Ірімшік — сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі . Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өнім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады.
Нәрлілік құндылығы
Ірімшіктің нәрлілік құндылығы құрамындағы ақуыз (25%-ке дейін) пен майы (30%-ке дейін) молдығымен, сондай-ақ аса бағалы амин қышқылының, В, РР тобындағы А витаминдерінің, пантотен қышқылдарының, кальций және фосфор тұздарының көптігімен ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды организм түгелге жуық (98—99%) сіңіреді. Құрамында май мен ақуыздардың болуына байланысты ірімшік калориялылығы 2500—4500 ккал аралығында. Олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді.
Сыр сапасы әртүрлі факторларға тәуелді, ең алдымен, ол қолданылатын шикізат — сүтке байланысты. Сыр өндіру үшін қолданылатын сүт тығыздығы 1,027 г/см3 дейін, қышқылдылығы — 16—18Т, май мен ақуыз қатынасы — 1,24-тен 1,08-ге дейін, кальций мөлшері — 125 мг% болу керек. Сүтті нормалап 71—72°С температурада пастерлейді. Содан кейін сүтке кальций хлориді ерітіндісін қосады, ол сүттің мәйекті ферментпен ұйытылуын жақсартады. Сыр қамырына қыста сары түс беру үшін сүтке суда еритін аннато бояуын қосады. Дайындалған сүтті 33°С температураға дейін қыздырады да, ашытқы қосады, ал кішкенеден кейін мәйекті фермент қосады. Оның әсерінен сүтте үю процесі жүреді, оның ұзақтығы шикізат түріне байланысты 25—90 мин-қа созылады. Ұйытындыдан сарысудың артық мөлшерін алып тастайды, белгілі бір типті және сапалы сыр алу және ары қарай өтетін биохимиялық процестер жүру үшін қажет сарысу мөлшерін қалдырады. Сарысу сонымен бірге сүт қанты көбірек жойылса, сыр жетілудің микробиологиялық процестері баяу жүреді жөне керісінше. Сарысуды ұйытындыдан жою сыр дәндерін кесу және араластыру, сыр массасының температурасын өзгерту және сарысу қышқылдылығын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ұйытындыны механикалық пышақтармен кеседі, нәтижесіңде сыр дәндері — жұмсақ ақуыз түйірлері түзіледі.
Ірімшіктер технологиясы
Ірімшіктер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы келесі операциялардан тұрады:
- тапсырушыдан сүтті қабылдау,
- сүттің ірімшікке жарамдылығын анықтау,
- ақуыз бен май бойынша нормалау,
- пастерлеу,
- ұйыту температурасына дейін суыту,
- бактериалды ашытқыны енгізу,
- кальций тұздарын енгізу,
- мәйекті немесе басқа ферменттермен ұйыту,
- ұйытқыны алу және өңдеу,
- дәннің қойылуы (постановка),
- сарысу бөлігін алу,
- екінші рет қыздыру,
- араластыру,
- ірімшік массасының дайындығын анықтау,
- формалау, өздігінен престеу немесе ықтиярсыз престеу,
- таңбалау,
- тұздау,
- тиісті камераларда жетілдіру,
- қаптау және шығару.
Түрлері
Ірімшіклар ассортименті алуан түрлі. Халықаралық стандартта келесі классификация қабылданған: әр ірімшік үш көрсеткішке ие.
- Бірінші – майсыздандырылған ірімшіктегі ылғалдың массалық үлесі. Бұл көрсеткіш бойынша ірімшіктер өте қатты (51%-дан аз), қатты (49-56), жартылай қатты (54-63), жартылай жұмсақ (61-69), жұмсақ (67%-дан аса) болып жіктеледі.
- Екінші көрсеткіш бойынша – құрғақ заттағы майдың массалық үлесі келесідей –жоғары майлылықты (60%-дан жоғары), толық майлы (45-60), жартылай майлы (25-45), майлылығы төмен (10-25) және майсыздандырылған (10%-дан кем).
- Үшінші көрсеткіш жетілу сипаты болып табылады, ол бойынша: зеңмен жетілу – бетінде және ішінен; зеңмен жетілу – бетінде және ішінде; жетілусіз немесе жетілмейтін.
З. Х. Диланянның классификациясында масса, ылғал және тұзбен қатар, ірімшіктердің кез келген түрін қалыптастыратын микрофлораның сапалы құрамын да қарастыру ұсынылған. Бұл классификация бойынша ірімшіктер үш класқа бөлінеді:
- I класс – мәйекті ірімшіктер,
- II – сүтқышқылды ірімшіктер,
- III – өңделген ірімшіктер.
Ірімшік түрлері шикізат бойынша, өндіру ерекшелігі бойынша, қасиеттері бойынша ажыратылады. Сүттің ұю әдісі бойынша ірімшіктер мәйекті, сүт қышқылды жөне өнделген болып бөлінеді. Өндіру ерекшелігі мен органолептикалық қасиетіне байланысты мәйекті сырлар қатты, жұмсақ және тұздық болады, олар өз алдына типтер мен топтарға бөлінеді. Осындай белгілеріне қарап ірімшікті мәйекті және балқытылған деп бөледі.
Мәйекті ірімшіктер
Мәйекті ірімшіктердің өзі
- қатты,
- қаттылау,
- жұмсақ,
- тұзды және
- қышқыл болып келеді.
Ірімшіктің майлылығы құрғақ затпен салыстырғанда 20%-тен 60%-ке дейін болады (ірімшіктің майлылығы оның құрамындағы ылғалға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан майлылықты құрғақ зат арқылы белгілеу келісілген). Қатты ірімшіктің майлылығын көрсету үшін оның сыртына майлылықты білдіретін цифрлары бар казеиннен жасалған ерекше пластинкалар жапсырылады, не ірімшіктің сыртына штамп (марка) басылады. Майлылығы 50%-тен кем емес ірімшіктерге басылатын штамптың формасы — төрт бұрышты, ал 45% тен кем түспейтіндерінікі — сегіз бұрышты. Штампта майлылықтан басқа зауыттың нөмірі және сол зауыттың орналасқан жері көрсетіледі. Жұмсақ, қышқыл және балқытылған ірімшіктердің майлылығы туралы мәлімет олардың сыртқы қабына жазылады.
Қатты ірімшік
Қатты ірімшік жасау үшін сыр дәндерінің өлшемі 3—6 мм, жұмсақ сыр үшін 20— 30 мм болады. Ұнтақталған ұйытынды температурасын жоғарылату — ірімшік дәндерінің кебуіне ықпал ететін маңызды фактор. Қатты сырларды екінші рет қыздыру үшін температураны 8—25°С-қа жоғарылатады. Жүмсақ сырларды ірімшік дәндерін температуралық өңдемей алады. Одан кейін сырды пішіндейді. Ол үшін ірімшік дәндерін ағаш, металл немесе полимерлі қалыптарға салады. Пішінін бекіту үшін және сарысудың артық мөлшерін жою үшін оны пневматикалық немесе гидравликалық престе престейді. Ірімшік сапасы оның тұздалуына да төуелді. Ас тұзы сырдың жетілуі кезінде микробиологиялық және биохимиялық процестерді реттейді, дәмін келтіреді, өнім қабығын түзеді, ірімшік консистенциясына, формасына және шығымына әсер етеді. Тұздаудың бірнеше әдісін қолданады: ұнтақталған тұзбен, тұздықта тұздау және құрама әдіс. Соңғы технологиялық операция жетілу болып табылады. Жетілу кезінде жаңа дайындалған сырдың құрамы өзгереді, өзіндік дәмі, иісі, түсі және консистенциясы мен пішіні қалыптасады. Бұл кезде күрделі биохимиялық процестер жүреді де, ірімшік массасының құрамының өзгеруін тудырады. Барлық өзгерістер микроорганизмдер бөлетін ферменттер, сонымен қатар мәйекті фермент қатысында жүреді.
Қатты ірімшіктерге жоғары ылғалдылық (44%) пен салыстырмалы қатты консистенция тән. Қатты ірімшіктерге швейцар, голланд, латыш, россия ірімшіктері жатады.
Швейцар ірімшігі
Швейцар ірімшігі тобына: швейцар, алтай, совет, карпат, кубань ірімшіктері кіреді. Швейцар және алтай ірімшігі тау шалғындарына жайылатын сиырлардың сүтінен жасалады. Бұл топтағы ірімшіктерге тән қасиеттер: дәмі тәтті, жаңғақ татиды, хош иісті, кескен кезде дөңгелек және сопақтау келген «көздері» байқалады.
Голланд ірімші
Голланд ірімшігі тобына: голландия (дөңгелек және қырлы), ярославль, кострома, станислав, углич қыр ірімшігі және т. б. жатады. Бұл топтағы ірімшіктер өздерінің болар-болмас қышқыл дәмі және болмашы хош исі арқылы ерекшеленеді, ал ескілерінің исі өткірлеу болады. Қыр ірімшігінің дәмі ащылау келеді, оңай бөлінеді, ал айда кострома ірімшігіне қарағанда қаттылау. Станислав және углич ірімшіктерінің дәмі әлдеқайда қышқыл және хош иісті болады.
Латыш ірімшігі
Латыш ірімшігі тобына, латыш, волга, краснодар ірімшіктерін жатқызады. Бұл ірімшіктерді әзірлен пісіру кезінде оның сыртқы қыртысында шырыш қалыптасып, ол өнімге ерекше дәмділік және хош иіс беріп тұрады. Латыш тобына ірімшіктердің қышқыл дәмі, өткір исі осы шырыштың ерекшелігіне қарай анықталады.
Ресей ірімшігі
Ресей ірімшігі тобына: россия, чеддер, шығыс ірімшіктері кіреді. Бұлар басқа ірімшіктерден сүт қышқылы процесінің жоғары деңгейде болуымен ерекшеленеді. Исі өткір, дәмі қышқыл, жұмсақ, чеддер ірімшігі — оңай бөлінеді.
Жұмсақ ірімшіктер
Бұл ірімшікт өндірісінде ірімшік массасында көп мөлшерде сарысуын сақтауға бағытталады (ірі ірімшік дәндерін дайындау, екінші рет қыздырмау, өздігінен престелу). Ірімшік құрамында ылғал жоғары (48—50%) болғандықтан олар тез жетіледі (20—45 күн). Ірімшік жетілуінде сүт қышқылды мен таяқша фермегатерімен қатар сыр шырышының микрофлорасы мен зең ферменттері қатысады. Жұмсақ ірімшіктер нәзік майлы консистенциямен, жұқа жұмсақ қабығымен, көзшелердің мүлде болмауымен ерекшеленеді. Жетілуге қатысатын микрофлораға толтырғыштар (какао ұнтағы, кофе, шырындары, дәмдеуіштер, татымдықтар, ас тұзы) және бояғыштар қолданады. Шикізатты алдын ала ластанудан және жеуге жарамсыз бөліктерден тазарту үшін өндейді, ұнтақтайды және рецептураға сәйкес араластырады. Қоспаға балқытқыш тұздар — фосфор және лимон қышқылының натрий тұздарын қосады. Қыздыру кезінде балқытқыш тұздар сырдағы майдың қорытылуын және ақуыз коагуляциясын болдырмайды. Балқытқыш тұздар сыр массасына енуі үшін 1—2 сағ тұрады, содан кейін 75—90°С температурада балқытады, суытады және орайды.
Жұмсақ ірімшіктерге: дорогобуж, десерт ақ ірімшігі және рокфор тобындағы ірімшіктерді жатқызады.
Дорогобуж тобы
Ірімшікгердің дорогобуж тобына: дорогобуж, медынь, дорожный, калинин, смоленск ірімшіктері және т. б. енеді. Бұл ірімшіктердің бәрі де ащылау келеді, ал смоленск ірімшігінің дәмі аздап саңырауқұлақтың дәміне (шампиньон) ұқсайды, олардың акшылсары шырышпен қанталған, жұқа қабығы болады. Ірімшіктер жұмсақ, майлы келеді.
Десерт ақ ірімшігі
Десерт ақ ірімшіктің дәмі ащы, саңырауқұлақтың хош иіс білініп тұрады. Жұмсақ, қолға жұғатындай майлы, сыртқы қабаты ірімшік шырышымен қапталған. Десерт ірімшігін сақтау температура - 5°С аспайды.
Рокфор
Рокфор қой немесе сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің дәмі ашқылтым, бұрыш татиды, консистенциясы жұмсақ, майлы, сыртқы қабығының түрі көкшіл-сары болып келеді.
Тұздалған ірімшіктер
Тұздалған ірімшіктер (пісіру және сақтау процесі кезінде оларды тұздыққа салады). Тұзды ірімшіктер қатарына:
- чанах,
- тушин,
- кобий,
- осетин,
- брынза,
- сулугуни т. б. ірімшік түрлері жатады.
Тұздалған ірімшіктер қой және сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің қышқыл дәмі, өзіне тән хош исі болады.
Ашығай сүттен жасалған ірімшіктер
Бұл топқа:
- жасыл, сондай-ақ
- әуесқойлар ірімшігі жатады.
Жасыл ірімшіктің дәмі өте қышқыл, өзіндік исі болады.
Балқытылған ірімшіктер
Балқытылған ірімшіктер қатты және жұмсақ ірімшіктерден, сүзбеден, сиыр майынан т. б. сүт өнімдерінен өңделіп жасалады. Кейбір балқытылған ірімшіктерді дайындау кезінде, сондай-ақ әртүрлі қоспалар (томат, қақталған балық және т. б.) мен дәмдеуіштер (бұрыш, зире және т. б.) қолданылады. Басқа ірімшіктермен салыстырғанда, балқытылған ірімшік сіңімділеу келеді. Негізгі шикізат түрлеріне, олардың химиялық құрамы мен өндіру технологиясына байланысты балқытылған ірімшіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
- қоспасыз және дәмдеу ішсіз ірімшіктер
- совет,
- россия,
- кострома,
- латыш ірімшігі,
- сүрленген шұжық түріндегі,
- сары май қойылған балқытылған ірімшіктер:
- углич,
- невал ірімшігі т. б.;
- ішінде көсітасы және дәмдеуіші бар ірімшіктер
- острый,
- москва ірімшігі, сондай-ақ
- томат соусы, дәмдеуіштері бар ірімшіктер);
- паста тәрізді балқытылған ірімшіктер:
- Дружба,
- Волна,
- Лето,
- Рокфор,
- қышқыл сүттен жасалған ірімшіктер т. б.;
- балқытып консервіленген ірімшіктер (стерильденген, пастерленген), ауа кірмейтін қаңылтыр банкаларға салынған, балқытылған тәтті ірімшік:
- Шоколадты,
- Кофелі,
- Жемісті,
- Омичка,
- түстікке арналған балқытылған ірімшіктер:
- көкөніс тағамдарына арналған,
- макароннан жасалған тағамдарға арналған ірімшік,
- ақ саңырауқұлақ,
- пияз қосылған ірімшік және т. б.
- сұйық және қою тағамға арналған тұздық.
Ірімшік — қазақтың ұлттық сүт тағамы
Ірімшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам.
Дайындау технологиялары
Қазақтардың дастарқанында ірімшіктің екі түрлі болады:
- ақ ірімшік
- қызыл ірімшік
Жаңа сауылған жылы сүтті мәндірмен (кен жерде мәйек дейді) ұйытып, одан кейін суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сарытүске айналады. Содан кейін оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды, көп сақталады. Қонақ дастарқанына қойылатын өте дәмді, сүйкімді де бағалы ас. Кепкен ірімшікті түйіп жент жасайды, тұш бауырсақтың үстіне себеді, майға қосып жейді. Қызыл ірімшіктің сарысуынан шайға тістейтін жақсы тамақ жасалған, ол тәтті болады.
Ақірімшік. Сүтке айран қосып ірітіп қайнату арқылы әзірлейді. Кейде ашып қалған, өздігінен ұйыған сүттің айранын сүзу арқылы да ақірімшік жасалады. Ақірімшікті қамырға орап, үстіне май салып, табаны қоламтаға койып пісіру әдісімен бүркеме нан делінетін сүйкімді ас әзірленеді.
Әлемдегі өнім және тұтыну
Ірі өндірушілер (мың тонна) | |
---|---|
АҚШ | 4,275 (2006) |
Германия | 1,927 (2008) |
Франция | 1,884 (2008) |
Италия | 1,149 (2008) |
Нидерланд | 732 (2008) |
Польша | 594 (2008) |
Бразилия | 495 (2006) |
Мысыр | 462 (2006) |
Аргентина | 425 (2006) |
Аустралия | 395 (2006) |
Ең ірі ірімшік экспортерлары — 2004 (мың доллар АҚШ) | |
---|---|
Франция | 2,658,441 |
Германия | 2,416,973 |
Нидерланд | 2,099,353 |
Италия | 1,253,580 |
Дания | 1,122,761 |
Аустралия | 643,575 |
Жаңа Зеландия | 631,963 |
Бельгия | 567,590 |
Ирландия | 445,240 |
Ұлыбритания | 374,156 |
Ең ірі ірімшік тұтынушылар — 2009 | Жылына неше кг |
---|---|
Грекия | 31.1 |
Франция | 26.1 |
Исландия | 25.4 |
Германия | 22.6 |
Швейцария | 21.4 |
Нидерланд | 21.0 |
Италия | 20.9 |
Финляндия | 20.7 |
Түркия | 19.4 |
Швеция | 18.9 |
Аустрия | 17.4 |
Чехия | 16.7 |
Израиль | 16.4 |
Норвегия | 15.3 |
АҚШ | 14.8 |
Канада | 12.3 |
Аустралия | 12.0 |
Аргентина | 11.3 |
Мажарстан | 11.0 |
Ұлыбритания | 10.9 |
Польша | 10.8 |
Ірімшіктерді дастарқанға кою
Ірімшіктің жоғары нәрілігі, сіңімділігі, жағымды дәмі мен хош исі, олардың тағамдық қасиетін арттыра түседі, сондай-ақ оны кейбір тағамдарға десерт және тұздық ретінде қолданады. Жұқалап тілінген швейцар ірімшіктері десерт ретінде, әсіресе шай, кофе не какаоға беріледі.
Дәмі қышқылдау — дорогобуж, медынь, смоленск жұмсақ ірімшіктерін таңертеңгі асқа, кофе, сондай-ақ сыра немесе жүзімнен жасалған сусын ішкенде қоюға болады. Рокфор адамның тәбетін ашады, сондықтан оны әдетте салқын басытқы ретінде түстік және кешкі тамақ алдында береді, сондай-ақ өзге де жұмсақ ірі мап ктер секілді сыра және жүзімнен жасалған сусын ішкенде қояды.
Алдын-ала кесіліп қойылған ірімшік жел қағып, кеуіл қалады және өзіне тән дәмі мен исін жоғалтады, сол себепті ірімшікті дастарқанға қояр алдында ғана кеседі. Ірімшікті өткір пышақпен кескен жөн. Рокфор ірімшігін жұқалап кесуге келмейді, өйткені ол үгітіліп кетеді, оны кесер алдында пышақты ыстық суға салып жылытыл, алған жөн. Рокфор нанға оңай жағылады. Ұнтақ күйінде жасалған көк ірімшікті немесе кез келген қатты ірімшікті піскен макаронға қосуға, май жаққан бутербродқа себуге болады.
Тұздалған ірімшіктер әсіресе Кавказда көп тараған, оларды таңертеңгі немесе кешкі асқа қосып береді. Тұздалған ірімшіктердің ащы дәмін азайту және өте жұмсарту үшін, оларды жеңішкелеп кесіп, қайнаған суға немесе ыстық сүтке салып алады.
Сақтау
Ірімшік кеуіл кетпес үшін оны тұтас күйінде ақ түсті дымқыл (суға малынып, сығылған) мақта-матамен, содан кейін сыртынан қағазбен, полиэтилен пленкасымен немесе фольгамен орайды, мат айы тәулігіне 1—2 дүркін сумен мұқият шаю керек. Сондай-ақ ірімшік тұрған ыдысқа бір түйір қант салып, мықтап жауып тастауға да болады. Иісті тез сіңіретін өзге өнімдерден ірімшікті бөлек ұстаған жөн. Аз уақытқа сақтау үшін (5—-7 күн) арнайы жасалған ірімшік салғыштар өте қолайлы. Ірімшік сақтайтын температура 10—12 °C аспауы тиіс, ең дұрысы тоңазытқышта сақтаған жөн. Жұмсақ ірімшіктерді үй жағдайында 2 күннен артық сақтауға болмайды.
Дереккөздер
- «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығының студенттеріне арналған «ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 1» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР, Семей, 2013 [1](қолжетпейтін сілтеме)
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- for the US and non European countries in 2006 [2] Мұрағатталған 11 тамыздың 2007 жылы.and for European countries in 2008 [3]
- (FAO)[4] Мұрағатталған 23 қазанның 2012 жылы.
- Total and Retail Cheese Consumption – Kilograms per Capita. Canadian Dairy Information Centre. Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қазан 2012. Тексерілді, 14 тамыз 2010.
- Union suisse des paysans, Consommation de fromage par habitant en 2009 Мұрағатталған 11 қарашаның 2012 жылы.
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Irimshik sүtti arnajy ondeuden otkizu arkyly alynatyn zhogary kaloriyaly negurlym sinimdi tagamdyk onimderinin biri Әzirleu zhәne pisiru kezinde ol mikrobiologiyalyk fermentativtik tagy baska procesterden otedi sonyn nәtizhesinde dajyn onim sүtpen salystyrganda dәmi zhәne nәrliligi zhagynan edәuir kundy kasietterge ie bolady Irimshik siyrdyn kojdyn zhәne eshkinin sүtinen zhasalady IrimshikterNәrlilik kundylygyIrimshiktin nәrlilik kundylygy kuramyndagy akuyz 25 ke dejin pen majy 30 ke dejin moldygymen sondaj ak asa bagaly amin kyshkylynyn V RR tobyndagy A vitaminderinin pantoten kyshkyldarynyn kalcij zhәne fosfor tuzdarynyn koptigimen erekshelenedi Irimshik barlyk zhastagy adamdar үshin pajdaly Onyn kuramyndagy nәrli zattardy organizm tүgelge zhuyk 98 99 siniredi Қuramynda maj men akuyzdardyn boluyna bajlanysty irimshik kaloriyalylygy 2500 4500 kkal aralygynda Olar tolygymen 96 adam organizmine sinedi Syr sapasy әrtүrli faktorlarga tәueldi en aldymen ol koldanylatyn shikizat sүtke bajlanysty Syr ondiru үshin koldanylatyn sүt tygyzdygy 1 027 g sm3 dejin kyshkyldylygy 16 18T maj men akuyz katynasy 1 24 ten 1 08 ge dejin kalcij molsheri 125 mg bolu kerek Sүtti normalap 71 72 S temperaturada pasterlejdi Sodan kejin sүtke kalcij hloridi eritindisin kosady ol sүttin mәjekti fermentpen ujytyluyn zhaksartady Syr kamyryna kysta sary tүs beru үshin sүtke suda eritin annato boyauyn kosady Dajyndalgan sүtti 33 S temperaturaga dejin kyzdyrady da ashytky kosady al kishkeneden kejin mәjekti ferment kosady Onyn әserinen sүtte үyu procesi zhүredi onyn uzaktygy shikizat tүrine bajlanysty 25 90 min ka sozylady Ұjytyndydan sarysudyn artyk molsherin alyp tastajdy belgili bir tipti zhәne sapaly syr alu zhәne ary karaj otetin biohimiyalyk procester zhүru үshin kazhet sarysu molsherin kaldyrady Sarysu sonymen birge sүt kanty kobirek zhojylsa syr zhetiludin mikrobiologiyalyk procesteri bayau zhүredi zhone kerisinshe Sarysudy ujytyndydan zhoyu syr dәnderin kesu zhәne aralastyru syr massasynyn temperaturasyn ozgertu zhәne sarysu kyshkyldylygyn ozgertu arkyly zhүrgiziledi Ұjytyndyny mehanikalyk pyshaktarmen kesedi nәtizhesinde syr dәnderi zhumsak akuyz tүjirleri tүziledi Irimshikter tehnologiyasyIrimshikter ondirisinin zhalpy tehnologiyalyk shemasy kelesi operaciyalardan turady tapsyrushydan sүtti kabyldau sүttin irimshikke zharamdylygyn anyktau akuyz ben maj bojynsha normalau pasterleu ujytu temperaturasyna dejin suytu bakterialdy ashytkyny engizu kalcij tuzdaryn engizu mәjekti nemese baska fermenttermen ujytu ujytkyny alu zhәne ondeu dәnnin kojyluy postanovka sarysu boligin alu ekinshi ret kyzdyru aralastyru irimshik massasynyn dajyndygyn anyktau formalau ozdiginen presteu nemese yktiyarsyz presteu tanbalau tuzdau tiisti kameralarda zhetildiru kaptau zhәne shygaru TүrleriIrimshiklar assortimenti aluan tүrli Halykaralyk standartta kelesi klassifikaciya kabyldangan әr irimshik үsh korsetkishke ie Birinshi majsyzdandyrylgan irimshiktegi ylgaldyn massalyk үlesi Bul korsetkish bojynsha irimshikter ote katty 51 dan az katty 49 56 zhartylaj katty 54 63 zhartylaj zhumsak 61 69 zhumsak 67 dan asa bolyp zhikteledi Ekinshi korsetkish bojynsha kurgak zattagy majdyn massalyk үlesi kelesidej zhogary majlylykty 60 dan zhogary tolyk majly 45 60 zhartylaj majly 25 45 majlylygy tomen 10 25 zhәne majsyzdandyrylgan 10 dan kem Үshinshi korsetkish zhetilu sipaty bolyp tabylady ol bojynsha zenmen zhetilu betinde zhәne ishinen zenmen zhetilu betinde zhәne ishinde zhetilusiz nemese zhetilmejtin Z H Dilanyannyn klassifikaciyasynda massa ylgal zhәne tuzben katar irimshikterdin kez kelgen tүrin kalyptastyratyn mikrofloranyn sapaly kuramyn da karastyru usynylgan Bul klassifikaciya bojynsha irimshikter үsh klaska bolinedi I klass mәjekti irimshikter II sүtkyshkyldy irimshikter III ondelgen irimshikter Irimshik tүrleri shikizat bojynsha ondiru ereksheligi bojynsha kasietteri bojynsha azhyratylady Sүttin uyu әdisi bojynsha irimshikter mәjekti sүt kyshkyldy zhone ondelgen bolyp bolinedi Өndiru ereksheligi men organoleptikalyk kasietine bajlanysty mәjekti syrlar katty zhumsak zhәne tuzdyk bolady olar oz aldyna tipter men toptarga bolinedi Osyndaj belgilerine karap irimshikti mәjekti zhәne balkytylgan dep boledi Mәjekti irimshikter Mәjekti irimshikterdin ozi katty kattylau zhumsak tuzdy zhәne kyshkyl bolyp keledi Irimshiktin majlylygy kurgak zatpen salystyrganda 20 ten 60 ke dejin bolady irimshiktin majlylygy onyn kuramyndagy ylgalga bajlanysty ozgerip otyrady sondyktan majlylykty kurgak zat arkyly belgileu kelisilgen Қatty irimshiktin majlylygyn korsetu үshin onyn syrtyna majlylykty bildiretin cifrlary bar kazeinnen zhasalgan erekshe plastinkalar zhapsyrylady ne irimshiktin syrtyna shtamp marka basylady Majlylygy 50 ten kem emes irimshikterge basylatyn shtamptyn formasy tort buryshty al 45 ten kem tүspejtinderiniki segiz buryshty Shtampta majlylyktan baska zauyttyn nomiri zhәne sol zauyttyn ornalaskan zheri korsetiledi Zhumsak kyshkyl zhәne balkytylgan irimshikterdin majlylygy turaly mәlimet olardyn syrtky kabyna zhazylady Қatty irimshik Dәstүrli shvejcar irimshigi Қatty irimshik zhasau үshin syr dәnderinin olshemi 3 6 mm zhumsak syr үshin 20 30 mm bolady Ұntaktalgan ujytyndy temperaturasyn zhogarylatu irimshik dәnderinin kebuine ykpal etetin manyzdy faktor Қatty syrlardy ekinshi ret kyzdyru үshin temperaturany 8 25 S ka zhogarylatady Zhүmsak syrlardy irimshik dәnderin temperaturalyk ondemej alady Odan kejin syrdy pishindejdi Ol үshin irimshik dәnderin agash metall nemese polimerli kalyptarga salady Pishinin bekitu үshin zhәne sarysudyn artyk molsherin zhoyu үshin ony pnevmatikalyk nemese gidravlikalyk preste prestejdi Irimshik sapasy onyn tuzdaluyna da toueldi As tuzy syrdyn zhetilui kezinde mikrobiologiyalyk zhәne biohimiyalyk procesterdi rettejdi dәmin keltiredi onim kabygyn tүzedi irimshik konsistenciyasyna formasyna zhәne shygymyna әser etedi Tuzdaudyn birneshe әdisin koldanady untaktalgan tuzben tuzdykta tuzdau zhәne kurama әdis Songy tehnologiyalyk operaciya zhetilu bolyp tabylady Zhetilu kezinde zhana dajyndalgan syrdyn kuramy ozgeredi ozindik dәmi iisi tүsi zhәne konsistenciyasy men pishini kalyptasady Bul kezde kүrdeli biohimiyalyk procester zhүredi de irimshik massasynyn kuramynyn ozgeruin tudyrady Barlyk ozgerister mikroorganizmder boletin fermentter sonymen katar mәjekti ferment katysynda zhүredi Қatty irimshikterge zhogary ylgaldylyk 44 pen salystyrmaly katty konsistenciya tәn Қatty irimshikterge shvejcar golland latysh rossiya irimshikteri zhatady Shvejcar irimshigi Shvejcar irimshigi tobyna shvejcar altaj sovet karpat kuban irimshikteri kiredi Shvejcar zhәne altaj irimshigi tau shalgyndaryna zhajylatyn siyrlardyn sүtinen zhasalady Bul toptagy irimshikterge tәn kasietter dәmi tәtti zhangak tatidy hosh iisti kesken kezde dongelek zhәne sopaktau kelgen kozderi bajkalady Golland irimshi Golland irimshigi tobyna gollandiya dongelek zhәne kyrly yaroslavl kostroma stanislav uglich kyr irimshigi zhәne t b zhatady Bul toptagy irimshikter ozderinin bolar bolmas kyshkyl dәmi zhәne bolmashy hosh isi arkyly erekshelenedi al eskilerinin isi otkirleu bolady Қyr irimshiginin dәmi ashylau keledi onaj bolinedi al ajda kostroma irimshigine karaganda kattylau Stanislav zhәne uglich irimshikterinin dәmi әldekajda kyshkyl zhәne hosh iisti bolady Latysh irimshigi Latysh irimshigi tobyna latysh volga krasnodar irimshikterin zhatkyzady Bul irimshikterdi әzirlen pisiru kezinde onyn syrtky kyrtysynda shyrysh kalyptasyp ol onimge erekshe dәmdilik zhәne hosh iis berip turady Latysh tobyna irimshikterdin kyshkyl dәmi otkir isi osy shyryshtyn ereksheligine karaj anyktalady Resej irimshigi Resej irimshigi tobyna rossiya chedder shygys irimshikteri kiredi Bular baska irimshikterden sүt kyshkyly procesinin zhogary dengejde boluymen erekshelenedi Isi otkir dәmi kyshkyl zhumsak chedder irimshigi onaj bolinedi Zhumsak irimshikter Bul irimshikt ondirisinde irimshik massasynda kop molsherde sarysuyn saktauga bagyttalady iri irimshik dәnderin dajyndau ekinshi ret kyzdyrmau ozdiginen prestelu Irimshik kuramynda ylgal zhogary 48 50 bolgandyktan olar tez zhetiledi 20 45 kүn Irimshik zhetiluinde sүt kyshkyldy men tayaksha fermegaterimen katar syr shyryshynyn mikroflorasy men zen fermentteri katysady Zhumsak irimshikter nәzik majly konsistenciyamen zhuka zhumsak kabygymen kozshelerdin mүlde bolmauymen erekshelenedi Zhetiluge katysatyn mikrofloraga toltyrgyshtar kakao untagy kofe shyryndary dәmdeuishter tatymdyktar as tuzy zhәne boyagyshtar koldanady Shikizatty aldyn ala lastanudan zhәne zheuge zharamsyz bolikterden tazartu үshin ondejdi untaktajdy zhәne recepturaga sәjkes aralastyrady Қospaga balkytkysh tuzdar fosfor zhәne limon kyshkylynyn natrij tuzdaryn kosady Қyzdyru kezinde balkytkysh tuzdar syrdagy majdyn korytyluyn zhәne akuyz koagulyaciyasyn boldyrmajdy Balkytkysh tuzdar syr massasyna enui үshin 1 2 sag turady sodan kejin 75 90 S temperaturada balkytady suytady zhәne orajdy Zhumsak irimshikterge dorogobuzh desert ak irimshigi zhәne rokfor tobyndagy irimshikterdi zhatkyzady Dorogobuzh toby Irimshikgerdin dorogobuzh tobyna dorogobuzh medyn dorozhnyj kalinin smolensk irimshikteri zhәne t b enedi Bul irimshikterdin bәri de ashylau keledi al smolensk irimshiginin dәmi azdap sanyraukulaktyn dәmine shampinon uksajdy olardyn akshylsary shyryshpen kantalgan zhuka kabygy bolady Irimshikter zhumsak majly keledi Desert ak irimshigi Desert ak irimshiktin dәmi ashy sanyraukulaktyn hosh iis bilinip turady Zhumsak kolga zhugatyndaj majly syrtky kabaty irimshik shyryshymen kaptalgan Desert irimshigin saktau temperatura 5 S aspajdy Rokfor Rokfor koj nemese siyr sүtinen sondaj ak koj men siyr sүtinin kospasynan zhasalady Irimshiktin dәmi ashkyltym burysh tatidy konsistenciyasy zhumsak majly syrtky kabygynyn tүri kokshil sary bolyp keledi Tuzdalgan irimshikter Suluguni Tuzdalgan irimshikter pisiru zhәne saktau procesi kezinde olardy tuzdykka salady Tuzdy irimshikter kataryna chanah tushin kobij osetin brynza suluguni t b irimshik tүrleri zhatady Tuzdalgan irimshikter koj zhәne siyr sүtinen sondaj ak koj men siyr sүtinin kospasynan zhasalady Irimshiktin kyshkyl dәmi ozine tәn hosh isi bolady Ashygaj sүtten zhasalgan irimshikter Zhasyl irimshik Bul topka zhasyl sondaj ak әueskojlar irimshigi zhatady Zhasyl irimshiktin dәmi ote kyshkyl ozindik isi bolady Balkytylgan irimshikterBalkytylgan irimshikter katty zhәne zhumsak irimshikterden sүzbeden siyr majynan t b sүt onimderinen ondelip zhasalady Kejbir balkytylgan irimshikterdi dajyndau kezinde sondaj ak әrtүrli kospalar tomat kaktalgan balyk zhәne t b men dәmdeuishter burysh zire zhәne t b koldanylady Baska irimshiktermen salystyrganda balkytylgan irimshik sinimdileu keledi Negizgi shikizat tүrlerine olardyn himiyalyk kuramy men ondiru tehnologiyasyna bajlanysty balkytylgan irimshikter tomendegidej toptarga bolinedi kospasyz zhәne dәmdeu ishsiz irimshikter sovet rossiya kostroma latysh irimshigi sүrlengen shuzhyk tүrindegi sary maj kojylgan balkytylgan irimshikter uglich neval irimshigi t b ishinde kositasy zhәne dәmdeuishi bar irimshikter ostryj moskva irimshigi sondaj ak tomat sousy dәmdeuishteri bar irimshikter pasta tәrizdi balkytylgan irimshikter Druzhba Volna Leto Rokfor kyshkyl sүtten zhasalgan irimshikter t b balkytyp konservilengen irimshikter sterildengen pasterlengen aua kirmejtin kanyltyr bankalarga salyngan balkytylgan tәtti irimshik Shokoladty Kofeli Zhemisti Omichka tүstikke arnalgan balkytylgan irimshikter kokonis tagamdaryna arnalgan makaronnan zhasalgan tagamdarga arnalgan irimshik ak sanyraukulak piyaz kosylgan irimshik zhәne t b sujyk zhәne koyu tagamga arnalgan tuzdyk Irimshik kazaktyn ulttyk sүt tagamyIrimshik kazaktyn ulttyk sүt tagamdarynyn ishindegi ezhelgi en kop taragan zhәne adam agzasy үshin asa manyzdy tagam Dajyndau tehnologiyalary Қazaktardyn dastarkanynda irimshiktin eki tүrli bolady ak irimshik kyzyl irimshik Zhana sauylgan zhyly sүtti mәndirmen ken zherde mәjek dejdi ujytyp odan kejin sualgansha kajnatady Қajnauy zhetken irimshik kyzyl sarytүske ajnalady Sodan kejin ony sүzip alyp dorbaga salyp zhelge kүnge kojyp keptiredi Kepken irimshik buzylmajdy kop saktalady Қonak dastarkanyna kojylatyn ote dәmdi sүjkimdi de bagaly as Kepken irimshikti tүjip zhent zhasajdy tush bauyrsaktyn үstine sebedi majga kosyp zhejdi Қyzyl irimshiktin sarysuynan shajga tistejtin zhaksy tamak zhasalgan ol tәtti bolady Akirimshik Sүtke ajran kosyp iritip kajnatu arkyly әzirlejdi Kejde ashyp kalgan ozdiginen ujygan sүttin ajranyn sүzu arkyly da akirimshik zhasalady Akirimshikti kamyrga orap үstine maj salyp tabany kolamtaga kojyp pisiru әdisimen bүrkeme nan delinetin sүjkimdi as әzirlenedi Әlemdegi onim zhәne tutynuIri ondirushiler myn tonna AҚSh 4 275 2006 Germaniya 1 927 2008 Franciya 1 884 2008 Italiya 1 149 2008 Niderland 732 2008 Polsha 594 2008 Braziliya 495 2006 Mysyr 462 2006 Argentina 425 2006 Australiya 395 2006 En iri irimshik eksporterlary 2004 myn dollar AҚSh Franciya 2 658 441 Germaniya 2 416 973 Niderland 2 099 353 Italiya 1 253 580 Daniya 1 122 761 Australiya 643 575 Zhana Zelandiya 631 963 Belgiya 567 590 Irlandiya 445 240 Ұlybritaniya 374 156En iri irimshik tutynushylar 2009 Zhylyna neshe kg Grekiya 31 1 Franciya 26 1 Islandiya 25 4 Germaniya 22 6 Shvejcariya 21 4 Niderland 21 0 Italiya 20 9 Finlyandiya 20 7 Tүrkiya 19 4 Shveciya 18 9 Austriya 17 4 Chehiya 16 7 Izrail 16 4 Norvegiya 15 3 AҚSh 14 8 Kanada 12 3 Australiya 12 0 Argentina 11 3 Mazharstan 11 0 Ұlybritaniya 10 9 Polsha 10 8Irimshikterdi dastarkanga koyuIrimshiktin zhogary nәriligi sinimdiligi zhagymdy dәmi men hosh isi olardyn tagamdyk kasietin arttyra tүsedi sondaj ak ony kejbir tagamdarga desert zhәne tuzdyk retinde koldanady Zhukalap tilingen shvejcar irimshikteri desert retinde әsirese shaj kofe ne kakaoga beriledi Dәmi kyshkyldau dorogobuzh medyn smolensk zhumsak irimshikterin tanertengi aska kofe sondaj ak syra nemese zhүzimnen zhasalgan susyn ishkende koyuga bolady Rokfor adamnyn tәbetin ashady sondyktan ony әdette salkyn basytky retinde tүstik zhәne keshki tamak aldynda beredi sondaj ak ozge de zhumsak iri map kter sekildi syra zhәne zhүzimnen zhasalgan susyn ishkende koyady Aldyn ala kesilip kojylgan irimshik zhel kagyp keuil kalady zhәne ozine tәn dәmi men isin zhogaltady sol sebepti irimshikti dastarkanga koyar aldynda gana kesedi Irimshikti otkir pyshakpen kesken zhon Rokfor irimshigin zhukalap kesuge kelmejdi ojtkeni ol үgitilip ketedi ony keser aldynda pyshakty ystyk suga salyp zhylytyl algan zhon Rokfor nanga onaj zhagylady Ұntak kүjinde zhasalgan kok irimshikti nemese kez kelgen katty irimshikti pisken makaronga kosuga maj zhakkan buterbrodka sebuge bolady Tuzdalgan irimshikter әsirese Kavkazda kop taragan olardy tanertengi nemese keshki aska kosyp beredi Tuzdalgan irimshikterdin ashy dәmin azajtu zhәne ote zhumsartu үshin olardy zhenishkelep kesip kajnagan suga nemese ystyk sүtke salyp alady SaktauIrimshik keuil ketpes үshin ony tutas kүjinde ak tүsti dymkyl suga malynyp sygylgan makta matamen sodan kejin syrtynan kagazben polietilen plenkasymen nemese folgamen orajdy mat ajy tәuligine 1 2 dүrkin sumen mukiyat shayu kerek Sondaj ak irimshik turgan ydyska bir tүjir kant salyp myktap zhauyp tastauga da bolady Iisti tez siniretin ozge onimderden irimshikti bolek ustagan zhon Az uakytka saktau үshin 5 7 kүn arnajy zhasalgan irimshik salgyshtar ote kolajly Irimshik saktajtyn temperatura 10 12 C aspauy tiis en durysy tonazytkyshta saktagan zhon Zhumsak irimshikterdi үj zhagdajynda 2 kүnnen artyk saktauga bolmajdy Derekkozder Standarttau sertifikattau zhәne metrologiya salalar bojynsha mamandygynyn studentterine arnalgan TAҒAM ӨNIMDERIN ӨNDIRU TEHNOLOGIYaSY 1 pәninen OҚU ӘDISTEMELIK KEShENI OҚU ӘDISTEMELIK MATERIALDAR Semej 2013 1 kolzhetpejtin silteme Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi K54 Қogamdyk tamaktandyru Almaty Mektep baspasy 2007 232 bet ISBN 9965 36 414 1 for the US and non European countries in 2006 2 Muragattalgan 11 tamyzdyn 2007 zhyly and for European countries in 2008 3 FAO 4 Muragattalgan 23 kazannyn 2012 zhyly Total and Retail Cheese Consumption Kilograms per Capita Canadian Dairy Information Centre Basty derekkozinen muragattalgan 15 kazan 2012 Tekserildi 14 tamyz 2010 Union suisse des paysans Consommation de fromage par habitant en 2009 Muragattalgan 11 karashanyn 2012 zhyly Қazak Enciklopediyasy 9 tom Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9