholdasyn kim dep surady perishte Bul Allanyn habibi songy pajgambar Muhammed s g s dep zhauap berdi Muhammedtin pajgambarlyk dәuiri bastaldy ma dep tangalyp surady perishte Iә dep zhauap kajyrdy Zhәbirejil g s Қosh keldin Muhammed dep sүjine kakpany ashyp pajgambardy s g s karsy aldy ol Birinshi bolyp aldymyzdan Adam g s shykty Men ogan sәlem berdim Ol magan Ej kadirli perzentim kosh keldin dep ak batasyn berdi Adamnyn g s on men sol zhagynda esik bar eken On zhagyna karap kүledi de sol zhagyna karap kozine zhas alady eken On zhagyndagy zhәnnat esigi Ol zhәnnatka kiretin urpaktarynyn hal zhagdajyn korip sүjisinetin edi Sol zhagyndagy tozak esigi Ol tozaktagy urpaktarynyn tartatyn azabyna kajgyratyn Osydan kejin Nuh g s pajgambarmen zholygyp onyn da batasyn aldym Nuh pen Adamnyn g s birge boluy zhajdan zhaj emes Adam ata zher zhүzinde zharatylgan birinshi adam bolsa Nuh g s dүnie zhүzin su basyp barsha zhan ieleri kajtys bolgannan kejingi tiri kalgan halyktyn atasy sanalyp keledi Alla kүn men ajdy zhәne sheksiz zhuldyzdardy zhakynnan korudi magan nәsip etti Sansyz perish teler Allany dәriptep madak ajtyp zhүrgenin kordim Perishtelerdin bir toby sapka tizilip tik turyp Allany ulyktap zhatyr eken Men Zhәbirejilden Bular ne istep tur dep suradym Ol magan Bular Zharatushy Iesine gibadat etip tur Aspan zharatylgannan kiyamet kүnine dejin osylaj turyp kulshylyk etedi Bulardyn gibadaty osylajsha otedi dep zhauap berdi Men de үmbetime osy gibadatty suradym Alla tagala sozimdi zherde kaldyrmaj үmbetime namaz ishinde kiyamda turudy paryz etti Sodan son dүnieden otip tүrli azaptarga salyngan kүnәһarlar tobyn kordim Zhәbirejilden Bular kimder dep suradym Ol Bular kisi oltirgen әke sheshesin korlagan arakka salyngan osek otirik zhala sozder ajtkan Allanyn әmirine kulak kojmagan adamdar zhәne baskalar dep egzhej tegzhejin bayandap berdi Birinshi aspandy erkin araladym Aspan korkem әri su siyakty kokpenbek eken Birinshi aspan men ekinshi aspan arasyndagy kashyktyk bes zhүz zhyldyk zhol Қalyndygy da sonsha eken Ekinshi kabat Ol zherden attanyp aspannyn ekinshi kabatyna zhettik Onyn esiginin kasynda da zhogarydagydaj surak zhauap boldy Ruksat alyp ishke kirdik Hazireti Yahya men Isa g s pajgambarlar osynda eken Olarmen kezdesip batalaryn aldym Bul eki pajgambardyn tagdyry bir birine uksas sekildi Sondyktan bolar Alla tagala bulardy bir mekenge ornalastyrgan Zәkәriya g s pajgambar kartajgan shakta uly Yahya dүniege kelgen Adamnyn tabigi zharatylysy bojynsha erdin zhasy ulgajyp yaki әjelinin zhasy otip nemese bedeu bolsa olar bala kormeui tiis Birak kudireti kүshti Alla zhoktan bar etedi Yahya da Allanyn kalauymen dүniege keldi Bul turaly Қuran Kәrimde Zәkәriya Ej Rabbym Magan kәrilik zhetken әjelim bedeu bolsa kalajsha menen perzent bolmak dedi Alla Osylajsha Alla kalaganyn istejdi 2 dedi Yahya үlkejip er zhetti Pajgambar boldy Zәkәriya g s Қudajga әdemi kulshylyk zhasajtyn edi Өkinishke oraj zhas Yahya g s kәpirler kolynan kaza tapty Isa g s Allanyn kudiretimen әri kalauymen әkesiz dүniege keldi Negizinde bala tabu үshin үjlenu erli zajypty bolu kazhet Sodan son Allanyn kalauymen perzentti bolady Isanyn anasy Mәriyamnyn kasyna perishte kelip Қorykpa Alla meni sagan sүjinshi habar zhetkizuim үshin zhiberdi Zhakynda sen perzent sүjesin Onyn esimi Mәriyam uly Isa bolmak dedi Isa kauymyn hak zholga shakyra bastady Kәpirler ogan karsy shygyp zhan tүrshigerlik kiyndyktar korsetti Alla tagala oz elshisi Isany g s kәpirlerden kutkaryp aspanga koterip әketti Қiyamet kүnine dejin tort pajgambar tiri zhүredi dep ajtady Ekeui aspanda ekeui zherde Aspan da gylar Ydyrys pen Isa g s pajgambarlar Zherdegiler Қydyr men Iliyas g s pajgambarlar Osy aspandy aralap zhүrgende Mүnkir Nәkir atty eki perishteni kordim Bul perishteler zherlengen mәjittin kabirine kirip olardan surak zhauap alady eken Қastaryna baryp sәlem berdim Olar meni zhaksy karsy aldy Men olarga Қabirde zhatkan mәjitten kalaj surak zhauap alasyndar dep suradym Olar Adamdar mәjitti kabirge kojyp ketkennen son aldyna kirip Rabbyn kim pajgambaryn kim dinin ne dep surak beremiz Shyn musylman suragymyzga Rabbym Alla pajgambarym Muhammed s g s dinim Islam dep kinalmaj zhauap beredi Onyn zhauabyna kanygyp kajtyp ketemiz Pasyk eki zhүzdi munafyk zhәne kәpirler suragymyzga durys zhauap bere almajdy Sondyktan olardy azapka salamyz dep tүsindirdi Үshinshi kabat Aspannyn үshinshi kabatyna keldik Ondagy sakshy perishte de Қosh keldin Muhammed dep bizdi kuana karsy aldy Munda zhetpis myn perishtenin Sүbhaanә zil mүlki uәl mәlәkuut sүbhaanәl mәlikil hajjil lәzii lәә yamuut yagni Alla barlyk ajyp zhәne min kemshilikterden pәk Ol barlyk mүliktin әri kudirettin iesi Zhәne Alla barlyk ajyp zhәne min kemshilikterden pәk Ol shynajy patsha Ol tiri eshuakytta olmejdi dep tәsbih ajtyp zhatkanyn kordim Bul zherden otip saparymdy zhalgastyrdym Sol kezde bastaryn sәzhdege kojyp Allaga tәsbih ajtyp zhatkan perishtelerdi kordim Olarga sәlem berdim Olar bastaryn sәzhdeden koterip sә le mime әlejk ajtty da kajtyp sәzhdege zhygyldy Men Zhәbirejilden Үshinshi aspandagylardyn giba daty osy eken goj dep suradym Ol magan Iә Alladan bul gibadatty siz de surasanyz bolady dedi Solaj istedim Alla tagala dugamdy kabyl etip namazdyn әr rәkatynda eki ret sәzhde zhasaudy magan paryz etti Namazdyn әr rakatynda eki sәzhde zhasaudyn tarihi kajnary osygan sayady Үshinshi kabatta Zhүsip Dәuit zhәne Sүlejmen pajgambarlarmen g s kezdesip sojlestik Olar g s da tilegin ajtyp kuttyktady Men Zhүsiptin g s korkine zhәne onyn erekshe korkem minez kulykty ekenine kuә boldym Zhүsip g s Zhakyp g s pajgambardyn balasy Alla tagala Zhүsiptin pajgambar bolatynyn bala kezinde ak ogan bildirgen Ol ujkysynan oyanyp korgen tүsin әkesine ajtu үshin kelip Әke men on bir zhuldyzdyn kүnnin zhәne ajdyn magan sәzhde zhasap turganyn kordim 3 dedi Dәuit g s әri pajgambar әri patsha edi Ol Israjyl kauymynyn basyn kosyp ony kuatty memleketke ajnaldyrdy Alla tagalanyn bujrygymen ol Israjyl zherinde Bәjtul Makdis gibadathanasyn saldy Islam dini kelgennen kejin ol Aksa meshitine ajnaldy Muhammed s g s migrazhga sol zherden koterildi Dәuit g s tiri zhanga kiyanaty zhok әdil patsha bolatyn Өzinin kateligin bajkagan sәtte dereu Allaga zhalbarynyp keshirim tilej otyryp әrbir isin Allanyn atymen bastajtyn Ol mansap kuyp bilik koksemese de Alla ogan pajgambarlykpen kosa patshalykty syjlady Dәuittin g s zhalgyz uly Sүlejmennin g s bojyna Alla erekshe kasietter darytty Ol ote zerek parasatty tabigattyn syry men zhanuarlardyn tilin zhaksy biletin Bul turaly Alla tagala Sүlejmen pajgambarlykta da ilimde de patshalykta da әkesi Dәuitke murager boldy 4 dep habar beredi Tortinshi kabat Tortinshi kabatka bettedik Қakpanyn sak shy sy nan kiruge ruksat alyp mundagy saparymyzdy bastadyk Bul zherde tize bүgip tәsbih ajtyp Alla ga kulshylyk zhasap otyrgan bir top perish te lerdi kordim Men Zhәbirejilden Bular Allaga gibadat etip otyr ma dep suradym Ol magan Iә osy aspan zharatylgannan beri mun dagy perishteler osylajsha kulshylyk etedi bul gibadatty siz de Alladan suranyz dedi Shyn niet etip Zharatushy Iemnen osy gibadatty su radym Nietim Allaga zhetip namazdyn sonyn dagy kagdaji ahir songy otyrys amaly paryz etildi Tortinshi aspanda Ydyrys g s pajgambarmen kezdestim Ol da ashyk zhүzben karsy alyp batasyn berdi Ydyrys degen arabsha sozdin tүbirinde dәris sabak oku degen magynalar bar Bul pajgambar bilimge zhakyn bolgandyktan kop sabak okyp sabak bergendikten Alla ony Ydyrys dep atady Ol astrologiya bilimin igergen zhazu syzudy kүmisti pajdalanudy sogys kuraldaryn zhasaudy kiim tigudi zhaksy bilgen Қauymyn imanga shakyryp Allanyn razyly gyn tapty Kop kulshylyk zhasady Alla tagalaga duga etip Ej Alla Senin ajtkanyndaj gibadat etip kelemin Senen eki nәrseni surajmyn Birin shiden Әzirejil perishte zhanymdy bir sәtke alsa olimnin azabyn tatsam Ekinshiden kokke koterilip Sen zharatkan tozakty zhәne zhәnnatty korsem Son da Өzine gana kulshylyk etuge degen kush tar lygym kobejse dedi Әzirejil onyn zhanyn aldy Ydyrys g s olimnin ashy dәmin tatty Pajgambardyn ekinshi tilegi de oryndaldy Ydyrys g s kokke koterilip tozakty kordi Kejin zhәnnatka kirdi Birazdan son Әzirejil odan zhәnnattan shygudy surady Ydyrys g s shyguga konbej Shyksam Allanyn үkimine karsy shykkan bolamyn Өjtkeni Alla tagala Әrkim olimdi tatady 5 degen Men ony kordim Zhәne Alla tagala Sender den tozak basyna barmaj kalatyn eshkim bolmajdy Munyn ozi Rabbynnyn ozgermes үkimi 6 dedi Men tozaktyn kasyna keldim ony kordim Zhәne Alla tagala Olar onda zhәnnatta mәngi kalyp odan auysudy kalamajdy 7 dejdi Men zhәnnatka kirdim Bul zherden baska zherge auysudy kalamajmyn dep zhumakta kalyp kojgan eken Migrazh tүninde Muhammed s g s Ydyryska g s Sen Allanyn syjly әri sүjikti pajgambarysyn Өjtkeni menen buryn zhәnnatka kirip onyn nygmetterin korudi sagan nәsip etti Sen zhajly Alla tagala Biz ony zhogary mәrtebege koterdik 8 dep habar berdi dedi Sonda Ydyrys g s Olaj emes Men zhәnnattyn syrtyndagy bakshaga gana kirdim Zhәnnattyn esigin gana kordim Ol esikte Muhammed zhәne onyn үmbetinen buryn eshkim zhәnnatka kire almajdy degen zhazudy okydym dedi Aspannyn tortinshi kabatynda takta otyrgan suyk zhүzdi үlken bir perishteni kordim Zhәbirejil g s ony magan Ol dүnie lәzzatyn buzyp zha ma gattan ajyratyn үjlerdi tozdyryp zirattarga omir bagyshtajtyn sәbilerdi zhetim kyz kelin shek terdi zhesir kaldyratyn barlyk makulyk tar dyn zhanyn alushy Әzirejil dep tanystyrdy Onyn zhүzinde kүlki belgisin bajkamajsyn Men ba ryp sәlem berdim Birak sәlemim zhauapsyz kal dy Alla tagala ogan Haktyn habibi halyktyn ardaktysynyn sәlemin kabyl al dep bujyrdy Perishte dereu tomen tүsip pajgambarymyzdy s g s kushaktap Rasynda Rabbymyz sizdi kadirli үmbetinizdi kurmetti etip zharatty dep zhyly karsy aldy Zhәbirejil g s magan Iә Rasululla Өlim perishtesi sizden baska eshkimge ornynan tu ryp munshalyk koshemet korsetpegen bolatyn dedi Men ogan Ej bauyrym Әzirejil Sen adam dar dyn zhanyn kalaj alasyn dep suradym Ol Nesibesi tausylyp azhaly zhetken adamdarga zhan alushy komekshi perishtelerdi zhiberip otyramyn Әrbir imandy izgi adamnyn aldyna alty zhүz rahmet perishtesi әrbir imansyz zhaman adamnyn aldyna sonsha azap perishtesin zhiberemin Olar olim toseginde zhatkan pendenin zhanyn terden zhүjkeden etten kannan azhyratyp alady Zhannyn shyguy tyrnak ushynan bastalyp tizege zhetedi Azdap dem beriledi Kejin zhantalasu kajta bastalyp zhan kindikke keledi sosyn zhan alkymga zhetip gargara sәti bastalady Perishteler zhaksy adamdardyn zhanyn kyldy majdan azhyratyp algandaj zhenil alyp ony illijin degen orynga alyp baryp koyady Illijin zhәnnattyn bir bau bakshasy Onda izgi pendelerdin zhandary saktalady Perishteler zhaman adamnyn zhanyn agashty tamyrymen suyryp nemese kojdyn үstine zhabyskan tikenekti zhulyp algandaj denesinen kinap alady da sizhzhin degen zherge alyp ketedi Sizhzhin tozaktyn betine zhabylgan bir tas Ol tastyn koptegen tesikteri bar Kәpir munapyk zalym zhәne buzyk zhandar sol tesikten tozakka laktyrylady Tortinshi aspanda ornalaskan Bәjtul mәmur atty aspan perishtelerinin kasietti үjine zhettik Zher zhүzinde musylmandardyn en kasietti үji Mek ke kalasyndagy Kagba sanalsa al aspan әleminde osy үj eken Kүnde bul үjde zhetpis myn perish te tәuep etedi bir ret tәuap etken perishtenin kiya met kүnine dejin ekinshi tәuapka kezegi zhetpejdi eken Zhәbirejil g s meni kolymnan ustap Bәj tul mәmurga alyp kirdi de magan Ua Allanyn habibi Zher betinde siz barlyk pajgambarlarga imam bolyp namaz okyp berdiniz Endi munda zheti as pan perishtelerinin barshasyna imam bolyp eki rakat namaz okyp berseniz dep otinish bildirdi Men Zhәbirejil bauyrymnyn otinishin kabyl alyp imam bolyp namaz okyp berdim Mundaj kop zhamagatty kormegen edim Sonda menen menin үmbetimnin de osygan uksas zhamagaty bolsa edi degen oj ketpej kojdy Osy sәt Alla konilimdegini bilip Ej habibim Muhammed bul siyakty zhamagatty senin үmbetinde de bar kylamyn Ol zhuma namazyna katyskan zhamagat Bәjtul mәmurda okylgan namazdardyn sauabyn olarga da zhazamyn dedi Besinshi kabat Odan da zhogary koterilip aspannyn besinshi kabatyna zhettik Munda da ruksat surap ishke kirdik Bul zherde de Allaga tәsbih ajtyp kulshylyk zhasap zhүrgen perishteler kop eken Munda Һarun g s pajgambarga zholyktym Һarun g s kop zhaksy batalar berip asa kurmet korsetti Һarun g s Musanyn g s bauyry bolyp keledi Musanyn g s pajgambarlyk kyzmeti ote uly da manyzdy edi Ol Rabbysynan zhәrdem surady Alla tagala onyn dugasyn kabyl etip ogan komek beru үshin Һarunnyn baratynyn ajtyp Sen de senin bauyryn Һarun da mugzhizalarymdy alyp baryndar Meni eske aluda selkostyk zhasamandar Ekeuin Pergauynga baryp onymen sypajy sojlesip korinder Ol tym askaktap ketti Mүmkin ol nasihat tyndar әjtpese korkar 9 dedi Sol tapsyrmany oryndagan Һarun osy edi Sabyrlylyk zhagynan gibratty omiri dastanga ajnalgan Ajjub g s pajgambar da haziret Muhammed s g s pajgambarymyzga tagzym etti Onymen pajgambarymyz s g s osynda ushyrasty Ajjub g s Ua Rasululla Alla sizdin sabyrlylyk sipatynyzdan magan az gana bergen dep ozine karaganda Muhammedtin s g s asa tozimdiligin mojyndady Alla Ajjubty auyr synakpen synap edi Ol bajlygynan zhora zholdastarynan әjel bala shagalarynan ajyrylyp sonynda auyr keselge shaldykty Eti arylyp sүjegi kaldy kurt bүkil denesin zhep bitirdi Әjtse de Ajjub g s Allaga tәkbir ajtyp shүkir etti Imannan auytkymady Besinshi aspanda bir kauymdy kordim Betteri kap kara nursyz kajgyly korkynyshka toly Azap perishteleri olardy shybykpen uryp kuyp zhүr zakkum atty ot pen irin aralas tagamdy auyz dary na kujyp tur Men Zhәbirejil bauyrymnan Bular kimder dep suradym Ol magan Dү nie de Allanyn bergen rizyk nesibesin baskalarmen bolispegen malynan zeket shygarmagan pendeler Ondaj adamdardy aspandagy perishteler Allanyn kүnәһar saran dushpany dep әlemge zhar salady Al malynan zeket bergenderge Alla razy bolyp aspandagy perishteler olardy Allanyn imandy zhomart dosy dep atajdy Bul turaly Alla tagala Қazynalaryndy Қudaj zholynan ayamandar oz koldaryndy ozderin bajlap sarandyk zhasap bastaryndy katerge tikpender Zhaksylyk zhasandar Izgi zhandardy Tәniri shyn dos tutady 10 dejdi Altynshy kabat Odan shygyp aspannyn altynshy kabatyna zhettik Қakpa aldyndagy sakshy perishte de meni ko rip kuana kүtip aldy Munda da Allaga tәsbih aj typ kulshylyk zhasap zhalbarynyp zhatkan kop te gen perishtelerdi zhәne tүrli gazhajyptardy kordik Altynshy kabatta Musa g s pajgambarga zholyktym Ol da igi tilek tilep bata berdi Қurannyn koptegen ayattary men sүrelerinde Musa zhәne onyn kauymy turaly tүrli mysaldar kelgen Olar biz үshin үlgi onege bolu kazhet Pergauyn Musaga g s karsy kolynan kelgen zulymdyktardy zhasady Mugzhiza korse de zhүregi zhum sarmady Kerisinshe zalym patsha Pergauyn imanga kelgen kisilerdi olimmen korkytyp koz de rin zhoyuga asykty Musa pajgambar men Israjyl urpak tarynyn arasynda biraz kelispeushilikter bolyp otken Olar berilgen nygmetterge shүkir etudin ornyna kanagatsyzdyk tanytyp shydamsyzdykka boj aldyrdy Alajda Musa g s oz kauymyn zhaksy biletin Migrazh keshinde Musa g s dini үgit nasihat pen ruhani tәrbie zholyndagy ozinin zhinagan mol tәzhribesimen bolisti Musaga g s berilgen migrazh okigasy erekshe otken Ilgeride Alla tagala Musaga g s Kitap iesi bolasyn degen edi Pergauyn tenizge batyp ketti Onyn azabynan kutylgan mүminder tynys tirshilikterin amandykta zhalgastyra bastady Sonda Musa g s Alladan sol kitapty tүsirshi dep surady Ol kyryk kүn Tur tauyna baryp Allaga kulshylyk etip kasietti Tәurat kitabyn kabyldap alatyn boldy Osy uakytty Musanyn g s migrazhymen bajlanystyrady Alla tagala tarapynan Muhammedtin s g s үmbetine bujyrylgan elu uakyt namazdyn bes uakytka kyskartylyp olarga zhenildik zhasaluyna Musa g s sebepshi boldy Үtir namazy da musylman үmbetine osy zherde үәzhip bolgan eken Pajgambarymyz s g s Zhәbirejildin g s makamyna zhetken kezde perishte ogan Iә Rasululla kazir menin makamymda tursyz Sondyktan bir rakat namaz okynyz sojtip Alla bul zherdi budan da mүbәrak etkej dedi Muhammed s g s bir rakat namaz okydy koniline bir rakat ta namaz bolushy ma edi degen oj keldi de artynan tagy bir rakat kosyp eki rakatka tolyktyrdy Alla tagaladan Iә Muhammed Senin gibadatyn bizge unady sonyn үshin tagy bir rakat kos Ony bizdin әmirimiz dep bilgejsin dep bujyrdy Үshinshi rakatty okyp rukugka enkejgende Қunut degen perishte Iә Allanyn habibi Қunut dugasy arkyly magan ulyk dәrezhe berildi siz de osy dugany okyp syjlyk retinde kabyl etiniz dep usynys tastady Pajgambarymyz s g s ony da kabyl aldy Namazdy okyp bolgan son Zhәbirejil g s magan Osy namazdy berik ustanyz munda talaj zhasyryn syr zhatyr dedi Әdebiet Kenzhetaj D Қozha Ahmet Iasaui dүnietanymy Tүrkistan Turan Baspasy 2008 DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz