Атырау облысының жер беті суы Еділ өзенінің сол жақ тармақтарынан, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің төменгі ағыстарынан және үлкенді-кішілі көлдерден турады.
Өзендері
Атырау облысының өзендері тұйық алапқа жатады. Облыс аумағында жетпістен астам ірілі-ұсақты өзендер мен олардың салалары ағып өтеді. Облыс өзендері негізінен қар суымен ғана қоректенеді. Ал ішінара ғана жер асты суымен толығады. Сондай-ақ күзгі жаңбыр да өзен суларының деңгейінің толығуына жағдай жасайды. Өзендер көктем басында арнасынан шыға тасып, көбі жаз кезінде суалып көлшіктерге бөлініп, ал кейбіреулері жаз ортасында кеуіп, орындарында бос арналар ғана қалады.
Өзендердің жинайтын суларының тек 10-20 % ғана облыс аумағынан, ал қалған суын басқа аймақтан әкеледі.
Жайық өзені – облыстың басты су көзі болып табылады. Облыс аумағына Жайықгың төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Бастауында жер бетінің деңгейі 637 м. биіктікте, ал оның Каспий теңізіне қуяр жері теңіз деңгейінен 28 м. төмен жатыр. Облыс көлемінде Жайық өзені егістік жерлерді суаруға, кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады.
Жем – Атырау облысындағы үлкендігі жөнінен екінші өзен. Ол Мұғаджар тауының солтүстік-шығысынан басталады. Ұзындығы 650 шақырым, орташа жылдық су шығымы шамамен 90 текше м/сек. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа ағысы (Дүйсеке ағысы тұсында) 488 млн. м3, орташа жылдық су ағымы Жанбике ағысы тұсында 11,3 м3/с. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Өзенде алабұға, сазан, қамыс-қорысты жерде ондатр кездеседі. Жағасында Құлсары , Ақкиізтоғай елді мекендері орналасқан. Минералдылығы көктемде 400 мг/л, ең төменгі деңгейі кезінде 1500 мг/л. Жем ауыз су ретінде шабындық суғаруға, жайылым суландыруға пайдаланылады. Бастауынан сағаға дейінгі жалпы құламасы 390 м. Су ағынының 96%-ы, өзен сағасында 100%-ға дейінгі мөлшері су тасуы кезінде қалыптасады.
Ақсай – облыста Индер, Махамбет аудандарында орналасқан. Ұзындығы 110 км. Өзен оң жағалауынан Бағырлай каналын суландырады. Төменгі ағысы жаз айларында құрғап қалады. Жағалауында ұсақ көлдер кездеседі.
Ащыағар – Доңызтаудың оңтүстігіндегі Жылыой ауданының аумағымен ағып өтеді. Ұзындығы 13-15 км. Атауы мұндағы судың ащы екенін көрсетеді
Бағырлай – Жайықтың оң жақ тармағы. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Атырау облысының Индер аудандары арқылы өтеді. Ұзындығы 239 км, су жиналатын алабы 2 мың км2. Аңғары мен арнасы кең, батыс жағасы жарлы болып келеді. Жылдық орташа ағыны 2,1 м3 /с. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
Бағырлайсай- Жайықтың оң жақ тармағы. Махамбет ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 132 км, су жиналатын алабы 904 км2. Ақжайық ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да оңтүстік-батысқа қарай ағып, Жалтыр көліне құяды. Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толығады. Аңғары кең, оң жағасы тік жарлы. Желтоқсан — сәуір айларында бетіне мұз қатады. Суы тұщы. Жайылмасында шабындық алқаптар бар.
Бақсай – Махамбет ауданы арқылы ағады. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1204 км2. Жалғансай ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығып, Каспий теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді. Батыс жағасы тік жарлы, шығысы жайпақ. Сәуір – мамыр айларында арнасы суға толығады. Осы мезгілдегі су ағымы 60 м3/с-қа дейін жетеді, орташа жылдық су ағымы 0,8 – 1,5 м3/с. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жайылымдарды суландыруға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Бақсай суландыру жүйесі салынған.
Боқтықарын – Жем алабындағы өзен. Жылыой ауданы жерімен ағады.
Бүгілөзек, Өзекбүгіл – Жайық алабындағы өзен. Махамбет және Исатай аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 124 км, су жиналатын алабы 892 км2. Бастауын Жайық өзенінің сол жағалауында Бақсай елді мекені тұсынан алып, Х.Ерғалиев ауылының солтүстік- батысындағы Жалтыр көліне құяды. Арнасы кең, батыс жағалауы жарлы болып келеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде суы арнасынан асып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабын Махамбет ауданының шаруашылықтары жайылымға пайдаланады.
Бұрмасай – Сағыз өзені алабындағы өзен. Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км.
Жақсы Қарасай – Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары шекарасымен ағады. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 937 км2. Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы Желтау (221 м) және Көлеңкелі (198 м) тауларынан бастау алады да, Манайсор ойысына құяды. Қар және бұлақ суымен толығады. Тар арнасы шөлейт жазыққа шыға кеңейеді, жайылмасы енді келеді. Жылдық орташа су ағыны 0,09 м3/с. Шілде айынан бастап тартылып, ойдым-ойдым жылғаларға бөлініп қалады. Суын мал ішеді, алабы жайылым және көктемгі шабындық.
Жаманша – Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 73 км. Ойыл алабындағы өзен. Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінен Тайсойған ауылының тұсында бөлініп шығып, Каспий маңы ойпатындағы Бөлекаяқ көліне құяды. Жауын-шашын және Ойыл өзені суымен толығады. Табаны кең әрі тегіс, таяз. Арнасының басым бөлігі желдің әсерінен құмға толған. Құм төбелер мен құм шағылдары арнасына өте жақын.
Жарыпшыққан – Қызылқоға ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 244 км. Ойыл алабындағы өзен. Бастауын Қамыстыкөл аулының тұсындағы Ойыл өзенінен алып, Миялы аулынанан төмен 7 км жерде Ойылдан тармақталып шығып Тайсойған құмын кесіп өтіп, Бөлекаяқ көліне құяды. Арнасы ауысып отырады, орта ағысында бірнеше тармаққа бөлінеді. Суы кермектеу келеді. Жағасында Қарабау ауылы орналасқан. Көктемде қар ерігенде суы көтеріледі, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзенді Қызылқоға ауданының шаруашылықтары пайдаланады.
Қайнар – Жылыой ауданы жерімен ағып өтеді. Ошан тауының солтүстік етегіндегі бұлақтан бастау алады. ұзындығы 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Арнасы тік жарлы. Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзенге ұзындығы 10 км-ден аспайтын бірнеше кішігірім салалары қосылады. Көктемде ағыны 7 – 10 күндей үзіліссіз болады. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.
Қарабау – Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км. Бастауын Ойыл өзенінің тармағы – Жарыпшыққан өзенінің Қарабау ауылы тұсынан алып Айғыркөл көліне құяды. Аңғары сор, сортаңды өңірмен өтеді. Орта ағысындағы (Қошқар, Жалын қыстаулары) енсіз алабы шалшықты-батпақты келген. Онда шөлді, шөлейтті сораң шөптер өседі. Өзенге Қарабау ауылынан жоғарыда Шеткөл саласы құяды. Алабы жайылымға және шабындыққа пайдаланылады.
Қиғаш – Құрманғазы ауданының батыс бөлігімен ағады. Жағалауында шілік талы, қамыс, құрақ өскен. Маңында Д.Нұрпейісова, Жыланды, Шортанбай, Жаңаауыл, Котяевка, т.б. елді мекендер орналасқан. Ұзындығы 100 км. Шортанбай ауылы тұсында бірнеше тармақтарға бөлінеді. Ірісі - Шарон тармағы. Арнасында жыл бойы су болады және оның деңгейі Еділ өзенімен тығыз байланысты.
Құздықара – Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км. Ойыл алабындағы өзен. Бастауын Жасқайрат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде Ойыл өзенінен бөлініп шығып, Байтақ, Қаттыкөл көлдеріне құяды. Жоғары ағысында Орлы көлі орналасқан. Жоғарғы және орта ағысы сортаңды шалғынды жазық жермен ағады. Қосқұлақ қыстауынан төменде құмтөбелер арқылы өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Сағасына таяу жерде бірнеше шағын тұзды көлдер жатыр. Арна суы Ойыл өзеніне тікелей байланысты. Жағалау бойы, әсіресе төменгі және жоғарғы ағысы шабындыққа пайдаланылады.
Құройыл – Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ойыл алабындағы өзен. Ұзындығы 130 км, жалпы ұзындығы 18 км болатын 3 саласы бар. Ірісі – Тіксай. Арнасында жыл бойы дерлік су болады. Құройылдың сол жағалауынан (Ақши қыстауы маңында) Шеткөл тармағы бөлініп шығып, Қарабау ауданына жетпей сорға сіңіп кетеді. Орта және төменгі ағысында көптеген, шағын көлдер жатады. Өзен арнасы төбелі құмдар, жазық сортаң жерлерімен өтеді. Осыған байланысты суы біршама ашқылтым келеді. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.
Мұқыр – Сағыз алабындағы өзен. Ұзындығы 94 шақырым, су жиналатын алабы 1780 км2. 50-дей жылғасы бар. Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Бастауын Аққұдық қыстауының батысындағы жонды белестердегі Найзабекқұдық құдығы маңынан алып, Сағыз өзеніне сол жағалауынан құяды. Аңғары кең, арнасы кейбір бөліктерінде тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктем айларында ғана су болады. Жазда өзен қара суларға бөлініп тартылып қалады.
Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен. Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жинайтын алабының аумағы 931 км2. Өзен бастауын Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысынан алып, Сағыз темір жол стансасы тұсында Сағыз өзеніне құяды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты және жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен оншақты күндей тасып, жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Суы ащы. Алабы – мал жайылымы.
Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады. Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлініп, Каспий маңы ойпатындағы Жалтыркөл, Ақтөбе көлдері аралығындағы Қаракөл қонысы тұсында тартылып қалады (ертеде Жайық өзеніне құйған). Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2.
Сағыз – Ақтөбе, Атырау облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 511 км. Су жиналатын алабы 19,4 мың км2. Мұғалжар тауының батысынан (Байсары тауынан) басталып, Каспий теңізіне 60-70 км жетпей Тентексор тұсындағы Бер төбекшіктерінде (Атырау облысы Мақат ауданы) жерге сіңіп кетеді.
Топырақшашты, Топырақшашпақ – Сағыз алабындағы өзен. Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 1000 км2. Бастауын Ақтөбе облысы жеріндегі Ащыкөл көлінің батысынан алып, Сағыз өзеніне құяды. Аңғары түйетайлы, екі жағында жайылмасы бар. Еріген қар суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,15 м3/с.
Облыс аумағында Еділ өзенінің сағасындағы атырауларының тармақтары Ахтуба, Бозан, Шарон, Тереңөзек (Демидов), Қарашекпен, Бажан сияқты т.б. кішігірім өзендер бар.
Көлдері
Облыс климатының құрғақшылығына қарамастан облыс аумағында екі мыңнан астам көлдер бар. Олардың жалпы көлемі 800 шаршы шақырым шамасында. Облыс көлдері тұйық, ағынсыз болып келеді. Көлдердің негізгі қоректенуі жаңбыр және қар суынан. Көлдердің қазан шұңқырлары әртүрлі жолмен пайда болған.
Облыста дүние жүзіндегі ең ірі көл - Каспий теңізі бар. Республика аумағындағы жағалау сызығының ұзындығы 2340 ш. Оның жартысына жуығы Атырау облысына тиеді. Көлдің Қазақстан бөлігіндегі тереңдігі жағалауында бірнеше метр болады да, ортасына қарай 200 м-ге дейін жетеді.
Индер көлі – көлемі жағынан келесі үлкен көл. Каспий маңы ойпатында Жайық өзенінің сол жағалауында 10 ш. жерде Индер тауының етегіне орналасқан орналасқан тұйық көл. Аумағы 110 км2. Ұзындығы 13,5 км, ені 11 км, ең терең жері 0,7 м, жағалау сызығының ұзындығы 40 км. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. Көктемде Индер тауынан басын алатын шағын жылғалар әкелген су есебінен ұлғайып, жазда таяздайды.
Жалтыр көлі Бұзанай мен Мыңтөбе құмдарының шығысындағы уақ көлдердің ірілеуі. Аумағы 93 км2, ұзындығы 13,4 км, енді жері 8,3 км. Жауын-шашын және Жайықтың жайылма суымен толысады. Көлге Жайықтың Бағырлай тармағы құяды, көктемде Бақсай өзенінің жайылмасымен ұласады. Жағасы жайпақ, батпақты, сортаң, құмды келеді.
Ақтөбе – Индер ауданында, теңіз деңгейінен 5 м төменде орналасқан. Аумағы 5,5 км2. Ұзындығы 5,1 км, енді жері 2,8 км. Көлге маусымдық ағынсу құяды. Су деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады, батпақты жағасында қамыс, құрақ өседі
Бартылдақты – Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км жерде орналасқан көл. Аумағы 6,4 км2, теңіз деңгейінен 22,7 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,0 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13,5 км. Су жиналатын алабы батпақты сор. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады.
Бөлекаяқ – Индер ауданында Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 17,5 м төмен жатыр. Аумағы 13,5 км2. Ұзындығы 9,5 км. Жазда құрғап қалады. Суы кермек. Бөлекаяқтан өзі аттас өзен ағып шығады. Көл алабы мал жайылымына пайдаланылады.
Маше – Жылыой ауданында орналасқан көл. Шоқпартоғай ауылының солтүстік батысында 12 шақырым жерде. Жем өзенінің жайылмасында орналасқан. Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 6,5 км, ені 2,8 км. Теңіз деңгейінен 20 м. төменде жатыр. Су жиналатын алабы батпақты сор. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Жазда толықтай тартылып қалады. Солтүстігінде Бартылдақты, оңтүстік шығысында Қоскөл көлдері, маңында Оспансор, Құдықсай қыстаулары бар.
Отаркөл – Ойыл алабындағы ағынды көл. Индер ауданы, Кетебай ауылының шығысында 26 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 8,5 м төмен жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Көлге солтүстігінен Бұлқияқ өзені құяды. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Солтүстігінде Ақтөбе, оңтүстік батысында Қарасор көлдері бар. Жазда тартылып жағалауы сор батпаққа айналады.
Атырау облысы аумағында жоғарыда аталғандардан басқа екі мыңнан астам шағын көлдер бар деп есептеледі. Олар: Айғыркөл, Ақкөл, Байтақ, Бейбіт, Дәулет, Қазыбай, Қамыскөл, Қарасор, Қарасу, Кеңөзек, Қоғалы, Құбакөл, Құрқұшақ, Мешер, Орлы, Отаркөл, Сорелі, Тоғыз, Толағай-сор, Тұманды, Үшфонтан, Шонет, Шұқыркөл т.б. жаз кезінде құрғап қалатын уақытша көлдер бар.
Каналдар
Облыс территориясын суландыру мақсатында аудандарда су жүйелері салынып іске қосылды. Каналдардың нақты сипаттары төмендегідей.
каналдар | ұзындығы км. | орналасқан аймақтары |
---|---|---|
Бақсай | 90 | Махамбет, Исатай аудандарының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Нарын | 152 | Махамбет, Исатай аудандарыны елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Құрсай | 51 | Махамбет ауданының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
7-ауыл-Айсары | 125 | Махамбет ауданы шаруашылықтарының жерлерін қамтиды |
Есбол-Қозыбай | 42 | Махамбет ауданы шаруашылықтарының жерлерін қамтиды. |
Терең өзек | 52 | Махамбет ауданы шаруашылықтарының жерлерін қамтиды |
Бағырлай | 112 | Индер ауданының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Алғабас-Жорық | 102 | Индер ауданының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Ақсай | 155 | Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Құрайлы сай | 80 | Индер, Махамбет аудандарының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Қаракөл | 78 | Құрманғазы, Исатай аудандарының шаруашылықтарының жерлерін қамтиды |
Сборный | 40 | Құрманғазы, Исатай аудандарының жерлері |
Сары-өзек | 50 | Махамбет ауданының елді мекендері мен жайылымдары орналасқан |
Соколок | 85 | қала маңындағы шаруашылықтарды қамтиды. |
Жер асты сулары.
Облыс аумағында жер асты су қорларынан барлығы алты су кен орны ашылған. Оның төртеуінің суы пайдаланылуда. Олардың ішіндегі ең үлкен, қоры мол үш кен орны Тайсойған, Бүйрек (облыстың солтүстік-шығысында) және Қоянды (облыстың солтүстік-батысында) құмдарында орналасқан. Жылыой ауданында Сағыз кен орны зерттелген. Су жатқан қабаттың тереңдігі 50-120 м.. қалыңдығы 30-70 м.
Ащы сулардың техника саласында қолданылатын су кен орыдарының саны 12, оның ішінде екеуінің суы пайдаланылуда. Оардың ішіндегі ең үлкені -Жаңасу кен орны. Оның қоры тәулігіне 119,0 мың текше метр. Облыста минералдық су кен орындары да зерттелген. Олардың ішіндегі үлкені - Били, қоры тәулігіне 8,64 мың текше метр. Атырау қаласының шетіндегі Жайық өзенінің сол жақ жағасындағы «Геолог» елді мекенінің маңынан қазылған №19 скважинадан табылған жоғары минералды бромды судың ерекше емдік қасиеті бар. Ол су 500 тереңдікте орналасқан. Оның құрамында тұз мөлшері 191 г/л хлорлы натрий бар.
Дереккөздер
- Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х
- Қазақ энциклопедиясы, 3 том
- Атамекен: Географиялық энциклопедия. Алматы, 2011. ISBN 9965-893-70-5
- Топономика Казахстана, «Аруана» Алматы, 2010. ISBN 9965-26-330-2
- Топонимика Казахстана. Алматы,2000
- Атамекен. Географиялық энциклопедия Алматы 2011
- Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
- Атырау табиғаты және оны қорғау, №5-7667 0607-3.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atyrau oblysynyn zher beti suy Edil ozeninin sol zhak tarmaktarynan Zhajyk Ojyl Zhem Sagyz ozenderinin tomengi agystarynan zhәne үlkendi kishili kolderden turady ӨzenderiAtyrau oblysynyn ozenderi tujyk alapka zhatady Oblys aumagynda zhetpisten astam irili usakty ozender men olardyn salalary agyp otedi Oblys ozenderi negizinen kar suymen gana korektenedi Al ishinara gana zher asty suymen tolygady Sondaj ak kүzgi zhanbyr da ozen sularynyn dengejinin tolyguyna zhagdaj zhasajdy Өzender koktem basynda arnasynan shyga tasyp kobi zhaz kezinde sualyp kolshikterge bolinip al kejbireuleri zhaz ortasynda keuip oryndarynda bos arnalar gana kalady Zhajyk ozeni Atyrau ajmagynda Өzenderdin zhinajtyn sularynyn tek 10 20 gana oblys aumagynan al kalgan suyn baska ajmaktan әkeledi Zhajyk ozeni oblystyn basty su kozi bolyp tabylady Oblys aumagyna Zhajykgyn tomengi sagasyndagy 300 shakyrymnan astam boligi gana enedi Bastauynda zher betinin dengeji 637 m biiktikte al onyn Kaspij tenizine kuyar zheri teniz dengejinen 28 m tomen zhatyr Oblys koleminde Zhajyk ozeni egistik zherlerdi suaruga keme arkyly әr tүrli zhүk zhәne zholaushy tasymaldauga pajdalanylady Zhem Atyrau oblysyndagy үlkendigi zhoninen ekinshi ozen Ol Mugadzhar tauynyn soltүstik shygysynan bastalady Ұzyndygy 650 shakyrym ortasha zhyldyk su shygymy shamamen 90 tekshe m sek Negizinen kar suymen tolygady Zhyldyk ortasha agysy Dүjseke agysy tusynda 488 mln m3 ortasha zhyldyk su agymy Zhanbike agysy tusynda 11 3 m3 s Қarashada suy katyp sәuirde eridi Өzende alabuga sazan kamys korysty zherde ondatr kezdesedi Zhagasynda Қulsary Akkiiztogaj eldi mekenderi ornalaskan Mineraldylygy koktemde 400 mg l en tomengi dengeji kezinde 1500 mg l Zhem auyz su retinde shabyndyk sugaruga zhajylym sulandyruga pajdalanylady Bastauynan sagaga dejingi zhalpy kulamasy 390 m Su agynynyn 96 y ozen sagasynda 100 ga dejingi molsheri su tasuy kezinde kalyptasady Aksaj oblysta Inder Mahambet audandarynda ornalaskan Ұzyndygy 110 km Өzen on zhagalauynan Bagyrlaj kanalyn sulandyrady Tomengi agysy zhaz ajlarynda kurgap kalady Zhagalauynda usak kolder kezdesedi Ashyagar Donyztaudyn ontүstigindegi Zhylyoj audanynyn aumagymen agyp otedi Ұzyndygy 13 15 km Atauy mundagy sudyn ashy ekenin korsetedi Bagyrlaj Zhajyktyn on zhak tarmagy Batys Қazakstan oblysynyn Akzhajyk zhәne Atyrau oblysynyn Inder audandary arkyly otedi Ұzyndygy 239 km su zhinalatyn alaby 2 myn km2 Angary men arnasy ken batys zhagasy zharly bolyp keledi Zhyldyk ortasha agyny 2 1 m3 s Zhajylmasy shabyndykka pajdalanylady Bagyrlajsaj Zhajyktyn on zhak tarmagy Mahambet audany arkyly otedi Ұzyndygy 132 km su zhinalatyn alaby 904 km2 Akzhajyk auyly tusynda Zhajyktan bolinip shygady da ontүstik batyska karaj agyp Zhaltyr koline kuyady Zhauyn shashyn zhәne Zhajyktyn zhajylma suymen tolygady Angary ken on zhagasy tik zharly Zheltoksan sәuir ajlarynda betine muz katady Suy tushy Zhajylmasynda shabyndyk alkaptar bar Baksaj Mahambet audany arkyly agady Ұzyndygy 106 km su zhinalatyn alaby 1204 km2 Zhalgansaj auyly tusynda Zhajyktan bolinip shygyp Kaspij tenizine zhetpej kumga sinip ketedi Batys zhagasy tik zharly shygysy zhajpak Sәuir mamyr ajlarynda arnasy suga tolygady Osy mezgildegi su agymy 60 m3 s ka dejin zhetedi ortasha zhyldyk su agymy 0 8 1 5 m3 s Suy karasha ajynyn sonynda katyp sәuirdin basynda eridi Zhajylymdardy sulandyruga egin sugaruga pajdalanylady Өzen bojynda Baksaj sulandyru zhүjesi salyngan Boktykaryn Zhem alabyndagy ozen Zhylyoj audany zherimen agady Bүgilozek Өzekbүgil Zhajyk alabyndagy ozen Mahambet zhәne Isataj audandary zherimen agady Ұzyndygy 124 km su zhinalatyn alaby 892 km2 Bastauyn Zhajyk ozeninin sol zhagalauynda Baksaj eldi mekeni tusynan alyp H Ergaliev auylynyn soltүstik batysyndagy Zhaltyr koline kuyady Arnasy ken batys zhagalauy zharly bolyp keledi Zher asty zhauyn shashyn sularymen tolygady Koktemde suy arnasynan asyp zhazda karasularga bolinip kalady Alabyn Mahambet audanynyn sharuashylyktary zhajylymga pajdalanady Burmasaj Sagyz ozeni alabyndagy ozen Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 57 km Zhaksy Қarasaj Atyrau oblysynyn Zhylyoj zhәne Mangystau oblysynyn Bejneu audandary shekarasymen agady Ұzyndygy 84 km su zhinalatyn alaby 937 km2 Kaspij many ojpatynyn shygys zhagyndagy Zheltau 221 m zhәne Kolenkeli 198 m taularynan bastau alady da Manajsor ojysyna kuyady Қar zhәne bulak suymen tolygady Tar arnasy sholejt zhazykka shyga kenejedi zhajylmasy endi keledi Zhyldyk ortasha su agyny 0 09 m3 s Shilde ajynan bastap tartylyp ojdym ojdym zhylgalarga bolinip kalady Suyn mal ishedi alaby zhajylym zhәne koktemgi shabyndyk Zhamansha Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 73 km Ojyl alabyndagy ozen Tajsojgan kumyndagy Zharypshykkan ozeninen Tajsojgan auylynyn tusynda bolinip shygyp Kaspij many ojpatyndagy Bolekayak koline kuyady Zhauyn shashyn zhәne Ojyl ozeni suymen tolygady Tabany ken әri tegis tayaz Arnasynyn basym boligi zheldin әserinen kumga tolgan Қum tobeler men kum shagyldary arnasyna ote zhakyn Zharypshykkan Қyzylkoga audany zherimen agyp otedi Ұzyndygy 244 km Ojyl alabyndagy ozen Bastauyn Қamystykol aulynyn tusyndagy Ojyl ozeninen alyp Miyaly aulynanan tomen 7 km zherde Ojyldan tarmaktalyp shygyp Tajsojgan kumyn kesip otip Bolekayak koline kuyady Arnasy auysyp otyrady orta agysynda birneshe tarmakka bolinedi Suy kermekteu keledi Zhagasynda Қarabau auyly ornalaskan Koktemde kar erigende suy koteriledi zhazda karasularga bolinip kalady Өzendi Қyzylkoga audanynyn sharuashylyktary pajdalanady Қajnar Zhylyoj audany zherimen agyp otedi Oshan tauynyn soltүstik etegindegi bulaktan bastau alady uzyndygy 144 km su zhinalatyn alaby 3160 km2 Arnasy tik zharly Negizinen erigen kar zhәne zher asty sularymen tolygady Өzenge uzyndygy 10 km den aspajtyn birneshe kishigirim salalary kosylady Koktemde agyny 7 10 kүndej үzilissiz bolady Suy ashy Kej zhyldary ozen suy tartylyp kalady Қarabau Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 47 km Bastauyn Ojyl ozeninin tarmagy Zharypshykkan ozeninin Қarabau auyly tusynan alyp Ajgyrkol koline kuyady Angary sor sortandy onirmen otedi Orta agysyndagy Қoshkar Zhalyn kystaulary ensiz alaby shalshykty batpakty kelgen Onda sholdi sholejtti soran shopter osedi Өzenge Қarabau auylynan zhogaryda Shetkol salasy kuyady Alaby zhajylymga zhәne shabyndykka pajdalanylady Қigash Қurmangazy audanynyn batys boligimen agady Zhagalauynda shilik taly kamys kurak osken Manynda D Nurpejisova Zhylandy Shortanbaj Zhanaauyl Kotyaevka t b eldi mekender ornalaskan Ұzyndygy 100 km Shortanbaj auyly tusynda birneshe tarmaktarga bolinedi Irisi Sharon tarmagy Arnasynda zhyl bojy su bolady zhәne onyn dengeji Edil ozenimen tygyz bajlanysty Қuzdykara Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 65 km Ojyl alabyndagy ozen Bastauyn Zhaskajrat auylynan ontүstik shygyska karaj 8 km zherde Ojyl ozeninen bolinip shygyp Bajtak Қattykol kolderine kuyady Zhogary agysynda Orly koli ornalaskan Zhogargy zhәne orta agysy sortandy shalgyndy zhazyk zhermen agady Қoskulak kystauynan tomende kumtobeler arkyly otedi Arnasynda zhyl bojy su bolady Sagasyna tayau zherde birneshe shagyn tuzdy kolder zhatyr Arna suy Ojyl ozenine tikelej bajlanysty Zhagalau bojy әsirese tomengi zhәne zhogargy agysy shabyndykka pajdalanylady Қurojyl Қyzylkoga audany zherimen agady Ojyl alabyndagy ozen Ұzyndygy 130 km zhalpy uzyndygy 18 km bolatyn 3 salasy bar Irisi Tiksaj Arnasynda zhyl bojy derlik su bolady Қurojyldyn sol zhagalauynan Akshi kystauy manynda Shetkol tarmagy bolinip shygyp Қarabau audanyna zhetpej sorga sinip ketedi Orta zhәne tomengi agysynda koptegen shagyn kolder zhatady Өzen arnasy tobeli kumdar zhazyk sortan zherlerimen otedi Osygan bajlanysty suy birshama ashkyltym keledi Alaby mal zhajylymyna zhәne shabyndykka pajdalanylady Mukyr Sagyz alabyndagy ozen Ұzyndygy 94 shakyrym su zhinalatyn alaby 1780 km2 50 dej zhylgasy bar Қyzylkoga audany zherimen agady Bastauyn Akkudyk kystauynyn batysyndagy zhondy belesterdegi Najzabekkudyk kudygy manynan alyp Sagyz ozenine sol zhagalauynan kuyady Angary ken arnasy kejbir bolikterinde tik zharly Zher asty zhauyn shashyn sularymen tolygady Koktem ajlarynda gana su bolady Zhazda ozen kara sularga bolinip tartylyp kalady Nogajty Sagyz alabyndagy ozen Atyrau oblysy Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 65 km su zhinajtyn alabynyn aumagy 931 km2 Өzen bastauyn Aktobe oblysy Bajganin audanyndagy Nogajty aulynyn shygysynan alyp Sagyz temir zhol stansasy tusynda Sagyz ozenine kuyady Angary ken arnasy tik zharly Zher asty zhәne zhauyn shashyn suymen tolygady Koktemde kar suymen onshakty kүndej tasyp zhazda karasularga bolinip ketedi Suy ashy Alaby mal zhajylymy Ojyl Zhajyk alabyndagy ozen Aktobe Atyrau zhәne Batys Қazakstan oblystary zherimen agady Aktobe oblysyndagy Қandyagash temir zhol stanciyasynyn soltүstik batysynda 50 km zherden bastalyp Tajsojgan kumynda Atyrau oblysy birneshe tarmakka bolinip Kaspij many ojpatyndagy Zhaltyrkol Aktobe kolderi aralygyndagy Қarakol konysy tusynda tartylyp kalady ertede Zhajyk ozenine kujgan Ұzyndygy 800 km su zhinalatyn alaby 31 myn km2 Sagyz Aktobe Atyrau oblystary zherimen agady Ұzyndygy 511 km Su zhinalatyn alaby 19 4 myn km2 Mugalzhar tauynyn batysynan Bajsary tauynan bastalyp Kaspij tenizine 60 70 km zhetpej Tenteksor tusyndagy Ber tobekshikterinde Atyrau oblysy Makat audany zherge sinip ketedi Topyrakshashty Topyrakshashpak Sagyz alabyndagy ozen Қyzylkoga audany zherimen agady Ұzyndygy 59 km su zhinalatyn alaby 1000 km2 Bastauyn Aktobe oblysy zherindegi Ashykol kolinin batysynan alyp Sagyz ozenine kuyady Angary tүjetajly eki zhagynda zhajylmasy bar Erigen kar suymen tolygady Kop zhyldyk ortasha su agymy 0 15 m3 s Oblys aumagynda Edil ozeninin sagasyndagy atyraularynyn tarmaktary Ahtuba Bozan Sharon Terenozek Demidov Қarashekpen Bazhan siyakty t b kishigirim ozender bar KolderiOblys klimatynyn kurgakshylygyna karamastan oblys aumagynda eki mynnan astam kolder bar Olardyn zhalpy kolemi 800 sharshy shakyrym shamasynda Oblys kolderi tujyk agynsyz bolyp keledi Kolderdin negizgi korektenui zhanbyr zhәne kar suynan Kolderdin kazan shunkyrlary әrtүrli zholmen pajda bolgan Oblysta dүnie zhүzindegi en iri kol Kaspij tenizi bar Respublika aumagyndagy zhagalau syzygynyn uzyndygy 2340 sh Onyn zhartysyna zhuygy Atyrau oblysyna tiedi Koldin Қazakstan boligindegi terendigi zhagalauynda birneshe metr bolady da ortasyna karaj 200 m ge dejin zhetedi Inder koli kolemi zhagynan kelesi үlken kol Kaspij many ojpatynda Zhajyk ozeninin sol zhagalauynda 10 sh zherde Inder tauynyn etegine ornalaskan ornalaskan tujyk kol Aumagy 110 km2 Ұzyndygy 13 5 km eni 11 km en teren zheri 0 7 m zhagalau syzygynyn uzyndygy 40 km Negizgi tolygu kozi ajnalasyndagy sazdardan shygatyn tuzdy bulaktar Koktemde Inder tauynan basyn alatyn shagyn zhylgalar әkelgen su esebinen ulgajyp zhazda tayazdajdy Қamyskol koli Zhaltyr koli Buzanaj men Myntobe kumdarynyn shygysyndagy uak kolderdin irileui Aumagy 93 km2 uzyndygy 13 4 km endi zheri 8 3 km Zhauyn shashyn zhәne Zhajyktyn zhajylma suymen tolysady Kolge Zhajyktyn Bagyrlaj tarmagy kuyady koktemde Baksaj ozeninin zhajylmasymen ulasady Zhagasy zhajpak batpakty sortan kumdy keledi Aktobe Inder audanynda teniz dengejinen 5 m tomende ornalaskan Aumagy 5 5 km2 Ұzyndygy 5 1 km endi zheri 2 8 km Kolge mausymdyk agynsu kuyady Su dengeji koktemde koterilip zhazga karaj tartylady batpakty zhagasynda kamys kurak osedi Bartyldakty Zhylyoj audany Shokpartogaj auylynan soltүstik batyska karaj 21 km zherde ornalaskan kol Aumagy 6 4 km2 teniz dengejinen 22 7 m biiktikte zhatyr Ұzyndygy 5 0 km endi zheri 1 9 km zhagalau bojynyn uzyndygy 13 5 km Su zhinalatyn alaby batpakty sor Koktemgi kar zhauyn shashyn sularymen tolysady Bolekayak Inder audanynda Қarabau auylynan ontүstik batyska karaj 30 km zherde ornalaskan Kol teniz dengejinen 17 5 m tomen zhatyr Aumagy 13 5 km2 Ұzyndygy 9 5 km Zhazda kurgap kalady Suy kermek Bolekayaktan ozi attas ozen agyp shygady Kol alaby mal zhajylymyna pajdalanylady Mashe Zhylyoj audanynda ornalaskan kol Shokpartogaj auylynyn soltүstik batysynda 12 shakyrym zherde Zhem ozeninin zhajylmasynda ornalaskan Aumagy 11 6 km2 uzyndygy 6 5 km eni 2 8 km Teniz dengejinen 20 m tomende zhatyr Su zhinalatyn alaby batpakty sor Koktemgi kar zhauyn shashyn sularymen tolysady Zhazda tolyktaj tartylyp kalady Soltүstiginde Bartyldakty ontүstik shygysynda Қoskol kolderi manynda Ospansor Қudyksaj kystaulary bar Otarkol Ojyl alabyndagy agyndy kol Inder audany Ketebaj auylynyn shygysynda 26 km zherde ornalaskan Teniz dengejinen 8 5 m tomen zhatyr Aumagy 3 km2 uzyndygy 3 4 km endi zheri 1 4 km zhagalau bojynyn uzyndygy 11 8 km Kolge soltүstiginen Bulkiyak ozeni kuyady Koktemde erigen kar zhәne zher asty sularymen tolysady Zhagalauy zhajpak tүbi lajly Soltүstiginde Aktobe ontүstik batysynda Қarasor kolderi bar Zhazda tartylyp zhagalauy sor batpakka ajnalady Atyrau oblysy aumagynda zhogaryda atalgandardan baska eki mynnan astam shagyn kolder bar dep esepteledi Olar Ajgyrkol Akkol Bajtak Bejbit Dәulet Қazybaj Қamyskol Қarasor Қarasu Kenozek Қogaly Қubakol Қurkushak Mesher Orly Otarkol Soreli Togyz Tolagaj sor Tumandy Үshfontan Shonet Shukyrkol t b zhaz kezinde kurgap kalatyn uakytsha kolder bar KanaldarOblys territoriyasyn sulandyru maksatynda audandarda su zhүjeleri salynyp iske kosyldy Kanaldardyn nakty sipattary tomendegidej kanaldar uzyndygy km ornalaskan ajmaktaryBaksaj 90 Mahambet Isataj audandarynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanNaryn 152 Mahambet Isataj audandaryny eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanҚursaj 51 Mahambet audanynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskan7 auyl Ajsary 125 Mahambet audany sharuashylyktarynyn zherlerin kamtidyEsbol Қozybaj 42 Mahambet audany sharuashylyktarynyn zherlerin kamtidy Teren ozek 52 Mahambet audany sharuashylyktarynyn zherlerin kamtidyBagyrlaj 112 Inder audanynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanAlgabas Zhoryk 102 Inder audanynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanAksaj 155 Mahambet Inder audandarynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanҚurajly saj 80 Inder Mahambet audandarynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanҚarakol 78 Қurmangazy Isataj audandarynyn sharuashylyktarynyn zherlerin kamtidySbornyj 40 Қurmangazy Isataj audandarynyn zherleriSary ozek 50 Mahambet audanynyn eldi mekenderi men zhajylymdary ornalaskanSokolok 85 kala manyndagy sharuashylyktardy kamtidy Zher asty sulary Oblys aumagynda zher asty su korlarynan barlygy alty su ken orny ashylgan Onyn torteuinin suy pajdalanyluda Olardyn ishindegi en үlken kory mol үsh ken orny Tajsojgan Bүjrek oblystyn soltүstik shygysynda zhәne Қoyandy oblystyn soltүstik batysynda kumdarynda ornalaskan Zhylyoj audanynda Sagyz ken orny zerttelgen Su zhatkan kabattyn terendigi 50 120 m kalyndygy 30 70 m Ashy sulardyn tehnika salasynda koldanylatyn su ken orydarynyn sany 12 onyn ishinde ekeuinin suy pajdalanyluda Oardyn ishindegi en үlkeni Zhanasu ken orny Onyn kory tәuligine 119 0 myn tekshe metr Oblysta mineraldyk su ken oryndary da zerttelgen Olardyn ishindegi үlkeni Bili kory tәuligine 8 64 myn tekshe metr Atyrau kalasynyn shetindegi Zhajyk ozeninin sol zhak zhagasyndagy Geolog eldi mekeninin manynan kazylgan 19 skvazhinadan tabylgan zhogary mineraldy bromdy sudyn erekshe emdik kasieti bar Ol su 500 terendikte ornalaskan Onyn kuramynda tuz molsheri 191 g l hlorly natrij bar DerekkozderE Қazhenbaev Atyrau oblysynyn geografiyasy ISBN 9965 741 14 h Қazak enciklopediyasy 3 tom Atameken Geografiyalyk enciklopediya Almaty 2011 ISBN 9965 893 70 5 Toponomika Kazahstana Aruana Almaty 2010 ISBN 9965 26 330 2 Toponimika Kazahstana Almaty 2000 Atameken Geografiyalyk enciklopediya Almaty 2011 Қazakstan tabigaty 4 tom Қazakstan enciklopediyasy Almaty 2012 ISBN 9965 893 84 5 Atyrau tabigaty zhәne ony korgau 5 7667 0607 3