Аспан, аспан күмбезі — бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте алыс қашықтықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.
Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар
Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т. б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.
Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен ұстап мінсе, (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады.
Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. жайлы аңызда тұманды күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой үрке жөнелетін аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан аталатын шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ерекше назар аударған. Күн шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң жолақ – көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады. Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала ма деп бетін бүркеп жасырады.
Ғаламшарлар жөнінде
Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны деп атап кетеді. Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған.
Жер аспаны
Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі — Ай көрінеді. Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер бетінің аралығында көк түсті болып көрінетін атмосфера қабаты болып табылады.
Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді аспанда байқауға болады.
Түндегі аспанда қара түстің дақтары көрінуі мүмкін. Ай, жұлдыздар және т. б. астрономиялық нәрселер айқын көрінуі мүмкін. Жұлдызды аспан — жарықыраған нәрселерден тұратын аспан.
Леонардо да Винчи алғашқы болып аспанның көк түстілігін «Кескіндеме жайлы» атты кітабында: «Жарқырайтын ұсақ бөлшек заттардың себебінен қараңғылық пен Жер арасындағы аспан көгілдір боп көрінеді» деп жазған.
Дереккөздер
- Балалар Энциклопедиясы, II том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aspan aspan kүmbezi bakylaushyga kiiz үjdin tobesi siyakty bolyp korinetin kүmbez Kүn Aj zhuldyzdar t b aspan shyraktary bizden ote alys kashyktykta bolgandyktan olardyn ara kashyktygynyn ajyrmashylygy bizge sezilmejdi Sondyktan olar aspan kүmbezinde ornalaskandaj әser beredi Ashyk dalada aspan zhalpajyp korinedi yagni kүmbezdin tobesine karaganda onyn irgesi kokzhiek kashyktagandaj bolady Biik үjdin kasynda turgan adamga aspan kүmbezi kokzhiekke karaganda biik bolyp korinedi Aua kabaty kogildir kok kүlgin sәulelerdi kүshtirek shashyratatyndyktan aspan kүmbezi kok tүsti bolyp keledi Aspan әlemine sayahatAspan anyzdary astronomiyalyk anyzdarAspan anyzdary astronomiyalyk anyzdar aspan denelerinin zhuldyzdar planetalar t b kejbir erekshe kasietteri men tangazhajyp korinisterin bejnelejtin halyk anyzdary Қazak anyzdaryna tәn erekshe kundy kasiet shynajy aspan korinisterin poeziyalyk tүrde bejneleu Bul anyzdardyn basym kopshiligi dini nanymdarynan aulak nagyz halyk shygarmalary Shobi shүjgin shyrajly zher izdep en dalany sypyra koshken halyk koktegi samsagan shyraktardyn ishinen batyrlardy mergenderdi karakshylardy sulu bikeshterdi sәjgүlik attardy tauyp kiyalmen kiystyryp syuzhet ojlap olardy anyzdarga arkau etken Mars Aspannyn soltүstik zhartysyndagy zhuldyzdardyn tәuliktik korinerlik kozgalysy Zhetikarakshy anyzyna arkau boldy Temirkazyk kozgalmajtyn polyarlyk zhuldyz Қuramyndagy zhuldyzdardyn kejbireuleri shubatylgan arkan tәrizdi al ekinshileri arkandauly atka uksas Olar Temirkazykty үnemi ajnala kozgalady Bulardyn syrtyn ala arkandauly attardy toruyldap Zhetikarakshy ajnalady Kokzhiekten tomen tүspej tүni bojy ajnalyp zhүretin bul zheti zhuldyzdyn kozgalysy kүndiz tasalanyp tүnde ujktamaj kolajly sәtti kүtetin urynyn әreketine uksajdy Anyz zhelisi bojynsha Zhetikarakshy sol mandagy majda zhuldyzdar barlaushysy Olar men Kapella zhuldyzdaryndagy batyrlardyn attaryn Akbozat pen Kokbozat kolga tүsirip almakshy Shynynda da Vega men Kapella aspannyn Soltүstik zharty sharyndagy kozge tүsetin batyrlarga lajyk zharyk zhuldyzdar Zhetikarakshynyn top basshysy kyrankarakshy Micar Үrkerdin kyzy Үlpildekti Alkor mingestirip algan Үrker Zhetikarakshydan үnemi kashyp zhүredi Өjtkeni eger Zhetikarakshy Akbozat pen ustap minse Aldebaran urlamakshy Bul anyzdan koshpeli el turmysynyn saryny bajkalady Ezhelden belgili Үsharkar Tarazy shokzhuldyzy zhonindegi bir anyz anshynyn tagdyryn surettejdi Ol biik shyn basyndagy zhartasta turgan үsh arkarga ok atyp baryp ayagy sәl tajyp ketedi Altyndalgan zhalpak beldigi үshkil tastyn birine oralyp kalady Mergen sol beldikten ustap kajta shygady Beldigin kajta tagyp zhogary karaganda taudan da biiktej kashyp aspanga shygyp ketken үsh arkardy atylgan myltygynan shykkan kok tүtindi korip sanyn sogady Sodan bastap ol үsh arkar tүn mezgilinde kokten shokzhuldyz bolyp korinetin bolypty da kazak halky erte angargan Bir anyzda anshy zhigit arkardyn kieli koshkaryn atamyn dep ozi kapyda teren kuzga kulajdy Sol zamat tomagasy sypyrylgan Bүrkit ushyp shygyp kos kanatyn zhigittin astyna tosady shama sharky kelgenshe demep kuz tүbine zhete bere tajkyp ushyp kajta kokke koterilip ketedi Zhigit taska sogylmaj katty kulamaj aman kalady Bүrkit zhigitti eldegiler kashan tauyp shynyraudan shygaryp algansha koyan kus әkelip tastap turady Kejinnen ol Bүrkit әldekimderdin ogyna ushyrajdy Zhigit katty kajgyrady zhok Bүrkitin kokten izdejdi Dәl sogan uksagan shokzhuldyzga Bүrkit atyn beredi Torpaktagy Sulusarynyn ozi zhonindegi anyzda ozhet zhigittin oz mahabbaty үshin kүresip patshany zhenip sүjgenine kosylgany ajtylady Kelesi anyzda azhaldan kutkarady Tumanda adasyp kojdy tas ygyna iirip ozi shagyn tas inge tygylgan balany zhemekke umtylgan kokzhal kaskyrdyn tumsygyn karakurt shagady Bala da koj da aman kalady El koktegi bes zhuldyzdy onyn kurmetine dep atajdy Akku shokzhuldyzy anyzynda zhigit ozinin sүjiktisi Ajgүl ekeuinin mahabbatyna dәneker bolgan Akkudy atkan adamdy zhazalap olgen Akkudyn ak bejnesin kiyalmen kokke shygarady zhajly anyzda tumandy kүni әldekandaj dybyska karaj ajtaktap zhiberip ozi tauda mert bolgan anshy tazylarynyn kokke shygyp ketip zhuldyzdarga ajnalgany zhoninde bayandalady Kүn siyakty zhylt etip kokzhiekten shyga kelgende koj үrke zhoneletin anshylyk anyz әngimelerde zhii kezdesedi Ғylym tilinde Arystan atalatyn shokzhuldyzynyn ajbarly arystan siyakty pishinin elestetedi halyk Erterektegi kazak zhuldyzshylary Kүn zholyndagy zodiaktik on eki shokzhuldyzdyn biri Toktyga erekshe nazar audargan Kүn shokzhuldyzga zherde kok shygyp mal zhajyla bastaganda kelip zhetetin bolgandyktan Tokty delingen Odan eki zharyk zhuldyz kozge birden shalynady Kүndizgi inirde shajdaj ashyk aspanga karaganda bozargan kylan zholak koremiz Қazak anyzynda bul galamat tamasha ak zholak allanyn ak zholy dep ajtylady Bir dana kisige alla sol zholymen kelip Adam kaj kezde de adamnyn ak zholyn kespej zhүrsin dep zhuldyzdardan osy zholdy saldyk dep til katypty delinedi Kүn men Aj anyzda egiz tugan gazhajyp sulu kyzdar eken Әsirese Aj suluyrak bolgandyktan Kүn kyzganyp onyn betin tyrnap alsa kerek Aj Kүnnen shalgajda zhүrgende Kүndi eregistirip tolyk Aj tүrinde anyk korinse Kүnge zhakyndaganda tagy tyrnap ala ma dep betin bүrkep zhasyrady YupiterҒalamsharlar zhonindeSholpan anyzda emshi kyz bolyp ajtylady Әri mejlinshe sulu Ol bar gumyryn auru syrkaulardy emdep zhazuga arnamakshy bolady Birak onyn bul ojy zhүzege aspaj kalady ozi sulu ozi akyldy emshi kyzga zhigitter birinen son biri soz ajtyp akyry onyn sony үlken dau zhanzhalga ajnalady El arasynda iritki tua bastajdy Munyn bәri ozinin sululygy men akyldylygyna bajlanysty bolganyn sezgen kyz elden alyska ketip halykka nuryn biikten shashkysy keledi Sojtip tan kylan bere ol aspanga ushyp shygyp tan zhuldyzyna ajnalady Halyk ony dep atap ketedi Қyzyl planeta Marsty kazak shart ayazdyn habarshysy dep eseptegen Өjtkeni ol sharyktaganda suyk kүshejetin bolgan Қyzyl shunak ayazben birge shygystan kyzyl ottaj zhuldyz koteriledi Tekke koterilmej onmennen otetin ayazyn әkeledi Kүn zhүjemizdegi alyp galamshar Yupiter anyzda askak zhuldyz Өzin mejlinshe askak ustajtyn Askar esimdi zhigit tauda onasha turady Kejinnen dalada adasyp kalgan Gүldana esimdi kyzben tanysyp onyn әke sheshesinin ruksatymen zhanuya kurady Sol onasha patshalykta on alty perzent sүjedi Birak Gүldanadan kezinde ajyrylyp kalgan baj zhigit umyta almaj birde үjin tauyp baryp aulasynda pyshaktap oltiredi Askar onan akysyn alady Birak kajgy shydatpajdy On alty perzent shүpirlep zhanynda kalady Elden zherden bolek ketu үshin ol allaga kүni tүni zhalbarynyp kokten oryn surajdy Өz aldyna zheke patshalyk kurgysy keledi Alla ol tilegin kabyl alyp aspanga shygaryp bir bolek zhuldyz zhүjesi etedi Zhigit alyp galamsharga perzentteri on alty serigine ajnalady Қujrykty zhuldyz anyzda belgili bir merzimde Kүnge zhakyndap zherimizdegi kүlli tirshilikti bakylap adamzattyn tileuin tileushi allanyn komekshisi ak sakaly tula bojyna shubatylgan kart bolyp ajtylady Kokten kenetten kozge shalynatyn korgende Өz zhuldyzym zhogary bolsyn dep bata zhasa dejtin nanym ony kieli dep sanajtyn yrymnan tugan Zher aspanyZherdegi aspan tүri tәulik uakytyna zhyl mezgiline zhәne aua rajyna bajlanysty Aspanda әdette bulttar zhuldyzdar men Zher serigi Aj korinedi Ұshak ishindegi aspan korinisi zher betinin aralygynda kok tүsti bolyp korinetin atmosfera kabaty bolyp tabylady Kүnnin shygysy nemese batysy kezinde sary sargylt zhәne kyzyl tүsterdi aspanda bajkauga bolady Tүndegi aspanda kara tүstin daktary korinui mүmkin Aj zhuldyzdar zhәne t b astronomiyalyk nәrseler ajkyn korinui mүmkin Zhuldyzdy aspan zharykyragan nәrselerden turatyn aspan Leonardo da Vinchi algashky bolyp aspannyn kok tүstiligin Keskindeme zhajly atty kitabynda Zharkyrajtyn usak bolshek zattardyn sebebinen karangylyk pen Zher arasyndagy aspan kogildir bop korinedi dep zhazgan DerekkozderBalalar Enciklopediyasy II tom