Зәйд бин Сабит немесе Зайд ибн Сабит ибн ад-Дахак аль-Ансари (араб.: زيد بن ثابت بن الضحاك الأنصاري — Зәйд ибну Сәбит ибну ад-Даһнак әл-Ансари, транс: Zaid bnu Ṯābit bnu aḍ-Ḍaḥḥāk al-Anṣārī) (615, Медине — 665) – Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) хатшысы, Алладан келген уаҺилерді хатқа түсіруші, Құран Кәрімді ретімен жүйеге келтіру үшін құрылған топтың жетекшісі, құқықшы-факиҺ, мемлекет қайраткері. Мединеде дүниеге келген. Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) атасы нағашыларының ұрпағы. Жастайынан хат таныған. Өзінің ұқыптылығымен Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) назарын аударады. Алғашқы аяттар түсе бастаған кезден бастап пайғамбардың хатшысы болған. Көрші мемлекет басшылары мен ру басыларына жазылған хаттарды да Заид бин Сабит қағазға түсіріп отырған. Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) арнайы тапсырмасымен иврит және сирия тілдерін үйренген. Соғыстан түскен олжаларды сахабалар арасында тең бөліп тарату ісі де Заид бин Сабит-ке жүктеліп отырған. Мұхаммед пайғамбар (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткен соң, Омар халифа Құран Кәрімді реттеп, жүйелеп, хатқа түсіру ісін қолға алған кезде бұл жұмыс Заид бин Сабит басқарған топқа жүктеледі. Омар дүниеден өткен соң Осман халифа Құран Кәрім нұсқасын қайта қарау үшін арнайы тексеру алқасын құрды. Бұл топтың жетекшілігі де Заид бин Сабит-ке тапсырылды. Аса жауапкершілікті талап ететін бұл жұмысты ол үлкен абыроймен атқарып шықты. Заид бин Сабит хатқа түсірген Құран Кәрімді сахабалар толық мақұлдады.
Зейд ибн Сабит | |
زيد بن ثابت بن الضحاك | |
Туған күні: | |
---|---|
Туған жері: | Медине |
Қайтыс болған уақыты: | |
Ғылыми аясы: | Хадис және тілдер білімі: иврит және сириялық тіл |
"Мирас ілімін ең жақсы білетін Зәйд". (Хадис)
Құран аяттары мен сүрелері түскен кезде Аллаһ Расулы (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды өзі ғана жаттап қоймай, басқаларға да жаттатқызатын. Әрі жаза білетін сахабаларына уахиді жаздыратын. Түскен уахиларды хатқа түсіретін Пайғамбарымыздың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше сахабасы болатын. Солардың бірі - Зәйд ибн Сәбит. Пайғамбарымыздың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) маңдайалды сахабаларының бірі Зәйд ибн Сәбит ансарлардың Хазрәж тайпасының Нажжарұлдары руынан шыққан. Лақаб аты - Әбу Сайд немесе Әбу Абдурраһман.
Хижра жыл санауынан он бір жыл бұрын дүниеге келген хазіреті Зәйд Пайғамбарымыз (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келген кезде, әлі ойын баласы болатын. Тарихи деректер сол тұста оның он бір жаста болғандығын айтады. Мәдинада сахабалар Бәдір соғысына дайындалып жатқан кезде, жасы әлі он үшке толмаған нұр жүзді, зерек бір бала келді. Қолында өзінің бойынан ұзын қылышы бар ол Аллаһ Елшісінің қасына барып: "Уа, Расулаллаһ! Сен үшін жаным садаға. Сенімен бірге болып, сенің туыңның астында дұшпанға қарсы соғысуға рұқсат бер", - деді. Бұл әрекетіне сүйсінген Аллаһ Елшісі оған мейірім толы көздерімен қарап, арқасынан қақты. Жасы жетпегендіктен оны әскер қатарына алмады .
Әскерге алынбағанына Зәйд қапаланып қайғырды. Оның мақсаты - қиын кездері Аллаһ Елшісінің (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) қасынан табылып, онымен жақын болу. Алайда Зәйд өзінің зеректігін басқа салада көрсетті. Ол - Құран жаттап, ілім үйрену еді.
Зәйд - өте зерек, ақылды және есте сақтау қабілеті күшті алғыр сахабалардың бірі. Он бір жасында-ақ он жеті сүрені жатқа оқи алатын. Оның бұл қасиетіне тәнті болғандар Зәйдті Аллаһ Расулының (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) қасына апарып: "Уа, Расулаллаһ! Бұл, Зәйд баламыз, он жеті сүрені жатқа біледі. Сүрелерді сізге қалай түскен болса, солайша тура оқиды. Ол өте қабілетті. Оқу-жазуды да біледі. Ол сізге жақын болуды қатты қалайды. Қаласаңыз, сынап көріңіз",- дейді.
Пайғамбарымыз (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) Зәйдтің жаттаған сүрелерін тыңдады. Ол Құранды шын мәнінде керемет оқыды. Тоқтайтын жерінде тоқтап, сөздерге ерекше мән беріп мәнерлеп оқуы - оның Құранды жақсы оқуымен қоса, жақсы түсінгендігінің белгісі еді.
Зәйдтің бұл қасиетін байқаған Аллаһ Елшісі (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) оған Иврит (көне еврей) мен Суряни (көне Сирия) тілін үйренуді тапсырды. Өйткені, Пайғамбарымыз әртүрлі елдерден осы тілдерде жазылған хаттар алатын. Оларды оқып, реті келгенде жауап беру керек. Пайғамбарымыздың (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) өзі оқу-сызуды білмегендіктен, бұларды басқа адамдарға істетуге мәжбүр болды. Бірақ бөгде біреулердің хаттардың мазмұнын білгенін де қаламайтын. Сондықтан да Зәйд ибн Сәбит іске кірісіп, аз уақытта бұл тілдерді оқып-жаза алатын дәрежеде үйреніп алды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға келген хаттарды оқып беріп отырды, қажет болғанда оларға жауап та жазатын. Осылайша ол Пайғамбарымыздың аудармашысы болды. Сонымен бірге ол өзінің негізгі ісін, уахи жазуды да жалғастырды .
Хазіреті Зәйд - Құранды жинақтауда үлкен қызмет атқарған ғалым сахабалардың бірі. Ол әрі Құранды жазып әрі жатқа білетіндіктен, хазіреті Әбу Бәкір Құранды жинау алқасын Зәйд ибн Сәбитке басқартты. Кейіннен хазіреті Осман кезінде Құран нұсқаларының көбейтіліп, Ислам орталықтарындағы қалаларға жіберу кезіндегі іс-шараларға ол жетекшілік жасады. Құранның сақталып, бізге дейін жетуінде оның қосқан үлесі өте зор.
Зәйд ибн Сәбит хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Құранды жинастырған болса, хазіреті Омардың тұсында Құранның оқылуын үйретумен айналысты. Сонымен қатар пәтуа беру ісін де атқарды. Хазіреті Омар Зәйд ибн Сәбит пен бірнеше сахабадан басқалардың пәтуа берулеріне тыйым салған .
Ол Құранды жатқа білумен қатар "мирас (фараид) ілімін" жете меңгерген. Мирасқа байланысты мәселелерді сахабалар арасында одан жақсы білетін ешкім жоқ еді. Бұл жайлы Пайғамбарымыз: "Мирас ілімін (фараид) ең жақсы білетін - Зәйд", - деген .
Хазіреті Омар яки Осман болсын, Мәдинада болмаған кездерінде халифалық орындарына уәкіл етіп Зәйд ибн Сәбитті қалдырып кететін. Әсіресе, хазіреті Осман оны ерекше жақсы көретін. Османның халифалығы кезінде хазіреті Зәйд бәйтул малға (қаржы министрлігі деуге де болады) жауапты болып тағайындалды .
Зәйд ибн Сәбит хазіреті Осман, Әли мен Муғауияның халифалығының алғашқы бес жылында мүфти қызметін атқарды. Омар секілді бұл халифалар да фиқһ мәселелерінде Зәйд ибн Сәбиттің кеңесіне жүгінетін. Фиқһтық мәселелерде беделділігі соншалық, атақты жеті фиқһ ғалымдарының бірі Сайд ибн Мусәииб басқалардан естігендерін Зәйд ибн Сәбиттің өз аузынан естімейінше қабылдамайтын. Бүкіл ғұмырында Исламға қызмет еткен хазіреті Зәйд ибн Сәбит хижраның 45-жыл санауында бақиға аттанды. Ол көз жұмғанда күллі мұсылман әлемі қайғырып аза тұтты. Ибн Омар: "Бүгін адамдардың ең білгір ғалымы өлді", - десе, Ибн Аббас: "Міне, ілімнің көмілуі осылай", -деген еді .
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім
- Усдул-ғаба, 2:278; әл-Исәбә, 3:22.
- Усдул-ғаба, 2:278.
- Табақат, 2:358.
- Табақат. 2:361.
- Усдул-ғаба, 2:279; әл-Исәбә, 3:23.
- Усдул-ғаба, 2:279.
- Табақат, 2:360.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zәjd bin Sabit nemese Zajd ibn Sabit ibn ad Dahak al Ansari arab زيد بن ثابت بن الضحاك الأنصاري Zәjd ibnu Sәbit ibnu ad Daһnak әl Ansari trans Zaid bnu Ṯabit bnu aḍ Ḍaḥḥak al Anṣari 615 Medine 665 Muhammed pajgambardyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn hatshysy Alladan kelgen uaҺilerdi hatka tүsirushi Қuran Kәrimdi retimen zhүjege keltiru үshin kurylgan toptyn zhetekshisi kukykshy fakiҺ memleket kajratkeri Medinede dүniege kelgen Muhammed pajgambardyn Allaһnyn ogan igiligi men sәlemi bolsyn atasy nagashylarynyn urpagy Zhastajynan hat tanygan Өzinin ukyptylygymen Muhammed pajgambardyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn nazaryn audarady Algashky ayattar tүse bastagan kezden bastap pajgambardyn hatshysy bolgan Korshi memleket basshylary men ru basylaryna zhazylgan hattardy da Zaid bin Sabit kagazga tүsirip otyrgan Muhammed pajgambardyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn arnajy tapsyrmasymen ivrit zhәne siriya tilderin үjrengen Sogystan tүsken olzhalardy sahabalar arasynda ten bolip taratu isi de Zaid bin Sabit ke zhүktelip otyrgan Muhammed pajgambar Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn dүnieden otken son Omar halifa Қuran Kәrimdi rettep zhүjelep hatka tүsiru isin kolga algan kezde bul zhumys Zaid bin Sabit baskargan topka zhүkteledi Omar dүnieden otken son Osman halifa Қuran Kәrim nuskasyn kajta karau үshin arnajy tekseru alkasyn kurdy Bul toptyn zhetekshiligi de Zaid bin Sabit ke tapsyryldy Asa zhauapkershilikti talap etetin bul zhumysty ol үlken abyrojmen atkaryp shykty Zaid bin Sabit hatka tүsirgen Қuran Kәrimdi sahabalar tolyk makuldady Zejd ibn Sabitزيد بن ثابت بن الضحاكTugan kүni 615 0615 Tugan zheri MedineҚajtys bolgan uakyty 665 0665 Ғylymi ayasy Hadis zhәne tilder bilimi ivrit zhәne siriyalyk til Miras ilimin en zhaksy biletin Zәjd Hadis Қuran ayattary men sүreleri tүsken kezde Allaһ Rasuly Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn olardy ozi gana zhattap kojmaj baskalarga da zhattatkyzatyn Әri zhaza biletin sahabalaryna uahidi zhazdyratyn Tүsken uahilardy hatka tүsiretin Pajgambarymyzdyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn birneshe sahabasy bolatyn Solardyn biri Zәjd ibn Sәbit Pajgambarymyzdyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn mandajaldy sahabalarynyn biri Zәjd ibn Sәbit ansarlardyn Hazrәzh tajpasynyn Nazhzharuldary ruynan shykkan Lakab aty Әbu Sajd nemese Әbu Abdurraһman Hizhra zhyl sanauynan on bir zhyl buryn dүniege kelgen hazireti Zәjd Pajgambarymyz Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn Mәdinaga kelgen kezde әli ojyn balasy bolatyn Tarihi derekter sol tusta onyn on bir zhasta bolgandygyn ajtady Mәdinada sahabalar Bәdir sogysyna dajyndalyp zhatkan kezde zhasy әli on үshke tolmagan nur zhүzdi zerek bir bala keldi Қolynda ozinin bojynan uzyn kylyshy bar ol Allaһ Elshisinin kasyna baryp Ua Rasulallaһ Sen үshin zhanym sadaga Senimen birge bolyp senin tuynnyn astynda dushpanga karsy sogysuga ruksat ber dedi Bul әreketine sүjsingen Allaһ Elshisi ogan mejirim toly kozderimen karap arkasynan kakty Zhasy zhetpegendikten ony әsker kataryna almady Әskerge alynbaganyna Zәjd kapalanyp kajgyrdy Onyn maksaty kiyn kezderi Allaһ Elshisinin Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn kasynan tabylyp onymen zhakyn bolu Alajda Zәjd ozinin zerektigin baska salada korsetti Ol Қuran zhattap ilim үjrenu edi Zәjd ote zerek akyldy zhәne este saktau kabileti kүshti algyr sahabalardyn biri On bir zhasynda ak on zheti sүreni zhatka oki alatyn Onyn bul kasietine tәnti bolgandar Zәjdti Allaһ Rasulynyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn kasyna aparyp Ua Rasulallaһ Bul Zәjd balamyz on zheti sүreni zhatka biledi Sүrelerdi sizge kalaj tүsken bolsa solajsha tura okidy Ol ote kabiletti Oku zhazudy da biledi Ol sizge zhakyn boludy katty kalajdy Қalasanyz synap koriniz dejdi Pajgambarymyz Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn Zәjdtin zhattagan sүrelerin tyndady Ol Қurandy shyn mәninde keremet okydy Toktajtyn zherinde toktap sozderge erekshe mәn berip mәnerlep okuy onyn Қurandy zhaksy okuymen kosa zhaksy tүsingendiginin belgisi edi Zәjdtin bul kasietin bajkagan Allaһ Elshisi Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn ogan Ivrit kone evrej men Suryani kone Siriya tilin үjrenudi tapsyrdy Өjtkeni Pajgambarymyz әrtүrli elderden osy tilderde zhazylgan hattar alatyn Olardy okyp reti kelgende zhauap beru kerek Pajgambarymyzdyn Allaһnyn Ogan igiligi men sәlemi bolsyn ozi oku syzudy bilmegendikten bulardy baska adamdarga istetuge mәzhbүr boldy Birak bogde bireulerdin hattardyn mazmunyn bilgenin de kalamajtyn Sondyktan da Zәjd ibn Sәbit iske kirisip az uakytta bul tilderdi okyp zhaza alatyn dәrezhede үjrenip aldy Osydan kejin ol Pajgambarymyzga kelgen hattardy okyp berip otyrdy kazhet bolganda olarga zhauap ta zhazatyn Osylajsha ol Pajgambarymyzdyn audarmashysy boldy Sonymen birge ol ozinin negizgi isin uahi zhazudy da zhalgastyrdy Hazireti Zәjd Қurandy zhinaktauda үlken kyzmet atkargan galym sahabalardyn biri Ol әri Қurandy zhazyp әri zhatka biletindikten hazireti Әbu Bәkir Қurandy zhinau alkasyn Zәjd ibn Sәbitke baskartty Kejinnen hazireti Osman kezinde Қuran nuskalarynyn kobejtilip Islam ortalyktaryndagy kalalarga zhiberu kezindegi is sharalarga ol zhetekshilik zhasady Қurannyn saktalyp bizge dejin zhetuinde onyn koskan үlesi ote zor Zәjd ibn Sәbit hazireti Әbu Bәkirdin halifalygy kezinde Қurandy zhinastyrgan bolsa hazireti Omardyn tusynda Қurannyn okyluyn үjretumen ajnalysty Sonymen katar pәtua beru isin de atkardy Hazireti Omar Zәjd ibn Sәbit pen birneshe sahabadan baskalardyn pәtua berulerine tyjym salgan Ol Қurandy zhatka bilumen katar miras faraid ilimin zhete mengergen Miraska bajlanysty mәselelerdi sahabalar arasynda odan zhaksy biletin eshkim zhok edi Bul zhajly Pajgambarymyz Miras ilimin faraid en zhaksy biletin Zәjd degen Hazireti Omar yaki Osman bolsyn Mәdinada bolmagan kezderinde halifalyk oryndaryna uәkil etip Zәjd ibn Sәbitti kaldyryp ketetin Әsirese hazireti Osman ony erekshe zhaksy koretin Osmannyn halifalygy kezinde hazireti Zәjd bәjtul malga karzhy ministrligi deuge de bolady zhauapty bolyp tagajyndaldy Zәjd ibn Sәbit hazireti Osman Әli men Mugauiyanyn halifalygynyn algashky bes zhylynda mүfti kyzmetin atkardy Omar sekildi bul halifalar da fikһ mәselelerinde Zәjd ibn Sәbittin kenesine zhүginetin Fikһtyk mәselelerde bedeldiligi sonshalyk atakty zheti fikһ galymdarynyn biri Sajd ibn Musәiib baskalardan estigenderin Zәjd ibn Sәbittin oz auzynan estimejinshe kabyldamajtyn Bүkil gumyrynda Islamga kyzmet etken hazireti Zәjd ibn Sәbit hizhranyn 45 zhyl sanauynda bakiga attandy Ol koz zhumganda kүlli musylman әlemi kajgyryp aza tutty Ibn Omar Bүgin adamdardyn en bilgir galymy oldi dese Ibn Abbas Mine ilimnin komilui osylaj degen edi Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 4 tom 3 bolim Usdul gaba 2 278 әl Isәbә 3 22 Usdul gaba 2 278 Tabakat 2 358 Tabakat 2 361 Usdul gaba 2 279 әl Isәbә 3 23 Usdul gaba 2 279 Tabakat 2 360 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz