Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған.
Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.
Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.
Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет.
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.
Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.
Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.
Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар.
Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;
Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, , амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде өмір сүрген қазақ халқының заманға сай құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры», т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы). Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «, т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік философиясы – жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы. Зар заман ақындарының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда табиғат та азады десе, Мұрат керісінше, заманның азуын адамнан көреді.
Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман» (М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту, надандықтан арылу мәселелерін көтерді. 20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов. Ол қазақ халқының келешегін айқындауда құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін түзей алмаған халықтың болашағы жоқ» деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917 жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі – кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап, коммунизм туралы ілім негізге алынды, маркстік-лениндік философия үстемдік етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап құлдық психологияның орнына демократия, өркениеттік құндылықтар орныға бастады. Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы ұғымымен қатар «қазақстандық философия» деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады, келе-келе «Қазақстандағы философиялық мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық философтар неміс философиясын зерттеді, әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі негізінде қалыптасқан диалектика, логика, таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып, бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті. Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 5 том
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak filosofiyasynda baska halyktar tәrizdi Әlem men Adam eki dүnienin syryn ashuga umtylgan Aspan denelerinin kozgalysyna tandana karap ozinshe oj tүjgen Kok aspannyn syryn ashuga talpyngan Zhuldyzdy әlemnin zhumbaktaryn ashudy arman etken Nәtizhesinde dүnie turaly tүsinigi kozkarasy kalyptaskan Adam bojyndagy nebir tylsym kүshterdi de tanuga umtylgan Қazak halkynyn dүniesezimi men dүnietanymynyn erekshelekteri ozi omir sүrgen ortamen tikelej bajlanysty Қazak halky baska europa halyktary siyakty tabigatty ozgertuge nemese ogan үstemdik etudi maksat etip kojmagan Kerisinshe tabigatka bejimdelip onymen garmoniyalyk katynas ornatudy maksat tutkan Қazirgi zaman tilimen ajtkanda koshpendi kazaktardyn ekologiyalyk sanasy biik bolgan Bul birinshiden Ekinshiden kazak dүnietanymynyn erekshelikterin ajtkanda eskerer mәsele ol kashanda olardyn erkindik pen bostandyk sүjgishtigi Қazak zherinde eshkashanda kuldyk bolmagan Үshinshiden kazak kashanda tendik pen әdilettilik mәselesine katty nazar audargan Tortinshiden tendikke negizdelgen әdilettilikten әleumettik ajyrmashylyktar men әleumettik toptalu az bolgan Besinshiden bajlykka zhetuden gori ar namysty zhogary ustau halyktyn kanyna teren singen kundylyk Onymen tygyz bajlanysy bar nәrse bar zatka kanagat etu de kazakka tәn kasiet Altynshydan uzhymdyk mүddeni zheke mүddeden gori zhogary ustau ol da koshpendilik omir saltynan shykkan kundylyk Zhetinshiden one bojy koship konu barysynda kashanda әr kily kiyndyktardy kauip katerlerdi bastan keshuge tura keldi Ol erlikti batyrlykty kasiet etudi talap etti Segizinshiden koshpendilerdin omiri one bojy kauip katerlerden soktygystardan turgannan kejin ol kүnbe kүngi omirdi bagalap aludan gori boludy zharatkan Әrbir kүndi toj dumanga ajnaldyru ozin sheshen sozben danalykpen korsete bilu әrtүrli sajystarga katysu segiz kyrly bir syrly bolu babalarymyzga tәn nәrseler bolgan Togyzynshydan dүniege baska halyktarga degen konilinin ashyktygy kinalgandarga riyasyz kol ushyn beru bul da bizdin halyktyn keremet kasietterinin biri bolyp sanalady Onynshydan koshpendilerdin negizigi kundylyktarynyn biri ata anany үlkenderdi syjlau Әrine halyktyn myndagan zhyldar shenberinde bojyna zhinagan kop kadir kasietterinin ishinen biz negizgilerin gana korsettik Endi kelesi mәselege kazak filosofiyasynyn erekshelikterine toktalatyn bolsak Birinshiden kazak filosofiyasynda ontologiyalyk bolmys zhәne gnoseologiyalyk dүnietanym mәselelerden gori adam mәselesine kobirek konil bolinedi Ekinshiden adam mәselesi kazirgi tilmen ajtkanda kobinese ekzistenciyalyk turgydan karalady zhәne ol koshpendilik omir saltyn tүsirsek tүsinikti de bolar Үshinshiden Otandyk filosofiyada abstraktyly teoretikalyk zhүjeler zhasau ote sirek kezdesetin kubylys filosofiyalyk izdenis adamnyn naktyly omirdegi zhүris turysyn saraptauga yagni praktikalyk mәselelerge kobirek konil bolinedi Tortinshiden adam bolmysynyn etikalyk zhaktaryna zhaksylyk pen zhamandyk izgilik pen zulymdyk ar namys abyroj t s s kategoriyalarga teren taldaular zhasalady Besinshiden kogam omirinin negizgi mәselesi retinde әrkashanda әleumettik әdilettilikke kobirek nazar audarylady Altynshydan Otandyk filosofiyany aksiologiyalyk filosofiya desek te bolgany ojtkeni onda kundylyk әlemine zor konil bolinedi Endi mәseleni naktylaj tүsip Otandyk filosofiyanyn negizgi satylaryna kyskasha koz zhiberejik Baska halyktardyn filosofiyasy siyakty Otandyk filosofiya da oz kajnar kozin kone anyzdar men dastandar ertegilerden bastajdy Eger anyzdarmen baj halyktarga үndi men grekterdi zhatkyzsa kazak eli de olardan kem tүspejtin bolar Өjtkeni one bojy koship konyp zhүrgen halyktyn bir gana bajlygy boldy ol onyn tili babalardan kele zhatkan dәstүr anyz hikayalar nakyl sozder Olardyn kobi zhana gana zharyk korip filosofiyalyk turgydan taldanuda Kone tүrikterdin tүsinigi bojynsha bul Dүnie zhoktan buryn pajda bolgan Ony ustaga uksajtyn Zharatkan tudyrdy Dүnie negizinen zher su ot auadan turady Ol neshe tүrli kajshylykka toly zher men kүn omir men olim adam men tabigat bak kut pen zardap zharyk pen karangy zhyly men suyk t s s Aspanga koz zhibergen ezhelgi tүrik babalarymyz ony Tәnir Zharatkan әlemine zhatkyzgan Sonymen katar kone tүrikterdin nanymynda erekshe orynga ie bolgan әjel Қudaj Ұmaj boldy HV HVIII g g filosofiyalyk oj tolgamdar negizinen zhyraulyk tүrde damydy Қazak halkynyn akyn zhyraularynyn ishinen Sypyra zhyraudy Қaztugan Dospambet Shalkiiz Margaska Aktamberdi Bukar zhyraulardy atauga bolady Қazak halkynyn tarihynda XIX gasyr erekshe oryn alady Bul gasyr kazak mәdenietinde agartushylyk filosofiya dep atalady Қazak agartushylyk filosofiyasynyn kornekti okilderi Sh Ualihanov Y Altynsarin A Қunanbaev Sh Ualihanov 1835 1865 ultynyn ulylygyn әlemge әjgilegen uly galym Bolashak galym dala әnine ana uiline tүrkilerdin eldigimen erligine әldilenip osken Babalarymyzdyn osietnamasyn elin zherin tilin saktauga altyn arkau ayaly ozek bolgan folklordy kadir tutty Ol Er Edige zhyrynyn үsh nuskasyn ozara salystyryp zhana nuskasyn zhasagan kezde Shokan nebәri zheti zhasta edi Қozy Korpesh Bayan Sulu zhyryn da sol kezde kagaz betine tүsirgen Elinin tarihyn auyz әdebietin etnografiyasyn ekonomikasyn zhetik bilgen el agasy Shyngystan oz zamanynyn tek bilimdi gana emes sonymen katar ozyk ojly parasatty ziyaly әkesinen bolashak okymysty zor gibrat algan Sh Uәlihanovtyn azamat galym zhәne ojshyldyk kalyptasuynda orystyn ozyk mәdenieti men gylym kajratkerlerinin manyzdy rol atkarganyn atap otuimiz kazhet Shokan V G Belinskijdin N G Chernyshevskijdin A I Gercennin N A Dobrolyubovtyn enbekterin okyp үjrendi olardyn kozkarastary men ideyalaryn kuattady Sh Uәlihanov tikelej filosofiyalyk mәseleler zhoninde enbekter zhazbagan alajda barsha shygarmalarynan derlik filosofiyalyk pikirler men tuzhyrymdardy bajkauga bolady Қazaktardagy shamandyktyn kaldygy Saharadagy musylmandyk zhoninde Tәnir kudaj degen enbekterinde filosofiyanyn negizgi mәselesine katysty pikirler ajtady Қazak zherindegi shamandyktyn oryn alu sebebin tүsindirgende syrtky dүnie kүn aj zhuldyzdar zhәne zher algashky kudiret bolyp tabylady dep korsetedi Sonymen birge shamandyktyn shygu tegin mukiyat zertteulerinen zhәne baska da enbekterinen Shokannyn sebeptilik zandylygyn kuptajtyndygy sebepsiz kubylys bolmajtyndygyna kәmil senetindigi bajkalady Mysaly Tәnir kudaj makalasynda kazaktardyn maldy kasiet tutatyn yrymdary sebebin halyktyn kүn korisi malga bajlanysty ekendigimen tүsindiredi Sonymen Shokan syrtky dүnienin sanadan tys omir sүretindigin onyn obektivtik zandylyktarga bagynatyndygyn mojyndajtyn filosofiyalyk kozkarasta bolganyn koremiz Қazirgi kezde filosofiyanyn negizgi mәselelerinin manyzdysy esebinde adam onyn korshagan dүniege karym katynasy atalynady Uәlihanov bul mәselenin manyzdy ekenin sonau XIX gasyrdyn orta kezinde ak ajtyp ketken Қazaktardagy shamandyktyn kaldygy degen enbeginde tabigat pen adam omir men olim әrkashan tүpsiz syrga toly gazhajyp tandanu pәni boldy dep korsetedi Ybyraj Altynsarin 1841 1889 dүnietanymy kalyptasuyna tugan el halyk auyz әdebieti ozyk orys әdebieti men Europa ojshyldarynyn enbekteri eleuli әserin tigizdi Sh Uәlihanov sekildi Y Altynsarin da oz halkynyn artta kalushylygyn zhoyudyn birden bir zholy agartushylykta dep sendi zhәne Қazakstandagy halyk agartu isinin ujymdastyryluy men damuyna belsene aralasty Ybyraj Altynsarin arnajy filosofiyalyk takyrypta enbek zhazbagan degenmen agartu zhәne kogam mәselelerin taldauga arnalgan shygarmalarynda dүnietanymdyk erekshe pikirler kalyptastyrgan Ybyrajdyn koptegen olenderi men әngimelerinen onyn korshagan dүnienin sanadan tys zhәne tәuelsiz omir sүretindigin mojyndajtynyn bajkajmyz Zhaz Өzen siyakty olenderi tabigatty ozinshe tamashalau gana emes sonymen birge onyn adam sanasynan tys zhәne tәuelsiz ekendigi seziledi Bul uly agartushynyn dүnie turaly kozkarasynyn bir zhagy Ekinshi Ybyraj dүnieni zharatushy kudaj dep biledi Bul ojdy ol koptegen shygarmalarynda kajtalap otyrady Mysaly Zharatkan munsha tansyk zhabbar kudaj Altynsarin Y Taza bulak A 1988 18 bet Zharatty neshe aluan zhurt bir kudajym degen olen shumaktarynda Musylmanshyldyktyn tutkasy t b enbekterinde osy pikirdi kuattajdy Musylmanshyldyktyn tutkasynda bүkil dүnieni zhan zhanuarlardy ajta kelip munyn bәri de zhalgyz tendesi zhok uksasy zhok bir kudajdyn barlygyna birligine һәm kәmil zharatushy halyk kadir ekendigine dәlel bolsa kerek dep tuzhyrymdajdy Ojdy kajyryp ajtkanda Ybyraj korshagan dүnienin obektivti omir sүretindigin mojyndajdy sonymen birge dүnieni zharatushy kudaj dep biledi Budan Altynsarinnin dүniege kozkarasy deizmge zhakyn ekenin koremiz A Қunanbaev 1845 1904 kazak agartushylygynda kazak halkynyn bүkil ulagatty mәdenieti tarihynda үlken oryn algan uly akyn ojshyl Onyn shygarmashylyk murasy olen dastan filosofiyalyk proza audarmalar men әnderden turady Abaj kazak әdebietinde synshyl realizmnin negizin salushy Ol akynnyn azamattyk paryzy shyndykty bejneleude kogamdyk kesirdi әdilet pen akyldyn biligine zhүgindirude dep bildi Dүnietanymdyk mәselede Abaj Altynsarin sekildi deizmge zhakyn Қudaj oz zandary bojynsha damyp zhatatyn olshemnin algashky sebepshisi dep tүsindi Abaj Қunanbaev ozinin asa daryndylygy oj orisinin terendigi halkyna degen kamkorlygymen әlemge tanymal boldy Abajdyn dүniege kozkarasy ojy men kyry mol kүrdeli Dүnie turaly pikirine kelsek deizmge zhakyn dedik Birinshiden syrtky dүnienin sanadan tys omir sүretindigin kuattajdy Mysaly kyryk үshinshi kara sozinde adam kozben korip kulakpen estip kolmen ustap tilmen tatyp murynmen iiskep tystagy dүnieden habar alady A Қunanbaev Shygarmalarynyn bir tomdyk zhinagy A 1961 48 bet dejdi Sonymen birge koptegen olenderinde otyz segizinshi sozinde zhan zhanuarlardy adamdy tipti mashina fabrikalardy alla zharatty degen tuzhyrym zhasajdy Men zhәne meniki degen filosofiyalyk mәseleni karastyryp ozindik tuzhyrymga keledi Akynnyn ojynsha men akyn zhan meniki adam denesi Men olmekke tagdyr zhok әuel bastan meniki olse olsin ogan beki dep dene olgenimen zhan olmejdi degen korytyndyga keledi Abaj tanym turaly kundy pikirler kaldyrdy Tүjsikterimiz arkyly dүnieden habar alamyz pajda zalaldy ajyratyn kuattyn aty akyl dejdi Koptegen olenderi men kara sozderinen dialektikalyk tuzhyrymdar bejnesin koruge bolady Shәkәrim Қudajberdiev 1858 1931 Shygarmalary Үsh anyk Musylmandyk sharty Onyn Үsh anyk enbeginde ar uzhdan mәselesi karastyrylady Shәkәrim birinshiden ontologiyalyk zholyndagy gnoseologiyalyk tanymmen ekinshiden din zholyndagy teologiyalyk dүnietanymdy ekinshi anyk dep korsetedi Al үshinshi anygy Abajda keninen soz bolgan moral filosofiyasyndagy zhan kumaryna baryp ushtasatyn uzhdan turaly kүrdeli problemany koteredi Adamdagy ynsap әdilet mejirim үsheui kosylyp uzhdan degen ugym shygady Muny oryssha sovest dep atajdy Bugan nana almagan adamnyn zhүregin eshbir gylym oner eshbir zan tazarta almajdy Ұzhdany sol zhannyn azygy ekenine akylmen synap istese onyn zhүregin esh nәrse karajta almajdy dejdi Қazak Filosofiyasy kogamdyk sananyn ulttyk tүri turmys pen tanymnyn ortak principteri adam men dүnie zhүzinin katynasy turaly ilim tabigattyn kogamnyn zhәne dүnietanymnyn zhalpy damu zandary zhajyndagy gylym Қazak halkynyn danalyk orisinde dүnie men adam turaly dүnietanymdyk kozkarastardyn tarihi kalyptaskan damu zhүjesin kamtidy Қazak tilindegi danalyk tүsinigi mәni zhagynan filosofiyaga zhakyn Қazaktyn danalyk oj pikirlerinin tarihy eki kezennen turady Birinshi kezende Anaharsis Қorkyt Zhүsip Balasaguni Қozha Ahmet Jasaui Әbu Nasr әl Farabi Mahmut Қashkari t b danyshpandar danalyk dәstүrlerin zhasady olar tabigi tүrde kazak etnosynyn dүnietanymdyk ojlau mәdenietinin bastau arnalaryna ajnalgan Ekinshi kezende kazak halkynyn tol dүnietanymy men filosofiyasy kalyptasyp damydy Қazak filosofiyasynyn tol tarihy Asan Қajgy men Muhammed Hajdar Dulattan bastalady Asan Sәbituly zhyrau ojshyl memleket kajratkeri Ol kazak etnosyn әri memleketin kalyptastyryp nygajtuda Zherujyk ilimin dүniege әkeldi Bul halyktyn kauymdasyp ulttyk memleket kuru ideyasy bolatyn Asan Қajgy oz zhyr tolgaularynda sheshendik sozderinde handyk memleketti nygajtu eldin korganys kabiletin arttyru kazhettiligin nasihattajdy Onyn Asan Қajgy atanuy gulamanyn ojshyldygynyn parasattylygynyn ajgagy Asannyn kajgysy tek oz zamanyna katysty emes ony kajgyga salyp otyrgan bolashak turaly bolzhamdary halyk kajda bara zhatyr erteni kandaj bolady degen kүrdeli suraktar Asan Қajgy tүrki zhurtynyn әjgili ojshyly Қorkyttyn dүnietanymyn zhalgastyrushy Қazak filosofiyasy bastau alatyn ekinshi ojshyl kogam kajratkeri M H Dulattyn Tarih i Rashidi enbeginde tүrki dүniesinin ruhani tutastygy zhәne onyn dүnie zhүzi halyktary orkenietimen tygyz bajlanysy naktyly mysaldarmen bayandalgan Dulat filosofiyalyk antropologiyanyn basty mәselesinin biri kүnә ugymyna sol zaman ojshyldary enbekterine sүjenip taldau zhasagan Asan Қajgydan bastalgan zhyraular legi Қaztugan Dospambet Shalkiiz Zhiembet Margaska Aktamberdi Үmbetej Bukar zhyrau t b kazak kauymynda handyk memleket zhojylgansha boldy Handyk zhojylgan son zhyraular dәstүri zhalgaspaj kaldy Қazak akyn zhyraularynyn shygarmalary koshpeli bolmysty ata konys adam kogam sol kezdegi әleum zhagdajlarga batyrlyk korkemdik adamgershilik omir mәselelerine bajlanysty bola tura teren magynaly filosofiyalyk ojlarga toly Қazak poeziyasyndagy filosofiyalyk bagyttyn negizin salushylardyn biri Shalkiiz zhyrau Tilenshiulynyn shygarmasynda filosofiyalyk oj keshu zhyr tolgau әdisteri erekshe Zhyrau dүniede turakty mәngilik eshtene de zhok dep tuzhyrymdajdy Aktamberdi Saryuly oz zhyr tolgaularynda eldi erlikke birlikke shakyrady Onyn zhyrlarynan kazak halkynyn oj armany maksat mүddeleri olardyn bar bolmysy erekshelikteri dүniege ozindik kozkarasy angarylady 18 gasyr zhyraulary ishindegi asa kornekti tulga Bukar zhyrau Қalkamanuly da dүniedeginin barlygy ozgeriske ushyrap otyratyndygyn atap korsetedi Shygystyk ojlau zhүjesi hakimdik dini filosofiyany teriske shygarmagan Mys Қozha Ahmet Jasauidin sopylyk ilimi ulttyk ojlau mәdenietine nyk enip onyn kalyptasuynyn bir ruhani negizi boldy Қazak tilindegi akyl parasat tәuba kanagat shүkirshilik amal syr shapagat t b koptegen sozder sopylyk dүnietanymnyn ugymdary men tүsinikteri Tort gasyrga tarta derbes memleket kuryp handyk dәuirde omir sүrgen kazak halkynyn zamanga saj kundylyktar zhүjesi kalyptasty Alpamys batyr Er Targyn Er Edige Қambar batyr Er Қosaj Қyrymnyn kyryk batyry t b zhyr dastandaryndagy erlik filosofiyasy Erlik filosofiyasy Mahambet Өtemisuly zhyrlarynda oz zhalgasyn tapty Shygys poeziyasynyn sopylyktyn ykpaly zhәne tol tүsinikter negizinde kalyptaskan gashyktyk filosofiyasyna katysty kundylyktar Қozy Korpesh Bayan sulu Қyz Zhibek Enlik Kebek t b zhyrlarga negizgi ozek boldy Қazaktyn derbes memlekettiligi zhojylgannan kejin zhүz zhylga sozylgan Zar zaman dәuirinin akyndary Dulat Babatajuly Shortanbaj Қanajuly Murat Monkeuly t b halyktyn basyna tүsken otarshyldyk nәubetin sary uajymga salynu torygu sarynymen zhyrlady Dulat Babatajuly oz shygarmalarynda kajyrymdylyk pen zulymdyk myrzalyk pen sarandyk bilim men nadandyk mәselelerin taldap shygarmalaryna negizgi arkau etti Dulattyn әleumettik filosofiyasy zher sudy eldin birligin saktap kalu ideyasy baska zhurtka kүsh korsetpeu filosofiyasy Zar zaman akyndarynyn iri okili Murat Monkeuly shygarmalaryndagy basty saryn zher mәselesi ata konys bas bostandygynan ajyrylgan tutas eldin mun zary Shortanbaj zamanakyr tayaganda tabigat ta azady dese Murat kerisinshe zamannyn azuyn adamnan koredi Қazak filosofiyasy tarihynda әjgili galym Sh Uәlihanovtyn orny erekshe Ol Daladagy musylmandyk zhoninde Қazaktardagy shamandyktyn kaldygy Tәnir kudaj degen enbekterinde filosofiyanyn negizgi mәselesine katysty pikirler ajtkan Uәlihanov syrtky dүnienin adam sanasynan tys omir sүretindigine shek keltirmejdi Ol kazak zherinde shamandyktyn oryn alu sebebin tүsindirgende syrtky dүnie kүn aj zhuldyzdar zhәne zher algashky kudiret bolyp tabylady dep korsetedi Onyn enbekterinen sebeptilik zandylygyn kuptajtyndygy sebepsiz kubylys bolmajtyndygyna kәmil senetindigi bajkalady Қazak agartushylygynyn kornekti okili Y Altynsarin bala dүnietanymynyn filosofiyalyk mәselelerimen algash shugyldanyp osy bagytta tamasha үlgi zhasady Hikmet soz yagni danalyk ajtu dәstүri Abaj Қunanbaev zamanyna dejin үzilmegen Abaj adam bolmysyn tanuda tyn dүnietanymdyk ojlar ajtty Adamzatty Alla mahabbatpen zharatkan demek mahabbat adamga dejin bolgan Allanyn tek ozine gana tәn kudireti dep bilgen Abaj Adam men Allanyn arasyndagy katynasty sүyu dep atajdy Өzin mahabbatpen zharatkan Allasyn adamnyn sүyui paryz Abaj sүyudin үsh tүrin ajtady olar Allany sүyu onyn zharatkan keremeti adamdy sүyu zhәne hak zholy dep әdilettilikti sүyu Osy үsh sүyudi Abaj imani gүl dejdi Hakim Abaj tolyk adam nemese kәmeletti adam tuzhyrymdamasyn zhasady Olar nurly akyl zhyly zhүrek ystyk kajrat Adamdy tolyk etetin akyl zhүrek kajrat Abaj siyakty Shәkerim Қudajberdiuly da kazak elin kalaj mәdenietti elder kataryna kosamyn dep talpynady Shәkerim Abajdyn imani gүl ilimin Үsh anyk kitabynda uyat turaly ilimge ajnaldyrdy Osy enbekte Shәkerim sol kezdegi europa agymdardan derekter keltire otyryp etikalyk maksimalizmge negizdelgen ar uyatty dәripteu ilimin zhasady Ojshyldyn tarihi filosofiyalyk enbekterinin Қazak ajnasy Musylmandyk sharty Tүrik kyrgyz kazak hәm handar shezhiresi Үsh anyk dүnietanymy men negizgi әleumettik saryny agartushylyk adamgershilik ideyalarymen sabaktasyp zhatyr 19 20 gasyrlarda Қazak filosofiyasyndagy oj tolganystar men koterilgen negizgi mәseleler dәstүrli kazak ojshyldygyna sүjengenimen olardyn ojlau kenistigi kenejip Қazak filosofiyasyn europa dәstүrmen ushtastyryp otyrdy Bul bagyt Abajdan bastalyp 20 gasyrdyn basyndagy baska da kazak ojshyldarynyn shygarmalarynda zhalgasyn tauyp ken oris aldy 20 gasyrdyn basynda S Torajgyrov A Bajtursynov Zh Ajmauytov M Zhumabaev Ә Bokejhanov M Dulatov t b ozyk ojly kogam kajratkerleri sayasi sahnaga shygyp en aldymen Zar zaman M Әuezov dәuiri okilderinin oj pikirlerin damytty Olar oz shygarmalarynda otarshyldyk bugaudan kutylu kazak halkyn oz aldyna tәuelsiz el etu halyktyn sanasyn oyatu nadandyktan arylu mәselelerin koterdi 20 gasyrdyn 30 zhyldary kazak ziyaly kauymynyn kugyn sүrginge ushyrauymen Қazakstannyn filosofiyalyk oj pikirler zhүjesinin damuy үzildi 20 gasyrda kazak halkynyn bolmysyna erekshe әser etken tulga M O Әuezov Ol kazak halkynyn keleshegin ajkyndauda kundy mәdeni filosofiyalyk tuzhyrymdamalar usyndy Әuezov besigindi tүze besigin tүzej almagan halyktyn bolashagy zhok degen teren oj ajtty Қazakstan үshin 1917 zhyldan bastap otarshyldyktyn zhana tүri kenestik kundylyktar kalyptasa bastap kommunizm turaly ilim negizge alyndy markstik lenindik filosofiya үstemdik etti Mundaj zhagdajda kazak halkynyn danalyk oj pikirlerin zertteuge mүmkindik bolmady Қazakstan tәuelsizdik algannan bastap kuldyk psihologiyanyn ornyna demokratiya orkeniettik kundylyktar ornyga bastady Қazirgi әdebietterde kazak filosofiyasy ugymymen katar kazakstandyk filosofiya degen ugym koldanyska endi Ol Қazakstanda otken gasyrdyn 60 zhyldary kalyptasa bastady kele kele Қazakstandagy filosofiyalyk mektep degen tүsinik ornykty onyn zhetekshisi akademik Zh M Әbdildin boldy Қazakstandyk filosoftar nemis filosofiyasyn zerttedi әsirese Gegeldin Logika gylymy enbegi negizinde kalyptaskan dialektika logika tanym mәselelerimen ajnalysty dialektikalyk logikanyn ozekti mәselelerimen shugyldanyp bul salada ajtarlyktaj nәtizhelerge zhetti Қazak filosofiyasy turaly zertteuler nyshany egemendikke ayak baskan kenestik zhyldarda angaryla bastady birak tolyk mүmkindik Қazakstannyn tәuelsizdiginen bastap shyndykka ajnaldy Қazak filosofiyasynyn tarihy men onyn mәseleleri turaly zhүjeli gylymi zertteuler zhүrgizilip kandidat doktor dissertaciyalar korgaldy arnajy gylymi kitaptar zhazyldy Қazak filosofiyasyn dүniezhүzilik fiolosofiyalar zhүjesinde әri orkeniettik negizde zertteu egemen eldin kogamdyk sanasynyn zhetilip toluynyn basty arnasynyn birine ajnalyp keledi DerekkozderҚazak enciklopediyasy 5 tom Қazak enciklopediyasy