Шырындар.
Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар көп және оларды организм оңай сіңіреді. Тамақта витамин тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс және көкөніс шырындары, әсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады. Шырының құрамында жас өнімнің қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің дәмі мен жұғымдылығы, қант қосудың нәтижесінде, айтарлықтай жақсарады. Әсіресе, жемістерден жұмсақ етімен қоса жасайтын шырындар бағалы (мысалы, өрік, шабдалы, қара өрік, т. б.). Мұндай шырындар басқа қасиеттеріне қоса ішектің жұмысын жақсартады.
Жүзім шырыны тез қорытылатын қантқа (глюкоза және фруктоза), органикалық қышқылдарға (алма, шарап және лимон), минералды тұздарға бай. Жүзім шырынында витаминдер өте көп емес, негізінен каротин (), В және С. витаминдері бар. Жүзім шырынының колориялылығы жоғары, сондықтан бағалы диеталық тағам ретінде пайдаланылады. Алма шырыны қантқа, пектин заңдарына және минералды тұздарға (әсіресе темір тұзына) бай. Шабдалы шырынында (жұмсақ етімен) калий мен темір тұзы мол. Оның құрамында каротиннің мол болуы ерекше маңызды. Қара өрік шырынын жұмсақ етімен қоса және қант қосып әзірлейді: оның құрамында пектин заттары мол болады, шөлді басады, қарын ішек трактісіне босаңсытатын әсер туғызады.
Апельсин және мандарин порындары витаминдерге, әсіресе С витаминіне бай, цинготқа қарсы қасиеттері бар. Етімен қоса жасалған қара қарақат шырынында С витамні өте көп болады қой бүлдірген мен қарлыға шырындарында С витамині мұнан аздау. Томат шырынының құрамында өсімдік тағамдарында кездесетін витаминдердің барлығы дерлік болады. Бірақ томат шырыны каротин мен С витаминіне ерекше бай, онда сонымен бірге минералды тұздар, қант және органикалық қышқылдар да мол. Томат шырыны қышқылдылығының төмендігімен сипатталады және жағымды, бой сергітерлік дәмі болады, шөлді басады. Сәбіз шырынында каротин көп, сонымен бірге онда организмге қажетті кальций, фосфор және темір тұздары бар. Өзінің калориялылығы мен қорытылуы жағынан сәбіз шырыны басқа көкөніс шырындарымен салыстырғанда артық, демек энергиялық құндылығы жоғары. Ол, әсіресе балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалы, қызылша шырыны қантқа, минералды тұздарға және азоттық заттарға бай.
Өнеркәсіптік жолмен шығарылатын араластырылған және қойытылған шырындар жоғары тағамдық маңыздылығымен және жақсы дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Араластырылған шырындар (мысалы, алма — мүкжидек, алма — сәбіз) екі немесе одан да көп түрлі шырындардан тұрады. Қорытылған шырын алу үшін кәдімгі шырынды (негізінен алма шырынын) арнаулы аппараттарда суалғанша қайнатады. Қойытылған шырындағы құрғақ заттар кәдімгі шырындағыдан 6 есе көп. Жеміс-жидек және көкөніс шырындарын, сондай-ақ, үй жағдайларында да дайындауға болады.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shyryndar Zhemis zhidek zhәne kokonis shyryndarynda nәrli zattar kop zhәne olardy organizm onaj siniredi Tamakta vitamin tapshy bolatyn kys pen erte koktem ajlarynda zhemis zhәne kokonis shyryndary әsirese balalar үshin ote bagaly tagam bolyp tabylady Shyrynyn kuramynda zhas onimnin kasietteri tolyk saktalady al olardyn kejbireulerinin dәmi men zhugymdylygy kant kosudyn nәtizhesinde ajtarlyktaj zhaksarady Әsirese zhemisterden zhumsak etimen kosa zhasajtyn shyryndar bagaly mysaly orik shabdaly kara orik t b Mundaj shyryndar baska kasietterine kosa ishektin zhumysyn zhaksartady Zhүzim shyryny tez korytylatyn kantka glyukoza zhәne fruktoza organikalyk kyshkyldarga alma sharap zhәne limon mineraldy tuzdarga baj Zhүzim shyrynynda vitaminder ote kop emes negizinen karotin V zhәne S vitaminderi bar Zhүzim shyrynynyn koloriyalylygy zhogary sondyktan bagaly dietalyk tagam retinde pajdalanylady Alma shyryny kantka pektin zandaryna zhәne mineraldy tuzdarga әsirese temir tuzyna baj Shabdaly shyrynynda zhumsak etimen kalij men temir tuzy mol Onyn kuramynda karotinnin mol boluy erekshe manyzdy Қara orik shyrynyn zhumsak etimen kosa zhәne kant kosyp әzirlejdi onyn kuramynda pektin zattary mol bolady sholdi basady karyn ishek traktisine bosansytatyn әser tugyzady Apelsin zhәne mandarin poryndary vitaminderge әsirese S vitaminine baj cingotka karsy kasietteri bar Etimen kosa zhasalgan kara karakat shyrynynda S vitamni ote kop bolady koj bүldirgen men karlyga shyryndarynda S vitamini munan azdau Tomat shyrynynyn kuramynda osimdik tagamdarynda kezdesetin vitaminderdin barlygy derlik bolady Birak tomat shyryny karotin men S vitaminine erekshe baj onda sonymen birge mineraldy tuzdar kant zhәne organikalyk kyshkyldar da mol Tomat shyryny kyshkyldylygynyn tomendigimen sipattalady zhәne zhagymdy boj sergiterlik dәmi bolady sholdi basady Sәbiz shyrynynda karotin kop sonymen birge onda organizmge kazhetti kalcij fosfor zhәne temir tuzdary bar Өzinin kaloriyalylygy men korytyluy zhagynan sәbiz shyryny baska kokonis shyryndarymen salystyrganda artyk demek energiyalyk kundylygy zhogary Ol әsirese balalarga zhүkti zhәne bala emizetin әjelderge pajdaly kyzylsha shyryny kantka mineraldy tuzdarga zhәne azottyk zattarga baj Өnerkәsiptik zholmen shygarylatyn aralastyrylgan zhәne kojytylgan shyryndar zhogary tagamdyk manyzdylygymen zhәne zhaksy dәmdik kasietterimen erekshelenedi Aralastyrylgan shyryndar mysaly alma mүkzhidek alma sәbiz eki nemese odan da kop tүrli shyryndardan turady Қorytylgan shyryn alu үshin kәdimgi shyryndy negizinen alma shyrynyn arnauly apparattarda sualgansha kajnatady Қojytylgan shyryndagy kurgak zattar kәdimgi shyryndagydan 6 ese kop Zhemis zhidek zhәne kokonis shyryndaryn sondaj ak үj zhagdajlarynda da dajyndauga bolady DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet